Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019

Қызылордалық шұлық шығаратын кәсіпкерге «Аға сеньорлар» компоненті көмекке келді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 17:45

Қызылордалық жеке кәсіпкер Айгүл Мұхамеджанова осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын өңірде шұлық шығаруды қолға алған болатын. Цехта күніне 350-400 дана шұлық шығарылады. Бағасы да көңілге қонымды, қалтаға жеңіл – 150 теңгеден.

Кәсіпкер жұмысын жүргізуде біршама қиындықтарға кезіккен соң Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Палата өз кезегінде кәсіпкерге басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел маманын шақыртуға мүмкіндік беретін «Аға сеньорлар» компонентіне қатысуды ұсынды.

Бұл компоненттің артықшылығы шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар (ұшықтың және қызметтер шығыны) республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Тек келген маманның кәсіпкердің нысанында жұмыс жасау барысындағы жатын орны мен ас-суы, сондай-ақ аудармашының (қажет болған жағдайда) шығындарын кәсіпкер көтереді.

Кәсіпкер Айгүл Мұхамеджанова «Аға сеньорлар» компонентінің әлеуетін қолданып, облыстық Кәсіпкерлер палатасы арқылы түркиялық жоғары білікті маман Кенан Йылдырымды алдырды.

«Біз техникаларымызды Қытайдан алдырған болатынбыз. Кезінде қытайлық маман құрал-жабдықты құрып беру барысында мамандарға да жан-жақты түсіндіруі қажет еді. Алайда аудармашының болмауы салдарынан бізде қиындықтар туындап, ол мүмкіндікті пайдалана алмадық. Негізі бұл машинадағы инелерді алты ай сайын майлап, техниканы шашып, қайта жинап тұру керек екен. Соның бәрін Кенан мырза көрсетіп жатыр. Түркиялық маманмен сөйлесуде де аса қиналып жатқан жоқпыз. Себебі өз ұлым Сүлеймен Демирел атындағы колледждің түлегі», - дейді цех басшысы Нұрғазы Болтаев.

Түркиядан арнайы келген сарапшы Кенан Йылдырым Бурса техникалық универститетінің профессоры, инженер, тігін машинасының құрылымын меңгерген кәсіби шебер. Қызылордаға сапары барысында сарапшы маман кәсіпкердің шеберханасындағы тігін машиналарын жөндеудің қыр-сырын жұмысшыларға үйретті. Шетелдік маман 10 күннің ішінде құралдардың барлығын тазалап, тігу дизайнына да өзгерістер енгізіп берді.

«Бұл құрылғылар қолданған сайын ескіріп, жарамсыз болып қалады. Құрылғылардың арасында үнемі қозғалыста болатын бөліктері бар. Аталмыш бөліктер үнемі жұмыс жасап тұрғандықтан көтеру механизмі әбден майдың астында қалып, машина алаңсыз кірлеп қалады. Нәтижесінде құрылғы арқылы тігілген өнімдер дұрыс шықпайды. Сол үшін де тігін машиналарын 6 ай сайын жөндеуден өткізіп тұру керек. Мен осы жолғы сапарымда машиналарға жөндеу жұмыстарын жасап, білген тәжірибеммен бөлістім. Негізгі талап бойынша өндірілетін өнімнің жүзден алпысы мақтадан болуы керек. Жөндеу жұмыстарынан өзге тігу ережелерін де көрсетіп жатырмын», - дейді шетелдік маман Кенан Йылдырым.

Қаламызда бірінші болып шұлық тігу өндірісін бастаған кәсіпкерге әлі де кәсіптің қиын тұстары көп. Сондықтан да кәсіпкер түркиялық маманның көмегімен қоса, өзге өңірлердегі әріптестерімен де қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып отыр.

Шұлықтарды халыққа тиімді бағада ұсынып отырған кәсіпкер болашақта оның ассортиментін көбейтуді мақсат тұтуда.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 17:30

Мемлекет мерейінің биік болуы – қашанда отбасының ынтымақ-бірлігіне тікелей байланысты. Келешегіміздің жарқын болып, алға қойған мақсаттарға жетудің кепілдігі де отбасындағы өзара түсіністік пен татулық тамырының тереңге бойлауында жатыр. Өнегелі отбасы – тәрбиесі қалыптасқан қағидасы бар, береке-бірлігімен, асыл қасиеттері арқылы өзгеге өнеге болар шағын мемлекет.

Отан отбасынан басталатынын ескерер болсақ, алдымен Отанды қорғайтын отбасы мықты болуы шарт. Ол үшін отбасылық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде жандандыру, үлгілі отбасыларды насихаттауды қолға алуы керек. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген болатын.

Міне, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде ұлт құндылықтарын жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын Отбасы күні дәстүрлі түрде мерекеленіп келеді.

Жуырда Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты өнерлі отбасылардың аудандық фестивалі өтті.

Өнер фестивалін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров ашып, шараның өткізілу және оның маңыздылығына тоқталып, талапкерлерге сәттілік тілеген соң, сахна төріне шыққан Мырзабеков, Бекеев, Тұрымбетов, Аққалиев, Смайлов, Темірбаев, Балшынов, Әбдірайымов сынды өнерлі отбасы мүшелері сан қырлы өнерлерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор мәдени шара соңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрайымы Күлжауһар Раева, облыстық «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы ауданы бойынша филиалы төрайымы Үрзахия Махамбетова және аудандық мәдениет және тілдерді дамту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаевалар фестивальге қатысушыларға өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаевтың атынан жазылған алғыс хаттарды табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы ауданы

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары