Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 03 Маусым 2019

ҰБТ-да өзгеріс жоқ, ал бала еңбегі қаналмауы тиіс PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.06.2019 17:30

Брифинг

Биыл облыс бойынша мектеп бітіретін 5754 түлектің 4143-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Бұл өткен жылдан 5 пайыз жоғары болса да, көңіл толтыратын көрсеткіш емес. Мектептердегі білім сапасының деңгейін байқауға түлектердің ҰБТ-ға қатысуы кепіл болатын секілді. Алғыр, жақсы оқитын түлектің колледжді емес, жоғары оқу орынын таңдайтыны белгілі. Облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова брифингте ҰБТ-ны ұйымдастыру, «Бала еңбегін қанау» Ұлттық ақпараттық науқанының басталуы сөз болды.

Қызылорда облысы бойынша 5754 түлек мектеп бітіріп, 4143-і ҰБТ-ға қатысады. Оның 400-і – «Алтын белгіге», 285-і – үздік аттестатқа үміткер.

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың айтуынша, биыл мектеп бітірушілердің 72 пайызы ҰБТ-да бақ сынайды. Ең бастысы, ҰБТ форматында өзгеріс болмайды. Тапсырылатын пәндердің саны – бұрынғыдай бесеу, тесттік тапсырмалардың саны – 120, максималды балл – 140. Түлектің дәстүрлі түрде 3 негізгі пәннен білімі тексеріледі. Олар – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады.

ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Оған 9 тестілеу пункті дайын. Білім бәсекесі ҰБТ-ны ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 17,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Қала мен аудандарда аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда.

Биыл мектеп бітірушілердің 4662-сі университеттерге (81 пайыз), 1000-ы колледждерге түседі деп жоспарлануда.

Жазғы демалыс балалар үшін әсерлі әрі пайдалы болғаны жөн. 1 маусымнан бастап сауықтыру, тынығу лагерьлері жұмысын бастады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 1-10-сынып аралығындағы 147 мың бала жазғы демалыспен қамтылады. Бұл ретте өңірдегі 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагері  жұмыс істейді. (Оның 6-ауы жыл бойы, 3-еуі маусымдық). Жалпы білім беру  мектептері базасында күндізгі және   шатырлы лагерьлерде  барлығы 96 мың бала тынығады деп күтілуде. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында 20 мың бала  облысымыздағы киелі, тарихи, мәдени орындарға саяхат жасайды.

Жыл сайын 12 маусымда Дүниежүзілік  балалар еңбегін  пайдалануға қарсы  күрес күні аталып өтеді. Осыған орай, 1-12 маусым  аралығында  «Еңбектен бос балалық шақ» ұранымен  «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық  науқаны өткізілуде. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды мезгілдік жұмысқа  орналасуға арналған  жәрмеңке өткізіліп отыр. Онда жасөспірімдер мен ата-аналар  жұмыс орындарын анықтап,  жазғы маусымда уақытша жұмыс істей алады.

- Кәмелетке толмаған бала мен жұмыс берушінің келісімшарты болуы керек. Бірақ жұмыс берушілер заң талабын сақтамайды. Ал бұзылған жағдайда  жауапты органдарға  хабарласу керек. Айыппұл 30 АЕК-тен басталады. Ірі кәсіпкерлік субъекті болса, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.  Алайда  бала еңбегін қанау  жөнінде арыз-шағым түскен жоқ,-дейді Қызылорда ОІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Манарбек Есжанов.

Брифингте жауапты мамандар  журналистердің тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.  Балалардың жазғы демалысы мен бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн бойынша ақпарат-деректерімен бөлісті.

Қ.САБЫРБАЙҚЫЗЫ

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.06.2019 14:34

Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы тағайындалды.

Ә. Ерсұлтанов 1976 жылы туған. 
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Тарихшы-архивтанушы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қармақшы аудандық қоғамдық өрт сөндіру бірлестігінің жұмысшысы ретінде бастаған.

2002-2009 жылдары – Қызылорда қаласының әкімдігінде жауапты қызметтер атқарған.

2009-2015 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қызылорда облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары.

2015-2017 жылдары – Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2017 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.06.2019 14:28

Облыс әкімінің өкімімен Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ж. Абдусаметов 1969 жылы туған. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер педиатр» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылдық учаскелік ауруханасының дәрігері ретінде бастаған.

2002-2004 жылдары – Сүттіқұдық жанұялық дәрігерлік емханасының аға дәрігері, Жаңақорған аудандық емханасының бөлім меңгерушісі.

2004-2018 жылдары – Жаңақорған аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігер, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.06.2019 14:23

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымына Мұстафаев Серік Жолдасбекұлы тағайындалды.

С.Мұстафаев 1960 жылы туған. Қазақ ауылшаруашылық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің аға экономисті ретінде бастаған.

1997-2014 жылдары – Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары.

2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.06.2019 14:15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ.Орынов 1975 жылы туған. Қазақ тұтыну кооперация институтын, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік және Шымкент университеттерін бітірген.

1996 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарып келеді.

2007-2011 жылдары – Кентау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы.

2011-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.06.2019 14:05

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Байменова Ғалия Абсадыққызы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ.Байменова 1963 жылы туған. Иркутск мемлекеттік медициналық институтын «Фармацевт-провизор» мамандығы бойынша бітірген.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары