Өзекті мәселелер

  • 21.11.19

     

    Ерлан  ЕСТЕК,

    қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

    Толығырақ...

  • 21.11.19

    «Заманның  қожасы  да,  тұтқасы  да – жастар!». 1921 жылы «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі осы ұранмен жарыққа шықты. Тарих бетінде «Жас Алаш» көтерген үндеу алтын әріппен жазылды. Ел жастарының жанында жатталып қалды. Осы басылымда Ғани Мұратбаев тұңғыш редакт­орлық қызмет атқарған еді. Жалпы, Ғани туралы айтылатын, жазыла­тын дүние көп. Тым қысқа ғұмырында тындырымды тірлік жасап­  кеткені...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    «Шыдамның да шегі бар». «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК мен «Су жүйесі» МКК басшылығы осылай дейді. Сұрауы бар су мен қытымыр қыста жан сақтайтын жылудың ақысына келгенде тұрғындар таршылық танытатын­ көрінеді. Олар ай сайын емес, жыл сайын қордаланға­н қарыздарын жеке тұрғындар мен меке­мелерге ескертуден шаршаған. Жылдың басында жылуға­ қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жеткен. Ал...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Аграрлық өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Кеше ғана ауыл шаруашылығы саласында көштің басында тұрған Жалағаш ауданымен қалай мақтансақ та жарасады. Аллаға шүкір, ауыл еңбеккерлері Жер-Ананың берген ырзық-несібесін ысырап қылмай, Сырдың басты дақылынан тау тұрғызуда белсенділік танытуда.

    ...
    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Қазақстандық медицина  саласын  жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жобалардың  бірі – «Денсаулық» бағдарламасы. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның да мәреге жетуіне аз қалды. Қызылорда облысында аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 19 Тамыз 2019

КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ – ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.08.2019 16:40

Бүгінде Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 11 салалық кәсіподақта 1020 ұйым тіркеліп тұр. Өткен жылы тағы да 2 ұйым жұмысын бастаған болатын. Олар – «Senim» және «Yntymaq» салалық кәсіподақтары. Бірі денсаулық, екіншісі орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің құқығын қорғайды. Кәсіподақ ұйымы бар 1020 мекеменің 847-сі – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер. Мәселен, білім – 558, мемлекеттік – 176, мәдениет – 73, денсаулық сақтау саласында 40 ұйым жұмыс істейді.

- Жалпы облыс көлемінде 6005 мекеме мен кәсіпорындардың ұжымдық шарттары тіркелген. Қазіргі таңда кәсіподақтармен ұжымдық шарт талаптарының орындалуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 17 пайызды ғана құрап отыр. Айта кетерлігі, кәсіподақ ұйымының қатысуымен аймақтағы 863 мекемеде төменгі жалақы көбейтілді. Түсіндірме ақпараттық жұмыстар нәтижесімен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын 16 кәсіпорында жалақы өсіру мәселесі құпталуда. Осындай ұйымы бар мекемелер мен кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық жұмыс істейтін техникалық инспекторлар бар. Сондай-ақ, «Қауіпсіз еңбек» акциясы аясында салалық кәсіподақтар мен әлеуметтік әріптестер қатысуымен жұмыс тобы аудандарда, елді мекендерде қоғамдық бақылау жүргізуде, - деді Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Кәсіподақтың негізгі қызметі – кез келген саладағы жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқығын қорғау. Алайда шағымданушы еңбек ететін мекемеде кәсіподақ ұйымы болуы шарт. Бұл талапқа сай келмейтін жұмыс орындары жетіп артылады. Негізгі себеп – басшыларының ниет танытпауы.

- Кәсіподақ неге құрылмайды? Көп мәселе басшыға байланысты. Кәсіподақ ұйымын құрмаған басшы қызметкерлеріне немқұрайды қарайды деген сөз. Кәсіподақ бар жерде ашықтық болу керек. Қазір ауылдық жерлердегі тұрғындардың дені күріш егеді. Ал олардың жұмыс тәртібі мен айлық жалақысы қанша екенін ешкім зерделеп жатқан жоқ. Тіпті жұмыс уақытының нешеде басталып, аяқталатынын да білмейтіндер бар. Осындай жұмысшылардың құқын қорғауда кәсіподақ ұйымдарының қызметі зор, - деді қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымы төрайымы Р.Байназарова.

Айта кетейік, облыс бойынша барлық жұмыс түрлері бойынша 31 жазатайым оқиға тіркеліп, оның 18-і еңбек қызметімен байланысты деп танылған. Бұл жағдайдан 20 адам зардап шегіп, 13 адам ауыр жарақат алған.

Одан өзге «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы бастамасымен Жастар жылы шеңберінде жас дәрігер мамандарды қолдау мақсатында 7 маманға 500 мың теңгеден біржолғы көмек көрсетілген. «7-20-25» бағдарламасымен үй алу мақсатында 20 пайыздық алғашқы жарнапұлы 4 маманға табысталған. Бұл шараны алдағы уақытта өзге де салаларда қолдану туралы ұсыныс әзірленуде.

Халық-хабар

 


ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН РӘСІМДЕУ РЕТІ ЖЕҢІЛДЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.08.2019 14:35

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:

- Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;

- Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;

- Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

 

 


Ауылым – алтын бесігім PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.08.2019 13:00

Ақсуат ауылында өткен қызықты шара осылай аталды. Бұл күні осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар туған жерінде тағылымды басқосу жасады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында орналасқан Ақсуат ауылы – аудандағы көрікті мекендердің бірі. Өткен жылы орталық саябақ пайдалануға берілсе, биыл 90 орындық балабақшаның құрылысы басталып жатыр. Сондай-ақ, ауылдық клубтың жоба-сметалық құжаттары дайындалып, қаржыландыруға ұсынылған, жолдар да жөнделуде.

Шарада Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап ақсуаттықтардың ауызбіршілігі көпке үлгі болатынын атап өтті. Мұнан соң аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, би биледі.

Ауыл күні аясында Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановтың 110 жылдығы да аталып өтілді. Осынау игі қадамды бар өмірін ауылды гүлдендіруге, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнаған еңбек адамына деген құрметтің үлгісі десек жарасымды.

Кеңшардыы Дүйсенбай Мақанов басқарған тұста ауыл Одақта алдыңғы қатарлы «Асыл тұқымды қой» шаруашылығы атанып, одақтың, республиканың ауылшаруашылық жетістіктері көрмесінде жиі көзге ілікті. Табысы мол, мәдениеті өркендеген, пайдалы өнім беретін шаруашылыққа айналды. Сол жылдары іргелі ауылда он жылдық мектеп, 200 балаға арналған интернат, 70 орындық балабақша, сауда орталығы, қонақүй, асхана, монша салынды. Шаруашылықтың табысы жыл санап арта берді.Төл алудағы және жібек жүнді қой өсірудегі табыстары үшін осы шаруашылықтың шопандары республика жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды.

Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановты еске алуға байланысты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Балуандар бәсекесінде самбодан жастар арасындағы Азия чемпионы Абылайхан Жұбаназ жеңімпаз атанып, бағалы сыйлыққа ие болды. Ауылдағы «Ақмырза Ахун» мешітінде Дүйсенбай ағаның аруағына құран бағышталып, №100 орта мектепте ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


ҚАЗАЛЫДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ КӨШЕ БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.08.2019 12:40

Әйтеке би кентінде тағы бір игілікті іс жүзеге асты. Бұл күні жерлестері танымал мемлекет және қоғам қайраткері Дәуірхан Айдаровқа көше атауы берілуіне куә болды.

Шараны ашқан Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев Дәуірхан Жәлиұлының саналы ғұмырын тәрбие ісіне, идеология саласына арнағанына кеңінен тоқталды. Келесі кезекте мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Дәуірхан ағамыздың жары Рәш апай өздерінің ақ тілектерін ортаға салды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс болса, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов пен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың Айдаровтар әулетіне арналған құттықтау хатын оқып берді.

Мұнан соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған ел ағалары Дәуірхан Айдаров атындағы көшенің ашылу лентасын қиды.

Айта кетерлігі, мемлекет және қоғам қайраткері Дәуірхан Айдаровтың есімі кенттегі Жанқожа батыр 3 шақырым аймағында жаңадан ашылған көшеге берілді. Ұзындығы 1,2 шақырым болатын көшеде 90-ға жуық тұрғын үй бар.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


БОЗКӨЛДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.08.2019 12:20

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері имандылық шараларына баса назар аударылып келе жатқаны белгілі. Жер-жерде Алланың жердегі үйі мешіттер көптеп ашылып, жамағатты хақ жолына баулуда. Өткен аптаның жұма күні Бозкөл ауылының тұрғындары осындай игілікті іске куә болды.

Аталмыш елді мекендегі «Туған өлкем, қандай көркем» атты ауыл күніне арналған салтанатты шара орталық саябақта ауыл өнерпаздарының театрландырылған көрінісімен басталды. Халық арасында «Бала ахун» атанып кеткен Тілеумұрат Қошанұлының ұлағатты өмір жолын сахналық көрініспен сомдаған өнерпаздар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Тұрғындардың қуанышымен бөліскен Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев өзінің құттықтауында бірлігі бекем, тірлігі тиянақты елдің алар асуы биік боларына тоқталды. Ауыл түлегі, облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Нұрман Талқанбаев бозкөлдіктердің атынан аудан басшысына алғыс айтып, театрландырылған көріністе басты рөлдерді сомдаған өнерпаздарға сыйлықтар табыс етті.

«Ауыл күні» аясында ауылдан шыққан азаматтар, тұрғындардың демеушілігімен салынған «Бала ахун» атындағы жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Мешіттің ашылу рәсімінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов имандылық үйі адамдар арасындағы ізгілік, адамгершілік қатынастарды одан әрі нығайта берсін деген ақ тілегін білдірсе, ауыл тұрғыны Күнәжат Қаниев рухани орталықтың салынуына үлес қосқан барша азаматтарға бозкөлдіктердің атынан алғыс айтты.

Бағдарлама барысында ауыл тұрғындары әртүрлі спорттық жарыстарды тамашалады. Жастар сынға түскен қазақ күресі, арқан тарту, волейболдан өткен жарыста мықтылар анықталса, бәйге ауыл мерекесінің көрігін қыздыра түсті. Шара орталық саябақта аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, от шашумен аяқталды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.08.2019 12:00

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістандағы халыққа қызмет көрсету кешені құрылысымен танысты.

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, онда аймаққа бөлінген Арыс қаласындағы № 6 аумақты аралап көрді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысына Арыс қаласындағы 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 кәсіпкерлік нысан орналасқан №6 аумақ бөлінген. Бүгінгі күні қалпына келтіруге жатпайтын үйлердің бірі бұзылып, оның орнына жаңа үй сатып алынды, келісім бойынша қаланың көпқабатты үйлерінің бірінен тұруға жарамсыз деп танылған жеке үй тұрғындары (93 жастағы әже, 60 жастағы мүгедек ұлы мен 19 жастағы немересі) мен бір аулада орналасқан тұруға жарамсыз екі үйдің тұрғындары үшін жаңа баспана сатып алынды. Қалған 264 үй толығымен қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын. Сырбойылық құрылысшылар Арыс қаласында өздеріне бөлінген жұмыстарын толығымен аяқтады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Түркістандағы халыққа қызмет көрсету кешенінің (Шығыс моншасы) құрылыс барысымен танысып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминге құрылыс жұмыстары туралы баяндады.

"Бүгінгі таңда кешен қабырғалары мен бағаналарын салу жұмыстары толығымен аяқталды, ғимаратты жылу оқшаулағыш материал – минералды мақтамен қаптау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Кестеден қалыс қалу жоқ, құрылыс жоспарланған мерзімде аяқталады", - деді Қуанышбек Ысқақов.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы құрылғаннан кейін жаңа аймаққа  сый ретінде бірқатар әлеуметтік-мәдени нысан салып беру туралы шешім қабылданған болатын. Оның ішінде Қызылорда облысына тәулігіне 100 келушіге арналған халыққа қызмет көрсету кешені (Шығыс моншасы) құрылысы бөлінді. Кешеннің жалпы ауданы-3 мың ш.м астам, құрылыстың бас мердігері - "Бақ-Береке 2030" ЖШС.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары