Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 25 Маусым 2019

АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА ЖАНЫНАН COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.06.2019 10:10

Кеше аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Мәдениет ауылдық округіндегі кітапхана жанынан Coworking орталығының ашылу рәсімі өтті.

-  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай «COWORKING» - орталық ретінде жасақтау қолға алынды. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Былтырғы жылы осы мақсатта аудандық кітапхана жанынан жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қаралып, «Коворкинг» орталығы ашылған болатын. Биылғы жылы Мәдениет және Аққұм ауылдық кітапханаларында Coworking орталығы жабдықталып, пайдалануға берілгелі отыр, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Ашылу рәсімінде Мәдениет ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ердулла Рахметов сөз алып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Мәдениет елді мекенінен шыққан ақын-жазушылар кітаптарының фото-көрмесімен, Book cafe жұмысымен, орталықтың жұмысымен танысқан қонақтар Bookcrossing кітап алмасу акциясына қатысты.

Айта кету керек, биылғы жылы аудандық орталық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 47126,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 5825,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ,  биылғы жылы жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қаржы бөлініп, 6 елді мекенде  «Көше кітапханаларын» ашу көзделуде.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


«ЖАЛАҒАШ ЖАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНЕ – 85 ЖЫЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.06.2019 09:55

Сонау 1934 жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылым ауданның бас газетіне айналды. Өз тарихында «Колхозшы», «Күрішшілер», «Коммунизм үшін», «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» аталып келген газет 1993 жылдан бері «Жалағаш жаршысы» болып жарық көріп келеді.

Кеше Жалағаш кентінде 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, сондай-ақ аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің 85 жылдық мерейтойы атап өтілді. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық басылымның мерейтойына орай арнайы қабырға ашылып, онда газетте әр жылдары басшылық еткен редакторлар, газеттің алғашқы және мерейтойлық номерлері қойылған.

Сонымен қатар, аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді.

- “Жалағаш жаршысы” газеті – аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі. Сондықтан да, “Жалағаш жаршысы” газетінің мерейтойы бүкіл аудан жұртының ортақ қуанышы, ортақ мерекесі деп айтуға болады, - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Салтанатты шарада «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Аманжол Оңғарбаев сала қызметкерлерін, аудан жұртшылығын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Шарада сала ардагерлері және бірқатар қызметкерлер, республикалық, облыстық БАҚ өкілдері, шараға демеушілік жасаған бірқатар азаматтар облыс әкімінің, аудан әкімінің, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының алғысымен марапатталды.

Шара соңы аудандық көркемөнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНА САЛИХИТДИН АЙТБАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.06.2019 09:40

13-25 маусым аралығында Қызылордада Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан шеберлерінің қатысуымен ұйымдастырылған "Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат" атты қылқалам шеберлерінің халықаралық симпозиумы өтті.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев симпозиум қатысушыларын құттықтап, оларға алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, аймақ басшысы көркемсурет галереясына Салихитдин Айтбаевтың аты берілетінін мәлімдеді.

"Қызылорда қаласы - қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың, түбі бір түркі мәдениетінің алтын көмбесі, Қазақ Республикасының тұңғыш астанасы. Бұл жерде сан түрлі өнер туындылары көптеп кездеседі. Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының қоры өнер туындыларына тола берсін!", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі Салихитдин Айтбаевтың жұбайы Ләззат Қожабекованы құттықтады. Өз кезегінде, халықаралық симпозиумның өнертанушы, Қазақстан Республикасы суретшілер кеңесінің хатшысы Жамбыл Нәтбаев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, оған симпозиумға қатысушылардың суретін табыс етті.

Одан кейін келушілер Салихитдин Айтбаевтың шығармашылығына арналған көрмемен танысты.

Айта кетейік, С.Айтбаев (1938-1994) - кескіндемеші, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Оның "Шопандар демалысы", "Бақыт" картиналары қазақ бейнелеу өнеріне ерекше көрініс береді. "Ә.Әлімжанов", "Ана", "Әке", "Шопан", "Абай" портреттерін, ортағасырлық Хиваның сәулет ескерткіштеріне арналған жұмыстар сериясын жазды. С.Айтбаевтың шығармалары Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында және қазіргі заманауи өнер мұражайында сақталуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АРЫСТАҒЫ ОҚИҒАДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.06.2019 14:20

Азық-түлік және басқа да қажетті заттармен автокөліктер Арыс қаласына жолға шықты.

Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөліміндегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысынан 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық және 1,5 тонна сүт түрінде өз көмегін жіберді. Аталмыш күрішпен облыстағы "Абзал и К" ЖК, "Ақтөбе и К" ЖШС, "Абай Дәулет" ЖШС, "Жан Арай" ЖШС, "Ақжарма 2" ШҚ, "Жаңажол" ЖШС, "Ақжарма и К" ФҚ, "Ақмая" ШҚ, "Төңкеріс К" ШҚ, "Сыр маржаны" және "Түгіскен ТШ" ЖШС ауылшаруышылық тауар өндірушілері қамтамасыз етті.

"Бұл - қызылордалықтардың Арыстағы ағайындары үшін бір түн ішінде жинаған гуманитарлық көмегі. Бірақ жұмыс әлі жалғасуда, облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылды, ол зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында Арыс тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды. Алдағы күндері тағы да осындай көмек түрлерін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұл зардап шеккендерді қолдау үшін жиналған қазақ халқының бірлігінің дәлелі", - деді "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың 2000-нан астам мемлекеттік қызметшісі жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудармақ.

Осы оқиғаға байланысты тоқтатылған 5 пойыздың 1200 жолаушысына жәрдем берілді. Оларға ыстық тамақ пен сусындар жеткізіліп, 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жолаушыларды жеткізу пункттеріне тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары