Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 20 Маусым 2019

КЕНЕ ҚАУІПТІ, АЛ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛЫПТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.06.2019 10:36

Сыр өңірінде кенелердің жұқпалылық деңгейі артқан. Соның салдарынан конго-қырым геморрагиялық қызбасына шалдыққан тұрғынның жағдайы қалыпты деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ә.Мүтәліпқызының айтуынша, 3 науқас ауруханаға жатқызылған. Олар Шиелі ауданының Досбол би елді мекенінде тұрады. Тұрғындардың екеуін егістікте, біреуін мал жайылымында кене шаққан. Бұл үш жағдай маусымның 13-і, 16-сы және 19-ы күндері тіркелген.

- Кене шағу жағдайымен кеше бір науқас тіркелді. Бірақ жағдайы жақсы. Оған конго-қырым геморрагиялық қызбасының болжамды жағдайы деген диагноз қойылды. Бүгінгі күні бақылауға алынып, медициналық ем тағайындалып жатыр. Жалпы, өңірде кенемен күрес шаралары көктем мезгілінде белгіленген жоспарға сай атқарылған болатын, - деді Әлия Мүтәліпқызы.

Мамандар аталмыш ауданда кене шағу өткен жылмен салыстырғанда көбейгенін айтады. Былтыр 45 дерек тіркелсе, биыл оның саны 70-ке жеткен. Аталған індет мамыр, маусым және шілде айларында өршиді.

- Қазір халық бұл қауіпті дерттен хабардар. Кене шақсын-шақпасын, адамдар арнайы орындарған барып, қаралады. Жылдағы залалсыздандыру жұмысы да септігін тигізуде. Шынын айту керек, кенені түбегейлі жоя алмаймыз. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз,-деді Шиелі аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Жұпарбек Әбен.

Айта кетейік, облыста конго-қырым қызбасының қоздырғыштары болып табылатын қолайсыз аймақ ретінде 123 елді мекен анықталған. Осыған орай облыстық бюджеттен 214,0 миллион теңге қаржы бөлінген. Аталған елді мекендерде 488 070 мал басына ( ірі қара 169 104, бас уақ мал 300 458, түйе 17 699, шошқа 812) және көлемі 2 042 998 шаршы метр 32 512 қора мен аумағы 680 048 шаршы метр 1192 суат пен шаңлаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ қосымша Арал ауданында - 3, Қазалыда - 2,  Жалағашта - 1, Шиелі ауданында 4 елді мекенге 205 457 шаршы метр 1405 қора мен суат, шаңлақ залалсыздандыру жұмыстарымен қамтылған.

Құттыбике  Нұрғабыл

 


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 4143 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.06.2019 10:30

Бүгін, 21 маусым күні қызылордалық түлектер ҰБТ тапсыруды бастады, тестілеуге 4143 адам немесе түлектердің 72%-і қатысады.

2018-2019 оқу жылы 5755 оқушы 11-сыныпты бітірген. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша 406 түлек "Алтын белгі", 264 түлек Үздік аттестатқа ие болды (2018 жылы - 320 "Алтын белгі", 215 - Үздік аттестат).

"4143 түлек немесе мектеп бітірушілердің 72%-і алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. 2018 жылмен салыстырғанда қатысу 5%-ке көбейген, яғни былтыр түлектердің 67%-і қатысқан", - деді Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Қызылорда облысында ҰБТ 21-26 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіледі.

"Жыл бойы "Талдысу", "Қамбаш" лагерлерінде барлық түлектер қосымша дайындық курстарынан өтті. Сонымен қатар, ата-аналар мен түлектерге психологиялық тренингтер өткізілді. Барлық тестілеу пункттері бейнебақылау камераларымен, ұялы байланыс сигналын өшіретін құрылғылармен және металл іздегіштермен жабдықталған, әрбір аудиторияға кондиционерлер орнатылған", - деп атап өтті М. Мелдебекова.

Аймақтың 4640 түлегі университеттерге (81%), 1000 түлек колледждерге (17%) түседі деп жоспарлануда. 628 түлек Ресей Федерациясының 4 жоғары оқу орнына түсу емтиханын тапсырды. Бұл Мәскеу ұлттық зерттеу технологиялық университеті "МБжҚИ", Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К. А.Тимирязев атындағы МАША, Мәскеу энергетикалық институты және Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университеті. Емтиханның нәтижесі  шілде айында белгілі болады.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында ҰБТ жылына 4 рет ұйымдастырылады. Қаңтар айында ҰБТ-ға 2392 оқушы (41,5%) қатысып, орташа балл 77 болды. Наурыз айында тестілеуді 4042 (70%) түлек тапсырды, орташа балл 83-ті құрады.

Ұлттық бірыңғай тесттің үшінші кезеңі 21-26 маусымда, ал төртінші кезең 17-20 тамыз аралығында өтеді.

Атап өтейік, білім беру грантына тек үшінші кезеңде (21-26 маусымда) тестілеу тапсырған бітірушілер үміткер бола алады.

ҰБТ нәтижелері тестілеу күні белгілі болады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.

ҰБТ нәтижелерін  @edugovkz_bot  Telegram әлеуметтік желісі арқылы білуге болады. Ол үшін түлектерге өзінің жеке тестілеу нөмірін (АКТ) енгізу қажет.

Апелляцияға өтініш ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Апелляциялық комиссияның отырысына түсуші келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Өтінішті оқушының жеке өзі береді, сонымен қатар пән мен сұрақтарды белгілеп, нақты талаптарын көрсетеді. Өзімен бірге жеке куәлігі мен тестілеуге Рұқсат қағазы болуы керек.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АҚАРЫҚТАҒЫ АУҚЫМДЫ ІС PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.06.2019 10:20

«Су – тіршілік көзі». Су арнасын күтіп-ұстау – шынайы жанашырлық, ұқыптылықтың нышаны. Бұл тұрғыда Қазалыда ілкімді істер атқарылуда. Соның бір көрінісін кент орталығындағы Ақарық арнасынан кездестіруге болады. Бүгінгі таңда Әйтеке би кентіндегі «Ақарық» каналының арнасын бетондау жұмыстары қарқын алуда.

Құрылыс басында Мнажадин Өтеев басшылық жасайтын «Сыр маржаны» ЖШС-нің жұмысшылары қызу жұмыс жүргізуде. Нақты кезеңде жұмысшылар су өткізгіш құбырдың аузын бетондап, бетон плиталарды төсеп жатыр. Бұған дейін «Ақарық» каналының 3 шақырымын бетонмен қаптауға Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, ұсынылған болатын. Қазіргі таңда 1,5 шақырым болатын ұзындықты бетонмен қаптауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары