Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2818
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10099
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда25999
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150729


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 26 Тамыз 2019

ЖАЛАҒАШТА ЕКІНШІ РЕТ ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 13:10

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы жəне Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда екінші рет "Zhalagash Life" жастар лагері басталды.

Аудандық жастар лагеріне ауылдық округ жəне кент орталығынан 60-қа жуық жас қатысуда.

Лагерь аясында спорттық сайыстар, танымал адамдармен кездесу, семинар-тренинг өткізу жоспарлануда.

Лагерьдің алғашқы күнінде жастар бір-бірімен танысып, топтарға бөлу арқылы тапсырмалық жұмыстар берілді. Сондай-ақ, лагерь қатысушылары «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахмановамен кездесті. Кездесу барысында Сымбат жетістікке қалай жеткендігі, мамандық таңдауда қателеспеу керек екенін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Лагерьдің екінші күнінде лагерь қатысушыларының аудан әкімімен еркін форматта кездесуі өткізіледі деп жоспарлануда.

Айта кету керек, Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығын ашу үшін аудандық бюджеттен 5 000,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Барлық ауылдық округтерде «Жалынды жас» еріктілер мектебі құрылып, онда 120-ға жуық жас бар.

Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жалағаш аруы» байқауы, аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы, «Zhalagash Life» жастар лагері, аудандық жайдарман лигасы, «Жалынды жас» еріктілер мектебі, «Жас Отау», «Жас маман» жобалары дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, биыл тұңғыш рет аудан жастарының қатысуымен жас еңбекшілер лагері өткізілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 13:00

Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы мен Жиенбай жыраудың туғанына 155 жыл толуына орай Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округінде ақын-жыраулар фестивалі мен спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

"Қызылорда облысын ежелден бастап "Жыр елі" деп атайды,оның бір себебі - "жүз жыраудың мекені", ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтың құрметіне аталған Тұрмағамбет ауылы. Кішкене ғана ауылдан бір ғана Сәлима Жұмабекова апамыздай Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана шығуының өзін мақтан етуге болады. Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған ақындар Құланбай Көпішов, Әбдікәрім Ахметов, Мағираш Сәрікова, жазушылар Нәсреддин Сералиев, Адам Мекебаев, Раушанбек Бектібаевтар, журналистер Мырхы Исаұлы, Әбілахат Жанаділов, Шакизада Құттаяқовтар бірі қазақ әдебиетіне, бірі журналистикаға еңбегі сіңген тұлға, өңірге ғана емес, елге танымал қаламгер ретінде есте қалды. Қазіргі таңда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында игі үрдістер жалғасын тауып келеді, көптеген әлеуметтік және бизнес нысандары салынуда",-деп атап өтті аймақ басшысы.

Мерекелік шара аясында ауылда Алматы, Тараз және облыстың барлық аудандарынан арнайы келген ақындардың қатысуымен республикалық мүшәйра ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шиелі ауданынан келген Ержігіт Бекжан, екінші орынды қызылордалық Тұрар Бекмұрзаев, үшінші орынды Тұрмағамбет ауылының тұрғыны Гүлжанат Қадырбекова иеленді.

Сондай-ақ, "Жыр жампозы-Жиенбай" жыр фестивалі, волейболдан турнир, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.

Осы күні Тұрмағамбет ауылында тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін шағын зауыт ашылды. Кәсіпорында айран, балмұздақ, сүзбе, қаймақ және пакеттелген сүт өндіреді. Зауытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 12:55

Кездесу барысында Қуанышбек Ысқақов өскелең ұрпақты қолдау мәселелерін талқылады және 10 жасқа республикалық лагерьге жолдама берді.

Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының алаңында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жастармен бейресми кездесуі өтті, оған өңірдің жастар ұйымдарының белсенділері, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан жастар, облыстық ұйымдардың басшылары, жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі жастар, барлығы 120-ға жуық адам қатысты.

Аймақ басшысы жастардың қажеттіліктері туралы сұхбаттасып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Өз кезегінде Арал және Қазалы аудандарының әкімдері және облыс ұйымдары мен мекемелерінің басшылары жастарды қолдау бойынша атқарған жұмыстары мен жастарға арналған мүмкіндіктер туралы баяндады. Мысалы, 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының Үкіметімен келісім негізінде қызылордалық түлектер Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарында білім алуда,ал оқуды аяқтағаннан кейін жергілікті кәсіпорындар  мен мемлекеттік органдар оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді.

Пікір алмасудан кейін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов 10 жеткіншекке, оның ішінде белсенді, аз қамтылған отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі жастар мен жұмыссыздарға "Жастар Отанға!" республикалық жастар лагеріне жолдама табыстады.

Кездесу соңында алау жағылып, жастар ән шырқады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 12:45

«Дала күні» дәстүрлі іс-шарасында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланып, күрішке орақ түсті.

Жалағаш ауданында "Таң ЛТД" ЖШС егіс алқабында жыл сайынғы "Дала күні" семинар-кеңесі өтті.

Шара аясында өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдері мен арнайы техникалар көрмесі ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңір шаруаларын құттықтап, егін жинау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысты.

«Өздеріңіз білетіндей, аймағымызды 6 жылдан астам уақыт басқарған бұрынғы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тікелей қолдауымен облыстың ауыл шаруашылығы саласын 2020 жылға дейін дамытудың Агрокартасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 2,6 пайыздан 3,7 пайызға ұлғайды. Аймақтың экспорттық әлеуеті де артты: егер 2013 жылы біз тек 3 өнім түрін экспорттаған болсақ, қазір олардың саны 18-ге жетті", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі семинарда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м. а. Сейілбек Нұрымбетов 2019 жылғы ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады.

"Ағымдағы жылы облыс бойынша 183,1 мың га ауылшаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде негізгі дақыл күріш – 87,9 мың га. Өткен жылмен салыстырғанда күріштен басқа дәнді дақылдардың егістік алқабы – 2,4 мың га, мал азықтық дақылдары – 3,4 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 639 гектарға артты. Облыста алғаш рет соя және қант құмайы егілді. Аймақтағы шаруашылықтар минералды тыңайтқыштар, гербицидтер мен ауылшаруашылық техникаларын дайындады, метеорологиялық болжам қолайлы, өнімді жинау жоспарланған мерзімде аяқталады деп күтілуде", - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ, семинарда өңірдің ауыл шаруашылығы мекемелерінің басшылары, Жалағаш, Шиелі және Қармақшы аудандарының әкімдері баяндама жасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖОҒАЛҒАН 3 ЖАСТАҒЫ БАЛА ЖАРТЫ САҒАТ ІШІНДЕ АТА-АНАСЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 12:25

15 тамызда сағат 10:30 шамасында кезекші бөлімге Мұратбаев көшесіндегі азық-түлік дүкенінің жанынан 3 жастағы баланың табылғандығы туралы қоңырау түсті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Баланың туыстарын іздеуге бірден кіріскен ювеналды полиция аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Исаев Самат Болатұлы жақын маңдағы барлық жеке үйлерді аралап шықты. Содан кейін көппәтерлі үйлердің тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, ол баланың сол пәтерлердің бірінде тұратынын анықтады.

Көп ұзамай балақай алаңдаушылық білдірген анасына аман-сау қайтарылды.

Осыдан кейін анықталғандай, әжесі немересімен бірге дүкенге шығып, зат сатып алу кезінде бала дүкеннен шығып, келесі көшеге жүгіріп барып, жоғалып кеткендігі анықталды.

Полицейлер ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді. Анасы полиция қызметкерлеріне, Самат Исаевқа ризашылығын білдірді. Егер бала тез табылмаса, қайғылы жағдай әбден болуы мүмкін еді.

Осыған байланысты Полиция департаменті ата-аналарды балаларына, олардың тәрбиесіне ұқыпты және мұқият болуды шақырады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛИМЕНТТЕРДІ ӨНДІРІП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 12:15

Қызылорда облысының әкімдігінде ҚР Әділет Министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі мен жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы арасында алимент өндіру және проблемалық алименттерді азайту туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аталмыш меморандумның халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Статистикалық ақпаратқа қарасақ, бүгінгі күні Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының орындауында алимент өндіру санаты бойынша 7 мың 474 өндіріс бар. Оның 733-і орындалуы қиындық туғызатын алименттер қатарында. Тәжірибе көрсеткендей, балаларды тәрбиелеу мен қамтамасыз ету бойынша негізгі әлеуметтік жүктеме көбіне әйел-аналардың мойнына түсетінін білеміз. Сондықтан бүгін біз осы мәселені шешу бойынша үшжақты келісімге қол қойдық», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Меморандум аясында тараптар бір-біріне алиментті қасақана төлемейтін азаматтарды анықтауға және олардан берешекті өндіріп алуға жәрдемдесуге міндеттенеді. Бұдан басқа, тараптар алименттерді өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында іс-шаралар кешенін қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҮЗДІК ОРТА БІЛІМ ҰЙЫМЫ АТАНҒАН БАЙҚОҢЫРЛЫҚ МЕКТЕПКЕ 17 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.08.2019 12:00

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылордада дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференцияға Білім және ғылым министрлігіннің өкілдері, Парламент депутаттары, білім беру мекемелері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты, олар оқу орындарын цифрландыру мүмкіндіктері мен жас таланттарды тәрбиелеу туралы баяндады.

Конференция барысында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов білім беру саласындағы негізгі міндеттерді саралап берді.

Аймақ басшысы атап өткендей, білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген негізгі көрсеткіштер орындалды. Дегенмен, одан бөлек шешімін табуы тиіс бірқатар маңызды мәселелер де бар.

«Біріншіден, облыста 3-6 жастағы балалар бекітілген мерзімінен бұрын балабақшамен 100 пайыз қамтылды. Дегенмен, 3 жасқа дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Екіншіден, соңғы 6 жылда облыста 69 мектеп салынды, аймақ мектептерінің 60 пайызы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Енді біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алыс орналасқан ауылдық елді мекендердегі мектеп оқушыларына қалалық мектептермен теңдей дәрежеде сапалы білім алуға жағдай жасауы керек», - деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, Қуанышбек Ысқақов бәсекеге қабілетті мамандарды оқыту, қазіргі қоғамда педагог мәртебесін арттыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, нарық талабына сәйкес техникалық мамандық қызметкерлерін даярлау және дәстүрлі құндылықтарға сәйкес ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды.

Аймақтың үздік педагогтері «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды, «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, № 277 орта мектебіне «Үздік орта білім ұйымы» номинациясы бойынша 17 миллион теңге табысталды.

Одан бөлек, конференция аясында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, «Promethean» компаниясының бас кеңесшісі Инна Стивенс цифрлық заманда интерактивті технологиялардың мүмкіндіктерін баяндаса, «BTSDigital» оқу орталығының басшысы Саясат Нұрбек «Жаңа мамандықтар Атласы» жобасын таныстырды. Ал мәнерлеп сырғанау бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі Байтақ Тұрсынбаев дарынды балаларды анықтауда ата-ананың рөлін талдап шықты.

Облыс бойынша алдағы жаңа 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде.  Оның ішінде,  1 сыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 600 орындық орта мектеп пен 1450 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы жүргізілуде. "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Қармақшы ауданындағы №27, 30 және Жалағаш ауданындағы №201 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, №288 мектепті ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары