Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 16 Шілде 2019

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР НАЗАРДА ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2019 09:30

Қазалыдағы республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге QR-коды бар тақтайшалар орнатылған. Осыған орай аудан тұрғындары мен қонақтары туған жердегі ескерткіштер туралы мәліметтерді еш қиындықсыз таба алады. Ол үшін қолында QR-код оқитын арнайы мобильді бағдарлама жүктелген ұялы телефон болса жеткілікті.

Смартфон не планшетке Play Market және App Store-дан «QR-кодreader» бағдарламасын жүктеп алып, тақтайша бетіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы ашып, ескерткіш жайлы ақпаратты қазақ тілінде ала аласыз.

Мәселен, ұялы телефон арқылы «Жеңіс» саябағындағы Кеңес Одағының батырларына, Социалистік еңбек ерлеріне, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне арналған мүсіндер жанына орнатылған QR-кодты сканерлесеңіз, онда бұл мүсіндер қай жылы қойылғаны және ел үшін, жер үшін жанын берген жандар туралы толық ақпарат ала аласыз. Ал, Ұлы Отан және азамат соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне қойылған «Ер есімі – ел есінде» ескерткіш тақтасындағы QR-кодты оқытсаңыз, олардың ерліктері туралы баяндайды.

– Мұндай QR-коды бар тақтайшаларды «Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазалы ауданының 32 ескерткіші мен тарихи-мәдени нысанына орнатты. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғаса береді, себебі ауданда бұдан өзге де 63 мәдени-тарихи зор мәнге ие орындар мен ескерткіштер бар, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдени және рухани ескерткіштерді қорғау жөніндегі әдіскері Бекет Табынбаев.

Жұмабек  Айдарбекұлы,

Қазалы  ауданы

 


Қазалы жаңалықтары PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2019 09:20

Мерекедегі  мерейлі  мезет

Ағымдағы жылы елімізде тұңғыш рет Су шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді. Мұндай шара Қазалыда да жалғасын тапты. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев су шаруашылығының мамандарын мерекемен құттықтап, бір топ озаттарға марапаттар тапсырды.Олардың қатарында ауданға танымал бірқатар сала мамандары бар. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында өткен дәстүрлі облыстық малшылар слетінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына атсалысқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Күмісбек Ерімбетов облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Басқосуда сала ардагері, Қазалы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Көләнов өз лебізін білдірді.

 

Келіндер  сайысы  өтті

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Жайлаудағы ауыл келіні» атты келіндер сайысы өтті. Байқауға Ақтан батыр, Жалаңтөс батыр, Ақсуат, Қ.Пірімов, Кәукей, Тасарық ауылының келіндері қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті.

Күбі пісу, нан жабу, диірмен тарту және қамыр жаю бойынша сынға түскен келіндердің жұмысына актриса, әжелер ансамблінің мүшесі Ұлжан Ахметова, әжелер ансамблінің мүшесі Майра Қазыбекова және ҚР Мәдениет саласының үздігі Галя Оспанова қазылық жасады.

Сайыста өзгелерден дара шыққан Тасарық ауылының келіні Индира Бозанова жеңімпаз атанса, жүлделі екінші, үшінші орындарды Жалаңтөс батыр ауылының келіні Жадыра Шүкірбаева мен Ақтан батыр ауылының келіні Эльмира Құрман иеленді.

Ақсуаттық Бақыткүл Сүлейменова, Қ.Пірімов, Кәукей ауылының келіні Мейрамкүл Қабылбаева мен Балдәурен Ізтілеуова арнайы номинациялармен марапатталды.

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-КОНКУРСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

 

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік көрме-конкурсында қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Билсариева «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Бастау-Бизнес» жобасымен оқу курсын аяқтап, кәсібін бастаған Гүлзат түрлі матадан сәнді әйел көйлектерін пішіп, тігумен айналысады. Кәсіпорында білікті тігіншілер қамтылған. Аз уақыт ішінде сапалы әрі сәнді киім үлгісін ұсына алуы арқасында тұтынушылар саны артып, сұранысқа ие. Алдағы уақытта қажеттілікке қарай цехты ұлғайтып, басқа да киім үлгілерін тігуді жоспарлап отыр.

Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазалы ауданынан «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері, өзінің тігін бұйымдарымен Шакарбан Турганбаева, сәнді әйелдер көйлектерімен жас кәсіпкер Ақбота Есекей, түрлі дизайндағы бас киімдерімен Әзима Дүрхан, «Томпи» попкорн өнімдерімен Гүлсая Құтжанова, кондитерлік өнімдерімен Шарапат Жаңагүл қатысты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНДЕ – ЖАҢА ТӨРАҒА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2019 18:00

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес отырысында кеңес мүшелері жаңа төрағаны сайлады. Бұған дейін Кеңес төрағасы болған Кенжебаев Темірхан Бердалыұлының өзге лауазымды қызметке ауысуына байланысты төрағалық өкілеттілігі өз өтініші бойынша тоқтатылып, ол Кеңес құрамында мүше ретінде жұмысын жалғастыратын болды. Отырыста кеңес мүшелері Темірхан Бердалыұлына саланың дамуына қосып жүрген үлесі үшін алғысын білдірді.

Өңірлік кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрағасы болып Әбизов Ділмұхамед Мнуарбекұлы сайланды.

Ділмұхамед Мнуарбекұлы 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық колледжін «техник-технолог» мамандығы бойынша, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Ділмұхамед Мнуарбекұлының кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп жатқанына 20 жылға жуықтады. Ол 2016 жылы «DALATEX» ЖШС-ін құрып, Қызылордада алғашқы болып ерлер жейдесін тігетін фабрика ашты. 2017 жылдан бастап Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі. 2019 жылдан бастап Қызылорда облысының жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындары Қауымдастығының төрағасы.

Ол 2016 жылы «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы «Атамекен» ҰКП-ның «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен және т.б. марапатталып, 2018 жылы «Қазақстанның үздік тауары - 2018» республикалық көрме-байқауының жеңімпазы атанды.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Парламент депутаттары аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарымен танысты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2019 17:40

Қызылорда облысына іссапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Тарас Хитуов пен Балайым Кесебаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында депутаттар Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойған міндеттеріне сәйкес елімізде заң шығару билігін жүзеге асыратын Парламенттің норма шығармашылық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы хабарлама жасады.

Өз кезегінде департамент басшысының м.а. Ардақ Ерсейтов Агенттік Төрағасының қойған міндеттерін орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басымды бағыты ретінде профилактикалық шаралардың, соның ішінде превенцияның маңыздылығын атап өтті.

Әсіресе, қылмыстың алдын алу, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп жатқаны халық қалаулыларының назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, департамент басшысы жүйелі жемқорлықты жою, басшылық лауазымдағы тұлғалардың мемлекет қаражатын ұрлауы мен парақорлық фактілерін әшкерелеу, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жедел сүйемелдеу шараларының айрықша бақылауда екендігін жеткізді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы талабына сәйкес сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзудың салдарлары мен оның шарттарын жоюды еңбек ұжымдарында қарау жұмыстарына да тоқталды. Осы мақсатта үстіміздегі жыл басынан бері 95 ұсыныс енгізіліп, оның 83-і қаралған. Ұсыныстарды қарау нәтижесімен құқық бұзушылықтарға жол берген 67 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Жиын соңында заң шығарушылық саласындағы маңызды мәселелер туралы пікірлер мен ұсыныстар айтылып, өзара ынтымақтастық жасау жөнінде келісілді.

 

Б.Әбдіқадыров

 


Қызылордада «Жас кәсіпкер» жобасына қабылдау басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2019 15:38

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 2019 жылдың 22 шілдесінен бастап оқыту басталатынын хабарлайды. Жоба қала/аудан тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Қала/аудан тұрғындарын ­– NEET категориясындағы жастар (29 жасқа дейінгі), жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді оқуға шақырамыз.

Жобаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі; мекен-жай анықтамасы; өтініш; үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама парақшасы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 3 апта. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 22-23 шілде аралығында өтеді. Оқу 2019 жылғы 24 шілде – 09 тамыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

 

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400981, сайт: www.atameken.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен –жайлары:

Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі,  9 «а» үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би к-сі, 47 «а» үй, тел.:8/72431/79199

Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, Иманов к-сі, 171 үй, тел.:8/72435/79120

Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81

2019 жылғы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқытудың кестесі

Кезең

Өткізілетін орны мен уақыты

Өткізу уақыты

Қала/аудан

 

1

 

1 топ (кезең)

Тестілеу:

22.07.2019 ж.- 23.07.2019 ж.

Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары.

Оқыту кестесі:

24.07.2019 ж. - 09.08.2019 ж.

 

2

 

2 топ (кезең)

Тестілеу:

13.08.2019 ж.- 14.08.2019 ж.

Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары.

Оқыту кестесі:

15.08.2019 ж. - 02.09.2019 ж.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Биылғы Құрбан айттың алғашқы күнінде қазақстандықтар демалмайтын болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2019 15:00

Қазақстандықтардың жаздың соңғы айында қанша күн демалатыны белгілі болды. Биыл сенбі-жексенбі мен Конституция күнін қосқанда, ел тұрғындарын тамызда он демалыс күні күтіп тұр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады.

Алайда осы жылы діни мерекенің бірінші күні 11 тамыз яғни жексенбіге түскендіктен қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайды.

Себебі бұл мереке ұлттық немесе мемлекеттік болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.

30 тамызда барша қазақстандықтар Конституция күнін тойлайды.

Биыл мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келгендіктен, тиісінше ел тұрғындары бұл күні жұмыс істемейді.

Қазақстан халқы Ата заң күнінде қатарынан үш күн демалмақ. Себебі, 30-нан кейін әрі қарай демалыс күндері түсіп тұр.

Сенбі-жексенбі мен Конституция күнін қосатын болсақ, қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады.

 


АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2019 14:10

Нарық – әлемдік деңгейдегі сауда тартысына толы базар. Нарықтық баға деген түсінік те содан қалыптасқан. Бүгінде осы «базардағы» сұранысқа ие тауарлар тізімінің көшбасында агроөнеркәсіп өнімдері тұр. Оған тауар өткізу үшін де талаптар қойылып, шарттар қадағаланады. Сол тізімнің ішінен соңғы жылдары Қызылорда облысы да көрініп жүр. Бұрын да нарыққа тауар өндірушілердің қатарында бар екенін айта кетейік, ал бертін келе әлемдік сұранысқа ие шикізатты да, дайын өнімдерді де шекара асырушы аймақтардың алдыңғы қатарына ілікті. Тіпті 2016 жылы аймақтың ауыл шаруашылығы өнімдерін нарыққа өткізу мақсатында кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, арнайы «Агрокарта» әзірленді. Сондай-ақ, Елбасының агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін 5 жылда 2,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес өткен жылы «Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» да құнтталды. Құнды құжаттың негізгі екі бағыты бар, біріншісі – АӨК экспорттық әлеуетін арттыру мен өткізу нарықтарын кеңейту, екіншісі – жылдам дамытуды қажет ететін салаларда өндірісті ұлғайту.

«Ырысты, күрішті Қызылорда» деп бағаланған аймақтың басты бренді де осы – күріш. Аймақ экономикасының табыстылығы ішкі сауданы реттеп, құрылыс салумен шектелмейді. Нарықтық талаптарға сәйкес экспорттық табыс табу – бүгінгінің кәсібі. Осы ретте Сырдың күріші, бақша өнімдері, балығы, мүйізді ірі қараның, жылқы мен қой еті Еуроодақ елдерімен қоса, Ресей, Түркия, Қытай, Иран мемлекеттеріне тасымалдануда. Ағымдағы жылдың жартыжылдық есебі бойынша облыстан 11985,6 мың долларды құрайтын 29125,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған. Жалпы экспорттың төмендеуі күріш өнімі экспортының 23 пайызға азаюынан болып отыр. Себебі өткен жылы егін жиналған сәтте көршілес елдерден күріш жармасына сұраныс жоғары болғандықтан, өнімнің басым бөлігі өткен жылдың соңғы тоқсанында экспортталды. Ал жыл басталғалы Иранға 789 бас қой, Өзбекстанға 59 бас мүйізді ірі қара жөнелтілген.

Облыс экономикасының өзегіне әр беріп тұрған әртараптандыру бағыты бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар жемісті. Егін науқаны кезінде күріш егісінің көлемі 633 гектарға кем егілді. Неліктен? Жауабын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

- Күріш кем егілді, есесіне басқа дәнді дақылдар, яғни мал азықтық дақылдар көлемі 6036 га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 422 гектарға ұлғайтылды. Шыны керек, егін егу науқанында су тапшылығы болды. Ауызбіршілік пен келісімнің нәтижесінде бұл мәселені де шештік. Негізінде ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру сызбасына сәйкес тұрақты суаруға 4,2 млрд текше метр су бекітілген. Бүгінде Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 200 метр текше метрге жуық су түсіп тұр, - деді ол.

Брифинг барысында базардағы ет бағасы да сөз болды. Соңғы уақыттары сауда орындарында халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің де бағасы шарықтады. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, оған ет бағытындағы экспорттың әсері жоқ.

- Базардағы еттің қымбаттағаны рас. Күріш те солай. Бірақ оған экспорт тауарларының артуының еш қатысы жоқ. Қанша уақыттан бері тыңайтқыштың да, жанар-жағармайдың да бағасы бірнеше мәрте өсті. Содан келіп, жоңышқа, шөп те қымбаттады. Ал малды ұстап тұру үшін жем-шөп ауадай қажет. Сол себепті, малазықтық дақылдарды қымбаттатпаса, шаруалардың еңбегі ақталмайды. Осыдан да ет бағасының да көтерілуі заңдылық, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Аймақ тұрғындарын алаңдатқан тағы бір мәселе – мезгілі жетпеген қауын-қарбыздардың сатылуы. Теміржол жағасындағы арнайы орында саудасын «қыздырып» отырған саудагерлер «Жайылманың» қарбызын «жарнамалап» отыр. Мән-жайдың ақ-қарасын ажырату қиынға соқпады. Қауын-қарбыздың сатылып жатқан алғашқы легі Жаңақорғанның өнімдері емес. Оны жергілікті саудагерлер тауарларын өткізу үшін бренд атауын пайдаланып жүрген көрінеді. Ал «Жайылманың» қарбызы апта басынан бастап сатылымға шықты. Осы және аймақтағы агроөнеркәсіп саласының бірқатар мәселесін қаузаған жиында басқарма басшысы алдағы міндеттерімен де бөлісті. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізу басқарма басшысының міндеттерінің алдыңғы қатарында. Аймақ тұрғындарын маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен қамтамасыз етуде облыста жұмыс істеп тұрған жылыжайларды толық пайдалану және жаңадан пайдалануға берілетін 28 жылыжайды іске қосу мен мал шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялардың игерілуін қамтамасыз ету де алдағы уақыттың еншісінде тұр.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


КҮН РАЙЫНЫҢ ЫСТЫҚТЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘРБІР АДАМ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2019 12:20

Синоптиктер алдағы уақытта да аймағымызда ауа температурасының ыстық болатындығын ескертеді. Сондықтан да тұрғындар сақтық шараларын күшейтуі қажет. Бұл туралы ағымдағы жылдың 15 шілдесінде өңірлік коммуникациялар қызметіннде өткен брифингте тиісті сала басшылары мәлімдеме жасады.

- Бүгінгі күні аймағымызда күннің қатты ысуы байқалады. Қызылорда облысында ауа температурасы +40 градус болса қатты ыстық, ал +45 градустан жоғары болған жағдайда өте қатты ыстық болып саналады. Қазіргі таңда жұмысшыларға қатысты көп сұрақтар туындап жатыр. ҚР Еңбек кодексінің 23-бабында жазылған. Егер күн райына байланысты жұмысты жалғастыру жұмыскердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтату – жұмыс берушінің құқығы әрі міндеті, - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Ал «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім бастығы Әйгерім Жүкелова:

- Облыс территориясына жоғары қысым алқабының енуіне байланысты қазіргі таңда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шілденің 17-20 аралығында ауа температурасы +41-+46 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін. Арал, Қазалы аудандарында 16-17 шілде күндері ауа температурасы +35-+37 градус ыстық болады. Сонымен қатар, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Шілденің 20-сынан кейін ауа температурасы +33-+38 градусқа дейін төмендейді. Айдың аяғында жаңбыр күтілуі мүмкін, - дейді.

- Ауа температурасының жоғарылауына байланысты көпшілік демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы жиі орын алуда. Осыған орай, өзен немесе каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген жерлеріне суға түсуге болмайтындығын ескертеміз, - деді брифингте Қызылорда облысының ТЖД бастығының орынбасары С. Молдақараев.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметовтің айтуынша, ауа райының өзгерістері бірінші кезекте адамның денсаулығына әсер етуде. Өткен жылмен салыстырғанда жедел жәрдем станцияларына түсіп жатқан шақыртулар саны өсіп отыр.

- Аймағымыздағы күннің қатты ысуы тұрғындарға әсер етуде. Ең көп шақыртулар жүрек, қан тамыр жүйесі және тыныс алу жолдарының ауруларына байланысты болып отыр. Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ сапарлардан, ашық күннің астында ұзақ болудан бас тартуға, тәуліктің ыстық мерзімінде сыртта көп жүруден сақ болуға шақырамыз, - деді облыстың бас дәрігері.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары