Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Маусым 2019

«БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2019 17:00

17 маусымда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында аталмыш тақырыппен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 10 негізгі бағыттары бойынша дауыстап оқу өткізілді.

Мақсаты – халықтың табысын арттыру мәселесі, азаматтарымыздың өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеуіне жол ашу.

Кітапханашы П.Кошқарова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 10 бағыт бағдарламасын дауыстап оқып, әр бөліміне түсініктеме беріп, оқу залында «Болашаққа қадам» атты тұрақты кітап көрмесімен таныстырды.

ОқырмандарТ.Абилкасымова, М.Амиров, А.Нүрлиевалар ел болашағын баянды ететін  бұл бастамаларды  жүзеге асыруға күллі ел болып ат салысуымыз керек деп сенімдерін білдірді.

Пернегүл Қошқарова,

арнаулы кітапхананың кітапханашысы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚҚА ИЕ БОЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2019 15:40

Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық Burabike Fest VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициарлар тізіміне енгізілді. Фестиваль ұйымдастырушылары орталыққа гипотермияны емдеуге арналған аппарат сатып алуды жоспарлап отыр.

Burabike Fest 2019 VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі 2019 жылдың 24-25 тамызында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өтеді. Фестиваль ұйымдастырушылары - Ақмола облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорымен бірлескен Rixos Borovoе қонақүйі.

Дәстүрлі түрде төлемнен, демеушілік жарналардан, сондай-ақ қайырымдылық аукционынан түскен қаражат Қазақстан аймақтарындағы ауруханалар мен клиникаларға медициналық жабдықтарды сатып алу үшін жұмсалатын болады. Биылғы жылы бес бенефициар таңдалды, оның ішінде Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық та бар.

Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа барып, емдеу мекемесінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында орталықтың құрал-жабдық қажеттіліктері талқыланды.

"Биыл қайырымдылық фестивалінің әлеуетті бенефициарларының бірі болып Қызылорда қаласындағы "Облыстық перинаталдық орталық " шаруашылық жүргізу құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңдалды. Олар гипотермияны  емдеуге арналған құны 12 000 000 теңге болатын аппаратты алып беру жайлы өтініш білдірген болатын. Бұған дейін 2014 жылы перинаталдық орталыққа өкпеге  жасанды дем беруге арналған  2 аппарат берілді", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Burabike Fest жыл сайынғы қайырымдылық фестивалін өткізудің мақсаты — балалардың физикалық денсаулығын нығайтуға және ҚР азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған қайырымдылық жобаларын қаржыландыру және іске асыру үшін қаражат жинау. Фестиваль аясында 6 жыл ішінде 700 млн. теңгеге жуық қаражат жиналды. Жиналған қаржыға балалар медициналық мекемелеріне, перинаталдық және оңалту орталықтарына, балалар үйлеріне құрал-жабдықтар сыйға тартылды. 2018 жылы фестивальде 205 млн. теңге қаражат жиналып,  Мерке (Жамбыл облысы), Тимирязев (Солтүстік Қазақстан облысы), Панфилов (Алматы облысы), Алакөл (Алматы облысы), Ағадыр (Қарағанды облысы) медициналық мекемелеріне медициналық және оңалту жабдықтары сатып алынды.

Burabike Fest 2019 алғаш рет екі күндік іс-шара ретінде өткізіледі. Бағдарлама аясында веложарыс, open-air-қазақстандық орындаушылардың концерті, теннис турнирі, мастер-класстар, пикник, кешкі және күндізгі аукциондар ұйымдастырылады. Burabike Fest 2019 фестиваліне  burabike.kz сайтында тіркелесіз. Шараға  кез-келген адам қатыса алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2019 14:10

Бүгінгі күні облыста 5118 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 85 пайыздан астамы тұрақты түрде жұмыс істесе, оларда 93 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов айтты.

Оның айтуынша, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында былтыр әртүрлі қаржы көздерінен 32 млрд теңге тартылса, оның 3 млрд теңгесі стартап жобаларға бағытталған көрінеді. Биыл өңірде бизнесті өрістету үшін 34 млрд теңге қаралыпты.

– Оның ішінде, 5 млрд теңге мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Сонымен қатар облыста 2013 жылдан бері «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беру жүргізілуде. Айта кететін жайт, кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басымдық берілетін болады.

– Бағдарлама талаптарына сәйкес жобаны іске асыру үшін сұралатын грант қаржының 10 пайызы мөлшерінде өзінің үлесін қосуы немесе кәсіпкер қаржылай немесе жылжымайтын/жылжымалы мүлікпен қатысып, міндетті түрде жұмыс орнын құруы қажет, - деді басқарма басшысы.

Қайтарымсыз грантты алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негізде білім алуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, оқудан өткендігі жөнінде сертификат 2 жыл мерзімге ғана жарамды.

Қазіргі таңда мемлекеттік гранттар беру конкурсы бойынша облыста 381 кәсіпкер жалпы құны 398 млн теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болған. Мәселен, 2013 жылы бұған 14 жоба ғана ұсынылса, 2018 жылы 222 жоба мақұлданыпты. Гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау 10 маусымнан басталып, 21 маусымға дейін жалғасады. Оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 31 млн теңге, «Жастар жылы» аясында 21 млн теңге жас кәсіпкерлерге қаралған.

Баспасөз брифингі барысында Қызылорда кәсіпкерлер ассоциациясының президенті, конкурстық комиссия төрағасы Мырзағали Ермаханов:

– Құжаттарды қабылдау рәсімдері аяқталған соң конкурстық комиссия отырысы өтеді. Оның құрамында атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және ғылыми-білім беру мекемелері мен БАҚ өкілдері бар. Егер оң шешім қабылданса, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Даму» қоры және кәсіпкер арасында үшжақты келісімшарт жасалады, - деп атап өтті.

Мамандардың сөзінше, өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және салықтық базаның ұлғаюына ықпал етпек.

Халық-хабар

 


«ЖАҚАЕВ ІЗБАСАРЛАРЫ» - ЕҢБЕК ОҚЫТУ ЛАГЕРІНДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2019 12:38

Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округінде «Жастар ауылға» ұранымен еңбек оқыту лагері өтті.

Лагерь мақсаты белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, елжандылыққа баулуға, жастардың арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға және болашақ жас мамандарды ауылға жұмысқа шақыруға бағытталған.Бұл жолғы лагерьдің ерекшелігі жастар егістік басында қос тікті.

Биыл Қармақшы ауданында «Бизнес Періште» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі мақсаты - үлкен бизнес өкілдерінің кәсіп ашуға ниетті жастарға консультациялық, ресурстық көмек көрсетету және кеңес беруі.

«Жаңатұрмыс» ШҚ-на қарасты Иіркөл ауылдық округінің аумағынан 5 гектар егін шаруашылығына қолайлы жерге түрлі дәнді-дақылдар мен көкөніс өнімдерін егемін деуші жұмыссыздарға жағдай жасалды.

Егістік алқабында 7 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылуда. Егістік алқаптың жыртылып қарықталуы, суарылуы «Дәуіт» ШҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылады.

Егістік алқабындағы барлық ұйымдастыру жұмыстары аудандық жастар ресурстық орталығының жауапкершілігінде болады.

Күздегі өнімдерді нарықта сұранысқа сай болуын және сатылымдар мен жәрмеңкелер ұйымдастыру аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді.

«Жақаев ізбасарлары» осы аталған «Бизнес-Періште» пилоттық жобасының қатысушыларына көмек көрсетті.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлер палатасына 5 айда құқығын қорғауды сұраған 168 өтініш түскен PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2019 12:25

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша кәсіпкерлердің ІІІ облыстық форумында айтты.

Палата басшысы 2018 жылы «Атамекен» мен Агенттік арасында қабылданған Өзара ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы аясында 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілгендігін жеткізді.

Атап өту қажет, Жол картасы кәсіпкерлер үшін болуы мүмкін жемқорлық тәуекелдері мен проблемаларды анықтап, нақты оны жоюға бағытталған.

Жол картасы аясында жүргізілген талдау бес бағытта ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, табиғи монополияларды реттеу, экология, техникалық реттеу салаларында жүргізіліп, әрбір салада негізгі түрлі тәуекелдер анықталды.

Ауыл шаруашылығы саласында ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес емес тауарларға рұқсат беруде, сәулет-құрылыс саласында  құрылысқа лицензия беру, жер саласында  жер учаскесіне жалдау құқығын беруде анықталды.

Техникалық реттеу саласында ұлттық техникалық регалменттерді әзірлеу үшін тапсырыстарды бөлуде және тауардың сәйкестілігін растайтын сынақ лабораториялары мен аккредитациядан өткен ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу бойынша біршама тәуекелдер белгілі болды.

Ал, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласында, негізінен, бұл талаптарды бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда анықталса, экология саласында өндірістік экологиялық бақылау жүргізу мен аудит өткізу барысында келтірілген экологиялық шығын көлемін төмен көрсету мүмкіндігі ретінде орын алатыны белгілі болды.

«Атқарылған жұмыстардың жемісін нақты мысалдармен келтіретін болсақ, Агенттікпен бірге берілген ұсыныстардың нәтижесінде мемлекеттік экологиялық сараптама жасау мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру қызмет түрлері біріктірілді. Осының арқасында кәсіпкер бұрынғы шығындайтын 150 күн орнына мерзім 45 күнге дейін қысқарды. Табиғат пайдаланушылар үшін «Е-лицензия» порталында кемшіліктерді түзеп рұқсат алуға қайта құжат өткізу мүмкіндігі жасалды», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Палатаға жыл сайын құқығын қорғауды сұрап өтініш білдірушілердің саны артқандығын да айтып өтті.

2018 жылдың 5 айында Палатаға бизнесті қорғау бойынша 137 өтініш түссе, осы жылдың 5 айында 168 өтініш тіркелген, яғни көрсеткіш 18 пайызға артқан.

«Бұл, әрине, Палатаға деген кәсіпкерлердің сенімі артқандығын білдіреді. Дегенмен, өтініштер санының артуы бір жағынан біз үшін сигнал, яғни бизнес өкілдеріне жұмыс жасауға әлі де кедергі жасаушылардың көп екендігін көрсетеді», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Өтініштердің құрылымына жасалған талдау мынаны көрсетіп отыр. 2018 жылдың 5 айында түскен өтініштердің 17 пайызы сатып алуларға, 13 пайызы жер мәселесі, 10 пайызы сәулет, құрылыс салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келеді. Осы жылы түскен өтініштердің басым бөлігі сәулет, құрылыс салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты болып отыр.

Аталмыш мәселелерді шешуде Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес айтарлықтай себепші болуда. Осы жылы кеңестің 5 отырысы өткізіліп, 6 кәсіпкердің мәселесі оң шешілген.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қызылордада «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2019 09:25

СЫРБОЙЫЛЫҚ "НҰРОТАНДЫҚТАР" ЕЛБАСЫНА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

Кеше Қызылордада "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

"Қашанда Сыр еліне көңілі ерекше Елбасы бұл жолы да халықтың талап-тілегіне, біздің ұсынысымызға өз қолдауын білдірді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Тұңғыш Президентімізге аймаққа жасаған айрықша қамқорлығы үшін облыс жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз және нәтижелі еңбекпен лайықты жауап береміз", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы зор міндеттер мен ауқымды жұмыстарды атқаруды жүктейтінін мәлімдеп, бұл міндеттерді жүзеге асыруға әлеуетеміз бен мүмкіндіктердің жететінін және оған қажетті алғышарттардың да бар екендігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған еді.

"Кеңес отырысының нәтижесімен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары әзірленіп, Үкімет бұл қаулыны бекітіп, аймақтың дамуына келесі 3 жылға қосымша 219 млрд. теңге қаржы бөлінді", - деді облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев.

 

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде көпбалалы отбасыларды қолдауды партиялық бақылауға алуды тапсырды.

"Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдерімен бірлесіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау шараларын ұсыну үшін 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік Әлеуметтік жол картасын жүзеге асыру қамтамасыз етілсін және атқарылуына партиялық бақылау күшейтілсін", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заңсыз төленген қаржы анықталса, бюджетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

 

ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРУІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев аз қамтылған отбасылардың балаларына ыстық тамақ пен қоғамдық көліктерде тегін жол жүрулерін ұйымдастыруды тапсырды.

"Облыстық білім басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен және қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүруін ұйымдастыруды тапсырамын. Сонымен қатар, мектептегі асханаларды талапқа сәйкестендіру, тамақтану сапасын көтеру бойынша жұмысты жеделдету қажет»,- деп атап өтті облыс әкімі партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

 

Қ. КӨШЕРБАЕВ: «ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ШАҒЫМДАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН»

"Nur Otan"  партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев тұрғындардан келіп түскен сұрақтардың мұқият қаралуын және орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

"Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды жергілікті атқарушы органдар тыңғылықты қарап, оның орындалуын және мәселенің шешілуін қатаң бақылауға алсын. Арыз-шағымдардың орындалу барысы туралы тоқсан сайын талдау жасап, қорытындысын баяндап отырыңыздар", - деді Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы лауазымды тұлғалардың өтініштерді қарау мәселесінде жауапкершілік танытуларын ерекше атап өтті.

"Сырғытпа жауаптар мен сөзбұйдалыққа салған қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі, қажет болса партиядан шығару және қызметтен босату мәселесіне дейін қаралатынын қатаң ескертемін!", - деді облыс әкімі.

 

БАСШЫЛАР ӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ҮШІН ТІКЕЛЕЙ ЖАУАП БЕРЕДІ

Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында басшы қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық әрекеттері үшін тікелей жауап беретіні туралы еске салды.

"Президент қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлықпен айыпталып, қылмысы дәлелденетін болса, оған тікелей басшы жауап беретінін айтты. Осы ұдайы естеріңізде болсын!",- деді облыс әкімі партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Осыған байланысты аймақ басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейтуге бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізуді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес жұмысын жандандыру мақсатында қосымша ұсыныстар беруді тапсырды.

 

БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев билік органдарының қызметіне бақылау жасаудағы партияның шешуші рөлін атап өтті.

"Билік партиясы, ең бірінші, биліктің қызметіне сын көзбен қарауы тиіс, уақытылы ескертіп, қажет болса тиісті шаралар қабылдауға мұрындық болуы керек!", - деп атап өтті облыс әкімі бүгін Қызылорда қаласында өткен "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі отырысында.

 

«МАСЫЛДЫҚ КӨЗҚАРАСТАН ТҮБЕГЕЙЛІ АРЫЛУ КЕРЕК»

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев қоғамда "масылдыққа" жол берілмеуі маңызды мәселе екенін атап өтті.

"Өкінішке орай, қоғамдағы мына бір келеңсіз көрініс туралы да айтқым келеді. Бүгінде ұсынылған жұмыстан бас тартып, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке қол жайып күн көруді әдет қылған адамдардың қатары азаймай тұр. Бұдан бөлек, өзі несие алып, қарызын қайтаруға келгенде құлықсыздық танытатын да азаматтар бар. Бұл барып тұрған масылдық психология! Мұндай ойды түбегейлі өзгерту керек»,-деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы қоғам, ел дамуына кері әсер ететін кері көзқарастан арылып, ерен еңбек, тынымсыз тіршілік арқылы мемлекеттің өсіп-өркендеуіне атсалысу ­­- әрбір азаматтың адал борышы екендігін атап өтті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЛАМАНЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.06.2019 19:09

Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар Үйінің» ұйымдастыруымен «2019 жыл – Жастар жылы» аясында Сыр сүлейі «Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 160 жыл» толуына орай «Ерлерім сөйле дегесін» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Айтыстың басты мақсаты – Сыр сүлейі, ақын-жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының бар болмысын, шығармашылығын, ерекшелігін жырлап, кестелі сөзбен өрнектеу, жыраудың асыл мұрасын насихаттау.

Жас ақындар айтысына айдынды Аралдан бастап, қарт Қаратауға дейінгі аймақтан 10 жас ақын қатыстырылып, сөз маржанымен айтыстың сан қырлы бояуын қанықтырып, үздік өнер көрсетті.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Сандыбай Піржан /Қызылорда қаласы/, І орынды Төлеген Айқын /Шиелі ауданы/, ІІ орынды Әділбаев Бағдаулет /Қызылорда қаласы/, ІІІ орынды Серіков Еркебұлан /Қармақшы ауданы/  иеленді.

Сонымен бірге белсенді қатысқан айтыскер ақындарға ынталандыру сыйлықтары  мен алғыс  хаттар табысталды.

Қасиетті Қармақшы  өлкесіндегі  жыр  додасында киелі  сөздің  үздік  үлгілерін  танытқан жас ақындарымыз  тыңдарманның  көңілін  жауһар  жырымен  сусындатты.

 

Қармақшы ауданы әкімінің бапасөз қызметі

 


Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 8 жоба мақұлданды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.06.2019 16:50

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов облыс әкімдігінде болған мәжілісте айтты.

Палата басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қызылорда облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Орталық жобалық кеңсе әзірлеген есепке сай ІІ орында тұр.

Бүгінде бағдарлама шеңберінде жалпы құны 12,5 млрд. теңгені құрайтын 116 жоба қаралуда.

Оның ішінде:

-   құны 801,1 млн. құрайтын 8 жоба мақұлданды;

-   құны 2530,0 млн. теңгені құрайтын 23 жоба Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ-р) қарауында;

-  құны 3467,3 млн. теңгені құрайтын 39 жоба - ЕДБ-ге құжаттар жинақтауда;

-  құны 4795,0 млн. теңгеге 10 жоба – идея жағдайында;

- құны 182,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба өз қаражаты есебінен қаржыландырылған.

Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Бағдарлама талаптарын жетілдіру бойынша облыстық жобалық кеңсенің 7 отырысы өткізілсе,  түсіндіру бойынша жұмыс тобы барлық аудандарда болып қайтты. Аталмыш шаралар барысында кәсіпкерлердің айтылған ұсыныстарына байланысты бағдарламаға мынадай өзгерістер енгізілді. Өңдеу саласы бойынша несие төлеу ставкасы 8%-дан 6%-ға төмендеді. Жеңілдетілген несиелік кезең несие алу мерзімінің үштен бір кезеңіне дейін ұзартылды, яғни несие 7 жылға алынса, 2 жыл 1 айға каникул беріледі. Несиелендіру үшін қосымша 23 экономикалық қызмет түрі ұсынылып, 20-сы қолдау тапса, 3-еуімен бүгінгі күнге жұмыс жасалуда (туризм саласы, жоңышқа мен күріш, пластикалық трубалар шығару). Жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешені саласына бағытталуынан «Агронесиелік корпорация» несие берушілер тізіміне енгізілуде», - дейді.

Мұнан өзге, Ғалымбек Жақсылықов облыс әкіміне бағдарлама тетіктерін талқылау барысында қосымша анықталған проблемаларды айтып, бизнес өкілдері тарапынан түскен ұсыныстарды да жеткізді.

Атап айтқанда,

1. Екінші деңгейлі банктер тарапынан айналым қаражатын несиелеуде ұзақ мерзімнің болмауы.

Шешу жолы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы Екінші деңгейлі банктердің жеңілдетілген мерзімін 3 жылға ұзарту.

2. Бағдарлама арқылы стартап жобаларды Екінші деңгейлі банктердің қабылдамауы.

Шешу жолы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы Екінші деңгейлі банктердің стартап жобаларды қаржыландыруы үшін Бағдарламаға өзгеріс енгізу.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарын ҚР АШМ-нің өңірлерді мамандандыру сызбасына бақтар отырғызу бағытын қосу бойынша Министрлікке ұсыныс енгізу.

3. Бағдарламаның ауылшаруашылық бағытында айналым қаражатының субсидиясын көтеру.

Шешу жолы: Негізгі және айналым қаражатын бағдарлама ережесінде 10 пайыздық көлемде субсидиялауды енгізу қажет.

4. Облыстың жергілікті халқының тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттарының басым көпшілігі қам кесектен салынғандығын ескерсек, Екінші деңгейлі банктердің басым көпшілігінің қам кесектен салынған (сырцовый кирпич) жылжымайтын мүлікті кепілдікке алмауы, Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі тежегіш факторы болып отыр.

Шешу жолы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылатын шағын және орта бизнес субъектілерін кедергісіз қаржыландыру мақсатында Екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына (залоговая политика) қам кесектен салынған жылжымайтын мүлікті кепілдікке алу бойынша шектеуге өзгеріс енгізу қажет.

Кәсіпкерлер палатасының директоры осы айтылған мәселелер облыстық Жобалық кеңсе арқылы Орталық Жобалық кеңсеге ұсынылғандығын да жеткізді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.06.2019 16:40

Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Заманымыздың заңғар жазушысы» атты ақпарат сағаты өтті. Онда кітапханашы З.Бисенова Ә.Кекілбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды.

Ә.Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Ә.Кекілбайұлы – еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас тұлға.

Шығармалары туралы пікірлер ортаға салынып, көпшілік кеңінен талқылады. Кеш өте әсерлі өтті.

 

З.Бисенова,

кітапханашы

 


ОҢДАШБАЙДЫҢ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРХАНАСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.06.2019 14:25

Бүгінде Абай ауылының тұрғыны Оңдашбай Өтеміс ашқан қолөнер шеберханасының бұйымдарына сұраныс жоғары. Он саусағы болмаса да қолөнершілікпен айналысатын Оңдашбайдың дайындаған бұйымдары әп-сәтте өтіп кетеді.

Алғашында ауылдастарының ғана тапсырысын орындап жүрген ісмер мемлекеттің қолдауының арқасында кәсібін кеңейтті. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Мемлекет берген қайтарымсыз 900 мың теңгеге күнделікті тұрмыста қолданылатын былғарыдан және маталардан тігілетін бұйымдарды тігуге арналған өндірістік тігін машинасын сатып алды.

– Шеберханамда мәсі, көрпе, жастық, тымақ, жабу, құйысқан, жүген, тоқым, айыл, киіз үй жабдықтары мен басқа да бұйымдарды тігемін. Осы өнерге жастайымнан құмар болғанмын. Көбінесе құлақшын, тымақ тігетінмін. Біраз жыл бұрын қаңтардың қатты аязында далада мал бағып жүріп, аттан құлап қалғанмын. Содан саусақтарым үсіп кетті. Амал жоқ, он саусақты дәрігерлер кесіп тастауға мәжбүр болды. Басыма түскен бұл ауыртпалықтың жаныма батқаны рас. Бірақ аяққа тұру керек болды. Ескі кәсібім тігіншілікті қолға ала бастадым. Шүкір, қазір мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсібімді кеңейтіп жатырмын, – дейді кәсіпкер.

«Еңбек етсең емерсің» дегенді естен шығармайтын Оңдашбай жаз шықса бақша егіп, қорада аз-маз мал ұстайды. Осылайша өзінің төрт баласын асырап, ел қатарлы өмір сүріп жатыр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары