Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 29 Шілде 2019

Кәсіпкерлер студенттік жатақхана салғаны үшін мемлекеттен қолдау ала алады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.07.2019 11:35

Бұл туралы Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы бизнес өкілдерін ақпараттармен қамту мақсатында өткізілген кездесу барысында айтылды.

«Қаржы орталығы» АҚ мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырған шараға кәсіпкерлермен бірге өңірдегі оқу орындарының және өзге де сала басшылары қатысты.

Уәкілетті органның берген мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысы бойынша 11 оқу орнында білім алатын 1 375 студентке студенттік жатақхана қажет екен. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» үшінші бастамасын жүзеге асыру аясында аймақта 2022 жылдың соңына дейін 11 колледж үшін жалпы 1500 орынға 11 жатақхана құрылысы жоспарланып отыр. Ол үшін 11 жер учаскесінде объектілерді пайдалануға енгізу көзделуде. Қазірдің өзінде 9 объект бойынша жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр екен.

Білім және ғылым министрлігі объектілердің пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асырмақ. Бұл шаралардың барлығын үйлестіріп отыру үшін «Қаржы орталығы» АҚ негізгі оператор болып айқындалған.

«Студенттік жатақхана салуға ниетті инвесторларға мемлекет тарапынан ұтымды ұсыныс беріліп отыр. Белгіленген механизмге сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 айлық есептік көрсеткіш (308 050 теңге), ғимаратты жатақхана етіп қайта жабдықтаған жағдайда 47 айлық есептік көрсеткіш (118 675) төленетін болады. Жатақхана салған немесе ғимаратын қайта жабдықтаған инвесторға мемлекеттік тапсырыс 8 жылға дейін төленетін болады», - дейді «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджері Алпамыс Сатыбалдин.

Бұл бастаманы жүзеге асыру механизмі мынадай. Ең бірінші инвестор операторға («Қаржы орталығы» АҚ) өз немесе қарызға алған қаржыға жатақхана салатындығы туралы өтініш береді. Өтінішпен бірге жер телімінің құжаттары, жатақхананың эскиздік жобасы қоса беріледі. Құжаттар сай келген жағдайда Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және инвестордың арасында үшжақты келісімшарт жасалады. Бұл ретте инвестор жатақхананы 2 жылдың ішінде салып бітіруі тиіс, ал оператор мемлекеттік тапсырыс беру үшін келісімшарт жасау керек. Жатақхана салынып, мемлекеттік тапсырыс орналастыру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін инвестор объектінің нысаналы мақсатын 20 жылға дейін ауыстыра алмайды. Жатақхана 100 орыннан төмен болмауы тиіс. Әрі қарай инвесторға мемлекеттік тапсырыс аясында қаржы жоғарыда айтылғандай 8 жыл көлемінде төленіп отыратын болады.

Аталмыш жобаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер «Қаржы орталығы» АҚ-ның 8-8000-802-828 баланыс нөмірі арқылы call-орталығына немесе www.fincenter.kz сайты арқылы қосымша ақпараттар ала отырып, өтініштерін беру арқылы қатыса алады.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қазалы жаңалығы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.07.2019 09:30

Байқауда  бағын  сынайды

Қазалылық 340 оқушы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына қатысып, бағын сынамақшы.

Оқушыларды іріктеу жарысы 15 қыркүйекте өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын байқауға дайындық қызу жүргізілуде.

Оқушылардың дайындығы жоғары деңгейде. №249 мектеп-лицейдің, №226 мектеп-гимназияның, №88 мектептің оқушылары Аймейір Әбдрахым, Гүлзира Қонысбай, Ғазиза Айдарбекова, Айя Сердалы, Жазира Нұрқаш, Айерке Төремұрат (жетекшілері Гүлфайруз Әлішева, Мейрамкүл Жолекеш, Сұлтанғазы Томай) Қобыланды батыр жырын түгелдей жаттап алды.

 

«Сыр  маржанының»  серпіні

Қазалылық танымал кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев басшылық жасайтын «Сыр маржаны» ЖШС-нің ірі қара малы Иран Ислам Республикасына экспорттала бастады.

Облыстың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 56 бас бұқашық серіктестікке қарасты мал бордақылау алаңында өлшеніп, Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative Inc» компаниясына жөнелтілді.

Айта кетерлігі, «Сыр маржаны» ЖШС 2015 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Көларық ауылдық округінің Шеңгелді учаскесінде 500 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан болатын. Қазіргі таңда алаңның қуаттылығы 3000 басқа ұлғайды. Заманауи кешенде 20-ға жуық адам жұмыс істейді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы назардан тыс қалмайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.07.2019 17:00

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін білікті де білімді, адал қызмет атқаратын, моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары, халыққа сапалы қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілерді қажет етеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің әрбір ісі көпшіліктің ұдайы назарында. Олар өздерінің іс-әрекеттерімен көпке үлгі болуы тиіс және бұл үдеден шығып жатқандары аз емес. Дегенмен заң нормаларын бұзып, әдептен озып, қоғамның сын садағына ілініп жатқандары да бар.

Мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Әдеп кодексі қабылданып, аймақтарда Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істей бастады.

Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қараумен қатар, Мемлекеттік қызмет заңнамалары мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асырады.

Осы мақсатта биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Департаментпен, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен 332 кездесулер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормалары кеңінен түсіндіріліп, Агенттікпен әзірленген Әдеп кодексінің қойынкітапшасы (Pocketbook) таратылды. Бұл – әдеп тұрғысындағы мәселелер туындағанда басшылыққа алынатын таптырмас құрал. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу, мүдделер қайшылығы кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған.

Жалпы, бұл шаралар мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактілерінің азаюына септігін тигізді. Мәселен, 2019 жылдың 6 айында Қызылорда облысында 342 мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін түрлі тәртіптік жазалар қолданылса, 2018 жылдың осы кезеңінде 486 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған болатын. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген. Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактілері 12-ден 17-ге көбейген. Оның басым көпшілігі облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңеспен 2019 жылдың 6 айында өткізілген 7 отырыста 35 мәселе қаралған. Оның 19-ы немесе 54 пайызы – тәртіптік істер болса, қалғаны профилактикалық бағыттағы мәселелер. Атап айтқанда, мемлекеттік орган басшыларының, аудан әкімдерінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есептері тыңдалып, Әдеп жөніндегі уәкілдермен атқарылған жұмыстар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия жұмысының нәтижелері және өзге де мәселелер қаралды.

Тәртіптік істерді қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен 14 қызметкер әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде 8не Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін, ал 6-ауына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жазалар қолданылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға халықпен тікелей және кері байланыс орнатуға, олардың сындарына, БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға жедел әрекеттер жасау керектігі баса айтылды.

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланған жарияланымдарға күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Департаментпен жүргізілген мониторинг нәтижесімен биылғы жылдың І жартыжылдығында басшылық лауазымдағы 4 тұлғаның тәртіптік істері Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Бұл кеңесте қаралған барлық тәртіптік істердің 21% құрайды.

Мемлекеттік қызметші – бұл халық пен билік арасын байланыстырушы буын. Мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына баға беретін – халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармауы керек. Халықпен байланыс орнатуда кәсібилікпен қатар адамгершілік қасиет ауадай қажет.

Департамент алдағы уақытта да азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытындағы шараларды жалғастыратын болады.

 

Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет

істері  агенттігінің  Қызылорда  облысы  бойынша

департаменті  басшысының  орынбасары,

Әдеп  жөніндегі  Кеңес  хатшылығының  меңгерушісі

 


Қызылордалық «Абзал және К» компаниясы ТМД сыйлығына қатысуда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.07.2019 16:55

Қызылорда облысына өнім және қызмет көрсету саласындағы жетістіктерге арналған ТМД сыйлығының сарапшылары келді. Сараптау комиссиясының сарапшылары Қырғызстаннан келген Динара Аймұрзаева мен Молдовадан келген Наталья Недельчева 2 күн қатарынан сыйлыққа үміткер «Абзал және К» толық серіктестігінің жұмысымен танысып шықты.

Атап өту керек, «Абзал және К» ТС-гі 2017 жылы «Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастыруымен өткен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанған болатын. Компания енді халықаралық сапа саласындағы байқаудың келесі кезеңіне өтінім беріп отыр.

Өнім және қызмет көрсету саласындағы жетістіктерге арналған ТМД сыйлығы – сапалы өнім шығарып, қызмет көрсеткен, сондай-ақ осы саладағы қауіпсіздік саласына аса мән беретін, басқарудың жаңа, заманауи әдістерін енгізген кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, екі жылда бір рет берілетін марапат.

Сыйлықтың мақсаты – ТМД елдері аумағында өндірілетін өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлерді ынталандыру. Сыйлыққа қатысуға өтінім берген кәсіпкерлік субъектісі шығарып отырған өнімдерінің сапасын ең кемі екі жыл дәлелдеуі тиіс және ТМД елдерінің ең азулы екі еліне өнімдерін экспортқа шығарған болуы тиіс.

«Абзал және К» ТС-нің жұмысымен танысуға келген халықаралық сарапшылар компанияның негізгі қызметі – күрішті егуден бастап өңдеуіне дейінгі барлық процесімен, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Нағи Ілиясов ауылын абаттандыру аясындағы жасаған тірліктерін көріп шықты.

Сарапшылармен бірге келген «Атамекен» ҰКП-ның сарапшысы Мәдина Мұқатова: «Абзал және К» компаниясы «Алтын сапаның» жеңімпазы атана отырып, сапа саласындағы сыйлықтың екінші деңгейіне өтіп отыр. ТМД сыйлығына берілген өтініштердің барлығына сарапшылар бара бермейді. Ең алдымен компанияның жолдаған құжаттары алдын ала сараптаудан өтеді. Құжаттар талапқа сай болған жағдайда барып сарапшылар кәсіпкерлік нысанына келіп жұмысын көреді. Мұндай деңгейге жету екінің бірінің қолынан келе бермейді», - деді.

Айта кетейік, «Абзал және К» ТС-гі 1994 жылы құрылған. Қызылорда қаласы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында күріш егіп, алынған өнімді компания зауытында өңдейді. Компанияның екі зауыты бар: Оңтүстік Корея және Германиядан әкелінген. Әр зауыттың қуаттылығы – сағатына 5 тонна. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Ресей, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарында. «Абзал және К» ТС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Нағи Ілиясов ауылына соңғы жылдары 1 млрд теңгеден астам қаржы салған.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ТАЛДЫСУ ЛАГЕРІ АРЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.07.2019 12:25

Арыс қаласындағы 150 бала Жаңақорған ауданындағы «облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығына» тегін демалуда. Арыстық балаларды облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, аудан әкімі Ғалым Әміреев қарсы алып, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Талдысу лагерінде 20 күн бойы балалар жаңа оқу жылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия, түрлі үйірмелерге қатысады. Спорттық секциялар бойынша балалар түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді. Жазғы демалысты жоғары деңгейде өткізу үшін келген балалар қуаныштарын жеткізді.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы жағдайға қатысты Сыр елі түрлі деңгейде көмектер ұйымдастырып, бастамашыл топтарға бірікті.

 


Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары