Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2019

АПАТТЫ, ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 11:05

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңесте есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шаралар талқыланды.

Қазіргі күні есірткіге сұраныстың азаймауынан жыл сайын сора өсімдіктерін егудің аумақтары кеңейіп, олардың заңсыз айналымы белең алуда. Оның үстіне Сыр өңірі – есірткі өсімдігін өсіруге климаты қолайлы аймақ.

Қызылорда облысында дайындалған марихуананың сапасы өте жоғары болғандықтан Еуропа елдерінде, халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие.

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында есірткі егілген жерлердің көлемі 54 гектарға жетсе, есірткі өнімдерін сататын орындарды (притон) анықтау көрсеткіші керісінше төмендеген.

Жастар арасында есірткі айналымы, дәрі-дәрмектердің ұрлануы көп жағдайда анықталмайды.

Облыстық полиция департаменті тарапынан дер кезінде жедел іс-шаралар жүргізуге техникалық қызметтің мүмкіндігі талапқа сай емес екендігі айтылды.

Салдарынан құқық қорғау және арнаулы органдармен есірткіні тасымалдау каналдары, ішкі нарықты және республиканың басқа аумақтарын есірткімен қамтамасыз ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтері әшкереленбеуде.

Көтерілген осы мәселелердің негізінде үйлестіру кеңесінде есірткі егу, оны сақтау және өткізумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкере ету жұмыстарын күшейту, облыс аумағы арқылы есірткі тасымалданатын каналдарды анықтап, оны жою шараларын жүзеге асыру тапсырылды.

Отырыста қаралған екінші мәселе жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыс көлемінде 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 84-ке немесе 58%-ға көбейген (146).

Оқиға салдарынан 270 (169) адам түрлі жарақаттар алып (60% өскен), 44 (26) адам қайтыс болған (69% өскен).

Бұл бағытта жұмыс тиімділігін арттырып, жолда қаза болу фактілерін азайту үшін қосымша шаралар қолданып, апатты қауіпті аймақтардың жол картасын жасақтап, жол-көлік оқиғасы көп тіркелетін елді мекендерде жылдамдықты бақылайтын камераларды көбейту қажеттігі, уәкілетті органдарға жүктелді.

Сонымен қатар, халықаралық тасжолының бойына қосымша жол белгілерін қою, малдардың өтуіне тосқауыл болу үшін шарбақтарды орнату және жолға жақын ауылдардың малдарын бақылауда ұстау мақсатында бақташы белгілеу тапсырылды.

Кеңесте көтерілген тақырыптар қазіргі уақытта қоғам тарапынан үлкен алаңдаушылық тудырып отырған маңызды мәселелер.

Осыған орай, кеңес мүшелері мен қатысушылар тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жан-жақты талқыланып, проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы ұсыныстар енгізілді.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қордаланған мәселелер бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


ӘРІПТЕСТЕРІ АЙДАР АБДУАЛИЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 09:15

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы жаңа қызметке тағайындалды.

«Бүгін міне, бұған дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы жаңа қызметке тағайындалып отыр. А.Абдуалиев өз ісін жақсы білетін, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі мол маман, қай қызметте болсын жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқарып келе жатқан азамат екенін атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы органдарда жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіремін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін», - деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.

Айта кетейік, Айдар Сейсенбекұлы өңірде 2013 жылдан бастап еңбек етіп келді.

Жалпы, Айдар Сейсенбекұлы өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған салаларда жемісті еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына сүбелі үлес қосты.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Айдар Абдуалиевті облыстың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Айдар Сейсенбекұлы: «Қызылорда облысында қызмет бабымен 7 жылға жуық уақыт ішінде талай тәжірибе жинап, жанашыр достар таптым, Сыр елі маған әрқашан ыстық», - деп барша әріптестеріне алғысын айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары