Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЙ ДАМЫП ЖАТЫР? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
19.09.2019 11:50

Өтіп жатқан әр күніміз тарих қойнауына еніп барады. Әр жыл сайын сол 12 айдағы жақсылы-жаманды естеліктер де ескіріп, жаңа парақтардың ашылуына және жазылуына себепкер болады. Өткен жылы Қызылорда  қаласының  200 жылдығы кең көлемде тойланды. Қарап тұрсаңыз, ол да – тарих. Түзде жүрген кез келген жерлесіміздің ойына «Қызылорда қалай дамып жатыр?» деген сауал келеді. Өкініштісі, сауал жауабымен бірге жүрмейді. Оның үстіне «дамып жатырмыз» деп тек біржақты айту қисынсыз. Қала күні қарсаңында осы сауалға нақты деректер келтіріп, сылап-сипамай, сандарды сөйлете отырып жауап берсек дейміз.

 

БЮДЖЕТТІҢ   «БҮЙІРІ»   ТОЛЫҚТЫ

Жалпы, Елбасының, мемлекет басшысының бастамасымен өмірге келген жаңа бағ­дарламалар мен тың идеялардың ықпалымен, облыс басшылығының қолдауының арқасында Сыр елінің орталығында біршама жүйелі жұмыс­тар атқарылып жатыр. Мұны жоққа шығару­ – қателік. Бірақ, бұл Тұран төріндегі түйткілдер түбегейлі шешімін тапқан деген сөз емес. Биылғы жылдың осы күнге дейінгі есептік көрсеткіштеріне көз жүгіртіп, қаламызда көптеген жұмыстардың жоғары нәтижемен орындалғанына көз жеткізіп отырмыз. Бір ғана мысал, жыл басында қаланың бюджеті 43 млрд теңге көлемінде бекітіліп, 6 айдың қорытындысында 70 млрд теңгеден асқан. Бұл бюджет көлемінің жыл басынан бері 62,5 пайызға (27 млрд теңге) ұлғайғанын көрсетеді. Қала бюджетінің 2019 жылдың 8 айына кірістер болжамы 30,8 млрд теңгеге жоспарланса, нақты түсім 31 млрд теңгені құрап, 101 пайызға орындалғ­ан. Оның ішінде болжанған кірістер 7,9 млрд теңгеден 8,1 млрд теңгеге жеткен. Иә, түсіне білгенге бюджеттің бір өзі-ақ біраз нәрсені  байқатады.

БАСЫМДЫҚ   БІРДЕН   БАЙҚАЛАДЫ

«Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 60 пайызға жуығы Қызылорда қаласының үлесінде». Қала әкімінің баспасөз  қызметі ұсынған осы ста­тис­тиканың да көтерер жүгі ауыр деп білеміз. Жыл басынан бері жаңадан тіркелген 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде 1 мың 600 жаңа жұмыс орны ашылған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да­мытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 727 млн теңгені құрайтын 121 жоба қолдау тапса, оның ішінде 469 млн теңгені құрайтын 70 жоба қаржыландырылыпты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артқан.

- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» қазіргі таңда 1,2 млрд теңгені құрайтын 28 жоба қолдау тапты. «2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың мем­лекеттік бағдарламасы» аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген 67,8 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. «Жаппай кәсіп­керлікті дамытудың өңірлік Жол картасы» аясында ағымдағы жылы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын 249 жоба іске қосылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды, - деген болатын қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  актив  жиынында.

Иә, кәсіпкерлік саласына бөлініп жатқан көңіл көлдей. Ал, облыспен салыстырғанда қаладағы кәсіпкерлік саласындағы басымдық бірден байқалатынын сандар растап отыр.

Аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі мұнай өндіру екені рас. Соңғы жылдары жекелеген мұнай құбырларының сулануы салдар­ынан өңірімізде мұнай өндіру көлемі қысқарды. Әрине, бұл экономиканың барлық салаларына айтарлықтай әсер етеді. Дегенмен, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 50,5 пайызға артып­, нәтижесінде қалаға 58,7 млрд теңге инвести­ция тартылған. Облысқа салынған инвести­цияның 32,5 пайызы  қаланың  үлесінде­  екенін  айта кету  керек.

 

БІЛІМГЕ   ҚАНША   ҚАРЖЫ БАҒЫТТАЛАДЫ?

Жыл сайын қала бюджетінің 40 пайыздан астамы білім саласына бөлінеді. Бұл – түсінікті жағдай. Өйткені, елдің болашағы – дені сау және сауатты ұрпақ. Аталмыш салаға 2018 жылы 20,6 млрд теңге қаралса, биылғы жылы бұл сома 25 млрд теңгені құрап отыр.

Мемлекеттік цифрландыру бағдарламасымен қала мектептерінің компьютермен жабдықталуы, интернет желісіне қолжетімділігі, электронды күнделік жүйесіне қосылу көр­сет­кіші 100 пайызға жетті. Білім беру нысандарының саны да жыл сайын артуда. Жыл аяғына дейін Жаппасбай батыр көшесінің бойынан салынып жатқан 600 орындық мектеп құры­лысы аяқталады. Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын шешу мақсатында бүгінде №198 орта мектебі жанынан 200 орындық, №261 орта мектеп жанынан 150 орындық қосымша  ғимарат  құрылысы  жүргізілуде.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, «Саяхат» мөлтек ауданынан 300 орындық мек­теп­, «Бәйтерек» мөлтек ауданынан 600 орындық мектеп құрылысын жүргізу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылған. СПМК және Арай-3 мөлтек аудандарынан 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауы мен Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық мектептердің құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Биылғы жаңа оқу жылында білім беретін мектептерде тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы­ларынан шыққан 6 мыңнан аса баланы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып, 7 мыңға  жуық  бала қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне  ие  болды.

 

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ   40  ПАЙЫЗЫ – ҚАЛАНЫҢ   ЕНШІСІНДЕ

Елбасы мен мемлекет басшысының негізгі басымдығына ие болған мәселе – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселене түсуде. Соңғы жылдары шаһарда жаңа шағын аудандар бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Биыл да бұл жұмыстар қарқынды жүргізіліп, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 22 млрд 375,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артты. Облыс­та жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 40 пайызы қаланың үлесінде болып отыр.

- Құрылыс саласындағы жұмыстардың ең ауқымдысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада жүргізілуде. Онда республикалық, облыстық бюджеттерден 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты несиелік тұрғын үйдің құрылысы салынуда. Қаржыландырудың барлық­ көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 179 мың 868 шаршы метр тұрғын үй пайда­лануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 133,1 пайызға артық. Қазіргі таңда қалада 124,5 мың шаршы метр болатын  2 мың пәтерлік 43 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынуда. Оның ішінде жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен 350 пәтерлік   9  көпқабатты  тұрғын үй және Сырдария өзенінің сол жағалауында 86 пәтерлі 2 тұрғын үй салынуда, - деді шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жартыжылдық есебінде.

Қала тұрғындарының өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 175,5 мың шаршы метрді құрайтын 1 мың 494 жеке тұрғын үй құрылысы салынд­ы. Халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «ОРДА» аймақтық «Жол картасы»­  қабылданып, 246 отбасына облыстық  бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды сатып алу құқы­ғынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен бөлінген 3,6 млрд теңгенің 1 млрд 875 млн теңгес­іне 205 отбасын қамтитын 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы салынып, қалған қара­жатқ­а 226 дайын пәтер сатып алынады.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй кезегінде 24 мың 642 адам тіркелген, оның ішінде 2 мың 637-сі – көпбалалы отбасы. Көпбалалы отбасыларды қолдау және оларды баспанамен қамту бағытында Қызылорда қаласы­ республика бойынша теңдесі жоқ жаңа жобаны жүзеге асыруда. Яғни, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеу­ші­лік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Сонымен бірге, 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

 

АСЫРАУШЫ   САЛАНЫҢ  АЯҚАЛЫСЫ   ҚАРҚЫНДЫ

Қаламызда ағымдағы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,3 млрд теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индек­сі өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды­ құрады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай­ кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 82 жоба мақұлданып, 536 млн теңге несие алынды. Қала бойынша 390 шаруа қожа­лы­ғының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативі құрылды. Егіс көлемін әртараптандыру мақсатында, барлығы 8 мың 583 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақыл­дары, оның ішінде 4 мың 11 гектарына күріш орналастырылды. Қала шаруашылықтары есепті мерзімде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Ауғанстан, Түркіменстан мемлекеттеріне 25 мың тоннаға жуық күріш экспорт­тады. Бір сөзбен айтқанда, қалада ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді.

Біз осының өзінде бірнеше салаға ғана тоқталд­ық. Мысалы, Қызылорда қаласы спорт саласында жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр. Сол секілді, мәдениет саласында да көш соңынд­амыз дей алмаймыз. Жалпы алғанда, қай салада болмасын даму байқалады. Олай болуы  да – заңдылық.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


НЕСИЕГЕ ТІРЕЛІП ТҰРҒАН ТҮЙТКІЛ КӨП PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
19.09.2019 11:45

«Ақша – қолдың кірі» дейміз. Бірақ ол болмаса, жұмысымыз бітпейді. Үй салсаңыз да, ұл үйлендіріп, қыз ұзатсаңыз да, несие аласыз. Ұялы телефоннан бастап тұрмыстық техниканың барлық түрін кез келген банктен рәсімдейсіз. Тіпті, автокөлік, баспана несиесіне де оңай қол жеткізесіз. Яғни екінің бірі банктен  қарыз алады. Алайда  алған қа­рызын қайтара алмай жүргендер көп. Көпшіліктің санасында қиындықтан құтылудың жолы несие алу ғана. Содан ба, қазір  көпшілік қарыз алудан қорықпайды. Өздерін «бас аман болса, несие төленеді» деп жұбатады. Өкініштісі,  тұтынушылардың  берешегі көбеймесе, азаймай тұр. Тіпті, ай сайынғы төлемді қиындықпен өтеп жүргендер көп. Банк тарапынан қысымға ұшырағандар да жетерлік.

Қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен кейбір азаматтардың борыш жүктемесі азайтылды. Борышы кешірілетін кісілердің 6 санаты ай­қындалды. Әсіресе, көп­балалы аналардың қуа­нышында шек жоқ. Шын мұқтаж жандардың қарызының мұрты бұзыла бастады­. Қазір ел аузында аңызға бергісіз әңгіме көп. Президент пәрмені­нен кейін халықтың           300 мың теңгеге дейін несие алуға қызығушылы­ғы артып­ кетті. Үш ба­ла­сы бар келіншектер: «Тағы да туғанымда ғой», - дейді. Біреулері банктен смс күтіп жүр. Хабарлама келсе, дереу телефонына үңіледі. «Қарызыңыз өтелді» деген сөзді күте­ді. Кейбіреулер көп­балалы әйелдерге реніштерін де бүкпесіз айтып салуда. Сан алуан пікір, сан алуан көзқарас. Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша 2019 жылдың 1 маусымына  дейін алынған несиелер ғана жабылады. 4 қыр­күйектен бастап әлеумет­тік топтағы тұрмысы төмен 500 мыңнан астам адамның 300 мың теңге көлеміндегі берешегі кешірілді. Бұл шара Қазақстанның борыштық жүктемесін төмен­детуге, несие-қаржы жүйесін жетілдіруге бағытт­алған. Қарызы өтелгендер мемлекет басшыс­ына алғыс біл­ді­ріп  жатыр.

- Жарты жылдай бұрын «Каспий» банкінен 300 мың теңге несие алған едім. Соның 280 теңгесі жабылыпты. Менің «Каспий голдыма» қалған 20 мың теңге түсіпті. Соны алуға кел­дім. «Халық» банкінен алған 300 мың теңге де кешіріліпті. Сол үшін Президентімізге мың алғы­с, - дейді көпбалалы ана Ақтолқын Тәжібаева.

Жұрт несиені түрлі мақсатта алып жатыр. Біреуі соңғы үлгідегі қымбат смартфонның немесе планшеттің бірін алса, енді бірі мүгедек баласына арба секілді түрлі қажет заттарға шы­ғын­далады. Ал 22 жас­тағы Ақмарал Нұрбек­қызының 70 мың теңге несиесі  жабылған. Шотына қалған 22 мың теңге­ аударылыпты. Тіпті «Каспий ред» арқылы тауар сатып алғандардың қа­рызына  дейін  кешірілген  көрінеді.

Дегенмен, халық арасында жеңілдікті кімдер пайдалана алатыны, қарызы кешірілгендер­дің тізімінде болмаса не істеу керектігіне қатысты сұрақ та, дау да көп. «Кредитім кешіріліп, банктегі берешегім өтеледі» деген көпшіліктің қуанышы ұзаққа барған жоқ. Көпбалалы ана әрі мүгедек бала тәрбиелеп отырған алматылық Қарлы­ғаш Зарыққанқызы тізімге енбей қалыпты. Ол  тізімде жоқты­ғына ренжіп, әлеуметтік желіде мәселе көтерді.

- Мен – төрт баланың анасымын. Бір қызым – ІІ  топтағы мүгедек. Сирек кездесетін диагноз. Ондай­ диагноз әлемде  4 мың балада ғана бар екен. Ай сайын алатын дәрілері өте қымбат. Кейде 100 мыңға дейін дәрі алуыма тура келеді. Ай сайын төлейтін кредитім тағы бар... Мен барлық статусқа сай келіп тұрмын. Көпбалалы анамын және бір қызымның денсаулығы мені алаңдатады. Қолымда үнемі дәрісі болуы керек. Еуропа мұндай диагнозы бар балаларды алақанында ұстайды. Бізге бұл үкі­меттен қайран жоқ. Осы уақытқа дейін жылап ешкі­мге бармаппын. Бірақ осы кредит жабу жобасы тағы да қор болды-ау деп отырмын! -дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

Иә, кейбіреу  мүлде тізімге енбеген. Ашығын айтқанда, шикілік көп. Өздерін тізімнен көре алмаған борышкерлердің министрлікке өкпесі қара  қазандай.

Мемлекеттік органдардың базасында әлеуметтік 6 санатқа жататын борышкерлер  жайлы мәлімет толық енгізіл­меген. Өйткені кейбір отбасының неке туралы құжаты Әділет министр­лігінде тіркелмеген. Себеб­і 2008 жылға дейін құжаттар қағаз түрінде ғана қабылданған. Сала мамандарының айтуынша, азаматтар кешірілетін несиелерді түсініп жатқан жоқ. Несиесі кеші­ріле ме, әлде кеші­рілмей ме, халыққа қызмет көрсету орталығының базасынан көріп беріп жатыр. Ал несиес­і кешірілетін борышкерлердің базасына жергі­лікті мамандар жауап бермейді.

Әділет министрлігі де, АХАТ бөлімі де халық­қа жауап беруден ат-тонын алып қашуда. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері  несие­сі  жабылатын борышкерлердің тізімі ұлт­тық банк пен мемлекет­тік кредит бюросына  бері­лгенін айтады. Алайда мамандар тізімге енбеген азаматтардың өздері кінәлі екенін айтып, айып­тауда. Себебі, сандықта жатқан туу туралы, неке қию туралы құжаттарды ешкім келіп цифр­ландырып бермейді.

– Біздің мекемеге келу­шілер саны толастар емес. 6 санатқа кіргенімен, тізімде болмаған адамдардың мәліметін министрлікке жіберіп жатырмыз. Бірақ халық сабырсыздық танытуда. Бірінші кезекте әлеумет­тік статусы бар адам­дардың несиесі жабылуда. Бастысы  Жарлықта көрсетілген 6 санатта болсаңыз  болды. Қарызы  өтелетіндер  қатарына­ әлеуметтік тұрмысы төмен, яғни көпбалалыотбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырыл­ған, 29 жасқа толмаған жетім балалар жатады. Ал бұл санатқа кірмесеңіз, банк пен мекемелерге бару­дың қажеті жоқ, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын  Есқараева.

Несиесі өтелетін жандар алты санат бойынша  қарастырылады. Тізімде бар-жоғыңызды анықтау немесе енгізу үшін  111 нөміріне хабарласуға болады. Алайда азаматтар бұған қоңырау шалып, тілдесу мүмкін емес деп шағымдануда. Ақ-қарасын білу үшін аталмыш нөмірге қоңырау соқтық. Бірақ тұтқаны көтерген жан болмады.

Дегенмен, бүгінге дейін біраз адамның қарызы жабылды. Оған айтарлықтай қаржы да бөлінді. Алайда бұл бір реттік акция ғана. Халық арасында несиесі жабылғандарға қайтып несие берілмейді деген әңгімелер де бар. Несиеңізді уақытылы  төлесеңіз, алаңдамасаңыз да болады. Ал несие тарихыңыз «қара тізімге» енгізілсе, алдағы уақытта банктер сізге  несие  бермейді.

Қазір министрлікте жұмыс қызып тұр. Нағыз науқан. Несиенің бір бөлігін жабу процесі қарқынды жүруде. Бір реттік акцияның шапағатын көпбалалы аналар көріп жатыр. Тізімге енбегеніне алаңдаған жұрт әрі-бері  сабылып  жүр.

Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктерге қарызы – 4 триллион теңге. Айта кетейік, шамамен 2,289 миллион адам тексері­ліп, Ұлттық банк пен Мемлекеттік кредит бюро­сына тапсырылған. Қарызы кешірілетіндердің нақты тізіміне  506 941 адам енген. Олардың 630 633 микрокредиті мен  берешегі  кеші­рілген.

Бізде бір комплекс бар: Ешқашан кедейші­лігімізді мойындағымыз келмейді. Ал өтелмеген несие кедейшілік емес пе? Төленбеген несие көбеймесі үшін кедей­ші­лікпен күресті күшейту  керек сияқты. Әйтпесе өтелмеген несиені бюджет қашанғы жауып, қа­рызы қордаланған бо­рыш­керлерді құтқара береді? Егер шараға несие­  қарызын  кешіруге екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар да үлес қосқанда,  таразы бас тең болар ма  еді?

Иә, қарыз адамды тығырық­қа тірейді. Қа­жет­сіз  шығын  несібеңізден айырады. Қысқасы, тір­шілікте несиеге тіреліп тұрған  түйткіл  көп...

 

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 


40 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚАЛАЙ КІРЕМІЗ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
19.09.2019 11:40

Экономикадағы ерекше ұмтылысты жаһандық деңгейдегі мәселелердің шешілуімен байланыстырып жүргеніміз рас. Десек те, айта бергеннен арқадағы жүк жеңілдемейді. Бүрсігүні премьер-министр А.Мамин­нің төрағалығымен өткен Үкімет сағатында еліміз­дің даму деңгейіндегі бірқатар мәселелердің басына «салқын» тиді. Сағынтаевтың тұсындағы «сын  сағаттарда» сектор­ға бөліп, «сығып» алатын процестер жиі болатын. Одан шығатын нәтиже де «жаман» деген баға алған емес. Десек те, министр­лер кабинетін жинап алып, атқарған жұмыс­тарына сұрау салу әлі де жалғасуда. «Бұл ән бұ­рынғы әннен өзгерек...» демекші, сейсенбілік кездесуде салалық ми­нистрлер келісіп алғандай типтік баяндама жасад­ы. Сонымен кім не деді, бірқатарын бағамдап көрелік.

Халықаралық рей­тингтердегі Қазақстанның позицияларын жақ­сарту­ға бағытталған жиын экономикалық сипатқа ие ресми отырыс деп бағаланды. Еліміздің бас экономисі Р.Дәленовтің айтуынша, «Doing Business» бизнесті жүр­гізу жеңілдігі рейтингі­сінде Қазақстан дәл осы күні әлемнің 140 елінің ішіндегі 28-орынға тұ­рақтапты. Алдымызды орап тұрған елдердің қатарында Түркия, Жапони­я, Швейцария, Франция және Испания бар.

Ал «Құрылысқа рұқ­сат алу» индикаторы бойынша 35-орында, яғни 17-позициядамыз. ҚР «Жол желісінің сапасы» және «Жол инфрақұрылымының сапасы» индикаторларын жақ­сарту үшін министрлік республикалық желідегі  6 мың шақырым автожолды, облыстық, аудандық маңызы бар 4,6 мың шақырым автожолды салды­. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр тілге тиек етті. Әрине, жұмыстың істелгеніне, даму айқындылығының бар екеніне таласымыз жоқ. Бірақ, соңғы жұмыстардың барлығы рейтинг қуалау сатысында атқарылған секілді сипат алуда­. Ізінше сөз алған ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы жаһандық логистикалық тиімділік бағытындағы жұмыстарды айқындады.

- Дүниежүзілік банк­тің «Сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы­» салыстырмалы бағанында Қазақстан   71-орында тұр. Ал «ха­лықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыс­тырғанда 123-орыннан 102-орынға көтерілген. Ел ішінде сауданы дамытуды және сыртқы нарықтарға шығу мүмкін­дігін қамтамасыз етуге бағытталған көпформатты сауда-бөлу инфрақұрылымын құру бойынша ауқымды жұмыс жүр­гізуде, - деді ол.

Еліміздің бас педагогі де өзге министрлерден қалыспай, білім мен ғылымның сапасын, қолжетімділігін жақсарту бойынша жүйелі шаралар жалғасатынын айтып сендірді.

- «PIRLS» зерттеуінде біз мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бо­йын­ша  27-орындамыз. «TIMSS»-та математика және жаратылыстану пәндері бо­йынша академиялық бі­лімде үздіктер ішіндеміз және 10 жетек­ші елдің қатарына кірдік, - деді Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов.

Әлемдік деңгейдегі рейтинг үшін жанталасып жатқан ел біз ғана емес. Бәрі де экономикалық даму тұрғысынан бір-бірінен озғанды қа­лайды. Бірақ, елдің ішкі нарығы мен сыртқы саяси­ факторы бұл ретте маңызды рөлге ие. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан өткен жылдың қорытындысында 59-орынға жай­ғасқ­ан. 2025 жылға қарай еліміз алғашқы 40 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл – Италия, Эстония, Чили секілді елдердің деңгейі. Ал кедендік ресімдеудің тиімділігін өлшейтін құрамдауыштар қата­рында 64-орындамыз. Алдыңғы шепке жылжу үшін Израиль, Чехия, Чили сияқты елдердің деңгейіне жетіп алу міндеті тұр. Қалай жетеміз? Ол жағы әзірге «жұмбақ» жоспарлар тізі­мінде.

 

Н.ҚАЗИ

 


ШӨМІШТЕГІ ШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
19.09.2019 11:35

Ауыл – ел бесігі, қашанда қаймағы бұзылмағ­ан қазақи салт-дәстүр мен руханияттың ордасы екені анық. Сол ауылдың топы­рағында аунап, сарғайған сары даласының ауасын көкірек керіп жұтып өскендер көп. Ауыл десе бүйрегіміз бұра тартып, сол алтын бесіктің өркендеп өсуін, қарыштап дамуын жан жүрегім­ізбен қалап-ақ тұрамыз. Талай тар­ландарды, күміс көмей әншілерді, ақиық ақындар­ды түлеткен қасиетті топырақтың құны төмендемесе екен дейміз... Неге десеңіз, сүбелі сөзді сағызша созбай төтесіне көшсем, Шөміш ауылы туралы айтқым келіп отыр.

Арал ауданындағы бұл елді мекен туралы білмейтін жан кемде-кем шығар. Аудан орталығы­нан 47 шақырым қашықтықта орналасқ­ан, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолы бойындағы шағын ауылдың тіршілігі көңіл көншітерлік. Аралқұм ауылдық округіне қарайтын елді мекенде орналасқан кварц құмын өндіретін «Латон-Маркет» ЖШС көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аталмыш мекеме­ жергілікті халықтың «екі қолға бір күрек табуына» да өз үлесін қосуда. Қазіргі таңда «Латон­-Маркет» ЖШС-ға осы елді мекеннен 27-дей ауыл тұрғыны жұмысқа қабылданып, уақытылы жалақысын алып отыр. Алайда осындай тіршілігі бар ауылда бір көңіліңе тиетіні­ – ауызсудың жүргізілмеуі. «Жантаққа мойнын  созған түйедей» биыл да тіршілік нәрі жылы күздің басында келіп қалар деген үмітпен қарайлап қоямыз. Ауызсу үйді-үйге жеткізіледі деген уәдені осыдан екі-үш жыл бұрын естіген едік. Бірақ сол сөзді «құмға сіңген  судай»  таппай­ отырған жайымыз бар. Тасып  ішетін  тіршілік  нәрінің  тұрғындар үшін қаншалықты қиын екенін көріп-ақ жүрміз. Ақжағалылар жылда келіп, есеп беру жиынын өткізіп, жылдық жоспарларымен бөліскендей болып кетеді. Сол уәденің ішінде ауылды бірнеше жыл бұрын жарықтандырып, мектеп жанында балалар футбол ойнайтын алаңын салып та тастадық-мыс. Қазақта «уәде – сөз, сақал – жүн болмасын» деген тәмсіл бар. Осы мәселелер қашан шешімін табады деп тұр­ғындардың тағат­ы таусылды. Жылдық есепті әдемі  сөзбен  әспеттеп, әсірелеп, тұрғындарды  «тойдырып»  кетеді.

Тағы бір мәселе, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  көлік  дәлізі мен ауылдың арақашықтығы  700-800 метрдей-ақ. Әсіресе қыс, көктем мезгілдерінде сол тасжолға шыға алмай, бірінің көлігін бірі сүйрелеп, қайраңда қалған кемедей қаз-қатар тұрғандары. Осындай аудан орталығ­ына тиіп тұрған алтын бесігіміздің түйткілді мәселесін түбегейлі шешіп беретін бір жолдың табылмағаны ма? Ауылымызда ауызсу мәселесі шешімін тауып, аталған дүниелер­  атқарылып  жатса, тұрғындардың да көңілі тыныш болары анық. «Ауылын көріп, азаматын таны» демекші алтын бесігіміздің көркі Шөмішбай Сариевтей «Жыл адамын» дүниеге әкелген қасиетті топырақтың қадірі артып, кемелдене түссе деген арман-тілегіміз бар...

 

Айнагүл  КҮЗЕНОВА,

Арал  ауданы,

Шөміш  ауылы

 


АЙТУЛЫ «АЛЬКАТРАС» ТҮРМЕСІНЕН АЙЛАСЫН АСЫРҒАН ҮШЕУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
19.09.2019 11:25

Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған.

1962 жылы үш ер адам мұндай қатал режим­ге қарамастан, түрмеден қашуға әрекетт­енеді. Олар – банк тонағаны үшін сотталған Фрэнк Моррис, көлік ұрлағаны үшін жазаланған ағайынды Джон және Кларенс­ Энглиндер. Қашуға Алан Вест деген­ қылмыскер де ниетті болған. Алайда қашу операциясы барысында камерадан шыға алмай­ қалған көрінеді.

Қашқындардың барлығы бұрын отырған түрмелерден қашып шыққандар екен. Әбден әккіге айналған бұларды билік әйгілі «Алькатраста» жазасын өтеуге әкеліпті. Олар түрме әкімшілігі ескі желдеткіш жүйесінің дәл үстінде орналасқанын білген. Сөйтіп, төртеуі түрменің шатырына осы ескі желдет­кіштің көмегімен өз камераларынан сыртқа шығатын­ туннельді тесу керек деп шешкен. Асханада­н ұрланған қасық-шаныш­қылар­дан бұрғы жасап, желдеткіш жолын өздері сыятындай етіп күн сайын кезекпен тесіп отырған.­ Қылмыскерлер түрме қызметкерлерінен қабыр­ғаның бүлінген тұсын үнемі жасыры­н ұстаған. Қызу жұмыс жүріп жатқан­ кезде біреуінің қолы босай қалса, көрші камера­лардан күрте, құтқару желеткелерін, резеңке күртелерін алған. Күзетшілер олардың қашып кеткендерін байқамас үшін шаштаразда қиылған шаштарын жинап, гипстен адамның бас­тарын жасап дайындаған екен.

1962 жылы 11 маусымда ұйықтау командасы берілгеннен кейін қылмыскерлер кереуетт­еріне алдын ала дайындалған адамның­ бастарын жастыққа қойып, тескен қабырға арқылы туннельмен қашып кетеді. Қашқындар түрменің үстіне шығып, су ағатын құбырмен бұғазға өтіп, шамамен кешкі  сағат 22:00-ге таман жағалауға жеткен­. Бұдан әрі Моррис пен Энглиндердің ізі жоға­лады. Олар әлі күнге дейін із-түзсіз кеткен­дер тізімінде. 2 жылдан кейін жағалаудан су өткізбейтін пакет табылған. Оның ішінде ағайынды Энглиндердің біріне тиесіл­і телефон кітапшасы, ақша мен от­басылық суреті болған. Сонымен қатар, қолдан­ жасалған құтқару желеткесі де бар. 1978 жылға дейін қашқындарды іздеумен АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы айналы­сады. Кейін ордер АҚШ-тың Маршал қызметіне табысталады. 2003 жылдан бастап Майкл Дик есімді қызметкер іздеумен айналысуда. Ол осыған дейін 250 дерек тапқан екен. Бірақ, қашқындарды табу мүмкін болмай отыр. Энглиндердің анасына­ біраз уақыт белгісіз біреу гүл толы себет жіберіп отырған. 1973 жылы Джон мен Кларенс аналарының жерлеуіне әйелдің образында келіп қатысты деген де дерек шықты.

Ал Моррис туралы еш дерек жоқ. Оларды­ тұтқындауға күші бар ордер қашқындар 100-ге келгенде ғана жарамсыз деп есеп­теледі. «Алькатрас» қашқындары әлі күнге дейін іздеуде  жүр.

Бір қызығы, осы оқиға желісімен 1979 жылы «Алькатрастан қашу» атты фильм түсірілген. Фрэнк Морристің рөлін Клинт Иствуд сомдаған. Ал «Алькатрас» 1963 жылы 21 наурызда жабылды. Оған басты себеп – тұтқындарға жұмсалатын шығын көбейген. Одан бөлек, түрме 3-5 миллион долларды құрайтын жөндеу жұмыстарын талап еткен. Құрлықта орналасқан түрмелерге қарағанда, бұл түрменің шығыны көбірек. Өйткені керек заттың бәрін тек құрылықтан алып келуге­  тура  келеді.

«Алькатрас»  түрмесі  қазір  туристер  жиі келетін  мұражайға  айналған.

 


ШАЛҒАЙ АУДАНДА «АНГИОГРАФ» БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
19.09.2019 11:15

ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

Өкініштісі сол, өңірде жүрек-қан тамырлары ауру­лары көбеюде. Дегенмен оған тосқауыл болатын жол бар. Қазалылық кардиологтар алғаш­ рет жүрек-қан тамырларына ота жасады. Сүйінші хабар облыстың түкпір-түк­піріне тарады. Мұндай күр­делі операция бұрын үлкен қалалар мен облыс орталығында  жасалатын. Сондықтан естігенде сенбегеніміз де рас. «Қызылордадан шалғай ор­наласқан аудан ота жасауға қаншалықты дайын? Емдеу құрылғыларымен толық қамтылған ба?» деген сауал көңіл түкпірінде тұрды. Жүрек дер­тіне­ шалдыққан тұрғындарға көмек көрсететін «Ангио­граф» медициналық аппараты туралы ақпараттан басқа ештең­е білмейміз. Сөйтіп өткен аптаның басынан басталған  отаны  көруге Қазалы­ға  аттандық.

Ауданаралық  аурухананың бас дәрігері Гүлжихан Нысанова бізді жылы қарсы қалды. Ол медициналық аппарат жайында айтып берді. «Ангиографты» қосуға тиісті құжаттар дайындалыпты. Аудан  дәрігерлері қайта даяр­лау  курсынан  өтіп, облыстық медицина  орталығынан тәжірибе жинапты. Аталған аппарат жалғыз  Қазалы  емес, көршілес Қармақ­шы мен Арал аудандары, Байқоңыр қаласы тұрғындарына да жоғары медицин­алық  көмек  көрсетеді.

Яғни «Ангиограф» жүректің ише­миялық ауруын, инфарктті жедел анықтауға, бітелген жүрек тамырларын  ашуға септігін тигізеді. Сондай-ақ стент қою арқылы жүрек жұмысын қалпына кел­тіреді. Яғни заманауи медициналық құрылғы науқас өмірін сақтап, жасын ұзартатын  көрінеді.

Аппараттың  көмегімен алғашқы күні 4 науқасқа ота жасалыпты. Жер­гі­лікті дәрігерлер облыстық медицина орталығының  рентген-эндоваскулярлы хирургия  бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмаиловтың  жетекшілігімен жос­парлы  емдеу шараларын  жүргізуде.­

– Республикадағы аудандар арасында «Ангиограф» аппаратын  ең бірінші Қазалы ауданы қондырды. Бұған дейін  облыс орталықтарында  ғана болған еді. Мұның себебі, аудан облыстан алыс. 400-500 шақырым қашықтықта орна­ласқандықтан науқастарды облыс орталы­ғына жеткізу қиын. Елді мекен тұрғындарына  Қызылордаға  бару  қиындық  тудыратын.  Ауыр  жағдайдағы кісілер  450 шақырым жердегі орталық­қа санавиациямен жеткізіле­тін.  Жүрек дертіне шалдыққан адам күн, сағат, тіпті кейде минуттар үшін күреседі. Өкініш­ке қарай, уақыт тығыздығынан, жол алыстығынан науқасты  құтқара алмай қаламыз. Мамандан­дырылған  көмек  болмағандықтан  жағдай­ тым күрделі болатын.  Алдағы уақытта  жаңа құрылғымен жүрек-қан тамыр­лары ғана емес, бас миының қан тамырларына, яғни инсульт кезінде тамырлар­дың бітелуінің алдын алуға болады, - дейді  хирург-интервент  Кенеса­ры  Баспаев.

 

ОТА   ЗАЛЫНДА

Кардиология бөлімі. Операция үстелінде сырқат Қуандық Нұрбаев жатыр. Алақандай жүрек лүп-лүп соғады. Ауыл тұрғыны көптен бері жүрек  сырқатымен ауырады. Жұдырықтай  тіршілік белгісі сыр берсе де, елемепті. Отаның қалай өткенін дәрігерлер ғана емес, науқас­тың өзі де сезіп жатты. Операция залындағы жағдайды біз сырттан бақылауға мүмкіндік алдық. Ота облыстық медицина орталығының рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмаиловтың жетек­ші­лігімен жасалды. Білікті маман аудандық аурухана дәрігерлері Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы, фельдшер Қасқырбай Молдабаев, мейіркеш Әлия Сүлейменова, рентген лаборант Ғалымжан Жайылқановтарға бар білгенін үйретті. Аппарат тамырды дөп табады. Ота арқылы­ ұйыған қанды ыдыратуға болады.­ Сөйтіп мүгедектіктің, инфарк пен  инсульттің  алдын алады. Біздің назарымызды науқастан басқа дәрі­герлердің үстіндегі медициналық киім аударды. Көгілдір түсті заманауи  форманың салмағы – 17 келі. Өзі  зіп-зіл­дей. Оны кардиологтар ғана көтере алатын секілді. Ота сәтті өтті. Мұнан соң сырқаттардың  жағдайымен таныстық.

 

«ШҮКІР,   ЖАҚСЫМЫН!»

Палатаның біріне бас сұқтық. Төсекте етжеңді 60 жасты алқымдаған кісі отыр. Қожабақы ауылының  тұр­ғыны Тілеуқабыл Мұхамеддин екен. Ол кардиологтарға алғысын жеткізді. Оған дәрігерлер  бірер күн бұрын ота жасапты. Қазір жағдайы бірқалыпты. Нау­қас осы уақытқа дейін денсаулығын дұрыс күтпегенін  жасырмайды. Жасы келе қан қысымы  жоғарылап, жүрегі  сыр берген.­

Биыл наурыз айында қатты ауырдым. Бірінші ота облыс орталығында жасалды. Сол жақта емделгеннен кейін, жүректің екінші тамырына операция  қажет болды. Сонан алысқа бармай, Қазалыда жасатуды  жөн көрдім. Шүкір, қазір  жақсымын, - деді ол.

Аурухана кардиологы Ләззат Жұбанованың айтуынша, науқас жүрек жетіс­пеушілігінің жеңіл дәрежесімен ауыр­ған. Тіпті инфаркт та алған көрінеді. Ал ауданаралық ауруханада  отаға түскендердің орта жасы – 50-55. «Ангиограф» аппараты келген соң, арнайы 15 орындық  кардиология  бөлімі ашылған.

Кеуде тұсы шаншыса, басы айналса... Демі жетпесе... Бұл – сырқаттың белгілері. Мамандар көптеген науқастардың тексерілуге келмей, уақытын жоғалтатынын алға тартады. Инфаркт деп жүрек бұлшық етінің өлуін атайды. Әлемде инфаркт алған адамдардың 50 пайызы жедел жәрдем келмей, қайтыс­  болады екен. Ауданаралық ауруха­на дәрігерлері жүрек ауруларының себептерінің көптігін айтады. Дұрыс тамақтанбау, қан құрамындағы холестерин мөлшерінің көбеюі жүрек ауруына  әкеліп  соғады.

– Қазір жүрек-қан тамыр ауруларының бір себебі, қозғалыстың аздығы. Адамдардың көбісі компьютермен жұмыс  істейді. Оның салдары ауыр сырқа­ттарға шалдықтырып жатады. Жүрек-қан тамырлары дерттерінің пайда­ болуына түрлі әлеуметтік күйзелістер де әсер етеді. Тамақтану мен спорттық жаттығуларға да мән бергені жөн. Ал асқынған ауруды емдеудің нәтижесі бола бермейді. Жылына бір рет скринингтік тексеруден өтуге кеңес беремін­. Дер кезінде келген сырқатқа нақты диагноз қойып, өмірін  сақтауға болады, -  дейді кардиолог Ләззат Жұбанова.­

Мамандардың мәлiметiне сүйенсек, жүрек-қан тамыры ауруларынан зардап шегушiлер аз емес. Бұл ауру әлем бойын­ша өршіп барады. Бұрын жүрек дертіне ер адамдар 45 жастан, әйел адамдар 55 жаста шалдығатын болса, қазір сырқаттың бұл түрі жас талғамайды. Алайда дерттен айығудың жолдары бар. Осы орайда Елбасының қолдауымен 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының берері көп болға­нын айтуға болады. Бұл құнды құжат кардиология мен кардиохирур­гияны жетілдіруге жол ашты. Жүрек ауруына жан-жақты көңіл бөліне бастады. Қазалы ауданаралық ауруханасында да  осы дерттің алдын алып, емдеп жазуға болады. Мұнда тұрғындарға жеде­л және жоспарлы түрде кардиологиялық  көмек көрсетіледі. Қажет болса­ ота да жасалады. Төрт айда науқастарға диагностикалық коронарография – 160, жүрек артериясына стент қоюдың 50 процедурасы жасалады  деп күтілуде.­

 

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 


"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.09.2019 10:55

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында аймақ басшысы жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше назар аударуды, олар үшін тең мүмкіндіктер жасауды тапсырған болатын. Бұл бағытта Сыр өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кездесу барысында аймақ басшысы бұл жұмыстарды  егжей-тегжейлі айтып өтті.

«Облыста 30 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың өмір сүру деңгейін  жақсарту үшін 2013 жылдан бастап әр екі жыл сайын арнайы жол картасы бекітіледі. Соңғы алты жыл ішінде осы жол картасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерді есептегенде бюджеттен 23 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл осы мақсатқа  937 млн.теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге арттық. Әлеуметтік оңалту шараларын орындауда біз соңғы 3-4 жыл көлемінде республика бойынша бірінші орында келеміз. Үстіміздегі жылы аймақта оңалту шаралары 80 пайызға орындалып, республика бойынша  орташа есеппен 57 пайызды құрап отыр. Бұл жылдан жылға көбеймесе, азаймайды», - деді аймақ басшысы.

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан мүгедектікті, жәрдемақыны тағайындау, тегін дәрі-дәрмектер алу, өзге өңірлерге барып ем қабылдау үшін квота бөлу, жолда жүру жеңілдіктері, сондай-ақ,  ғимараттарға, оның ішінде жаңадан салынатын ғимараттар мен тұрғын-үйлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру секілді мәселелер көтеріліп, сұрақтарына жауаптарын алды.

«Ерекше қажеттілігі бар жандардың жүріп тұруына көптеген кедергілер бар екенін жақсы білемін.Барлық проблемаларды бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Әліде шешімін таппаған мәселелер бар. Солардың бірі әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі. Дегенмен қала инфрақұрылымы ол үшін әлі де толық бейімделмеген. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясымен қабылданған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тиянақты жұмыстар қолға алынды. Барлығы қарыжыға келіп тірелгендіктен олар кезең –кезеңімен шешілетін болады»,- деді Қ.Ысқақов.

Жиында көтерілген өзекті мәселенің бірі - инватакси қызметі. Қазіргі таңда кресло мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін инватакси қызметін алушылар саны жылдан жылға көбейіп отыр. Соның салдарынан бөлінген қаржы көлемі де жетіспейді. Бұл орайда облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Және кездесуге келген азаматтарға өзінің ризашылығын білдіріп, осы жерде айтылған ұсыныс пікірлердің барлығы 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспардың аясындағы жол картасында ескерілетіндігін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БЕЙБІТ ХАЛЫҚТЫҢ ҒҰМЫРЫ МЫҢЖЫЛДЫҚТАРҒА ЖАЛҒАСАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
19.09.2019 10:50

Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында ерекше орын алып, барша қазақстандықтардың ерекше ынтамен, ықы­ласпен күтетіні жасырын емес. Бұған негіз де жоқ емес.

Себебі Елбасының Жолдаулары еліміз­дің әлемдiк кеңістіктегі іс-қимылдар бағдарын, ішкі тұрақтылық мәселелері мен даму бағытта­рын айқындайтын негiзгi тарихи құжат болып табылады. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізген­нің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғас­тыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға  қарай мықты­ мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негі­зін­де берекелі қоғам құру.

ХХІ ғасыр «білек­тінің емес, білімдінің заманы» екенін ескере отырып, әркім қа­лауынша өмір сүріп, өз отбасын бағып ғана емес, балаларына білім беріп, болаша­ғын жоспарлайтындай кезең келгені рас. Бәсекелестік белең алған қоғамда білімнің мазмұны мен кадрлық­ әлеуетке артылатын жүк аз емес. Ал оқу-тәрбие үдерісінің негізгі тұлғасы – ұстаз екенін ескерсек, оларға­ қойылатын талаптың да жоғары болатыны сөзсіз. Жарқын­ болашақта еліміздің жаһандану үдерісінде өзіндік орнын ойып тұрып алуы үшін және де алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатына қосылудың негізгі шарттары мен өмір талабы екені – бүгінгі таңда ақиқат. Ал «Мәңгілік ел» сөз тіркесінде қазақ халқының сан ғасырлық­ арманы, мұраты жатыр. Елбасы «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.­ Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын­ Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты­, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық» деді. Ал іргетасының беріктігі арқылы тұрақты даму мен әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кірігу идеясы­ барша қазақстандықтарды ұйытатын, бірік­тіретін, сол арқылы жарқын болашаққа бастайтын жол болуы керек деп білеміз. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» – жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір, тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жал­ғасады» деген сөзі де ел бірлігін нұсқап тұрғандай. Қазіргі таңда бірлігі берекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болатынын жаһандану дәуірі  көрсетіп  отыр.

 

Уәлихан  ИБРАЕВ,

тарих  ғылымдарының  кандидаты

 


«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
19.09.2019 10:45

«Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп Елбасының айтқаны тағы бар.

«Мәңгілік ел» – барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылық.

Ел  ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуын­ың шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен саяси тұрақтылық қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгі­лік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәң­гілік елге айналу үшін тәуел­сіздікті сақтап, елдігімізді нығай­ту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіз­дік ұғымы халқымыздың мұ­раты, ғасырлар бойғы арма­нына айналған, сонау Алаш тұлғаларының зердесі мен өнеге­сімен келген аманат дүние болатын. Бұл ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмір­лік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050  жылы  мұрат  еткен «Мәңгілік  елге»  жететінімізге  сенім­дімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі ба­ғытымызға  мақтаныш та, гүл­денген келешекке сенім де –  «Мәңгiлiк ел», - деген сөздерімен  толыға  түседі.

«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Мәңгілік ел идеясының тарихи­ бастамасына көз жүгіртер болсақ­, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады.  Оның  біріншісі – көне түркі  жазба  ескерткіштеріндегі «Мәңгілік ел» идеясы. Тоны­көк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айыры­лып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр. Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғын­дары» шығармасында бұл идеяны­ң  теориялық  тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым ежел­гі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік ел» филосо­фиясының  теориялық негіздемесін  жасаған  болатын. Ғалым «Мәңгілік ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайы­рымды қала тұрғында­рының  көзқарастары  туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың  арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне  көмек  беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеумет­тік-саяси теориясының ажы­ра­мас  бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемел­денуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет бас­қа­рушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті бас­қарудың негізгі механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркі­тілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаула­рдан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде­ мемлекеттің өз халқының бақыт­қа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар – әділеттілікті орнату, халық­ты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдет­тер­ді бойға  сіңіру. Қалған мә­селелердің бәрі – экономикалық және  саяси  мәселелер – негізгі міндетке бағынады, яғни адамдар­дың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. Үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түрік­терінің тілінде жазылғаны белгілі. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірлік дін нанымдарына  қатысты. Басты бейне Күн туды – әділ ел басшысының рәмізі. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды.

XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсір­мей, ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты – түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы және жалғастырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «Мәңгілік ел» идея­сын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ. Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстанның бір­тұтас мемлекет ретінде ортақ шаңырақта өмір сүретін ұлт­тардың идеясы да осы мәңгілік елдің тұтастығы мен мызғымас іргесінің болуымен ерекшеленеді. Елбасы бес институционалдық реформаны талдау бары­сында тарихтың жаңа белес­інде тұрған ұлттың бірлі­гін нығайтуды ерекше назарға алды. Біздің қоғамымыздың көптүрлілігі – біздің әлсіздігі­міз емес, күшіміз. Барлық азамат құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершілік­тің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоға­мымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты. Бүгінде бізді «Мәңгілік ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді. Қазіргі таңда елімізде тұрып жатқан кез келген ұлт өкілі өздерінің салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін дәріптеп және кеңі­нен насихаттай алады. Бұл қазақтардың кеңпейілдігі мен қонақжайлығын, бауырмал­дығын көрсетеді. Сөзіміздің соңын түйіндесек, «Мәңгілік ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырақтың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын, аманатын жүзеге асыру болып қарастырыл­ғаны абзал. Яғни, «Мәңгілік ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі жарас­қан алдыңғы қатарлы, әлем таны­ған алпауыт елге айналу. Сондықтан да, мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек.

Баймырза  ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,

философия  ғылымдарының докторы,  профессор

 


ТЕҢІЗ ТАҒДЫРЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
19.09.2019 10:40

Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып, тал бесігін белінен ойсырата омырға­н олқылықтар бірден бүкілхалықтық талқыға түсіп жүре берді. Бұған дейін табиғат-анамызға толассыз жа­салған жойқын шабуыл жө­нінде өрт өңешіне қанатымен су сеппекші болған қарлы­ғаштай  жанұшыра  шырылдап ақиқатты айтқандардың аузын тұмшалап келген екі­жүзді сиқыр саясаттың тамыры сыздап, солқылдай бас­тады.

Қасіреті қалың халқымыздың азабы арылмаған ауыл-аймағымыздан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәртебелі мінберіне дейінгі аралықта бұрын тылсым құпия­ның құндағында тұн­шығып келген жансебіл шындықтың небір айғақтары жалға­нның жарығына жүзін тосты. (М.С.Горбачевтің «қоғамды қайта құру» дүр­белеңіне дейін Арал теңізінің тағдыры жабық тақырып болып­ келген болатын). Алайд­а ғасырлық ғаламат азып-тозудың аткөпір күлі­нен сілкініп шыққан феникс­тей қанатын енді қомдай бастаған еліміз тоталитаризмнің әбден жаныштап езіп тастаған тамұғынан тынысын әлі де кеңейте алмай алқынуда еді. Ядролық жарылыстың қиып түсер қылыштай отты сәулесінің өзі де өте алмайтын мызғымас қамалға бекініп алған безбүйрек бюрократия замана ақиқаты алдында тізе бүккісі келмейді-ақ. Табиғаттың тұла бойына түскен індеттің ауыр зардаптарынан қайткенде құтылудың қам-қарекеті қайсыбір жаны ашымас тоқ пенделерден толассыз қағажу көріп келді. Жари­я мен құпия бітіспес тайталасқа түскен тұста бет қаратпас бюрократтар өзде­рінің кім екенін, кім болып келгендерін аңдатып-ақ алды. Бақсақ, олар түптеп келгенде Кеңес елін аяғынан қаз тұр­ғызған жанкешті халықтардың бәріне бірдей пейіл білдірмейді екен. Егер бәріне бірдей шынымен жандары ашыған­  болса, Мәскеу жақтан айылын жимастан: «Арал әдемі өлуге тиіс» - деп зілденбес еді ғой. Амал не, ақ адал көңілін тағдыр талқысына тосқан хал­қымыз сондай сойқан сөзді де есітті. Жүрек жарылмады – сыздады, көңіл құлазыды. Ақиқатына жүгінсек, кешегі Кеңес кеңістігінен Қазақтың байтағындай жұлым-жұлымы шыққан қиырларды табу қиын да шығар. Мұншалықты қасіретке ұшыраған атажұртты жеті қабат жердің «тілін білген» Асанқайғы бабамыз да кезіктіре алмаған болар...

Өз жеріне өзі ессіз ғашық болған Асанқайғының бүгінгі ұрпақтары не көріп отыр? Бүгінде айдай әлемге мәлім болған ақиқат: көрмегенін көрді, есітпегенін есітті, жерінің кеңдігі мен пейілінің жомарттығы өздеріне сор болып­  жабысты.

Жылдар бойы әрбір қалтарыста кезек­-кезеңімен толассыз төпелеген сынақта­рдан еңселері түсіп есеңгіреді... Ригалық ғалымдардың көп жылғы зерттеулерінің түйініне жүрегің мұздайды. Осынау Жер-Анамызды адамдардың пендешілікпен шекара-шекараға бөл­шектеп бөліп тастағандары болмаса, тұтас Планетаның тұла бойы өзіміздің он екі мүшеміз сияқты бірімен-бірі тығыз­ байланыста екен. Бір ғана Арал теңізінің өзі жер астынан да, жер үстінен де Орта Азиямен, Каспий және Балқаш өңірімен, Оңтүстік Оралдан бастап Иран, Ауғанстан, Қытай, Моң­ғолия аймақтарымен шым-шытырық байланысып жатқан көрінеді. Семейдің жер қойнауын 40 жыл солқылдатқан тажал сойқаны бүкіл Қазақ жерінің «миын» шайқалтқан деседі. Ригалық ғалымдар біздің өзендеріміз бен көлде­ріміздің, бұлақтарымыз бен жылғаларымыздың суала бастауы – жер астындағы жарылыстардың астан-кестен дүмпуінен деген қорытындыға келген. Аралдың шалажансар күйге ұшырауы Әмудария мен Сырдарияға түскен бұғалық­пен қоса жеріміздің қолдан жасалғ­ан қиянаттан сілкініп тұратыны да себеп боса керек. «Арқада айғыр азына­са, Сырда сиырдың мүйізі сыр­қырайдының»  нақ  өзі  ғой, бұл.

Міне, жан-жақтан қыспаққа алған осындай зобалаңның зардабы ақырында бір замандарда «Қазақ жерінің саваннасы» атанған сулы-нулы Сыр бойын да жұтатып тынды. Түгін тартсаң қояны мен қырғауылы жыпырлап шыға келе­тін осынау мамырстан Өлкенің бүгінгі келбеті кісі шошырлық. Қай түкпіріне барсаңыз да, жолығатыныңыз ысыл­даған орғыл құм мен шаң-тозаңы бұр­қыраған, ақ сорға бөккен кебір. Еуропаның бірнеше мемлекеті еркін сиып кететін Сыр бойының маңдайына басқан жалғыз теңізі – Арал өліп, өшіп барып­ қайта тірілгендей болды. Баяғы сылаң қаққан сұлу Сырдың асау арнасы 1976 жылы біржола бітеліп, арада 12 жыл өткенде 1988 жылы қайтадан тыныс созды­. Бұған да шүкіршілік. Алайда жерінің ажары мен табиғи байлығының базарынан айырылған көптің көңілі әлі күпті, кеудені кеулеп алған күдіктен айыға алатын емес. Айықпайтыны: дариян­ың қос қапталын күні кешеге дейін абат баққа айналдырып келген өлкемізде бар болғаны 85 көл қалыпты, көлемі  бар  болғаны 34545 гектардай ғана  су  айдыны  алып жатыр. Баяғы мың көлден қалғаны  – осы. Егер қайта құру  шапаға­тымен теңізді құтқару ұраны  көтерілмегенде, біз бүгіндері бұл көлден де айырылып, аймаңдай болып қалатын едік. «Күріш көлеңкесінде күрмек су ішедінің» керімен теңізге жіберілген нәрдің арқасында қалта­рыста  қалған  осы көлдерімізге енді-енді  жан еніп келеді.

Бұған шүкіршілік дегенімізбен бөрікті аспанға лақтыруға әлі тым ерте. Себебі, сол көлдерге су беріп жатқан дариядағы минералды қалдық нормадан артық. Енді осыған бүкіл Сыр бойын­ жайлап алған теңіздің тырдай жалаңаш табанынан күні-түні бір тынбай көтеріліп тұратын тұзды шаңды қосыңыз. Арал өңірінің аумағында үстіңе шыр жұқпайтын баяғы ақшағыл топырағына сор татыған сол тұзды шаң мидай араласып кеткен.

...1972 жылы Стокгольмде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының конфе­ренциясында  қабылданған  Декларация табиға­тты қамқорлыққа алудың 26 принципін белгілеп берген еді. Адамгершілік тағылымын ұстанған сондағы­ бүкіләлемдік үн әупірімдеп біздің жерімізге де жеткен-ді. Соның дүмпуімен қоршаған төңірегімізді қорғау күнін 1973 жылдан бері атап өтумен­ келеміз. Бірақ осындай ізгі шараға­ қайшы келетін құбылыстар – табиғат­ты аямай тонау, айнала аймақты  бүлдіру  қас қылғандай  сол  жетпі­сін­ші жылдардан бастап өте қатты белең алып кетті. Мәртебелі мінбелерден, дуалы ауыздардан айтылған табиғатты қорғау жөніндегі сөздер мен қоғамдық пікірді баса-көктеп ие бермей кеткен қатерлі істердің арасындағы алшақтық жер мен көктей болды. Мұндай сорақылықтан сақтандырса, енді-енді дұрыс бағыт ала бастаған қоғамдық күштер ғана  сақтандыра  алар-ау.

Қордаланып қалған қиындықтың ең зоры сол, біздің Қазақстан тұрғын­дарының экологиялық ар-ожданы мен мәдение­тін айтпағанда, экологиялық сауаттылығының өзі сын көтермейді. Бірқатар сырт елдер қоршаған ортаны қорғауда ертеңі үшін алдын ала қам жасап­ жатқанда, біздегілер «табиғаттың бермесін тартып аламыз» деп босқа арамтер болып жүргендерінде қанша уақытымыз текке кеткен десеңші. Олардың  соншалықты жойдасыз да жойқын екпіндері «құдайдан тілеген» дейтін пенделердің де пейілі мен құлқын алжаст­ырыпты. Табиғат тозса, адам да рухани  жүдеулікке ұшырайды екен. Осы күні байырқалап отырсаңыз, бүкіл облыс­ байтағында бұрындары қоқыстың неше түрі аткөпір болып жататын. Облыс тұрғындарының бірқатары күл-қоқысын үйінің іргесіне төгіп, айналасына шыбын үймелетіп отыра беретін еді. Қалаңызда да, ауылыңызда да тазалық сын көтермейтін. Аудан орталықтары мен елді мекендердің көшелеріне жуынды-шайындыны ерсілі-қарсылы жарысып төге беретін. Бұл неден еді?

Бұл сайып келгенде біздің эколо­гиялық сауатымыздың тапшылығынан-ау деп топшалаймыз. Иә, айтатыны жоқ, біздің қандастарымыздың экологиялық ар-ожданы енді-енді оянып келеді­. Жер-Анамыздың жұпар төсін арда емуге келгенде, алдымызға жан салмай­мыз. Барын сығып алуға бармыз. Қара жерді қақыратып байлығын қопару­дан да ел-елдің алдындамыз. Ал сонан келе жер бетінде қыбырлап-жыбырл­ап жүрген өзіміздің игілігіміз үшін қарапайым істі тиянақтауға келген­де бізден өткен қырсыздықты қайдан іздеп табарсыз. Жер көлемі Қазақстанның бір облысындай ғана Жапонияда күл-қоқысты да пайдаға жаратады, оны теңізге тастап, жерін жылдан-жылға кеңейте береді және оның үстін құнарлы топырақпен жауып,­ жасыл желекті саябақ жасайды, нәтижесінде халықтың рақаттанып демалатын саялы бағына айналады. Ал бізде бардың өзін ұқсата алмау сүйекке сіңіп кеткен. Бір ғана мысал: 1988 жылдан бастап дария арқылы теңізге қарай жіберіл­ген судың жалпы есебін білеміз бе? Қағаз жүзінде білеміз, бәрі сайрап тұр. Ал сол үздіксіз ағылған судың теңізге­ жеткенше қаншасы ысырап болды?­ Оны білмейміз, өйткені біздің онымен ісіміз жоқ. Кезінде айтысып-тартысып жүріп Кремльден сұрап алған­ суымызға ие бола алдық па? Ие бола алмадық. Арынды ағын Арал теңізіне жеткенше айдалаға жайылып ысырап болды. Жылда осылай қайталанатын.

Мұның  себебі, бізде  барды ұқсататын  жөнді база жоқ болды. Суды игеру жұмыста­ры баяғы ескі әдіспен жүргізі­летін. Ие бермей арқырап аққанда су жолдарын бульдозермен топырақ үйіп бөгейміз, сосын тағы да сол бульдозермен топырақты қопара ысырып су жолын­ ашамыз. Міне, жұмыстың түрі осындай еді. Шаруашылықаралық  су жолдарымыз баяғы  алпысыншы  жыл­дар­дағы құрылыс қашанғы шыдасын­, азып-тозды. Техникалық мүмкіндіктің әлсіздігі­нен бір ғана ішкі су жолдарында жылда қаншама су ысырап болады десеңші.

Міне, тірлігіміздің жайы осындай еді ғой. Өзі аз суға ие бола алмаймыз, рәсуа етеміз, сөйтіп жерді қолдан бүл­діреміз. Нәтижесінде облыста талай жылғы  су  ысырабынан  батпаққа, тұзды сорға айналған жерлер жетерлік.

Бізді табиғатты сауықтырудың қайсы­бір қисындары кейде кісі күлерлік ыңғайдан да табылып жататын. Арал проблемасы көтерілген кезде алматылық ғалымдарымыз құрғап қалған теңіз ұлтанына өсімдік егу «жаңалығын» ұсы­нып­,  оған  бір шашылдық. Уақы­тында қыруар қаржының бір парасы соған­ кетті. Ақиқаты, атқа мінген бишіке­ш­тердің осындайда бөлісе қоятын жеміне­ айналып, рәсуа болды. Теңіздің өткен тарихына үңілейікші. Отыз бес мың жыл құм шабуылына қор­ған­ болған­ Аралды бар-жоғы ширек­ ғасырда аздыры­п жіберудің эксперименті аз бол­ғандай, ащы соры көпір­шіген теңіз табанына «жайқалтып» өсімдік өсір­мекші  болғандардың идеясы кезекті бір науқанға айналып өте шықпаса екен деңіз. Теңіз – Арал айма­ғына қоныстан­ған халықтың тағдыры еді, ал оның құр­ғап қалған байтағына «өсімдік өсіруге» кеткен қаржы – сол халықтың маңдай тері мен табан етінің ақысы емес деп кімнің тәуекелі жетіп айта алар екен? Солтүстік Арал аймағында жылда болып қайтамын. Сонда көретінім: Арал қаласының айналасы жылан жалағандай – қылтанағы құрыған, құмы суырып, шаңы бұрқырап жатады­. Сол жерлерді баяғыдан бері жылда қара күзде жыртып, сексеуіл дәнін сеуіп тастай берген болса, бүгінде қалаға қорған болып жайқалып­ тұрған болар еді-ау. Шөл далад­а қасқиып өзі өніп өсе беретін сексеуіл­ді көгерте алмай­  жүріп  теңіз  табанына  жайқалтып «егін түлетпекші» болғандардың әрекетіне не деуге болады? Бұл не деген­ жүрек  жұтқандық?! Анау құрғап қалған алқаптарға қолдан өсімдіктер өсіру бір ғасырда орын­далатын іс пе? Тіпті ақылға  сия  ма? Оған күш, қаржы қайда? «Кіші  Аралды»­  бөгеп  алу  арман болып­  тұрғанда!

Бұл өмірде орындалмайтын идеяны ұсынып жұртты әбігерге салып қойған «ғұламалар» осы күні теңіздің жалаңаштанып қалған алқаптарын келіп көр­мейді-ау! Табиғат-Анамыз, киелі топырағымыз тіршілігін тоқтатпайды екен. Уақыты келгенде өзін-өзі емдеп алуға қабілеті жетеді екен. Баяғы сор татып ақ шаңдағы шығып жатқан теңіз ұлтанын­да осы күні түйе түлігі сүйсініп жейтін қызыл сораң мен ащы жапырақты сары балақ бұталар балапандап өсе бастағанын кезінде көз көрді.

Ал, жаратылыстың бұл құдіретіне не дерсің?

(Соңы. Басы өткен сандарда.)

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары