Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019

ҚАЗАЛЫЛЫҚ «ТАКСИ» ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 11:00

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиал директоры Ермек Аймаханов айтты.

Естеріңізде болса, осы жылдың шілде айында Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кәсіпкерлерге салық, кеден заңдылықтарын түсіндіру бойынша кездесуде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов бұдан былай аптаның әр бейсенбісі, сағат 15.00-18.00 аралығында аудандық және қалалық Кірістер басқармасының басшылары мен облыстық Кірістер департаментінің басшысы кәсікерлерді жеке мәселелерімен қабылдайтындығын жеткізген болатын.

Осы тапсырмадан кейін қала, аудандық салық басқармасының басшылары Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал алаңында апта сайын кездесулер өткізуде.

Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында өткен кездесуде бір топ такси қызметін көрсетуші дара кәсіпкерлер аудандық кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаровтан тіркелмей, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын азаматтардың қызметіне тосқауыл қоюын сұрады.

«Бүгінде ауданымызда тіркелмей, «такси» қызметімен айналысатын көлік иелері санының күн санап артуы түйткілді мәселеге айналып отыр. Біз тіркеліп, уақытылы салығымызды төлеп, қызмет етіп отырмыз. Алайда заңсыз жұмыс істейтін, тіркелмеген таксистердің арқасында біз нәпақамыздан айырылып отырмыз», - дейді «такси» қызметін ұсынушы кәсіпкерлердің бірі.

Жеке кәсіпкерлердің өтінішінен кейін аудандық кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров аз уақытта аудан әкімдігімен бірге тиісті шара қабылдауының нәтижесінде халық көп шоғырланған жерлерде такси тұрақтары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

Өз кезегінде кәсіпкерлер мәселелерінің шешілуіне жағдай жасаған Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына да, аудандық кірістер басқармасының басшылығына да алғысын білдірді.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 17:40

Нәметша Сержан Қасқырұлы Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

С.Нәметша 1952 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты мен Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген.

Әр жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінде нұсқаушы, облыс әкімінің көмекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2006-2015 жылдары облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы,  жұмылдыру дайындығы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларын басқарған,  2015 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» акционерлік қоғамында ішкі аудит қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 17:15

Тарбақов Хамит Мұратұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.

Х.Тарбақов 1967 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын облыстық азық-түлік бірлестігінде қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.

1994-1995 жылдары – Қызылорда табиғат қорғау прокурорының көмекшісі, тергеуші, аға көмекшісі.

1995-2002 жылдары – Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры.

2002-2012 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда табиғат қорғау прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы.

2012-2017 жылдары – Қызылорда облысы прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат ретінде қызмет атқарып келді.

 


ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ЖҮРУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 16:50

Қызылорда облысы әкімдігінің аппараттық мәжілісінде жылу маусымына дайындық жұмыстары жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин хабарлама жасады.

Қызылорда облысы бойынша 507 білім беру, 411 мәдениет, 267 денсаулық сақтау нысандарының барлығына (100%) және 640 қазандықтың 630-ына (98%) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік нысандарға жылдық жоспар бойынша 37,3 мың тонна көмір, 22 мың тонна дизель отыны қажет. Қажетті отын көлемін жеткізуші мекемелермен келісімшарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілуде.

«Қызылорда қаласы және аудан әкімдері тұрғындарға қажетті отын қорын қамтамасыз ету мақсатында өңір кәсіпкерлерімен көмір бағасын өсірмеу мақсатында меморандумдар жасалды. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде және облыстық штабтың тұрақты бақылауында»,-деді М.Усаин.

Сонымен қатар, «Еуропалық қайта құру және даму банкі» арқылы Қызылорда қаласының және Шиелі ауданының тозығы жеткен электрмен қамту жүйелерін жаңғыртуда. Осы орайда, жалпы ұзындығы 324 км құрайтын 10/0,4 кВ әуе желісінің 107,5 км және 53 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылардың 27 данасы қайта жаңғыртудан өтті.

Облыс орталығын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін  «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорыны бойынша №6, 9 қазандыққа, 5 дана қуатты трансформаторларға, 17 дана автономды-блокты модульдік қазандықтарға және 9 шақырым кварталішілік жылу желілеріне жоспарланған жұмыстардың 99 % орындалған.

«Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ бойынша осы жылы 1085 км электр желілері, 86 дана әртүрлі кернеулі қосалқы стансаларға күрделі жөндеу, 785 км электр желісіне, 104 дана әртүрлі кернеулі қосалқы стансаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге жұмыстардың 95% аяқталды.

Аймақ басшысы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына қатысты  нақты талап қойып, жеке қадағалауында болатынын ескертті.

«Әсіресе, әлеуметтік нысандарға жылу үздіксіз берілуі тиіс. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге қажетті көмір қоры кешіктірілмей жеткізілуі керек»-деді Қ.Ысқақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ДИҚАНДАР КҮРІШТІ 5 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ОРЫП БОЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 16:45

Ағымдағы жылы Қызылорда облысы бойынша 183,1 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде күріш егісінің көлемі 87,9 мың гектарды құрады. Егіс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артып отыр.

Облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде егін жинау жұмысының барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков  баяндады.

Ағымдағы жылы барлық егілген дәнді дақылдар 97,5 мың гектарды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 мың гектарға артты. Әртараптандыру бағыты бойынша күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 2,4 мың га, мал азықтық дақылдар 3,4 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 639 га ұлғайтылды.

«Бүгінгі күнге облыс бойынша күріштен басқа барлық дәнді дақылдар мен мақсары толық жиналды. Күздік және жаздық бидай, арпа дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, дәндік жүгерінің 55,9%, ,картоп дақылының 48%, көкөністің 68%, бақшаның 67% жиналды. Орта өнім картоптың әр гектарынан 119 цн, көкөністен 171,9 цн, бақшадан 212 цн, мақсарыдан 9,1 цн өнім алынуда»,-деді Қ.Мүбараков.

Сонымен қатар, қысқа қажетті мал азығы дайындалды. Облыс бойынша барлығы 577,3 мың тонна дайындалды. Оның ішінде 192,4 мың тонна - жоңышқа шөбі және 384,9 тың тонна - табиғи шөп.

Күріш жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімінде аяқтау үшін қолда бар барлық мүмкіндіктер жұмылдырылған. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 16 мың тонна мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Тамыз айына бөлінген 4,6 мың тонна дизель отынының 3 705 тоннасы облысқа жеткізілді.

«Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуынан егін егу мен күтіп-баптау жұмыстары мерзімінде атқарылды. Егін жинау жұмыстарына қажетті техникалары да жеткілікті. Жалпы, күріш жинау жұмыстарын ауа райы қолайлы болса, 5 қазаннан кешіктірмей аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті Қ.Мүбәраков.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯ АЯСЫНДА 22 000 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 16:25

2019-2020 оқу жылында  293 мектепте 162 684 оқушы білім алуда. Оқушылар контингенті 2018 жылмен салыстырғанда 9000 оқушыға көбейген.  Оның ішінде, 1-сыныпқа барған оқушылар саны 1500-ге артты.

Қызылорда облысы әкімдігінің аппараттық мәжілісінде жаңа оқу жылындағы мектептердегі оқу барысы туралы облыстық білім басқармасының  басшысы Майра Мелдебекова баяндады.

«Мектепке жол» акция аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін 22 мың балаға 332 млн теңге қаржыға көмек көрсетілді. Міндетті оқу қоры есебінен 25 мың оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы әлеуметтік жағдайына және басқа да себептер бойынша мектепке бармай отырған балалар тіркелген жоқ. Барлық оқушылар мектептерге толық орналасты. Оқу процесі  1-2 ауысымда жүргізілуде»,-деді М.Мелдебекова.

Айта кетейік, алдағы 3 жылда  оқушылар контингентінің өсуі күтілуде. 2020 жылы-171 200 (8440 оқушыға), 2021 жылы-177 044 ( 5900 оқушыға), 2020 жылы-183 500 (6400 оқушыға).

Биылғы оқу жылынан бастап қаладағы №4, 12, 187, 217, 278 мектептерге IT-лицей  статусы беріліп, информатика және робототехника пәндерін тереңдетіп оқытуды бастады.

Қызылордадағы №2 «Мұрагер», №3, 101, 261, 264, 268 мектептерде оқушылардың тығыздығы  жоғары,  бастауыш сыныптарда орташа 30-35 оқушыдан сынып комплектілері жасақталған.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 4, 9, 10-сынып оқушылары  оқулықтармен толық қамтамасыз етілген.

Күрделі жөндеу бойынша Қармақшы, Жалағаш аудандарындағы  3 мектептің оқу ғимаратының ішкі жұмыстары аяқталып, 1 кыркүйек күні сабақтары басталды. Қосымша ғимараттың жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, қазан айында толық аяқталады. Оқушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді.  Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі №231 орта мектептің 100 орындық қосымша құрылысы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы №198, 261 мектептердің 350 орынға арналған қосымша құрылыстары қазан айында пайдалануға беріледі.

«Жаңа оқу жылында 1450 оқушыға арналған 3 жеке мектеп ашу жоспарланып, оның екеуі қыркүйек айында жұмысын бастады, бірі қараша айында ашылады. Жалпы  мектептердегі оқу-тәрбие процесінің қалыпты жүргізілу облыстық білім басқармасының бақылауына алынған»,-деп атап өтті М.Мелдебекова.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары