Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 06 Қыркүйек 2019

МҰРАТТЫҢ МАРАПАТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.09.2019 17:05

Бүгінгі сөз Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаевтың өнер, шығармашылық жолдағы адамдарға деген ілтипаты жайлы өрбімекші. Бірнеше күннен бері Қазалыда «Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектептің 5-сынып оқушысы Мадияр Серік Болгарияның Варна қаласында өткен Халықаралық «Stars of the world» байқауынан Гран-При иеленіп, байқаудың үш турынан сүрінбей өтіп, қатарынан үш алтын медаль жеңіп алыпты. Қаршадай қара баламыздың орындаушылық шеберлігіне сүйсінген әйгілі әнші Филипп Киркоровтың әкесі Бедрос Киркоров бастаған қазылар алқасы орнынан тұрып, құрмет көрсетіпті» деген жағымды жаңалық желдей есіп жүр. Мұны естігенде өңіміз тұрмақ, түсімізде де көрмеген Варнадағы байқаудың ең биік жеңіс тұғырында құдды өзіміз тұрғандай желпініп, көңіліміз арнасынан асып-төгіліп жтқан киелі Ащыкөлдей шалқығанын несіне жасырайын?!. Талайдың таңдайын қақтырған дарынды өренді ауыл ағалары, ұстаздары мен өнердегі аға-апалары аудан орталығынан күтіп алғанын, аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали мен № 94 мектеп директоры Алик Тілеумбетовтің кездесу жасап, сый-сияпат көрсеткенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Күні кеше Мадияр баламызды Қазалы ауданы әкімі Мұрат Нәлхожаұлы арнайы қабылдап, ілтипат білдірді. «Қаз тойғанына емес, қиғанына семіреді». Қазір дала төсінде еңбек дүбірі қызған шақ. Осындай тіршіліктің қауырт кезеңінде өнер адамдарын аудан әкімінің уақыт тауып, қабылдауына «Алла разы болсыннан» өзге айтарымыз жоқ. Мұндай кездесу облыс орталығында да көрініс тапты.

Сонымен... Аудан әкімі қасиетті Қазалының атын шығарған талантты баланы үлкен жеңісімен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Өз кезегінде Мадиярдың әжесі Дәмегүл Сәрсенбай мен №94 мектептің ән-әуез пәнінің мұғалімі Зағира Исалда жылы шырайлы жүздесу үшін Мұрат Нәлхожаұлына ризашылығын білдірді. Ал, бүгін мұндай қошемет облыс орталығында көрініс табуда. Көпшіліктің арасында кімдер кездеспейді дейсіз?! Бір танысым «Мадиярдың отбасы дәулетті тұратын шығар. Әйтпесе, осындай баға күйіп тұрған уақытта қияндағы Болгарияға барып-қайтуға қаражат табу оңайға түспейді...» деп сөзінің соңын жұтып күмілжіді. Еріксіз жымидым. Қайран, қазағым-ай! Мадиярдың отбасы алыс ауылдағы шаруа қамын күйттеген, қарапайым тірлік кешкен жандар екенін, топтан дара шыққан саңлақ өреннің бағын қайтармауды ойлап ата-әжесі намысқа тырысып қолдағы барын салғаны, осы сапардан қалмауы үшін несие алғандары, тіпті аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған ел ағалары да қолұшын созғаны көз алдымнан сырғып өтіп жатты.

Сондай-ақ, аудан басшысы осы күні танымал ақын, №266 мектеп-лицейдің мұғалімі Сағыныш Өтеулиевамен жүздесіп, шығармашылық туралы ой бөлісті. Кездесуде ақын Сағыныш Мұхитқызы өзінің балалық шағы, өскен ортасы, өмір жолындағы аға-апалары, алғашқы еңбек жолы туралы әңгімеледі. «Жастар жылы» аясында Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің көмегімен 500 дана «Сырұя» атты кітабын шығарған Сағыныш ақын тың туындының тұсаукесер рәсімін Алматы қаласында өткізіпті. Өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартқан ақын қарындасымызға аудан басшысы жүрекжарды лебізін жеткізіп, жыр жинағына құтты болсын айтты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары