Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019

ЕГІНДІ ӨСІРУ – АСУ, ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – МӘРЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 10:55

Халық аузындағы «Жер жомарт­, жерге сенген ел жомарт­, еңбек еткен ер жомарт­» деген сөз сірә халық несібесінің ортаймайтынын білдірсе керек. Ерте көктемнен бастап еңбектеніп, ала жаздай алқаптың басында болатын Сыр диқаншылары күрішке орақ салуда. Даңқты күрішші Ыбырай Жақаевтың «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана, ысырапсыз жинап алу – мәре» деген екен. Бұл ретте қызыл­ордалық егіншілер ауа райының  ыстығы мен су тапшы­лығына қарамастан өнімнің өнімділігін сақтай отырып, орақ маусымына жеткізуінің өзі – ерлік. Еңбектің даңқын асырған егінші жұрт бүгінгі заман­ талабына сай мықты әрі тиімді шаруаны жүргізіп, жоғары­  белестерді мойындатудың үлгісін көрсетіп, өңірдің дара дақылы – күріштің әр гектар­ынан 50 центнерден жоғары­  өнім  алуда.

Қала іргесіндегі Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ж.Махам­бетов ауылының диқан­шы­лары еселі еңбегінің несі­бесіне қол жеткізді. Орақтың басын күріш алқабына салу үшін «Дала күні – 2019» шарасына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ауыл және кент әкімдері, шаруашылық бас­шылары мен ақсақалдар қа­тысты. Жергілікті диқандардың даңғайыр еңбегін бағалап, егіннің бітік шығуына зор үлес қосқан шаруаларға ізгі ілти­патын білдірген қала әкімі жинал­ған көпшілікті тоқшылық  тойымен құттықтады.

– Ауыл шаруашылығы – аймақ экономикасын қалып­тастырудың  басым  бағытының бірі. Бұл мақсатта агроөнер­кәсіп кешенін дамытудың арнай­ы бағдарламасы бекі­тілді. Сыр жұртшылығы агробизнесті және агроөнеркәсіп кешенін дамытуда орасан зор үлес қосып, көш бастап келеді. Бүгін  де  Ақсуат ауылындағы ақ алтындай тербелген егіс дала­сында алғашқы орақ салу сәтіне куә болып отырмыз. Соңғы жылдары астық өндіру бағытында қала диқандары айтарл­ықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Биыл 8421 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ең негізгісі – күріш дақылы 4011 гектарды құрайды. Әрбір толағай табыс ауыл еңбеккерлерінің ынтымағы мен бірлі­гі­нің, еңбек даласында көрсеткен үлкен қажырлықтың жемі­сі, - деді қала әкімі.

Ағымдағы жылы ауыл шаруа­шылығы  дақылдарының нақты егісі 8421 гектарды құрады. Оның ішінде бидайдың жаздық және күздік түрі, арпа, сұлы, соя, рапс, сорго, мақсары, жоңышқа, сүрлемдік жүгері, картоп, көкөніс, және бақша өнімдері бар. Негізгі дақыл­ саналатын күріш тұқымы 4011 гектарға тасталды. Қала бойынша ораққа түсетін егістік шығымдылығының 70 пайызына жақсы, 25 пайызына  орташа, 5 пайызына қана­ғаттанарлық деген баға беріп отыр  сарапшылар.

– Ақсуат ауылдық округіне қарасты күріш алқабының 300 гектарына күріштің «Ақ­маржан» және «Янтарь» сортын ектік. Аталған сорттар өңірдің климаттық жағдайы мен суармалы егіншілікке бейімде­лген. Оның әр гек­та­ры­нан 55 центнерден өнім жиналады деген жоспар бар. Егін жинау жұмысына әзір тұрған жаңа техникалар жеткілікті. Биылғы жылы ауа райының қолайлы және су тапшылығының  болмауы да үлкен септігін тигізді. Сол себепті сапалы әрі мол өнім жинауға толық мүмкіндік бар, - дейді «Ақме­шіт-Агро» ЖШС басшысы Ермек­  Ералиев.

Аймақтың әлеуметтік-эконо­микалық әлеуетін қам­тамасыз етіп отырған Сыр салысы­ның өзге дақылдарға қарағанда орны бөлек. Жыл сайын халықты астықпен қамтама­сыз етіп отырған Сыр өңірінің ауылшаруашылығы бағытындағы шаруашылық­тары Жер-Ананың берген несіб­есінен құр қалмайды. Егістік басындағы өнімді жинау­ үшін 795 тонна дизель отыны, 159 тонна автобензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етілген. Қажетті дизель отынын мұнай өңдеу зауыты­нан арзан бағамен қалаға жеткізуші операторлар болып белгіленген «РК Мұнай» және «Нефтьтранс-Қызыл­орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері литрін 178 теңгеден  босатуда.

Айта кетейік, қала бо­йынша­ картоп, көкөніс, және бақша дақылдарын жинау жұмыстары басталды. Бүгінде картоптың әр гектарынан  122, көкөністен 125, бақшадан 129 центнерден өнім жиналуда. Дала жұмыс­тары жалға­сады. Өткен жылы егілген күріш дақылынан 50 центнерден өнім жиналды, биыл да 55-60 центнерден төмен болмайды деп күтілуде. Айтпақшы, егін жинау нау­қа­нына 23 дана жатка, 25 комбайн, 68 трактор, 19 трактор тір­кемелері мен 2 дана жүк көлік­тері  дайын  тұр.

Н.ҚАЗИ

 


АҚЫНДАР ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ТОЛҒАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 10:45

Тіл үшін күрес – мерекеде, әкімшіліктің ішінде не мәдениет үйінде ғана емес, әр адамда күнделікті жүріп жатуы керек процесс. Ана тілдің тағдырына алаңдайтын адам көп болса, онда оның өміршеңдігіне алаңдамау қалыпты құбылыс секілді. Ана тілің – анаң. Ендеше, онсыз күн кешу қиын әрі қасірет. Әрине, ұғына білгенге. Бір жақсысы, ақын деген халық бұл жолда жаңылмай келеді. Өйткені, қанмен келген қасиетте қасіретке ұрындырмайтын  ұлылық  бар.

Жалпы, тіл тақырыбында толғанбаған ақын аз. Өткен аптада сырбойылық ақындар да бір арқаланып қалды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тілім – тірегім, Қызылорда – жүре­гім» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Облыс аудандары мен қала аумағынан барлығы 10 ақын қатысқан жыр додасына ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Толы­бай Абылаев, ақын-сазгер, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Ділдәхан Торғаева, айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтар қазылық жасады. Ақындар тіл тақырыбында және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша ІІІ орынды Шиелі ауданынан Бекжан Ержігіт пен Қармақшы ауданынан қатысқан Ай­бану Қалиева өзара бөлісті. Аралдық ақын Айдар Сайлауов және қызылордалық Ғабит  Кәдірбай ІІ орынды місе тұтты. Ал І орын Жала­ғаш ауданынан келген Жасұ­лан Серікке табыс­талса, бас жүлде қызыл­ордалық Ұлықбек Бек­ұзақұлына бұйырды. Қал­ған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.

- Бүгінгі мүшәйраға қа­тысқан қыз-жігіттердің аяқалысы жаман емес. Әттеген-айы, сөзді дұрыс қолданбау, өлеңдегі шұба­лаңқылық  байқалады. Негі­зі, 10 шумаққа енген ойды 2 шумаққа сыйғызуға болады. Ол да – мықтылық. Осы ақындардың 1-2-еуі қазақ поэзи­ясына аяқ басса, бұл да біз үшін – үлкен  жетістік, - деді Толыбай ақын сахна төрінде.

- Талай жыр мүшәйраларына қатысып жүрміз, бірақ, бүгінгісі өзгерек деп айта аламын. Ақындар аламанда ана тілдің абыройын асқақтатып, қарашаға қара өлеңнің қадір-қасиетін барынш­а танытты. Аудиторияның басым бөлігі студенттер мен жастар болды. Олардың ақындарға деген ықыласы анық білініп тұрды. Сөз сайысын ұйымдастырушыларға алғыс ай­туым­ыз керек. Сөз құ­нын, өлең құнын ұғынатындар көбейе  берсін! - дейді ақын Ұлықбек  Бекұзақұлы.

Қазылар өз кезегінде ақындардың қарымы мық­ты­ болғанын, барлығы дең­гей­лес екенін айтты.

«Тыңдаушы айтушыдан күшті болсын» дейді емес пе? Мүшәйраға келіп қас қақпай тыңдап отыруларыңыз  сахнадағы  ақындардың емес, залдағы сіздер­дің жеңі­стеріңіз!» деп көрермендердің бағасын асыра сөйлеген айтыскер ақын Мұхтар Ниязов сөз додасындағы өлеңдердің деңгейі жақсы екенін, Сыр бойынан мықты  ақын шық­пауы­ мүмкін емес жағдай екенін айта кетті.

Байқағанымыз, ақындар өз өлеңдерін арқаланып оқыды. Патриоттық жырлардың олай оқылуы заңдылық та еді. Қуан­ғанымыз, қатысушылардың өлеңдегі ой-өрісінің кеңді­гі, тіл тағдырын жырлай алуы, оған  бейжай қарамауы  болды.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 


КӨЗДЕП ЖҮРІП КӨЗДЕГЕНІНЕ ЖЕТКЕН PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.09.2019 10:35

Кейде ауыз толтырып айтқан сөзіңмен нақты ойыңды жеткізу қиын. Ал бір ғана сурет арқылы оқырманға ой тастау қиынның қиыны. Осы кезде қолдағы құралымен көргенін суретке түсіріп, әдемі фото­с­уреттің астарына терең мағына­ жасыр­а алған фототілшілерге қайран қаласың. Жазушыға берілген әдемі сөз саптауы, ақынға берілген үйле­сімді ұйқасы секілді, бұл да фототілшілердің бойына дарыған қасиет пен талант.

Қызылорда өңірінде де талантты фототілшілер бар. Солардың бірі – суретке түсіргенді жан тәнімен сүйе­тін Болат Омарәлиев. Өмірін осы кәсіпке арнаған кейіпкеріміздің еңбектері кеңес үкіметі кезінде «Известия», «Советс­кое фото» атты газет-журналдарында жарық көрген. Шығармашылығы арқылы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдас­тырған фотобайқаулардың лауреаты атан­ған. Еңбек жолында тіпті Ресей, Укра­ина мен Польша елдерінде фоток­өрмелерін өткізіп, 20-дан астам­ кітапқа еңбектері енгізілген және мұрағатында заманындағы барлық­ дерлік таланттылардың суретте­рі жиналған екен. Бұл күндері  зейнет жасына  жеткен Болат­ Шамаұлы суретке түсіріп жүрмегенімен, 2000-нан астам сурет­тен тұратын мұра­ғатымен жұмыс  істеп  жатыр  екен.

Бұл күндері фототілші әлеумет­тік желіде жаңа оқырмандарын тауып­, олардың ризашылығына бөленіп жүр. Фототілшінің «Соғыс жесірлері» атты сериялы суреттері талай жанға ой салып, жүрек тебіренткен. Міне, бұл сурет те «Соғыс жесірлерінің» құрамына еніп, «Мәңгі жоқтау» (суретте) деген атауға ие бол­ған. Дәл осы сурет кейіпкердің өнердегі жолын ашқан. 1983 жылы Мәскеу мен Алматы қалаларында өткен көрмеде көрермен назарына ұсынылған. Тіпті  Мәскеуден  шығатын «Известия» газетінің атақты­ тілшісі Эд. Поляновский «Ночь коротка, спят  облака»  атауымен кең көлемде мақтаулы мақала  жазыпты.

Сұрапыл соғыс әр жанның қабырғасын қайыс­тырып, көңіліне қаяу салғаны рас. Қара аспаннан қарша бораған оқ пен бомбалардың ортасында шайқасу, көзсіз оқ пен тілсіз өртке оранған майдан­ға жақынын жіберу ешкімге оңай болмад­ы. Ауылда қалған ата-анасы мен ізбасарларына берген сертінде тұра алмай, қара жерді жастанған­дары қаншама?! Арқа сүйер жұбайы, бауырындағы баласы майданнан оралмай, қайғы жұтқан әйелдердің көз жасы көл болып қала берді. Жақын­ының жанында енді жоқтығына сене алмай, босағадан көз алмай­ күткендері бар. Сұрапыл соғыс­тан аман-есен оралғанымен, жанына жазылмас қаяу түскен жан­дар­ жазылмас көңіл дертіне шал­дықты. Жыл сайын мәңгі алауға батырлардың құрметіне гүл шоғын қойып, сұрапыл соғыстың арқасында мәңгілік сапарға аттанғандарды еске алу оңай емес. Отанның азаттығы үшін, шаңырақ тыныштығы үшін қасық қаны қалғанша жауға қарсы күрескен майдангерлер есімі ешқашан ұмыт қалмақ емес. Бейбіт күннің аясында еш алаңсыз  өмір сүріп жатқан батырлардың ұрпағы оларға тағзым етіп, мәңгі жоқтауға міндеттіміз. Міне, осы жанай­қай­дың бәрін автор бір сәттік суреттің астарына жасырған. Түсін­ген жанды сан мәрте тебіренткен сурет­тің  мән-мағынасы  осындай.

Өз ісінің нағыз шебері екендігін дәлелдеген Болат Омарәлиевтің еңбектерін көре отырып, талай жан сурет тұңғиығына батып, ой әлемінде жүзері айдан анық. Тек сапалы жұмыстарын ғана іріктеп алып, жарық­қа шығаратын автор әркез көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп  жүрері жасырын емес. Күллі ғұмырын фотоаппаратымен көздеп жүріп көздегеніне жеткен кейіпк­ердің  еңбектері  осындай.

Аслан   ЖАЙҚОНСҰЛЫ

 


МЕХАНИЗАТОР ЗАКАРИЯ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.09.2019 10:25

Механизатор – қашанда мәртебесі биік мамандықтардың бірі. Осы мамандыққа  саналы өмірін арнап, ел құрметіне бөленгендер де жетерлік. Алысқа бармай-ақ, елімізде Кеңес Үкіметі дәуірлеп тұрған жылдары мезанизатор болып еңбек етіп, есімдері күллі КСРО-ға танылған Еңбек Ерлері – Камшат Дөненбаева, Жадыра Таспанбетова, сонымен бірге қармақшылық «Мерьесев» Қасымтай Ізтілеуов пен ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері дүроңғарлық Бибігүл Әбішевалар өздері еңбек еткен жылдары аталмыш мамандықтың қыр-сырын терең меңгеріп, ел мәртебесін әлемге танытқаны рас.

Ал, бүгінде сол аға буын өкілдерінің мерейін тасытқан осы мамандықтың жастар арасында қадірі қаншалықты құрметті? Расын­да да, кезінде аға-апаларымыз тізгіндеп, ел әлеуетінің өсіп-өркендеуіне, оның ішінде ауылшаруашылығының дамуына орасан­ үлес қосқан мамандық иелерінің ізбасарлары қазір тек ауылда ғана екенін білеміз. Сондай талапты жастардың бірі – көпұлттың басын біріктіріп, берекесі тасыған ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Закария Арифов.

Ауылдағы мектепті тамамдай сала ата-анасының қолдауымен әкесі, есімі елге танымал ауылшаруашылығының майталманы Милияр Арифов басқаратын «Достық Жер МК» шаруашылығының №1 егіс бригадасына механизатор болып, еңбекке араласқан Закарияның тракторшы мамандығын меңгергеніне биыл 21 жыл болыпты. Жас маман алғашқы жылдары «МТЗ-80» трактор руліне­ отырып, бригададағы аға буын әріптестерінен механизаторлық мамандықтың қыр-сырын меңгерсе, кейін келе жатка және комбайндарды да тізгіндеп, егін жинау науқанында жақсы көрсеткіш­терге қол жеткізе бастады. Өз қатарластары арасында ұйымдастыр­ылған жарыстарда үздіктер көшінен көріне бастаған жас тракторшы кейіннен шаруашылықтың озат тракторшылары  сапасынан орын алды. Иә, «Еңбек түбі – береке» дегендей, бүгінде Закария Милиярұлы – өзі еңбек ететін №1 егіс бригадасының ғана емес, шаруашылықтың үздік механизаторларының бірі. Ол – бір­неше­ рет өз саласы бойынша үздіктер көшін бастап, түрлі марапаттарға ие болып, замандастары арасында мәртебелі атақты иеленіп жүрген майталман маман.

- Менің өз замандастарым сияқты жоғары білім алуға үлкен мүмкіндігім болды. Алайда, тракторшы мамандығына бала жасымнан жақын болып өскендіктен, мектепті бітіре сала марқұм әкемнің рұқсатымен шаруашылыққа жұмысшы, кейіннен трактор мамандығын меңгеріп, осы саланың маманы ретінде механизаторлық мамандыққа ауыстым. Міне, содан бері қыста трактор, көктем-күздерде жатка-комбайн рулдерін тізгіндеп келемін. Кімде-кім өзінің сүйіп таңдаған жары сияқты мамандығын да дұрыс таңдай білсе, оның жолы әрқашан­ ашық әрі жеңіл болады. Аллаға шүкір, осы мамандықпен өмірімді жалғастырып келемін. Көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Өткен жылы 1100 гектар егістік алқаптың күрішін орып, аудан чемпионы атандым. Жоғары­да айтқанымдай, жар сүйіп, ұрпақ тәрбиелеп отырған жайым бар. Менің мамандығым – менің мақтанышым. Бүгінде өзімнен кейінгі жастар арасында осы құрметті мамандықты игергісі келетіндер жетерлік. Әрине, кезінде аға әріптестерімнен алған тәжірибемді, өзімнен кейінгі үзеңгілес інілеріме үйретудемін. Бұл – біз үшін аға буын өкілдері аманаттаған ұлы үрдіс» дейді темір тұлпарды тізгіндеген Закария Арифов.

Нұрбай   ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы  ауданы

 


АЙМАҚТЫҢ АЛАР АСУЫ МОЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.09.2019 10:15

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ИГІЛІГІ  КӨП

Қызылорда об­лысының даму ба­ғытының  алғашқы сатысы­ аграрлық шаруа­шылыққа тікелей­  байланысты. Өйткені  біздің ай­мақ  аграрлық-индус­триялық өңір мәр­те­бесіне ие. Еліміздегі 90 пайыз күріш өн­діру бағытында  жүйе­лі жұмыс істеп, толағай табысқа жетіп отырған аймақ  ретін­де де мақтанатын ретіміз бар. Соңғы жылдардағы көрсет­кішке  орай мұнай-газ  секторы өңір эконо­микасының  негіз­гі  саласы болып табылады. Өнер­кәсіп өндірісінің 82,7%-ы астам мөл­шері тау-кен  өнер­кәсібіне тиесілі­, мұн­да шикі мұнай  мен  табиғи газ өндіру үлесі басым (87,6%).

Өнеркәсіп өндірісі құрылы­мындағы  өңдеу  өнер­кәсібінің үлесі  аз,  бар  болғаны 12,6%.  Айта  кетейік, 2018 жылы 930,4 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өн­дірілген. Өнім көле­мінің жылдан-жылға төмендеуінің де өзіндік себебі жоқ емес. Кейбір мұнай кен орындарындағы қабаттық қысымның төмендеуі салдарынан 90%-ы сулануына әкеп тіреп тұр. Дегенмен, облыста өңдеу өнеркәсібін дамытудың зор әлеуеті бар. Облыс аумағы көмірсутекті шикізат, түсті металд­ар (мыс, мырыш, қор­ғасын және алтын), қара металдар (темір, титан және ванадий), уран, кварц және құрылыс құмдары, әк тас қорларына бай. Сонымен қатар, жоғары экспорттық әлеуеті бар мал шаруашылығын, оның ішінде ет бағытындағы мал шаруашылығын перспективалы дамыту, балық шаруашылығы және балық өңдеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекет тарапы­нан агроөнеркәсіп кешенін­  тұрақты  қолдау, оның ішінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндірістер құруда  елеулі  нәтиже  бар.

Жүргізілген қажетті зерт­теулердің нәтижесінде екі негізгі категория бойынша дамуд­ың екі секторы анық­тал­ған. Алғашқысы, ішкі нарықты толықтыру, екіншісі экспортқа бағдарланған өнім өндірісін кеңейту үшін агроөнеркәсіптік кешен секторын дамыту. Сонымен қатар, өңірдің табиғи климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай, аграрлық саланы дамытудың 9 басым бағыты айқындалған. Олар: ет және сүт мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, суармалы жерлерді қалпына келтіру, зәкірлік кооперацияны қайта өңдеу және дамыту, балық шаруа­шылығы, агроөнер­кәсіп­тік кешен өнімдерін өткізу, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру. Аталған барлық бағыттарды жүзеге асыру­ мақсатында кластерлік негізде өндірістік процестерді басқаруға цифрлық техноло­гияларды ендіру қажеттілігі бар. Бұдан бөлек, агроөнер­кәсіптік кешен өнімдерін дамы­тудың өңірлік бағдарламасы  аясында 148 жобаны іске асыру жоспарда бар. Осы ретте облыста сүт, ет, жұмыртқа, құс еті, картоп, ұн тарту өнімдері мен жылыжай көкөністерін өндіруді жетілдіру қолға алынуда. Қазіргі уақытта Арал қаласында ұн өндірісі қалпына келтірілді, Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде, Қызыл­орда қаласында ет комбинаты мен жылыжай салынуда, көп­жылдық жеміс екпелері бар алаңдар кеңейтіліп, Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында жұмыртқа өндірісі дамытылуда.

ЖАҢА   ЖОБАЛАР  ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Өңірде су қоймаларын салу және суармалы суды тиімді пайдалану бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылмақшы. Олардың қатарында иррига­циялық және дренаждық желілерді жетілдіру жөніндегі жоба­ларды іске асыру арқылы суармалы суды 30%-ға дейін үнемдеу жобасы бар. Және жерасты көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдіс­терін қолдану, коллекторлық суларды қайта пайдалану есебі­нен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп, 300 мыңға жеткізуге қауқар жеткілікті. Нәтижесінде біз аграрлық сектор­дағы өндіріс көлемін 79 млрд теңгеге ұлғайта отырып, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүм­кіндік аламыз. Суарылмайтын шөл-егінді жерлерде майлы және азықтық дақылдар егісін кеңейту жоспарлануда. Ол үшін ғалымдардың иннова­циялық әзірлемелерін, яғни аквасорбенттер мен аквагельдер  пайдаланылады.

- Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды саласы, дамудың жаңа мүмкіндіктерінің бірі – шикізат және азық-түліктік емес аграрлық өнімдер өнді­рісі. Мәселен, ет-сүйек және балық ұнының өндірісі аймақтағы мал және балық өсірушілерді сапалы қоспалармен қамтам­асыз етіп ғана қоймай, оларға  тауарларын  Қытай  мен Еуропаға экспорттау арқылы пайда табуға мүмкіндік береді. Тері өндірісін дамыту бойынша да жаңа мүмкіндігі қарас­тырылуда. Жыл сайын облыс бо­йынша 65 мың ірі қара малдың терісі, 131 мың ұсақ қара малдың терісі және 800 тонна­ға жуық қой терісі, 40 тонна ешкі және 100 тонна түйе жүні сатып алынады, - деген еді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов  облыстық мәсли­хат­тың  кезекті  сессиясында.

Жалпы, аймақтағы индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында өңірімізде құны 150 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асыры­лып, 1,6 мың жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні оның 18-і өнім  өндіруде. Нәтижесі­нде өнеркәсіп өніміндегі өңдеуші өнер­кәсіп­тің үлесі 2018 жылы 12,6 па­йыз­ға жетті. Сонымен қатар, шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы 3 жылда 3 есеге өсті. Екінші бесжылдық ая­сында 28 жобаның 7-еуі іске қосылды, жыл соңына дейін 4 жобаны іске қосу жоспар­лануда. Олар: шыны, кірпіш, балық өңдеу және құрама жем зауыты. Ал қалған жобалар үшінші бесжылдыққа өтпелі қалыпта тұр.

 

ИМПОРТ   АЗАЯДЫ

Сондай-ақ, еңбек өнім­ділі­гін  арттыру  мақсатында  облыс  көлемінде мұнай-газ және уран саласындағы бірқатар кәсіпорындар «казгермұнай», «Байкен-U», «СНПС Айдан Мұнай»  және «СКЗ-U» серіктестіктері  цифрлық технология енгізу жұмыстарын жүр­гізуде. Атап айтқанда, тампонажды цемент зауыты толықтай цифрландыруға көшкен, «Қазгермұнай» серіктестігі 2019 жылдың соңына дейін «Интеллектуалды кеніш» тех­но­логиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, мұнай өндіру көлемі 1-2 пайызға дейін артады, операциялық шығыстар – 10 пайызға азайып­, басқару шешімдері тиімділігі 20 пайызға дейін артады деп күтілуде.

Ағымдағы  жылдың алғаш­қы жартыжылдық қорытын­дысымен өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі жан басына­  шаққанда  4 мың    АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштің  өсуіне  және жаңа  өндірістердің  ашылуына­ сеп­тігін тигізеді. Осы ретте, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы құрал­дарын кеңінен қолданып, импорт­ты 2025 жылға дейін 37%-ға  азайтуға  жұмыс  жа­салмақ.

 

КӨЛІК  МАГИСТРАЛІНІҢ МҮМКІНДІГІ  МОЛ

Өңір біршама көліктік әлеует­ке ие. Өңірдің көліктік инфрақұрылымы жоғары деңгей­де шоғырланумен ерекшеленеді. Негізгі автомобиль, теміржол  және  су жолдары бір-бірімен іргелес орналасып барлық  аудан  орталықтарынан және  облыс орталығынан өтеді. Осылайша 85% елді мекен­ орналасқан көлік магис­тралі  қалыптасқан.

Өткен жыл қорытындысымен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы  аясында 17 жоба жүзеге  асырылды.  Биыл  5098,8 млн теңге қаржыға 30 жобаны жүзеге асырып, 100 шақырым жол желісін жөндеу жоспарда тұр. Бүгінде облыс аумағындағы 212 елді мекенді аудан және облыс орталы­ғымен бұқараны байланыстыратын 211 автобус ұйымдастырылған. Облыс орталығынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркіс­тан, Сарыағаш, Ақтөбе және басқа да қалаларға 12 маршрут бар. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жол­дары мен елді мекен көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге бөлініп, 192 шақырым жолдар және көпірлер жөндеу­ден өтеді. Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде 71-і – ауданаралық (қалааралық), 109-ы – аудандық (кентішілік), 31-і – қалаішілік және қала маңындағы маршруттар. Облыс орталығынан өзге облыс, қалаларға қатынайтын көліктерді тағы қосыңыз. Осы облыстық марш­руттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1468 дана автобуспен (116-сы – облыс­аралық, 283-і – аудан­аралық, 334-і – ауданішілік, 735-і – қала және қала маңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде. Жыл басынан бергі мәлімет бойынша 180,2 млн жолаушы тасымалданып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға артып отыр.

 

ҮДЕМЕЛІ    ЖАҢҒЫРТУ ҮРДІСІ   ҚАРҚЫНДЫ

Қызылордада соңғы 5-6 жылдың өзінде-ақ 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жылу энергиясы көздеріне белгілі бір жүктеме алып келеді. Қолданыстағы Қызылорда жылу энергия орталығы 1964 жылы пайдалануға берілген, яғни 50 жылдан астам уақыт пайдаланылуда, соның салдарынан жабдықтардың тең жартысы тозып тұр. Осы себепті жақын арада облыс орталығының 700-ге жуық көпқабатты үйдің жылу мәселесін шешу керек. Қазіргі таңда қуатты көп тұтыну­  кезінде «ЖЭО» қызмет көрсету аймағындағы жылу тапшылығы 100 ГКал/сағатты құрайды. Бұл өз кезегінде беріле­тін жылудың сыртқы ауаның температуралық кес­тесіне сәйкес келмеуіне әкеледі. Бұл мәселені қолданыстағы энергия көзін рекон­струк­циялау және кеңейту арқылы ғана  шешуге  болады.

Үдемелі жаңғырту және әлеуетті инвесторлар үшін тар­тымд­ылықты арттыру мақсатында 119 ұйымдастырушылық және іске асырылатын іс-шарадан тұратын Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жыл­дарға арналған кешенді жос­пары әзірленгенінен көпшілік хабардар. Кешенді жоспардан көптеген нәтиже күтіледі. Облыс­тың жалпы өнеркәсіп өндірісі 2023 жылға қарай номинал­ды мәнде 2 062 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп болжануда. Оның құрылымында 2023 жылы тау-кен өнер­кәсібі­нің басым үлесі сақталатын бола­ды. Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылы­ғы, көлік  және  байланыс үле­сі­не­  басымдық беріледі.

Денсаулық сақтау сала­сында да заманауи көпбейінді аурухана, аудандық емхана және перзентхана бөлімшесін салу білікті және мамандан­дырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арт­тыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға, бала туудың ұлғаюы­н және өлім-жітімнің төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2030 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 73,9 жылға артады.

Алдағы уақытта пилоттық жобалар шеңберінде Қызыл­орда облысының базасында аз қамтылған азаматтар әлеумет­тік сүйемелдеуге мұқтаж бол­ған жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың  ведомствоаралық  өзара  іс-қимылының  егжей-тегжейлі регламенттері мен алгоритмдері әзірленетін болады. Атаулы­ әлеуметтік көмек көр­сету кезінде, өмірде қиын жағдайд­а жүрген адамдарға арнай­ы  әлеуметтік қызметтерді енгізу жөніндегі үлгі көмек көрсету мерзімдерімен әзірленеді. Осы іс-шаралар кешені­н іске асыру өңірдің дамуы­на сапалы жаңа серпін сыйлап, 10 000-ға жуық жаңа жұмыс  орнын  ашуға  мүмкін­дік  береді.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ – САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 10:10

2013 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Отбасы – бақыт мекені» акциясы аясында облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп «Елімнің болашағы – салауатты отбасы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мақсаты -қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, жас өрендердің өнерлерін шыңдау, өнерлі балаларды анықтау, кітапханаға оқырмандарды тарту, оқырмандардың қызығушылығын арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет жасау.

Мерекелік шараға қаламыздағы №7,8 арнайы үлгідегі және №5 көзі әлсіз көретін мектеп-интернатының 5-6-сынып оқушылары қатыстырылды. Шараны кітапхана директоры Ерқазы Алданазаров ашып, отбасы күнімен құттықтап сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді. Шара 5 кезеңге бөлінді. Бірінші отбасылық сайыс, екінші дойбы ойынынан, үшінші көкөністерден композиция жасау, төртінші Абай өлеңдерінен үзінді оқу, бесінші «Арттерпия» психолог маманмен тренинг өткізілді. Отбасылық сайыстың мүшелері Қазақ соқырлар қоғамының жанұяларынан, яғни кітапхананың тұрақты оқырмандарымен топтастырылды. Отбасылық сайыс бойынша І орынды Шантаевтар, ІІ орынды Базартаевтар, үшінші орынды Жәмекеевтер иеленсе, Қожаниязовтар отбасы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Жеміс-жидектерден композиция жасау сайысында бірінші орынды №7 мектеп, екінші орынды №5 мектеп, үшінші орынды №8 мектеп-интернаты иеленді. Дойбы ойыны бойынша өткен жарыста бірінші орынды №5 мектеп, екінші орынды кітапхана оқырманы БолатАғыбаев, үшінші орынды №7 мектеп-интернат оқушылары еншіледі. Шарада белсенділік танытып, ерекше көзге түскен оқушылар Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған шара жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар демеушілердің қайырымдылық көмектері арқылы жүзеге асырылды.

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы

 


ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 10:00

Кеше аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде ғасыр жасаған аналарымыздың құрметіне арналған «Ғасыр ғұмыр - берекелі белес» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, ғасыр жасаған аналарымызды мерейтойларымен құттықтады.

- Ғасыр жасаған аналарымыз келешек ұрпаққа үлгі болатын, кейінгі жас өнеге алатын талай елдік істердің басында жүріп, ер-азаматтармен иық теңестіре еңбек етті. Елге де, ерге де сын сағат соққанда елдің тыныштығын сақтап, қоғам жүгін қайыспай көтере білген аналарымыз өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігінің басы-қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге қазір де сүбелі үлес қосып келеді, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Кеш барысында ардақты аналарға облыс, аудан әкімінің арнайы құттықтаулары табысталып, сый-сыяпат көрсетілді.

Шара барысында кеш кейіпкерлеріне ұзақ жасаудың сыры, бала тәрбиесі, кешегі мен бүгінгінің айырмашылығы туралы бірқатар сұрақтар қойылып, ақыл-кеңестері тыңдалды. Сондай-ақ, ғасыр жасаған әжелердің шөберелерінің қолынан су ішу, бата беру рәсімі өтті. Шара ғасыр жасаған аналарымыздың құрметіне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналарымыз бар. Ауданымызда 330 ана «Алтын алқа» тақса, 620 ана «Күміс алқа» иеленді. Ал, 68 «Батыр ана» мен 68 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


БҰЗАҚЫЛАР ҚОЛҒАТҮСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 09:55

8 қыркүйек 2019 жылы Әйтеке би кентінде орын алған бұзақылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Әйтеке би кентінде кешкі уақытта белгісіз біреулер 39 жастағы кент тұрғынының  басқаруындағы автокөлігін тоқтатып, оны ұрып-соғып, көлікті қиратып, бұзақылық жасалғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша полицейлермен 7 күдікті тұлға анықталды. Олардың барлығы – жас шамасы 21-27 аралығындағы Әйтеке би кентінің тұрғындары. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалып,мән-жайлары анықталуда.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 


ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ СОТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 09:50

Ағымдағы жылдың 7 маусымында сот үкімімен Қызылорда қаласының тұрғындары Б.Н. 3 үш жылға, Б.Е. 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

12 қаңтар 2019 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жәбірленуші пәтер ұрлығы жөнінде шағымданады. Яғни сол күні белгісіз біреулер сағат 09:40-00:00 уақыт аралығында жатын бөлмесінің терезесі арқылы үйге кіріп, қара түсті "LG" үлгісіндегі теледидарын, зергерлік бұйымдарды, қысқы аяқкиімдер мен 2 дана құндыз тонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 2760 000 теңге.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті ретінде екі қала тұрғынының бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизод қылмыстары әшкереленіп, олар барлық жасаған қылмыстарын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7785 000 теңгені құрайды.

Сот процесінде күдіктілер өздері жасаған қылмыстық іс әрекеттерін  мойындап,  келтірілген шығынды жәбірленушілерге толығымен өндірді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 09:40

Әрбір талапты бастарда сәттілік тілеу – халқымыздың қанына сіңген дағды. Қазалыдағы егінге алғашқы орақ түсер сәттегі аталмыш шара да осындай ниеттен туындаған еді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, «РЗА» АҚ президенті, Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын мен шаруашылық басшылары, еңбек ардагерлері қатысып, егіншілердің қуаныштарымен ортақтасты.

Қалыптасқан дағдымен алдымен Жанқожа баба кесенесіне барып, әулие рухына құран бағыштаған көпшілік Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС-нің егістік алқабына жол тартты.

Егіс танабының басында өткен жүздесуде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев ағымдағы жылдағы егіннің жай-күйіне тоқталып, астықты ысырапсыз жинап алу туралы ойын білдірді.

Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған ел ағалары алғашқы егін орағының лентасын қиып, еңбек ардагері Сақыбай Нармағамбетов бата берді. Осылайша дала төсінде еңбек дүбірі басталды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары