Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 25 Қыркүйек 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ А.МАМИН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.09.2019 11:45

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы газдандыру жұмыстарымен танысты.

Асқар Ұзақбайұлына Байқоңыр қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндады.

«Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі бес үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыстың жалпы аумағы  -15,7 мың шаршы метр, мұнда 250 пәтер бар. Үйлер орталық су және кәріз жүйесіне қосылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Қазіргі уақытта  баспана кезегінде тұрған Байқоңырдағы ҚР азаматтарына пәтер берілуде»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, "Қызылорда облысын газдандыру және жаңа активтер құру" инвестициялық жобасын іске асыру аясында Байқоңыр қаласын "Бейнеу - Шымкент" газ құбырына қосу және Байқоңыр қаласының жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінде қазақстандық әлеуметтік нысандар мен бой көтерген 5 көп қабатты тұрғын үй газ желілеріне қосылған. Тұтынушылар үшін газ бағасы-20,90 тг м3.

Премьер-Министрге «Байқоңыр» кешенінде еркін экономикалық аймақ құруға байланысты  атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды.

Содан соң, Асқар Мамин қонақүй кешенд ерінің құрылыс барысымен, атап айтқанда, "Ресей" қонақүйі мен "Нөлдік квартал" қонақүй кешенін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда қаланың ойын-сауық-туристік әлеуетін арттыру үшін Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі "Ресей" қонақүйі мен "Нөлдік квартал" нысандарын жалдан шығару мәселесін талқылауда.

Қызылорда облысына жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-Министрі "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы шарасына қатысты. Ғарышкерлер - Олег Скрипочка (РФ), Джессика Меир (АҚШ) және Хазза аль-Мансури (БАӘ).

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ТҰРАН – ТҮРКІ ЕСІГІ, ҚОРҚЫТ – ЖЫРДЫҢ БЕСІГІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.09.2019 11:20

Жыр-әннің елі, Тұранның төрі саналатын Сыр бойы  үшін  Қорқыт есімі­нің  салмағы едәуір жоғары. Қорқыт дегенде қобыз еске түседі. Қобыз мұң да айтады, сыр да айтады. Сан ғасыр өтсе де, Қор­қыт баба есімі өшпек емес. Қызылорда аумағында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті  жұмыс істей­ді. Одан бөлек біршама орындар мен көшелердің осы атаумен тығыз байланысты екенін айтуымыз керек. Түркітілдес елдер­дің   дәстүрлі  «Қорқыт және Ұлы  дала  сазы» атты өнер фестивалі биыл өңірімізде V рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы «Қорқыт. Қобыз» атты қобызшылар мен қобызбен  сүймелдеп  жыр айтушылар байқауы Қы­зылорда топырағында тұңғыш  рет  өткізілген  еді. Мұның бәрі бабадан қал­ған аманатқа қиянат жа­самай,  мұра­сының  мұртын бұзбай  кейінгіге  жеткізуді мұрат  еткендердің  үлгілі ісі деп білеміз. Облыс әкімдігі   мен   ха­лық­ара­лық  «ТҮРК­СОЙ»  ұйы­мы­ның  бірлесе өткіз­ген фольклорлық-музыкалық бағытындағы өнер фес­тивалі  биыл  бақандай үш күнді  қамтыды.

 

ҚОРҚЫТ  АТАНЫҢ

ЖАҢА   ЖАЗБАСЫ  ТАБЫЛДЫ

Қатысушы қонақтар алдымен облы­стық тарихи-өлкетану музейі, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан қала тарихы музейі және «Рухани жаңғыру» орталығына барып­, мәдени орындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Шара А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Тұран – түркі есігі, Қорқыт – жырдың бесігі» атты өнерпаздар концертіне ұласты. Концертте Грузиядан келген «Мдзлевари» ансамблі, Сербия елінен келген Тлаим Эди, Татарстаннан келген «Нұр» ансамблі өнер көрсетті.

«Түркітілдес елдердің «Қорқыт және  ұлы  дала  сазы» тақырыбындағы халықаралық фольклорлық-музыка­лық өнер фестивалі» аясындағы шаралар «Қорқыт ата мұрала­рының Түркі әлеміндегі ролі» атты халы­қаралық ғылыми-теориялық конференциясымен жалғасты. Оған Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Сербия, Қырғызстан елдеріме­н қатар, қазақстандық бел­гілі ғалымдар және жас буын ғалым, қайраткерлер мен өнертанушылар да қатысты. Конференцияны облыс әкімі  Қ.Ысқақов  жүргізді.

- Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы биыл бесінші рет түркітілдес елдердің «Қорқыт және ұлы дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалін өткізіп отыр. Рухани­ жаңғырудың бастауы ұлттық құндылықтар  болса, Қорқыт ата мұрасының  бәріміз үшін орны бөлек, маңы­зы ерекше. Осы ретте, түркі халық­тарына ортақ Қорқыт ата мұрасын насиха­ттай отырып, ауызбірлігіміз бен ынтымағымызды нығайту, мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту – баршамыз үшін зор жетістік. Бұл шараны­ң  Сыр  елінде  ұйымдастырылуының өзіндік сыры бар. Қызыл­орда қаласы ХХ ғасырдың 20-жыл­дары Қазақ елінің астанасы болды. Ерте замандарда Сыр жерін мекендеген тайпалар көне түркі мемлекеттерін құрып, оларды Ұлы Жібек жолын­дағы саяси ортаға айнал­дырды. Сондықтан Сыр елі түбі бір түркі мәдениетінің мұрагері ретінде Қорқыт мұрасын дәріптеуде алда жүргені  жөн, - деді  аймақ  басшысы.

Айта кетейік, дәстүрлі өнер фестивалі Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың қолдауымен 2006 жылы алғаш­ рет Сыр елінде ұйымдас­тырылды. Содан бері 2011, 2014, 2017 жылдары өтіп, дәстүрлі түрде өз жалғасы­н тауып келеді. «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, биыл 5-ші рет өткен өнер фестив­алі түркітілдес елдердің ұлттық фольклорын зерделеуге, өнерім­ен танысуға үлес қосқанының өзі – мәдениет саласына жанашырлық. Бұл жұмыстардың жүзеге асуында облысты алты жылдан аса абыроймен басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың үлесі зор. Қызылорда облысының тарих­и-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құрып, оның құрамына  республикаға ғана емес, шетелдерге танымал ғалымдарды кіргізіп, Қорқыт ата мұраларына қатысты үлкен істі қолған алған да – сол кісі. Қорқыт ата кесенесі Елбасы тапсырмасымен 2015 жылы қайта жаңғыртылып, «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» болып жасалынды. Кешен бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» көр­месі нысандарының бірі ретінде таныл­ып, сан мыңдаған туристер келіп, құтты  мекенге  таңданыстарын жасырмады.

- Ең басты жетістік, 2018 жылдың 28 қарашасында Маврикий рес­публикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт ата рухани мұрасы  БҰҰ  жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұраларының тізіміне енді. Тұтас түркінің  өткенін  мойындау – маңызды жетістік ғана емес, үлкен жауапкершілік. Бес жылдан кейін біз материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет­ алдында Қорқыт ата мұраларын дамыту бағытында атқарған жұмыстар бойынша есеп беруге тиіспіз.  Сондықтан  алдағы уақыттың еншісінде қыруар жұмыс күтіп тұр. Барша түркі әлемінің рухани тәлімгерінің шығармаларын сақтап ғана қоймай, оны болашақ ұрпаққа жеткізіп, баба мұрасын насихаттау аса маңызды, - деді облыс әкімі Қ.Досмайылұлы.

Конференция барысында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саяса­ты комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айнұр Мырза­бекова  министр  Ақтоты Райым­құлованың сырбойылықтарға жол­даған  хатын­  оқып  берді.

- Еліміздің киелі өңірі Сыр елінде­ өтіп жатқан фестиваль – біз үшін аса үлкен көлемдегі мәдени шара. Елбасының бастамасымен басталып, жалпыха­лықтық сипатқа ие болған «Рухани  жаңғыру» бағдарламасымен сабақтасып жатқан өнер фестивалі өзінің бауырластық, халықаралық мазмұнымен ерекше. Адамзат тарихында  өнер – халықтың ортақ мәдениетін қалыптастырудағы қымбат қазынасы. Өнердің осы миссиясы жаһандану дәуірінде өзектілікке ие. Ізгілік пен әсемдікті дәріптейтін өнердің бекзат болмысы осы халық­аралық фестиваль аясында басты орынға­ шығатыны анық, - деді министр­лік  өкілі А.Аюпқызы.

Конференцияға халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшы­сы­ның  орынбасары, доцент, ғылым докторы Билял Чакыджы, «Dede Gorgud» Ұлттық қорының президен­ті, «Азербайджан дуниясы» халық­аралық журналының құрыл­тайшысы және редакторы Эльдар Исмаил­ов, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, «ТҮРКСОЙ» ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрған­баев  қатысты.

Жиында сөз алған қатысушылар тың пікір айтып, жаңашылдық бастама­ларын көтерді. Мәселен, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов Қорқыт­ бейнесінің алуан түрге ұшыраға­нын  жеткізді.

– Соңғы кезде Қызылорда бүкіл­әлемдік Қорқыттану орталығына айнал­ған. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі түркі тектес халықтардың  әрқайсысы өздеріне қарай икемдеп­, тарихи  жадтарына сақтал­ған аңыз-әпсана әңгіме негізінде жазып­  жүр. Түркітілдес  халықтардың әдебиетінде Қорқыт бірінде абыз қарт, жыршы-жырау, кейбірінде аңыз-әпсана кейіпкері немесе музыка­ның атасы, мәңгілік өмір іздеген­ жиһанкез секілді кейіпке жалғас­ып кетеді. Қорқыт тұлғасы Ұлы даланың ежелгі тарихында теңдес­сіз болып, көне түркі халық­тарының санасында өшпестей із қалдырды­. Арғы дәуірде ерекше ардақ­талып, мифтік кейіпкер дәрежесіне  дейін  көтерілді. Десек те, әуел бастағы  болмысынан, Ұлы даланың қасиетті рухынан, түбірінен ажы­ра­ған жоқ, - деді ғалым К.Ісләмжанұлы.­

Қасиетті Сыр топырағына табан тіреп, Қорқыт ата рухани мұраларының иісі аңқып тұрған өлкеде өнер тамашалап, өнер көрсетуге келген қонақтардың жүзі қуанышты. Бұл ғылыми конференциядағы басты құндылық – Қорқыт ата кітабының жаңа жазбасының қолға тиюі. Ол туралы­ ирандық коллекционер Уәлимұхамм­ед  Қожа  баяндады.

- Менің  бұл  жаңалықты жасауыма әкем  айтқан  өсиет себеп болды. Әкем – ғалым адам. Дүниеден өтпес бұрын маған: «Түркі әдебиетінде Қорқыт деген кемеңгер бар. Оның жазғандарын көп адам түсіне бермейді. Түсінбесе де үйлеріне сақтап қойған. Соларды сұрап ал, сатып ал. Оған тең келетін адам бұған дейін де туған жоқ, кейін де туған жоқ. Амандық  болып, жолың түссе, Қорқыт ата жеріне барып, зиярат ет» деді. Содан бастап түпнұсқа кітаптар жинай бастады­м. Сөйтіп 2011 жылы Қор­қыт атаның аяқ басқан жеріне алғаш  келіп, әкемнің  айтуы  бойынша  өсиет еттім. Бір жолы таңғажайып нәрсе болды. Түсімде Қорқыт ата менің қолымнан ұстады. Мұның жай құбылыс еместігін білдім. Көп ұзамай Тегеранға барып, бір дүкенге кіріп, ескі кітаптар сатып алатынымды айтып­  едім, дүкенші «Менде бір кітап  бар.  Ұғынықсыз  тілде жазылған» деді. Алайда мен тек қолжазба кітаптарды алатынымды, сатушы ұсынған  кітаптан  бас тартатынымды айттым. Ол «бұл кітапты алсаң, өкінбейсің, түпнұсқа кітап» деп тағы да  ұсынды. Содан мен оны алсам, небәрі 2-3 долларға алатынымды айтып, сол сомаға сатып алдым. Сөйтіп, оны Түркиядағы таныстарыма жібердім. Әдепкіде ешкім түсіне қой­ған жоқ. Көп уақыт өткен соң бір университеттің ғалымы мұның түпнұсқа екенін айтыпты. Кейіннен менің Тегераннан сатып алған кітабымның Қор­қыт атаның түпнұсқа кітабы екені дәлелденді. Сөйтіп, кітапты үйдегі қолжазба кітаптардың қатарына қостым. Бүгінде жүзден  аса  түпнұсқа  кітаптар бар, - деді  коллекционер  У.Қожа.

Түркі әлеміне ортақ кемеңгер Қор­қыттың рухани мұраларын игеру жыл сайын ғылыми сатыдан өтуде. Тіпті әр жыл сайын тың дүниелер табылып, мұралар қатары көбеюде. Алайда олардың аражігін ажырату қиындық туғызуда. Себебі, «табылған дүниенің бәрін Қорқытқа тели беруге де болмайды» деген пікір қалыптасты.

- Бүгінгі конференция – Қорқыт­тану саласындағы ізденістің тікелей жалға­сы. Бұл ғылыми-теориялық конфер­енция осымен бесінші рет өтуде. Конференция жиіліген сайын ғалымдардың айтары болмай, бұрынғы ойларды қайталайтын еді. Бүгінгі шараның жаңалығы – Қорқыт ата кітабының ғылыми оралымға түспеген, Ираннан табылған нұсқасы. Біз ЮНЕСКО-ға жасанды емес, түпнұсқасы мен ғылыми негізі бар дүниелерді ғана енгізуіміз керек деп ойлаймын. Қазіргі күні Қорқыт туралы әртүрлі ақпараттар айтылып жүр. Оның ішінде жасандысы да, шыны да араласып жүр. Ғылыми жұмыс бол­ған соң «күрмегі» мен «дәнегін» ажыратуымыз керек. Осы бағытта конференцияның маңызы зор. Тағы бір айта кетер­лігі, «Қорқыт ата» кітабында оның қобыз ұстап, ел аралап, жыр айтып жүретіні жазылған. Кейінгі уақытта мұны «қобызбен күй тартқан» деп алмас­тырып айтып жүр. Осындай текс­тологиялық айырмашылықтан көпші­лік­те екіұшты, сенімсіздеу пікір қалыптасып отыр. Қорқыттың заманында ысқышт­ы музыкалық аспап болған жоқ. Ғалымдардың да еңбегінде бұл аспап туралы­ сөз қозғалмайды. «Қорқыт ата» жазбасының әзербайжандық нұсқа­сында бабамыздың қолқобыз пайда­ланғаны  келтірілген, - деді профессор Тынысбек  Қоңыратбаев.

Ғылыми шарада өзге де шетелдік және отандық ғалымдар түркі әлеміне ортақ ойшылдың бейнесін жан-жақты ашуға талпынды. Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері, Құрманғазы атындағы  қазақ  ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынова өз пікірін айтты.

– Бабамыздың өсиет сөздері жыршы-жырау, ақын-шайырлардың шығармашылығынан көрініс тапты. Мысалы, Майлықожа, Мәделі қожа, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Ешнияз, Жиенбай, Тұрмағамбет, Нұртуғандардың өнерінің өрістеуіне негіз болған Қор­қыт  даналығы екені даусыз. Сол даналық  әрі қарай жалғастығын тауып, сол ұрпақтың  Сырдың бойында екеніне куә  болып  отырмыз, - деді ол.

Тарихи-ғылыми басқосу барысында бұрын-соңды айтылмаған дүниелердің басы шалынды. Тіпті әр тақырып – өзінше бір жүк, арнайы зерттеуді қажет ететін мазмұнды салмаққа ие. Әсіресе, біздің қазақ даласында бір әулиеге теліне­тін бейіт бірнеше жерде кездеседі  екен. Мысалы Қошқар ата бабамыз­ Маңғыстауда да, Ақтөбеде де бар. Шопан­ ата әулиеміз Қазақстанда да, Ислам Республикасында да бар екен. Үкішә ата ескерткіші Түркістан облысын­ың аумағында болса, Иран Республикасында тағы кездеседі. Сол секілді «Қорқыт ата жөнінде тағы қандай­ бейіттер кездеседі?» деп тарихи-ономастикалық ізденістер жасаған ғалымдар  шоғыры  және  бар.

- 1910 жылы академик Бартольд Дербент­ қаласының маңында (Солтүс­тік  Кавказда  Батыс  Атырау  жаға­лауында) жергілікті халық сыйынатын «деде Қорқыттың» қабірі бар екендігін жазады. Сосын біз мұны зерттей келе, оның Қазақстандағы қабірдің тұрпаты екенін байқадық. Себебі түркі халықтары көшіп жүрген кезде әулиелерінің бейне-бейітін барған жеріне орнататын болған. Мысалы, Бекет атаның жерленген жері Маңғыстауда, бірақ ол кісінің бейнесі Түркіменстанда, Қарақалпақстанда, сосын еліміздегі Шардарада, барлығы үш жерде орнатылған. Яғни, көшпелі халық тұрпат орнатып, соған сыйынатын болған. Мысалы, атақты Шаштазым әулие Маңғыстаудың өзін­де үш жерде орнатылған. Себебі қыстың кезінде Шаштазым әулиеге барғысы келген адамдар жер қар, ауа райы сал­қын, жол алыс болған соң бара алмай, жақын жерден әулиелік тұрпат жасап, соған сыйынған. Дербент қаласындағы да Қорқыт атаның атына телінетін бейіт көне түркілердің дәстүріне сай қойылған тұрпат деп, ал Сырдария бойындағы бейітті бабамыздың негізгі жатқан жері деп есептейміз, - деді өнертанушы, тарих­ ғылымдарының кандидаты Алқажан­  Еділхан.

Қорқыт атаның қобыз күйлері – жыраулық дәстүрмен, бақсы сарынымен, күйдің шығу тарихы туралы айтылат­ын аңызбен, соңынан күйдің өзі толығымен орындалатын ата жолы бар үлкен мектеп. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Алмасбек Алматов жыршылық-жыраулық өнер өкілдерін жоғары оқу орындарында оқыту, оларды кәсіби білікті маманға айналдырудың өзекті мәселелерін көтерді.

– Қорқыт атаның мұрагерлері саналатын жыршы-жыраулардың қоғамда орындаушы күйінде қалып қоймай, рухан­и-ағартушылық жетекші факторға ие болуы үшін оларды мәдениет, өнер, білім салаларында білікті маман етіп дайындаудың маңызы зор. Демек, бүтін оқу кешенін ғылыми тұрғыдан негіздеу керек. Біз 90-жылдардан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанында осы бағытта жұмыс атқарып келе жатырмыз. 1998 жылы дәстүрлі өнер мамандығының мемлекеттік стандартын бекіттік. Атал­ғ­ан мамандық бойынша қазіргі күні еліміздің бірқатар өңірінде шәкірттер тәрбиеленуде. Келешекте Қызылордада музыка және өнер лицейін ұйымдастыру көзделіп отыр. Осылайша 16 жас­қа дейінгі оқушылардың халықаралық өнер алаңын қалыптастыруға ниет­тіміз,- деді фольклортанушы-ғалым.

Мыңдаған жылдар бойы сайын дала төсінде  ғұмыр кешкен бабаларымыздың рухани мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа аманатта­лып, бүгінге жетті. Соның бірегейі – күллі Түркі халқына ортақ тұлға Қорқыт ата мұралары. Ғылыми-теория­лық конференцияның тағы бір айрықша тұсы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабы оқырманға жол тартты. Кітапты құрастырушы және жоба авторы­ – орталықтың бөлім басшысы, түркітанушы, филология ғылымдарының  кандидаты Серікбай Қосан. Аталға­н еңбек 3 мың дана таралыммен «Тұмар» баспасынан жарық көрді. Мәтіндердің қазақ тіліндегі нұсқасы профессор Б.Ысқақовтың аудармасы негізінде әзірленіп, аздап өңделген. Ал орыс тіліндегі мәтініне 1965 жылы «Книга моего деда Коркута» атауымен жарық көрген академик В.В.Бартольд­тің аудармасы негіз болып отыр. Орыс, ағылшын тіліндегі нұсқалары Ұлттық аударма бюросы мамандарының көмегімен  әзірленген.

 

ӨНЕР   мен   ДОСТЫҚ  ДӘРІПТЕЛДІ

Ұлы Қорқыт бабамыз табан тіреп, жырдың елі атанған құтты мекенде түбі бір түркі бауырлар бас қосқан V халық­аралық «Қорқыт және ұлы дала сазы»  фольклорлық музыкалық өнер фестивалінің ашылу салтанатына Иран, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан мемлекеттерінен белгілі өнер иелері мен ғалымдар жи­нал­ды. Өнерпаздардың салтанатты шеруін­ Әзірбайжан республикасы бас­тап,­ одан әрі Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Якутия, Сербия, Татар­стан, Түркия республикасының және отандық өнер өкілдері жалғастырды.

Фестивальді ашып берген Қызыл­орда облысы әкімінің орынбасары Н.Байқадамов Қорқыт ата дүниеге келген­ барша түркі халқының байырғы отаны­ Сыр еліне келген қандас өнерпаздарға сәттілік тілеп, фестивальдің Сыр жұртшылығы үшін маңыздылы­ғына  тоқталды.

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алаштың анасына балаған Сыр елі – ежелден мәдениеті дамыған, құдіретті өнердің киесі дарыған киелі мекен. Қызылорда облысының әкімдігі «ТҮРКСОЙ» халық­аралық ұйымымен бірлесе оты­рып,­ осындай ауқымды шараны бесінші рет өткізіп отыр. Сонымен бірге, еліміз­дегі Жастар жылы аясында ұрпақтар сабақ­тастығын жаңғырту мақсатында алғаш рет «Түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі» ұйым­дастырылуда. Өздеріңізге белгілі, Қорқыт­ ата мұралары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Бұл – тек Сыр елінің ғана емес, барша түркі жұртының ортақ қуанышы. Бүгінгі ұлы ойшыл абыз Қорқыт атаның мұраларына арналып отырған бұл фестивальдің келер  ұрпаққа берері көп, - деді ол.

Сонымен бірге, халықаралық  «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшы­сының орынбасары, ғылым докторы, доцент Ч.Билял, «ТҮРКСОЙ» ұйымының Қазақстандағы өкілі, доцент  А.Тұрға­нбаев сөз сөйлеп, өнер фестивалінің жоғары деңгейде ұйымдас­тырылып жатқандығын тілге тиек етті. Салтанатты шара соңы өнер мен достық­ дәріптелген фестивальге қатысушы өнерпаздардың концерттік бағдарла­масына  ұласты.

 

ҰЗАНДАР   ҮНІ   ДАЛАНЫ   ТЕРБЕДІ

Түркітілдес елдердің  V халы­қаралық «Қорқыт және Ұлы дала сазы» дәстүрлі музык­алық өнер фестивалі­нің жабылу рәсімі Қармақшы ауданындағы Қорқыт­ ата мемор­иалдық кешенінің амфи­театрында шараға қатысушылардың концертімен жабылды. Үш күнге  созылған­  фестивальдің қорытынды сөзі облыс әкімі­нің орын­басары Н.Байқадамов пен Қармақшы ауданының  әкімі М.Қалдарбековке  берілді.

Безендірілуі мен ұйым­дастырылуы ерекше екені қақпаға жақындағаннан-ақ көрінді. Қақпаға барар жолдың сол жағында Шиелі, Сырдария, Қазалы, оң жағында Жаңақорған, Жалағаш, Қармақшы аудандары арнайы сахна тұғырларына орна­ласып, қолөнер шеберлерінің көркем дүниелерінен көрме, сахналық көріністер әзірлеген. Кешенге кіреберіс І «Жібек жолы» қақпасынан өткен соң көшпелі құм бейнесіндегі балалар қобыз әуені ырғағында хореогра­фиялық композиция жасағанда шетелдік қонақтар таңданысын жасырмады. Түрлі бұйымдардан Тұран даласындағы қолөнер базары ұйым­дастырылып, ортасында фольклорлық ансамбль жер­гілікті композиторлардың күйлерін асқан шеберлікпен орындады. Халықаралық фести­вальге қатысушы өнерпаздардың концерті басталмас бұрын ақын-жырау Айдос­ Рахметов салтанатты шараның жабылуына орай арнау  айтты.

Ежелгі түркі халықтарының көмеймен жыр айту үлгі­сін бүгінгі күнге жалғап, баба­дан қалған асыл мұраны, ұлт­тық құндылығымызды ұлықтап жүрген Сыр сүлейлері жырдан шашу  шашып, ұзандар үні  ұлы  даланы тербеді.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ,

Нұрбике  ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕ МЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
26.09.2019 11:10

Мәдениет және өнер саласы қыз­меткерлері теңгенің құны құлағалы құлазып  кетті. Себебі сол, жалақы аз. Иә, бұл мәселе биік-биік мінберлерде, билік өкіл­дерінің  аузымен талай  көтерілді. Мәжіліс­мендер  мен  сенаторлардың  да салмақты пікіріне айнала білді. Қанша рет қоғамдық талқылауға түссе де, бұл санаттағы қызметкерлердің мардымсыз жалақсы жоғарыла­ған ­жоқ. Жұрттың айлығына алты ай сайын ақша қосылса да, олардың маңдай тері ештеңемен, еш теңгемен өлшене қоймады. Сонда да үмітін үзбестен, ел руханияты  үшін  адал еңбегін артық көрмей жүрген жандар­ үшін жағымды жаңалық Президенттің биылғы Жолдауын­да жарияланды. Мемлекет басшысының мәдени­  сала қызметкерлеріне лайықты көңіл бөлінбей отырғанын айтып, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің айлығын көтеру туралы шығарған шешімі дәл осы саланың мамандарын су бүріккендей серпілтіп  тастады.

Мәдениет саласы қызметкерлерінің мәселесін көтерген Президент Қасым-Жомарт Тоқа­ев: «Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал­ осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде» деді. Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап Үкіметке мәдениет қызметкерлерінің еңбек­ақысын  көбейтуді  тапсырды.

Расында, соңғы жылдары қалаған кітабыңды қолыңа ұстатып, тарихыңды тануға үлес қосатын қадірлі мамандық иелеріне деген құрметтің деңгейі төмендеп кеткені шындық. Жалақысы жанбағысына жетпесе де жанкештілік көрсетіп жүрген бүгінгі мамандардай емес, жастар жағы бұл салалар­ға мүлдем барғысы жоқ. Дәл осы себепті, істеп жүрген жұмысына қол бұлғап, қош­тасып кеткендері қаншама?! Жә, әңгіме, бұл туралы емес. Әңгіме – сала мамандарының сапасын қалай арттырамыз деген­  сауал  төңірегінде.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының осы мәселеге қатысты «Театр және эстрада әртістері бір ғана жалақыға өмір сүрмейді. Өзім де студент кезімде симфониялық оркестр­де қосымша жұмыс істедім. Әлемдегі барлық музыкант осылай жұмыс істейді. Бірақ қазіргі уақытта біз кітапхана мен мұрағаттарда жұмыс істей­тін қызметкерлердің жалақысын өсіруіміз қажет. Оларда қосымша табыс табу мүмкіндігі жоқ. Солардың жалақысын өсіру керек» дегені есімізде. Өкінішке қарай, дәл осы түсінік жалпы мәдениет саласы қызметкерлеріне салқынын тигізіп келді деуге болады. «Шыны керек­, мәдениет саласының қызметкері деген атымыз бар болғасын, қоғам бәрімізді бірдей әнші, әртіс, биші деп қабылдап кетті. Олардың ішінде кітапхана мен мұражай, мұрағат қызметкерлері ескерусіз қалды. Біз «тойдан табыс таба алатындардың» қатарында емеспіз. Осыдан төрт жыл бұрын 27 мың теңге жалақы алатын  едік. Қазір 43000 теңге болды. Қазақстандағы ең төменгі жалақы – біздікі. Айту­ға аузың да бармайды. Еңбек еткен жылым мен санатыма орай қазіргі жалақым 70-80 мың теңгеге жетті. Оған жастар жағы бірден ілінбейді. Сондықтан мұндай айлыққа жастар жағы жоламайды. Онымен отбасы түгілі, қара басын асырай алмайды ғой» дейді «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық-музей­інің жетекші ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай. Маман пікірінің жаны бар. Бүйірден қысқан қымбатшылық пен бұл мәселені байла­ныстырсаң, әңгіме әріге кетер еді. Елімізде қолданыстағы шығармашылық білім беру жүйе­сінің музыка, балет, орындаушылық, бейнелеу  өнері  бо­йын­ша кадрлар даярлаудағы көрсеткіштері  жоғары болғанымен, кино, анимация, сурет өнері, мүсін, графика, дизайн, декоративті-қолданбалы өнер, музей, реставрация, кітапхана ісі саласындағы мамандар тап­шыл­ығының спектрін толық  қамтымай  отыр.

Ал Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкері Ғазиза Құдайберген: «Бұл жаңалық бізге мотивация берді. Қазір кітапханаларға ерекше көңіл бөлінуде. Заманауи техникамен қамтылған, жаңғырған кітап­ханаларда білікті, білімді маман­дар жұмыс істеу керек. Сапалы қызмет көрсету тек мықты маманның ғана қолынан келеді. Ал ондай маманға жалақы дұрыс төлену керек. Кітапханашылардың әлеуметтік мәселесі шешіліп, үйге тұру кезегі­не ие болса, нұр үстіне нұр  болар  еді»  дейді.

Осыған дейін сәуірдің басын­да Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлерінің айлық ақысын көтеру туралы мәселе көтерген болатын. Сондағ­ы белгілі болғаны – сала қызметкерлерінің айлығына 1,72 үстеме коэффициент қосуды­ жоспарлағандығы. Ең өкінштісі, бұл небәрі 8 пайыз қызметкерлерге ғана қатысты болып шықты. Дұрыстап түсіндірейік.

Мәдениет министрлігі сарапш­ыларының мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанда орташа­ айлық есептік жалақы 158 мың теңге болса, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбек­ақысы 80-120 мың теңге ғана болды. Ал статистика комите­тіне сенсек, еліміздегі әртүрлі сала мамандары, шағын кәсіпкерлік саласын қоспағанда, орта есеппен 162 мың теңге­д­ен алса, өнер, ойын-сауық, демалыс саласындағылар бар болғаны 127 мыңнан  алған. Бұл дегеніңіз – елдегі орташа айлық есептік жалақыдан 22 пайызға аз деген сөз. Комитет ұсынған мәліметтерге сәйкес, өнер саласы­ндағы көптеген мамандар одан да аз жалақы алған. Біздің  зерттеуімізде  дәл  қазіргі таңда  бас  суретші-сәнгер – 57 мың теңге, зал әкімшісі –  54 мың теңге, би-хор ұжымының әртісі – 47 мың, балетмейстрлер – 84 мың теңге, музей қызметкерлері 45 мыңнан, кітап­ханашылар 43 мыңнан баста­п, жәдігерлерді қорғаушы –  52 мың  теңге  жалақы алады.

Осы уақытқа дейін жалақысының аздығын алға тартып, мұң шақпаған, бас шұлғып, барын­ сала жұмыс істеп келген мамандардың жалақысы жаппай өспей қала ма деген де қауіп бар. Өйткені Президент Жолдауына дейінгі министр­ліктің шешімі бойынша жалақысы өсетін 8 пайыз қызметкерлердің тізімінде 9 республикалық мекеме мен 33 мемлекеттік қазынашылық кәсіп­орынның қызмекерлері – бар болғаны 42 ұйымның маман­дары  бар.

Осыған дейін министрлік осы ұйымдарда жұмыс істейтін 5399 қызметкердің айлығын көтеруді ғана жоспарлады. Ал статистика комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың 12 айында мәдениет саласында 65,9 мың адам еңбек етеді. Яғни, жалақы сала қызметкерінің әрбір 12-шісінде ғана өседі. Тек жоғары жақтағылар мен республикалық ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты бұл шешімге қарап «жалпы қызметкерлердің жалақысы өседі»  деп айтуға ешқандай негіз  жоқ. Яғни, қала, ауылдағы музей, мұрағат, кітапхана, театр қызметкерлері Мәдениет министр­лігі ұсынған жоба аясында жоғары­ жалақыдан үмітсіз. Есесіне Мәдениет министр Ақтоты Райымқұлованың «Президент өз тапсырмасын нақты­лап, оның орындалу мерзімін белгіледі. Яғни, 2020 жылдан бастап мәдени сала қызметкерлерінің жалақысы көбейтілуі  тиіс. Бұл бізге сенім ұялатады»  дегені, үш  ай бұрын­ғы шешімнің қайта қаралып, сала мамандарын жаппай жарыл­қайды деген үміт басым.

Сондай-ақ, ағымдағы ахуал­ды ушықтырып, мәде­ниет саласының түйінді проблема­ларына айналған мәселенің басқа­ да себептері бар. Бүгінде мәдениет саласында меценаттық, демеушілік және волонтерлік институттар дамымаған. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, АҚШ-та мәдениетті мемлекет­тік қолдаудың мықты идеологиялық негізі бар. Сондай-ақ онда қаржыландыруды гранттар, қорлар мен демеушілер қамтамасыз етеді. Ал Ресейде негізгі қаржыландыру көзі – федералдық бюджет. Тікелей қаржыландыру Ресейде бұқаралық мәдениет ұйымдарының орта есеппен 80 пайызға дейінгі кірісін қамтамасыз етеді. Ресей­дің мәдени саясаты мәдениет пен оның әлеуметтік рөлі­нің ұлттық ұғымына негізделген. Қытай Үкіметі болса, мәдениетті дамыту қорын құру мен мәдениет саласындағы коммерциялық кәсіпорындар ар­қы­лы мәдени индустрия сала­сын қалыптастырудың тиімді тетігін жасап алған. Ал Ұлыбри­тания мен Канадада мемлекет ұлттық мәдениетті қолдау бо­йынша негізгі қаржылық ауырт­палықты өзіне алғанымен, бұл функцияны тәуелсіз әкімшілік органдар жүзеге асырады, олар өз кезегінде қаржы қаражатын арнайы комитеттер мен сарапшылар  топтарына  береді.­

Әлемдік үздік практикаларды ескере отырып, Қазақстан үшін АҚШ, Ұлыбритания, Германия сияқты елдердің үлгісі бойынша мәдениет саласындағы  демеушілік  пен  меценат­тықты қолдаудың пәрменді құқықтық тетіктерін құру ай­рық­ша өзекті дер едік. Сонда ғана біз әңгіме өзегіне айнал­дыр­ған жалақы мен мықты маман­ мәселесі шешімін тауып, саланың тамырына қан жүгірер еді...

Гүлжан  РАХМАН,

журналист,

Нұр-Сұлтан  қаласы

 


МҰНАРА НЕГЕ БҰЗЫЛАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
26.09.2019 11:00

«Осы күні «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның қолданысында екі градирня бар. Екеуін салыстырып қарар болсаңыз, бірінің жөндеуден өткені көзге ұрып, ал екіншісінің халі аса керемет емес екендігі сыртын­ан-ақ көрініп тұр. Осыдан тура 10 жыл бұрын облысты Болатбек Қуандықов басқарып  тұрған тұста қолданыстағы осы екі градирняның қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық­  бюджеттен 114 млн теңге қаралып, жұмыс басталған еді. 1976 жылы салынғалы бері өмірі жөндеу көрмеген нысан сол кезде алғаш рет жөндеудің не екенін білген.

Сыртын­ан-ақ ескіргені көрініп тұрған көне ағаштарын алып тастап, астын құрғатып, темір­лерін сырлап, сынған тұсын дәнекерлеп, барлық кем-құтығын сол кезде жөндеген. Сол кездегі жұмыстың барысына баспасөз туры ұйымдастырылып, градирняның жаңалануына  90 млн теңге қаржы жұмсалғанын айтқан еді аймақ басшысы Б.Баянұлы. Ал кәсіпорын 12,1 млн теңгеге профнастил арқылы ша­тырлау және ішкі жөндеу жұмыстарының барысын­ өзі реттеп алатын болып келісілген. «2009 жылдың қысқы жылу маусымына дейін біреуі толық жөнделсе, екіншісін келесі жылдың­  (келесі жыл дегені – 2010 жыл болатын) еншісіне қалдырамыз» деген еді. Содан бері тура 10 жыл өтті, Қуандықовтан кейін облыс әкімі екі рет ауысты. Екінші градирня да сол күйі жөндеусіз қалды».

«Facebook»  әлеумет­тік желісіне осы мәтінді тиісті орындарды белгілеп, жариялаған едік. Себебі, бұл қос градирняның кезінде атқаратын қызметі өте ауқымды әрі аса маңызға ие болатын. Сол себепті де оларды жөндеуден өткізуге көңіл бөлінді. Алайда «келер жылдың еншісіне» өткен екінші градирняның «бағы» ашылмады. Ке­зін­де екі градирняға деп бөлінген қаржының игерілмеген тұсы қайда кетті? Бәлкім, басқа жұ­мыстарға жұмсалды, ол жағы бізге беймәлім? Белгілісі, салқындатқыш мұнара істен шыққан. Естеріңізде болса, бұл орталықта бұрын қаланың сыртынан көрінетін қос мұржа болды. Сонау 1962 жылы салынған. Қазір біреуі ғана қалды. Біреуі  осыдан  екі  жылдан астам уақыт бұрын жайсыз­  апат жасап, кісі қазасына себеп  болғанын халық естен шығарған жоқ. Жылу қа­зан­дығының 2003 жылы жарамсыз деп табылған мұржасына демонт­аж жұмыс­тарын  жүргізу  барысында қапталы құлаған. Бұл гра­дирня да адам өміріне қауіп төн­діретін халге жетсе не  болады? Ақыры жұмыс істемесе, оған неге бұзу жұмыстары  жүргі­зіл­мес­ке деген сұрақ бізді де  мазалағ­аны  рас.

Анығы сол, ол енді жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Неге? Мәселенің мәнісін біл­мекке   «Қызыл­орда­жылу­электрорталығы» МКК-ға  ресми хат жолдадық.

- Станцияның №1, 2 салқындатқыш мұнаралары №5 және №6 бу турбиналарындағы технологиялық суды салқындату қызметін атқарады. Қа­зіргі уақытта №5 бу турбина қондырғысы технологиялық жүйеден шығарылып, қолданыстан алынып тасталған. Осыған байланысты №1 салқындатқыш мұнарасы пайдаланудан шығарылды. Ал 2009 жылы жөн­деуден өткен №2 салқындатқыш мұнарасы №6 турбинаның  технология­лық суын толығымен сал­қындату үшін жұмысқа жарамды және қажет­тілігі бар. Қазіргі күні бұрынғымен салыстыр­ғанда технологиялық су көлемін салқындату қа­жеттілігі екі есеге азай­ған. Сондықтан да №1 салқындатқыш мұнарасына қалпына келтіру жұмыстары қажет емес деп табылып, оны бұзу мәселесі қаралуда, - деп жауап берді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Н.Сатханов.

Мекеме өкілінің мә­лімдеуінше, алдағы жылу маусымына да дайындық қалыпты. Станцияның пайдаланатын негізгі отыны – газ, одан ешқандай тапшылық жоқ, ал резервтік мазут отынының 4695 тонна қажетті мөлшері қоймада сақ­таулы. Ал қала бойынша ұзындығы 186,6 шақырымды құрайтын жылу жүйелерінің 82 шақырымының тозығы жеткен. Бұл да бір мәселе...

 

Н.ҚАЗИ

 


ОРАЗБЕКҰЛЫН КОМАНДАСЫ ОЙЛАНДЫРЫП ОТЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
26.09.2019 10:55

Шиелілік шенеуніктердің өңешіне өгіз құлап кетердей кең екен. Бұлай деуімі­з бекер емес. Былай қарасаң, алақан­дай аудан. Алайда лауазымды тұлғалары тұғырында тұрғанда «асап» қалуға асығатын сияқты. Өткен аптада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Жиында­ Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы сыбайлас  жемқорлық фак­тілер­інің  алдын алу бағытында ат­қары­лып  жатқан  жұмыстарын  баяндады.

Былтыр шиелілік 3 шен-шекпенді парамен  ұсталыпты. Анау-мынау емес, аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Ғ.Оңғарбаев заңсыз әрекетке барған екен. Бөлімшенің экс-бастығы шетел азаматтарын тіркеу үшін тұрғындардан 20 мың теңге және 30 мың теңге көле­мінде (2 рет) барлығы 50 мың теңге пара алған. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауа­зы­мды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3500000 теңге  айыппұл  салынған.

Пара алып, тұтылғандардың қатарында ауыл әкімі де бар. Гигант ауылдық  округінің әкімі Қ.Қалиев ауыл маңайы­нан жер рәсімдеп беру үшін «ауызбастырық» дәметіпті. Нақтырақ айтқанда, Гигант ауылдық округінің аймағы­нан жер учаскесін рәсімдеп беру үшін аудан тұрғынынан 50 мың теңге және  Қызылорда қаласының тұрғынынан  60 мың теңге көлемінде пара алған.­ Ауыл әкімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 4)-тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда  лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір  бойын­а  айыра  отырып, 7 700 000 теңге  айыппұл  салынған.

Ал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы М.Шоханов мемлекеттік функ­цияларды орындауға  уәкіле­ттік беріл­ген  лауазымды адам бола тұра, Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 1-бөлігі­нің көзделген қылмыстарды  жасап, сол бойынша кінәлі деп танылып, Қа­зақстан Республикасының Қыл­мыс­тық Кодек­сінің 65-бабына сай қылмыстық жауаптылықтан  босатылыпты.

Шиелі ауданы «Ақтоған ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің жетекші маман-есепшісі болған Т.Мықтыбаев лауазымды қызметін пайдал­анып, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, жымқыру мақсатында жалпы сомасы 2 млн 912 мың 586 теңгені  иемденіп, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген. Жетекші маман Шиелі аудандық сотының Үкімімен Қазақстан Республикасының Қыл­мыстық Кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтарымен кінәлі деп  танылып,  мемлекеттік мекеме­лерде­ есепші  қызметпен айналысу құқығынан  өмір  бойына  айыра отырып, екі жыл мерзімге  бас  бостанды­ғы­нан  айырыл­ған.

Міне, киелі Шиелідегі шенеуніктердің былық-шылықтары. Айтпақшы, өткен жылы аталған ауданға қарасты Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Бегайдаров ауылдық округке қарасты балабақша меңгерушісін заңсыз қуда­лаға­ны үшін «сөгіс» түріндегі тәр­тіптік жаза алса, аудандық ауыл шаруашыл­ығы бөлімінің басшысы М.Әшірбековке тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы  ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Сондай-ақ, жыл басынд­а Шиелі кентінің әкімі Ғ.Аманжолов БАҚ өкілдеріне дөрекілік танытқан­ы үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік  жаза  алыпты.

Жиында Әшім Оразбекұлы ауданда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдыр­мау мақсатында түрлі деңгейде іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, ол ауданда­ ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 6 дербес бөлім «Оpen space» форматында жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Сонымен қатар әдеп кеңесінде облыстық ішкі саясат басқармасының жауапт­ы тұлғаларына қатысты (бас­қарма басшысының орынбасарлары Б.Жанадилов пен Г.Исмайлова, бас­қарманың  бөлім  басшысы  Ш.Нұртаева) тәртіптік істі тоқтату туралы мәселе қаралды.

– 2019 жылғы 26 наурыздағы №02-19/665 хатына сәйкес Қызылорда об­лыстық ішкі саясат басқармасы (бұдан  әрі – Басқарма) басшысының орын­басарлары Б.Жанадилов пен Г.Исмайловаға, басқарманың бөлім басшысы Ш.Нұртаеваға қатысты тәртіптік істер қозғалып, қызметтік тергеп-тексеру тағайы­ндалды. Қызметтік тергеп-тек­серу қорытындысымен мемлекеттік сатып­ алу конкурсының комиссия мүшелері басқарма басшысының орынбасарлары Б.Жанадилов пен Г.Исмайлова, басқарманың бөлім басшысы Ш.Нұртаева тарапынан мемлекеттік сатып алу заңнмасында белгіленген талапт­ар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуде заңнамада көзделген құжаттарды ұсынбаған әлеуетт­і өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберуі арқылы әлеуетті өнім берушіге негізсіз қолдау көрсеткені байқалад­ы, - деді  департамент  өкілі.

Дегенмен, ішкі саясат басқармасының аталған департаментке 2019 жылдың 4 сәуірінде №02-48/904 жолдаған хатына сәйкес 2019 жылдың 19 сәуірінен бастап Ш.Нұртаеваның, ал басқар­маның  2019 жылдың 17 шілдедегі  №02-19/1582 хатына сәйкес 2019 жылдың  5 шілдесінен бастап Г.Исмаилова­ның Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 61-бабы 1-тармағы 4), 8)-тармақшаларына сәйкес, сондай-ақ, басқарманың 2019 жылдың 27 тамыздағы  №02-48/1892 хатына сәйкес Б.Жанадило­в 2019 жылдың 20 тамызынан бастап Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8-тармақшасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 61-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылғандығы туралы хат келіп түскен. Сондықтан аталған лауазым­ды тұлғаларға қатысты қозғал­ған тәртіптік іс кеңес мүшелерінің қолдау­ымен  тоқтатылды.

Кеңесте Қызылорда қалалық құрылыс  бөлімінің  басшысы Т.Бәйменовтің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу жайы да сөз болды. Оған Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына Қызыл­орда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың 2019 жылдың 13 қыркүйегіндегі  №05-11/2977 хатымен Т.Бәйменовтің тәр­тіптік жазасын мерзімінен бұрын алу турал­ы ұсынысы негіз болған. Осылайша, кеңес мүшелерінің басым даусымен Т.Бәйменовтің тәртіптік іс тоқтатылды.

Сондай-ақ, кеңесте Қызылорда облысы­ның құрылыс, сәулет және қалақұрылысы  басқармасының  мемлекет­тік  қызмет және сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профил­актикасы бағытында атқарған жұмысы  туралы  басқарма  басшысының­ орынбасары  баяндама жасады.

 

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ДОП ТЕБЕ МЕ, ШӨП ТЕБЕ МЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
26.09.2019 10:45

Жүргеновтің  жігіттері  жүгірмейді  екен. Иә, жайшылықта  жүгіріп  аяғын  ауыртып қайтсін!? Аяқ  ауырмаған  соң оған бас ауыртпайтыны да рас ғой. Мына суретті Шиелі ауданында  түсірдік. Кенттегі­ Т.Жүргенов көшесінде (аудандық емхананың маңы - ред.) орналас­қан  футбол  алаңының­  қазіргі   жағдайы (суретт­е)  дәл  осындай.

«Мұның бұлай тұрғанына біраз уақыт болды. Бетіндегі жасанды шөпті жұрт сыпыр­ып алып  кетті. Содан кейін осы халге түсті ғой» деді бізге кент тұрғыны.

Осылайша, футбол  алаңындағы  жасан­ды  шөп  табиғи  шөпке айналыпты­. Бұл  жерге  көптен  бері  адам  ізін салмағаны  көзге  көрініп-ақ тұр. Әрине, бірінші кезекте бар нәрсені ұқсатып, пайдаға  жаратпағ­аны  үшін  көше  тұрғындары кінәлі  секілді. Содан  соң  жергілікті  билік  пен  жауапты  органдардың  жайбара­қат­тығы да  байқалатындай. Қалай ойлай­сыз,  Жүргенов­   көшесінің  бала­лары  фут­бол­ ойнағысы  келіп, алаңнан табылар болса, доп тебе ме, шөп  тебе  ме?   Шын  мәнінде  осы  сұрақ  бізді  қатты  мазалады.­

Рыскелдi  ЖАХМАН

 


СЫРДЫҢ «ӨНІМІНЕ» СҰРАНЫС СҰМДЫҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
26.09.2019 10:40

Қызылордалық «өнімге» сұраныс сойқан екен. Нақтырақ айтқанда, Сыр бойында өсірілген (дайын­далған) марихуананың сапасы өте жоғары көрінеді. Өйткені біздің өңір есірткі өсімдігін өсіруге климаты қолайлы аймақ саналады. Сондықтан шығар, Еуропа елдерінде, халықаралық нарықта қызылордалық «өнімнің» дәурені жүріп тұр. Есірткі айналымының жолын кесу бағы­тында атқарылып жатқан шаралар аз емес-ау. Дегенмен, жеңіл ақшаға құныққандардың бұған қарайтын түрі жоқ. Қызылорда облысы прокуратурасы ұсынған­ мәліметке сүйенсек, соңғы екі жылда облыста­ есірткі егілген жерлердің көлемі 54 гектарға жетсе, есірткі өнімдерін сататын­ орындарды (притон) анықтау көрсеткіші керісінше төмендеген. Одан бөлек, көп жағдайда жастар арасында есірткі айналымы, дәрі-дәрмектердің ұрлануы анықталмайтын көрінеді.

Бұған қарсы күресті күшейту үшін полицияның техникалық базасын нығайту маңызды. Дегенм­ен, облыс прокуроры Н.Бижанов депар­тамент тарапынан дер кезінде жедел іс-шаралар жүргізуге техникалық қызметтің мүмкіндігі талапқа­ сай емес екендігін айтты. Соның салдарынан құқық қорғау және арнаулы органдармен есірткіні тасымалдау каналдары, ішкі нарықты және республиканың басқа аумақтарын есірткімен қамтамасыз ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтері ашылмайды екен.

Бүгінгі күні «Көкнәр – 2019» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында облыстың түкпір-түкпірінен есірткі аумақтары табылып жатыр. Жақында ғана Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сора өсірген 2 күдіктіні қолға түсірген еді. Оқиға орнында заңмен тыйым салынған 228 түп сора өсім­дігіне ұқсас шөп, кептірілген 74 түп және 80 қапқа салы­нған есірткі заты тәркі­ленді. Олардың жалпы салмағы 370 келіні құрады. Сонымен қатар, оқиға орнынан тір­кеуде жоқ 2 тегіс ұңғылы қару алынғандығы жөнінде хабарла­ғанбыз. Бұдан бөлек, Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен 120 шақырым қашықтықта есірткі алқабы анықталған. Оқиға орнында 6 азамат заңсыз есірткі егіп жатқан жерлерінен ұсталған. Тіпті олар оқиға орнынан бой тасалап, полиция қызметкерлеріне қарсы қару  қолданған.

Өңірде жол-көлік оқиғасының артуы да өзекті тақырыпқа айналды. Айдың күннің аманын­да жыл басынан бері көлік апатының салдары­нан 44 (26) адам қайтыс болған. Ал ағымдағы жылдың 6 айында облыс көлемінде 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімім­ен салыстырғанда 84-ке немесе 58%-ға көбейген (146). Оқиға салдарынан 270 (169) адам түрлі дене жарақаттарын алыпты.

Екі мәселеге де екі шоқып, бір қарау аса маңызды­. Қайтпек керек? Есірткіге елітпеуге, апаттың алдын­ алуға алдымен – адам, содан соң полицияның  пәрменділігі қажет. Тоқ етері сол.

 

Асан  ДӘУЛЕТ

 


«ОРАЛМАН» МӘРТЕБЕСІН ОМАҚАСТЫРМАЙЫҚ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
26.09.2019 10:35

Марат  БӘЙДІЛДАҰЛЫ,

жазушы-публицист

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ініміз 19 қыркүйекте өзінің фейсбуктегі парақшасында: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына келген қазақтарды Оралман деп атаудан бас тартып, Қандас дегеніміз жөн болады деп ұлтымыздың ұғымына сай жарасымды терминді тағы да ұсынды» деп жазыпты. Менің ойымша бұл асығыстық. Президент әлбетте еліміздің құқықтық нормативтік актілерінен хабардар деп ойлаймын.

«Оралман» сөзінің табиғатына қарасақ, ол «көрермен», «тыңдарман», «оқырман» деген тәрізді соңғы 20-30 жылда тілімізге әбден сіңісті болған сөз. «Оралман» сөзі ешкімнің намысына тимейді. Әрі ол репатрианттардың бір-екі буынына, «оралманның» өзі мен жат жерде туған баласына ғана қатысты қолданылады. Атамекенде дүниеге келген балаларға бұл термин қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдеде қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 1-бабының 13-тармағында «Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары» деген анықтама берілген.

Бұдан не түсіндік, бұдан біз «оралман» термині репатриантқа берілген құқықтық мәртебе екендігін түсіндік. «Оралман» мәртебесін алған адамдарға мемлекеттен әлеуметтік жәрдем беріледі. Жалқы реттік жәрдемді қосып алғанда орташа бес адамнан тұратын «оралман» отбасына көші-қон шығындарын өтеу үшін 833 мың теңге беру көзделген. Қабылданғанына 22 жыл болған «оралман» терминіне кезінде заң ұғымдарынан алыс қаламгер ағайын қарсы болғаны рас. Бірақ «Мені «оралман» деп атадыңдар, сондықтан бұл жәрдемнен бас тартамын» деген қандасты әлі көрмеппін.

Бүгінге дейін елімізге бір миллиондай «оралман» келгендігін білеміз. Мемлекет тарапынан оларға қаржылай көмектен басқа жұмысқа тұруда, жаңа кәсіп үйренуде, әскерге шақырудан босатуға, орта және жоғары оқу орындарына квота бөлуде, зейнетақы мен жәрдем тағайындауға, медициналық жәрдем алуда, балабақша мен мектептерден орын алуға, көшіп келген жерінде баспана алатындай қаржы қарастыруға осы «оралман» мәртебесі әлеуметтік жеңілдіктер береді. Сондай-ақ кезінде саяси қуғын-сүргін құрбандығына айналған жандардың «оралман» мәртебесі олардың азаматтық құқықтарын қалпына келтіруіне көмектеседі.

«Оралман» мәртебесі мен олардың көшіп келуіне мүмкіндік беретін ресми квота 1997 жылы бекітілген. «Оралмандар» квотасы 2009 жылы 15 мыңнан 20 мың отбасыға көбейтілген. Үкімет сол кезден бастап «оралмандарға» көмектесу үшін бюджетке 17 млрд теңге (130 млн доллар) қарастырып қойған.

Шынын айтқанда «оралмандар» бізге өте керек. Олар демографиялық тұрғыдан үлкен демеу, өмір сүруге бейімділігі қазақстандық қандастарға өнеге. Экономикалық пайдасы зор, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шебері. Қазақ тілі мен өнерінің жаңа тынысы, «Көк тудың желбірегенін» жан жүрегімен қалайтындар. Сондықтан өз басым барша «оралманға» үлкен құрметпен қараймын. «Оралман» кейбір пасықтар ойлайтындай кемсітушілік емес, ол репатрианттарға көмектесу үшін ойлап табылған құқықтық мәртебе.

Берік Уәли ініміз Мемлекет басшысы «оралман» сөзін «қандастар» сөзіне алмастырғысы келетінін айтыпты. Бұл арада ойланатын тұс көп. «Қандас» сөзі «шығу тегі, қаны бір, бауырлас» (Тіл комитетінің тапсырысымен шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Дайк-пресс», 2008 ж., 472-бет) деген ұғым береді. Оңайырақ айтсақ, «қандас» сөзі жалпы «этникалық қазақ» сөзімен үндес келеді. Яғни атамекен – Қазақстанда немесе Қытайда, Моңғолияда, Ресейде, Германияда, т.б. елдерде тұратын қазақтың бәрі бізге «қандас». Сол «қандастар» тұрақты тұру үшін атамекенге көшіп келсе ғана «оралман» мәртебесіне ие болады. Егер біз «оралман» сөзін ресми түрде «қандас» сөзіне алмастыратын болсақ, онда «Көші-қон туралы» заңға өзгеріс енгізуімізге мәжбүрміз. Сол заңға сәйкес біз өзімізде тұрып жатқан, сондай-ақ шетелдерде тұрып жатқан, көшіп келу мүлде ойында жоқ «қандастарға» түгелдей көмектесуіміз қажет болады. Өз еліміздегі жарты миллион көпбалалы анаға (бәрі дерлік қандас) берілетін 21 мың теңгенің жырын бітіре алмай жатқанда жер бетіндегі 18 миллион «қандасқа» Қазақстан қайтіп көмектеспек?

Менің бір «жаман ойым» айтады: билік «оралман» мәртебесін «қандасқа» ауыстыру арқылы бәлкім оралманды қалың қазаққа теңестіріп, оларға берілетін жеңілдіктерді сыпырып тастағысы кеп тұрған шығар. Сондықтан өз басым «оралман» мәртебесін омақастырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

 

Facebook-тегі  парақшасынан  алынды.

 


ҚЫЗЫЛОРДА – «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
26.09.2019 10:25

Цифрландыруға күш салу жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы­ қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Дәл мұндай сандық революция біздің көз алдымызда өтуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында еліміз экономиканы цифрландыру бағытын таңдады. ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018-2022 жылдары бағдарламаны іске асыруға мемлекеттен 141 048 387 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған. Оның ішінде 2018 жылға 21 544 099 мың теңге, 2019 жылға 33 153 045 мың теңге, 2020 жылға  59 865 614 мың теңге, 2021 жылға 26 485 629 мың теңге және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерінен қаражат жұмсалатын болады.

 

ПИЛОТТЫҚ   АЙМАҚТЫҢ АЯҚАЛЫСЫ

Ел  президенті  Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық  диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына арнаған­ алғашқы Жолдауында да цифр­лық экономиканы дамыту туралы мәселеден алшақтаған жоқ. «Біздің міндеті­міз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бо­йынша өңірдегі көшбасшылықты нығай­ту. Үкімет заңнаманы 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет. Қазақстан технологиялық серік­тестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтер­дің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс» деді. Осы ретте Қызылорда облысы да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберіндегі жұмыс­тарды қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, «Ақылды қаланың» кейбір компоненттері, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтан­дырылуы, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды мектепке және мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, дәрігер қабылдауына жазылу, ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз сату секілді қызметтері тұрғындар игілігіне берілді.

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 ақпандағы №827 қаулысымен бекі­тілген) және «Smart city» тұжырымдамасы аясында 2018  жылы  Қызылорда облы­сы  «Ақылды  басқару»  бағыты бойынша  пилоттық ай­мақ  болып  таңдалды.

2018 жылы төмендегі салалар  бойынша 3,5 млрд теңгеге 29 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында білім беру саласына қатысты 7 жоба бар. Олар: «Электронды күн­делік»; «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған онлайн-сабақтар; Робототехника зерт­ханасы; Оқушылар са­ра­йына арналған «3D зертхана»; «IT iMAQORDA» ресурстық-әдістемелік орталығы; қала мен аудандарды 100% ком­пьютерлік техникамен жабдықтау.

 

САНДЫҚ   ЖҮЙЕ  ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН  АРЫЛТАДЫ

Ал денсаулық сақтау саласы GPS – санитарлық авто­көліктің мониторингі, «Патронажды медбике» және «Ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшалары, телемедицина, медициналық ақпараттық жүйелер, электронды жазба және электронды кезек секілді 5 жобаны енгізді. Бұл ретте осы күні тұрғындар қолданып жүрген «Damu Med» мобильді қосымшасын айта кеткен жөн. Бағдарламаның тиімділігі сол, үйде отырып дәрігерге кезекке тұрасыз. Учаскелік дәрігеріңізден бастап, барлық тиіс­ті мамандардың еңбек ету реттілігі мен қабылдау уақы­тын да осы бағдарламадан көре аласыз. Бұл бағдарламаның тиімділігін бүгінде Қызылорда халқы да сезініп келеді. Осы «Damu Med» мобильд­і қосымшасын қолдану арқылы­ дәрігерге тіркелу уақытын анықтап отыра­ды. Бұл жаңалық – сандық тех­нологияға көшкенімізді білдірсе, екіншіден, «қағаз қолданбайтын аурухана» мәртебесіне бір қадам жасағанымыздың белгісі. Сондай-ақ, дәрігерге көрінер алдында томпиған денсаулық кітап­шаңызды «арқалап» қажеті жоқ. Тек жеке куәлігіңізді берсеңіз, жеткілікті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде­ немесе ерікті медициналық сақтан­дыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Елбасы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға»  көшу арқылы  медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиім­ділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеу­дің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек» деген болатын. Сонымен­, «Damu med» мобильді қосым­шасында:

- ұйым туралы ақпарат;

- ұйымның жұмыс кестесі;

- дәрігердің жұмыс кестесі;

- жолдамалар тізбесі;

- рецепттер;

- еңбекке жарамсыздық парағы;

- зертхана нәтижелері;

- дәрігер қабылдауына жазылу;

- мобильді сауалнама;

- смс хабарландыру

- үйге шақыру секілді қызметтер қосылған. Тиімділігі мен ыңғайлылығы сол, электронды денсаулық кітапшасы дәрігердің көз алдында тұрады.

Жалпы, денсаулық саласын цифрландыру – қолжетімділікті арттыру, қағазбастылықтан  арылу.

 

БІР   ЖҮЙЕ,  БІРЫҢҒАЙ   ТІЗІЛІМ

Жаңа технологиялық игілік қауіпсіз­дік саласындағы 3 жобаның сандық режим­ге өтуіне себеп болды. Олар –  Е-қылмыстық іс, Әкімшілік өндіріс­тер­дің бірыңғай тізілімі және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі.

«Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жүйесінің артықшылығы – әкімшілік өндірістің 30 минуттан 5 минутқа дейін қысқартылуы. Енді азаматтар үшін түбіртекті мемлекеттік органға алып бару қажет емес, себебі, мәлімет автоматты түрде дерекқорға енгізіледі. Құқықбұзушы туралы жеке деректерді алу үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет, содан кейін барлық мәліметті жүйе өзі ұсынады. Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  жүзеге  асырылуда.

«112» бірыңғай диспетчерлік қызметі» өрт сөндіру – 101, полиция – 102, жедел жәрдем – 103, газ қызметі – 104 және төтенше жағдайлардағы қызметтердің барлық нөмірлерін бір жүйеге біріктіреді. Қызмет қалай жүзеге асады? Төтенше жағдай орын алған уақытта қоңыраулар бірыңғай диспетчерлік қызметінің кезекшілеріне түседі. Түрлі жағдайларға алдын ала дайындалған мамандар қандай әрекет жасау керек­тігін  егжей-тегжейлі түсіндіреді. Бірың­ғай  орталықта  қоңыраулар  нақты­ өз сала­сына  бағытталады. Хабардың­ әртүр­лілігіне қарамастан қажетті құт­қару қызметтерін атқарады. «112» бірың­ғай кезекші-диспетчерлік қызметін  енгізу­дің тиімді тұстары:

- тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру;

- қоңырауларды қабылдау мен сұрыптауларды 32 пайызға қысқарту;

- төтенше жағдайлардың алдын алуда­  уақытты  үнемдеу;

- қызмет түрін бөлу мен оңтайландыруды ұйымдастыру;

- жалған хабарламалардың санын   45  пайызға  азайту;

- азаматтардың қызмет жүйесіне деген­ сенімділігін арттырып, сапалы қызмет  көрсету;

- көрсетілетін қызмет түрлеріне бақыла­уды  күшейту.

 

ТКШ   ЦИФРЛАНДЫРУДАҒЫ    ҮШ   МАҚСАТ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы «Қауіпсіз үй» және «Коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжаты» атты 2 жоба цифрландырылды. Қазіргі күні «Ипподром» шағын ауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үй пилоттық режимде қосылды. Бұл базалық қондырғы:

- «E-Shanyraq» бірыңғай интеллектуалдық жүйесіне деректер енгізу;

- жалпыүйлік импульстік есептеу;

- ұсынылатын қызметтердің ашықтығы;

- онлайн мониторинг жасау;

- тұтынуды үнемдеу;

- жылу энергиясын 35-40 пайыз үнемдеу;

- көрсеткіштерді автоматты түрде жинау;

- энергия ресурстарының шығынын автоматты түрде онлайн бақылау және есепке алу секілді қызметтерді ұсынады­. Қолайлылығы сол, табиғи монополия субъектілеріне қатысты бастапқы және жедел ақпарат беріледі. Қашықтықтан басқарылатын есептеуіш құралдары орнатыл­ып, бір орталықтан басқару жүйесіне  енгізілді.

Жалпы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландырудағы үш мақсат – ашықтық, тиімділік, үнемділік.

 

САНДЫҚ   ЖҮЙЕ    АГРОСАЛАҒА   ДА   ЖЕТТІ

Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар жоба сандық бағытқа ауысуда. Бұл ретте облыс аумағындағы цифрландырылған жайылымдық жер көлемі 855,7 мың гектарға жетті. «Нақты егіншілікке» арналған «Akmaya smart farm» цифрлық платформасы іске асырылуда. 800 гектар егіс алқабына цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, алқаптың электрондық картасы және топырақтың агрохи­миялық картограммалары әзір­ленді. Автономдық метеостанциялар деректердің толық спектрін жазып, жүйенің орталық серверіне жібереді. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Ж.Махамбетов  ауылында «Қазагромир»   ЖШС-нiң  жоғары  технологиялы­ заманау­и  автоматтандырылған  жылыжай  құрылысы­  аяқталуда.  Оның   көлемі – 2,2 га, жылдық қуаттылығы – 900 тонна, өнімі – қызанақ. Дәл егін­шілік элементтерін енгізу кезінде Ж.Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, Шиелі ауданында «Ақмая» шаруа қожалығында оң нәтижелер алу күтілуде. Бүгінгі таңда жобаларды  тиімді іске асыру мәселелері  әзірленуде.

Одан өзге қалалық басқару саласында 6 жоба бар. Бірыңғай ситуациялық-талдау орталығы, Қызылорда қала­сында IT паркі, Қызылорда қаласында «Мобильдік кітапхана», Қызылорда облысы­ның тарихи-мәдени мұра нысан­дарының 3D форматында интерактивті картасы, Қызылорда облы­сының 150 тарих және мәдениет ес­керткіштеріне QR-кодтар орнату, Қызылорда облысының құрылыс саласын­дағы бақылау, мониторинг және кеңес берудің электрондық платфор­масы. Бизнес саласындағы «геоақпараттық сервис», «КASIPKER-ONLINE» зияткерлік онлайн бизнес-ассистенті, «Жер қызметтерін көрсету бойынша автоматтандырылған сервис» атты 3 жоба цифрландыру бағытында тұр.

 

БОЛАШАҒЫ   БАР   52   ЖОБА

Қызылорда облысы әкімдігі ресми интернет-ресурсы парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, аймақтағы инфра­құрылымды дамыту мақсатында облыстың 77 мемлекеттік органы мем­ле­кеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) механизмі аясында «Талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу» жобасы іске асырылды. Жоба есебінен телекоммуникация қызмет­теріне сұранысты қанағаттандыруға және облыстық және аудандық орталықтардың мемлекеттік органдарының жоғары жылдамдықты және қорғалған интернет қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ауыспалы және іске асырылып жатқан жобалар бойынша 2019 жылға 52 жоба жоспарланып отыр, оның 13-і ІТ-парк­тің  іс-шаралары аясында іске асырылады. Алдын ала қаржы көздерінен бюджетт­ік инвестициялар бойынша – 24 жоба, МЖӘ механизмі – 9 жоба, жеке инвестордың қаражаты есебінен – 5 жоба қаржылық шығынсыз – 1 жоба және көлік саласы бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айт­қанда, қоғамдық  көліктің  тартымдылығын арттыру, төлемді қабылдау процесі­н сәйкестендіру, жолаушылар ағынын диспетчерлендіру және мони­тор­ингілеу мақсатында МЖӘ аясында мемлекеттің қатысуынсыз «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электро­нды билеттеу жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылады деп күтілуде. Жобадан күтілетін нәтиже – көлік ұйымдарының жыл сайынғы табысын арттыру.

Алдағы уақытта әртүрлі салаларда жұмысқа персонал алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жобаны жүзеге асыру жоспарл­анып отыр. Қалалық қызметтердің интерактивтілігін, өнімділігін және сапасын көтеру, шығындарды азайту, ресурстарды тұтыну және әкімдік пен тұрғындар арасында бай­ланысты  жақсарту мақсатында «Smart Кызылор­да» жобасын жүзеге асыру жұмыстары  жүргізілуде.

 

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


СЫР ЕЛІНДЕ АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТІ САҚТАЛҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.09.2019 10:15

Уақыт өткен сайын көнеріп, ескіріп, жарамсыз жағдайға жетіп, аяқасты болып қалатын, соңынд­а қоқыс жәшігінен орын табатын заттар бар. Тиісінше, белгілі бір дәрежедегі уақыт құн­дылығын теңдесіз етіп жіберетін зат та арамыздан табылады. Қызылорда облыстық тарихи-өлке­тану музейіне қарасты С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы – шығармашылық адамдар­ына ғана емес, өнерді түсінетін жұрт­шылық  үшін де өте жайлы жер. Олай деуге себеп көп. Бұған  газеттің  алдағы сандарында мысалды мыңдап  келтіретін  боламыз.

Осыдан екі ай бұрын «Симпозиумда қандай суретт­ер  салынды?» атты мақаламызда оқыр­мандарға газет бетінен «Қылқалам құдіретімен қауышсақ...» деген айдар ашып, галерея қорындағы картиналарға және оның тарихына орын беретіні­мізді хабарлаған едік. Газеттің бүгінгі санын­да осы айдардың алғашқы саны жарыққа шыққалы отыр. Сіздердің назарларыңызға ұсынылғ­ан картина тым ерекше. Біз жоғарыда айтқан­дай, оның құндылығы мен маңыздылығын оқырмандар  сезеді  деген ойдамыз.


Авторы  белгісіз,

«Абай  Құнанбаев»

1962 ж.к., м.б. 60х80

 

 

Сіз галереяның архивінде ұлы Абайдың сурет­і сақталғанын білесіз бе? Иә, кәдімгі Абайдың­! Тегінд­е «ұлысы» бар қазақтар өте көп, ал есімінде­ бары Абай Құнанбайұлы ғана. Сондықтан, «ұлы Абай» дегеннен-ақ түсінікті шығар. Және біз тұлғаны оқырманға таныстырудың қажеті жоқ шығар деп таптық. Ақынды айдардың алғашқы «қонағы» етуіміздің де салмағын өзімізше бағамдап­  отырмыз.

- Заманының көрнекті тұлғасы, философ, ақын Абай Құнанбаев атамыздың портреттік бейнесі кенеп, майлы бояумен орындалған. Бұл – галереяның  қорында сақталған ерекше туындылардың  бірі. Суретші шығарманы сары, қоңыр, күлгін түс­тердің араласуы арқылы сол өткен заманның тыныс­-тіршілігіндегі үздік тұлға екенін берген, - дейді галерея меңгерушісі Перизат Ашанова.

Алайда теңдесіз туындының авторы белгісіз көрінеді. Картинада ақынның жасы ұлғайған шағынд­ағы бейнесі бейнеленген. Сыры мол сурет­ өнерінің Сырдағы туған немесе осында сақталған­ туындыларына әлі де кезек беретін боламыз.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары