Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2818
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10099
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда25999
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150729


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 12 Шілде 2019

КЕНЕДЕН КЕСЕЛ, СУДАН АЖАЛ АЗАЙМАЙ ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.07.2019 16:16

Шыны керек, жыл басталысымен қаралы хабар алғанымыз ешкімге де ұнаған жоқ. Біреуге тағдыр, біреуге қайғы десек те, «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағида тағы бар. Міне, көктемгі, жазғы маусымда осы мәселенің орынды жүзеге аспауынан талай тағдыр иесі тілсіз жаудың құрбанына айналуда. Әсіресе, суға кету фактісі жиілеген. Сала мамандарының айтуынша, Қызылорда облысында жыл басынан бері суға кетіп ажал құшқан 21 адамның 8-і – балалар.

- Суға кету жағдайларының басым бөлігі сақтық шараларына бейжай қарау салдарынан орын алуда. Өйткені халық шомылуға тыйым салынған жер деген белгіге қарамастан, өмірлерін қатерге тігеді. Кейде қарт әжейлеріміз төтеншеліктерге «балама өзім жауап беремін» деп дес бермейді. Ал ол әженің өзіне көмек керек, себебі ол кісілердің денсаулығы жарамайды. Республика бойынша суға кету дерегінің 152-сі тіркелсе, соның 21-і Қызылорда облысына тиесілі. Салдары бақытсыз оқиғамен аяқталады, - деді Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы мәселеге қатысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев та өз пікірін жеткізді.

- Тұрғындардың су жағасында сақтық шараларын толық орындамауы, төтеншеліктердің талабына құлақ аспауы осындай қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруда. Әсіресе, балық аулау кезінде, суға шомылуға тыйым салынған «жабайы» орындарда тілсіз жаудың құрбанына айналып жатқандар бар. Одан бөлек, атпен су кешіп, су ортасында бақытсыз жағдайға ұшырағандар да кездеседі. Ата-аналарға өтініш, ескерту! Балаларды бақылаусыз өзен-көлдің, дарияның жағасына жіберуге болмайды! Жүзу білмейтін бала суға түседі, су ішінде тырыспасы ұстап қалады да, одан шығу мүмкіндігі болмай қалады. Өйткені күн қатты ыстық. Осындай талаптарды орындамаған 25 адамды әкімшілік жазаға тартсақ та, талап толық орындалмай тұр, - деді ол.

Тұрғындардың сақтық шараларын қатаң ұстануына себеп болып тұрған жалғыз жайт бұл емес. Күннің ыстығына байланысты кене шағу фактілері де жиілеген. Көктем, жазғы маусымдарда адамдар кене шағудан да көп зардап шегеді. Осы уақытқа дейін кене шақты деген күдікпен 16 науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылса, соның 6-ауынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталып, бір науқас қайтыс болды. Айта кетейік, көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 65 млн теңге қаралды. Дегенмен, тұрғындарға ескертетін тұсы да бар, далалық жерлерде, жайылымдарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді. Жоғарыдағы науқастардың барлығы да – далалықта жүріп, кененің кеселіне тап болғандар.

- Негізі шілде айында кенелер ұйқыда және көбею маусымында болу керек. Алайда күн қаншалықты ысыса да, кенелер дес бермей тұр. Облыста жыл басынан бері кене шаққан 125 жағдай тіркелген. Өткен жылғы салыстырмалы уақытта бұл көрсеткіш 808 адамға жеткен. Қанша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсе де, тұрғындардың дені далалық қыдыру жерлеріне, жайылымдарға барып, зардап шегуде. Сондықтан ондай орындарға барар кезде міндетті түрде бас киім (орамал да болады), ұзын жеңді көйлек және балақты шалбар, етік (немесе қонышты шұлық) киген абзал. Сол кезде кененің адам денесіне жабысу мүмкіндігі азаяды. Кене көбіне бас бөлігіне, құлағының артына, шаштың арасына, балтырға, арқа тұсқа жабысатын болғандықтан адамдар оны білмей қалады. Тіпті ол денесінен жүріп өтуі де мүмкін. Белгілері де 14 күнге дейін сақталады. Адамның дене қызуы 39-40 градустан түспей, мұрыннан, ауыз қуысынан қан кету жағдайлары тіркелсе де дәрігерге көріну керек. Кеселді кененің шағуы мүмкін деген күдікпен бір аптада 56 адам жұқпалы аурулар ауруханасының көмегіне жүгінді, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

Арнайы сала өкілдерінің жедел түрде халықты құлақтандыруға бағытталған жиын өткізуіне себеп те жоқ емес. Кененің кеселі өз кесірін тигізіп тұр. Суға кетіп, ажал құшқандар қатары күн санап артуда. Мәселен, кешегі аптаның мейрамға деп берілген 3 күнінде 3 адам суға кеткен. 6 шілде күні Жаңақорған кентіндегі «Тайпақкөл» каналында 2009 жылы туған баланың, 7 шілдеде Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесіндегі Сырдария өзенінің көпірі астына шомылған 2006 жылы туған баланың және 8 шілде күні Арал ауданы, Райымбек ауылдық округі, Қызылжар ауылында Сырдария өзенінен 2004 жылы туған жасөспірімнің денесі табылған. Ал бүгін Жаңақорған ауданында 1977 жылғы ер-азамат суға кетті. Денесі жергілікті тұрғындар көмегімен судан шығарылды. Сондықтан да, кім-кімнің де сақтық шараларын жасағаны өзі үшін аса маңызды.

Н.ҚАЗИ

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары