Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 151 ТҮЛЕК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.08.2019 18:40

Биыл мемлекеттік гранттан өзге, көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға берілетін 5 мың грант бөлінді. Оның 390-ы Қызылорда облысына бағытталған. Бүгін Қызылорда облысында білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, грант иегерлері белгілі болды.

Гранттарды тағайындау процесі ашық, яғни БАҚ өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде өткізілді.

Конкурстық комиссия жұмысына 167 түлектен өтініш келіп түскен. Жоғары оқу орнына түсу үшін құжат тапсырған түлектердің басым бөлігі педагогикалық мамандықтарды таңдаған. Аталған грант иегерлері Қазақстандағы 5 жоғары оқу орындарына оқуға түсе алады.

Комиссия мүшелері атаулы әлеуметтік көмек және көпбалалы отбасылардан шыққан жастардың талапқа сай құжаттарын, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі межелі ұпайлары негізінде 167 түлектің 151-іне грант тағайындады. Қалған 14 түлектің құжаттары талапқа сай болмағандықтан түлектер грант иегері атана алмады.

Айта кетейік, 390 гранттың педагогикалық ғылымдар саласына - 151, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 86, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласына – 7, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 7, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 89, ауылшаруашылығы және биоресурстар саласына – 50 грант бөлінген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары