Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 24 Маусым 2019

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.06.2019 11:30

Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қабылдауына 5 азамат жазылған.

Аймақ басшысы қоғамдық қабылдауға келгендердің сұрақтары мен мәселелерін тыңдап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Мәселен, қала тұрғыны, 2-топтағы мүгедек Бақытбек Бекбасаров өзі тұратын Н.Ергешбаев көшесі маңынан балалар футбол алаңын салу жөнінде өтініш білдірді. Қала әкімі орынбасарының ақпараты бойынша, 1-санаттағы алаң құрылысына ақшалай қаражат бөлінген, қазір мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Содан кейін алаң салынатын болады.

Қармақшы ауданы, Жосалы кенті тұрғыны, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының түлегі, жалғызбасты ана Арайлым Бисемұратова жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Облыс әкімі Арайлымды келесі оқу жылында жұмысқа орналастыруды аудан әкіміне тапсырды.

Қала маңындағы Қызылжарма ауылының тұрғыны, зейнеткер Зибагүл Дүйсенбаева бірнеше жыл бұрын арықтарына аяқ су жақсы келіп тұрғанын, қазіргі таңда, үлкен арық қоқысқа толы болу себебінен аяқ су келмейтінін және жол, көшені жарықпен қамтамасыз ету мәселесін шешіп беруге ықпал жасалуын сұрады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, ауылды суармалы сумен қамтамасыз ететін "Хозцентр" каналы көтеріліп, сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілетін болады. Басқа да коммуникацияларға келер болсақ, Қызылорда қаласының Бас жоспарына сәйкес, Қызылжарма ауылдық округінің 3, 4 шағын ауданы қала құрамына енгізіліп, тұрғындардың коммуналдық мәселелері кезең-кезеңімен  шешімін табады.

Ақай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Қыпшақбайұлы Төретам және Ақай елді мекендеріне табиғи газ жүргізу бойынша өтінішін жеткізді.

Газ жүргізуге қаражат жыл соңына дейін бөлінетін болады, қазір көгілдір отынмен жабдықтау бойынша жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Сонымен қатар, Шиелі ауданының тұрғыны, 6 баланың анасы Индира Нұртаева аймақ басшысының  қабылдауында болды. Оның 2003 жылы дүниеге келген қызы Талшыннан энцефалопатия, аденома гипофиз анықталған. Оны емдеуге квота қажет, алайда бірінші жартыжылдыққа бөлінген тегін емделуге арналған квота біткен. Аймақ басшысы бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінде ерекше тәртіппен шешім табатынын атап өтті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


МҰРАТБАЕВТАҒЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.06.2019 10:10

«Ауылына қарап, азаматын таны». Жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев атындағы ауылда көпшіліктің демеушілігімен өткізілген «Ауыл күні» мұндағы қабырғалы қауымның ауызбіршілігі жоғары екенін тағы да дәлелдеді.

Ауыл орталығындағы саябақ маңында қаз-қатар тізілген жеңіл көліктер мен иін тірескен адамдар шоғыры той болып жатқанын айтқызбай сездіргендей. Көше төріне тігілген аппақ қардай ауқымды палатка жақтан жеткен тағамның дәмді иісі араныңды ашып, көкке шарықтаған әсем әуен жаныңды баурайды. Мұнтаздай брусчатка төселіп, әсем гүлдері самалмен тербелген, жасыл желегі күн аптабының пәтін қайтарған саябақтың дәл төріндегі Ғани Мұратбаевтың ескерткішіне қойылған гүл шоғы елім деп еміренген тұлғаның есімі мәңгі өшпейтіндігін жадымызға түсірді. Көкке шапшыған субұрқақтың мөлдір тамшыларына алақандарын тосып, мәре-сәре болған балалардың шат күлкісін көргенде бейбіт заманның тыныштығы бұзылмауын тіледік.

«Ауыл күні» Ғани Мұратбаевқа арналған аудандық жас ақындар мүшәйрасымен ашылды. Өзінің құттықтау сөзінде Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағанов аталмыш шараның маңыздылығына кең көлемде тоқталды. Мұнан соң ауыл тіршілігіне белсене араласып жүргендер марапат төрінен табылды.

Ел ағалары, ардагерлер, тұрғындардың көрермен ретінде тапжылмай отырып тамашалауы кент, қалаға қоса, шалғай ауылдардан ат арытып жеткен мүшәйраға қатысушы ақындардың шабытына құлшыныс қосқандай. Өзінің келте ғұмырында ғасырға татитындай игілікті істер атқарған Ғани Мұратбайұлына арналып жастар арасында жазба ақындар мүшәйрасын өткізу кездейсоқтық емес. Шара астарында «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өшпейтұғын соңында із қалдырған» деген тұжырым жатыр.

Жыр қамшысын жасындай сермеген ақындар мүшәйрасына ауыл түлегі, марқұм Берік Ерәділовтің жары Мира Ерімбетова демеуші болып, танымал ақын Ақжол Түменбай, «Қазалы» газетінің тілшісі, ақын Ринат Әбдіхалық, аудандық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Мағрипа Елдесбай, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ж.Айдарбекұлы қазылық жасағанын атап кетсек. Ақындар мүшәйрасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлықтар иеленді.

Мерекеде спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама жұртшылық назарына ұсынылды. Кең жайылған дастарқан басында Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Бурабай Рахметов, ауылдың ардақты анасы Алтынай Алдабергенова ақ тілектерін білдіріп, еңбек ардагері Сақыбай Нармағанбетов ақсақал бата берді.

«Ауыл күні» келесі тәулікте «Әбдіраман төбедегі» ат бәйгесіне ұласты. Желмен жарысқан жүйріктер көрермендердің делебесін қоздырып, көгалды төбенің апшысын қуырғандай әсер қалдырды. «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады». Аттары бәйгеде топтан озғандар да арнайы дайындалған жүлделерді еншіледі.

Әрбір істің басы-қасында жүретін жанашырлар болатыны белгілі. Мұратбаевтағы мерейлі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне тұрғындар мен ауылдан түлеп ұшқан перзенттер демеушілік көрсетіп, ауылдық округ әкімі Абай Рыстығұл мен мәдениет үйінің директоры Фариза Құлмырзаеваның ерекше еңбек сіңіргенін атап өтсек.

Жұмабек  Табынбаев,

Мұратбаев  ауылы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС АРХИТЕКТОРЫНА СӨГІС БЕРІЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.06.2019 17:02

Кәсіпкерді беймезгіл уақытта мазалағаны үшін Қызылорданың бас архитекторының тәртіптік ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

Әдеп кеңесінің хатшылығына облыстық кәсіпкерлер палатасынан Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының іс-әрекетіне байланысты жолданған хат негізінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді.

«Тергеп-тексеру нәтижесімен, Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов кәсіпкер Н.Бакеевтің жұбайына түнгі сағат 23:15-те хабарласып, кәсіпкердің құрылысы жүріп жатқан дүкеніне келуін және құрылыс басына барған кезде құрылыстың қоршауын алып тастауын талап еткендігі анықталды», - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Сәкен Жұмаев.

Кеңес мүшелері тәртіптік істі жан-жақты қарап, ҚР Әдеп кодексінде көзделген мінез-құлықтың жалпы стандарттарының бұзылуына жол бергені үшін бөлім басшысы Ж.Ержановқа «сөгіс» тәртіптік жазасын көру туралы Қызылорда қаласының әкіміне ұсыныс берді.

 

Б.Әбдіқадыров

 


КЕНЕДЕН КЕЛГЕН КЕСЕЛДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.06.2019 14:18

Бүгін облыстағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында шұғыл брифинг өтті.

Оған Қызылорда облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Байменова Ғалия Әбсадыққызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Әпетов Ерсұлтан Амантайұлы және облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Шаменов Асылбек Өмірбекұлы қатысты.

«Қазіргі таңда екі жағдайға байланысты ақпарат берейін. Біріншісі Тасбөгет кенті, Сабалақ елді мекен тұрғыны, 85 жылы туған Е.Р. облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 22 маусымда түсіп, 23 маусым күні қайтыс болған. Бұл науқастың диагнозы КҚГҚ ықтималды болжамды жағдайы болған. Тиісті зертханалық тексерулер жүргізілуде, диагнозы толық нақтыланған жоқ. Екінші жағдайға тоқталсам, Шиелі ауданы, Досбол би ауылының тұрғыны, 1990 жылғы туған Р.М. 15 маусымда Шиелі ауданының ауруханасына түсіп, 24 маусым қайтыс болған. Диагнозы КҚГҚ бойынша нақтыланған жағдай. Науқасқа тиісті емнің барлығы көрсетілген», - деді Ғ. Байменова.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметовтің айтуынша, науқастарға дер кезінде тиісті медициналық алгоритмге байланысты емдік клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеулер мен тексерулер тағайындалып, қажетті көмек, шаралар көрсетілген.

Брифинг барысында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е. Әпетов эпидемиологиялық маусымда жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

«2019 жылдың эпидемиологиялық маусымына аталған аурудан 123 елді мекен қолайсыз болып анықталған. Барлық аудандар мен Қызылорда қаласында басқарма мамандары қолайсыз елді мекендерде мал қораларының механикалық тазалануына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізді. 2019 жылдың көктемгі эпидмаусымында қолайсыз елді мекендерде мүгедек, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға мал қораларының механикалық тазалануына арнайы техникалармен және асар әдісімен көмек көрсетілді»,- деп атап өтті облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е. Әпетов.

 

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.06.2019 14:14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бұйрығымен Темірбеков Рашид Темірбекұлы Қызылорда облысының экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Р.Темірбеков 1976 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары прокуратура және мемлекеттік кірістер органдарында жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінде басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.06.2019 14:05

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы тағайындалды.

Б.Ахмет 1979 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Көлік қызметі» мекемесінің инженері ретінде бастаған.

2003-2007 жылдары – Қызылорда қаласының әкімдігінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.

2007-2015 жылдары – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


Арыстағы апат: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.06.2019 12:25

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыстағы жарылыстарға қатысты мәлімдеме жасады.

“24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шықты.

Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде “Қауырт желісі” жұмыс істейді – тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары