Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2818
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10099
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда25999
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150729


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 01 Шілде 2019

Қызылордада мал терісін сатып алу пункттерінің жабылуы проблемаға айналуда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.07.2019 18:20

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков айтты.

Облыс тұрғындарының 56 проценті ауылдық аймақтарды тұрады деген Палата өкілі олардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары және жеке кәсіпкерлер екендігін айта келе ауыл азаматтарының бүгінгі таңда кездесіп отырған проблемасына тоқталды.

«Өткен жылдан бері проблема болып тұрған мәселелердің бірі – мал терісін сатып алу пункттерінің жабылуы. Осы жылдың ақпан айынан бастап ірі қара малдың өңделмеген терісін 6 айға дейін шетелге шығаруға тыйым салынған. Сол себепті мал терісінің бағасы 10-15 есеге дейін түсіп, көп аудандарда мал терісін сату мүлде тоқтап қалды. Осылайша мал шаруашылығы кәсібіндегі азаматтар қосымша табыстан айырылып, ал ауыл тұрғындары теріні қоқысқа тастап жатыр. Қоқыстағы терілер елді мекеннің экологиялық проблемасын туғызу қаупі де бар», - дейді Жасұлан Серіков.

Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға кедергі келтіріп отырған бұл проблема Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген «Қалпына келтiрiлетiн қағазды, картонды, макулатураны және қалдықтарды, ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» құжатынан кейін туындаған.

Аталмыш құжатта «ірі қара малдың өңделмеген терісін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 4101) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - деп көрсетілген.

Қазір облыстық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратына және  Ауылшаруашылық министрлігіне аталмыш мәселе жөнінде хат жолдап, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді.

Алайда Жасұлан Серіковтың айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың тамыз айында бұл шектеуді 5 жылға дейін созуды жоспарлап отыр екен. Аймақ кәсіпкерлері бұл жаңалыққа алаңдаушылықтарын білдіруде.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.07.2019 17:20

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

«Енді біз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен 98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік» делінген хабарламада.

Жаңа енген өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар  қызметіне өзгерістер енді. 1 шілдеден бастап ондағы ІІМ қызметкерлерін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары алмастырады. Көлікті тіркеуге қою/алу, жүргізуші куәлігіне өтініштерді  корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды да автоЦОН қызметкерлері өткізеді. Өз кезегінде, барлық қабылданған өтініштер ІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетін тиып, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі жылдам көрсетілуіне әсер етуі тиіс.

«Бұл ауқымды өзгерістер мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне оң ықпал етуі тиіс. Корпорациямыздың құзырына өткен міндеттердің өсуі – бізге деген сенімнің артқаны деп білемін», – деп атап өтті өз парақшасында Әсемгүл Балташева.

 


АРАЛДА МӘСЛИХАТТАРДЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.07.2019 12:17

Арал ауданында ұйымдастырылған мәслихаттардың 25 жылдық шарасы одан әрі тағылымды шарамен жалғасын тапты. Халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, өздерінің өкілеттік шеңберінде талай-талай өзекті мәселелерді, қиын түйткілдерді, қордаланып қалған проблемаларды шешуге зор үлес қосып келген халық қалаулылары аудан жастарымен кездесті.

Еркін форматта өткен басқосуға аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Мадинов бастаған бір топ депутаттар және бірқатар облыс пен аудандардан келген қонақтар қатысты. Келелі кездесу барысында алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов халық қалаулыларын ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтап:

- Бүгінгі таңда әр деңгейдегі мәслихаттар халық пен билік арасын берік жалғап, өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған істерді келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды. Осы ретте, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар арасында дәнекерге айналып, оңы мен солы сараланған кесімді шешім шығару, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мүмкіндіктерді мүлт жібермеу бағытында аудандық мәслихат депутаттарының еңбегі ұшан-теңіз,- деп ерекше тоқталып өтті.

Одан әрі кездесуде модераторлық еткен аудандық мәслихат депутаты Ә.Ізбасаров жастарға аталмыш шараның маңызы мен мақсатын түсіндіріп өтті. Шара барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДА ГІР СПОРТЫНАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.07.2019 12:10

Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан Республикасының Мәслихатына биыл 25 жыл толып отыр.

Осы орайда ауданымызда мәслихаттарының 25 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Ауқымды шара гір спортынан жасөспірімдер мен жастар арасында өткізілген аудандық турнирден бастау алды.

Турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен сайысқа бес салмақ дәрежесі бойынша 30 шақты спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша 58 келі салмақ дәрежесінде Б.Жақсылықов, 68 келі салмақ дәрежесінде Н.Сағындықов, 78 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған М.Махамбетов, 85 келі салмақ дәрежесінде Д.Тыныштықбаев және +90 келі салмақ бойынша Қ.Байназаров жүлделі І орынды жеңіп алды. Турнирдің барлық жүлдегерлері Арал аудандық мәслихатының мадақтамасы мен медальдарымен марапатталды.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары