Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сәрсенбі, 12 Маусым 2019

ТОҚАЕВТЫ ТАҢДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
13.06.2019 11:12

Елу жыл – ел жаңғыратын уақыт. Ал біз отыз жылда дамып, егемен ел екенімізді шартарапқа дәлелдеп үлгердік. Аяқтан да тұрдық, еңсені де тіктедік. Бір кездері жүрелеп қалған отандық экономика мен қазіргі дипло­матиялық қарым-қатынасты салыстыр­уға мүлде келмейді. Жаһан­дық өркениет көшіне ұмтылудағы мақсатымыз да айқын,­ жоспарымыз да жүйелі. Отыз жылға жуық  елдің іргесінен ши шығармай, бүтіндігін бақылап отырып басқарған Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев көктемде тосын мәлімдеме жасап, өз өкілеттігін тоқтатып, президент сайлауына дейін мемлекет басшысы мәр­тебесі сенат спикері Қасым-Жомарт­ Тоқаевқа берілетінін айтты. Сол күннен бастап ел бола­шағына алаңдаулы пікірлер айтылып, кейіннен президент сайлауы болат­ын мерзім де жариял­анды.

Хош. Президенттікке кандидат ретінде тіркелген жеті үміткердің біреуі де жолдан қалмай сайлауға түсті. Бұл жолы кейбір кандидаттардың үгіт-насихат жұмыс­тарының «шаңы» көрінбей қалды. Бұған дейін президент сайлауы елімізде бес мәрте өтті, бұл – алтыншысы. Халық үшін болашағын айқындайтын саяси маңызд­ы күн болғаны айқын. Өйткені ел егемен болғалы тақ төрінде отырған тұңғыш президент додаға қатысқан жоқ. Жолын берді, халқына сенді. «Дүбірі» дүйім әлемге ақиқат сайлауалды науқан барысында халық арасында қызу пікірталас, өткір ұстаным бол­ғанын жасыру қиын. Оған себеп, «Nur Otan» партиясынан  ұсынылған Қ.Тоқаевқа басты қарсылас деп есептелген «Ұлт тағдыры» қозғалысынан ұсынылған Ә.Қосановты жақтаушылар қызуқандылыққа салынды. Көшеде көрген адамның бәрі бір-бірінен «кімге дауыс бересің­?» деген сұрақ-жауап алмасты. Халықтың басым бөлігі Қосанов позициясының ығына жығылд­ы. Тіпті Тоқаевтың қатысуына қарсылық таныт­қандар да жоқ емес.

Әлемдік саясат сахнасында маңызды экономикалық рөлі мен сипаты болғандықтан, бұл сайлау мемлекетті түбегейлі өзгертеді деген үміт күтілді. Оның қандай үміт екендігі әркімнің ішінде қалған «бытыра»­ секілді. Ал біз жұдырықтай жұмылып, ел келешегіне кешенді жоспар құруымыз керек. Өткен жексенбідегі саяси дода – сол жоспардың «мұқабасы». Не керек, әлемдік маңызы айқындалған президен­ттік сайлауға шетелдік бақылаушылар да үлесін қосты. Олардың пікірінше, Қазақстандағы президент сай­лауы­ әділ әрі ашық өткен. Ал шынтуайтына келгенде, бір­неше өңірде маңызды шешім қорытындысымен келіспей­тіндер өз наразылықтарын көрсеткен еді. Сайлау күні бүкіл ел және шетел бойынша 9968 сайлау учаскесі жұмыс  істеді. Сондай-ақ, 9 халықаралық  ұйымнан 866 бақылаушы, әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік тілші мен журналист аккредиттелді. Бұл – сайлау тарихында республика үшін рекордтық көрсеткіш. Болашақ ұрпақ үшін, мемлекет келешегі үшін әрбір дауыстың маңыздылығын ескерген тұрғындар сайлау учаскелеріне кезекпен кіріп, таңдау құқығын жасады. Додаға түскен «жетіліктің» қанша дауыс жинағаны туралы қорытынды  да  көп  күттірген жоқ. Соңғы дерек­ те «Exit Poll» нәтижесінен алысқа ұзай қоймады. Соныме­н, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында «Nur Otan» партиясының аманат жүгін, Елбас­ының сенімін арқалаған Қасым-Жомарт­ Тоқаевқа 6,5 миллион сайлаушы дауыс беріп, 70,76 пайыз қолдауына ие болды. Отқа ұмтылған оқтай тізілген жеті кандидаттың  ішінде  ең  басым­ дауысқа ие бол­ған да осы – елдің қазіргі президенті. Ал «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан сайлау­ға түскен Әміржан Қосановты қолдаушылар 1,4 миллионға жетті. Бұл – сайлаушылардың 16,2 пайызы. Одан кейінгі үштікті толық­тырып тұрған «Ақ жол» партиясы атынан­ қатысқан кандидат Дания Еспаева 5,2 пайыз қолдау тапты. Дегенмен, ол президенттікке үміткер тұңғыш әйел ретінде тарих­та қалмақ. Қалған төрт кандидаттың жинаған дауысы төрт пайыздан да аса алмады­. Таңғы 7:00-де басталған саяси дода кешкі 20:00-де толығымен аяқталды. Алдын ала жарияланған мәліметтерден кейін Қ.Тоқаев­ Ақордада баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол елімізге төніп тұрған басты қатерлердің  басын ашты.

- Жемқорлық – оңай келетін, бірақ жоюға  қиын зұлым. Біз бұл қоғамдық зұлыммен қоғам ретінде бірге күресуіміз керек. Қазір бастамасақ, кеш болады. Алпауыт империялардың жемқорл­ықтан құлағаны жайлы тарихта мысал көп. Бұл – өте өзекті мәселе, тіпті ең дамыған мемлекеттерде де бар. Бұл туралы біз әрдайым ашық айтамыз. Елдегі жемқорлық мәселесі – қауіпсіздігімізге де үлкен қатер. Менің басты­ мақсаттарымның бірі – жемқорлықпен күресу. Мамырда бұл мәселе бойынша үлкен жиын өтті, нақты шаралар қабылдап, халықпен жұмыс істейміз, - деді мемлекет басшысы.

Еліміздің екінші президенті Әзірбайжан, Армения­, Қытай, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа мемлекеттер басшылары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысынан құттықтау алды. Қазақстанның жаңадан сайлан­ған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше халық алдында ресми түрде ұлықталды. Бұл – жаңадан сайланған мемлекет басшысының лауазымын атқаруға кірісуіне арналған ресми рәсім. Салтанатты шара барысында ел президенті оң қолын  ҚР Конституциясының үстіне қойып:

- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге,­ Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқару­ға­ салтанатты түрде ант етемiн, - деп халыққ­а ант берді.

Тәуелсіздік алғалы ел төрінде президент ұлықтау рәсімі алтыншы мәрте өткізілді. Енді бес жылдан соң тағы да саяси инаугурация болуы­  мүмкін. Ол әзірге белгісіз.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


МҰРАТБАЕВ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІН МЕНШІКТЕУГЕ МҮДДЕЛІ БОЛҒАН БА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
13.06.2019 11:06

Тағы да қазалылық ақжағалы­лардың теріс әрекеті алқалы жиынның негізгі тақырыбына айналды. Шамасы­, бұл ауданда ел естімеген бір гәп бар-ау!  Әйт­песе, бір айға жете­р-жетпес уақыттың ішінде біл­дей кент әкіміне және кент әкімі аппар­атының лауазымды тұлғала­рына қатысты іс ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызыл­орда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінде қарала ма? Әлде кент әкімі Жарасхан­ Мұратбаевтың «Менің ізімде күзден бері біржақты қудалау жүріп жатыр» деген сөзінде мән бар ма?

Айт­пақ­шы, жақында оның мәселесі де Әдеп жөніндегі кеңесте майшаммен қаралды. Кеңес мүшелері оған «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескер­ту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынған еді. Сол жиында Қазалы ауданы әкімінің орын­басары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлім­жан Жарылқағанов бір жайттың шетін шығарып кеткен-ді. Қызмет­тік үйдің жекешелен­дірілуіне байланысты. Бірақ ол кезде толық талқыланбаған болатын. Оған да кезек келді. Сонымен...

Облыстық департамент сәуір айында Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Еркебайдан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз негізде жекешелендіру  мәселесі  бойынша­ түскен хатқа сәйкес Әйтеке би кенті  әкімінің  аппаратына тек­серу­ жүргізген.

– 2018 жылдың 9 тамызында кент әкімдігінің теңгеріміндегі С.Мұқанов көшесі №2 А мекен­жайында орналасқан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз негізде жекешелендіру бойынша М.Тәжібайдың өтініші Әйтеке би кенті әкімі аппарат­ына  келіп  түскен.  Атал­ған­ өтінішті сол күні кент әкімі Ж.Мұратбаев тұрғын үй комиссия­сының қарауына шешім қабылдау үшін жолдаған. Комиссия төрағасы, кент әкімнің орынбасары Қайрақбай Орынбасаров 2018 жылдың 13 тамызында кент әкімі Жарасхан Нұрсұлтанұлына «аталған үйді жекеш­елендіру бойынша 13 тамызда комиссия отырысы өткізіліп, отырыс қорытындысымен тұрғын үй комиссиясының оң шешімі қабылданды» деп хабарлаған. Сол күні «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын үйге қорынан берілген тұр­ғын үйді есептен шығару туралы кент  әкімі  Ж.Мұратбаевтың №150 өкімі қабылданып, «меншік иесінің өкілі», яғни кент әкімі мен қабылдаушы М.Тәжібайдың арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы №01 шартқа қол қойыл­ған. Бұдан кейін Ж.Мұратбаев 2018 жылдың 13 тамызда №238 шеші­мімен аталған тұрғын үйді жеке­шелендіру тәртібімен азамат М.Тәжібайдың және оның отбасы мүшелерінің ортақ үлестік менші­гіне өтеусіз негізде берілуі туралы шешім қабылдаған, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда об­лысы бойын­ша департаментінің бас маман­ы  Сәкен  Жұмабаев.

Ең қызығы, М.Тәжібайдың құжаттары тұрғын үй комиссия­сының отырысына ұсынылмаған және онда мүлде өткізілмеген де көрінеді. Ол ол ма, жүргізілген тексеру барысында одан да сорақы әрекеттер әшкереленіпті. Тұрғын үйді жекешелендіру жұмысы ылдым­-жылдым жасалғаны соншалық, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Сансызбайұлы:

– Бұл жұмыстар «оперативный» жүргізіліпті. Неткен жылдамдық? - деп таңғалды.

Шын мәнісінде Қазалы аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, тұрғын үйді жекешелендіруге байланысты құрылған комис­сияның мүшесі С.Дайра­баев: «Қызметтік тұрғын үйді өтемсіз жекешелендіру бойынша комиссия отырысында болған жоқпын. Өтпеген отырыс хаттамасын кент әкімдігінің әдіскері Р.Серікұлы жұмыс орныма келіп, қол қойғызды және кент әкім­дігі­нің заңгері-маманы Л.Әли қоңы­рау шалып, хаттаманың заңды екендегін жеткізді», - деп түсінік­теме берген. Ал кент әкімдігінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі Т.Құлмұратов: «Аталған тұрғын үйді өтеусіз негізд­е жекешелендіру бойынша комиссия отырысына қатыс­па­дым. Кент әкімдігінің әдіскері Р.Серікұлы әкеліп, қол қойдырды», - депті. Сондай-ақ, кент әкімдігінің жетекші маманы, комис­сия хатшысы С.Қожахметов жиынға қатыспағандығын және тиісті құжаттармен таныспаған­дығын, тек кент әкімдігінің заңгер-маманы Л.Әли әкеліп, қол қой­дырғанын айтқан. Түсініктеме беру барысында комиссия төр­ағасы, кент әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаров тиісті құжаттармен таныспағанын және Л.Әлиден мұның заңдылығын сұрағанда заңгер «заңды» деп айтқандықтан, қол қойғанын жеткізді. Осылайша, комиссия мүшелері болмаған жиынды «болды» деп оң қоры­тынды шығарып жіберген. Тиісті құжаттарға қол қойдырған кент әкімдігінің әдіскері Р.Серікұлы департаментке берген түсініктемесінде: «Өзінің тікелей бөлім басшысы Л.Әли қоңырау шалып, хаттамаға қол қойдыруды бұйыр­ғанын, сол себепті комиссия мүшелер­ін аралап қол қойдырдым» деп көрсетіпті. Бұйрық демек­ші, біз­діңше, ауызша бұй­рықты тек әскери­ адамдар ғана берет­ін секілді еді. Ал бұйрықтың тал­қыланбайтыны түсінікті. Сонда, Әйтеке би кентінің әкімдігі әскери­ орынға айналған ба? Заңгер-маман Л.Әли болса, тапсырманы кент әкімі Ж.Мұратбаевтан алғандығын айтыпты. Қызықтың көкесі мұнымен де бітпейді. Кент әкімі Ж.Нұрсұлтанұлы комиссия қорытындысының негізінде жекешелендіру шешіміне қол қойғанын, алайда комиссия мүшелері тарапынан кемшіліктер анық­талған соң оларға тәртіптік шара қолданып, өз шешімінің күшін жойып, қызметтік үйді қайтару бойынша сотқа шағым жасағанын айтып, түсініктеме берген екен.

Департаменттің жүргізген зерт­теу жұмыстары біраз жайттың бетін ашып берді. Кент әкімі комис­сия мүшесі Қ.Орынбасаров пен Т.Құлмұратовқа 2018 жылдың 26 қарашасында «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза көріп, небәрі 2 апта­дан кейін алып тастаған екен.

Жалпы, «Тұрғын үй қатынас­тары  туралы» Заңы нормаларында «мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымы ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұр­ғынжай комиссияның шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұр­ғынжайлар – ведомстволық тұр­ғынжай қоры» екендігі көрсетілген. Мұны департамент өкілі баянда­ды. Сондай-ақ, ол:

– Заңның 13-бабы 7-бөлігі, 8-1-тармақшасында «лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ведомстволық тұрғынжай қорынан берілген тұрғын үйлерді  жекешелендіруге болмайды  деп айқындалған», - деді.

Әйтсе де, комиссия мүшелері­нің мақұлдауы негізінде кент әкімі Ж.Мұратбаевтың шешімімен үй жекешелендірілген.

Облыстық Әдеп кеңесіне осы шаруаның басы-қасында болып, құжатқа қол қоя салған жергілікті шенеуніктер түгел жиналды. Бәрі­нің де көңіл күйі жоқ. Шамасы, қол қоярда таяқтың бір ұшы тиерін білмесе керек. Департамент өкілі­нің сөзі тамамдалған соң кент әкімдігінің қызметкерлеріне сөз берілді. Айтпақшы, бұл да бір «қызық» болды. Кезек-кезек микрофонға жақындаған олар кеңес мүшелерін алдымен Ораза айт мерек­есімен  құттықтауды  ұмыт­қан жоқ.

– Құрметті Абзал Сансызбай­ұлы және кеңес мүшелері! Бар­шаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтағым келеді. Менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім – 6,5 жыл. Осы уақыт ішінде бірде-бір тәртіптік жаза алған емеспін. Біраз жыл ұстаздық қызмет еттім. Еліміздегі ірі саяси науқан алдында осындай қателікке жол бергенім үшін өзімді айыпты санаймын. Ағаттық кетті, - деді кент әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаров.

Ал оның сөзінен кейін Абзал Сансызбайұлы тәртіптік ісі таразыланып  жатқандардан:

– Айтыңыздаршы, комиссия отырысы өтті ме, өтпеді ме? - деп қайта сұрады. Өз кезегінде олар:

– Жоқ. Болған емес, - деп жапа-тармағай жауап берді.

– Құрметті Абзал Сансызбай­ұлы және кеңес мүшелері, баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Біздің дәл осылай сіздердің алдарыңызға келуіміз ұятты жағдай болып тұр. Менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім – 15 жыл. Мұнда бірінші рет келіп отырмын, - деп Л.Әли көз жасына ерік берді де:

– Мен еңбек демалысына кетет­ін болдым. Кент әкімі маған «еңбек демалысына кетем дегенше барлық құжаттарды дайындап кет» деп тапсырма берді,- деп сөзін аяқтады.

Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас­ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бо­йын­ша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаровқа, кент әкімі аппаратының бөлім басшысы Л.Әлиге, кент әкімі аппаратының бөлім басшысы Т.Құлмұратовқа, Қазалы аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі С.Дайрабайға мемлекет­тік қызметке кір келтіретін тәр­тіп­тік теріс қылықтарға жол бергені үшін қызметке толық сәйкес емес­тігі туралы «ескерту» түріндегі тәр­тіптік жазаны қолдану жөнінде шешімді ортаға салды. Және оны кеңес мүшелері толық қолдады. Комиссия мүшесі, қазіргі Ақжона ауылдық округінің әкімі міндетін уақытша атқарушы Н.Сералиев комиссия шешіміне қол қоймағандықтан оның тарапынан заң талаптары бұзылмаған. Сондықтан оның тәртіптік ісі тоқтатылды. Ал Әйтеке би кентінің әкімі Жарасхан Мұратбаев ауырып қалыпты. Сон­дық­тан бұл жиынға келген жоқ.

Жайшылықта бір құжаттың соңын­да апталап жүретінбіз. Ал бір күнде кенттегі білдей комиссияның мемлекет мүлкін жекеменшікке өткізе салуы «мекенжай анықтамасын алғаннан да оңай ма?» деп қалдық...

Қозы   Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТОҚТАТЫЛА МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
13.06.2019 11:00

Жыл басында Елорда төрінде болған бес періштенің өртке орануына орай жер-жердегі аналар талап-тілектерін айтып, әкімдікке шағымданған болатын. Мақ­сат­ мемлекеттен бала басына бөлінетін қаражат көлемін еселеп, көпбалалы, тұрмысы төмен және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға жағдай жасау туралы мәселенің шешімін табу еді. Түйіннің «белінен» маталған жібі де шешілді, Үкімет те қараша халыққа қараса бас­тады. Сәуір айынан бастап республика бойынша арнайы санатқа жататын отбасылардың барлығы тиісті орынға құжаттарын өткізіп, мамыр айының басынан бастап өздеріне тиесілі атаулы әлеу­меттік көмекке қол жеткізді.

Онысын «шала байып қал­дық» деп қуанған сөздерінен-ақ аңғардық. Еліміздің тұң­ғыш президенті «Көпбалалы аналар жәрдемақыларын аларда жан-жаққа шапқыламасын, құжаттары тез арада рәсімделсін. Ал атаулы әлеуметтік көмек шілдеден емес, 1 сәуірден бастап берілсін» деген болатын. Біреулер бала-шағасының несібесіне атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалғанына қуанса, кейбірі «бұл – уақытша, сайлаудан кейін берілмейді екен» деген қауесет таратып жүр. Тіпті әлеуметтік желіге жарияланып, ол жақта тағы бір дау болды. Ел арасында гулеп кеткен әңгіменің шетін ҚР Еңбек және халықты әлеуме­ттік қорғау министрі Б.Сапарбаевтың өзі тар­қатты.

- Сәуір және мамыр айла­рында 23 млрд теңге бөлінді. Жалпы, жыл бойына атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 130 млрд теңге қарасты­рыл­ды. Орта есеппен, әрбір отбасы­ға әлеуметтік көмек 105 мың теңге көлемінде көрсетіледі. Бұл жұмыс жалғас­тырылады. Бұл ретте маңызды бір нәрсені айта кеткен жөн, әлеуметтік желіле­рде кейбіреулер «АӘК биылғ­ы жылдың тек бірінші тоқсанында төленеді, одан кейін  төленбейді» деп жаз­ған еді. Тағы қайталап айтамын, АӘК ережелеріне сәйкес жыл бойы төленеді. Ал отбасының табысы әрбір тоқсанда нақтылануы тиіс, - деді  ол.

Мемлекет тарапынан бе­ріліп жатқан әлеуметтік жәр­демақыны алу үшін Қызыл­орда облысында 40 мыңнан астам  отбасы  құжат  өткізген. Облыс бойынша сәуір айын­да­ 16193 отбасындағы 79004 адамға 2,1 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек берілді. Мамыр айында 6755 отбасының өтініші қабылданды. 4332 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға 189,4 млн теңге төлен­ді. Бұл туралы өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқа­қов  мәлімдеді.

- Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде «ҚР Президенті сайлауынан кейін атаул­ы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады» деген алыпқашпа әңгімелер таратылуда. Бұл – жалған ақпарат. Қазір маусым айы үшін төлемдер жүргізіліп жатыр. 20 маусымға дейін 100 пайыз төленетін болады. Биылғы жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 9,6 млрд теңге қаражат қарас­тырылып отыр. Қосымша республикалық бюджеттен 5,2 млрд теңгеге сұраныс берілді, - деді Қ.Ысқақов.

Тағы бір айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 5529 мүгедек бала тәрбиелеп отырған жәрдем­ақы алушылардың жәрдем­ақы мөлшері 31183 теңгеден 40538 теңгеге арттырылады. Бұл үшін қосымша құжат­тарды ресімдеу қажет емес, төлемдер автоматты түрде көбейеді. Жәрдемақы әр айдың 1-15 аралығындағы жұмыс күндері төленеді. Еліміздің тұңғыш президенті «Нұр Отан» партиясының XXVIII съезінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршы отба­сыларына жәрдемақыны  30 пайызға көтеруді тап­сырған  болатын.

Мемлекет тарапынан беріле­тін жәрдемақыны алу үшін айла асырып, түрлі амалдар жасап жатқандар да бар. Табысын жасыру, неке­сін бұзу, тұрғылықты мекенжайын өзгерту, т.с.с. кейбіреулер үй ішіндегі тұрмыстық  техникалар  мен аулада­ғы ағаш, қорадағы малды да есепке алады деп, оны да жан-жаққа жасырып әлек. Логикалық тұрғыда қарасақ, әрбір үйде азық-түлікті сақтау үшін тоңазытқыштың болатындығы, кір-қоңын таза ұстау үшін кір жуу машинасының тұратындығы, күнделікті жаңа­лықтардан хабардар болып, ойын баласының зейі­нін ашу мақсатында төрде теледидар «сайрап» тұруы – заңдылық. Сөйтсек, жоғарыдағылар мұның да шешімін тауып  қойыпты.

- Табысты есептеу мәселе­сі  бойынша келіспеушіліктер туындаған еді. Егін, мал, жиһазды есептеуде, бірақ жиһаз­ есептелмейді. Ешкім ешкімнің тоңазытқышын ашпауы керек. Біз үй-үйді араламау туралы тапсырма бердік, себебі, әрбір қалада әрбір отбасы, оның табысы, шығындары, т.б. туралы мә­ліметтер бар. Тек қандай да бір сұрақтар туындаса, сонда ғана бару керек. Мұның бәрі­мен жергілікті атқарушы ор­гандар айналысады. Біз мін­детті түрде табысты есептеуі­міз керек, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапар­баев.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі жер­гілікті атқарушы органдар өкілдеріне тек қазіргі АӘК алушылармен ғана емес, соны­мен қатар әлеуетті адамдармен жүйелі жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Ол әлеуметтік көмек көрсету критерийіне жатпайтын, бірақ мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж адамдар да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуға тиіс деген тапсырма жүктеді. Еңбекке жарамды, экономикалық белсенді халықтың бәрін жұмыспен қамту міндеті тағы бар. Осыған байланысты «Еңбек» жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру және жеңіл­детілген шағын несие беру бөлігіне өзгерістер енуі ықтимал. Егер отбасының табысы әр отбасы мүшесіне шаққанда 20 789 теңгеден кем болса­, мемлекет тарапынан осы атау­лы әлеуметтік көмек төленеді. Бала-шағаңызға бұл сома толық беріледі, ал ата-анасына 20 789 теңгеге жетпей тұрған сомасы ғана төленеді. Деректерге сүйенсек, биыл елімізде 832 мыңнан астам отбасы осы атаулы әлеуметтік көмекті алады деп жоспарлануда.

Н.ҚАЗИ

 


 

Айгерім МЕҢДІБАЕВА, көпбалалы  ана:

- Қазақтың «Балалы үй – базар» деген сөзінің астарында көп мән-мағына жатыр. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген тағы да тәмсіл бар. Қазір алты балам бар, сәуір айында бес балаға деп тапсырдым. Комиссия келіп көріп, бізге тағайындалады деген шешім шығарды. Бала басына 20789 теңгеден атаулы әлеуметтік көмек берілді, алдық. Алтыншысы жақында дүниеге келді. Оған әлі құжат өткізген жоқпын. Соңғы кезде «бұл көмектер кейін берілмей қалады екен» деген қауесеттерге сенбеймін. Өйткені бұл – Тұңғыш президенттің бастамасы, тапсырмасы. Сондықтан басталған іс аяқсыз қалмайды деп ойлаймын. Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе, еліміздің демографиялық ахуалы да жақсарар еді.

 

Айгерім ШОҚАН, көпбалалы  ана:

- Мен әр үйде балалардың көп болып, бір-бірімен ойнап жатқан көріністі жақсы көремін. Өзім де – көпбалалы анамын. Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмектің берілетінін естіп, қуанып, төрт баланың несібесіне деп құжат тапсырдық. Бастапқы жәрдемақымызды алдық. Шүкір. Әйтпесе, күнделікті қажеттіліктерді есептемегенде, балалардың әрқайсысына берілетін қаржы мардымсыз еді. Алдағы уақытта үйдегі табыс көздерін есептемей, өзге де отбасыларға берілсе екен деген ойдамын.

 


ЖАЛҒАН НАМЫС БАСЫП АЛДЫ ЖАЛҒАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
13.06.2019 10:55

«Бетпердеңді шеш!» деп жүрміз бір-бірімізге. Иә, қазір «маска» киіп алып, жылы жүз көрсетудің жүз үлгісін жасап беретіндердің саны көп. Шындықтың шыңғыр­ғанда дауысы шықпай, өтіріктің өрге басатынын көріп жүрміз. Қабіл­ет атты адамның қабілетсіз­дігі, Әділет атты адамның әділет­сіздігі және бар. Аты басқа, заты басқа. Шахановша айтсақ, ісі мен сөзі бір арнада тоғыспайды, шындық биігінде төбе көрсетпейді. Айнал­а бетперделілерге толып кетті. Жалған ұран, жалған намыс.

Азаматтық қоғам, ашық қоғам дейміз. Негізі, өз пікірі жоқ адамнан, сосын Құдайдан қорықпайтындардан қорқу керек. Періште алтындай басына ат басындай алтын­ көрген соң ие бола алмай қалып, жолдан таяды екен ғой. Ақшаға, атаққа сатылып, өз пікірін теріске шығарудың өзі – нағыз сорлылық, бейшаралық. Бес күндік өмірді бабалардың жалған дегені осыдан екен ғой дерсің. Шындықты шырмап алып, өтірікті өрге өрлетіп-ақ жатырмыз. Қазір «диван батырлары», «пернетақта батыр­лары» деген тіркестер қолданысқа еніп кетті. Сыртынан сынап-мінеп, бетпе-бет жолыққанда бетінен сүйіп-сүйіп алатынын қайтерсің!?

Түнеугүні бір қызық жайтқа тап  болдым. Жергілікті  командаға жанкүйерлік  етіп  отырғандай көрінген жігіт ағасының ойын соңына таман үні шықпай қалды. Білмекке ұмтылғанмын. Сол-ақ екен, телефоны шырылдап та қалды. Жыны жанында жүр екен, қаны басына шауып тұр. «Ей, мынауың қайта-қайта гол салып кетті ғой. 30 мың тіккенмін, сен айт­қан соң. Қадалдым енді» деді теле­фондағы танысына. Байқауымша, әлгі жігіттің футболдан түк те хабары­ жоқ. Жолдасының пікірі­не еріп, бәсті тіге салған. Сана­сына берсін дейсің, әйтпесе әлі талай­ сан ұрып, басын тасқа соғатыны көрініп тұр. Маған қатты әсер еткені жергілікті клубтың 2 гол салғанына қуанып, одан кейінгіс­іне қуанбағаны болды. Соған қарағанда танысының «сәуеге­йлігі» соған ғана жеткен ғой деймін. Көрдіңіз бе, мұнан да жалған­ намыстың бір ұшқыны байқалады. Мұнымен кете берсек өз өмірімізді өтірікпен өрнектеу арқылы өркениетке өшпестей із қалдырамыз. Жалған намыстың жалғанды басып алғаны ма? Осы біз кімді алдап жүрміз?

 

Ш.ШАТҚАЛ

 


ЖАСТАР – ЖЫЛЫ, ҮЛКЕНДЕР – СУЫҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
13.06.2019 10:43

Дәл осы тақырыпты былай деп жазайын: «Жастар жылы» – үлкендер суық». Сөйлемнен бір әріп те алынып тасталған жоқ. Тағы десең, қосылмады да. Бірақ, үтірге (немесе  сызықша - Р.Ж.) дейінгі екі сөз түпкілікті өз мағынасын жоғалтып, басқа мәнге ие болды. Әрине, әріптер алынып, қосыл­мады, тиісінше, тыныс белгілер алынды да, қосылды да. Тыныс белгінің рөлі ғой, екі сөйлемді бір мезетте оқығанда дауыс мәнері, ырғағы (интонация) бір-біріне үйлеспей, өзгеше шығады.

Айт­қандай, жоғарыдағы тақырып пен бірінші сөйлемдегі «жылы» сөзі­нің омоним ретінде қолданыл­ғанын есіңізге салайын.

Омоним дегеніміз – айтылуы мен жазылуы бір, бірақ мағынасы, шығу тарихы басқа сөздер. Кезекті рет керекті ақпаратты сізбен бөліскендегі түрім ғой. «Жылы» сөзі тақы­рыпта «суық» сөзінің антонимі ретінде, алғашқы жаңажол мен сөйлемде 365 (366) күннің немесе 12 айдың қосындысы мағынасында берілген. Мұнымен не дегіміз келді, нені көкседік, неліктен мұнан бастад­ық? Басқаны айтпағанда, қазақ тілінде пунктуация деген термин бар. Оны мықтап меңгерген болсаңыз, тіл білімінде тыныс белгіні дұрыс қойғаныңызға, қойма­ғаныңызға  қатты  бас  ауырт­пайсыз. Өйткені, ол сөйлемдегі тыныс белгілердің дұрыс қойылу емлесін  қатты  қадағалайды.

Сонымен, «Жастар – жылы, үлкендер – суық» және «Жастар жылы» – үлкендер суық» атты қос тақырыптың жүгін қатар көтеріп, «шоқпарды сүйретпеспін» деп белге байладым. Авторлық материалымды ащы ішектей шұбалтпай, қысқа да нұсқа етіп жазу арқыл­ы орайын келтіріп, қалауын тауып, киіз қазықты жерге қағуға талаптанып көрмекпін.

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбае­в  өткен жылдың 5 қазанындағы Жолдауында: «Жастарды­ң барлық санатын қолдауға арнал­ған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалып­тастыру керек. Келесі жылды «Жаст­ар жылы» деп жариялауды ұсынамын» деген болат­ын. Мұны саясатқа бір иығын  тығып  жүретін жастар жақсы­ біледі. Иә, рас «Жаста­р жылы» – жаңа мүмкін­діктер кезеңі. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Десе де, осы мүмкіндікті лайықты пайдалануды жастар біле ме, ел сенген үдеден шыға ала ма? Меніңше, біз мысалға­ келтірген екі сөйлемді оп-оңай ажыратуға жастардың басым бөлі­гінің деңгейі жетпейтіндей, қолынан келмей­тіндей және миына салмақ салатындай. Есімізге алып, есіңіз­ге­ салып көрелік. Ел болашағы – дені сау және сауатты ұрпақ.

Осы орайда ойға оралатын тағы бір жайт, аға буынмен арадағы аралас-құраластық, сабақтастық хақында болып отыр. Демек, жастар­ үлкендермен сұңқарлар секілді қанаттас самғап, тұлпарлар тұрпатты қабырғалас зымырауы керек. Мүмкіндік тәжірибе ар­қылы да келеді. «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі» десек,­ жасамыс ағаштың жас ағашқа сүйкенетіні ойымызды қуаттай түседі. Әрине, жастар тақыры­бында «балта да өткір, бұтақ та қатты» дейтіндей мәселелер де жетерлік.

Біз мысалға келтіргендей, «Жастар жылында» үлкендер суық сияқты» деген пікірлер ел ішінде жазылып-ақ жүр. Ал, «жастар – жылы, үлкендер – суық» (немесе керісінше) деп кесімді пікір айта алмаймыз. Бұл – жай ғана мысалдың «құрбанына» айналған тақырып һәм сөйлем ғана.

Қорыта айтқанда, жастар өзіне берілген мүмкіндіктен мүлт кетпеуі керек. Рас, «бірдеңе істеу керек­ еді» деп жүрген жастарға бірдеңе істеу бүгіннен басталуы тиіс. Сондықтан, мен де мақаламды  айналсоғы бар арқанға бай­лан­ған  аттай  айналшықтамай, төбеден жай түскендей етіп бастап кеттім. Ұлылар ұлағатынан теріп «шаршы топта сөз бастау қиын» десек, тәуекелдік танытып, топқа тұлпар қосу кей жастарды өз мүм­кіндігінен айырып отырғандай...

Қысқасы, мүмкіндік бұ жылы не келесі жылы емес, кез келген уақытта (сағат, минут, секунд) болады­. Бойыңыздағы біз біле бермейтін дарындылықты бүгін­нен бастап шығарыңыз. Бүгіннен. Міне, мүмкіндік! Әйтпесе ертең кеш...

Рыскелді  ЖАХМАН

 


БАЛАНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ немесе халықтық педагогиканың ролі PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.06.2019 10:40

Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі өнегесін таратып отырды. Шындығында, орынды айтылған ойдың баланы­ң дамуына, өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіруге ықпалы зор. Сондай-ақ тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы­ танымы, түйсігі қалыптасады. Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарына терең бойлап, рухани жан дүниесін байыта түседі.

Абайдың дана, дара болуында осы әкелер институты, әжеден естіген әсерлі әңгімелер, ауыз әдебиеті жанрларын, шежіре, дастандарды орындаудағы жыршы, жыраулардың ықпалы дүниетанымын, өмірге көзқарасын өсірді.

Жалпы, халықтық  тәрбиені насихаттаудың,  жаңғыртудың  пәрменді құралы – ауыз әдебиеті туындылары десек жаңылмаймыз. Өйткені ауыз әдебие­тінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бұқаралық көркем сөз шығар­машылығы, әдеби құндылық­тары, халық педагогикасының негізі, мәдени мұрасының қайнар көзі, тап­қырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары бар. Шешендік сөздер нұсқаларына қарай академик В.В.Радлов: «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңға­ла­сың­», - деп, қазақ тілінің тазалығы мен  табиғилығына  тәнті  болған.

Расында, ауыз әдебиеті мұраларының, мақал-мәтелдердің, аңыз әңгімелердің, өсиет, насихат өлеңдердің, ертегілер­дің, жұмбақ, жаңылтпаштардың, лиро-эпостық, эпостық жырлардың, шешендік сөздердің, тұрмыс-салт жырларының барлығы дерлік тәрбие тақыр­ыбын қозғады. Ауыз әдебиеті мұралары – баланың тұлға болып қалыптасуына нәр берді, ел мен жерге деген перзенттік парызын оятты, жанашырлық, патриоттық сезімін ұялатты.

Бұл жерде халық педагогикасының үш қайнар көзін айрықша атауымызға болады. Олар: ана тәрбиесі, әке тәр­биесі, қоғамдық орта тәрбиесі.

Ұлт даналығында «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» дейді. Сол қасиет ананың­ ақ сүтімен дарыса, «Бесік жырыны­ң» әлдиімен тербелгеннен бала бойына мейірімділік, сабырлық ерекшеліктерін сіңіріп өседі. Қыз бала анасыны­ң аялы алақаны мен ғибратқа толы тағылымынан ибалылықты, әдептілікті, қарапайымдылықты, ізеттілікті, іскерлік секілді қасиеттерді көріп, естіп дарытады. «Шеше көрген тон пішер» деген қазақ сөзі анадан алатын­ тәлім-тәрбиені, көрегендік пен өнегені, адалдықты меңзеген емес пе? Адамның физиологиясынан ұққанымыз, бала біткен айтқанды емес, көр­генді  бойына  тез қабылдайды. Сондықтан әрбір ана өз баласының идеалы бола білгені дұрыс. Бұл – өмірлік қағида!

Әке – отбасының қамқоршысы, асыраушысы, қорғаны. Естеріңізде болса,­ ескінің есті кісілері «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көр­генді бала» деп ер адам тәрбиесін, әке мектебінен өткен маңызын айтады. Шындығында көкірегі қазыналы қарттардың әңгімесіне қанығудың берері мол еді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз  сөзге  бүкіл тәр­биенің бас­тауын сыйғыза білген. Өмірге бейімі жоқ, шыңдалмаған бала қиындыққа да төзбейді. Сондықтан «Әке көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды­» деген нақылдар тектен-тек айтылмағаны  айқын.

Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеге­н. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында «Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін­ қаған» деген жазу осының дәлелі. Рас, бала өз әкесіне ұқсауға ұмтылады. Демек, әрбір әке өзінің даналығ­ымен, парасаттылығымен даралан­уы  тиіс  деп ойлаймын.

Баланың өзінің ата-тегін білуі, мал сою, қонақ күту, ерлік пен еңбекшіл­дікті, серілікті, атбегілік, құсбегілік өнерді  бойына  сіңіріп, сол арқылы әке биігі үстем тұрады. Ер-азаматтың соңынан­ сөз ермейтін, сұңқардай саңлақ, қырандай текті болуы әке ролінің қаншалықты деңгейде болғанын байқатад­ы. Әрине, әке – отбасының алтын діңгегі. Осындай жауапкершілік пен міндет-мақсатын біле тұрып, жұмысбастылықпен бала тәрбиесіне немқұрайды қарау, ерте кезден көңіл бөлмеу салдары үйде баланың бетімен кетуіне апарады. Әке ролін аналар то­лықт­ай атқара алмайды. Себебі «әке – тірегің, ана – жүрегің» дейтіндей, әрқайсысының өз жолы, өз міндеті бар. Отбасында ата-ана шаңырақтың шамшырағы десек те, әрқайсысының өзіндік шоқтығы бар. Халқымыз қашанда әкені шаңырақтың иесі, қамқоры, қорғаны деп таныған. Аналарымызды сол шаңырақтың алтын босағасы, киелі тұтқасы іспетті құрметтеп қастерлеген. Сондықтан «Алты аға бірігіп – әке болмас­, жеті жеңге бірігіп – ана болмас» деп түйінін келтірген.

Бала тәрбиесінде қоршаған ортаның, әсіресе мектебі, ұстаздары, дос­тарының да ықпалы зор. Бұл тұста да ата-ана олармен тығыз байланыста болып,­ бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Әрбір өскелең ұрпақтың бойына өзінің отбасы, оқу-тәрбие жүйесі арқылы­ ұлттық құндылықтарды, ұлттық  психологияны  дарытып  отырса­ ұтылмаймыз, ұтарымыз көп. Мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары, түрлі үйірмелер санаға  тазалықты, ептілікті, білімпаздықты  үйретеді.

Рас, қазір жаңа технологияның заманы­. Қарыштап дамыған өскелең өмірде интернет, телефон қызметі баланы­ң да санасын жаулап барады. Одан өзіне керегін алса жөн, бүгінде беталды кеткен кейбір ақпараттар оларды­ дұрыс жолдан тайдырып, жат қылықтарға жетелеп жатыр. Осы орайда қоғамдық сананы қалыптастыруда әлеуметтік желілердің жетекші орында тұрғаны өмір шындығы дер едім.

Кез келген пәнді оқытуда халық данал­ығын пайдалану баланың ой-өрісін дамытып ғана қоймай, пәнге деген­ қызығушылығын арттыра түседі, адами жақсы қасиеттерінің де қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Сергек сананы­ жаңғыртып, рухани жаңғыру заманы­нда ауыз әдебиеті мұраларын педагогикамен ұштастыру арқылы ұлттық тәрбиенің нығаюына ықпал ету тиімділік тудырады. Әрбір берілетін білімнің, тәлім-тәрбие жүйесінің ең өзекті идеясы – халықтық қасиеттер мен халықтық педагогикаға негізделгені абзал­. Жастарды тәрбиелеудегі отаншылдық қасиет ең алдымен білім мен тәрбиенің тұғыры болуы тиіс. Ал, отаншылдық дегеніміз – өз елінің шежіресін, тарихи тұлғаларын, салт-дәс­түрін, рухани-мәдени байлығын, елінің қадір-қасиетін терең білу деген сөз. Әрине ұрпақты отаншыл етіп тәрбиелеу, елін, жерін сүйетін  патриоттық қасиетті дарыту отбасы тәрбиесіне, білім беру жүйелеріне тікелей қатысты. Отаншыл жастар тәрбиелеу – мемлекеттік маңызды істердің де бірі. Елбасы­ жастар саясатын дамытуға барынша қолдау көрсеткені осы маңызды айғақтай алады. Демек, біз жарқын болашақтан білімді, ізгі ойлы, елі сенетіндей ер тұлғаларды, қайраткер қыздарды көр­гіміз келсе, осы бастан терең тәрбиеге мән берген абзал-ақ.

Гүлзира  ОРАЛОВА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік

университетінің  аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты

 


«103»-тің БІР КҮНІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.06.2019 10:25

Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған облыстық жедел жәрдем стансасының мамандарымен шақыртуларға шыққанда куә болдық.

ТАЛАП  –  ЖЫЛДАМДЫҚ  пен  ТӨЗІМДІЛІК

Тіршілігі қым-қуыт қала өмірінде тұрғындар жедел жәрдемге жиі жүгіне­ді. Ал медицина қызметкерлері тәулік бойы тыным таппайды. Қызу жұмыс бір сәтке толастаған емес. Олар тұр­ғындарға жедел және шұғыл түрде қызмет көрсетеді. Бүгінде жедел жәрдем стансасында облыс бойынша 49 бригада жұмыс істейді. Оның 22-сі Қызыл­орда қаласына тиесілі. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өнімді жұмыс істеуіне бас дәрігер Алмат Құрманғалидың да еңбегі зор. Ұжым талай жанға өмір сыйлап, алғысқа бөленіп келеді.

Бізді бас дәрігердің емдеу ісі жөнін­дегі орынбасары Ғалия Нұрсейітова жылы шыраймен қарсы алды. Жүзінен мейірім төгілген маман стансаның жұмысын бүкпесіз жайып салды. Әңгі­ме арасында ол мекеменің 2016 жылы жаңа  жүйеде жасақталғанын, 13 станция барын, оның 4-еуі Қызылорда қаласында екенін, облыста 88 жедел жәрдем көлігі, 31 мамандандырылған фельдшерлік, 18 дәрігерлік бригада және 80 дәрігер, 480 орта буынд­ы қызметкер еңбек ете­тінін  атап өтті.

Нағыз жұмыс қайнайтын жер – диспетчерлік қызмет бөлімі. Басы ауырып, балтыры сыздағандардың барлық қоңырауына 13 және 1 оперативті бөлім автоматтандырылған шақырту қабылдау пульттерінде жұмыс атқаратын 9 диспетчер жауап береді. Бір минут­ ішінде науқас туралы мәліметтерді жинап, автоматты түрде тіркейді. Әсіресе, кешкі сағат 19:00-ден түнгі сағат 24:00-ге дейінгі мерзім – нағыз қарбалас шақ. Бригадалар табан­да­рынан тік тұрып қызмет көрсетеді. Қала тұрғындарының саны көбейген сайын жедел жәрдемге жүгінетіндер­дің қатары күннен-күнге артуда. Сондықтан бұл сала кәсіби шеберлікті ғана емес, жылдамдық пен төзімділікті талап­ етеді. Осындай талапқа мойымағандар ғана мұнда жұмыс істейді.

– Облыстық жедел жәрдем стан­сасында фельдшерлік, дәрігерлік, педиатрл­ық, кардио-реанимация бригад­алары бар. 2 жансақтау бригадасы да тәулік бойы қызмет көрсетеді. Аурудың жағдайына қарай дәрігер кез келген бригаданы жедел көмекке шақыр­а алады, - дейді оперативтік бөлімнің аға дәрігері Толқын Жұма­ділдаева.

Толқын Серікбайқызының ай­туынша, тәулігіне 1500-ге дейін шақыр­ту келіп түседі. Кейде бұл цифр­дан асып кететін жайлар да кездеседі. Ал  күн райының қолайсыздығына байланыс­ты қоңыраулар мұнан да көп түседі. Мұнда дәрігерлер орта есеппен жылына 400 мыңға жуық тұрғынның шақыртуымен шығып, талапқа сай қызмет көрсетеді. Осы сәтте жедел жәрдем стансасына қоңырау соғылды. Дәрігер болса керек.

- ЭКГ-ға түсірдім. Инсульт алған...

Кезекші диспетчерге жұмысын баянда­п  жатыр.

Кешкі уақыт. Ауысым ауысып жатыр­. Соған қарамастан шұғыл қоңы­раулар жан-жақтан толассыз соғылуда. Мамандар үшін әрбір секунд маңызды. Олар қоңырауларды жедел түрде бригадаларға  хабарлайды.

ҚОЛЫ   ЖЕҢІЛ   ЖІГІТ

Стансаның тыныс-тіршілігімен танысқан­ соң, №1 бригаданың ин­тенсивті терапия бөлімінің дәрігер-фельд­шерлерімен шақыртуға шықтық. Олар науқас балаға көмек көрсетуге асықты. Жедел жәрдемнің жүргізушісі Самат Жаппасбаев дереу дабылын іске қосты. Ол қызметіне алғыр екенін байқат­ты. Құс қанатындай жүйткіген көлік зулап келеді. Бағытымыз – Тасбөгет кентіндегі Ә.Молдағұлова көшесі. Ойлы-қырлы, кедір-бұдыры көп сұрықсыз жол. Көлік асау аттай мөңкиді. Жүргізуші Саматтың ай­туы­нша, Тасбөгеттегі кейбір көшелердің аяқ жағына бара алмайсың. Асфальтсыз жолда жауын­-шашын күндері жүру ауыр. Көбіне дәрі­герлер науқасқа жаяу бараты­н көрінеді. Жедел жәрдем 10 минутта хабар­ланған мекенжайға жетті. 3 жас­тағы Нұрислам Амангелді ауырып қалыпты. Мамандар балаға шұғыл көмек көрсетті. Кішкентай баланың қызуы көтеріліп, қалш-қалш етеді. Әжесінің айтуынша, немересі өзін түскі уақыттан бастап жайсыз сезінген. Температурасы 39-дан асыпты. Уколды көргеннен ол жылап жіберді. Фельдшер Жасұлан Мыңжасаров оған қызуды­  түсіретін дәрі екті.

- Сіреспе енді басталып жатыр. Ауруханаға апарып, жатқызу керек. Антиби­отиктің қуаты кеткесін, ауру асқынуы мүмкін. Қайталануы өмірге қауіпті, - деді  кардиологиялық топтың­ дәрігері  Мейрамбек  Әділбеков.

Мұнан соң, жедел жәрдем көлігі баланы анасымен бірге жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Мұнда ол он күн ем алатын болады. Ауруханадан шыққанда тағы да шақырту түсті. Суыт хабар жетісімен жол-көлік апаты­ болған жерге жол тарттық. Жүргізуші Самат Жаппасбаев қаланың қалтарысы мен ұңғыл-шұңғылын жақсы біледі. Ол он жылдан бері жедел жәрдемде қалтқысыз еңбек етіп келеді. Бұл жолы да оқиға орнына жедел жетті.

 

ҚАТЕР   ТӨНДIРГЕН

ЖОЛ-КӨЛIК   ОҚИҒАСЫ

Кешкі сағат 20:00. Төтенше жағдай Қорқыт ата мен Ынтымақ көшесінің қиылысында болған. Көлікті тізгіндеген әйел қарсы бағытта келе жатқан көлікті байқамаған. Артынша теже­гі­шін басып үлгергенімен, автокөлік­тің қапталынан соғып өтеді. Мамандар медициналық көмек көр­сетті. Қан қысымын өлшеп, укол салды. Абырой болғанда әйел­дер­дің жағдайы қалыпты. Денсаулығына төндірген қауіп жоқ.

- Көлікті байқаған жоқпын. Аңдау­сызда соғып алдым, - деді Севара­ Байкараева.

Күн сайын әрбір бригада 20-дан астам­ шақыртуға барады. Келесі шақыр­ту қала тұрғынынан түсті. Үй сыртындағы нөмір жоқ. Шұғыл көмек көрсету болғандықтан дәрігер Мейрамбек Әділбеков үйді іздестіре бастады. Шындығында жекеменшік үйлердің арасынан хабар берген үйді табу оңай болған жоқ. Көше атауы болғанымен, нөмір берілмеген. Қызметіне ширақ дәрігер де, жүргізуші де бұл тығырықтан жол тапты. Науқас­тың туыстарымен тілдесе отырып, мекен­жайды әп-сәтте біліп алды. Есік алдына жүгіре шыққан әйел болған жайды айтып, үйіне бастай жөнелді. Дәрігерлермен ілесіп, ішке ендік. Төрәлі  Баймаханов есімді азамат төсекте қимылсыз жатыр. Мазасы жоқ. Диагнозы – жедел вирустық инфекция. Жедел жәрдемнің мамандары алғаш­қы көмек көрсетіп, азаматқа ем алу қажеттігін ескертті. Біз дәрігерлер болмағанда науқастың беті бері қарамайтынын, ауруы бұрынғыдан үдей­тінін түсіндік. Фельдшер Жасұлан Мыңжасаров мұндай оқиғалардың жиі болатынын, денсаулығына немқұрайды қарайтындардың көп екеніне қынжыл­ысын  білдірді.

– Әсіресе, мекенжай бойынша мәселе көп. Қоңырау шалушылар эмоциямен өзінің қайда хабарласқанын ескермейді. Өкініштісі, мекенжайлар шақырту бойынша дұрыс берілмейді. Қала аумағы ұлғайғандықтан атаусыз, нөмірсіз үйлер жиі кездеседі. Тіпті Мұратбаев, Абай, Молдағұлова көшелері бір-бірінің атын қайталайды. Бірақ жүргізушілеріміз баратын бағыттарды жақсы біледі. Талап бойынша көлік 15-20 минут ішінде жетуі тиіс. Әрине, жол кедергілері болмағанда, - дейді  ол.

- Стансаның қыз-жігіттері күн сайын жан шошырлық оқиғаның сан мәрте куәсі болады. Бастысы, дәрігерлердің әрқайсысы қайсарлық пен сабырлық танытып, ауру адамға дәрігерлік көмек көрсетуге тырысады. «Себебі, тұрғындардың денсаулығына жауап беру, алғашқы медициналық көмек көрсету – біздің борышымыз», - дейді Жасұлан. Жұмысына тиянақты, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, дәрігерлік антына адалдығы мен науқасқа деген жанашырлық ниетін көргенде Жасұлан мен Мейрамбекке қалай сүйсінбейсің...

Мұнан кейін жедел жәрдем көлігі­мен стансаға келдік. Ал жігіттер жылы қоштасып, келесі шақыртуға аттанып кетті. Дәрігер кабинетінде жасы алпысты­  алқымдаған  жігіт  ағасы отыр. Фельдшер Мансұр Әділет науқастың жүрегін ЭКГ-ге түсіріп, қан қысымын тексерді. Ал субординатор Шәкір Дархан­ науқас Мейрамхан Құлма­ханұлына демалып, режимді сақтау қажеттігін  ескертті.

Мұнан кейін осы мамандармен кезект­і шақыртуға шықтық. Жаппасбай батыр көшесі №191 үйді біраз іздедік.

- Жедел жәрдем ғой. Үйіңіз қайда?

- Жол бойында тұрмыз.

Аяғы ауыр келіншек есік ауласына өзі шықты. Рейд кезінде Шәкір Дарханның өз жұмысына тыңғылықты, жан-тәнімен орындайтынын байқадық. Ол 26 жастағы науқастың шағымын қабақ шытпай тыңдады. Тиісті көмегін ықыласпен көрсетті. Аяғы ауыр әйелдің жүктілігі – 38-39 апта. Санаулы уақыттан соң, босануға дайын­. Жедел жәрдем аялдамастан жас ананы облыстық перинаталды орталыққ­а  жеткізді.

– Кейбір адамдар ауырса да, жарақат алса да, үй жағдайында емделеді. Араға бірнеше күн, тіпті, бір апта салып ғана жедел жәрдемге қоңырау шалатындар бар. Кейде уақытылы хабарламағанның салдарынан ауру асқынып кетеді. Салғырттықтың соңы жақсылыққа әкелмейді, - дейді Шәкір Дархан.

Рейд барысында біз жедел жәр­дем жұмысының оңай емес екеніне көз жеткіздік. Мұнда мамандар өз қызметін жақсы біледі. Олар өздерінің білікті екендіктерін тағы да бір дәлелдеді. Тәулік бойы тыным тапқан жоқ. Түрлі жағдайлармен, оқиғалармен бетпе-бет келді. Кешке дейін бекетке 540 шақырту келіп түсті. Статистика бойынша, жедел жәрдемге хабарласатындардың арасында қан қысымы, жүрек аурулары көп. Көбісі қант диабетіне, семіздікке шалдыққан. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер де аз емес. Кешке қарай нау­қастардың саны күрт көбейеді екен. Бірақ көкейтесті мәселе де бар. Облыста жедел жәрдем көлігі жетіспейді. Көбісі ескі. Жүргенінен күрделі жөндеуде тұратыны көп. Сосын балалар дәрігеріне сұраныс  артқан. «Бір сағатта жет­ті» дейтін тұрғындар жедел жәр­демнің мәселесін қайдан білсін. Мұнан бөлек, мекенжайларда кемшілік көп. Ұлт­тық сипат бере­тін  көше аттарының да маңызы бар ғой. Елдік ерек­ше­лі­гімізді таны­татын жер-су аттары­ көп емес пе? Тәуелсіздігі­мізді паш ететін, тарихи-рухани құндылықтарымызды насихаттайтын атаулар Қызылорда көшеле­ріне жетіспейді. Облыста Абай есімін иеленген көшелер көп. Осыған ұқсас жағдай Мұратбаев, Молдағұлова көшелерінде де қайтал­анады. Көше атауларының бірін-бірі қайтал­ауы жедел жәр­дем, өрт пен құтқару қызметіне жүгі­нетіндерге де қиындық тудырады.

- Сын айтылмаған жерде жұмыс жүрмейді. Ал жұмыс істемеген адам ғана сынға ілікпейді. Біз үшін барлық тұрғындардың денсаулығы өте маңызды, бірінші кезекте жүкті әйелдер мен кішкентай балала­рға түскен шақыртуларға аса мән беріледі. Талап бойынша жедел жәрдем бригадасы шақыртуға 15 минут ішінде жетуі тиіс. Әрине, жол кедергілері болмағанда. Барлық шақыртулар 6 санатқа бөлінеді. 1, 2, 3-санатқа кіретін шақыртулар – жол-көлік апаты, суға бату, күйік шалу, газбен улану жағдайлары. 4-санатқа созылмалы аурулар бойынша түскен шақыр­тулар жатады. Осы 4 санаттағы шақыр­туларға 60 минут ішінде жедел жәрдем жіберіледі. Өкініш­ке қарай, тұрғындар мұны түсін­бейді. Шағымдануға дайын тұрады. Әрине, науқастарды да түсінуге­ болады, ауырып тұрған адамның көңіл күйі де болмайды, тәні ғана емес, жаны да ауыр. Қазір ауруханаға  жедел жәрдем арқылы жатқы­сы келетіндер көп. Адамдар өзінің учаскелік дәрігеріне, яғни емханаға қаралуға міндетті, ал жедел жәрдем шұғыл жағдайдағы нау­қастармен айналысуы қажет. Кейде­  бригадамен халыққа қызмет көрсетуге үлгере алмай жатамыз. Күн сайын тыным таппайтындықтан, көліктер ескірген. Оны күнделікті жүретін машиналармен салыстыруға болмайды, - дейді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Нұрсейітова.

 

Күн ұясына батқанымен, шақыртулар толастар емес. Жедел жәрдем қызметкерлері үшін жұмыстың қызған шағы. Бұл уақытта бригадалар жұмысқа білек сыбана кіріседі. Жедел жәрдем қызметкерлерінің арқасында уақыт құнының алтыннан да қымбат екенін сезіндік. Сіз бен біз үшін күн мен түн деген айырма болса, олар үшін күннің 24 сағаты борыш, міндет, парызбен теңеседі.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 


«ГЕНДЕР – ӘЙЕЛДІ ЖЕҢДІР ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС» PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
13.06.2019 10:17

Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-шараптың соңына түсті, өзгесі амалдап  күн көрді.

Кезінде Қытайдан тауар тасыған адамды ел-жұрт «коммер­сант» дейтін. Нарықтық заман орнағалы бертінде біздің елде «кәсіпкер әйел» немесе «бизнес леди» деген ұғым пайда болды. Біз айтып отырған «бизнес ледилердің» дені – тоқыраудан аман өтіп, кәсібі өрге домалаған «коммерсант» келіншектер. Бір ағамыз «қазір байға да, ГАИ-ға да бағынбайтын әйелдер көп»  депті ғой. Сарапшылардың сөзі де мұны растайды. Олардың айтуынша, бизнесте жүрген арулардың дені тұрмыс құрмаған екен. Ал статисикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бизнестегі әйелдердің үлесі 60 пайызға жеткен. Тіпті, біздің  бұрымдылар АҚШ, Германия, Жапония сынды іргелі мемлекеттің әйелдерін артқа тастапты. Бизнеске барып, өмірлік мақсат­тарына қол жеткізген әйелдер қандай? Психологтар сөзінше, кәсібі өрге домалаған кез келген әйелдің еті тірі бо­лад­ы. Табысты әйелдің психологиясы ептеп өзгереді. Тым тәуекелшіл. Ол ақшаға ақша қосу үшін қандай қадамға болса­ да  бара алады екен. Бұл ретте  ер адамның тапқан табы­сын місе тұтпауы мүмкін.

Елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жалпы, гендерлік теңдік деге­ні­міз не? Гендер – бұл ерлер­ мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөл­дерінің жиынтығы. Яғни, ер мен әйел тең құқылы. Әйтсе де, гендер дегеніміз – еркекті әйелге жеңдір деген сөз емес. Осы саясаттың салдары ма, әлде бұдан басқа да фактор­лардың әсері ме, елімізде ажырасу­ жиілеп кетті. Қазақша айтқанда, әйелдер еріне «менің де құқығым бар» деп айта алатын халге жеттік. Мұның соңы ажырасуға әкеп соқтыруда. Айталық, өткен жылы Британияның бе­делді­  басылымы The Econo­mist жарияла­ған соңғы «Әлем статис­тикасында» Қазақстан ажырасудан 10-орында тұр. Мұндағы дерек бойынша, мың адамға шаққанда Қазақстандағы  ажырасу көрсеткіші – 2,7. Бірақ Қазақстан үйлену жағынан да алдыңғы ондықтың ішінде, яғни 9-орын. Мың адам­ға шаққанда үйлену көр­сеткіші де соғұрлым жоғары – 9,7. Ажырасудан бірінші орында 5,3 көрсеткішімен АҚШ иелігіндегі Гуам аралы тұр.  4,7 көрсеткішімен Ресей – екінші, 4,1 көрсеткішімен Бела­русь – үшінші орында. Қазақстанның көршісі Қыр­ғызстан бұл тізімде 48-орыннан көрінеді. Бұл елде мың адамға шаққандағы ажырсу көрсеткіші – 1,7. Ал миллиард Қытайда 1,8 пайызды құраған.

Бұған ерін сыйламаған әйел кінәлі ме, сыйлата алмаған еркек­  кінәлі ме?

 

Асан  Дәулет

 


ЖАБЫРҚАҒАН КӨҢІЛГЕ ШУАҚ ШАШҚАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.06.2019 10:10

«Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым иесі барын білдіртеді. Тал көлеңке­сіне құрылған ыңғайлы баспаналарда тыныстап отырған қызмет алушылар өзара әңгіме-дүкен құруда.

Орталық басшысы Жаңабай Жәкеновпен тілдесу барысында біраз жайтқа қанықтық. Кезінде ірі шаруашылықтың тізгінін ұстап, ауылдық округ әкімі, кент әкімінің орынбасары қызметін абыройман атқарған Жаңабай Бекмағанбетұлы – шын мәні­сінде, өз жұмысына тиянақты, өмір жолында мол тәжірибе жинақ­таған басшы. Жәкеңнің қашанда көпшілікпен тіл та­быса білетін дағдысы өзі басқарған мекеменің ісі  алға басуына­ үлесін қосуда.

Мұнан тура үш жыл бұрын мекеме ауласына көркейту және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін об­лыстық­ бюджеттен 26567,0 мың теңге қаржы бөлініп, мекеме ауласына тасжолдар төселіп, бордюр­лар орнатылып, қоршаулар, шартақтар жаңартылып, демал­уға арналған күркелер жасалы­нды. Өткен жыл да табыст­ы болды. Оны емдік шынық­тыру құралдарының жаңар­тылып, велотренажер, жүгіру алаңшасы, эллиптический тренажер, жаттығу қабыр­ғасы тағы басқа заттар алынудан байқау  қиын емес.

«Қазалы  арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімінің шешімімен 100 орындық көлемінде құрылған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына  қарасты  аталмыш орталық «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сету стандарты» бойынша 7 бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Енді «102 қызмет алушы­ әлеуметтік қызмет алатын орталықтың негізгі міндеті не?»  деген сауалға жауап іздесек.

Орталықта 18 жастан асқан қамқорлықты қажет ететін I және II топтағы психикалық ауытқуы бар мүгедек жандарға үй жағ­дайына жақындатылған жасы мен денсаулық жағдайына барын­ша жақын жағдай жаса­лынған. Қазалының жаз айында тәніңді шоқтай қаритын қапырық ауасы мұнда біліне бермейді. Қызмет алушылардың бөлмелері бақылау арқылы кондиционермен салқындатылып, жақсы демалу­ына мүмкіндік қарастырылған. Ал, қыста бөлмелердегі жылу қалыпты температураны сақтайды. Қызмет алушылар үшін күнделікті монша  жағылып, жеке басының гигиеналық тазалықтары, киім-кешектерінің уақытылы ауыстырылуы, моншаға түсуі, тұрмысқа қажетті заттар­дың дұрыс пайдаланылуы жауапты мамандар арқылы күнделікті  қадағаланып  отырады.

- Мұндағы әрбір қызмет алушы­ның қоғамдағы жаңа­лықтар, өзге де хабарлардан құлағдар болуы, кино көруі назарғ­а алынып, әр бөлмеге «Отау ТВ» қосылған қабырға теледид­ары, желдеткіш қойыл­ған. Бекітілген ас мәзіріне сай тәулігіне 5 мезгіл тамақ беріледі. Дәрігердің тағайындауымен қызмет­ алушылар ем-шараларын уақытылы алып, ата-анасы, туған­-туыстарымен кездесіп тұрады. Бұл үшін арнайы даярланған  бөлме  ұйымдастырыл­ған. Мекенжайы, телефон нөмірлері жазылған байланыс журналы апта сайын қадағала­нады. Қызмет алушылардың жақын­дарымен байланыста болуы­ назарға алынған. Орталықта 4 үйірме жұмыс істейді. Қызмет алушылар аудан орта­лығына, қала  сыртына саяхаттап демалуға шығарылады. Мұндағы әрбір жұмысшы-қызметкерлер өз міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Мүгедек жандарға қалтқысыз қызмет ету қажеттілігін біз жақсы сезінеміз. Ғимараттың төменгі қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, электр сымдары жаңартылып, барлық бөлмелердің қабырғалары сы­ла­нып, толық жөндеуден өтуде, - дейді «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік  мекемесінің  директоры  Жаңабай Жәкенов.

Басшының сөзінен жыл басынд­а қызмет алушылардың аудандық  емхана  дәрігерлері­нің қатысуымен түгелдей медициналық байқаудан, барлық сарап­тамалық тексеруден өткізіле­ті­нін, тексеру нәтиже­сінде анықталған науқастар диспансерлік есепке алынып, емдеу-сауықтыру шаралары жасалатынын білгенбіз. Мені орталық дирек­торы  Ж.Жәкеновтің «қызмет алушылардың қатысуымен түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі» дегені­ елең еткізді. Әрі нәтижесіз де емес екен. Өткен жылы «Әлеумет­тік қорғау жүйесі қызмет­керле­рінің күні» мерекесіне орай медициналық-әлеуметтік мекемелер арасында ұйымдастырылған спартакиадада шахмат пен арқан­ тартудан, жеңіл атлетикадан жеңімпаз атанса, волейбол мен үстел теннисінен жүлдегерлер қатарынан табылған екен. Жалпыкоман­далық есепте топ жарып, арнайы дайындалған бағалы сыйлық, кубок, мадақтама иеленіпті.

Тағдыр тезіне мойымаған қайсар жандарға, жабырқаған көңілге шуақ шашқан ақ­халаттыларға біз де сәттілік тілейміз!

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ҰЛЫ ҚАҚПАШЫ – ИКЕР КАСИЛЬЯС PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
13.06.2019 10:00

Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап, жеңіске жетелейді. Футбол әлемінде мұн­дай қақпашылар өте көп. Солардың ішіндегі ерекшесі – Касильяс.

Икер Касильяс Мадрид қаласында қарапа­йым отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Хосе Луис Касильяс білім сала­сында қызмет етсе, анасы Мари­я дель Кармен шаштараз болып­ жұмыс істеді. Икер қарапайым испан балалары сияқты күні бойы көшеде доп қуалап өскен болатын. Икердің футбол әлеміне келуіне әкесінің ықпалы зор болды. 9 жасқа толған кезде әкесі оны «Реал Мадрид» футбол мектебіне береді. Еңбексүйгіштігі мен талантының арқасында «Реал Мадрид Кастилья» жастар клубының барлық талаптарынан мінсіз өтіп, «Реалдың» қосалқы коман­дасына  ауысты.

1999 жылы дел Боске «Реалдың» бас жаттықтырушысы лауазымына тағайындалғаннан кейін, Касильясты бірінші команданың қосалқысына қосып ғана қоймай, сонымен қатар, «Атлетик Бильбаоға» қарсы ойында негізгі голкипер неміс Бодо Иллгнер жарақат алған соң, оның орнын сеніп тапсырды. Бірақ, бұл сенім ақталуы керек еді. Икердің  мойнына  үлкен жауапкершілік  жүктелді. Сол кезде 18 жастағы жасөспірім әлемнің үздік клубының қақпасын қор­ғауына тура келді. Ол өз мүмкін­ді­гін 100%-ға пайдаланып, «Реал» жанкүйерлері мен бапкерлерінің сенімінен шықты. Ал, 2000 жылдың 24 мамырында Икер Ка­сильяс Чемпиондар Лигасынында «Валенс­ия» құрамасына қарсы финал­дық матчына шықты. Сөй­тіп, 19 жастағы бозбала Еуропаның ең үздік додасында өнер көрсетіп, ондағы ең жас қақпашы атанды. Келесі жылы «Реалдың» бірінші нөмірлі қақпашысына айналды. Алайда Икер тез арада формасын жоғалтып, мадридтік «Реалдың» бас қақпашы тізгінін Сесар Санчес қайтарып алды. Осыған қарамастан, 2001-2002 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында «Байер 04» клубына қарсы ойында Икер ардагерді алмас­тырып, өз қалпына қайта келді. Алаңға шыға сала, Касильяс бір­неше тамаша «сэйв» жасап, «Реал Мадридтің» 2:1 есеппен ұтуына көмектесті. Содан бері Касилястың негізгі құрамдағы орны ұзақ жылдар бойы күмән тудырмады. Ол қақпада дұрыс позицияны таңдай­ білді, сондай-ақ кез келген соққыны қайтаруға мүмкіндік береті­н керемет реакцияға ие болды­. 2002-2003 маусымды қақ­пашы қайтадан бірінші нөмір болып, бірде-бір жарақатсыз өткізіп, маусым көрсеткіштері бойынша Чемпиондар Лигасында – 15, ұлттық біріншілікте 38 ойын өткізеді. Сол жылы «Реал» өзіне чемпион атағын қайтарып алады. Королдік клуб сапында Касильяс көптеген трофейлерді жеңіп, клубтың  символы  мен аңызына  айнал­ған бірнеше рекордтарын ор­натты. 2013/2014 маусымында Испани­я Кубогының іріктеуінде және жарыс аясында қарсыластан гол жібермеген. Мұндай рекордқа әлі ешкім жетпеген еді. Ұлы қақпашы  «Реалда» ойнаған он бес жыл ішінде Испанияның бес дүркін чемпионы, Испания Кубогының екі дүр­кін, Испания Суперкубогы­ның төрт дүркін иегері, Чемпиондар Лигасының үш дүркін, Еуропа Супер­кубо­гының екі дүркін, Құр­лықаралық Кубоктың, Клубтар арасындағы  Әлем чемпионатының жеңімпазы  атанды.

Мадридтік «Реалдың» капитаны Икер Касильяс 2015 жылы «Порту» клубына ауысты. Оның «Порту» командасының негізгі қақпашысы болмауы мүмкін емес еді. Касильяс ұлттық құрама намысын 2000/2016 жылдар аралы­ғында қорғады. Ең алғашқы ке­зең­де ол алаңға шықпай, қосалқы құрамда болды. Яғни, негізгі қақпашыны Сантьяго Канисарес атқарды. Алайда мұндай ірі турнирге 19 жыл бойы қатысу – үлкен жетістік. Испания сапындағы дебют­тік ойыны да «Реалмен» болғ­ан жағдай секілді. Яғни, 2002 жылғы әлем чемпионаты баста­лмас бұрын негізгі қақпашы Канисарес футбол тарихындағы ең ауыр жарақаттардың бірін алды. Содан соң «Қызыл Фурия» жат­тық­тырушысы қақпаны қорғауды Касил­ьясқа сеніп тапсырды. Икер өзінің мүмкіншіліктерін пайдаланып, командасын жеңіске жетеледі. Содан бері Касильяс испан командасының баламасыз бірінші нөміріне айналды. 2002 жылдан бастап 2014 жылға дейін Испания құрамасы төрт әлемдік және үш еуропалық біріншілікке қатысқан болатын. «Қызыл Фурия» үшін 2008 және 2012 жылғы Еуропа чемпионаттары мен 2010 жылғы әлем чемпионаттарында Икер Ка­сильяс өз қақпасын голдан сақтап, чемпион болуға өз үлесін қосты. Жалпы, Касильяс Испания құрамасында 167 матч өткізіп, 95 гол жіберіп алды, ал 73 кездесуін құр­ғақ өткізді. Ол испан футболдағы рекордтарды жаңарта түсті. Чемпиондар Лигасында «құрғақ» ойын­дардың саны бойынша  57 ойын­ға жеткізіп, рекордтар кітапшасын жаңарта түсті. Ұлы қақпашы Испания чемпионаты мен ұлттық кубокта, ел Суперкубо­гында, Чемпиондар Лигасында, УЕФА Суперкубогында, құрлық­аралық Кубокта, клубтық әлем чемпион­атында, сондай-ақ құрама деңгейіндегі Әлем және Еуропа чемпионаттарын жеңген футбол тарихындағы жалғыз футболшы. 2008 жылғы Рикардо Замора жүлдесінің иегері. 2008, 2009, 2010, 2011, 2012 жылдардағы әлемнің үздік қақпашысы. 2010 жылғы әлем чемпионатының «Алтын қолғап­» немесе Лев Яшин атындағы жүлде иеленді.

Футбол тек шабуылшылар мен жартылай қорғаушылардан тұрады деп ойласа, қатты қателеседі. Кереме­т футболшы болу үшін шабуыл­шы болу міндет емес. Барша футбол жанкүйерлері жеңіске жету үшін қақпашының рөлін көрмей ме деген ой келеді. Балалық шақта барлығы шабуылда ойнап­, әдемі гол соғуды арман­дайды. Сондықтан, қақпашы болуға­  адамдар аз барады. Бірақ, Икер қақпада ойнай отырып, үлкен жетіст­іктерге жетіп, өз аты мен елінің даңқын шығаруға болатыны­н  дәлелдеді.

 

Қуандық  ҮСЕНБЕКОВ,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың  магистранты

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары