Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Жұма, 26 Шілде 2019

ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДЫ КӨЗДЕЙТІН ЖОБА ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.07.2019 17:50

«Жасырын сатып алушы» тәсілі... Бүгінгі таңда бұл терминнің мемлекеттік қызметтер көрсететін әрбір мекемеге таныс екендігі анық. Дегенмен, қалың көпшілік бұл сөздің мағынасын түсінгенмен «жасырын сатып алушы» тәсілінің не істейтіні, қандай жолдармен жүзеге асатыны, қоғамға берер пайдасы туралы біле бермейтіні рас.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі» - деп көрсетілген.

Расында, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы – мекемелердің жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі ғана емес. Қызметтерді көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Өйткені, азамат дүниеге келген уақыттан бастап мемлекеттік қызметтер көрсетумен тығыз байланыста болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтап, сапасын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен «Жасырын сатып алушы» жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаны іске асыру үшін Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Жасырын сатып алушы» тәсілімен қоғамдық бақылау жүргізу іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жоспарға сәйкес 2019 жылдың 6 айында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, барлығы 120 рет инспекциялау мен бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 28 мекемеде анықталған 55 кемшілік бойынша ұсынымдар берілді.

Анықталған кемшіліктердің сипатына тоқталатын болсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлардың және ақпараттық тақталардың болмауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы, электрондық көрсеткіш тақталардың (электронды табло) істен шығуы, үлкен кезектіліктің болуы, мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының қарастырылмауы, мекемелердің атауы жазылған маңдайшалардың (паспорт) және жұмыс кестелерінің орнатылмағаны болып отыр.

Сонымен қатар, қызмет көрсету барысында мамандардың қызмет алушыларға консультацияларды тиісті түрде бермеу салдарынан артық немесе толық емес құжаттар тізбесін сұрату фактілері де орын алған.

Атап айтқанда, Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша толық емес құжаттар қабылдаса, Жалағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары және қалалық №3, №6, №1 емханаларда стандартта көзделмеген артық құжаттар сұратылған.

Сонымен қатар, «Жасырын сатып алушы» тәсілімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медициналық қызмет көрсететін мекеменің дәрігері азаматтан №083/е анықтамасы үшін қызмет ақысын қолма-қол алып, анықтамаға өзге де дәрігерлердің қолдары мен мөрлерін қойып, құжатты ешқандай медициналық тексеріссіз (психо және наркотесттер) дайындап беретіні анықталды.

Анықталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында Департамент тарапынан 37 ұсыным беріліп, нәтижесінде 6 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 1 қызметкер жұмысынан босатылды. Өткен жылдың тиісті мерзімінде осындай кемшіліктерге жол бергені үшін 9 қызметкерге тәртіптік жаза көрілген болатын.

Айта кеткен жөн, аймағымызда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін заң бұзушылықтар мен кемшіліктер жыл өткен сайын азайып, көрсетілетін қызметтердің сапасы артып келе жатқандығы байқалады.

«Жасырын сатып алушы» тәсілі – бұл мемлекеттік қызметтер көрсету барысында әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуде өз тиімділігін көрсетуде.

Әлия ЫСҚАҚОВА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы

бойынша департаментінің бас маманы

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары