Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
Шілде 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 6 АЙ ІШІНДЕ 262 ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 17:30

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев өңірдегі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен мекемелер мен  кәсіпорындарда есепті мерзімде 214 тексерулер жүргізіліп (оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінде – 143, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 71), қорытындысымен 262 заңбұзушылық  анықталды»,- деді Е.Жалғасбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, еңбек саласындағы заңбұзушылықтардың 163-і (62%) жеке кәсіпкерлік субъектілерінде, 99-ы (38%) мемлекеттік мекемелерде болған. Оларды жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде 139 нұсқама беріліп (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне – 99, мемлекеттік мекемелерде – 40), оның 129-ы (93 %) орындалған, қалғандары орындалу сатысында.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБЛЫСТА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 17:25

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

"Бүгінгі таңда 507 білім беру мекемесінің 243-і, 411 мәдениет нысандарының 222-сі және 266 денсаулық сақтау нысандарының 144-і, сондай-ақ 640 шағын қазандықтың 353-і жөнделді. Жалпы жылу беру маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді М.Усаин.

Өз кезегінде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов барлық жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауды тапсырды

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 21 600 ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 17:20

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық.

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде 2019-2020 оқу жылына дайындық туралы баяндады.

«Алдағы 2019-2020 оқу жылдарында 1-сыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық. Жалпы, жаңа оқу жылында 293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1-сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды. Қазіргі таңда 1-сыныпқа қабылданатын балалардың мөлтек аудандар бойынша мектептерге орналастыру картасы дайын»,-деді М.Мелдебекова.

Айта кетейік, Жаңақорған ауданында №169 және Жалағаш ауданында №34 мектептің құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Қызылорда қаласында 600 орындық мектеп салынуда, оны қазан айында тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар, 1450 орындық 3 жекеменшік мектеп салынуда.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 мектепке республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Қармақшы ауданы, №27, 30; Жалағаш ауданы, №201). Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 2 мектеп (Қазалы ауданы, №238, Шиелі ауданы, №155 мектеп) күрделі жөндеуден өтуде, ал 288 мектепке ағымдағы жөндеуден өткізілуде»,-деді М.Мелдебекова.

Сондай-ақ, бүгінгі күні облыста балабақшалар да жөнделуде. 2019 жылы Арал, Қазалы аудандарынан 85 орындық  2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылды. Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 320 орынға арналған 1 жеке балабақша қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылорда қаласының әкімдігі «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдауды бастады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 14:40

Жаңа әлеуметтік бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады.

Несие сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда, оларға займ жылдық 2%-бен берілетін болады. Займ сомасы 20 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен пәтерді жаңа және қолданыстағы үйден алуға болады. Немесе жер үй сатып алу мүмкіндігі де беріледі. Ең жоғары займ мөлшері 10 млн теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үй үшін кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Бағдарламаға қатысушылар үшін тағы бір маңызды жайт – жергілікті әкімдіктен жолдама алу керек. Ол отбасының расында да қажетті категория бойынша баспана кезегінде тұрғандығын дәлелдейді. Әкімдік беретін жолдаманы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» несиелік өтінімді берген сәтке дейін алу керек.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42 500 теңгеден аспауы керек (барлық салықтар мен зейнетақы жарналарын шегергенде). Мәселен, егер отбасы 5 адамнан тұратын болса, онда оның жалпы кірісі 212 500 теңгеден артық болмауы тиіс. Яғни, бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан берілетін қаражат болуы керек.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында толығырақ ақпаратты https://hcsbk.kz/the-program-of-development-of-regions/bakytty-otbasy/ сілтемесі арқылы біле аласыздар. Дәл сол жерде, банк бағдарлама бойынша қабылданған өтінім санын, берілген займдар мен жаңа қоныс иелерінің аты-жөні туралы ақпаратты жариялайтын болады.

Анықтама үшін: «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында несие бойынша төлемді есептеу жобасы.

Пәтер құны 10 млн теңге болған жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында төлем мөлшері алғашқы 8 жыл ішінде алдын ала займ бойынша 52 600 теңгені құраса, ал қалған 11 жыл бойы тұрғын үй займы бойынша 36 мың теңгеден төлеп тұру керек.

****

2019 жылы шілденің 22 мен 26-сы (қоса алғанда) аралығында ТКШ ғимаратында жолдама беру үшін құжаттар қабылданады. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, 147-үй. Жұмыс уақыты: 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «РОСКОСМОС» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 09:55

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті және бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Байқоңыр қаласының дамуына бағытталған әрі қарайғы ынтымақтастық және өзара келісім мәселелері талқыланды. Тараптар шілде айының соңында Мәскеуде өтетін «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның VI отырысына облыс әкімдігі ұсынған мәселелерді енгізу туралы айтты. Сонымен қатар, Байқоңырдың ұзақ мерзімді даму бағдарламасына қол қою, кешенде еркін экономикалық аймақ құру, қала тұрғындарының баспанасын жекешелендіру, қалаға кіру тәртібін жеңілдету, коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету, сондай-ақ білім беру стандарттарына қатысты мәселелер қарастырылды. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар кешенді мәселелерді талқылау және шешу үшін алдағы уақытта да осындай іскерлік кездесулерді ұйымдастыруға келісті.

Аймақ басшысы алдымен 1200 орындық №277 орта мектепте болды. Содан соң 7 мөлтек ауданында салынып жатқан 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің үйдің құрылыс барысымен танысты.

Қуанышбек Досмайылұлы жауапты тұлғаларға абаттандыру, қаланы газдандыру, инженерлік желілерді қайта жаңғырту және тұрғын үйлердің құрылысын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

«Тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, тиісті жұмыстарды тамыз айында аяқтау керек. Ең бастысы, жұмыстар сапалы жүргізілсін»,-деді Қуанышбек Ысқақов.

Келесі нысан - 120 орындық Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы.. 2017 жылы пайдалануға берілген емдеу мекемесінің ғимаратында қабылдау бөлімі, жалпы терапия және қалпына келтіру бөлімшесі, күндізгі стационар, амбулаториялық емхана орналасқан. Мұнда тіркелген тұрғындардың 26443-і – ересектер, 14586-сы – балалар мен жасөспірімдер.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Нулевой квартал» қонақүйіне және бұрынғы Байқоңыр медициналық техникум ғимаратына барып, қазіргі жағдайымен танысты. Оларды жалдан шығару және басқарманың теңгеріміне беру мәселелері талқыланды.

«Жалдан шығару мәселесі бойынша және бос тұрған ғимараттарды жөндеп, пайдалану үшін тиісті ұсыныстар берілсін. Мәселені қарап, шешім қабылдаймыз»,-деп атап өтті облыс әкімі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – СЕРПІНДІ ЖОСПАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 09:45

Елбасы айқындап берген­ Ұлт жоспары  «100 нақт­ы қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы­ мемлекет» атты бағдарламасы да мемлекеттік қызметті жаңғыртуға, кәсіби мемлекеттік аппарат құруға негізделген. Бұл жоспар – елді жаңа кезеңге бағыттайтын, дамудың жаңа сатысына шығаратын нақты іс-қимыл.

Кәсіби аппарат құру­дың 15-қадамы азамат­тарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа реформа бір адам таққа қонса, жүз адам атқа қонатын үрдісті артқа қалдырады. Командалық басқару дегенге жол жоқ. Енді мемлекеттік қызметте қызмет ауыстыруға, яғни мемлекеттік қызмет­шінің мансабы оның біліктілігі мен жинақтаған тәжірибесі есепке алынып құралады  және мансаптық  сатының әр баспал­да­ғында ол өзінің кәсіби жарам­дылығын дәлелдейді. Мәселен, осындай ауқымды шара негізінде Қызылорда облысында жарияланған ішкі кон­курстардың нәтижесімен жаңа лауазымдарға қа­былданған 80 тұлғаның 63-і немесе 78,8%-ы жоғары  лауазымдарға таға­йындалған. Міне, Сыр өңірінде меритократия қағидаты тек сөз ғана емес, іс жүзін­де іске асуда. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша жүзеге асы­рылады.  Жыл  басынан  жариялан­ған 103 жалпы конкурс арқылы төменгі лауазымдарға 249 адам қа­тысса, нәтижесінде жеңімпаз атанған 87 адамның 50-і – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушылар.

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушыларға мемлекеттік қызметке тағайындалғаннан кейін 3+3 формуласы бойынша сынақ мерзімі белгіленіп, өз тәжірибесімен  бөлісіп, қызметтің қыр-сырын үйрету үшін оларға тәжірибесі мол мамандар тәлімгер болып бекітіледі. Бұл – жас маманның жауапкерші­лігін арттыратын, өзі атқарып отырға­н қызметке деген тәжірибе­сін  ұлғайтатын маңызды шара. Осылайша, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік қызметке алғаш рет және оны тоқтатқаннан кейін қайта келген 97 тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі белгіленіп, оның ішінде 79 тұлғаға тәлімгерлер бекі­тілген.

Тағы бір айта кететін факт, 2019 жылдың басынан бері қолда­ныстағы заңнамаға сәйкес 69 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті. Олардың қатарында жергілікті атқаруш­ы органдардың – 37, аумақтық мемлекеттік органдардың 32 қызметшісі бар. Ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарының аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын төлеудің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа жүйесі әзірленді. Бүгінгі күні жаңа жүйе Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік қызмет істері агент­тігімен оның аумақтық бөлімшелерінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау об­лысының әкімдіктерінде, Әділет министрлігінің орталық аппараты мен астаналық департаментінде сынап­,  байқаудан  өткізілуде.

Факторлық-балдық шкала негізінд­е  лауазымдардың  барлығы 3 фактор арқылы бағаланатын болады.­ Біріншісі, еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті білім деңгейі, құзыреті және жұмыс тәжірибесі, екіншіден, лауазымға жүктелген міндеттердің күрде­лі­лігінің дәрежесі бағаланады, үшін­шісі, нәтижеге қол жеткізбеу жауапкершілігінің дәрежесі сара­ланады.

Бұл факторлардың әрқайсысына балл шығарылады және олардың жиынт­ығы жаңа еңбекақы жүйе­сінде лауазымның алатын орнын анықтайды. Барлық лауазымдарды бағалау нәтижесінде олар 4 блокқа топтастырылады.

Алғашқы топ жауапты хатшы­ларды, аппарат жетекшілері мен комитет төраға­ларын қамтитын жоғары басшылық құрамды қамтиды. Кейінгісі – негізгі құрам. Үшін­ші топ әрекет ету­ші құрамнан тұ­рады, оларға құқықтық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық және қоғамдық қатынастар үшін жауапты лауазымдар жатады. Соңғысы – әкімшілік және шаруашылық қызметке жауапты лауа­зымдардан тұратын қосалқы құрам.

Жоспардың 10-қадамын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметте маман іріктеудің үш деңгейі енгізілді. Оның ең алғашқысында – үміткерді заңнамалық біліктілігі тест арқылы анықталса, екіншісінде іскерлік қасиеті бағаланады және соңғы сатысы – кәсіби біліктілігіне қатысты әңгімелесуден өту. Жыл басына­н бері заңнамалық тесті­леудің алғашқы кезеңіне 1220 үміт­кер қатысып, 518 азамат оң қорытындыға  ие  болған.

Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында қабылданған мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес биылдан бастап құқық қорғау органдарына жұмысқа алғаш кіретін азаматтар үшін іріктеу рәсімі әкімшілік мемлекеттік қызмет стандартына сәй­кестендірілді. Бұдан былай құқық қорғау қызметіне жұмысқа кіру үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден  өтеді.

2017 жылы «Б» корпусы санатындағы мемлекеттік қызметшілер мемлекет басшысының Жарлығы негі­зінде алғаш рет кешенді аттестат­таудан өтті. Кешенді аттестаттау – Ұлт жоспарының маңызды қадам­дарының бірі. Астана қаласында өткен жоғары аттестатау комиссиясының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 4 мемлекет­тік орган басшысы лауазымынан жоғарылатуға ұсынылды. Атап өту керек, жоғары аттестаттау комис­сиясының қорытындысымен біздің өңірдің мемлекеттік қызметшілері­нің кәсіби даярлығы мен құзырет­тілігінің деңгейіне жоғары баға берілді. Облыс бойынша аттестат­таудан өткен 2663 мемлекеттік қызмет­шінің 115-ін лауазымынан жоғарылатуға, 27-сі лауазымынан төмендетуге, 14-і қызметінен бо­сатылуға ұсынылып, 2507 қызметкер лауазымына сәйкес келеді деп танылды.

 

Еркебұлан   САРЫМБЕТОВ,

ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері агенттігінің

Қызылорда  облысы  бойынша

департаментінің  басқарма  басшысы

 


1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгеріс енді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.07.2019 09:30

Осы жылдың 5 мамырында мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Аталмыш өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енді. Өзгерістер қандай саланы қамтыды? Қандай жаңалықтар бар? Осы сұрақтарға жауап алу үшін Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әйгерім Рахымжановамен сұхбаттасқан болатынбыз. Назарларыңызға ұсынамыз.

- Сәлеметсіз бе, Әйгерім. Мемлекеттік сатып алу қағидаларына енгізілген өзгерістер жалпы қай саланы қамтып отыр?

- Сәлеметсіз бе. Қағидаға енгізілген өзгерістерді негізінен төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Ол – қаржылық орнықтылық, электрондық депозитарий, біліктілікті алдын ала іріктеу, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге демпинг мәселесі.

Қаржылық орнықтылық бірінші кезеңде тек құрылыс саласындағы сатып алуларда қолданылады. Қағидаға сай әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығына жаңа біліктілік талаптары қойылды. Бұдан былай қаржылық орнықтылық 4 өлшемге сай анықталады. Ол – кәсіпкердің кірістері, төленген салықтары, негізгі құралдары, еңбекақы қоры. Бұл ақпараттар автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінен алынып, веб-порталмен тексеріледі. Талап бойынша соңғы 3 жылда әлеуетті өнім берушінің кірістері, яғни айналым қаражаттары әлеуетті өнім берушінің қатысып отырған мемлекеттік сатып алу сомасының ½ бөлігінен кем болмауы тиіс. Мұнан өзге:

- әлеуетті өнім берушінің төленген салықтары кірістің 3%-інен төмен болмауы керек;

- соңғы 3 жылда әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны мемлекеттік сатып алуға бөлінген соманың 1/15 бөлігінен төмен болмауы тиіс;

- әлеуетті өнім беруші жұмыскерлерінің еңбекақы қоры соңғы 3 жылда мемлекеттік сатып алуға бөлінген соманың 1/15 бөлігінен төмен болмауы қажет.

- Расымен де біраз өзгерістер болып жатыр екен. Келесі өзгеріс электрондық депозитарийге қатысты айтып өтіңізші...

- Соңғы уақытта мемлекеттік сатып алу порталында өнім берушілермен берілетін ақпараттардың анықтығына қатысты сауалдар туындап жүр. Сол нақты емес ақпараттарды беру фактілерін жою мақсатында веб-порталда кәсіпкердің жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді, құжаттарды қамтыған «Электрондық депозитарий» функционалы іске қосылды. Бұл дегеніміз – мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптасатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер және құжаттардың электрондық дерекқоры. Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптасатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен Жобалау бойынша жұмыстар жатқызылады. Электрондық депозитарийге соңғы он жылдың ішіндегі құжаттарды әлеуетті өнім берушілер 31 қазаннан кешіктірмей, ал осы жылғы жұмыс тәжірибесін  31 желтоқсанынан кешіктірмей салу керек.

- Сұхбатымыздың басында мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың біліктілікті алдын ала іріктеу жүзеге асырылатынын да айтып едіңіз...

- Осы жылдың мамыр айында Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілі арқылы біліктілікті алдын ала іріктеу арқылы жүргізілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітті. Тізбеге сай біліктілікті алдын ала іріктеу құрылыс-монтаж жұмыстарына, жиһаз өніміне, жеңіл өнеркәсіп тауарларына, сенімді бағдарламалық қамтасыз ету және электрондық өндірістік өнімдер Реестріне енгізілген бағдарлама қамтамасыз ету және электрондық өндірістік өнімдер тауарларына, «электрондық үкімет» объектілерін ақпараттандыру бойынша жасау және дамыту қызметтеріне қолданылады.

Осы жерде тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты демпинг мәселесіне тоқталып өткім келеді. Қағидаға сай жоба-сметалық құжаттар жасау, экспертизадан өткізу, ағымдағы жөндеу, техникалық бақылау жұмыстарынан басқа барлық жұмысқа 20% демпинг белгіленді. Енді конкурстық баға ұсынымы 20%-тен төмен болса, жеңімпаздар анти демпингтік соманы қамтамасыз етуге міндетті.

- Әйгерім, сұхбатыңызға рақмет. Жақсы, сау болыңыз.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БРИГАДАЛАРЫ АЙ СОҢЫНА ДЕЙІН АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫН АЯҚТАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.07.2019 12:20

Бүгінгі күнге 145 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, 102 үй қалпына келтірілуде және 6 үйдің жөндеу жұмыстары басталды.

Арыс қаласында орналасқан тұрғын үйлердің Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақта 14 көше барлығы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

"Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары  аймақтар арасында 17 секторға бөлінген, №6 учаске Қызылорда облысына бекітілген – мұнда  254 жеке тұрғын үй, олардың бірі толық қалпына келтіруді талап етеді және 15 нысан орналасқан. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге біздің облыстың 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған,  барлығы 186 адам  жұмыс істеуде. Шілде айының соңына дейін барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласында Сыр өңіріне бөлінген нысандарды жөндеу жұмыстарымен танысып қайтқан еді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 9-18 тамыз аралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының "Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында" тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.

2800 астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай  көмегін көрсетті.

Мәселен, «Аралтұз» АҚ Арыс қаласының тұрғындарына өз қаражаты есебінен бір күндік жалақы қорынан материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, зауыттың 500-ден астам қызметкері «Аралтұз» АҚ басшылығының бастамасына қолдау білдірді және зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік табысын қосымша қорға аударды.

«Біздің кәсіпорын да әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, барлық қазақстандықтар үшін қиын кезеңде отандастарымызға қолдау көрсетуді жөн санайды», - деді «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«ТОЛҒАҚТЫ» ТОҒЫЗ МӘСЕЛЕ һәм ТОҚАЕВТЫҢ «ТОҚПАҒЫ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
18.07.2019 12:30

ЭКОНОМИКА   САУЫҚТЫ   МА?

 

Жаһандық экономика дәлізіндегі іргелі өзгеріс­тер мен пайымды процестерге қарап, «даму деңгейіміз тұрақты» деп тоқмейілсігеніміз жөн болмас. Буыны бекіп, қабырғасы қатып тұрған елдердің өзіне экономикалық кедергілер бағытталып, сауда санкциясы салынуда. Бұл жайттар­ «сай-сүйегі сырқырап» тұрған ел экономикасы үшін жаңа мақсаттарға мойын бұрып, тың жобаларға жетуге ұмтылдыруы тиіс. Өйткені 2050 жылға қарай озық дамыған 30 елдің тізімінде тұру – айқындалған мақсат. Ал біз ол көрсеткішке жету үшін небәрі шетелден тікелей инвестиция тартып, халық болып көтерген келелі­ мәселелердің бетін жылы жауып, жыл сайын сандық­ көрсеткіштерді «сайратумен» келеміз. Одан бөлек бағытын білсеңіз, мархабат!

Рас, қазіргі күні әлі сауығып үлгермеген экономи­камыздың буынында бағыт жоқ. Сәт сайын өзгеріске ұшырап, жыл қорытындысында «желкесі тартылып» қалады. Бұл тіпті қалыпты жағдайға айналып барады. Оған одақтас, еншілес­, көршілес елдердің сауда нарығындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктердің ушығуын қосыңыз. «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» деп айтуға да болар еді, алайда қазан қақпағы ортақ болғаннан кейін сыртқы факторлар шекара айналып­ өтпейтіні тағы бар. Апта басында мемлеке­т басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың алғаш рет өткізген Үкіметтің кеңейтілген отырыс­ында индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты макроэкономикалық дағдарыс мәселесін шешу, бюджет­ қаражатын тиімді пайдалану, өмір сапасын­ арттыру, білім мен денсаулықты қорғау жүйесін жетілдіру, территориялық даму мәселесі және мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру секілді «толғақты» тоғыз мәселені көтеріп, көпшіліктің тынысын кеңейткен­дей  болды.

- Қаңтар-маусым аралығында жақсы көр­сет­кіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 пайыз болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өсті. Әрине, атал­ған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халық­тың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс, - деді елдің жартыжылдық әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен жиынның шымылдығын ашқан­  мемлекет  басшысы.

 

ӘКІМДЕРГЕ  АЙТҚАНЫ...

 

Жаңа басшының мемлекет үшін қандай мүдделерді айқындайтыны бүкіл елдің қызығушылығын тудырғаны рас. Алдымен индустрияландыру бағытында атқарылып жатқан шаруаларға және «қарапайым заттар экономикасын» дамытудың маңыздылығына тоқталды. Біз осы мәселеге келгенде аяқ тартып, жалқаулық жар бермей тұр. Жиһаз, тамақ, тоқыма, құрылыс салаларының мүмкіндіктері әлі толық іске асқан жоқ. Тіпті бұл бағытта Елбасы 600 млрд теңге қарастырды, бүгінде екінші деңгейлі банктермен жалпы сомасы 41 млрд теңге болатын 92 жоба ғана жұртқа қызмет етуде.

– Инвестиция тарту керек. Әкімдерге айтарым, сіздер инвестиция тартумен айналысуларыңыз керек. Кейде мен теледидардан сіздердің кәсіпкерлер мен инвесторлар делегациясын қалай қабылдайтындарыңызды көремін. Бұл жарамайды. Өздеріңізді бір князьдік басшы секілді сезініп, үстелдің басында 3-4 метр алшақ отырып аласыздар. Инвестиция тартуға сіз емес, олар мүдделі секілді. Сіздер өздеріңізді үлкен бір бастық етіп көрсетпей, жұмыс істеулеріңіз керек. ... Менің үкіметке тапсырмам – үшінші бесжылдықта индустриализациялауға  баса мән беру. Әрбір  іске прагматистік  көзқараспен қарау шарт. Қиялдан  зәулім сарай  тұрғызуды  доғарыңдар! - деді президент Тоқаев министрлер мен әкімдерге мін тағып.

 

ЖИНАЛҒАНДАР  НЕГЕ «ЖИЫРЫЛЫП»  ҚАЛДЫ?

 

Кәсіпкерлік саласын дамытуға да ерекше назар бөліп отырған Тоқаев бұл жолы тым қатты айтты не тым қатты қорқытып жібергендей көрінді. Кәсібін дөңгелетушілердің алдынан ешқандай «жартас» көргісі келмейтін ол кәсіпкерлерге кедергі келтіргенді түрмеге тоғытатынын айтты. Бұл оның әзірге тәсілі ме, принципі ме, әйтеуір жиналғандар бұл сөзге кірпідей «жиырылып» қалды. Айтпақшы, осындай тексерулер мен заңсыздықтан қорғалған қазақстандық кәсіпкерлердің өзі инвестор болуға жарап тұр. Бірақ...

– Біздің экспорт жолымыз қиын, санкциялық соғыстардың салқыны бар, оның үстіне Иран арқылы шығатын транзиттік жол да өзінің кері әсерін тигізуде. Каспий теңізі арқылы жүретін транзиттік жолдың бағасы өсті. Қазір бізде бұдан да бөлек мәселелер баршылық. Мына нәрсеге баса назар аударғым келеді: бірнеше жыл бойы Қазақстанның капиталы сыртқа кетіп жатыр. Өзіміз қолдаған кәсіпкерлердің қазір көптеген жаңа бастамаларға инвестор бола алатын шамасы бар. Бірақ олар барлығын шетелге тасиды. Неге? Міне, осындай ішкі мәселелерді реттейтін заң қажет, - деп президентке назын жеткізді ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.

 

«ЖЕР  ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАЙДЫ»

 

Басты бағыт, жүйелі жоспар негізіндегі мәселелердің шешімі нақты қабылданатыны белгілі. Бабаларымыздың ерлігінің көрінісі, аманатының «сарқыты» – жер  мәселесі бүгінде  өзектілігін  жойған жоқ. Халықтың бойында «шетелдіктерге сатып жібереді» деген үрей әлі де бар. Кемелұлының өткізген келелі жиынында бұл даулы мәселенің де мәні табылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді рациональды қолдануды бастады. 2021 жылы «Жер Кодексі» бойынша мораторийдің аяқталуына байланысты ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге тыйым салынады. Ал халық көкейіндегі сұраққа қатысты ел президенті «жер шетелдіктерге сатылмайды» деп кесіп айтты.

Тағы бір өзектілігін жоймайтын мәселенің бірі – министр ауысқан сайын өзгеріске ұшырайтын білім бағдарламасы. Премьер-министр Асқар Маминнің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» бекітілмек. «Барлығы   500 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде өздігінен қаржыландыру есебінен 100-ден астам жекеменшік мектеп, бұдан бөлек мемлекеттік-жекешелік кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылады» деп сүйіншілеген Маминнің айтуынша, алдағы үшжылдықта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының барлығы жаңа білім бағдарламасына сәйкес білім алуға көшеді.

 

АРЫСТАҒЫ  ӘСКЕРИ ҚОЙМА  КӨШІРІЛЕДІ

 

Ел басшысын елдегі соңғы ахуалдар мен толқынды үн қатулар алаңдатса керек, барлық мәселенің жанынан жонып ғана өткен жоқ, астарына үңіліп, себебі мен салдарын анықтауға тырысты. Әсіресе Түркістан облысындағы Арыс қаласының мән-жайын жіті өзі қадағалайтынын айтты. Ондағы күрделі ахуал жақын арада қалыпқа түседі. Десек те, арыстықтардың қорқынышы басым. Он жылдың ішінде төрт рет жарылған қойманың халық қоныстанған жерден алысқа көшіруін сұраған еді. Бұл талап та көп ұзамай орындалатын түрі бар.

– Әскери қоймада болған жарылыс салдарын түпкілікті жою – ең өзекті мәселе. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті қаражатты бөлді. Уақыт өте тығыз. Премьер-министрге және әкімдерге осы мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын. Қорғаныс министрлігі әскери қойманы көшіру жұмыстарын ұзаққа созбай, қысқа мерзім ішінде аяқтау қажет, - деп Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевке қатаң тапсырма берді президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы – ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы. Ел тағдырына қауіп төндіріп, жердің «талқанын» аспанға ұшырған Арыстағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты таяқтың бір ұшы өзіне де бағытталады. Сол себепті ол Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев басқарып отырған ведомство жұмысына қанағаттанбайтынын ескертіп, қатаң сөгіс жариялады.

Бұл – жаңа президенттің ел алдына шығып өткізіп тұрған алғашқы кеңейтілген отырысы. Бұған дейін Елбасының өзі өткізген жиын барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен болашағы айқындалған жоспарлар бекітілсе, бұл жолы түйінді мәселелер тарқатылды. Мүдде – ортақ, мақсат – біреу – халықтың өмір сүру және тұрмыс сапасын арттыру. Келелі кездесуден кейін мемлекет басшысы республикалық маңызы бар облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Онда ол әкімдердің барлығына өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін олардың алдына бірқатар міндеттер қойып, халықтың талап-тілектерін жүйелеуді тапсырды.

 

Н.ҚАЗИ

 


ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ТОЙ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
18.07.2019 12:20

«Жарты ғасырдан соң қолға алынған балықшылар тойы қазір дәстүрлі мерекеге айналды. Облыс әкімі­нің  қолдауымен  2015 жылдан бастап Қамбаш көлінің жағасында Арал өңірі балық­шыларының слеті ұйымдастырылып келеді. Аталмыш шара тұтас өңір­дің келе­шегіне деген сені­мін, бағын­дырған жетіс­тігін баршаға паш ететін тағылы­мды жүздесу бол­ғаны анық. Мұның өзі – тарихты­  таразылаудың  айнасы­»  дейді  Арал  ауданындағы  ел  ағалары.

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық». Шілденің қапырық аптабы көл жағасында саябыр тартқандай. Қайда қарасаңыз да, шаттыққа толы жадыраған жүздерді көресіз. Шара барысында «Арал – тектіліктің тұраны, тұңғиық теңіз тұрағы» тақырыбында жағалау мен айдын бетінде көпшілік назарына ұсынылған тағдырлары теңізбен ұштасқан жандардың өмірінен сыр шертетін қойылым, аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама той ажарын аша түсті. Балықшылар қауымының V слетіне  облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, балық шаруашылығы саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен аймақтағы балық шаруашылығының ардагерлері, Түркістан мен Ақтөбе облысынан келген меймандардың қатысуы «қуаныш бөліссе көбейеді» дегеннің рас екенін аңғартқандай.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалы базасындағы «Тауарлық балық шаруашылықтарын дамытудың мүмкіндіктері» атты ғылыми-практикалық конференция шын мәнісінде, аталмыш саланың қыр-сырын игерудің соны қырын ортаға салғандай әсер қалдырды.

Слеттің келесі күні көпшілік балық өнімдері мен «Тіршіліктің нәрін бөліскен!» айдарымен балықшылардың өмірі мен тыныс-тіршілігін баяндайтын көрме, аймақтың балық шаруашылығының даму тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, саланың үздіктері мен ардагерлерін марапаттау рәсімін тамашалады.

V балықшылар слетінің ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев облыстағы балық шаруашылығының дамуы туралы айта келе, Кеңес заманында Арал өңірінен бірқатар Кеңес Одағының батыры, Социалистік еңбек ерлері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары шыққанын, сол игі дәстүрдің қазіргі таңда да жалғасып келе жатқанын, ел ықыласына бөленіп жүрген Нұрбек Әйімбетов, Аманбай Ерхатов, Төребек Игіліков, Батырхан Пірекеев, Табын Аленов, Шүкірбай Абдуалиев, Ақылбек Байқошқаров, Сәрсенбай Қошқарбаев, өзге де кәсіпкер азаматтардың еңбегі қандай мақтауға да лайықты  екендігіне тоқталды.

Мұнан соң ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов, балық шаруашылығының бұрынғы министрі, қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов өздерінің ақжарма тілектерін білдіріп, сала үздіктері мен ардагерлері түрлі марапаттармен мадақталды.

Нақты кезеңде Арал өңірінде 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. «Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық», «СДО Қарашалаң» ЖШС-нің балық өңдеу зауыты балықты терең өңдеумен айналысса, «Бөген СДО», «Қуаныш», «Ар-М-Кон» шағын балық өңдеу зауыты балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен шұғылданады. Балық өңдеу саласындағы 31 балықшылар бригадасында 405 адам еңбек етеді. Балықшылар бригадасы көптеген өздігінен жүретін, өздігінен жүрмейтін флот, үлкен және шағын кемелер, құрма, кермеше ау, жылыммен қамтамасыз етілген. Слет барысында кемелердің шеруін тамашалаған жандар керемет көріністің куәсі болып, ерекше сезімге бөленді. Осылайша балықшылар тойы дүркіреп өтті.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Өңір жұртшылығының ортақ іске жұдырықтай жұмылуы, ағайын арасындағы береке-бірліктің арқасында Арал өңірі уақыт өткен сайын кемелдене түсуде. Теңіздің жандануымен мұндағы қабырғалы қауымның тұрмыс-тіршілігі оңалып, балық шаруашылығы аймақ экономикасының салмақты бөлігіне айналды. Заманауи технологиямен жабдықталған балық өңдеу зауыттарында ауданда ауланып, өңделген балық түрлері Еуропа мемлекеттеріне экспортталып жатыр.

 

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Арал  ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары