Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 20 Қыркүйек 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ҚОРҚЫТ АТА МҰРАЛАРЫНЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ РӨЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2019 16:25

Бүгін өз жұмысын бастаған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар, қазақстандық белгілі ғалымдар және жас буын ғалымдар да тәжірибе алмасады.

Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы   Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айнұр Мырзабекова, Халықаралық  ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары, доцент, ғылым докторы   Билял Чакыджы «Dede Gorgud» Ұлттық қорының президенті, «Азербайджан дуниясы» халықаралық журналының құрылтайшысы және редакторы   Эльдар Исмаилов, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі  Асқар Тұрғанбаев  және Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.

Дәстүрлі өнер фестивалі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 2006 жылы алғаш рет Сыр елінде ұйымдастырылып, жыл сайын жалғасын тауып келеді.

«ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлесе отырып биыл 5-ші рет өткелі отырған өнер фестивалі түркі тілдес елдердің ұлттық фольклорын зерделеуге, өнерімен танысуға үлес қосып келеді.

«Рухани жаңғырудың бастауы ұлттық құндылықтар болса, Қорқыт Ата мұрасының бәріміз үшін орны бөлек, маңызы ерекше екені сөзсіз.Осы ретте, түркі халықтарына ортақ Қорқыт ата мұрасын насихаттай отырып, ауызбірлігіміз бен ынтымағымызды нығайту, мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту – баршамыз үшін зор жетістік болмақ. Бұл жұмыстың жүзеге асуында облысты алты жылдан аса абыроймен басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың үлесі зор»,-деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қорқыт ата кесенесі Елбасы тапсырмасымен 2015 жылы қайта жаңғыртылып, «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» қоса салынды және кешен  «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің нысандарының бірі ретінде танылып, сан мыңдаған туристер келді.

Сондай-ақ, 2018 жылы 28 қарашада Маврикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт ата рухани мұралары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2019 14:20

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтың кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі өтті.  Күн тәртібінде бизнес саласының проблемалары талқыланып, кездесу қорытындысымен Жол картасына қол қойылды.

Өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, салық базасын ұлғайту және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда.

Биыл әртүрлі көздерден қалыптастырылған жалпы бюджеті 34 млрд. теңгені құрайтын арнайы «Жол картасы» бекітілді. Оның ішінде, 5 млрд. теңгеден астам қаражат мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бағытында Орталық инженерлік желілерге техникалық шарттарды электронды форматта ұсынуда. Қазіргі таңда, жер телімдерін алу рәсімдері электронды нысанға көшірілген. Облыс әкімдігінің Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Өңірлік кәсіпкерлер кеңесімен 2013 жылдан бастап тығыз жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің 20 отырысы өткізіліп, шағын және орта бизнес саласында 50-ге жуық мәселелер қаралып, оң шешімін тапты»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында алдағы уақытта атқарылатын шаралар бойынша облыс әкімдігі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдігімен бірлесіп 8 тармақтан тұратын арнайы Жол картасы әзірленіп, бүгінгі кездесуде бекітілді.

«Сіздердің кәсіпкерлік ортаны дамытуға қатысты қандайда бір идеяларыңыз болса, біз оларды бірлесіп талқылауға дайынбыз. Осы қабылданған және алдағы уақытта қабылданатын шаралардың барлығы өңір бизнесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады деп ойлаймын»,-деп қорытындылады облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫС ӨТУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2019 14:10

Бүгін Қызылорда облысында Халықаралық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері арасындағы электроэнергетика саласы бойынша 10/0,4 кВ тарату тораптарын жөндеу мен қызмет көрсету бригадалары персоналының кәсіби шеберлігі жарысы басталды. Сайыстың ашылу шарасына ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары А.Шаңғытбаев, Қазақстанның энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Нұрпейісов және Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов қатысты.

Жарысқа 7 мемлекеттің өкілдері қатысуда. Оның ішінде Румыния, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан бар.

Сайыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шара қонақтарын құттықтап, сәтілік тіледі.

«Қызылорда облысы – тұңғиық тарих пен жарқын келешектің мекені. Сыр елі - Шығыс өркениеті орталықтарының бірі, адамзаттың  ғарышқа алғаш сапары да осы аймақтан  бастау алған. ТМД елдерінің электротехника және электроника бойынша жұмысшыларының XVI Халықаралық сайысы біздің облыста жалғасын табуда. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы қауымдастығына облыс мамандарының біліктілігін арттыруда республикалық деңгейдегі шараның аймағымызда өткізуіне ықпал жасағаны үшін алғыс айтамыз. Энергетика саласы қашан да аймақ экономикасында маңызды рөл атқарады»,-деді аймақ басшысы.

Сайыстың бірінші күнінде таныстырылым-көрме ұйымдастырылып, ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Еске салайық, облыс әкімдігі Энергетикалық консорциум құрып, аймақтың энергетикалық саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, бекіткен болатын. Консорциумның келісілген жұмысының нәтижесінде өңірдің энергетикалық кәсіпорындары арасындағы өзара әрекеттесу тиімділігі артты.

Соңғы 6 жылда облыста 300 астам электр желілері, сондай-ақ, шамамен 90 қосалқы станция жаңартылды. Бұл өз кезегінде тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз етуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

Сайысқа қатысушылар жоғары кәсіби шеберлік пен алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық таныта отырып, мол тәжірибе жинақтайды.

Айта кетейік, аталмыш сайыс биыл 16-шы рет өткізіліп, ағымдағы жылдың 20-24 қыркүйек аралығын қамтиды. 25 қыркүйекте жарыс қонақтары Байқоңыр  ғарыш айлағынан зымыранның ұшуын тамашалайды деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары