Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019

БИЗНЕСТІҢ КЕДІР-БҰДЫРЫ КӨП PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
15.08.2019 11:55

Фердоуси  ҚОЖАБЕРГЕНОВ,

облыстық  кәсіпкерлік  және  туризм  басқармасының  басшысы:

 

– Фердоуси Әбілқасымұлы, облыста­ кәсіпкерлік саласын дамытуға байланысты миллиардтаған қаржы бөлінді. Мәселен, былтыр 32 млрд теңге, биыл әртүрлі қаражат көздерінен 34 млрд теңге қаралды. Осынау көрсетіліп жатқан көмекті халық қаншалықты  тиімді пайдаланып   жатыр?

– Жалпы, кәсіпкерлік саласының ауқымы кең. Денсаулық саласына да, ауыл шаруашылығы саласына да, энергетика саласына да, құрылыс саласы­на да қатысы бар. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражатты жеткізуге және үйлес­тіруге кәсіпкерлік және туризм басқармасы жауапты. Былтыр «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» үш жылдығы жарияланды. Биыл Жол картасы әзірленіп, әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд теңге  жұмса­ла­ды  деп жоспарлануда. Оның ішінде 5 млрд теңгесі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелер және мемлекеттік гранттар беруге бағытталып отыр. Биыл  мемлекеттік  гранттар  үшін 31 млн теңге бөлінді. Оның 21 млн теңгесі жас кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытт­алды. Конкурсқа  қа­тысуға  473 өтінім қабылданып, кон­курстық комиссия шешімімен 84 жоба қаржылай қолдау тапты, оның ішінде 44 жоба жас кәсіпкерлердің үлесінде. Атап өтетін жайт, облыс жастар­ы  кәсіп  бастау­ға  ынталы.

– Қызылордалықтардың дені кәсіптің қай түріне бейім? Ұсынылған жобалардың басым бөлігі қай салаға бағыт­талған?

– Сыр өңірі аграрлы аймаққа жатад­ы. Сондықтан ұсынылған жобала­рдың көпшілігі ауыл шаруашылығы саласына негізделген. Әсіресе, жерлестеріміз мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, бау-бақша өнімін өндіруге ынталы. Өкінішке қарай, облыста өндіріс орындары тым аз. Сол себепті кәсіпкерлер тұрғындар тұтынатын тауарларды сырттан тасымалдайды. Мәселен, былтыр облыста бөлшек сауданың жалпы көлемі 266 млрд теңгені құраған. Десе де, тауарды сырттан әкелу әрқашан тиімсіз. Бұған қарамастан, адамдар саудамен айналысуға құмар. Неліктен? Өйт­кені, мұнда жолын тапсаң, табысты тез табуға болады. Тағы да қайталап айтайын, тауарды сырттан тасымалдау оңай шаруа емес.

Ал соңғы жылдары облыста өндіріс саласына бет бұру байқалады. Ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімді молайтуға бағытталған шарала­р, өндіріс орындарын ашу сынды жұмыстар ақырындап қолға алынып жатыр. Жаңа өндіріс орындары анау айтқандай көп емес. Жалпы­ алғанда, облыста ауыл шаруа­шылығы мен құрылыс саласы қар­қынды  дамыған.

– Ел «кәсіп бастауға қыруар құжат дайындау қажет» дейді. Осының ара-жігін ажыратып, толық түсіндіріп беріңізші. Кез келген азамат бизнесін нөлден бастау үшін қандай  қадам  жасауы­   тиіс?

– Бүгінгі таңда кәсіпкер ретінде тіркелу бұрынғыға қарағанда жеңіл. Өздеріңіз білесіздер, E.gov порталы іске қосылды. Онда не істеу керек, бәрі тайға  таңба басқандай жазыл­ған. Порталдағы ақпаратқа түсінбеген жағдайда, кәсіпкерлікті дамыту ортал­ығына келіп, мамандарының көмегіне жүгінсе болады. Есігіміз әрдайым ашық. Айта кетейін, мұн­дай орталық Қызылорда қаласынан бөлек, барлық аудандарда жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында да бар. Біздің қызметкерлер тиісті құжаттарды жинап,­ кез келген  азаматтың  іс бастауына  жәрдем  жасайды.

«Бизнесті дамытудың 2020» мемлекеттік бағдарламасында ұсыныл­ған жобаларға қайтарымсыз қаржы беру қарастырылған. Дегенмен, кез келген адам грант иегері атана алмайды. Ол үшін елді елең еткізетін жоба дайындауы қажет. Бұған қатысу үшін қандай құжаттар керек? Мем­леке­ттік  гранттар  беру  қағида­ла­ры­на сәйкес конкурстық іріктеуге арнал­ған өтінім; заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі; бюджетке қарызы жоқтығы туралы анықтама; өтінім берілген кезде жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен бекітіл­ген өтініш; бизнес жоба; жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжат; оқудан өткендігі туралы серти­фикат (2 жыл) қажет. Тұрғындар  сертификаттың керегі қанша деп түсінбеуі мүмкін. Бұл мемлекеттің кешенді жоспары ғой. Шыны керек, бизнестің кедір-бұдыры көп. Құл­дырау да, даму да бар. Мұндай жайт кез келген кәсіпкердің басынан өтеді. Кәсібін енді бастаған адам да мұндай проблемамен бетпе-бет келеті­ні сөзсіз. Сондықтан мемлекет  кәсібін бастауға ынталы азаматтарды бизнестің қыр-сыры туралы оқытып, білім береді. Содан кейін мамандар идеясын іске асыруға көмек  көрсетеді. Жобасын әзірлеген соң конкурсқа ұсынады. Егер бизнес-идеясы шынымен де ұтымды болса, ешқандай кедергісіз грант иегері  атана  алады.

Тағы бір ескерте кететін жайт бар. Көпшілігі мұны түсінбей жатыр. Мүмкін ақпараттың дұрыс жеткізілмегендігінен шығар. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке байлан­ысты. Рас, бизнес бастау  үшін аз-кем қаржы немесе өзіңе тиесіл­і дүние болады ғой. Дымнан дымсыз іске кіріспейтініңіз анық. Мысалы, 1 млн теңгенің жобасы болса­, 100 мың теңге болуы тиіс. Мұндай қаржы біреуде бар, біреуде жоқ. Не істеу керек? Айталық, шеге шығаратын шағын цехты іске қос­қыңыз келеді. Істі жүргізуге алған шамалы құрал-жабдығыңыз болса, соны  бизнеске  10 пайыздық  үлесіңіз ретінде  қосуға  болады. Бар  бол­ғаны осы.

– Қазір «облыста шағын және орта бизнес қарқынды дамып жатыр» деген ақпараттардан көз сүрінеді. Оның 80 пайыздан астамы тұрақты жұмыс істеп тұр дейміз. Ал шындығында, аймақта жұ­мыссыздық  мәселесі әлі де күрделі. Неліктен? Жаңа жұмыс орындары ашылса, тиісінше, жұмыссыздық азаюы  керек  емес  пе?

– Бұл өте өзекті сауал. Иә, жұмыссыздықты жою – күн тәрті­біндегі негізгі мәселе. Мемлекет басшыс­ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың имидждік жобаларды қысқартып, бюджет қаржысын тиімді пайдалану туралы тапсырмасы бар. Біздің алдым­ызға қойылған мақсат – осыған дейінгі қолдау шаралары аясында іске  қосылған  жобалары бақылауға алып, нақты жұмыс істеп тұр­ғандарының тізімін жасау. Жасыратыны жоқ, бұрын кәсібін бастаған азаматтарды бір жыл сүйемелдеп, кейін назардан тыс қалатын. Олар шаруа бастағаннан кейін екі-үш жыл табысты жұмыс істеп, кейін тоқырауға тап болып, кәсібін тоқтатады. Ал құжат бойынша әлі жұмыс істеп тұруы мүмкін. Аталған шаралар осы олқылықтың орынын толтыруға бағытт­алған.

Бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарын түгендеу  шараларын қолға алдық. Біз облыстағы белсенді кәсіпкерлер­дің үлесін  92,4 пайызға  жеткізуді көздеп отырмыз. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарында өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51078 бірлікті құрап, осы жылдың 1 шілдесінде оның  саны 51274-ке  жетті. Яғни, жыл басынан  бері өңіріміздегі тіркелген ШОБ субъектісі  небәрі 196 бірлікке көбейген. Бұл өзге өңірлермен салысты­рғанда төмен. Дегенмен, біз санды қумаймыз. Алайда саннан сапа шығатынын ұмытпаған  абзал.

Кешегі облыс әкімдігінде өткен аппарат отырысында да бұл мәселе егжей-тегжейлі  талқыланды.  Салық түсімдеріне де байланысты сөз болды.­ Егер тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы тұрақты жұмыс істеп тұрса, тиісті салық мөлшері  неге  түспейді?  Аймақ  бас­шысы­ Қуанышбек  Досмайылұлының аталға­н мәселеге қатысты айт­қан  сын-ескертпесі  өте  орынды.

– Кәсіпкерлердің   жүйкесін  жұқартатын мәселенің бірі – әкімшілік кедергі­лер. Мұның алдын алу үшін мың сан шаралар  қолға алынды.  Дегенм­ен, әкімшілік кедергілер түбе­гей­лі  жойылды  деп  айта  алмай­мыз...

– Жасыратыны жоқ, қоғамдағы кейбір наразылықтар мен үкіметтік бағдарламаларға сенімсіздіктің де түп-төркіні әкімшілік кедергілерде жатыр. Осы мәселені жою мақса­тында мемлекет тарапынан кешенді жоспар қолға алынды. Оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегі көп. Мәселен, кәсіпкерлерді қолдау орталығы мен табиғи монополистер меморандумға отырған.  Соның аясында орталық қызметкерлері сенімхат негізінде кәсіп­кердің құжаттарын электронды формат­та қабылдап алып, монополистердің электронды поштасына жібереді. Тиісті құжат сол күні-ақ қабылданады. Ортақ база бар. Қабылданғаннан кейін бес күн ішін­де  техникалық шарт кәсіпкер­дің қолына тиеді. Бұрын бұл жұмыстар    1 айға жуық созылатын. Бұл – кәсіп­керлер үшін таптырмас мүм­кіндік. Міне, осындай шаралар легі жүзеге асуда. Дегенмен, бұл жұмыстар  әлі де аздық етеді. Мәселен, жер аук­циондары өте ұзаққа созылып жатады. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2019 жылдың 5 айында берген мәліметіне сүйенсек,  былтырғы жылға қара­ғанда кәсіп­керлердің мемлекеттік органдарға деген  шағымы 18  пайыз­ға  өскен. Меніңше, бизнесті дамытуда мемлекеттік  саясат  оң  жолға қойыл­ған.­ Десе де, заңда барлығы көр­сетіл­генімен, әріптестеріміздің, жергі­лікті жерлердегі орындау­шылар­дың тарапынан білім-білік­тілі­гі­нің  жетіс­пеуі  байқалады. Кедіргіні ешкім әдейі жаса­майтыны белгілі  ғой. Бүгінгі таңда түскен арыз-шағымда­рды зерттеп, оның алдын­ алу  шара­ларын  қолға алдық. Мақсат – арыз-шағымды  азайту  емес, енді қайталанбауына  жол  бермеу.­

Ең алдымен біз заңды адам және оның құқығы үшін шығаратынын ескеруі­міз қажет.

– Облыста туризм сала­сы­ның даму динамикасын  қалай   бағалайсыз?

– Туризм – ішкі және сыртқы туризм­ болып екіге бөлінеді. Биыл туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Түпкі мақсаты – ел экономикасын көтеру. Бүгінгі таңда туризм саласы ел эконо­микасының 1 пайызын ғана құрайды.­ Бағдарлама шеңберінде 2025 жылы мұны  8 пайызға  жеткізу  жоспарлан­ған.  Дамытуға  жататын  бағдар­ла­ма­да­ 30 жоба бекітілген. Оған біздің облыс­тан 3 жоба еніп отыр. Атап айтқанд­а, Байқоңыр қалашығы, «Жаңақорған» шипажайы, «Қамыстыбас» демалу аймағы. Байқоңыр қалашығы республикалық ТОП-10 жобаның қатарына қосылды.  Бұған байланысты мемлекет тарапынан «Байқоңыр» арнайы экономикалық аймағын құру тұжырымдамасы жасалды.­ Әрине, толық шешім қабылданған  жоқ. Бұл  үкіметаралық комиссияның шешімімен қабыл­данады. Аталған аймақта «Байқоңыр» ойын-сауық аумағы құрылады. «Жұлдызды қалашыққа» келген туристе­р сонда демалып, одан кейін «Қамыстыбас» жағалауында тынықса, керемет емес пе? Бүгінгі таңда аталған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Жобамен 32-34 млрд доллар жұмсалады деп жоспарланып отыр. Оның барлығы үкіметтің есебіне­н салынбайтыны белгілі. Инвес­торлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылмақ. Жақында облыс әкімінің орынбасары, Байқоңыр қаласындағы өкіліміз Бақытжан Намаев­  пен  кореялық KISAT  компаниясының арасында екіжақты меморан­думға  қол  қойылды.

Жасыратыны  жоқ, «Қамбаш» көлі Алакөлдің, Ыстықкөлдің деңгейіне жете қойған жоқ. Тек бір ғана артықшылығы бар. Қамбаш «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан. Үкімет қажетті инфрақұрылымды жеткізіп берді. Дәл қазір «Қамбашты» дамытудың екі бағыты бар. Қайсысы дұрыс? Бірі – жоба дайындап, бюджеттен қаржы бөлу, екіншісі – сондай жұмыс істеуге ниетті кәсіпкерге жалға  беру. Бұл мәселе әлі де талқылану үстінде. Сондай-ақ, туристік саланы жетілдіруге бірқатар жобалар бар. Қазалы ауданының маңайында, автожолдың бойында «Қашқансу» деп аталатын жер бар. Арлы-берлі ағылған жолаушылар сонда бір сәт тынығып, балық аулап, ас ішіп, аяқ суытып алатын жерді  жасау жос­парда­  бар. Ұлттық  нақышта.

Сонымен қатар мәдениет басқармасымен де бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз жетерлік. Өкінішке қарай, облыста тур-операторлар жоқ. Тек турагенттіктердің өкілдері ғана бар. Киелі орындарға саяхат ұйымдастыру шаралары басталып жатыр.

Қорыта  айтқанда, кәсіпкерлікті дамытудағы басты мақсат – ел экономикасын күшейту. Оны жүзеге асыруға бағытталған шаралар легі жалғаса бермек. Нәтижесі уақыт еншісінде.

– Уақыт  бөліп, сұхбат бергеніңізге­ рақмет! Қызметіңізге  табыс  тілей­міз!

Әңгімелескен

Қозы  Көрпеш    ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


«САНА ТАЗАРМАЙ, ҚАЛА ТАЗАРМАЙДЫ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
15.08.2019 11:40

Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

Алдымен Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы есеп берді. Елді мекендегі қолға алынған жобаларды тілге тиек еткен ол ауыл халқын алаңдатқан мәселелерді де жайып салды. Оның айтуынша, Қараөзек бекетінде орналасқан 127 үйдің 35-і  теміржол бекетіне қарасты электр  желісіне  қосылған көрінеді. Кеңес үкіметінің тұсында. Тозығы жеткен подстанцияның 35 үйді жарықтандыруға күші жетпейді екен. Сондықтан оған жауапты мекеме  электр  қуатынан ажыратпақ. Ал ауылға «Қызылорда қалалық электр тарату торабы» мекемесінің орнатқан подстанциясының да жағдайы анау айтқандай емес. «Қазіргі таңда жаңадан электр подстанциясын салудың қажеттілігі туындап отыр» дейді ауыл  әкімі.
Сонымен қатар Қараөзек халқын қаламен байланыстырып отырған жалғыз көпір апатты жағдайда деп танылған. Осындай түйткілдерді ортаға салған ауыл әкімі қала басшысынан шұғыл түрде аталған мәселені шешуге ықпал етуді сұрады.
Өз кезегінде Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Роза Боханова ауылда бұқаралық  спортты дамытуға байланысты нендей іс-шаралар өткізіліп жатқандығын  сұрады.
– Ауылдық округке қарасты екі елді мекенде спорт кешені жоқ. Дегенмен, мектептің спорт залында түрлі спорттық шараларды ұдайы өткізіп тұрамыз. Спорт нысандарын салу туралы мәселе бұған дейін де көтерілген, - деп атап өтті Сәкен  Нысанұлы.
Бұл ретте қала әкімі жекеменшік әріптестік аясында  салынып жатқан нысандарды бақылауға алу керектігін ескертті. Оның сөзінше, бұған жұмсалған кәсіпкердің қаржысын мемлекет өтейтін болған соң құрылыс жұмыстарын назарда  ұстаған  жөн.
– Әр ауылға 300-400 млн теңгеге спорт кешендерін тұрғызуға мүмкіндік жоқ. Оның қайтарымы бар. Егер кәсіпкерлер өздері салып беремін десе, құба-құп. Сондықтан әзірше қолда бар дүниені пайдаланған  дұрыс, - деді Н.Машбекұлы.
Сондай-ақ, ол жекеменшік әріптестік аясында салынған нысандардың онсызда көп екендігін алға тартты.
Бұдан соң «Қызылорда тазалығы» ЖШС директоры Марат Жаркеткенов баяндама жасады. Ол жыл басынан бері атқарған жұмысын жіпке тізді. Тазалық шараларын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан шаруалар жөнінде айтып берді. Дегенмен, бұл тұрғыда да түйткілдердің бары белгілі. Әсіресе, әлеуметтік желіде қала тазалығына қатысты сын-ескертпе өте көп. Мұны серіктестік басшысы техниканың аздығымен  түсіндірді. Өз кезегінде Н.Машбекұлы да аталған проблеманы жоққа  шығармады.
– Рас, серіктестікке осыдан 6-7 жыл бұрын техникалар алып бердік. Олар 24 сағат тынбай жұмыс істейді. Техникалардың тозығы жетті. Серіктестіктің техникалық базасын жаңалау керек. «Сана тазармай, қала тазармайды». Біз осыны  тұрғындарға түсіндіруіміз  қажет, - деп атап  өтті.
Сонымен қатар шаһар басшысы «Қызылорда тазалығына» 200-ден аса көшеге тазалық жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінетінін жеткізді. Алайда бүгінгі таңда қалада 800-дің үстінде көше бар екен. Оның барлығына техниканың жетпейтінін ашық айтты.
Мәжіліс соңында қала әкімі көтерілген мәселелерге орай тиісті сала басшыларына тапсырмалар  жүктеді.

 


Халық-хабар

 


«ЖАЙЫЛМА ШЫРЫНЫ» ШЫҒАРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.08.2019 11:35

Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезде қарашаға қарбызымен танылып,  қадірі артқан елді мекеннің қадамына қуанып қайтқанбыз. Өз-өзімізді алдап қайтейік, уақытында санамызда сенбестік отының «сарқыты» сақталып, жағымды жаңалықты ми қатпарымыз қабылдай да алмаған еді.

Басынан бастасақ. Брифинг барысында аудан әкімі «Жаңақорғанда жаңалық көп» деп қалды. Әлбетте, жақсы жаңалықты меңзегені бал-бұл жанған  бет-бейнесінен байқалды. Тың ақпаратты тыңдап қалуға біз де барынша тырысқанбыз.

- Жаңақорған ауданында биыл қарбыз шырыны өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оны қаржыландыруды неміс компаниясы өз міндетіне алды. Өндіріс орны сағатына 2700 литр шырын өндірмек. Елімізде мұндай кәсіпорын қазір тек Алма­ты қаласында бар. Онда алмадан табиғи шырын өнді­ріледі. Бізде қарбыз дақылы Жайылма ауылында егіледі. Бұл елді мекен тұрғындары бақша дақылдарын өндіруге машық­танған. Неміс инвесторлары тек өндіріс орны технологиясын қадағалаумен айналыспайды. Олар қарбыз егу ісіне де назар аударады, - деген еді сонда ол.

Мінеки, көп күттірмей іске кіріскен неміс инвесторы, «Нокина» шаруашылығының өкілі Иоханн Мартс пен «KazExpertTrade» ЖШС-нің мамандары цехты іске қосып, тәжірибелік сынама жүзінде алғашқы қарбыз шырынын шығарып үлгерді. Ізгі іске ауылдағы «Сенім» шаруа қожалығының тигізген пайдасы да мол. Толығымен неміс технологиясы арқылы өңделетін шырын арнайы бұрандалы қақпашасы бар полиэтиленге құйылып, нарыққа жол тартты. Таза әрі табиғи химикатсыз қарбыздан жасалған шырын аграрлы саланың қарқынды дамуына мықтап жол ашады.

- Біз бұл құрылғыны 2014 жылы Алматыдағы «Нокина» шаруашылығында іске қостық. Шағын ғана цех сағатына 1600 келі алманы өңдеуге арналды. Алынатын өнім 50 пайыз болатын. Биыл осы табиғи шырынды­ қарбыздан алу ойға келді. Бұл – Қазақстандағы алғашқы қарбыз  шырыны. Дәмі керемет! Біз мұнда шырынды шын мәнінде шығаруға  болатынын көрсету­ге­ келдік. Әрі қарай қарбызды Алмат­ыға тасымалдап, сонда шығарамыз. Сусын шығарылған соң, 83 градус температурада қыздырылады. Одан соң сал­қын­датамыз. Өнімнің жарам­ды­лығы 12 айға жетеді, - дейді «Нокина»  шаруа қожалығының  өкілі  Иоханн Мартс.

Бүгінде цехта 12 адам жұмыс  істейді. Қуаттылығы сағатына 900 литр шырын өн­діретін зауыт әзірге толықтай жабдықталмаған. Сондықтан, негізгі жұмыстарға ауыл тұр­ғындары көмектесуде.

Жалпы, биылғы жылы 1000 тонна қарбызды өңдеу жос­парда бар. Бірақ, бұл жұмыстар негізінен Алматы облысындағы зауытта атқарылады. Ал, келер жылы Жайылмадан талап­қа сай қойма салынып, зауытты осында көшіруге мүмкіндік жасалмақ. Жарнамасы жақсы шыққан іс аяқсыз қалмауы әрі ауыл брендін алыс-жақынға таныту үшін осындай амалға көшу бір жағынан дұрыс та  шығар.

«Таудың таза суымен суғарылатын Сыр өңірінің бренді болған Жайылманың қарбызы алыс-жақын шетелге кеңінен таныс. Жыл өткен сайын қарбыз өніміне сұраныс артпаса, кеміген емес. Өңірдегі «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» аясында іске қосылып жатқан цехтың болашағы баянды.­ Неміс инвесторларына ауылдағы «Сенім» шаруа қожалығына тиесілі жердің бір бөлігі беріліп, цехтың жергі­лікті жерде орналасуына мүм­кіндік жасалды» деген аудан әкімі Ғалым Әміреевтің сөзін «Сенім» шаруа қожалығының төрағасы Мұхтар Оспанов та мақұлдайды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан шағын кәсіпорын қарбыздан сағатына 1 тонна 100 литр табиғи сусын өңдіріп, арнайы қоймада сақтауға қауқарлы көрінеді. Өз кезегінде ауыл әкімі Талғат Зейдалиев брендті өнімнің табиғи шы­рынға айналып, өнімнен өнді­ріске көшкенін қуана жеткізді.

- Жайылма ауылы бойынша жылына орта есеппен 400-600 гектарға жуық аумаққа бақша дақылы егіледі. Ерте өнім алған диқандар қауын-қарбызын көр­шілес Ресейге экспорттады. Десе де, биыл қарбыз да, онымен айналысушылардың да көпті­гінен өнім арзанға бағаланып, алыс сапардан оралғандардан табыстың мәз емес екенін есті­дік. Енді дақылға дәрі қоспай, өзінің пісу мерзіміне кешігіп жеткен қарбызды осы цехқа жөнелтуге тырысып жатырмыз. Мұнан  түсетін пайда да мол болады. Биылғы жылы тек тәжірибе жүзінде іске қосыл­ған цех алдағы уақытта жа­йыл­малықтар үшін толық қуатында жұмыс  істейтін  кәсіпорын­ға  айналатыны  сөз­сіз, - дейді  ауыл  әкімі  Талғат  Зейдалиев.

Сондай-ақ ол неміс компаниясының Оңтүстік астанаға өздерімен бірге 20 тонна қарбызды алып кеткенін, тағы да 30 тонна қарбызды жөнелтуге дайындалып жатқанын жет­кізді. Алматы қаласында өңді­рілетін жергілікті өнім «Жа­йылма шырыны» деген атаумен еліміздегі барлық дүкен сөрелерінен өз орнын таппақ.

Жалпы, әлемдік нарықта жеміс-жидек шырыны жоғары сұранысқа ие екенін көпшілік жақсы біледі. Ол ерекше дамып келеді және болашағы зор кәсіптің түрі саналады. Ал, қарбыз шырынын шығару ісі Қытай, Түркия және Иран, т.б. елдерде жақсы жолға қойыл­ған. Алла сәтін салса, Сыр елі де бұл санатқа жоғары серпінмен қосылады деген ойдамыз.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


«ӨЗГЕРІС ӨМІРШЕҢДІГІМЕН ҚҰНДЫ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.08.2019 11:30

Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар,  өзгелерге  үлгі-өнеге  көрсетіп,  кәсібінен  нәсіп тауып,  болашаққа  биік  мақсат  қоя  білгендердің  бірі – «Pro bono» қоғамдық қорының директоры Павел Горбачев. Ол Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қаладағы  №2 мектептің түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік  университетін  азаматтық құрылыс  индустриясы  мамандығы  бойынша тамамдаған.

- Павел, сізді мүмкіндігі шектеул­і жандардың қамқор­шысы, компьютер тілін жетік білетін  маман  ретінде  танимыз.

- Жеке кәсіпкер ретінде «UNIDJEN» ЖШС ашып, Қызылорда халқына заманауи қызмет үлгісін көрсетіп келеміз. Компьютер жөндеумен, оқытумен айналысамыз. Негізі еңбек жолымды қара жұ­мыстан бастағанмын. Кейін қызығушылығым жаңа технология­ға ауып, осы іске кірісуге бел будым.­ «Еңбек бәрін жеңбек» демекші, тынымсыз еңбек пен ізденістің нәтижесінде бүгін­гідей жетістікке жетіп отырмыз. Сонымен қатар, мүмкін­дігі шектеулі жандар мен аз қамта­масыз етілген отбасы мүшелері үшін тегін компьютерлік курсын  ұйымдастырдық. Онда көптеген жандар бухгалтерлік, бағдарламалау ісін, ісқағаз жүргізуші курстары бо­йынша  оқумен  қамтылды.

- Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс  істеудің де өзін­дік  жүйесі, қиындықтары болады. Сіздерде бұл мәселе қалай шешілген?­

- Әрине, кәсіп бастаған мекеме­ бірден жанданып, аяғынан тұрып кете алмайтыны анық. Уақыттың төрелігіне бағыны­п, еңбектеніп, тапсырыс қабылдап, халыққа қызмет көрсетіп, жан-жақтылықтың арқасында өз-өзімізді және өзіміз секілді мүмкіндігі шектеулі 3 адамды жұмыспен қамтып отырған жайымыз бар. Олардың да жетістіктері жетерлік. Барлығы да – ән айту, би билеу сынды сайыстардан жүлделі орындар иеленіп жүр­ген  таланттар. Қиындықтар туралы­  сөз  қозғамай-ақ  қойсақ та болады. Өйткені табыс көзі бізге тек еңбекпен келіп отыр. Күніне 3-5 адамнан ғана тап­сырыс түседі. Бірақ осыған да шүкір, осыған да  қанағат деуден  жаңылған  емеспіз.

- Мемлекеттік сатып алу кон­курсына­  қатысасыздар  ма?

- Қатысамыз, өзіміз қызмет көрсетіп жүрген саламызға қатысты  тендерлер болса, қалыс қалмауға тырысамыз. Оның құжатының өзі жетіп артыла­ды. Кішкене анықтамадан бастап, бухгалтерлік есептер жиынтығы да қоса тапсы­рылады.  Дегенмен, бұйырғанын алып, соның аясында жұмыс  істеп  келеміз.

- Осы бағытты таңдауыңызға қандай  да  бір  себеп  болды  ма?

- Менің алғашқы мамандығымның құрылыс саласына тікелей­ қатысы бар. Сол салада еңбек еттім. Жұмысым да жақсы­  болды. Дегенмен, адам баласы өзгерісті қалайды. «Арманс­ыз адам қанатсыз құспен тең» дейді ғой. Сол секілді миымда үздіксіз идеялар тұратын. Соларды бүгінгі күні рет-ретімен іске асырып келемін. Бұл бағытқа келуім де осындай қызығушылықтың нәтижесі. Оқыдым, компьютерлік сауаттылықты тереңірек меңгеру бұйырды ма, салаға зейінім  ашылды. Бір жағынан, адам өз-өзін дамытып, өзгеріс жасап, алға ұмтылып тұрса, барлығ­ын сәттілік жеңеді емес пе? Менің бойымда осындай күш, талап  болды.

- Алда қандай жоспарларыңыз бар? Тағы да тың жоба іздестіріп, өзгеріс  жасағыңыз  келмей  ме?

- Бүгінгі жұмысым да жақсы жүріп жатыр. Әзірге төзбейтіндей кедергілер тұрған жоқ. Қосымша халыққа, оның ішін­де ең осал топтарға экономикалық, әлеуметтік және экология­лық қызметтер көрсетуге инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында «Pro bono» қоғамдық қорын құрып, сол бағытқа күш салудамыз. Қордың миссиясы – әлеуметтік мәселелерді шешуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу. Ал алдағы жоспар­ларға келер болсақ, маңызды ойлар  жетерлік. Өзгеріс те, өзге де мақсат-мұраттарымыз бар. Олардың  өмірге  келуі  мен өмір­шеңдігін уақыт өзі көрсетеді. Өйткені, әр өзгеріс өзінің өміршеңдігімен құнды. Әзірге нақтылап айтпағаным дұрыс деп  ойлап  отырмын.

 

Сұхбаттасқан  Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


КӘСІБІҢДІ АШ, ІСІҢДІ ДӨҢГЕЛЕТ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
15.08.2019 11:10

Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен  өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған баспасөз турында аңғардық. Игі істерге куә болдық.

 

АРМАНЫ   АСХАНА

АШУ  ЕДІ

Сырдария ауданында 2200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. «Микробизнес Қызылорда» бағдарла­масы  бойынша  2019  жылы 133,0 миллион теңгенің 37 жоба­сы қаржыландырылған. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы  бойынша 172,7 миллион теңге болатын 5 жоба жүзеге асқан. Ал 36 адам стартап жаңа идеяларды іске асыру мақсатында 9,4 миллион теңге мемлекеттік грантты иеле­ніпті. Аудандық кәсіпкерлік палата­сы арқылы «Бизнес-Кеңес­ші» курсын 80 адам және «Бастау-Бизнес» курсын 80 адам оқып,  сертификат  алған.

Қазір кәсіпкерлер мемлекет­тік қолдау арқылы жұмысын жандан­дырып отыр. Солардың бірі – Серіккүл Есенәлиева. Ол «кәсіпкер болу үшін оңтайлы сәтті күтіп отырудың қажеті жоқ, бастысы істі қолға алған жөн» дейді. Іскер әйел түрлі салада бағын сынады. Ізденді. Қаржы жинады. Сөйтіп кәсіп ашсам деге­н ойын жүзеге асырды. Бұрыннан асхана ашамын деген қызығушылығы бизнес саласына алып келді. Алғашқыда жұмыс істеу оңай болған жоқ. Қазір бар қиындық артта қалды. Жуырда ол «Өңірлік инвестициялық ортал­ығы» ЖШС-нің «Микробизнес   Қызылорда» бағдарламасы аясында 4 миллион теңге несие алды. 4 адамды жұмыспен қамтыды. Асхана келушілерге таңғы сағат 9-дан бастап айқара есік ашады. Түнгі 2-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Ал үй тағамдарына тұтынушылар алдын­ ала тапсырыс береді. Дәмді кәуап сырдариялықтарға қатты ұнайды. Мұнда достар және отбасылар жиі кездесіп, бас қосады. Сондай-ақ асхана жанын­да мейрамхана бой көте­ріп жатыр. Нысан ашылған уақытта жұмысқа 20 адам қабылданып, 300 адамға қызмет көрсететін болады. Мейрамхананың құрылыс жұмыстары қазанда аяқталады.

- Талабың мен қалауың болса­, бәрі қолдан келеді. Мен батыл іске кірістім. Тағамның сапасы мен дәміне мән беремін. Ал қызметкерлерімнен жауапкершілік пен ісіне мұқият болуды талап етемін. Тазалық, адалдық, әділ­дік сынды қасиеттерді жоғары бағалаймын. Келген тұтынушыға жылы қабақ танытып, ілтипатпен шығарып салуды назарда ұстай­мын­, - дейді іскер әйел.

 

КЕРЕМЕТ   МОНША,

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ   ДӘРІХАНА

Баспасөз сапарында қоғамдық моншаға бас сұқтық. Сырдариялық кәсіпкер Ердос Бахтыоразов жаңа істің көзін тауыпты. «Жұмыс жоқ» деп қарап отыр­мастан, игі іске кірісіпті. Аудан орталығынан «Керемет» моншасын ашыпты. Мұнда бір мезетте 20-ға жуық адам шомыла алады. Бағасы да тұрғындарға қолжетімді. Үлкендерге – 500 теңге­, балаларға – 200 теңге. Сонымен қатар көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсетіледі. Ал мүмкін­дігі шектеулі азаматтарға жеңіл­дік қарастырылған. Айтпақшы, моншаны кәсіпкер өз қаражатына салған. Ал құрылысы бастал­ған отбасылық моншаға «Микробизнес Қызылорда» бағдар­ламасы бойынша 10 миллион теңге несие рәсімдепті. Жаңа нысан  тұрғындардың  сұранысы бойынша салынуда. Ердос Бахтыо­разов кәсіптің көзін осылай­  тауып  отыр.

Мұнан соң тағы бір жас кәсіпкердің ветеринарлық дәрі­ханасына келдік. Оның иесі – 29  жастағы  Дана  Ашабаева. Ол  бізге неліктен үй жануарларына арнал­ған дәріхана ашқанымен бөлісті.

- Кәсіби ветеринар болғасын ұзақ ойландым. Отбасыммен ақылдасып, дәріхана  аштым. Неге? Себебі­, ауданда дүкен көп. Ал үй жануарларына арналған дәрі­хана тапшы, - дейді Д.Ашабаева.

Жас кәсіпкер де «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге несие алуға құжат дайындапты. Енді комиссия шешімін күтіп жүр. Оның айтуынша, көпшілік үй жануарларына арналған анти­биотик пен дәрумендерді көп алады.

- Қазір тұрғындар итті де, мысық­ты да емдейді. Тіпті неміс овчаркасы сырқаттанса, еммен жазып алады. Алдағы уақытта ветеринарлық клиника ашқым келеді, - дейді ол.

Дәріхана ғимаратын жалға алған кәсіпкер жуырда жер телімін алыпты. Алған несиеге жеке дәріхананың құрылысын бастамақшы.

МАЛ  ӨСІРСЕҢ,  ҚОЙ  ӨСІР

Мал бағу да – атакәсіп. Жыл өткен сайын төрт түліктен ризық-несібесін айырған кәсіпкерлер көбейіп келеді. Солардың қатарында сырдариялық Әділет Құдайбергенов те бар. Істің кө­зін тапқан жас кәсіп­кер – небәрі 21-де.

Жас жігіт кәсібін қой өсіруден бас­тапты. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы  арқылы 1,2 миллион теңге несие алып, қорасын қоймен толтырды. Отбасымен мал шаруашылығына білек сыбана кіріскен оның қорасында 40 бас ұсақ мал бар.

- Қазір аграрлық салаға сұраныс­ артты. Сондықтан Елбасы­ ауыл шаруашылығын дамыту­ға ерекше ден қойып отыр. Қызылорда – ауыл шаруашылығын  өркендетуге  қолайлы өңір. Әсіресе, сапалы ет өнім­дерін дайындап, шетелге экспорттауға мүмкіндігі мол. Ол үшін төрт түлікті өсіруге ықылас болса жеткілікті. Жасыратыны жоқ, арамызда атакәсіпті ұмыт қалдырып бара жатқандар кез­деседі. Тіпті мал бағуды намыс көретіндер де кездесетінін қайтерсіз?! Біле білгенге мал ұстау – береке. Мемлекеттің демеуі шаруам­ның дамуына жол ашты. Соның негізінде жұмыс көзін таптым. Мыңғыртып мал айдамасаң да, өз үйіңді етпен қамтыған  дұрыс, - дейді Әділет Құдайбергенов.

Бүгінде Әділет белсенді еңбек етуде. Жас кәсіпкердің жоспары ауқымды, межесі биік.

 

АРЗАН   САУДА   ОРТАЛЫҒЫ

Баспасөз сапары кезінде «Серік­бол» сауда орталығының жұмысымен таныстық. Ішке енген­нен таңырқадық. Сауда сөрелері өнімге толы. Сусындар, ет-сүт өнімдері, жартылай фабри­каттар, шай, кофе, тәтті­лер,  жеміс-жидектер,  тұрмыстық тауар­лар, дәнді дақылдар. Не керек,­ іздегеніңіздің бәрі табы­лады. Табиғи таза өнім, қолжетімді арзан баға. Сырда­риялықтар тауардың сан түрін саудал­ап жатыр. Өнімдердің нарқы­ ­ базар бағасынан 10 па­йыз арзан. Содан болар, сауда орталы­ғына  келушілер көп. Төрт кассаның  алды   қарақұрым  адам.

Кәсіпкердің тұрғындарға сапал­ы қызмет көрсетуі үшін мемлекет тарапынан қолдау көр­сетілген. Нақтырақ айтқанда, нысанның бой көтеруі үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Мадина Омарова 22 миллион теңге субсидия алған.

- Көпшілік базарға баруға үйренген. Олар онда баға төмен деп ойлайды. Біздің сауда орталығында тауарлар арзан. Баға­лары тұрғындарға қолжетімді. Тұрақты тұтынушыларымыз өте көп, - дейді кәсіпкер Мадина Омарова.

 

АУЫЛДАҒЫ   ШЕБЕР

Қазақтың тұрмыстық заттары хас шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Бүгінде ұлттық нақыштағы бұйымдар брендке айналды. А.Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны Нұрсұлу Ажарова жұмыс көзін ұлттық қолөнермен ұштастырыпты. Қазір ауылда кәсіпкердің тігін цехы жұмыс істейді. Баспасөз туры кезінде кәсіпкер өз кәсібінің қыр-сырымен  бөлісті.

- Әжем қолөнерге жақын адам еді. Енем Зәуре Есжанова да ісмер. Ол кісілер жоқтан бар жасап, әдемі дүние тігетін. Бастапқыда құрақ көрпешелерді тігуден бастадық. Бұл заттар өте ме, өтпей ме деген ой да мазалады. Бірақ адамдардың қызығушылығы жоғары болып шықты. «Неге қыз жасауын тапсырыспен қабылдамайсыңдар?» деп ұсыныс білдірді. Сөйтіп кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпті бастап кеттім. Ұлттық нақышты қосып, әдемі дүние шығардық. Содан жаңа бұйымдардың пішінін сызып­, жасалатын материалын іздедік. Алғашқыда жұмысты жолға қою оңай болған жоқ. Біраз ізденіп, тер төктік. Кейін қажетті материалдарды аудандардан алатын болдық, - дейді шебер Н.Ажарова.

Тігін цехында үш адам жұмыспен  қамтылған. Кәсіпкер «Микробизнес Қызылорда» бағдар­ламасы аясында 3 миллион теңге несие алған. 2 тігін машинасы мен станогы бар. Тігін цехынд­а екі үйренуші қыз жасауын тігуді үйренуде. Мұнда қыз жасауы дайында­лады. Киім-кешек­ тігі­леді. Сонымен қатар компью­терлік қызмет көрсетіледі.

Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласы дамып келеді. Мұнда ісін өрге өрлетіп, аудан бюджетінің бүйірін толтыруға үлес қосқан іскер азаматтардың қатары көбеюде. Кәсіп ашамын деген адамға қолдау да, көмек те бар.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 


СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
15.08.2019 10:45

Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орнатқызады.

Осы жолы басшылықтың таңдауы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттарынан жүлдегер атанған спортшыларға түсіпті. Болашағынан көп үміт күттіретін жас таланттарға деген елдің ықыласы ерекше. Оны әріптестеріміздің сауалдарынан да байқадық. Артта қалған айларды қорытындылап, алдағы жоспарды айқындап беруге арналған жиын соңында Сыр спортына қатысты сұрақтар да қойылды.

Спикерлердің қатарында ауыр атлетикадан жасөс­пірімдер арасында Әлем чемпио­ндары Сәпи Есенкелді мен Рахат Бекболат, таэкв­ондодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айша Әділбекқызы және еркін күрестен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Тәжі секілді қыз-жігіттер болды.

Алғаш сөз кезегін алған басқарма басшысы алдағы өтетін Әлем чемпионаттарына қызылордалық спортшыларды қатыстыру, дайын­дығын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ондағы сырбойылық спортшылардың  әлеуеті жақ­сы­  екендігін  алға  тартты.

Жалпы, қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұ­ғылданушылар қатары 29 па­йызға көтеріліп, 231 613 адам­ғ­а жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсыр­ыс аясында 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірім­дер саны 23 058-ге жетіп, 15 пайызды құрап  отыр.

Рас, бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту, қызықтыру. Осы мақсатта облыс аумағында 2019  жылдың  І  жартыжылдығында 712 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 125 755 адам қатысқан.

Соның ішінде мектеп оқушыларының арасында «Нашақорлыққа жол ЖОҚ!» «Бәрің де жарысқа!» атты көңілді эстафетада және ұлттық спорт түрлерін одан ары дамыту мақсатында қазақ күресіне­н өткен «Алтын белбеу» турнирлерінде 16 мыңға жуық спортшы бақ сынаған.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада, облыс тарихында алғашқы рет бокстан ерлер арасында ҚР спар­такиадасы, парадзюдодан халықаралық турнир, жекпе-жек сайысынан ҚР кубог­ы және т.б. кешенді жарыстар, облыс­тық, республикалық турнирлер ұйымдастырылып, халықты саламатты өмір сүруге және спортқа тарту бағы­тындағы жұмыстар жүргізілуде.

- Жыл басынан бері спорт түрлерінен 16 Қазақстан Республикасының чем­пионаты (бокс (жасөспірімдер), қол добы (жасөспірімдер), көкпар (жасөспірімдер), муайтай, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика,­ шайбалы хоккей, қол добы (әйелдер), спорттық би, бокс (ерлер), әмбебап жекпе-жек, тоғызқұмалақ (ардаге­рлер), кикбоксинг, шахмат, дзюдо),­ 8 халықаралық және 25 республикалық турнир өткізілді.

Сондай-ақ, футболды дамыту мақсатында алтыншы жыл қатарынан қала мен аудандарда бес ай бойы (мамыр-қыркүйек) футболдан облыстық чемпионат және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында шағын футбол лигасы мамыр-қазан айлары аралығында өтуде. Дәстүрлі түрде бұқаралық веломарафон және жүгіру маусымы да жалғасу­да, - деді басқарма басшысы Олжас  Азатұлы.

Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектепт­ері желісін ұлғайту және шұғылданушы­лар санын арттыру барысынд­а мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Былтыр 9  жоба  іске  қосылған  еді.  Байқадыңыз ба, биыл екі еседен де көп. Әрине, бұл – өз кезегінде­ спортқа  деген  жана­шырлық,  қолдау.

Жыл басында «Мүгедектерге арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жоғары білікті спортшыларды даярлау жұмыстары жалға­суда. Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық маман­дандырылған мектеп-интернат-колледжіне күрделі жөндеу жұмыстары, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, «Евразия­» спорт кешені, №1, 2 және №5, аудандағы №8, 13 және №19 облыс­тық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне жөндеу жұмыстары жүр­гізілді.

Сондай-ақ, Қармақшы ауданы, Жосал­ы кентіндегі орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталса, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілгені футболсүйер қауым үшін ерекше жаңалық болды.

Спорт мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала, аудан мектептеріне былтырғы жылы 8 автокөлік берілсе, биылғы жылы №3 спорт мектебі 2 автокөлікпен қамтамасыз   етілмек.

Бұқаралық спортты дамытумен қатар, бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытынд­а Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды бала­лар­ға арналған мектеп-интернат-колледжі, облыстық жоғары спорт шебер­лігі мектебі және 21 балалар мен жас­өспірімдер спорт мектебі лайықты жұмыс істеп жатыр. Бұл мектептерде 20597 оқушы спорттың 41 түрінде жатты­ғады. Сонымен қатар, бүгінгі күні 7 аудан орталығында және Қызылорда қаласында 8 дене шынықтыру-сауықтыру клубында 11789 адам спортпен тұрақты  шұғылданады.

- 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде­ спортшыларымыз ҚР чемпионаттарында 907 (оның 272-сі – алтын, 248-і – күміс, 387-сі – қола) медальді жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 48 (алтын – 17, күміс – 19, қола – 12) медальға қол жеткізді. Және 1 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 5 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 18 ҚР спорт шебері, 646 спорт шеберлігіне үміткер,   І разрядты 110 спортшы дайындалса, облыс­тың 578 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді, - деген дерек кел­тірді  Сырдың  бас  спортшысы.

Жыл басталғалы бері қызылордалық спортшылар неше мәрте сүйіншілетті дейсіз? Оны санау мүмкін еместей. Әрине, барлығын бір брифингте, бір мақалада қамту мүмкін емес. Десе де, рейтингі жағынан басым болған спорт жарыстарының нәтижесі жариялауға тұрарлық. Жапонияның Токио қаласында каратэдодан ерлер арасында Нұржан Ақпанбет және Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырға­наудан Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иелен­ді. Сәуір айында Түркияның Анталия қаласында шахматтан өткен оқушылар арасында Әлем чемпионатында Нұр­ғали Назерке жеңімпаз атанса, мамыр айында Жапонияның Токио қаласында пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында Фархад Каналбеков жеңіс­ке жетті. Таиландтың Бангкок қаласында отырып ойнау волейболынан өткен Азия чемпионатында Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленді. Әлгінде айтқа­ны­мыздай, мұндай жетістіктер өте көп.

- Біздің жарыс наурыз айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. Шынын айту керек, оңай болмады. Ел намысы­ үшін барынша тырыстым. Жарыс­қа дайын­даған бапкерлеріме, жағдай­ жасаған спорт басқармасына өз алғысымды  білдіремін, - деді ауыр атле­тика­дан жасөспірімдер арасындағы әлем  чемпионы Сәпи Есенкелді.

Сонымен қатар, «Қайсар» футбол клубы ҚР чемпионатында 10 тамыздың нәтижесі  бойынша  22 ойыннан 37 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады. Биыл «Қайсар» 20 жылдан кейін ҚР кубо­гының финалына шығып отыр. Финал 30 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. «Қасқырлардың» қарсыласы – «Атырау» футбол  клубы.

Брифинг соңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Азатұлы алдағы міндеттер туралы айта кетті. Басқарманың баспасөз хатшысы ұсынған деректі қаз-қалпында оқырманға ұсынғанды жөн көрдік. Өйткені, алдағы міндеттерді мүлтіксіз орындау – басшылықтың басты міндеті.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


 

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының

алдағы міндеттері:

 

- жүйелі дене шынықтырумен айналы­сушылар санын 30 пайызға жеткізу;

- спорт түрлерінен Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі) дайындығы мен қатысуын қамтамасыз  ету;

- облыс спортшыларының спорт түрлерінен 2020 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуын қамтама­сыз  ету;

- «Локомотив» стадионына күр­делі  жөндеу  жұмыстарын  бастау;

- «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кордының құрылыс жұмыстарын аяқтау;

- «Қайсар» футбол клубымен Премьер­-лигада жүлделі орынды иелену және ҚР кубогының жеңімпазы  атану.

 


140 ЖАҢА АВТОБУС АЛЫНУҒА ЖАҚЫН PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
15.08.2019 10:40

Жалпы, қоғамдық көлік туралы сөз қозғағанда көбі теріс пікірді алға тартады. Мүмкін, оған себеп бар да шығар. Дей тұрғанымен, халықпен жұмыс істеу – қиынның қиыны. Кейде түймедейді түйедей ету көрінісі байқалатындай. Келеңсіздікпен күресудің түрлі жолы болады. Қоғам тарапынан талап болса, темірдей тәртіп орнату қиын емес. Тек осы орайда бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығару бізге жетіспейтінін мойындауымыз керек. Қалай десек те, түйткілді мәселені шешу – жауапты органдардың негізгі міндеті, қызметі. Оған дау жоқ. Біз бүгінгі мақаламызда қала аумағындағы қоғамдық көлік қызметінің жай-күйі туралы қозғамақпыз.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қызмет бабының алғашқы күндері «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-на барған еді. Өңір басшысы мекеменің ағымдағы қызметімен танысып, негізгі бағыттарын атап өткені бар. Бірінші кезекте, бұл – жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту, мекеме кірісін ұлғайту және автопаркті жаңарту. Мұнда мекеменің атқар­ып жатқан жұмысы әкім тарапынан оң бағаланып, автопарк жұмысын жақсарту бо­йынша тапсырмалар берілді. Әрине, екінші жартыжылдықта жолаушыларға арналған электронды билеттерді енгізу бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Аймақ басшысы қоғамдық көлікке мініп, елмен етене екенін көрсетті, саланың қадағалаушы органдарына тиісті тапсырмалар берді, автопарктің жұмысын жақсарту бойынша  жұмыстар  жалғасын табатынын  жеткізген болатын.

Бүгінде қала кө­лемінде қалаішілік (25 бағытта) және қала маңына қатынайтын (6 бағытта) барлығы 758 авто­көлік  тұрғындарға екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді. Оның үлкен сыйымдылықтағысы – 112, орта сыйымдылық­тағысы – 304 және кіші сыйым­дылықтағысы 342-ні құрайды.

2017 жылы Қызылорда қаласында жалпы аумағы 5 гектар жерге  сыйымдылығы 200 заманауи  автобусқа арналған жаңа үлгідегі автобус паркі салынып, пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда серіктес­тік  400 адамды жұмыспен қамтып­ отыр. Жаңа қоғамдық көліктердің барлығында бейнекамера мен GPS қондырғылары орнатылған және оларда жоспарға сәйкес билеттік жүйе енгізілген.

Қалаішілік жолаушылар тасыма­лымен айналысатын бағыт­ бригадирлері мен жүр­гізушілер тарапынан билеттік жүйемен жұмыс істеу бары­сында түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында, облыстық кірістер департаменті, қалалық жергілікті полиция қызметі мен «Қызылорда» авто­бус паркі» ЖШС тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, билеттік жүйеден бас тартқан жеке кәсіпкерлермен келісімшарт бұзылып, жұмысы тоқтатылатындығы жөнінде ескерту  берілуде.

Арнайы бекітілген рейдтік іс-шара жоспарына сәйкес апта­сына 2 рет (сейсенбі, жұма) рейдтік іс-шара ұйымдас­тырылып отырады. 2019 жылдың 6 айымен жаңа үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы автобустарда жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін               12 кондукторды анықтап, серік­тестік тарапынан тиісті құжаттар жинақталып, «Қы­зыл­орда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне жолданды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 623-бабының 9-тармағына сәйкес, әрбір кондукторға 5 айлық есептік көрсет­кіш көлемінде  айыппұл са­лын­ған.

Қоғамдық көліктердің көр­сететін қызмет сапасын арт­тыру және қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнату бағытында бөлімнің арнайы жұмыс істеп тұрған «WhatsApp» мессенджері мен «Фейсбук» парақшасы арқылы, сонымен қатар, Қызылорда қаласының әкімдігі мен бөлімге келіп түс­кен арыз-шағымдар, хабарламалар мен ұсыныс ескертпелерді ескере отырып, қызмет көрсетуші тарапынан талаптарды  орындамаған  жағдайда, ескерту  жұмыстары жүргізіліп, қатаң  шаралар  қабылдануда.

Қала көшелерінде қоғамдық көліктермен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында, қалалық жергілікті полиц­ия қызметі және қала әкімдігімен бірлескен рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылып отырады.

Рейд жұмыстары барысында тек жол ережесіне қатысты ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын арттыру, автокөліктердің техникалық жағдайы, аралық интервалды сақтау, жолаушылармен қа­рым-қатынас этикасын сақтау мәселелері бойынша түсін­дірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Сонымен бірге қоғамдық көліктерде көп тараған қыл­мыстың түрі, қалта ұрлық­тарының алдын алу мақсатында үлкен және кіші сыйым­дылықтағы қоғамдық көлік­терге белгіленген сыйымдылығынан артық жолаушыларды мін­гізуіне тосқауыл қою бағытындағы іс-шаралар күнделікті қатаң бақылауға алынған.

Қызылорда қаласындағы қалаішілік бағыттағы қоғамдық көліктерде жол жүру жеңіл­діктерін қарастыру мақсатында қала әкімдігінің ұсынысымен тасымалдаушы мекеме тара­пынан 1-топ мүгедектері мен 17 жасқа дейінгі балаларға тегін жүру, 70 жастан асқан зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жүру   қарастырыл­ған. Қоғамдық көліктерге жол­ақ­ысы – ересектер үшін 90 теңге және мектеп оқушылары үшін 40 теңге болып белгіленген.

Жыл сайын қала аумағы кеңей­іп, «Нұр Орда», «СПМК-70», Жаппасбай батыр көшесі бойында жаңадан салынған үйлер мен Сырдария өзенінің сол жағалауынан жаңадан бой көтерген мөлтек аудандар ашылуда­. Осыған байланысты жаңа мөлтек аудандарға қоғамдық көлік қатынасын ұйым­дастыру бағытында жол сыз­балары әзірленіп, №5, 7, 10, 13, 18, 20, 31 бағыттағы қоғамдық көліктер халыққа қызмет көр­сетуде.

«Нұр Орда» мөлтек ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер – №13, 20, 31, «СМПК-70» м/а – №5, 21, Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңадан салынған үйлерге – №7, 10, Сырдария өзенінің сол жағалауына – №18.

Алдағы уақытта қаламызға жаңадан автобустар алу жоспарлануда, осыған сәйкес облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масына 140  дана автобус алуға бюджеттік өтінім жол­данып, облыстық бюд­жеттен қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқа­рылатын  болады.

Қала тұрғындарының қо­ғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қа­ламыздағы көлік қатынасын дамыту мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да тиісті деңгейде  жалғасын  табады.

 

Халық-хабар

 


МҰҒАЛІМДЕРГЕ ДЕМАЛЫС ЖӘРДЕМАҚАСЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.08.2019 10:38

Қармақшы ауданының прокуратурасымен ауданда педагог қызметкерлерінің еңбек құқықтарының шектелгені анықталды.

Ауданда 129 педагог қызметкерлер екі лауазымда 1,5 ставкамен қызмет атқарып, кезекті еңбек демалысына шығу кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақысы толық төленбей, тек 1 ставка мөлшерінде төленгені белгілі болды.

Мысалы мектеп директорының орынбасарына (1 ставка) және тарих пәні мұғаліміне (0,5 ставка) сауықтыруға арналған материалдық көмек 1 тарифтік ставка көлемінде төленген.

Аталған педагогтарға ұжымдық шартпен көзделген әлеуметтік кепілдіктеріне жасанды шектеулер қойылған.

Оған қоса жұмыс беруші мен педагог қызметкерлері арасында тек негізгі жұмыс бойынша еңбек шарты жасалып, ал қосымша жұмысына қатысты қандай да бір еңбек шарттары жасалмаған.

Прокуратураның ұсынуымен аудандағы 19 мектептің жұмыс берушілеріне Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 86-бабымен (еңбек шартын жасаспау) 719 мың теңгеге айыппұл салынса, 129 мұғалімге 12,5 млн теңге қосымша демалыс жәрдемақысы төленді.

Қармақшы ауданының прокуратурасы

 


КӘНІГІ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.08.2019 10:05

Жосалылық Сама­л Бурабаев – қол­өнер саласында танылып жүргеніне онша көп уақыт болмаса да, өзінің еңбек­қорлығымен, ізденім­паздығымен ұлтымыздың ұмы­тылып бара жатқан салт-дәстүрін ел-жұртпен қайта қа­уыштыруда тер төге еңбек етіп жүргендердің бірі.

Бала жасынан өткен ғасырдың алпы­сыншы жыл­дарының ортасында Қы­зылқұмнан елі­мізде мал шаруашылығын өркендетуде, сол жылдары құрылған Жаңақала елді мекенінің алғашқы төрағасы Қаратай Қуаңбаевпен бірге бар саналы өмірін ауылдың құрылысын салуға арнап, тұр­ғындар  арасында «Бектібай ұста» атанып, құрметке бө­ленген әкесі Бектібайдан үйренген кәсіпті одан ары жалғастыруда және келер ұрпаққа аманат­тауда Самал бүгінде тынбай еңбек  етуде.

Қазіргі таңда ол әке ісін жалғас­тырушы ретінде, ауыл-аймақ тұрғындарының сұра­ныстары бойынша ағаштан бесік, ер және оның әбзелін жасап береді. Сонымен қатар, оның өңір тұрғындарына темір­ден түйін түйген ұста ретінд­е де танылғаны рас. Қалақ, шымшуыр, көсеу және басқа­ да күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандарды шебер де сапалы  жасайды.

Ал, Самалдың негізгі кәсі­бі, яғни үй және түз жануар­ларының сүйегінен істеген түрлі бұйымдары бүгінде аудан, облыс, тіпті еліміздің әр аймақтарына таралған. Бұл кәсіпте қолөнер шеберінің есімі тек ауданға ғана емес, әлемге таныл­ған десек артық айт­қандық  емес.

Әрине, оған дәлел ретін­де айтарымыз, Самал Бек­тібайұлы 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ЭКСПО-2017» көрме­сіне арнайы шақы­рылып, онда өз қолы­мен үй жануарлары мен түз аңдары мүйіздері және сүйектерінен жасаған қол­өнер бұйымдарын шетел қо­нақтарына ұсынды. Ұсынып қана қоймай, көп бөлігін сатты­ да.

- Көрмеде менің  бұйымдарыма арабтар мен орыстар, жалпы еуропалықтар, сонымен бірге Африка мемлекетінен келген туристер көп қызығушылық танытты. Арабтар құс­тарға қызықса, орыстар мен немістер гүл мен аңдарды сатып алды. Бұл кәсіпке мен бала кезімнен құштар болып өстім. Әкем Бектібай күнде жұмыстан келген соң, аула төріндегі ұстаханасына кіріп алып, түнге дейін ағаш пен темір­ден түрлі бұйымдар жа­сай­тын. Ол күнде ауыл тұрғындарына қалақ, көсеу, тіпті кетпен де, бесік пен жай ғана оқтау және басқа да бұйымдар істеп беретін. Ал, мен болсам, оның істеген бұйымдарына қызыға қарап өстім. Қасында отырып, кәсі­бін үйрендім. Кейін келе, мектептегі ұстаздарымның арқас­ында сызу-сурет салу, еңбек сияқты пәндерді жаныма серік етіп, ағаш оюдың қыр-сырын меңгердім. Міне, бүгінде сол еңбектің жемісін көрудемін, - дейді шебер  Самал­ Бекті­байұлы.

- Сәкеңнің құстары мен гүлдері үйдегі бөлмелерді толтыр­ған. Қай бөлмеге кірсең де, құс пен аң, гүлден жасалған бұйымдарды көресің. Қаншасын келген қонақтарға сыйға бердік. Тіпті, арнайы іздеп келіп, сатып алатындар да бар. Әрине, отағасы олардың өтіні­шін орындауда, - деді біздің әңгімемізге араласқан оның жұбайы Алма.

Иә, қолөнер – әркімнің бойына даритын өнер емес.

Міне, осындай ерекше қабілетіме­н өңір жұртшылы­ғына танылып, ауданда қол­өнерлік кәсіпті дамытуға атсалысы­п келе жатқан Самал Бурабаев өзінің  саналы өміріне серік еткен­ тағы бір кәсібі – ерте заман­да қазақ халқы­ үй тұр­мысына  қолдан­ған бұйым­дарды  жинау. Бүгінде шеберде 10-ға жуық жез құмыра мен сол замандары бабалар­ымыз ас-сусын құйып ішкен жез тостақ­ан, сонымен қатар бір­неше ат әбзелі және басқа  да  тұрмыстық  бұйымдар  бар.

- Мына құмыраларды бір­шама жыл бұрын туған жерім Көмекбаев ауылына барғанымда таптым. Ауыл жастарының оны қайдан алғаны белгісіз, темір-терсек қабылдайтын орынға өткізуге дайындап қойыпт­ы. Бір туысым маған «Самал, сен осындай жәдігерлерді жинақтауға қызығушылық танытып жүргендердің бірісің, алсай, металломға кетіп, қор болады ғой?» деген соң, әрине, мұндай құнды жәдігерді темірге өткізуге қимадым. Дереу олардың сұ­ра­ған ақшасын беріп, сатып алдым­. Кейбір достарым бұл қылығымды ерсі көріп, күлді де. Бірақ, мені олардың күлкісі тоқтатпады. Бүгінде мұндай кәсіппен айналысу менің жаныма­ рақат береді. Кейде бір жерде көне бұйымдарды көрген таныстарым хабарласып жа­та­ды. Әрине, мен ондай хабар­ламаны жібермеймін. Дереу барып, бұйымдарды сатып аламын, - дейді қолөнер шебері.

Самал бүгінде аудан орталығындағы майдангер-ақын Әбзәли Егізбаев атындағы №121 орта мектепте технология  пәнінен шәкірттерге дәріс береді. Оның шәкірт тәрбиелеп келе жатқанына да 20 жылдан асты. Ұлағатты ұстаздан тәлім алғандар арасында оның ісін жалғастырушылар да жоқ емес. Әрине, ұстазға одан ар­тық  бақыттың  керегі  де жоқ.

Нұрбай   ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы  ауданы

 


«ПЕРІШТЕ» ДОСЫМНЫҢ ҚУЛЫҒЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.08.2019 10:00

Сабырханмен бала кезден доспыз. Мектепте бірге оқыдық. Соңғы қырық жылдың ішінде аралас-құраласып тұрамыз.­ Дос болғанда ерекше. Аңғал, аққөңіл. Өмірі біреуге түсін суытып көрген емес. Ашулануды білмейді. Ал ашуланса, сәл-пәл күңкілдеп, тоңқылдағаннан  ары  аса  қоймайды. Сосын­ сол заматта ұмытып кетеді. Кімге қалай, мен оны өзім «Періште» деймін. Бала болып туып, бала болып қалған секілді. Сенгіштігі сондай, «мұз жанып, өгіз бұзаулап жатыр» десе де сенеді. Ештеңе­ге күйіп-пісіп, уайымға бас қатырмайды.

Сол бойы туып, сол бойы өтпелі өмірі бір орнында тоқтап қал­ғандай елестейді маған. Жетпісті желкелеп жатса да шашы сол күйі көмірдей қап-қара. Алдыр-салдыр әңгімесі. Жұртпен тіл тапқыш. Жатырқамайды ешкімді, шүйіркелесе кетеді. Сонан болуы керек, қалаға келгенде автобуста жанындағы адаммен абыр-дабыр болып отырып, баратын жерінен талай өтіп те кететін. Сосын қайтадан көлікке кері мініп жүргені. Жиырмасыншы ғасырдың  Қожанасыры осы Сабырхан досым менің. Сол Қожанасырлығы бірақ өзіне жарасып тұрады...

Мен қалада, ол ауылда. Апта сайын желпілдеп жетіп кеп тұрады. Ол кіргеннен ауылдың бес жастағы барлық баласы­ үйге лап қойып кіріп келгендей. Риясыз­ күлкі жүзінде. Ананы айтып тұрып, мына­ған кетеді. Сол періште кейпі... Бір қызығы, қалтасында телефон жүрсе де оны пайдаланбайды. Кейде үйде болмай қаласың. «Әуре болам-ау, білейін­ші звандап» демейді. Жоқсың ба, «жоқ екен ғой» деп кете береді. Өкпе, реніш деген онда болған емес. Маржандай тісін көрсетіп күлгенде, әлем түрленіп кеткендей. Мына безбүйрек заманда, біреулер тірлік үшін от болып жанып, күйіп жатқанда да ол сол баяғы  күлкісі. Төрт құбыласы түгел адамдар досыма қарап, «осы неге жетісіп күле­ді?» дейтін де шығар. Бірақ мен оның сәби болып туып, сәби болып қалған бала жүрегіне қызығам және тәнті болам.­.. Досым ұстаз болған. Осы болмысы ма, жаратылыс мінезі ме, оған да ешкім ренжімейтін шығар, сірә?! Айт­пақш­ы, оның шәкірттері көп. Оқытқан оқушылары оны  ұмытқан  емес. Ерекше  сыйлайды. Алыс аймақтағылары ең бірінші Сабырх­ан ағайын аңсап іздеп келеді. Ешкімге  қиянаты  жоқ, пенде­ліктен  ада жанға  қайран қаласың...

Жуырда бір отырыста отыр едім. Дас­тарқан үстінде бір жігіт өзінің Иіркөлден екендігін айтты. Әңгіме барысында:­

- Менің сол жақта Сабырхан деген досым бар, білетін шығарсың, бірге оқыдым, бала кезден, - дедім.

- Аға, біздің жақта үш Сабырхан бар. Қайсысы екенін қайдам? Өзіңіз қатарлы бір қария Сабырхан бар. Оны «Қу Сабырхан» дейміз, - деді.

Біреу төбемнен мұздай суды құйып жібергендей шошып кеттім. «Қу Сабырханы» несі?!

- Жоқ, ол мүмкін емес. Басқа Сабырхан шығар? - дедім жұлып алғандай.

Сенер емеспін. Менің «Періштем» ондай емес деймін ішімнен. Бірақ ол Сабырханның әйелі мен бала-шағасының аттарын алақанға салғандай тізіп берді. Сенбесем де, «бұл ат оған қайдан жабысып жүр?» дедім. «Ойпырмай, адам аласы ішінде» дегенге ойым ауысып, ішім удай ашып қынжылып отырмын.

- Аға, ол былай болған-тын. Досыңыз ол кезде мектепте. Әне-міне зейнетке шығам деп жүрген кезі. Ауылда жаздың күйіп тұрған тақырыбы бірінші шөп мәселесі ғой. Сондай қарбаласта Сабырхан ақсақал да шөп орып, оны баулап, бір жерге суындап қояды. Бірақ алып кетерге көліктің реті келмей салыс­ы суға кетіп жүрген. Ауық-ауық торуы­лдайды мотоциклімен. Бірде барса­, шөп жоқ. Ақыл-тұқыл біреу тиеп кетіпті. Ала жаздайғы еңбегі сөйтіп ұшты-күйлі, жел көтеріп кеткендей. Кезінде аңшы болған ғой Сәкең. Ізшіл­дігі бар. Көліктің ізін аңдап, дөңгелек­тің таңбасына зер сап бағыт-бағдарын қарап дегендей біраз жүріпті. Сөйтіп із ауыл шетіндегі жеке көлігі бар біреудің қорасына алып келеді. Олай қарайды, бұлай қарайды, шөптің пошымы өзіні­кіне келеді. Бірақ  басып қойған мөрі бар ма шөпке? Дәлелдей ала ма? Сонымен іс бітті. Сол жылы ол малына шөпті сатып­  алып, ілдалдап  қыстан  шықты.

Келесі жылы сол жерден шөпті тағы орды. Жинап қойды. Бұл жолы әдейі алып кетпей кешіктірді. «Дәніккеннен құныққан жаман» деп шөп тағы қолды болды бір күні. Із тағы сол ауыл шетіндегі былтырғы ауылдасының қорасына алып келді, жаңа ғана жиналған шөп қораның төбесінде тұрды.

- Пәленшеке, мына шөп менің «Қызылөзектің» түбегінде дайындап қойған  шөбіме  ұқсайды, - дейді  күміл­жіп.

Қарқылдап күлген ауылдасы:

- Бұл ауылда сен ғана «Қызылөзектен» шөп орып жүрсің бе? - деп мыс­қылдап, тағы да басқа ащы сөздермен түйреп, Сәкеңнің аузын аштырмай тастайды.­

Сәкең басы салбырап бұрылып кете береді де ауылдың аузы дуалы, бұрын ауылдық кеңестің төрағасы қызметін атқарған, тағы басқа да атқаміне­р болған­ екі-үш ақсақалға барады­. Сірә, олармен бұрын сөйле­сіп ескертіп қойған­ ба, ақсақалдар тез жиналып келсе­, ана жігіт шөптерін жинап қорасын­ың қасында жүр екен. Аман-саулық сұрасқаннан соң ақсақалдар:

- Әй, пәленше, мынау өзіңнің биыл орып, жинаған  шөбің  бе?

- Иә.

- Олай болса, үш-төрт бауын мында тасташы көрейік, - дейді.

Ойында ештеңе жоқ, әлгі жігіт ақсақалда­рға мысқыл күлкімен қарап қорасының төбесінен төрт-бес бауды «мә, керек болса» деп лақтырып тас­тайды.  Ақсақалдар  бірден қолдарын бау шөптің  арасына салады. Әр баудың ішінен «Сабырхан» деп жазылған бір жапырақ  қағаз  шыққанда  ауылдас  жігіт боп-боз болып мелшиіп тұрып қалады. Жігіт сол күні кешке шөпті түгелімен Сәкеңнің үйіне апарып береді. Өзі де көп ұзамай, жарты жылға жеткен жоқ, басқа жаққа көшіп кетті.

Сабырхан ақсақалға «қу» деген сөздің жабысып жүргені содан кейін, - деп жігіт әңгімесін аяқтады.

Досыма «қу» деген ұнамсыз атты ауылдастары жақсы мағынада айтқан екен ғой деп түйдім. «Періште» досыма риза болдым. Осындай әңгіме естіп едім деп айтқан да жоқпын.

 

С.ЕСМАХАНҰЛЫ

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары