Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1017
mod_vvisit_counterКеше1906
mod_vvisit_counterОсы аптада12189
mod_vvisit_counterӨткен аптада15106
mod_vvisit_counterОсы айда40882
mod_vvisit_counterӨткен айда67488
mod_vvisit_counterБәрі4092811


Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 23 Шілде 2019

Білім беру қызметін заңсыз жүзеге асырған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2019 10:15

Жалағаш аудандық прокуратурасымен мектепке дейінгі ұйыммен балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша заңсыз қызметті іске асыру фактісі анықталды.

Талдау барысында аудан аумағында тіркелген барлығы 27 балабақшаның ішінде уәкілетті органға мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында қызметінің басталғаны туралы хабарламаны тек 26-сы жолдағаны белгілі болды.

Осылайша «Т» жекеменшік мектепке дейінгі ұйым «Білім туралы» Заңның 40-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы талабына қайшы, құқығы болмаса да, 2018 жылдың қыркүйегінен білім беру қызметін көрсеткен.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес, тиісті хабарламаны жолдамай мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу қызметін іске асыруға жол берілмейді.

Осыған байланысты аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментімен мектепке дейінгі ұйымға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Жалағаш аудандық сотының 28.06.2019 жылғы қаулысымен «Т» балабақшасы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 44 187 теңге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, прокуратураның шарасы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 жылғы №122 бұйрығымен бекітілген қағидалардың талаптарына қайшы осы мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша өткізілген конкурсқа қатысуға жіберген аудандық білім бөлімінің қызметкерлері де тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Жалағаш ауданының прокуратурасы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2019 10:10

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына  полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы тағайындалды.

Мұның алдында ол Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа басшыны жеке құрамға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов таныстырды. Аймақ басшысы Бектөре Сұлтанды құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Арыстанғани Заппаровты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде, Арыстанғани Заппаров әріптестеріне алғыс айтып, ыстық ықыласын жеткізді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди осы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2019 10:00

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

"Үлкен істі бастарда  ардақты ақсақалдың батасын алып бастауды жөн көретін халықпыз. Қазақ – қашан да қартын қазынам деп танып, үлкенін сыйлай білген халық. Содан да болар бізде ұрпақтар сабақтастығы берік орныққан. Бүгінгі кездесуге өзінің ізгілікті ісімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік қасиеттерімен елге танылған беделді ардагерлеріміз қатысып отыр. Сіздердің әрбіріңіздің Сыр өңірі үшін орындарыңыз бөлек. Кезінде еселі еңбек етіп, ел мерейін арттырған Сіздер зейнеткерлікке шықсаңыздар да үйде қарап жатпай қоғамға қажетті істерге белсене араласып келесіздер. Сыр өңірі бүгінгі күні ілгері дамып жатқан өңір екенін білесіздер. Айта кетсем деймін, бүгінге дейін қол жеткізген барша жетістіктеріміз - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Сыр еліне деген ерекше қамқорлығы мен маған дейін облысты басқарған азаматтардың еңбегі. Соның ішінде облысты алты жыл абыройлы басқарып, аграрлы аймақтан іргелі индустриялы-аграрлы аймаққа айналдырған Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың үлесі шексіз. Біз бұл істерді әрі қарай жалғастырып, жетістіктерді еселей беретін боламыз ", - деді аймақ басшысы.

Қуанышбек Ысқақов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін атап өтті. Өз кезегінде ардагерлер өңірді одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Құдайберген Қазыбаев өңірге қажетті мамандарды оқыту үшін облыс әкімі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің гранттарын бөлу тәжірибесін әрі қарай да жалғастыруды ұсынды.

"Сыр бойылық жастар үшін бұл - үлкен қолдау. Сонымен қатар, 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды, осы ретте өскелең ұрпаққа қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, ардагерлер бірлескен жұмыстарды талқылап отыру үшін тоқсан сайын осындай кездесулер өткізу туралы ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында аймақ басшысы қолдау көрсеткендері үшін ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың барлық ұсыныстары назарға алынатынын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2019 09:30

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Қызылорда облысындағы кәсіпкерлік, туризм, сауда салалары бойынша алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер турасында баяндалды.

Жалпы, өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санын қысқартуға ықпал жасау, өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін күрт ұлғайту мақсатында өткен жылы «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» жарияланған болатын. Оның алдындағы жылды да кәсіпкерлік жылы еткеніміз бар-ды. Биыл аталмыш саланы қолдауға арнайы «Жол картасы» әзірленіп, әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд теңге тартылды. Оның 5 млрд теңгесі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелер және мемлекеттік гранттар беруге бағытталып отыр. Негізінен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында шағын несиелендіру үшін 3,5 млрд теңге (оның ішінде ауылдық жерлерге – 3 210,476 млн теңге, Қызылорда қаласына – 299,49 млн теңге, несиелерді кепілдендіру үшін – 220,9 млн теңге) бөлінген.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен аталған бағдарлама аясында шағын несиелерді (ФФПСХ, АКК, РИЦ) 153 адам (628,9 млн теңге) алды. Сонымен қатар, «Микробизнес-Қызылорда» өңірлік бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 850 млн теңге бөлініп, нәтижесінде ісін жаңа бастаған 205 кәсіпкердің жобасы шағын несиелендіру үшін мақұлданған.

Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Әбілқасымұлының айтуынша, мұнан бөлек, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2019 жылға 1 млрд 50 млн теңге (оның ішінде, субсидиялауға – 900,619 млн теңге, кепілдендіруге – 119 млн теңге, гранттық қаржыландыруға – 31 млн теңге) бөлініп, шағын және орта бизнестің 216 субъектісіне қаржылай қолдау көрсетіліпті.

- Атап айтсақ, жыл басынан бері жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын 91 жоба субсидиялау үшін мақұлданса, 41 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жалпы құны 432 млн теңге көлемінде кепілдік берілді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік гранттар беру конкурсын өткізу үшін 31 млн теңге бөлініп, оның 21 млн теңгесі жас кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталды. Нәтижесінде конкурсқа қатысуға 473 шағын кәсіпкерлік субъектісі өтінім білдірді. Конкурстық комиссия шешімімен 84 жоба қаржылай қолдау тапты, оның ішіндегі 44 жоба – жас кәсіпкерлердің үлесінде. Әкімшілік кедергілерді қысқарту бағытында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 4181 қызмет көрсетілген болса, оның ішінде техникалық шарттар 788 тұлғаға ұсынылды, - деді ол.

2019 жылдың 1 қаңтарында өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51 078 бірлікті құрап, осы жылдың 1 шілдесінде оның саны 51 274 бірлікке жетіп отыр. Яғни, жыл басынан бері 196-ға көбейген. Ал, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл басында 42 342 бірлікті құраса, қазіргі саны 44 225-ке (1 шілде) жетіп, сәйкесінше 1446 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұрғандардың тізімін толықтырды.

Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 82,9 пайыз болса, бұл көрсеткіш 6 айдың қорытындысында 86,25 пайызды құрады. Яғни, 2,7 пайызға өсім бар.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 233,7 мың шаршы метрді құрайтын 6827 сауда орны мен 37 базар тіркелген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халқының саны 100 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында әмбебап сауда базарлары стационарлық сауда объектілері қатарына көшірілуі тиіс болатын. «Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде» деп сендірді бізді басқарма басшысы өз баяндамасында.

Облыстағы туризм саласына тоқталсақ. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кіру туризмінің келушілер саны 62,2%-ға және ішкі туризмнің келушілер саны 69,1%-ға көбейді, сәйкесінше 972 адам және 19 682 адамды құрады.

Облыста орташа құны 7801 теңгені болатын 1246 нөмірлік қоры бар 107 қонақүй орналасқан. Бұл ретте бір жолғы сыйымдылық – 2260 төсек-орын. Көрсетілген кезеңде 20 654 адамға қызмет көрсетіліп, орындалған жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемі 252,3 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының туристендіру картасына облыстан 3 нысан енгізілді. («Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы). Оның ішінде «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы Қазақстан Республикасының туристендіру картасының алғашқы ондық (ТОП-10) нысандар тізімінде.

Облыста «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы бойындағы жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу үшін Қызылорда облысының бөлігінде 44 нүкте белгіленген.

- Бүгінгі күнге инвестицияның жалпы сомасы 5 млрд 801 млн теңгені құрайтын 26 нысан пайдалануға беріліп, 700 тұрақты жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 1 нысан 2019 жылы іске қосылған (Шиелі ауданындағы «С» санатындағы «Жүзкенов» ДК, жоба құны – 120 млн теңге). Сонымен қатар, басқармамен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалымен бірлесіп, объектілерді ұлттық стандартқа сәйкес келтіру бойынша (ағымдағы жылдың 13-16 ақпан аралығында 4 адамнан тұратын жұмыс комиссиясы құрамындағы соңғы мониторинг жүргізілді) жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов.

Брифинг соңына тақалғанда спикерге «басқармада әлі де шешілуі керек деген қандай мәселе бар?» деген сарындағы сауалымызды жолдадық. «Жалпы, шағын және орта бизнестің макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша қойылған межелерге, сондай-ақ, барлық міндеттерге қол жеткізу – біз үшін ең бірінші орында» деп бастаған ол тұрғындар тарапынан несие алуға және оның берілуіне қатысты көптеген түсінбеушіліктердің, кедергілердің кездесетінін жасырмады.

Рыскелді ЖАХМАН

 

Сәуір айында ұйымдастырылған «Қызылордада жасалған» тауарлар көрмесіне 30-дан аса кәсіпорын қатысып, онда жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, құрылыс материалдары және қолөнер бұйымдары ұсынылды.

* * *

Кәсіпкерлер арасында интернет-дүкендер арқылы сатуды ұйымдастырудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, облыста 51 интернет-дүкен жұмыс істеуде, оның ішінде жыл басынан бері тіркелгені – 21.

* * *

Азық-түлік емес тауарлары бағаларының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында, өткен жылы ең негізгі, халық тұрмысына аса қажетті азық-түлік емес тауарларының тізімі жаңадан бекітілді және бекітілген тізім бойынша басқармамен азық-түлік емес тауарларының бағаларына мониторинг жүргізілуде.

* * *

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы қаңтар-маусымында бөлшек сауда көлемі 139 892,0 млн теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0%-ды құрады.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 46 290,4 млн теңге немесе 33,1%-ды құрады, азық-түлік емес тауарлар – 93 601,5 млн теңге немесе 66,9%.

Көтерме сауда 77 279,0 млн (қаңтар-маусым) теңгені (2018 жылы – 101,3%) құрады.

 

 


Үйден оқытылатын балалардың құқықтары қорғалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.07.2019 17:35

Қызылорда облысының прокуратурасы кемтар балалардың заңды өкілдеріне үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері заң талаптарына сәйкес есептелмегенін анықтады.

Жаңақорған, Сырдария және Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үйде оқытуға жұмсалған шығындарын кем есептеп төлеген.

Бұл ретте, үйде оқытуға жұмсалған шығындарынан өтеу мөлшерінен оқу жылының ұзақтығынан каникул кезеңдерін шегеріп, демалыс күндері үшін төлемдер жүргізбеген.

Алайда жергілікті мәслихаттың шешімімен аталған қаржы ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалған.

Сондай-ақ, оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Талдаумен тоқсанның әр айы үшін 3 айлық есептік көрсеткіштен 21 645 теңге төлемдердің орнына 19 763 теңгеден төлемақы жүргізілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 226 үйден оқытылатын балалардың заңды өкілдеріне кем есептелген өтемақылар қайта есептеліп, оларға 2,5 млн теңге төленді.

Жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

 


Ардақ Назаров жастарға батыл қадам жасап, табысты болуға шақырды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.07.2019 14:50

(«Жас кәсіпкер» жобасы бүкіл Қазақстанда бастау алды)

Белгілі спортшы Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас Кәсіпкер» жобасының бренд өкілдерінің бірі болды.

22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы 200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді оқытудың жалпы саны Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша екі есеге артты. Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көп балалы отбасылардың мүшелері оқытылады, олардың жартысы 18-29 жас аралығындағы жастар болады.

«Балалармен жаттығу кезінде және біздің мектебімізде 500-ден астам спортшыр бар, сондай-ақ жастармен кездесулерде мен әрқашан адамгершілік тәрбиесінің қажеттілігі туралы айтамын. Бұл – еңбекке баулу, ата-ананы құрметтеу сияқты өзгермейтін ақиқаттар. Әлеуметтік желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау» оқу жобалары туралы ақпаратты көріп, оны жастар қолдайтынын көргенде, мен де өз үлесімді қосуды жөн көрдім », - деді танымал күрескер.

«Кәсіп, жеке бизнес, бай болу жақсы, бірақ жол еңбекқорлық арқылы келеді. Менің достарым, таныстарым және бизнесмендер менен де ертерек тұрып, түн ортасында ғана ұйықтайды. Неліктен?, себебі, олар тек өздері үшін ғана емес, жұмыс үшін де, өз командасы үшін де, айналадағылар үшін де жауап береді. Бұл бизнес пен спорттың арасындағы ортақ нәрсе», - деп атап өтті Ардақ Назаров.

«Тек жұмыс арқылы ғана өркендеуге жетесіз», - осымен ережесіз күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров келіседі.

Білім беру жобаларының ерекшелігі - үш негізгі элементті біріктіру: оқыту, қаржыландыру және сүйемелдеу. 22 шілдеден бастап 200 мың жас және көпбалалы отбасылардың мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша 200 сыныпта кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады. Бір қызығы, 60 сынып елорда мен ірі Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан. Дәл осы қалаларда тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың көп бөлігі шоғырланған.

«Мен жобаларды алға жылжытуға көмектесетін жастар арасында танымал адамдарды тарту туралы «Атамекеннің» бастамасын қолдаймын. Өйткені, бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан мен атақты спортшыларды, шоу-бизнес жұлдыздарын қоғамымыздың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған осындай әлеуметтік бастамаларды алға жылжытуға шақырамын, - деді А.Назаров. -Мен жастарды батылдықпен алға ұмтылуға, ештеңеден қорықпауға шақырамын. Мемлекет жастарды қолдауда үлкен жұмыс атқарады: ол тек білім ғана емес, сонымен қатар гранттар мен несиелер де береді».

Спортшы жастарды мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың өкілі немесе көп балалы отбасылардың мүшелері «Жас Кәсіпкер» жобасында оқи алады. Ол үшін сөтінімді qoldau.atameken.kz сайтында қалдыра аласыз. Палата филиалдарымен немесе «Атамекен» ҰКПбайланыс орталығы - 1432 нөміріне қоңырау шала аласыз (қоңырау шалу тегін).

 


Қызылордада қала, аудандағы мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары апта сайын кәсіпкерлермен кездесетін болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.07.2019 14:40

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кәсіпкерлерге салық, кеден заңдылықтарын түсіндіру бойынша кездесуде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов айтты.

Сала басшысы осы жылдан бері қолданысқа енген кәсіпкерлер үшін тәуекел санаты, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі, салықтық рақымшылық туралы айта келе, кеден саласын оңтайландыру бағытындағы шараларға тоқталып өтті.

Ғалымжан Орынов биылғы жылдың жаңа міндеттерінің бірі – кәсіпкер-салық төлеушілерді төмен, орташа немесе жоғары тәуекел санатына жатқызу жұмыстары екендігін, әрбір салық төлеуші тұлға өзінің қызметінің бірнеше өлшемшарттары бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен белгілі бір санатқа ие болатындығын және салықтық әкімшілендіру шаралары сол санат бойынша саралап қолданылатындығын жеткізді.

Осындай көрсеткіштер бойынша жүргізілетін талдау қорытындысымен  салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталып, әр кәсіпкерлік тұлғасына «Салық төлеушінің кабинетіне» жіберіліп отырады екен.

Аймақтың бас салықшысы кездесуде 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Салық кодексінің ережелеріне сәйкес шот-фактураларды электронды түрде жазу кезең-кезеңімен міндеттеліп келсе, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қосымша құн салығын төлеушілер, қосымша құн салығын төлеушілер болып табылмайтын комиссионерлер мен экспедиторлар, сондай-ақ импортталған тауарларды сатқан жағдайда да міндеттелгендігін де айтып өтті.

Ал кәсіпкерлерге арналған салықтық рақымшылыққа қатысты Кірістер департаментінің басшысы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылдың 21 қаңтардағы №39 бұйрығымен  «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары» бекітілді. Осыған сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейтін салықтық рақымшылық жүргізілуде. Салықтық рақымшылық не үшін жасалады? Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің қордаланған қарызының елеулі бөлігін өсімақы және айыппұлдар құрайды. Негізгі салықтан қарызын өтеген соң кәсіпкердің кәсібін жалғастыруға, жаңа кәсіп түріне ауысуға, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндігі пайда болады», - деді.

Кездесу барысында бизнес өкілдері тарапынан көтерілген мәселелерді ескере келе Кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов бұдан былай аптаның әр бейсенбісі, сағат 15.00-18.00 аралығында аудандық және қалалық Кірістер басқармасының басшылары мен облыстық Кірістер департаментінің басшысы кәсікерлерді жеке мәселелерімен қабылдайтындығын жеткізді. Бұл қадам салық саласына қатысты туындайтын сауалдар мен түсініспеушіліктердің алдын алады деп күтілуде.

Кездесудің қорытындысымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов пен Қызылорда облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

 

Б.МӘМЕН

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары