Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Жұма, 21 Маусым 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "НҰРЛЫ ЖЕР" АЯСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.06.2019 14:10

Бүгін Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 40 пәтерлі үйдің іргетасы қаланды, бұл – сол жағалауда салынатын 3 жаңа шағын ауданның алғашқы көпқабатты үйі.

«Бүгін біз сол жағалаудағы жаңа үш шағын ауданның алғашқы үйін салуға кірісудеміз. Бұған дейін салынған шағын ауданның 70 пайызға жуық пәтер иесі қоныстанып үлгерді, жыл соңына дейін мұнда 2466 пәтерлік 53 үй салынады. Жалпы, соңғы 6 жылда аймақта 361 көпқабатты үй немесе 7000 пәтер салынды. Оның ішінде 600 астам пәтерді бұрынғы апатты үйлердің тұрғындары алды. Қызылорда облысы – апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесін толық шешкен Қазақстандағы бірден-бір аймақ»,-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

"Қызылорда облысында жыл сайын құрылыс жұмыстарының көлемі артып келеді. Соңғы 5 жылың өзінде облыс орталығында 4 мың пәтерлік 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілді. Бұл  - қызылордалықтардың әл-ауқатының өсіп жатқанының дәлелі. Алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен 320 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 орындық емхана салу жоспарлануда", - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорданың сол жағалауындағы құрылыс 2016 жылы басталған еді. Өткен жылы сол жағалаудағы жаңа қалада жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынған 14 көпқабатты тұрғын үй, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" орталығы мен 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ал биыл "Болашақ" университеті кампусы мен Жастар орталығының құрылысы аяқталды.

Соңғы 6 жылда өңірде 3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынған.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары