Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2821
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10102
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда26002
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150732


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 27 Тамыз 2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 11:10

Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Н.Талқанбаев 1960 жылы туған. Қарағанды кооперативтік институты мен Оңтүстік Қазақстан ашық университетін бітірген.

Еңбек жолын Қазалы аудандық тұтыну одағының жұмысшысы ретінде бастаған.

1995-2007 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу және сауда басқармасының басшысы, Жалағаш және Қазалы аудандарының әкімі болған.

2010-2012 жылдары – «Казаэросервис» акционерлік қоғамының директоры, Қызылорда облысы статистика департаментінің бас маманы.

2012 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы статистика департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


АУЫЛДА СТАДИОН БОЙ КӨТЕРУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 10:35

Ақтан батыр ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға орталық алаң мен саябақ пайдалануға берілген болатын. Ауылдағы арбат бойы түнгі жарықшамдармен қамтылған. Саябақта орындықтар, кіші архитектуралық формалар, темір күрке, балалар ойын және спорт алаңқайлар орналасқан. Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізсе, ашық сахнада ауыл тұрғындары өнерпаздардың өнерін тамашалайды.

Абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын тауып, ауылдан 150 орындық стадион құрылысы бой көтеруде. Құрылысты «Сыр маржаны» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі таңда серіктестік жұмысшылары белгіленген жерді тегістеу, топырақ үю сияқты жұмыстарды аяқтады. Сондай-ақ, стадионда жүгіру жолағы мен волейбол ойнайтын алаң да салынады деп күтілуде.

Мұндай  стадион облыс көлеміндегі елді мекендер арасында салынған екінші стадион деп саналады. Бұған дейін Нағи Ілиясов ауылында пайдалануға берілгенін атап кеткен  жөн.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 10:30

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ.Әміреев 1970 жылы туған. Мәскеу экономика-статистикалық институты мен  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын «Қызмет» акционерлік қоғамының менеджері ретінде бастаған.

2001-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2012-2016 жылдары  «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Инновациялық саясат департаментінің директоры, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 10:25

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Н.Байқадамов 1967 жылы туған.

Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің академиялық доценті.

Еңбек жолын 1991 жылы Сырдария ауданындағы №139 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

1994-2003 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі.

2003-2008 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанындағы колледж директоры, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2008-2016 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жөніндегі проректоры, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы болды.

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛБАСЫНЫҢ «СЕНІМ. ДИАЛОГ. БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ – «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 7 СЕРПІНІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ПАРТИЯ АКТИВІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 10:15

Қызылордада "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні" бағдарламасы бойынша партия активінің отырысы өтті.

Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақов алдағы уақытта бағдарламаны жүзеге асыру өңір үшін басым міндет болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау; барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыру мен биліктің барлық деңгейіндегі партия алдындағы жауапкершілігін арттыру; халықпен, оның барлық әлеуметтік топтарымен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізу; партияның ақпараттық-идеологиялық жұмысын қарқынды ұйымдастыру және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды қамтиды», - деді аймақ басшысы.

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова партияның қызметін жандандыруға байланысты атқарылатын  жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, халықпен кері байланыс орнату, әлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлер арқылы тұрғындардың өтініштерін қабылдау және оны шешу бойынша жұмыстар күшейтілді.

"Елбасы тапсырғандай, біз негізінен партия мүшелерінің санына емес, сапасына басты назар аударып отырмыз. Шағын ұйымдар ірі бастауыш ұйымдарға біріктірілді. Нәтижесінде өңірдегі 272 бастауыш ұйымның жиырмасы қысқартылып, 252 бастауыш ұйым қалды. Облыстағы 51350 партия мүшесінің құрамына да талдау жасалынып,  жыл басынан бері партиялық жарнапұл төлемегендер мен партиямен байланысы үзілген 4083 адам партия құрамынан шығарылды", - деді А.Әлназарова.

Өз кезегінде, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов пен депутаттық фракциялар, бастауыш партия ұйымдарының басшылары партия жұмысын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстарын енгізді.

Қорыта келе, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - "Nur Otan" партиясының 7 серпіні» бағдарламасына қатысты, соның ішінде "Жас Отан" партиясының жастар қанатының жұмысын қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ АКТІСІНЕН КЕЙІН 900 МҮГЕДЕК ТЕГІН ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 10:10

Мүгедектердің құқықтарының қорғалуы мен сақталуы прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Аталған бағытта жүргізілген талдаулардың нәтижесінде:

1.Мүгедек балалардың аудандық психологиялық-педогогикалық түзетукабинеті (инклюзивті білім беру кабинеті) талаптарға сай келмейтіні;

2.Аудан бойынша І-топтағы 135 мүгедекке 100 жеке көмекшілермен көрсетілетін қызмет уақыты 2 сағаттан аспай, мүгедектердің құқықтары шектелгені;

3.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің(бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жататын диспансерлік есепте тұрған900 мүгедектігі бар науқастарға тегін рецептілер мүлдем жазылмай, конституциялық құқықтары бұзылған;

4. «Қант диабеті»ретінде тіркелген науқастардың нақты дәрі-дәрмек алғанына қарсы тексеру барысында жазылған рецептілер бойынша науқастардың тегін дәрімен мүлдем қамтамасыз етілмеген бірнеше дерегіне жол берілген;

5.Мүгедектерді тасымалдайтын, инватакси қызметін көрсететін көліктің талапқа сай еместігі анықталды.

1) Атап айтқанда, аудан көлемінде бір инклюзивті білім беру кабинеті жұмыс істеп тұрса, онда небәрі 3 арнайы маман ғана қызмет атқаруда.

Ал, қолданыстағы заңнама талаптарына сайолигофренопедагог, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық ырғақ бойынша педагог, әдіскер, тәрбиеші, медбике-массажистжәне тіркеуші мамандарымен мүлдем қамтамасыз етілмеген.

Бұдан бөлек аудандағы инклюзивті білім беру кабинеті Арал қаласының №262 мектеп ғимаратының 1-қабатының 2бөлмесінде ғана орналасқаны және білім алу бөлмелерінің жетіспеушілігінен бір бөлмеде бірнеше маманның(мекеме есепшісі де) жұмыс істеуіне жол берілген.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 89 баланың 44-і түзету көмегіне ие болса, қалған 45-і қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беру кабинетінде компьютерлі-логопедиялық-тренажер мүлдем қарастырылмаған.

Осылайша мүмкіндігі шектеулі балалардың мемлекетпен кепілдік берілген құқықтары шектелген.

Аудандық прокуратураның араласуынан кейін инклюзивті білім беру кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балалардың кіріп-шығуына бөлек есік, санитарлық бөлмелер қарастырылып мүмкіндіктер жасалса, материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында, жергілікті бюджеттен 300 мың теңгеқаржы бөлініп, дидактикалық материалдар алынды.

Инклюзивті білім беру кабинетіне 3 штат бірлігі, сурдопедогог, емдік дене тәрбие нұсқаушысы және массажист мамандарына бюджеттен 3 млн 678 мың теңге қаржы бөлінді.

Түзету кабинетін қала орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы ғимаратқа көшіру мүмкіндігі жоспарлануда.

2) 135 мүгедекке оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 100 жеке көмекшілердің қызметі тағайындалып, жеке көмекшілермен мүгедектерге күніне 2 сағаттан аспайтын, айына (21 күнге) 42 сағат қана қызмет көрсетілген.

Жеке көмекші – мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті үйінде жүріп-тұруына, дәрі-дәрмек қабылдануына және қоғамдық орындарға (Емхана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, банк, ХҚКО,  демалыс орындарына) баруына септігі зор.

Прокуратураның араласуынан кейін ғана жеке көмекшілердің мүгдектерге қызметін күніге 4 сағатқадейінкөтеріп, ол үшін жергілікті бюджеттен қосымша 8 млн теңге қаржы бөлінген.

3) Аудандық прокуратураның ықпалымен есепте тұрған 1643 мүгедектігі бар науқастарға ақпараттық жүйе арқылы мониторинг жасалып,тегін медициналық көмекшеңберінде диспансерлік есепте тұрған 900 мүгедектігі бар науқастарға бүгінгі күнге дейін тегін рецептілер мүлдем жазылмағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана тегін дәрілік заттар алуға құқығы бар 900 мүгедек азамат тегін дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілді.

4) «Қант диабеті» ретінде тіркелген науқастардың нақты алғанына қарсы тексеру барысында 5 науқасқажазылғанрецептілер бойынша тегін берілуге тиіс «Виктоза»дәрісі (бір қорабы 45 000 теңге)мүлдем берілмеген.

Бұл жағдай осы диагнозбен науқас аудандық амбулаториялық емхананың дәрігері А. деген азаматша аталған дәрінің 35 қорабын өзіне негізсіз босатып алу салдарынан орын алған.

Алайда бір науқас үшін жылына «Виктоза» препаратының 18 қорабын ғана қолдануға рұқсат берілген.

Аталған дерек аудандық полиция бөліміне тергеп-тексеру үшін жүктеліп, жол берген кінәлі медицина қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, прокуратураның ықпалыменемхананың дәрігеріне берілген 10 қорабыжалпы құны 450 000 теңге тұратындәрісікері қайтарылып, «Қант диабеті» бар 5 науқасқаВиктоза препараты толық таратылып берілді.

5) Жүріп-тұруыүшін мүмкіндігі қиын мүгедектерді талапқа сәйкес келмейтін автокөліктің тасымалдауы алаңдатуда.

Техникалық ерекшелікте көрсетілген мүгедектерді тасымалдауға, отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен немесе кресло-арбаларды бекітуге арналғанқұралдармен жабдықталған автокөлік пен диспетчерлік ұйым болуы тиіс екені көзделген.

Алайдаауданның мүгедектеріне арнайы құралдармен жабдықталмаған, қолайсыздық тудыратын Газель автокөлігімен тасымалдау қызметі көрсетілуде.

Бұл дерек бойынша аудан әкіміне кезек күттірмейтін тәртіпте шаралар қолдану жөнінде ұсыну енгізілді.

Арал ауданының прокуратурасы

 


Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сall-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-кеңес көрсетеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.08.2019 09:45

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысынашағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

Операторлар агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.

Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.

Егер бұрын қылмыстық істер бақылау-қадағалау органдары тарапынан жедел әзірлемелер мен құжаттық тексеру материалдары негізінде қозғалса, бүгінгі таңда бейжай емес азаматтардың хабарламаларына да сүйеніп отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті Агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Осылайша, әрбір хабарлама уақытылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 call-орталығы.

 


МӘДЕНИ ШАРАЛАРДЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.08.2019 15:35

Брифинг

Осы күні алғашқы жартыжылдықты тамамдаған облыстық басқарма басшылары брифинг беру үшін өңірлік коммуникациялар қызметіне кезек-кезегімен ағылуда. БАҚ өкілдері ақпарат алаңында бұл жолы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуованың баяндамасын тыңдап, сауалдар қойды.

Жалпы, облыс бойынша 171 мәдениет үйі мен клубтары, 209 кітапхана, 14 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі, барлығы 410 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Оларды жаңалау – кезек күттірмейтін жұмыс. Биыл мәдениет нысандарын жаңғырту мақсатында 1 ауылдық клубтың (Арал ауданы, Шижаға ауылы) құрылысы салынып, пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейін Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекеніндегі клуб ғимараты тұрғындар кәдесіне жарамақ.

Негізінен облыс мәдениет үйлері мен клубтарының басты қызметі – ауқымды, тың іс-шаралар ұйымдастыру, ел-жұртқа мәдени демалыс сыйлау. Осы мақсатта жыл басынан бері 4289 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 800 мыңнан аса көрермен қамтылыпты. Клубтардағы көркемөнерпаздарға арналған үйірмелер саны – 839, оған қатысушылар саны 10391 адамды құрайды. «Жастар жылы» және «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 3 халықаралық, 3 республикалық, 17 облыстық конкурс-фестиваль ұйымдастырылған.

- Биыл облыс кітапханалары 154 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетсе, келушілер саны 1053907 адамды, кітап берілімі 2501807 дананы құрады. Облыс кітапханаларының кітап қоры – 4451610 дана, қазақ тілінде 2390206 кітап бар. Жаңадан 17333 дана кітап алынды, оның ішінде қазақ тіліндегісі – 15276 дана. Облыс бойынша 60 модельді кітапхана жұмыс істейді. Есепті кезеңде цифрлы форматқа 7849 кітап (1728282 бет) көшірілді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың поэзиясы мен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы оқырманға ұсынылды, - деді Мира Рахымжанқызы.

Облыс музейлерінде де айтарлықтай жаңалықтар бар. Бүгінде музей қорында барлығы 138727 экспонат бар. 6 айда облыс музейлері бойынша 1637 экспонат жинақталып, облыстық музей қоры 555 экспонатпен толықтырылған. Демек, құнды жәдігерлер қатары күн санап көбейіп келеді. Биыл барлық музейді санағанда 6226 экскурсия жүргізіліп, 374 лекция, 329 көрме ұйымдастырылыпты. Оған келушілер 142341 адамды құрап отыр. Облыс музейлері 6 айда 2294 төлқұжат толтырып, «Музеолог» бағдарламасына 1642 экспонатты енгізген.

Ал, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры осы аралықта (6 ай –автор.) барлығы 138 спектакль қойып, оған 38 мыңнан аса көрерменді қамтыған. Қойылымның 69-ы балаларға арналса, 38-і – жастар труппасының спектаклі. Театр репертуары 3 жаңа спектальмен толыққан.

Өз кезегінде облыстық филармония барлығы 147 концерт ұйымдастырып, оған 27355 көрермен қатысқан. Басқа облыстар мен елді мекендерде 50 гастрольдік, 45 қайырымдылық концертін өткізген.

- Облыстағы архив мекемелеріне 9866 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды. «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 1425919 сақтау бірлігінің (істердің) 13339 парағы сандық жүйеге енгізілді.

Есепті мерзім ішінде облыс архивтері «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 9669 сұранысын мерзімінде орындады. Оның ішінде 317 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 8237 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1115 сұраныс түсіп, мерзімінде қанағаттандырылды, - деп атап өтті басқарма басшысы брифинг барысында.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылы облыстық бюджет есебінен Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Қышқала қалашығынан тұрғын үйдің сегіз қырлы ішкі бөлмелерінің толық жоспары, қыш күйдірген үлкен пеш аршылса, Жанкент қалашығынан орта ғасырда тұтынған заттардың фрагменттері мен сол ғасырда тұтынған иіссу құтысы табылды. Бүгінгі күні табылған тарихи орындар мен заттай экспонаттарға ғылыми зерттеулер жасалып жатыр. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан археологиялық Сығанақ, Жанкент қалашықтарында аршылған нысандарға және Қазалы ауданындағы Ғанибай үйі ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні басқарма бойынша жобалық кеңсе аясында 3 жоба «Жыр мұра», «VILLAGE LIFE», «SACRAL TUR» жобалары жүзеге асырылуда.

Алғашқы жартыжылдықта өңірдегі жас таланттар республикалық, халықаралық дәрежедегі 13 байқауға қатысып, нәтижесінде 4 бас жүлде, 2 бірінші орын, 8 екінші орын, 3 үшінші орынды иеленіп, Сыр елі өнерінің мәртебесін асқақтатып келеді.

Сонымен қатар, 21 мамыр мәдениет қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ «Рухани қазына – 2019» республикалық фестивалі өткізіліп, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы «Ең үздік халық шығармашылығы орталығы» номинациясының бас жүлдесін жеңіп алса, осы орталықтың сектор меңгерушісі, жыршы Майра Сәрсенбаева министрліктің дипломымен, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сектор меңгерушісі Қалдыгүл Досмағанбетова «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясымен марапатталды.

Иә, мұның барлығы атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Әрі басшылықтың қолдауы, қаншама қызметкердің еңбегі сайрап жатыр. Бір риза болатынымыз, қазіргі таңда мәдениет саласы қызметкерлері еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де жиі шығып тұрады. Сыр топырағында ұйымдастырылған іс-шаралардың да ауқымы халықаралық деңгейде өтіп жүр. Мәдениет – ұлттың мәйегі екенін ескерсек, түп-тамырымыздан ажырамас үшін игі жұмыстарды жалғастыра беруіміз шарт. Басқарма басшысы Мира Рахымжанқызы да өз сөзін осылай аяқтады.

 

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары