Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2019

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.09.2019 09:40

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барды. «Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері» форумына қатысып, ІІІ Интернационал ауылыныңәлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен өңір жастарымен кездесіп, жастар арасында кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету мақсатында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен «Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері» форумы өтті.

«Басты мақсатымыз - Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі орындау. Алдымен ауызбіршілікті, татулықты сақтау керекпіз. Өйткені ынтымақ болмай, ешқандай іс өнбейді. Екінші - өңірімізді индустрияландыру. Жаңа кәсіптер, өндіріс орындарын ашу, жер астының пайдалы қазбаларын дұрыс пайдалана білу, табиғаттың мүмкіндіктерін тиімді қолдану, инвестиция тартып, өнеркәсіпті нығайту қажет. Тиісінше кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Осы бағытта өңіріміздің барлық аудандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстым. Қазіргі таңда жұмыссыздықты азайту, бизнесті қолдау, инвестицияны дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Біздің облыста бұл салада біршама жұмыстар атқарылып, оң көрсеткіштер көрсетіп келеді. Осыған орай, 2018 жылы Қырымбек Елеуұлы Елбасының қолынан бизнесті жүргізуге жағдай жасаған ең үздік аймақ номинациясы бойынша Алтын сапа марапатын алғанын білесіздер»,-деді аймақ басшысы.

Шараға жергілікті 18-29 жас аралығында жас кәсіпкерлер, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекемелер, қаржы ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Іс-шара барысында мәдени шаралар ұйымдастырылып, қатысушыларға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие және мемлекеттік грант алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, спикерлер кәсіпті қалай жүргізу керек, оны дамытудың жолдары, табысты кәсіпкер болудың құпиясы, жеке ісін бастағысы келген жастарға қарастырылған мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, өз ісін ашқан жастардың шығарған өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында аймақтың жас кәсіпкерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы ІІІ Интернационал ауылында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

ІІІ Интернационал ауылының халық саны – 2444 адам, отбасы саны – 475. Ауылдағы №108 орта мектепте 452 бала білім алуда, 62 мұғалім, 30 қызметкер жұмыс істейді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 7 адам оқу курстарынан өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.09.2019 09:30

Кеше аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен және аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, орталық атқарушы органдардың аумақтық басқармаларының басшылары, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органы, мекеме, кәсіпорын басшылары, мектеп, балабақша ұжымдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді.

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесін талдауға бағытталған басқосуда аудан басшысы өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіліп келе жатқанын, бұл мәселе бірінші кезекте өзінің қатаң бақылауында екендігін атап өтті. Одан әрі Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша Арал, Қазалы ауданаралық басқармасының басшысы болып жаңадан тағайындалған Әліпбаев Ерболат Әзімжанұлын таныстырды.

Басқосу барысында қазіргі таңда әлемнің барлық елдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оны болдырмау жолдарын қарастыру мәселесі өзекті екендігін айта келе, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың ахуалын анықтау мақсатында Transparensy International Kazakhstanүкіметтік емес халықаралық ұйымының биылғы есебі Қазақстан үшін ерекше болатындығын ескертті.

Айта кетсек, «Transparency International» - бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің және жемқорлық деңгейін зерттейтін үкіметтік емес халықаралық ұйым. Transparency International халықаралық қозғалысы Бүкіләлемдік банктің бұрынғы директоры Петер Айгеннің бастамасымен 1993 жылы Берлинде басталған. Қазіргі уақытта әлемдегі 100-ге жуық елде ұйымның бөлімшелері жұмыс істейді.

Одан әрі кездесудің басты тақырыбы аясында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Ізмағамбетов аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы туралы баяндама жасады. Белгілі болғандай, жемқорлықпен күрес бағытындағы шаралар жоспар бойынша өз деңгейінде өткізілуде.

Сонымен қатар, аталған Transparensy International Kazakhstan ұйымымен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалына жүргізген зерттеу нәтижелерінің негізінде аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа апаратын жағымсыз факторларды болдырмау және жою мақсатындағы шаралардың жол картасы әзірленген, алдағы уақытта сол бағытта жұмыстар жасау жоспарланып отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстардың білім саласы бойынша атқарылу барысын аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова тарқатып өтті. Атап айтсақ, мектеп қабырғасындағы оқушылардың қоғам дертіне қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру бағытында түрлі шаралар үздіксіз жүзеге асырылуда. Соның ішінде, ерекше айта кетер тұсы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауданның 44 орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Қазіргі таңда ауданда 2400 клуб мүшесі бар.

Расында, «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде, олардың бойында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.

Жиын барысында денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар жайы да  сөз болды.

Осылайша маңызды салалар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесімен танысқан ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша Арал, Қазалы ауданаралық басқармасының басшысы Е.Әліпбаев аудан бойынша қолға алынған қадамдарға оң бағасын бере отырып, елімізді өркендету жолында сыбайлас жомқорлық әрекеттерін болдырмау, алдын алу бағытында аянбай, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАҚСТАН ВОЛЕЙБОЛЫНЫҢ ТАРИХЫ СЫР ӨҢІРІНЕН БАСТАУ АЛҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.09.2019 09:20

Кеше Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан халықаралық турнир басталды. Жарысқа Ресей, Өзбекстан мемлекеттері мен республиканың 8 облысынан (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Павлодар және Қызылорда)және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Байқоңырқалаларынан барлығы 22 команда, 350 спортшы қатысуда.

Еңбек жолын алғаш ұстаздықтан бастап, біліктілігінің арқасында ел басқару ісіне араласқан Елеу Көшербайұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің салтанатты ашылуына Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.

«Елеу Көшербайұлы партия бюросында сынала жүріп Қорқыт ата кесенесін тұрғызған. Сонымен бірге, халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының рухын асқақтатып, ескерткіш орнатты. Шығыс жұлдызы Ғани Мұратбаев есімін жаңғырту мақсатында мұражайын салдырды. Жаңақазалыда 80 гектар жерді жасыл баққа айналдырып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арнап мемориал орнатты. Шығыс шайыры Фирдоусидің атақты «Шахнамесін» қазақ тілінде жырлатқан Тұрмағамбет ақын кесенесінің бой көтеруіне атсалысты. Міне, осындай ұлттық мүдде жолындағы ұлы істердің ұйытқысы болған Елеу Көшербаевтың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеп, оның есімін есте қалдыру мақсатында волейбол спортынан халықаралық турнир өткізу дәстүрге айналды»,-деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Еңбек және соғыс ардагері Яхия Тасыров сайысқа қатысушы спортшыларға ақ батасын берді.

Е.Көшербаев Тереңөзек, Сырдария аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, Қармақшы, Қазалы аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. Зейнетке шыққан соң да облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде көптеген игі істер атқарған.

Айта кетейік, Қазақстан волейболының тарихы Сыр өңірінен бастау алған. Волейболдан алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада, яғни облыс орталығының астана болған кезінде өткізілген. Қызылорда облысында Тұрғанбек Алтынбеков, Татьяна Қабылбековалар бүгінгі волейболдың негізін қалаған.

Қазіргі таңда аймақта осы спорт түрімен 28 мыңнан астам адам шұғылданса, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстағы 16 спорт мектепте осы спорт түрі бойынша 1517 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ, 2017 жылы кәсіпқой «Қайсар» волейбол клубы қайта құрылған.

Биыл облыстың жасөспірімдер құрама командалары волейболдан өткен Қазақстан Республикасының күзгі және қысқы чемпионаттарында екі мәрте жеңімпаз атанса, жазғы чемпионатта қола жүлде иеленді. Сонымен бірге, сырдариялық спортшылар осы жарыстың 12 дүркін жеңімпазы екенін ерекше атап өткен жөн.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан да облыс құрамасы жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Ағымдағы жылы Таиландтың астанасы Бангкок қаласында отырып ойнау волейболынан өткен Азия чемпионатында қызылордалық Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлде иеленді.

Турнирде 1-3-орынды иеленген командаларға кубок, диплом, медаль, ақшалай сыйлықтар берілсе, 5 номинация иегерлері (үздік ойыншы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік либеро, үздік төреші) естелік сыйлықтармен марапатталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ АРҚЫЛЫ 534 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.09.2019 12:25

Қызылорда қаласында қаржы пирамидасын құрып, 350-ге жуық азаматтың ақшасын заңсыз иемденген алаяқ құрықталды.

Қала тұрғыны А. есімді азаматша «Whats App» мессенджері арқылы «Айлуна Голд» деген атаумен бірнеше топ ашып, қысқа мерзімде аз ақша салып қомақты қаржы табуға болатыны туралы жалған жарнама таратады. Жарнамада бар-жоғы 5-8 күн аралығында салған ақшаларының үстінен 60% үстемақы алып отыратыны айтылған.

Нәтижесінде, 2 айдың ішінде оңай олжадан дәмелі 345 азамат 534 млн теңгеден астам қаржыны әлгі азаматшаның «Qiwi Кошелек» электрондық төлем жүйесіне және «Kaspi Gold» банкомат картасына аударып берген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен (қаржылық пирамида құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

Осындай жағдайларды ескере отырып Қызылорда облысының прокуратурасы оңай жолмен олжа табамын деп, алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға шақырады.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары