Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 04 Маусым 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУЫЛДАРДЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2019 17:17

Облыс  сумен қамтамасыз етудің бірыңғай операторы құрылған алғашқы аймақ болып табылады.  Сондай-ақ, Қызылорда облысы елдімекендерді сумен қамту бойынша республикада екінші орында (Алматы облысы - 89%, Қызылорда облысы - 83%), бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында айтылды.

Аталмыш отырыста республика бойынша сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауылдық елдімекендерді сумен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары болып тұрған Алматы және Қызылорда облысы әкімдіктерінің  тәжірибесін атап өтті.

"Ауыз сумен қамтамасыз етуде жоғары пайызды көрсеткен әкімдіктердің жұмысын атап өткен жөн, бұл Алматы облысы - 89%, Қызылорда облысы - 83%", - деді А.Мамин.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша, Қызылорда облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде бірқатар жетістікке қол жеткізген.

"2017 жылдың маусым айына дейін Қызылорда облысында оқшау ауыз су жүйесін пайдаланатын 10 мекеме жұмыс істеді. Алайда осы мекемелер  тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ете алмады.          Себебі, жергілікті жерде кәсіби мамандардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, арнайы техникаларының болмауы, төмен және әр түрлі тарифпен сумен жабдықтау жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкелді. Сондықтан облыстағы  "ҚазСуШар" мекемесі "Арал" филиалының материалдық-техникалық әлеуетін пайдалану үшін, аудандардағы локалды су беруші мекемелерді Филиалдың теңгеріміне беріп, республикада алғаш болып өңірде Бірыңғай оператор құрылды", - деді М.Усаин.

Бірыңғай оператор құру нәтижесінде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, тәулік бойы су алатын ауылдық елдімекендер саны 88-ден 145-ке дейін көбейді, оқшау (локалды) су пайдаланушыларға бірыңғай тариф бекітілді    (386,95 теңге/м3), материалдық-техникалық базасы жақсарды, бастысы тұтынушылардан түсетін арыз-шағым азайды.

«Бүгінгі күнге облыста 235 елдімекен бар. Оның ішінде, үшеуі  қалалық (Қызылорда, Арал, Қазалы), ал 232  ауылдық елдімекен. Қалалық елдімекендердегі халықтың 98 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ауылдық елдімекендердің 83 пайызы топтық су құбырлары және су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылып,  427,8 мың адамды немесе ауылдағы халықтың 97  пайызын қамтиды. Сонымен қатар, 39 елдімекен немесе 16,8% орталықтандырылмаған жүйеден (оқшау скважиналар, құдықтар, тасымал арқылы) су тұтынуда. Бұл негізінен халқы аз ауылдар және онда су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз»,деп атап өтті М.Усаин.

Естеріңізге салайық,  Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға әлеуметтік маңызы бар жалпы құны 29 млрд.теңгені құрайтын сумен жабдықтау және су бұрудың 14 жобасы енгізілді. Осы жобалар іске асқан кезде 111 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады (2019 жылы 3 жоба - 8 мың адам; 2020 жылы  4 жоба - 2 мың адам; 2022 жылы  5 жоба - 101 мың адам).

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА 3 АЙДА 44 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2019 15:10

«Бастау» жобасы аясында бизнес сауаттылықтарын арттырып, кәсібін ашушылардың қатары өңірімізде артып келеді. Биылғы жылы Қызылорда облысы бойынша 800 азаматты «Бастау» жобасы бойынша оқыту көзделіп отыр. Қазірдің өзінде 555 азамат осы жоба аясында білім алса, оның 44-і кәсібін бастап үлгерді. Олардың 3-еуі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалынан 11,5 млн теңге несие алса, 41-і «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен гранттың жеңімпазы атанды. 41 жобаға берілген грант көлемі - 10,4 млн.теңге.

Мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген несиенің арқасында шаруашылықпен айналысып жатқан жандардың бірі - Жарасовтар отбасы.     Олар қалаға жақын орналасқан Бірқазан ауылында тұрады. Атакәсіпке адалдықтың үлгісін көрсетіп отырған бұл отбасының шаруа қожалығы бар. Елді мекенде тұрғандықтан отбасы мүшелері ақылдаса келе мал басын көбейтуді ойластырады. Бірігіп облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп, кеңес алады. «Бастау» жобасына қатысып, бизнес біліктіліктерін арттыруға бел буады. Жұмысы болмағандықтан бұл оқуды отбасының анасы Ұлжалғас Пернеева оқиды.

«Бастау» жобасының 2018 жылғы түлегімін. Бір ай оқып, біліктілігімді жетілдіріп, бизнес-жоспарымды дайындадым. Сонымен мал шаруашылығымен айналысу үшін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан 3 млн. теңге несие алып, 10 бас сиыр алдық. Қазір төлдеп, мал басы көбейіп жатыр. Сүтін, қатығын сатып, құртын, майын алып, тірлік қылып жатырмыз», - дейді Ұлжалғас Пернеева.

Атам қазақ «Мал баққанға бітеді» дейді. Сондықтан да оның жұмысы көп. Жем-шөбін беру, суғару, тұрған орнын тазалау жұмыс қолын қажет етеді. Кәсіп иесіне бұл тұста жолдасы көмектеседі. Мұнан өзге бұл отбасы бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Демалыс күндері ата-анасына балалары қолғабыс береді.

Жарасовтар отбасының ендігі жоспары - жылқы шаруашылығымен айналысу.

«Мемлекеттің көмегі біз үшін таптырмайтын қолдау болып отыр. Шүкір, қазір мына алған ірі қарамыз өсіп, көбеюде. Ендігі жерде жылқы шаруашылығын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Жайылымдық жер алып, сол жерге малдарымызды жайсақ дейміз», - дейді отағасы Бектас Жарасов.

Малдың жай-күйін жақсы білетін Бектас пен Ұлжалғас әр шаруасын тиянақты жасап келеді. Олар өз қолдарымен қорасын салып, малдың жайын жасады. Тынымсыз еңбек етіп, еңбегінің жемісін көріп отырған Жарасовтар отбасының кәсібіне сәттілік тілейміз.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2019 13:50

Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 27 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде қабылданған болатын. Осы атаулы күнге орай бүгін Арал ауданында «Асқақ арман – қыраны» атты салтанатты шара өтті.

Өткен жылы ғана бой көтеріп, ел игілігіне берілген жаңа Рәміздер алаңында өткен шарада аралдықтар егемендіктің ең басты белгісі - тәуелсіздігіміздің нышандарына құрмет көрсетті.

Алдымен мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік әнұран шырқалды. Аудан әкімі М.Оразбаев жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

- Мемлекеттiк рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі саналады. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі! Ал, әр азаматтың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі – өз-өзіне көрсеткен құрметінің, болашағына деген сенімінің, өлшеусіз мақтаныш сезімінің көрінісі, - деп, ыстық лебізін білдірді.

Салтанатты шара барысында елеулі еңбектерімен, іскерлік танытып жүрген сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттымен марапатталды. Сондай-ақ, шара аясында Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Нұрекешов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Реймов мемлекеттік  қызметшінің алғашқы антын қабылдады.

Ел құндылығын дәріптеп, мерейін асқақтатуды мақсат еткен шара одан әрі дарынды өнерпаз балалардың ән-биіне ұласып, ауданымыздың белгілі өнерпаздарының патриоттық ән-жырларымен өрілді.

Айта кетейік, бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мерекеге орай аудан жастары шараға дейін велошеру өткізген болса, салтанатты шара соңы арнайы автошеруге ұласып, қала көшелерімен жүріп өткен шеруге қатысушылар ұлттық нышандарымызды кеңінен насихаттап, құндылықтарымызды паш етті.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2019 13:02

Мемлекеттік рәміздер аллеясында рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев аймақ тұрғындарын құттықтап, ел тарихын қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті.

"Мемлекет мәртебесін айқындайтын негізгі құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақыт тезіне төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасатыны белгілі. Бұл ретте мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн бір сәтте ғайыптан пайда болмай, сан ғасырларды артта қалдырып, бекіді. Рәміздер – Қазақстан деген дербес мемлекеттің әлем картасында бар екенінің бірегей белгісі. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: "Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер", - деді аймақ басшысы.

Дәстүр бойынша, бүгін аймақтың және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Олардың қатарында Қазалы аудандық ауруханасының нейрохирургі Кенесары Баспаев, бокстан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшесі, спорт шебері Тұрсынбай Құлахмет, облыстық "Ерлік" үйлестіру кеңесінің және Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Қайраддин Баймаханов, шахматтан әлем чемпионы Назерке Нұрғали және №2 "Мұрагер" мектебінің 11 сынып оқушысы Евгений Демиденко және Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Марғұлан Ахметовке  Алғыс хат табысталды.

Өз кезегінде шахматшы Назерке Нұрғали аймақ басшысына жергілікті спортшыларға жасалған қолдауы үшін алғыс айтты.

"Біз, Сыр өңірінің спортшылары Әлемдік спорттық ареналарда көк туымызды желбіретіп, мемлекеттік гимніміздің шырқалуына бар күш-жігерімізді аямаймыз. Мүмкіндігінше бізге сенген еліміздің сенімін ақтауға тырысамыз. Соның арқасында еліміз спорттық державаға айналды. Алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің көк туын көкте желбіретуге уәде беремін", – деді Н.Нұрғали.

Сондай-ақ, рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ант беру рәсімі өтті. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Бәсекеге қабілетті болу – уақыт талабы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2019 12:50

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың Сыр өңіріне іссапармен келгенінен көпшілік жақсы құлағдар. Сенбіде аталған сала министрі мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, өзге де ел ағалары Қазалыдағы Самұрат Имандосов басшылық жасайтын «РЗА» АҚ-ның 660 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауарлы кешені және 30 мың тонна сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытында болып, акционерлік қоғамның жұмысымен танысты.

Көпшілікке есімі жақсы мәлім, білікті кәсіпкер Самұрат Жұманұлы тізгінін ұстаған «РЗА» акционерлік қоғамы облыс көлеміндегі қуатты техникалық және өндірістік базасы, кәсіби шеберліктері жоғары мамандары, бай материалдық ресурстары бар беделді мекеме саналады. Ұжымда нақты кезеңде 1300 адам тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар, қоғамға қарасты «Рза-Агро», «Рза-Транс», «Рза-Сүт», «Рза-асыл түлік» тәрізді әлденеше жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. «РЗА» акционерлік қоғамы әзірлеген өнімдер – Қазалының мақтанышы. Ауданның көптеген тұрғыны аталмыш ұжымда тұрақты еңбек етіп, отбасыларын асыраса, салыққа да қомақты түсім түсіріп отыр. Іргелі бірнеше ауылдың басты инвесторы.

Айта кетерлігі, 660 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауарлы кешені мен 30 мың тонна сүт өнімдерін қайта өңдеу зауыты біршама уақыт бұрын пайдалануға берілген болатын. Сонан бері еңбек ырғағы қалыпты соғылуда. «Дәмді» сауда маркасымен пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, сыр сияқты өнімдер шығарылады. Келешекте сапасы жоғары, тұтынушы талғамынан табылатын йогурт, майлы айран, сүзбе, ірімшік және балмұздақ шығару жоспарда бар. Қалтаға салмақ салмайтын, бағасы көңілге қонымды өндірілген өнімдер облыс аумағында, жергілікті нарықта сұранысқа ие. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына өнімдерді шығару да жолға қойылған.

Сүт-тауарлы кешенінің өндірістік жұмысымен танысып, автоматты түрде ұйымдастырылған сауу процесін көзбен көрген қонақтар сүт зауытындағы сүт өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарының жай-күйіне қанықты. Өз кезегінде «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа өңірдегі мал шаруашылығын дамыту бағытындағы түйткілді мәселелерді тілге тиек етіп, оңтайлы шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Өз кезегінде  бәсекеге қабілетті өнім өндіру заман талабы екенін айтқан министр рзалықтардың еңбегіне сәттілік тіледі.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары