Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Жұма, 31 Мамыр 2019

АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨШЕ КОМИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 17:15

Осыған орай, бүгін аудандық мәдениет үйінде «Туған жерім – Тұғырым» атты мерекелік шара өткізілді.

Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып: «Осыдан тура 20 жыл бұрын, 1999 жылдың 31 мамыры күні қалада көше комитеттерін құру бастамасы көтеріліп, бірауыздан қолдау тапқан болатын. Мұндағы басты мақсат халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындар арасындағы маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болды. Содан бері өздеріңізге артылған сенімді әлі күнге дейін зор жауапкершілікпен атқарып келе жатқан Сіздерге айтар алғысым мол», - деп мерекелік лебізін білдірді.

Жиын барысында ұзақ жылдар бойы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қаланың гүлденуі жолында еңбек етіп келе жатқан бірқатар көше комитеттері Арал ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», «ҚР Экология саласына 30 жыл медалімен», «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен, «Алаш парызы» қоғамдық қорының «Бөкенбай Қарабатырұлы» медалімен, Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен және аудан әкімінің «Алғысымен» марапатталды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Арал қаласындағы 207 көшеде 141 көше комитеті қаланың тазалығы мен тыныштығын сақтауда және тұрғындар арасындағы  түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз үлестерін қосып келеді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ КӨПБАЛАЛЫ 100 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 16:00

Аз қамтылған көпбалалы 100 отбасы "Болат Өтемұратов Қоры" Жеке қорының демеушілігімен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

2019 жылы 31 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғын үйге мұқтаж аз қамтылған көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға жаңа баспана кілттерін табыстады.

"Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Болат Өтемұратовтың Жеке қорының демеушілік қолдауымен тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде қор қаражаты есебінен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылады", - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгені құрайды. Үйлердің құрылысы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай рекордтық уақыт ішінде 2 айда аяқталып отыр.

Бүгінгі таңда облыс бойынша  2246 көпбалалы отбасы тұрғын үйге мұқтаж.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалатынын атап өткен жөн. Соңғы 6 жылда өңірде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,5 есеге артты. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 270,0 мың шаршы метр болса, 2019 жылы 720,8 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 жаңа шағын аудан салынып, 139 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасы бойынша 2017 жылы халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған "ОРДА" аймақтық Жол картасы қабылданды.

2019 жылдың соңына қарай Қызылорда қаласы бойынша Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала құрылысында 53 көппәтерлі тұрғын үй немесе 2628 пәтер құрылысын аяқтау жоспарлануда, оның 588 пәтері аз қамтылған көпбалалы отбасыларға беріледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 15:03

31 мамыр – ел болып саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ресми деректерге сүйенсек, сол бір нәубет жылдарда Кеңес Одағы тұсында коммунистердің солақай саясаты салдарынан миллиондаған адам жазықсыз жапа шекті. Олардың ішінде қазақ елінің көрнекті ұлдары – Алаш арыстары да болған. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, халық әлі де қасіреттті жылдарды еске алумен өткізеді.

Осы ретте, ауданымызда да вокзал маңындағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңында «Ұмытылмас тағдырлар» атты митинг өтті.

Шара қазақ басына қасірет әкелген сонау нәубетті жылдардағы азапты  бейнелейтін театрландырылған көрініспен бастау алды. Мұнан әрі, құрбандар рухына құран бағышталып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Үнсіздіктен кейін жазықсыз жапа шеккендерді еске алудың маңыздылығына тоқталған аудан әкімі М.Оразбаев:

- Саяси қуғын-сүргін  қаншама жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек.  Қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін өскелең ұрпаққа жеткізе  отырып, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту – біздің басты міндетіміз, - деп, ендігі жерде сол бір зұлматты жылдар қайталанбасын деген тілегін жеткізді.

Әрі қарай, аудандағы бөлімдер мен мекеме ұжымдары құрбандар рухына тағзым етіп, ескерткіш тақта алдын гүл шоқтарына қойды.

Атап өту қажет, осы бір азапқа толы жылдары  Арал ауданынан 400-ге жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, 193 адам ақталып шыққан. Олардың ішінде Әбдірахман Махатов, Жұбаназар Бекенов, Нығмет Битенов, Әбдіжәми Бектұрғанов, Нұрмағанбет Қосжанов сынды ел перзенттері де бар.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 14:45

Қызылорда қаласында ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған еске алу шарасы өтті.

Шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев қазақ тарихында миллиондаған талай жанның өмірін қиған бірқатар қайғылы оқиғалар орын алғанын атап өтті. Олардың бірі – 30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.

«1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында: «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ, табиғи өлім деңгейінің  ұдайы  жоғары  болуынан  2  млн. 200 мың  адамнан,  яғни,  барлық  қазақ  халқының  48  пайызынан  айырылды», - деп  жазды.  Аштықтан, негізінен, жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан қазақтардың өсуі қатты тежелді. Кейін  бұл  аштық  «Қызыл  қырғын»,  «голощекиндік  геноцид»  деген  атауға  ие  болды.

Голощекиндік  зұлматтың  қазақ  халқына  алып  келген  шығыны  әлем  тарихында  гитлершілдердің  Европадағы  еврейлерге  жасаған  сойқанымен  пара-пар  келіп,  Кампучиядағы  «Қызыл кхмерлер»  зардабынан  асып  түсті.  Бұл  зұлмат  ХХ  ғасырдағы  адамзат  баласына  қарсы  жасалған  ең  өрескел  қылмыстың  бірі  болып  саналады.», - деді аймақ басшысы.

Шара барысында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 14:36

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қаладағы №2 мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығына қайырымдылық сапарын ұйымдастырды. Департамент басшысының міндетін атқарушы Елтай Азатұлы бастаған топ балалардың мерекелік ертеңгілігін тамашалады. Балалардың өнері мен ойынын тамашалауға жиналған ата аналар мен мамандарды мерекемен құттықтады.

Орталықтың әдіскері Жанар Алпысбаеваның айтуынша, мұнда 4 жастан 18 жасқа дейінгі 60-қа жуық бала ем алуда. Олар, негізінен, тірек аппаратынан күрделі кемшілігі бар (церебралды паралич), аутизмге шалдыққан және тіл мүкістігі бар балалар. Балалардың әр тобымен арнайы мамандар мен дәрігерлер жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі болса да балалардың жаны қуанышты, бақытты қалайды. Логопед мамандардың сүйемелдеуімен кішкентайлар тақпақ айтса, ақыл-есі толық дамымаған балалар би билеп, мәз болды.

Әсіресе, балалар Департамент қызметкерлері сыйлаған ойыншықтарға қатты қуанды.

Балалардың қимыл қозғалысын дамытуға арналған, кішкентайлар үшін құм үстінде, стол үстінде ойнауға бағытталған ойыншықтар үшін орталық қызметкерлері Департамент қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

 

Б.Орданова,

Департаменттің бас маманы

 


МӘДЕНИ-ҮГІТ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 14:30

Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет Үйінде аудан әкімдігі және облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы ұйымдастыруымен «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 6 мәдени-үгіт бригадалары қатысты.

Байқауды аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, қатысушы өнер ұжымдарына сәттілік тіледі.

Байқауда әр команда көркемдік деңгейі жоғары, әлеуметтік ойы, сценарийлік құрылымы бар 15 минуттық бағдарлама ұсынды. Қатысушылардың өнерін кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сараптап, байқау нәтижесінде бас жүлдені Қармақшы аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Өрлеу» мәденит-үгіт бригадасы иеленді. Ал І орынды Жалағаш аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы еншілесе, ІІ орынды Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Бірлік» мәдени-үгіт бригадасы мен Сырдария аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Дала дидары» атты халықтық мәдени-үгіт бригадасы өзара бөлісті. Жүлделі ІІІ орынды Арал аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы мен Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасы иемденді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары