Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 06 Маусым 2019

БӨРІБАЙ ҚҰЛМАНОВ 99 ЖАСҚА ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.06.2019 14:00

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Соғыс және еңбек ардагері Бөрібай Құлмановтың үйіне барып, туған күнімен құттықтады.

Аймақ басшысы ардагер ақсақалға ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ, Б.Құлмановты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтап барды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ардагерге Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Өз кезегінде, Бөрібай Құлманұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.

Б.Құлманов 1920 жылы туылған. Еңбек жолын қарапайым ауылшаруашылық саласынан бастады. Ұлы Отан Соғысында Беларусь, Польша, Германия майдандарында соғысты. Соғыс аяқталған жылы Қытайда және Шығыс Түркістан Республикасында құпия миссия атқарды. Елге оралғаннан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасында қызметте болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Қызылорда экспериментальды-механикалық жөндеу зауытында қызмет атқарды. Осындай ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендері және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 


ЕКІ ТҮЙЕ СҮЙКЕНСЕ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
06.06.2019 12:05

Қазақстаннан қара металл сынықтарын экспорттауға өткен жылы алты айға тыйым салған болатын. Қазақстан мен Ресей арасындағы жолды темір тиелген темір тұлпармен жал­ғап­ жүргендер үшін лигерленген болат­тың қалдықтары мен сынықтарын, тотығуға төзімді болатты ғана тасымалдауға мүмкіндік қалған­ еді. Ел үкіметі мұндай тыйымды отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамту мақсатында салып отыр. Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын, сондай-ақ құрамында алтыны бар шикізатты шетелге экспорттауға мораторий бұған дейін де бірнеше рет енгізілген. Соның нәтижесінде қара металдар сынықтарын тұтынатын отандық кәсіпорындар өндірісінің көлемі 10,3%-ға, алтын өндірісі 15%-ға артыпты.

Сонымен бірге бұл – жұмыс орындарының сақталуына септігін тигізетін шара. Бұл – біздің ішкі нарық­тағы шикізаттық тауарларды қорғауға бағытталған шаралардың негізгісі. Ал сыртқы саясатта Қазақстанды  сауда  соғысы, санкция  деген­ мәселелер  күтуде. Тікелей қазақ еліне­ бағытталмағанымен, әлемдік эко­номикадағы жетекші рөліміз болған­ соң санкциялар «сүйкенбей» кетпейді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қытайға экспорттық тауар­лар үлесінің 60 пайызын ферроқорытпалар, түсті металдар рудасы құрап отыр. Сауда саясатында Еуропалық одақ пен Ресей Қазақстан үшін алдыңғы байланыста, одан кейінгі орынға­ жайғасып тұрған ҚХР алпауыт импорттаушылардың қатарына енуі де бек мүмкін. Өйткені Қытай еліміздің терезесіне сәйкес, қабырғасымен тұспалдас мемлекет болған соң теңдік сақталып тұр. Оған дәлел де жоқ емес. Мәселен, дүниежүзілік саудадағы алыс-берістің жалпы көлемінде Ресей­ 18,8 пайызбен екінші серікте­стік саналғанмен, нарықтың алып күшін арқалауға әлі қауқары жеткен жоқ. Дәл қазіргі күні теріскеймен арадағы қарым-қатынасқа да «дем жетпей» тұрғандай. Ал екі ел арасындағы өзара тауар айналымының қаржысы 17 мил­лиард доллардан асса, соның тек 5 миллиард долларға жуығы ғана отандық экспорт қоржынына тиесілі.

Жылдың басында ҚР Сырт­қы істер министрі Б.Атамқұлов Қытайға келіссөз жүргізуге барды. Екі тарап та сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы негізінде пікір алмасты.

- Біз жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінің қарым-қатынастарын нығайтуға және тереңдетуге деген міндеттемелерімізді растай­мыз. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас өзара ұтымды және тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады, - деген ол экономикалық байланыстың одан әрі өрілетінін анық  айтқан еді.

Сауда нарығындағы ынтымақтастықтан біз бас тартқалы отырған жоқпыз. Дегенмен сыртқы саяси факторлардың адуынды желі біздегі нарықтық байланыстарды «бұғаттап» таста­уы мүмкін деген қауіп бар. Айтатыны жоқ, бүгінде сол­түстіктегі көрші «шекара фильтрі­не» айналғандай. Өз өнімдерін өткізуде кедергі жоқ, ал өзгенің тауарына келгенде қақпаға сына қағылады. Десек те сауда-экономикалық байланыс ажырап, ынтымақ­тастық ыдырап кеткен жоқ. Соңғы үш жылда Қытай елінен қазақ жеріне ағымын тапқан инвестиция көлемі 6,6 пайыз­ға артқан. Екі елдің сауда-инвест­ициялық байланыстарының нығаюы аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысандар іске қосылды. Олардың қатарында Ляньюньган теңіз айлағы, «Қорғас-Шығыс қақ­па» құрғақ порты, Каспий теңі­зіндегі Ақтау порты, бір бөлігі Қазақстан арқылы өтетін «Батыс­ Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз, тіпті Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның Бендер-Аббас теңіз портымен байланыстыратын, жалпы  ұзындығы  шамамен 900 шақырымдық «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» жаңа теміржол дәлізі бар. Еліміздің тағы бір стратегиялық серіктесі АҚШ-пен арамыздағы тауар айналымы жалпы көлемнің небәрі 2,4 пайызбен 7-орынға жайғасқан. Алпауыт Амери­каның алдын 4,2 пайызбен Корея­, 3,3 пайызбен Швейцария және 2,7 пайызбен Өзбекстан орап тұр.

Әлемдік деңгейдегі «The Economist»  сарапшылары 2019 жылғы аса қауіпті сауда-экономикалық мәселесі деп АҚШ пен Қытай арасындағы келіспеушілікті атады. Естеріңізде болса, былтыр сауда соғыс­ы кезінде Құрама Штаттар жалпы құны 250 млрд доллар болатын қытайлық тауарларды ауыр баж салығымен «көмкерген» еді. Оған ҚХР да қарап қалған жоқ, 110 мил­лиард долларды дөңестейтін америкалық тауарларға түрлі бажды жапсырды. Кейін қос тарап қол алысқан секілді болған­мен, шоқ қайта тұтанып, биыл алпауыттар арасындағы сауда соғысы қайтадан маздады. Оқиғаның осылай боларын экономист-сарапшылар да сезге­н болуы керек, өткен жылғы­ экономикалық форумда-ақ алдын алу мәселелерін кеңінен  талқылады.

- Әлемдік өсімнің баяулауы, әсіресе, қаржы дағдарысы әлемдік тауар нарықтарының өзгеруі арқылы Қазақстанға қатты әсер етеді және бұл фактор өсудің баяулауы және әлемдік экономиканың жүйе­лік мәселелерінің артуы кезінде ел  экономикасына  өз әсерін күшейтеді, - деген еді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов.

Ал ҚР Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы­» ҚР Заңының жобасы бойынша Үкімет сағатында баянд­ама  жасады.

- Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қарқын беру мақсатында салалық­ ынтымақтастықты дамыту­дың негізгі бағыттары көзделген. Бұл – ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар мен инновациялар, қаржы және қоршаған орта. Осы бағыттарда ынтымақтастықты тереңдету елдердің инновациялық белсенділігін, инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруға ықпал етеді. Қытай – Қазақстан үшін маңызды сауда әріптестерінің бірі. Сондықтан шарттық базаны дамыту екі ел арасындағы сауд­а-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.

АҚШ та, Қытай да – әлемдік экономикада бірі алпауыт, бірі аждаһа кейпімен танылған мемлекеттер. Қос елдің қақ­тығысы сол себептен де әлемдік деңгейдегі экономика құ­рылымдарына кесі­рін тигізуі мүмкін. Сауда арқылы жаһан экономикасына жан беріп отырған мемлекеттердің экс­порттық әлеуетін «капиталдың құн­сыздануы» факторы «жұтып» жіберсе, өсім қарқыны баяулап, керісінше, бұл сауда соғысы жаңаша сипат беретін болса, экспорттың кеңеюіне жол ашады. Осындайда қазағымның «екі түйе сүйкенсе...» деп бас­талатын мақалы екі алпауыт елдің қақ­тығысына қарата айтылғ­андай.

 

Н.ҚАЗИ

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары