Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2669
mod_vvisit_counterКеше2601
mod_vvisit_counterОсы аптада16940
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда19370
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4200460


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Мамыр 2019

АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨШЕ КОМИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 17:15

Осыған орай, бүгін аудандық мәдениет үйінде «Туған жерім – Тұғырым» атты мерекелік шара өткізілді.

Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып: «Осыдан тура 20 жыл бұрын, 1999 жылдың 31 мамыры күні қалада көше комитеттерін құру бастамасы көтеріліп, бірауыздан қолдау тапқан болатын. Мұндағы басты мақсат халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындар арасындағы маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болды. Содан бері өздеріңізге артылған сенімді әлі күнге дейін зор жауапкершілікпен атқарып келе жатқан Сіздерге айтар алғысым мол», - деп мерекелік лебізін білдірді.

Жиын барысында ұзақ жылдар бойы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қаланың гүлденуі жолында еңбек етіп келе жатқан бірқатар көше комитеттері Арал ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», «ҚР Экология саласына 30 жыл медалімен», «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен, «Алаш парызы» қоғамдық қорының «Бөкенбай Қарабатырұлы» медалімен, Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен және аудан әкімінің «Алғысымен» марапатталды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Арал қаласындағы 207 көшеде 141 көше комитеті қаланың тазалығы мен тыныштығын сақтауда және тұрғындар арасындағы  түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз үлестерін қосып келеді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ КӨПБАЛАЛЫ 100 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 16:00

Аз қамтылған көпбалалы 100 отбасы "Болат Өтемұратов Қоры" Жеке қорының демеушілігімен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

2019 жылы 31 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғын үйге мұқтаж аз қамтылған көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға жаңа баспана кілттерін табыстады.

"Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Болат Өтемұратовтың Жеке қорының демеушілік қолдауымен тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде қор қаражаты есебінен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылады", - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгені құрайды. Үйлердің құрылысы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай рекордтық уақыт ішінде 2 айда аяқталып отыр.

Бүгінгі таңда облыс бойынша  2246 көпбалалы отбасы тұрғын үйге мұқтаж.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалатынын атап өткен жөн. Соңғы 6 жылда өңірде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,5 есеге артты. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 270,0 мың шаршы метр болса, 2019 жылы 720,8 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 жаңа шағын аудан салынып, 139 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасы бойынша 2017 жылы халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған "ОРДА" аймақтық Жол картасы қабылданды.

2019 жылдың соңына қарай Қызылорда қаласы бойынша Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала құрылысында 53 көппәтерлі тұрғын үй немесе 2628 пәтер құрылысын аяқтау жоспарлануда, оның 588 пәтері аз қамтылған көпбалалы отбасыларға беріледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 15:03

31 мамыр – ел болып саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ресми деректерге сүйенсек, сол бір нәубет жылдарда Кеңес Одағы тұсында коммунистердің солақай саясаты салдарынан миллиондаған адам жазықсыз жапа шекті. Олардың ішінде қазақ елінің көрнекті ұлдары – Алаш арыстары да болған. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, халық әлі де қасіреттті жылдарды еске алумен өткізеді.

Осы ретте, ауданымызда да вокзал маңындағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңында «Ұмытылмас тағдырлар» атты митинг өтті.

Шара қазақ басына қасірет әкелген сонау нәубетті жылдардағы азапты  бейнелейтін театрландырылған көрініспен бастау алды. Мұнан әрі, құрбандар рухына құран бағышталып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Үнсіздіктен кейін жазықсыз жапа шеккендерді еске алудың маңыздылығына тоқталған аудан әкімі М.Оразбаев:

- Саяси қуғын-сүргін  қаншама жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек.  Қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін өскелең ұрпаққа жеткізе  отырып, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту – біздің басты міндетіміз, - деп, ендігі жерде сол бір зұлматты жылдар қайталанбасын деген тілегін жеткізді.

Әрі қарай, аудандағы бөлімдер мен мекеме ұжымдары құрбандар рухына тағзым етіп, ескерткіш тақта алдын гүл шоқтарына қойды.

Атап өту қажет, осы бір азапқа толы жылдары  Арал ауданынан 400-ге жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, 193 адам ақталып шыққан. Олардың ішінде Әбдірахман Махатов, Жұбаназар Бекенов, Нығмет Битенов, Әбдіжәми Бектұрғанов, Нұрмағанбет Қосжанов сынды ел перзенттері де бар.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 14:45

Қызылорда қаласында ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған еске алу шарасы өтті.

Шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев қазақ тарихында миллиондаған талай жанның өмірін қиған бірқатар қайғылы оқиғалар орын алғанын атап өтті. Олардың бірі – 30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.

«1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында: «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ, табиғи өлім деңгейінің  ұдайы  жоғары  болуынан  2  млн. 200 мың  адамнан,  яғни,  барлық  қазақ  халқының  48  пайызынан  айырылды», - деп  жазды.  Аштықтан, негізінен, жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан қазақтардың өсуі қатты тежелді. Кейін  бұл  аштық  «Қызыл  қырғын»,  «голощекиндік  геноцид»  деген  атауға  ие  болды.

Голощекиндік  зұлматтың  қазақ  халқына  алып  келген  шығыны  әлем  тарихында  гитлершілдердің  Европадағы  еврейлерге  жасаған  сойқанымен  пара-пар  келіп,  Кампучиядағы  «Қызыл кхмерлер»  зардабынан  асып  түсті.  Бұл  зұлмат  ХХ  ғасырдағы  адамзат  баласына  қарсы  жасалған  ең  өрескел  қылмыстың  бірі  болып  саналады.», - деді аймақ басшысы.

Шара барысында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 14:36

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қаладағы №2 мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығына қайырымдылық сапарын ұйымдастырды. Департамент басшысының міндетін атқарушы Елтай Азатұлы бастаған топ балалардың мерекелік ертеңгілігін тамашалады. Балалардың өнері мен ойынын тамашалауға жиналған ата аналар мен мамандарды мерекемен құттықтады.

Орталықтың әдіскері Жанар Алпысбаеваның айтуынша, мұнда 4 жастан 18 жасқа дейінгі 60-қа жуық бала ем алуда. Олар, негізінен, тірек аппаратынан күрделі кемшілігі бар (церебралды паралич), аутизмге шалдыққан және тіл мүкістігі бар балалар. Балалардың әр тобымен арнайы мамандар мен дәрігерлер жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі болса да балалардың жаны қуанышты, бақытты қалайды. Логопед мамандардың сүйемелдеуімен кішкентайлар тақпақ айтса, ақыл-есі толық дамымаған балалар би билеп, мәз болды.

Әсіресе, балалар Департамент қызметкерлері сыйлаған ойыншықтарға қатты қуанды.

Балалардың қимыл қозғалысын дамытуға арналған, кішкентайлар үшін құм үстінде, стол үстінде ойнауға бағытталған ойыншықтар үшін орталық қызметкерлері Департамент қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

 

Б.Орданова,

Департаменттің бас маманы

 


МӘДЕНИ-ҮГІТ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2019 14:30

Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет Үйінде аудан әкімдігі және облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы ұйымдастыруымен «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 6 мәдени-үгіт бригадалары қатысты.

Байқауды аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, қатысушы өнер ұжымдарына сәттілік тіледі.

Байқауда әр команда көркемдік деңгейі жоғары, әлеуметтік ойы, сценарийлік құрылымы бар 15 минуттық бағдарлама ұсынды. Қатысушылардың өнерін кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сараптап, байқау нәтижесінде бас жүлдені Қармақшы аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Өрлеу» мәденит-үгіт бригадасы иеленді. Ал І орынды Жалағаш аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы еншілесе, ІІ орынды Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Бірлік» мәдени-үгіт бригадасы мен Сырдария аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Дала дидары» атты халықтық мәдени-үгіт бригадасы өзара бөлісті. Жүлделі ІІІ орынды Арал аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы мен Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасы иемденді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


КЕШЕНДІ ЖОСПАР АЯСЫНДА 3000 АСА ПӘТЕР САЛЫНАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:08

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарында бірқатар жобаларды іске асыру, оның ішінде тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар салу көзделген.

Тұрғын үй құрылысы бойынша Кешенді жоспар аясында 4 жылда 3 510 пәтерлік 208,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Оның ішінде: халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 1 205 пәтер, көп балалы отбасыларға 1 715 пәтер және 590 несиелік тұрғын үй.

"Оның арқасында біз облыс бойынша жыл сайын 800 мың шаршы метр баспана салуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, жалпы көлемі 37,9 километр инженерлік желілер салынатын болады. Нәтижесінде, Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 630 пәтерге арналған 16 көпқабатты тұрғын үйлер, сонымен қатар облыс аудандарындағы жеке тұрғын үйлерге арналған 744 жер телімдері инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов.

28 мамыр күні Үкімет отырысында Қызылорда қаласын дамытудың Бас жоспары да бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қызылорда қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу" жобасына сәйкес 2018 жылы қаланың жалпы аумағы 20 528 гектарға дейін ұлғайды. Қаланың перспективалы шекарасына "Сабалақ" саяжай алабының (839 га), "Бәйтерек" тұрғын алабының (4751 га) аумақтары, сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы (1338 га) қосымша аумақтар енгізілген. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақтар көбінесе жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға, ал батыс бөлігінде (сол жағалау) көп пәтерлі тұрғын үй мен рекреациялық аймақ үшін бөлінеді.  Осылайша, қала аумағына қосымша 6928 га қосылған.

Болжамға сәйкес, 2025 жылы Қызылорда қаласы халқының саны 350 мың адамға жетеді деп күтілуде. Көпқабатты тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы алты жыл ішінде Қызылорда қаласында 10 жаңа шағын аудан және қаланың қолданыстағы шағын аудандарында 5 тұрғын үй кешендері ашылды, онда - 139 көп қабатты тұрғын үй салынды.

2019 жылдың соңына қарай Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында 2628 пәтерлік 53 көпқабатты тұрғын үй салынып, онда 13,0 мың адамды қоныстандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының Бас жоспарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы, көше-жол желісі, сондай-ақ Қызылорда қаласының аумағын сәулеттік-жоспарлау жұмыстарына өзгерістер енгізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОБЛЫС ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНДА КӨРІНІС ТАПТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:06

Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары шеңберінде әйелдер үшін босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың ұзақтығын арттыру, сондай – ақ, аймақтағы экологиялық апаттарға байланысты аурулардың тізбесін анықтау бойынша зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Облыстың Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру жөніндегі брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов хабарлағандай, бүгінгі таңда статистикаға сәйкес өңірдегі жүкті әйелдердің 99% белгілі бір экстрагениталды ауруларға ие. Сонымен қатар, бала туғаннан кейінгі кезеңде өлі туу мен асқынулардың жоғары деңгейі де тұрақты түрде сақталуда.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес босануға дейінгі және босанудан кейінгі жүктілік демалысының ұзақтығы қалыпты босанған кезде – 126 күнтізбелік күнді, күрделі босанған кезде 140 күнтізбелік күнді құрайды. Осыған байланысты апат аймағында тұратын жүкті және босанушы әйелдерге арналған демалыс күндерінің ұзақтығын ұлғайту туралы мәселе көтеріліп отыр, бұл жағдай  аналарға  перинаталды патологиясы бар нәрестелерге дұрыс күтім жасауға мүмкіндік туғызады. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы қабылданған Заңына өзгертулерді енгізетін уақыт келді деп есептейміз.  Арал өңіріндегі экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймағында тұратын әйелдердің босану мен жүктілік ағымының ерекшеліктерін растайтын ғылыми зерттеулер жүргізу қажет", - деп атап өтті Қуанышбек Ысқақов.

Сонымен қатар, Кешенді жоспар шеңберінде Арал өңіріндегі экологиялық апаттарға байланысты аурулардың тізбесін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

"Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 500 төсектік көпбейінді облыстық аурухана және 5,7 млрд. теңгеге - Қазалы ауданында орталық аудандық емханасы мен Қызылорда қаласында қан орталығы салынады.", - деді Қ.Ысқақов.

Спорт саласында Жосалы, Ақай, Жалағаш, Шиелі, Тасбөгет елдімекендерінде жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарастырылған.

"Бұл өз кезегінде 2030 жылға қарай орташа өмір сүру ұзақтығын 73,9 жасқа дейін  (2018 жыл- 72,6 жас) жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 32 пайызға жетеді»,-деді Қ.Ысқақов

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОБЛЫС ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНА ЕНГІЗІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:05

Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру көзделген.

Экология және табиғатты пайдалану бөлігінде жалпы құны 14,7 млрд.теңгені құрайтын 15 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Солтүстік Аралдағы «Көкарал» бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру жобасы.

Сондай-ақ, Қызылорда су торабын кешенді жөндеу қарастырылып, нәтижесінде оның апаттылық мәселесі шешілетін болады. Ол бұзылған жағдайда 110 мың гектар суару жерлері мен 250 мың гектар жайылым жерлері және де облыстың 3 ауданы аймағындағы шабындықтарын сумен жабдықтауы бұзылып, Қызылорда қаласы мен 400 мыңнан аса адамдар тұратын 35 кішігірім елдімекендерді су басу қаупі болады.

Кешенді жоспар аясында "Күміскеткен" және "Қараөзек" су қоймаларының құрылысы қарастырылған.

Сонымен қатар, экологиялық - санитарлық нормаларға сай заманауи тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, қайта кәдеге жарату мақсатында Арал және Қызылорда қалаларында, сонымен қатар Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған аудан орталықтарында полигондар салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:03

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жол-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру қарастырылған.

Мәселен, Көліктік инфрақұрылым бөлігінде 45,2 млрд.теңгеге іс-шаралар атқару жоспарлануда. Бұл 2022 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдардың желісін 72% дейін  жақсартуға мүмкіндік береді. Кешенді жоспар аясында 4 жыл ішінде 858 шақырым облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының қайта жаңғыртылуы, құрылысы, сонымен қатар күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Бүгінгі күні облыстың жеті аудан орталығының төртеуі және Байқоңыр қаласы газбен қамтылған.

2017 жылы қараша айында пилоттық жоба ретінде Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты 6 көпқабатты тұрғын үй мен қазақстандық 6 әлеуметтік нысанға газ берілді. Ағымдағы жылдың сәуір айында Байқоңыр кешенін газдандыру бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында келісімге қол жеткізіп, қазір көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары басталып кетті.

Кешенді жоспар бойынша облыс елдімекендерін газдандыруға 22,8 млрд.теңге қаралып, алдағы 4 жылда 9 елдімекендегі (3 аудан орталығы, 6 елдімекен) 80 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады.  Осы жобалар жүзеге асырылған жағдайда облыс халқының габен қамту үлесі 64 пайыздан 70 пайызға жетеді.

Осыған байланысты облыс әкімі "Қызылорда қаласының ЖЭО жаңғырту және кеңейту" жобасын іске асыруды ұсынды, оны жаңғыртуға 15,4 млрд.теңге қажет.

Сонымен қатар,  Кешенді жоспарға құны 7 млрд теңгеден асатын 8 жоба енгізіліп отыр. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 11 шақырым жылу жүйелері жаңартылып, тозу көрсеткіші 42 пайыздан 36 пайызға дейін төмендейді.

Сумен жабдықтау саласы бойынша жалпы сомасы 28 млрд.теңгеге 14 су жобаларын жүзеге асыру ұсынылды. Бұл жұмыстар нәтижесінде ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 76,5 пайыздан 84 пайызға артып, сонымен қатар Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау мен су бұру жүйелері жақсаратын болады.

Осы  жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 15 елдімекендегі 111 мыңнан астам халықтың ауыз сумен қамту жағдайы жақсаратын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары