Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019

ЖАЛАҒАШТЫҚ 195 ОҚУШЫ «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2019 10:10

З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Сайысқа Жалағаш ауданы бойынша 20 мектептен 195 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов сөз алып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысымен Таң ауылдық округіндегі №118 мектептің оқушысы Аружан Нұрадин І орын иеленсе, Аққұм ауылдық округінен келген Айдана Жұмат ІІ орынды еншіледі. Ал Жалағаш кентіндегі Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің оқушысы Рахат Ахметжәми ІІІ орын алды. Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ 80%-ы АШЫЛҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2019 09:15

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары, Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы және құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі  2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы мәселелері қаралды.

Облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары туралы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары С.Шалхаров баяндады.

«2019 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша 568 алаяқтық қылмыстары тіркелген. Полиция органдары қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 80 пайызы немесе 322-і ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық жасағаны үшін 195 адам ұсталып, 101-іне қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданса, 94-іне қатысты екі жақтың ымыраласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған»,-деді С.Шалхаров.

Тіркелген алаяқтық қылмыстары: қарызға ақша алып қайтармағандар - 61, несие алуға көмектесемін дегендер - 28, кезексіз жер алып беремін дегендер - 4, кезектен тыс пәтер алып беремін - 60, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есепшотына ақша салдырғандар саны - 139. Осы қылмыстарды жасаған күдіктілердің 133-і – әйел, 62-сі – ер-азаматтар.

Алаяқтық қылмысының ашылмай қалуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық қылмысы бойынша 241 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған. Яғни, 1 жылдан аса уақытта - 68, 3 жылдан аса уақытта - 35, 5 жылдан кейін - 10.

Екіншіден, әлеуметтік желі арқылы берілген жарнамадағы затқа алдын ала төлем  жасауды немесе ұялы телефон арқылы басқа қалада жүрген баласын немесе бауырын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін деп ақша сұрағандарға алданып, бейтаныс адамның шотына ақша аударады (Киви кошелек, ОЛХ жарнамасы және т.б.).

Үшіншіден, кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың арасында екі жақпен жасалған келісімшарттың негізінде сатылған заттың қаражаты уақытылы қайтарылмай, құзырлы органдарға алаяқтық жайында арызданады.

Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаев баяндады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 27.04.2017 ж. № 23-6/07-575 хаттамасының 2.1-тармағына сәйкес «ҚР құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының» негізінде, жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін осыған ұқсас Қызылорда облысындағы құқықбұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары Қызылорда облысы әкімінің 12.06.2017 ж. № 13-11/3740 құжатымен бекітілді. Қызылорда облысы әкімінің аппаратымен кешенді жоспардың орындалуы бақылауға алынған және оған тұрақты мониторинг жүргізілуде»,-деді С.Шотаев.

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы туралы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ш.Амитов баяндады.

ҚР Президентінің № 27 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 8-тармағына және ҚР Үкіметі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 01.08.2019 ж. № 23-3/07-760 хаттамасына сәйкес «Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі  2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы» әзірленген.

Кешенді жоспарды әзірлеу және іске асыру қажеттілігі құқықбұзушылықтың алдын алу, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, бұлтартпау шарасына кешенді және жүйелі түрде келу бағытында туындаған.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.09.2019 14:48

Өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, салық базасын ұлғайту және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда.

Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, облыстағы аталмыш саланың дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес салық төлеуден босатылып, оларға тексеру жүргізуге мораторий жарияланатын болады. Бұл өзгерістердің түпкілікті түйіні мемлекеттің бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасаудағы стратегиялық бағытына сәйкес келеді. Біздің мақсатымыз өңірде бизнесті табысты жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау және қолайлы жағдайлар жасау болып табылады», - деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, ой-пікір алмасты.  Сондай-ақ, барлық бизнес-идеяларды қолдауға әзір екенін айтып, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бірлескен жұмыстарды атқаруға шақырды.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер туған жерлерінің өсіп-өркендеуі мен Сыр елінің республикада озық болуы үшін айналысып жүрген кәсіптері бойынша үнемі ізденісте болып, аянбай  қызмет ететіндерін жеткізді.

Сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісіп, сол бағытта бірлесуге әзір екендіктерін айтты.

«Біз үшін жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер маңызды және оларға біз жұмысты жүргізу үшін ең жақсы жағдайларды жасауға тырысамыз», - деп қорытындылады Қ.Ысқақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН 3 КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.09.2019 12:20

Ағымдағы жылдың 22 тамызында «Көкнәр - 2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі және облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы қызметкерлерімен Төменарық елді мекенінен 17 шақырымдай жерде өсіруге заңмен тыйым салынған есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген Жаңақорған ауданының 35, 25 жастағы 2 тұрғыны және Қызылорда қаласының 55 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оқиға орнын қарап-тексеру жұмыстары барысында 149 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп анықталды және тіркеуде жоқ 1 тегіс ұңғылы қару алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi адамдар тобымен заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған 3 азамат уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды, оларға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


«DEVELOPMENT DAY» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.09.2019 12:15

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Development Day» жобасын бастады.

Жобаның негізгі мақсаты корпорация қызметкерлерінің кәсіби және жеке-іскерлік құзыретін дамыту болып табылады.

Осыған орай, қызметкерлердің оңды имиджін қалыптастыру, басқарудың жолдары, мотивация беру, біліктіліктерін арттыру тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

#АзаматтарғаАрналғанҮкімет #Қызылорда #DevelopmentDay #Sana #Abyroi #Natije #Ashyqtyq

 


ТІРІЛЕР НЕГЕ ТІРЛІК ҚЫЛМАЙДЫ немесе өлгендердің «жақсылығымен» қашанғы күн кешеміз? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
19.09.2019 12:10

Бүгінде  белгілі бір мәселенің шешілуі үлкен құрбандықты қажет етіп жүргені жасырын емес. Иә, естігенге де, айтқанға да ауыр тиеді. Бірақ, расы солай! Мысалы, Ресейдің Кемерово қаласындағы («Зимняя вишня» ойын-сауық орталығы – Р.Ж.) өткен жылғы өрт апатынан соң ғана біздің билікте біршама қозғалыс болған-ды. Сол кездегі ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев барлық қазақстандық сауда орталығын тексеруді тапсырса, уақытында Қызылорда облысының экс-әкімі Қырымбек Көшербаев та өңірдегі әлеуметтік және ойын-сауық нысандары  мен  адамдар  көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеріп, қажетті іс-шараларды қолдануды жауаптыларға жүктеген еді. Қазір бұл тапсырманы қанша жауапты органның ұмыт қалдырып, естен шығарғанын білмейміз. Білеріміз, ешқандай апат болмаған соң, қан шықпағандықтан, көбі қамсыз отыр.

Әрі біз мысалға алған қос басшы да осы күні қызмет ауыстырып үлгерді. Жарайды, ол – бөлек тақырып. Сол секілді, еліміздегі көпбалалы аналардың жанайқайына қандай қасіреттің себепші болғанын қайта еске салғымыз келіп тұрған жоқ. Мұндай мысалдар мыңдап саналатындай. Ақсеңгір – Шамалған теміржол өткеліндегі пойыз бен автобустың соқтығысы да еліміздегі осыған ұқсас жерлердің жағдайын көз алдымызға әкелді. Айтыңызшы, өлгендердің «жақсылығымен» қашанғы күн кешуге болады? Тірілердің тірлік қылмайтыны несі? Біз неге ауырып барып ем іздейміз, ауырмайтын жолды таңдауға болмас  па?

- «Алматы облысы, Ақсеңгір – Шамалған­ теміржол өткелінде пойыз автоб­усқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақа­т алғандар бар. Туған-туыс­тарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды, - деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідег­і  парақшасында.

Ал, журналист Думан Бақыткелді «Біртүрлі ұқсатулар» атты жазбасында «Жолындағы автобусты жапыра өткен пойыз, біздің 30 жылдық жүйе секілді. Жолындағыны жапырып өте береді. Жүргізуші – елді алып жүрген, жұртты бастап жүрген ерлер (лидер) секілді. Құрбан болады» деп қойып қалыпты. Әрине, автордың оқиғаны саясилан­дырғаны екі жақты пікір қалыптас­тыратындай.

Шамалғандағы апаттан кейін елімізде­гі өзге теміржол өткелдерінің жайы ел тұрғындарын алаңдатқаны рас. Тіпті кейбірі жергілікті биліктен осы мәселені шешіп беруді ашықтан-ашық талап етіп жатыр. Мұндай жерлер біздің облыстағы кез келген аудан мен елді мекендерде кездеседі. Мысалы, Шиелі ауданы тұрғындары қанша жылдан бері теміржол кептелісінің зардабын тартып жүр. Шамалғандағы жайт қайталанбас үшін Шиелінің «тірілері» тірлік етіп жатыр ма екен?  Әлеуметтік желіде сұрау салып  жатқандар  баршылық.

- Шиелі кентінде 2 теміржол өткелі және 1 теміржол көпірі жұмыс істейді. Дегенмен, тұрғындардың өтініш-тілектерін және жалпы қажеттілікті ескері­п, «Шиелі – 20 бекет» аралығындағы 2945 шақырымдағы (Шиелі кенті ішіндегі) қос жолды теміржол үстінен өтетін автомобиль көпірі құрылысының жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. 2018 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін ҚР Инвестициялар және даму министр­лігіне бюджеттік өтініш тапсырылды. Былтырғы  жылдың  қараша, биылғы жылдың ақпан, қыркүйек айларында аудан әкімі мен облыс әкімдігі және Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары министрлі­ктерде болып, қаржы бөлу мәселесін пысықтап қайтты. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдан басталады деп күтілуде, - дейді Шиелі ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Дәл осындай мәселе Арал ауданында да бар. Өткен жылы ғана «Халық» газеті­ аудан әкімі Мұхтар Әуесұлымен сұхбатында аталған тақырыпты қозғап, «Жаңадан теміржол өткелін салу жоспард­а  бар  ма?»  деп  сұраған  еді.

«Біз бұл мәселені қайбір жылы көтердік. Жобада бар. Бірақ, бұған өте қомақты қаражат қажет. Арал қала­сының оңтүстік-шығысында бұрын өткел болған. Оған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ келісім беруі тиіс. Сол арқылы ғана шешімін таппақ. Келіссөздер жүр­гізудеміз. Түйткілді шешудің тағы бір жолы биыл теміржол өткелі Шиелі ауданын­да салынады деп жоспарлануда. Аталмыш­ ауданның жобасымен таныс­сақ деп отырмыз. Шынын айт­қанд­а, ауданғ­а республикалық бюд­жеттен ақша алу да оңай емес. Өйткені онда халықтың санына, экономикалық көрсеткіштерге қарайды. Ал, темір­жол салу қымбатқа түсіп тұр» деп жауап берген­ болатын аудан әкімі.

Жалпы, Қазақстанда 1000-нан аса теміржол өткелі бар екен. Ресми деректерге сүйенсек, 2018 жылы 9 жол-көлік апаты тіркеліп, 2 адам қайтыс болған. 2019 жылдың 8 айында 6 жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қайтыс бол­ға­н. Жолдағы түрлі кедергілерге байланысты пойыз жүргізушілері 2000 рет тежегішті басқан деген ақпарат бар. 2017 жылы Маңғыстау облысында №4881 тепловоз «Газель» автокөлігімен қақтығысып, 9 адам өмірден өтіп,  27 адам ауыр жарақаттанған еді. 2018 жылы 18 маусымда Жамбыл об­лысы, Шу ауданында «Астана-Алматы» бағытын­дағы №9 «Бәйтерек» жолау­шылар көлігі рельстен шығып кетіп, 8 адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты. Жақында  ғана  Нұр-Сұлтан қаласында автобус пен тепловоздың соқтығ­ысқаны ел есінде шығар.

Еліміз әлемде жер көлемі бойынша 9-орынды алады. Бірақ, баспана мәселесі бас ауыртады. Жер кезегі келіп болмайды. Қара жердің бағасы удай қымбат. Осы түйткілдің шешімін табуы үшін міндетті түрде адамдардың өлгенін күтуіміз керек пе? Ааа, айтпақшы тағы есіңізге салайық, Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде 8 елден ғана кіші...

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары