Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 11 Шілде 2019

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.07.2019 09:50

Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Балайым Кесебаева менТарас Хитуов арнайы жұмыс сапарымен Арал ауданында болды.

Депутаттармен бірге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Дәуренбек Мадинов бірқатар нысандарды аралады.

Халық қалаулылары алдымен республикадағы тұз қазу мен оны өндеу бойынша ең iрi кәсiпорын болып табылатын “Аралтұз” АҚ болып, жұмысшылармен кездесті.

«Аралтұз» АҚ тұз өңдеу цехындағы тұзды өңдеу, қаптау, брикеттеу, тубус қорапшаларына салу, полиэтилен пакеттерін шығару жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, ұжым қызметкерлерімен пікірлесіп, өздерін толғандырған мәселелерін бойынша сауалдарына жауап беріп, сәттілік тіледі.

Одан әрі мәжілісмендер  әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен жүздесті. Кездесу барысында депутаттар ең алдымен Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар жөнін таныстырып өтті. Басқосу аясында аудан активі тарапынан Сексеуіл кентінен жаңа мектеп құрылысын салу, Ақбасты елі мекеніне ауызсу жүргізу сынды маңызды мәселелер көтеріліп, аталған мәселелерді оңтайлы шешіп беру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиыннан кейін депутаттар аудандық полиция бөлімі мен жаңадан бой көтерген аудандық сот ғимаратына бас сұғып, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, түстен кейін құрамында 400-ден аса партия мүшесі бар «Барсакелмес» бастауыш партия ұйымымен кездесті.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызмет

 


«ҚАСИЕТТІ ЖОЛ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АРАЛДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.07.2019 09:40

Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Медициналық қызметтің сапасын жақсартып, оның тұрғындарға қолжетімділігін арттыру қашан да маңызды. Осы ретте, қоғам жұмысына белсене ат салысып, игілікті істердің бастаушысы болып, ауқымды қайырымдылық қызметтерді атқару жолында аянбай үлес қосып келе жатқан «Қасиетті жол» оңалту орталығына биыл 5 жыл толып отыр. Атап өту қажет, бұл қордың негізгі күн көріс есебі мемлекеттік бюджет емес, еліміздегі қайырымды жандардың арқасында жүзеге асады.

Аталмыш орталық бүгінге дейін республика көлемінде ілкімді істердің ұйытқысы болып, сал ауруына шалдыққан балаларға қол ұшын беру жолында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келсе, ағымдағы жылдың 8 шілдесінен бастап аталмыш орталық алғашқы рет өз қызметтерін жергілікті жерде қолжетімді ету мақсатында ауданымызға арнайы келген болатын.

Басты мақсат – ең алдымен сал ауруына шалдыққан балаларға сапалы қызмет көрсетіп, қол ұшын беру. Жалпы республика көлемінде церебралды сал ауруына шалдыққан 26 мыңнан астам бала бар болса, Арал ауданы бойынша бұл санатта 82 бала бар.

Мінеки, осы балаларға арнайы аудан кәсіпкерлері мен еріктілердің демеушілігімен «Қасиетті жол» оңалту орталығының білікті мамандары ауданда болып, жеке кәсіпкерлер ерлі-зайыпты Қуаныш Шынжанов пен Мадина Ликерованың «Қуаныш» жаңа медицина орталығының ғимаратында сал ауруына шалдыққан балаларға емдеу шараларын жүргізді.

Аталған оңалту орталығының құрамындағы неврапотолог, реабилитолог, ортопед, дефектолог, емдік дене шынықтыру, логопед - барлығы 14 маман балалармен қатар олардың ата-аналарымен де жұмыс жүргізіп, аудандағы неврапотолог дәрігермен де өзара тәжірибе алмасты.

«Қасиетті жол» оңалту орталығының директоры, Арал ауданының тумасы Айнұр Мырзаханқызының айтуынша, мамандар тобы аудан бойынша жалпы 92 баланы қабылдап, балаларды емдеу, оңалту бағытындағы кеңестерін беріп, одан әрі жұмыс істеу жолдарын да түсіндіріп берген. Сондай-ақ, бұл жұмыстар аяқсыз қалмайтынын, алдағы уақытта да бұл игі бастаманы жалғастыру жоспарларында бар екендігін жеткізді.

Кеше «Қасиетті жол» оңалту орталығы мамандарының жүргізген емдеу курсының қорытынды шарасы өткізілді. Аталған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова қатысып, азаматтық жауапкершілікті жоғары қойған, жаны жайсаң мейірімді жандарға аудан жұртшылығы атынан алғысын жеткізді.

Концерттік бағдарлама барысында балалар ата-аналарымен бірге ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды. «Бұл да емдеу шараларының бір түрі» дейді мамандар. Шара аясында балалардың ата-аналары да өздерінің риясыз пікірлерін білдіріп, орталық мамандарына алғыстарын жаудырып жатты.

Расында, ел ертеңін ойлап, өңіріміздің болашаққа деген сенімін нығайту үшін жомарттық танытып жүрген азаматтар әрдайым халықтың қошеметіне бөлене бермек.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызмет

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ БАЛЫҚ ҚОРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.07.2019 09:30

Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын басқару бағдарламасы аясында бүгін Қызылордада Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР-дағы Атқарушы дирекциясы, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамдық қоры (GIZ)  және Қызылорда облысы әкімдігі арасында "Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдария Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру" жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев GIZ "Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару" бағдарламасының басшысы Каролина Милов пен  Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР-дағы Атқарушы Дирекциясының директоры Болат Бекниязбен кездесіп, Сыр өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге қосқан елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.

" Көкарал бөгетінде балықты қорғау құрылғысының болмауына байланысты жыл сайын балықтар  жаппай қырылуда. Соның салдарынан  2017 жылы 200 тонна балық шабақтарының қырылуы орын алған. Сол себепті "Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдария Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру" жобасы аймағымыз үшін аса маңызды. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да табысты болып, экологиялық жағдайды жақсартуда және аймақ  тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда қажетті нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз", - деп атап өтті Б. Намаев.

Жобаның негізгі мақсаты Солтүстік Арал өңірінің балық қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтау және дамыту, су ресурстарын интеграцияланған басқару принциптерін одан әрі дамыту және тәжірибеге енгізу, су шаруашылығы және бассейндік құрылымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін жасқарту, Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің (шағын бассейндік кеңестерді қоса алғанда) әлеуетін арттыру, қызметін жандандыру, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын жоғарылату  және жоба аясында тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады.

Меморандумға сәйкес,  Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР-дағы Атқарушы дирекциясы балық қорғау қондырғысының жобалық-сметалық құжаттамасын  әзірлейді, Германия қоғамы жобаны қаржыландырумен айналысады, ал облыс әкімдігі жобаны іске асыруды қолдау шараларын және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2019 16:54

Республика бойынша Су шаруашылығы қызметкерлері күні алғаш рет атап өтілуде.

Қызылорда облысында тұңғыш рет Үкіметтің қаулысына сәйкес ресми түрде белгіленген Су шаруашылығы қызметкерлері күні  атап өтілді. Мерекелік шараға Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының делегациялары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтың су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

"Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында, Кіші Арал теңізін сақтап қалдық. Бүгінде күн көрісі ауыл шаруашылығы өндірісіне, яғни суармалы суға тікелей байланысты ауылдағы ағайынның арман-тілегін орындау мақсатында су тапшылығының алдын алу үшін облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыста 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Соңғы 4 жылда ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 60 су ұңғымасы іске қосылды. Облыс орталығы – Қызылорда қаласы 2015 жылдан бастап толығымен жерасты су қорын пайдалануға көшті",-деді аймақ басшысының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында қабылданған Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласы, оның ішінде су шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар жобаларды іске асыру қарастырылған. Атап айтқанда, Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар.

Сондай-ақ, Қызылорда су торабын кешенді жөндеу көзделген, нәтижесінде оның апаттылық мәселесі шешілетін болады.

Бұдан басқа, Кешенді жоспар аясында "Қүміскеткен" және "Қараөзек" су қоймалары салынады, бұл суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға және суармалы су қорының 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді.

2018 жылы елдімекендерді сумен қамтамасыз ету және көлдерді суландыру үшін облыстық бюджеттен 426,8 млн. теңге бөлінді, 6 канал (Арал ауданы Ақирек ауылындағы "Басықара" каналы, Бөген ауылындағы "Балғабай", "Бекетай", "Стан"каналдары, Райым ауылдық округіндегі "Бесжарма", Қармақшы ауданындағы "Балажарма" каналы) тазартылып, (Қызылорда қаласының Бірқазан мен Талсуат ауылдық округтері,  Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық округіне) 3 сорғы құрылғылары алынды. Соның нәтижесінде, елдімекендер суармалы сумен қамтамасыз етілген, 180 га көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге, Арал ауданының Тұщы-1, Тұщы-2, Қаракөл көлдерін суландыруға  мүмкіндік туды.

Мемлекет басшысының суармалы жерлерді айналымға енгізу және қалпына келтіру туралы тапсырмасына сәйкес облыста жалпы құны 164,2 млрд.теңге болатын 3 жобаны іске асыру бойынша 158 мың га суармалы жерді қалпына келтіру, 29 мың га пайдаланылмайтын жерді айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Үкіметтің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №904 қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тағы 96 мың гектар жерді айналымға енгізу жоспарлануда. Жалпы, суармалы жерлердің көлемін 300 мың гектарға жеткізу міндеті қойылған.

Шара барысында бірқатар ардагерлер мен су шаруашылығы қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ,  Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы экс-министрі Нариман Қыпшақбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫРДЫҢ СЕНІМДІ СЕРПІЛІСІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
11.07.2019 16:51

САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

 

Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жоба, тың бастама керек болғандықтан, көк­жиекке көз тастай бастады. Шетелдік  тәжірибелерге  сүйе­ніп, ғалымдардың кеңесімен түрлі жобалар мен стратегияларды қабылдауға тырысты. Оның үстіне өздеріңізге де белгілі, ел болып еңсеміз бір­ден тіктеле қойған жоқ. Эко­номикамыз сауықтыруды қажет етті. Дағдарыс дегеннің не екенін ежелден сезініп келе жатқан қазақ халқы бұл жолы әлеуметтік-экономикалық қысылтаяң шақтың куәгеріне айналды.

Десек те, ол күн­дер­ді өткеннің елесіне айнал­дырып, демократия мен азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін тер төкті. Сөйтіп, еліміз геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы  мүшесі ретінде лайықты орын алды. Саяси және эконо­микалық әріптестік аясында сызылған шеңбер әлем елдерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Бертін келе түрлі стратегиялық мақсаттағы құжаттар қабылданып, тұрақты экономикалық өрлеуге ұмтылдық. Соның нәтижесінде еліміздің әр өңірінде нарықтық экономиканың іргесі қаланып ғана қойған жоқ, халық игілігі үшін ішкі ресурстары мен әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Өндіріс ауқымы ұлғайды, ауыл шаруашылы­ғына тың серпін бе­рет­ін жобалар кірік­тіріліп, экономикалық сектор жаңаша сипатқа ие болды. Солардың қатарында кезінде аграрлы аймақ атанған, қазір аграрлы-индустриалдық аймақ статусына ие Қызылорда об­лысы  да  бар.

Бұған дейін облыс бюджеті «қара алтынның» құнымен толығып отыратын. Жер қойнауындағы басты байлығы­мыздың көлемінің азаюы әлемдік экономика тұрақтылығына да септігін тигі­зіп отырғаны рас. Десек­ те, аймақта мұнай қорының азаюына байланысты шикізатқа тәуел­діліктен арылып, құрылыс көлемін арттыр­у және жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында өңір экономикасын әртараптандыруды көздейтін 2020 жыл­ға дейінгі даму бағдарламасы  әзірленді.

 

ТӨРТ   ЖОБА  ІСКЕ   ҚОСЫЛАДЫ

 

Аймақ өңдеу өнеркәсібінің дамуы бойынша республикада алдыңғы қатарда, бұл облыс экономикасындағы құрылымдық өзгерістер мен әртарап­тандырудың  қарқынын көр­сетеді. Мұндай қарқынды даму инвестиция тарту, құрылыс, ауыл шаруашылығы өндіріс көлемін дамыту және әлеумет­тік салада да бар. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсан мәліметтері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 226,3 млрд теңгеге орындал­ған. Бұл өткен жылғы салыстырмалы кезеңге қарағанда 95 пайыз­ға жуық. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуіне мұнай ұңғымаларының сулануы себеп­. Сонда да есепті кезең ішінде 1,4 млн тонна шикі мұнай өндірілді. Аймақ эко­номикасының әртараптануы мен сауда-саттығының басым бөлігін қамтып отырған шикізат көзінің азаюы аздап болса да даму көкжиегіне кедергі келтір­етіні анық. Бірақ шикізатқа деген тәуелділіктен арылу­  үшін өзге де салалар жандануда. Айталық, өнер­кәсіптің 80%-ын құрап отыр­ған кен өндіру  өнеркәсібі  және карьерлерді қазу саласында 182,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индек­сі 2018 жылдың ұқсас кезеңі­мен салыстырғанда 94,6%-ды құрады. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 374,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібінің келесі салал­арында да өсім  байқал­ған, тамақ өнімдерін өндіру 19,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 85,4%-ға, жиһаз өндіру 36,1%-ға артқан. Сондай-ақ, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 43,2%- ға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 2,7 есеге ұлғайған. Болашақта индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар  есебінен  2019 жылдың қорытындысымен өнер­кәсіптік өндіріс көлемін 94%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін 102% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда. Яғни 2019 жылы жалпы құны 37,3 млрд теңгені құрайтын 431 жұмыс орны құрылатын 4 жоба іске асырылады.  Олар:

- «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)

Жоба құны – 36,7 млрд теңге;­

Қуаттылығы – жылына  197,1 мың  тонна;

Жүзеге асу орны – Қызыл­орда  қаласы;

Жұмыс орны – 226 адам;

Жобаның іске қосылу уа­қыты – 2019 жылдың жел­тоқсаны.

- «Күйдірілген  кірпіш  өндірісі зауыты»  («АКТАЛ»  ЖК)

Жоба құны – 30,8 млн теңге;­

Қуаттылығы – жылына 4 млн дана кірпіш;

Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны – 45 адам;

Жобаның іске қосылу уақыты – 2019 жылдың 1-жар­ты­жылдығы.

- «Балықты  тереңінен  қайта өңдеу  зауыты  мен  пластикалық қайық жасау цехын салу» («Қазақстан  Аквакультура  ЛТД»  ЖШС)

Жоба құны – 160 млн теңге;

Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;

Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

Жұмыс орны – 100 адам;

Жобаның іске қосылу уақыты – 2019 жылдың 2-жар­тыжыл­дығы.

- «Күрішті  өңдеу  және  құрама жем өндірісін ұйымдастыру» («Таң LTD»  ЖШС)

Жоба құны – 397 млн теңге;­

Қуаттылығы – жылына 3 мың тонна құрама жем;

Жұмыс орны – 60 адам;

Жүзеге асырылу орны – Шиелі  ауданы;

Жобаның 1-кезеңін іске қосу – 2019 жылдың 3-тоқсанында  жоспарлануда.

Айта кетейік, облыстың инвес­тициялық тартымдылық потенциалы да жылдан-жылға артып келеді. Түрлі индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін соңғы бес жылдықта тартыл­ған 1,7 трлн теңгеге жуық  тікелей  инвестицияның 25,5 пайызы 2018 жылдың еншісіне­ тиесілі. Ал Қызыл­орда облысы әкімдігінің ресми па­рақшасындағы соңғы мәлі­мет­тер бойынша негізгі капиталға салынғ­ан инвестиция көлемі 128,6 млрд теңгені құраған­.

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  ИГІЛІККЕ   ЖАРАП   ТҰР

 

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы әкімді­гі­нің, мәслихаттың, «Nur Otan» партиясы  филиалының, қо­ғамдық кеңестің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланды. Өңірде кешенді «Жол картасы» әзір­ленді, оны іске асыруға 2018 жылы 32 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде 3 млрд теңгеден астамы стартап жобаларды жүзеге асыруға бағытталды. Жүйелі жүргізіл­ген жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны соңғы жылдары респуб­лика бойынша ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Сонымен қатар, өңірде сумен қамтамасыз  ету және газбен жабдықтау­ мәселелері шешімін табуда. Қазіргі таңда аймақ халқының 95%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және 63%-ы табиғи газды тұтынады. 2017 жылы Қызылорда қала­сына қарасты елді мекендер мен 7 аудан орталығының 4-еуі газдандырылды. 2018 жылы үш аудан орталығына, атап айт­қанда, Қармақшы, Сырдария және Жалағаш  аудандарына  газ жеткізілсе, 2019 жылы елді ме­кендердегі газ желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен, 2020 жылға қарай тұр­ғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу міндеті қойылып  отыр.

 

ЖЕҢІЛ   ӨНЕРКӘСІПКЕ БЕТБҰРЫС  БАР

 

Облыс экономикасының бойына қан жүгіртіп тұрған негізгі саланың бірі – ауыл шару­ашылығы. Оның ішінде Сырдың інжу-маржаны, ақ кені атанған күріштің үлес салмағ­ы басым. Жалпы күріш  егістігі 70 мың гектардың үстінде. Ал, соңғы кезде оның  көлемі қысқарып, суды аз қажет ететін бидай, жүгері, картоп пен көкөніс, жеміс-жидек­, асқатық май өнді­ретін және  малазықтық  да­қылдар  егу  жұмыстары  қолға  алынуда. Келешекте бұл өңірде өз жағдайында  анағұрлым  тиімді де пайдалы саналатын егін­шілік салаларына тұрақты бағыт­ ұсталмақшы. Елді мекендерде наубайхана мен өсімдік майын, шұжық, кәмпит, тұр­мыстық бұйымдар өндіретін цехтардың, қарапайым заттар өндіру кәсіпорындардың қа­тары­  артуы әбден мүмкін. Салт-дәстүрі мен ділі, мәде­ниетін ұлықтаған өлкеде ұлт­тық қолөнерді де қарқынмен жандандыруға жаппай бет­бұрыс жасалғанының өзі жеңіл өнеркәсіптің дамуына ықпалын тигізіп отыр. Жеке кәсіп­керлер мен кәсіпкерлікке бет бұрушы қауым азық-түлік өндіру және нарықтық қаты­настарды игеруге кірісті. Сөйтіп, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету бағытына мән беріп отыр.

 

ҮЗДІК   ӨҢІРЛЕР  ҚАТАРЫНА  ЕНУ –  МӘРТЕБЕ

 

Бір  жылға  қарағанда  екінші жылы қай саладан болмасын тәуір  көрсеткішке ие болу жыл сайынғы даму индексінің өзгергендігін аңғартады. Қарапайым тілмен айтқанда, сыныптан сыныпқа жоғарылау оқушы үшін мәртебе болса, оны үздік бағамен тамамдау бөлек әңгіме. Сол секілді стратегиялық құжаттар негізінде сауығып келе жатқан Сыр экономикасындағы ахуал тұрақты. Бірді-екілі кемшілік жоқ деп айтуға да болмайды, өйткені тұтас бір жүйенің бойынан бір ақау табылмауы мүмкін емес. Алдағы уақытта ол кемшін тұстарды да реттеудің тетігі табы­лады. Бастысы, Қызыл­орда аймағының әлеуметтік қамсыздануға бағытталған шығын­дары жыл санап азаюын экономикасының өрлеуіне қарап бағалау керек. Бірнеше жыл бұрын кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан эконо­миканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылып жатқа­нына елдің көзі куә. Соның нәтижесін­де өзінің әлеумет­тік-эконо­микалық дамуы жағын­ан республиканың үздік бес  өңірінің  қатарына қосылуы – тағы бір мәртебе. Сыр аймағы еліміздің ең серпінді дамып келе жатқан облыс­та­рының бірі деп ашық айтуға құқымыз  бар.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


БАЛАЛАРДЫҢ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН АБАЙСЫЗДА ҚҰЛАУЫ ЖИІЛЕП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2019 15:24

Жаз басталысымен биік қабаттан құлау оқиғасы жиілей түседі. Екінші, үшінші және одан да жоғары қабаттан құлау фактісі көбіне терезедегі москиттік торды орнатумен байланысты. Тұрғындарға арнайы мекемелерге терезеге тапсырыс беру кезінде москитті торды балалардың бойы жетпейтін жеріне орнатуға немесе басқа да қалқандар арқылы сақтық шараларын қатаң қадағаласа деген өтінішіміз бар. Жазда асыр салып ойнағанның орнына бүлдіршіндер аурухана қақпасында қамалуға мәжбүр.

Жаз басталса дәрігерлердің қол-аяғы сынған кішкентай пациенттерден қолы босамайды. Ал жел қақтыру үшін ашқан терезеден ауып құлаған сәбилердің статистикасы мүлдем қорқынышты. Олардың бірлі-жарымы жарақаттан жеңіл құтылса, бірі мерт болады. Ал көп жағдайда медицина әлсіз болады. Тіпті мүгедек болып қалуы мүмкін. Биіктен құлау жағдайлары жол-көлік оқиғалары секілді адамның жиі мерт болуына әкеліп соғады. Жоғары қабаттан балалардың абайсызда құлау оқиғалары бойынша тіркелген мәліметтерге сүйенсек, олардың жасы әлі беске де толмаған. Еңбекке жарамды азаматтар арасында мұндай жағдайларға көбіне құрылыс мамандары ұшырайды. Әсіресе, егде жастағы азаматтар үшін құлаудың салдары өте ауыр болады. Мәліметтерге сүйенсек, балалардың москит торынан құлауына ерекше назар аудару керек. Ата-аналарға көпқабатты үйлерде балаларды терезеге жақындатпай, мұқият болуларын ескертеміз.

Қызылорда қаласы бойынша 2018 жылы 4 бала, 2019 жыл басынан 2 бала терезеден құлау фактісі бойынша әртүрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жатқызылған. Зардап шеккендердің негізгі бөлігін 1 мен 6 жас аралығындағы балалар құрайды.

Статистикаға сүйенсек, қайғылы жағдайлардың көбісі ата-ананың қарауынсыз қалған үйлерде немесе ата-аналардың салғырт қарауынан орын алады. Ойын баласының кез келген нәрсеге әуестеніп, қолды-аяққа тұрмай, мазасыз күйде болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан сәбиіңіздің өміріне қауіп төнбес үшін, оның әр қадамына абай болғаныңыз абзал.

Қорғау шаралары:

- егер бала үйде болса,терезені ашық қалдырмау;

- терезенің тиісті қорғауы болмаса, торды сенімді тірек ретінде пайдаланбау;

- балалар оған сүйеніп тұрғанды ұнатады;

- терезе, балкон немесе шыны есіктер алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;

- балалар терезенің алдына шығып, төмен құламауы үшін жиһаздарды терезенің жанына коймау;

- балаларға қауіпсіздік сабақтарын өткізу. Ересек балаларды кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрету;

- балалар терезені өз беттерінше ашпау үшін терезеге блокиратор немесе оның тұтқасына құлып орнату керек.

Ғ. Әшімов,

Қызылорда облысы ТЖД

ЗҚҚАжАҚСБ басқармасы бас маманы,

азаматтық қорғау майоры

 


МЕМЛЕКЕТ және ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕР НАРИМАН ҚЫПШАҚБАЕВ 85 ЖАСҚА ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2019 13:40

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Нариман Қыпшақбайұлын мерейтойымен құттықтады.

Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығының бұрынғы министрі Нариман Қыпшақбаевты әріптестері 85 жасқа толған мерейтойымен және су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Аймақ басшысы Нариман Қыпшақбайұлының еңбек жолы учаскелік инженер-гидротехник қызметінен басталғанын атап өтті. 1974 жылдан тәуелсіздік алғанға дейін Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігін басқарды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1990 жылы Су ресурстары мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Тәуелсіздік жылдары Су кодексі жобасының әзірленуіне жетекшілік жасап, Орталық Азия, Ресей Федерациясы және Қытай мемлекеттері арасында трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын пайдалану жөнінде халықаралық ұйымның құрылуына, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің президенттерімен құрылған Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылуына үлесі зор.

"Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып, ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасы бірінші фазасының жүзеге асуына Нариман Қыпшақбайұлының ерекше үлес қосқандығын Арал өңірінің тұрғындары жақсы біледі. Зейнетке шыққаннан кейін де  жиған-терген бай тәжірибеңізді ізіңізден ерген жастарға үйретуден жалыққан емессіз. Соның ішінде, Сыр өңірінің су шаруашылығының өзекті мәселелерін шешу жұмыстарына да аянбай атсалысып келесіз", - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, әріптестері мен су шаруашылығының ардагерлері Серікбай Сағымбаев және Бегеш Жақып мерейтой иесіне жылы лебіздерін жеткізді.

Өз кезегінде, Нариман Қыпшақбайұлы облыс басшылығы мен замандастарына құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЗАҢСЫЗ СЫЙЛЫҚ БЕРІП, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2019 13:35

Пробация қызметкерінің ұялы телефон нөмеріне бірлік салғаны үшін пробациялық есепте тұрған азаматша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Нақты айтар болсақ, Қызылорда қаласында пробация бақылауында жүрген Т.Д. есімді азаматша қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне 4700 теңге бірлік салған. Заңға сәйкес ол заңсыз сыйақы болып табылады.

Пробация қызметкері азаматшаның іс-әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік қызметіне баяндаған. Өз кезегінде, заңсыз сыйақы бойынша тиісті акті толтырылып, акт Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданады.

«Лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы бергені үшін аталған азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сот қаулысымен 353500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген қызметкерге немесе оған теңестiрiлген адамға көлемі 2 АЕК (5050 теңге) көрсеткішке дейінгі ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету заңсыз сыйақы болып табылатынын назарда ұстаған жөн. Ал, ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету 2 АЕК-тен асқан жағдайда ол пара болып табылады», - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында заңсыз сыйақы беру бойынша 4 әкімшілік іс қозғалып, 1414000 теңге айыппұл салынған.

 

Б.Әбдіқадыров

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары