Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019

ИІРКӨЛ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.10.2019 09:50

Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округінде мешіт ашылды.

Мешіттің салтанатты ашылу рәсімінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы құттықтау сөз сөйледі.

Елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш-медресе» колледжінің директоры Абдіғаппар Сманов мешіттің ашылуына арнайы қатысып, ақсақалдармен бірге лентасын қиды.

Мешіт жамағаты мен ауылдастардың күш біріктіруімен «Алланың жердегі үйі» ойдағыдайаяқталып, жамағатқа есігін айқара ашып отыр. Ғибадат үйіне Оспан молда есімі берілді.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


КӨЛБАЙДЫҢ ИГІ БАСТАМАСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.09.2019 16:45

Кезінде тарлан спортшы атанып, кейін аудан көлеміндегі басшылық қызметтің талай баспалдағынан өткен Көлбай Данабайдың есімі Арал жұртшылығына жақсы мәлім. Қашанда бойынан ұлтық рухы жалындап тұратын Көлбай Соңғыбайұлы бұл жолы да игі ісімен ерекшеленді. Көлбайдың бастамасы әрі демеушілігімен №260 орта мектепте өткен «Ертегімен ертеңіме сенемін» атты әдеби-танымдық іс-шара өскелең ұрпақты халық даналығына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық сынды қасиеттерге баулуды көздеген болатын. Өзінің құттықтау сөзінде мектеп директоры А.Сауяев шараның маңыздылығы мен мақсатына тоқталып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Шараға 2-сынып оқушылары арасынан 11 талапкер қатысты. Жазғы демалыс кезінде оқыған халық ертегілерінің мазмұнын көпшілікке баяндаған «Ертегі сиқыры», «Өзім сүйіп оқитын ертегі» атты тақырыптық кезеңдер бойынша бақтарын сынады. Тағылымды шарада кішкентай сайысушылар ертегі кейіпкерлерін ата-аналарымен бірге сахналық көріністер арқылы сомдаса, кейбірі ертегі желісін бейнеролик арқылы жеткізді.

Жарыс нәтижесінде 2 «а» сынып оқушысы Айша Жалғасова жеңіске жетіп, бас жүлдеге тігілген «марқа қозыны» иемденді. Ерекше белсенділігімен көзге түскен 2 «ә» сыныбының оқушысы Нұрәли Ермекбай бағалы сыйлықпен марапатталса, өзге қатысушыларға  ынталандыру сыйлығы тапсырылды.

Шара соңында сайыстың ұйымдастырушысы әрі демеушісі Көлбай Данабай қатысушыларға ризашылығын білдіріп, аталмыш бастама алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Арал  қаласы

 


Облыстың бас агрономы Қармақшыда болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.09.2019 12:00

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болып, шаруашылықтарды аралап, орақ науқанының барысымен танысты.

Сапар барысында бірге болған болған аудан әкiмi Мұса Қалдарбековдиқандардың жұмысына оң бағасын берiп, егiн жинау науқанын белгiленген мерзiмде аяқтау үшiн жұмыс қарқынын төмендетпеуге кеңес бердi.

Биылғы жылы «Тұрмағамбет» ЖШС шаруашылығы  2700  гектарға , «Жаңажол» ЖШС 3050 гектарға, «Достық Жер» МК ЖШС 2392 гектарға егіс көлемін орналастырған.

Танап басындағылар осы күнi өнiмнiң көп бөлiгiн, 70 пайызға жуығын бастыруға кiрiстi. Ауа райы оң қабақ танытса, диқандар жауапты науқанды алдағы 10 күннiң iшiнде аяқтамақшы.

Биылғы жылдың жаңалығы 40 гектар жерге соя дақылы тәжірибе ретінде егілді.

«Тұрмағамбет» ЖШС Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сортының 2 тонна І-репродукциялы тұқымыналдырып, 20 гектар жерге облыстық Ы.Жахаев атындағы Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтымен бірлесіп өсіруде.

Сонымен бірге, «Жаңажол» ЖШС 20 гектар жерге егістік жерді суармай бұрын күріш егілген алқапқа ерте егу арқылы жоғары өнім жинау технологиясын қолданып, соя өсіруге тәжірибе жасауда. Әзірге 2 шаруашылықта да шығымы жақсы.

Келесі жылы шаруашылықтарда сояның  егіс көлемін 500 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Амангелдіұлы Дауылкөл ауылдық округіндегі сүт өңдеу цехының жұмыс барысымен танысты.

Ағымдағы жылы «Тұрмағамбет» ЖШС қолдауымен ашылған сүт өнімдерін шығарумен айналысатын цех жергілікті шаруалардан сүт алып оны қайта өңдеп, айраннан бастап қаймақ, сүзбе мен өзге де сүт өнімдерін шығарумен айналысады.

Жаңа өндіріспен шұғылдануды ниет еткен шаруа қожалық жетекшісі ауданды ғана емес, өңірімізді сапалы сүт өнімдерімен қамтуды көздеп отыр.

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
           

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары