Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Қыркүйек 2019

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 16:30

Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында

Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері мен кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшыларының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әділ Қошалақов жүргізіп отырды.

Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ержан Қарымсақов, департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаевтың

мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету және оны алудың мониторингіне тоқталып, хабарламасы тыңдалды.

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева баяндама жасады.

Сонымен бірге кездесуде «Президенттік жастар кадрлық резервін» қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың

1 қыркүйегінен бастап іріктеу жұмыстары басталғанын, жобаның мақсаты мен талаптары түсіндірілді.

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әділ Қошалақов кездесуді қорытындылап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 16:10

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов жастармен бейресми форматта кездесу­ өткізді. Айта кетейік, аға буын өкілдері бұған дейін де жастар ресурстық  орталығына келіп, өскелең  ұрпақпен  дидарласып  жүр.

Алдымен облыстық жастар сая­саты мәселелері басқармасының басшы­сы Қуаныш Жанұзақов кездесудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол жиналған жастарды барынш­а ашық және еркін ой-пікір алмасуға  шақырды.

Өз кезегінде Наурызбай Сейіт­қалиұлы бүгінгі заман және болашақ туралы ой қозғады. Әсіресе, күні-түні смартфонға телмірген жастарға алаңдай­тынын  жеткізді.

– Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Кітап оқитындар компьютерде отыра­тындарды  басқарып  өтеді» деген сөзі бар. Сондықтан кітаппен дос болған абзал. Қазіргі уақыт – білімді беретін емес, алатын сәт. Сондықтан ізденуден, білім алудан, кітап оқудан жа­лықпаған дұрыс. Бүгінде буын алмасу дәуірі жүріп жатыр. Біз елді болашаққа аманаттап бара жатырмыз. Болашақ – сіздердің қолдарыңызда, - деп айта келе:

– Ертеде бір хан үш адамды жеміс теруге жіберіпті. Әлгі үш кісінің екеуі тапсырылған ісін ала-құла істеп, шірік жемісті қабына сала берген, сала берген. Ал біреуі ең тазасын теріп алыпты. Хан оларды жинап, үшеуін зынданға апарап «терген жеміс­теріңді осы жерден шығам дегенше азық қылыңдар» деп қамаған екен. Соңынд­а шіріген жемісті әкелген екі адамның біреуі өліп, бірі айықпас дертк­е шалдығыпты. Тап-таза алма терген адам аман-есен екен. Достар, сол сияқты дәл қазір сіздер де жақсы дүниелерді бойға сіңіріп, саламатты өмір  сүріңіздер! Смартфонға  жұм­саған уақытты  білімге, ізденуге арнаңы­здар, - деді.

Одан әрі мәртебелі мейман қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелерге тоқ­талды. Әсіресе, NEEТ санатындағы жастармен жұмыс істеуді күшейту керект­ігін айтты. Сондай-ақ, ұйымдастырылып жүрген «бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесімен» қатар  «мықты  мамандар  жәрмеңке­сін»  өткізу  идеясын  ұсынды.

Сонымен қатар кездесуде жастар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жекеменшік колледжде оқитын студентті­ң бірі оқу ордасында спорттық­ алаңның жоқтығын және учаскелік полицейлердің аздығын жеткізді. Аталған мәселеге байла­нысты Наурызбай Сейітқалиұлы тиісті сала өкілдеріне көтерілген мәселені  назарға  алып, жұмыс  істеуге­ шақырды.

Айта кетейік, жастар саясаты мәселелері  басқармасының  басшысы­ Қуаныш Қуантқанұлы бейресми форматтағы кездесулердің алдағы уақытта тағы да ұйымдастырыла­тынын  хабарлады.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ТЕАТР МАУСЫМДЫ «АБАЙ» ТРАГЕДИЯСЫМЕН АШТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 16:00

Өткен аптада облыстық Нартай Бекежа­нов атындағы қазақ музыкалық драма театры жаңа маусымның шы­мылдығын салтанатты түрде ашты. 65-ші театр маусымында Ерсайын Төлеу­байдың «Абай» трагедиясы көрерме­н  назарына  ұсынылды.

Көріністе ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орын таппай, ауыр ой арқалап, іштей егілген кезі сурет­телді. Ақынның тағдыры тым ауыр жағдайларға толы болды. Араларына алты айдан салып, балалары көз жұмады. Мағауия қайтыс болғаннан кейін 40 күн өткенде өзі де өмірден озды. Осылай дүркі­реген әулеттің тас-талқаны шығады. Қойылымда «Соқ­тықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алыс­қан жанның» тереңдегі жұмбағы, Абай азабының айтылмай келген тылсым бейнесі көр­сетілді. Айта кетерлігі, Хұсейн Әмір-Темірдің режиссерлігімен, марқұм Серік Пірмахановтың декор­ациялық кес­кіндеуімен, Рүстем Ізтаевтың музыкалық көркемдеуімен қойылған бұл спектакль қазақ сахнасында 1940 жылдан бері қойылып келе  жатқан  жаттанды  үлгі­ден мүлде  бөлек.

Қойылымда Абай рөлін театр артисі, Қазақстан Жастар­ Одағы  «Серпер» сыйлығының  лауреаты  Бақытбек Темірбеков сомдады. Және «Абай» трагедиясын сахналауға театр ұжымы толық құрамда  шықты.

- Менің сіздерге айтар жағым­ды жаңалығым бар. 20-25 қыркүйек аралығында Семей қаласында Қазақстанның Халық артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың иегері, көрнек­ті театр және кино актрисасы Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестиваліне осы қойылыммен қатысамыз. Сіздер бізге сәттілік тілейді деп ойлаймын. Алдағы уақытта көп­теген қойылымдар қоятын боламыз. Міне, бүгін бізді тамашаладыңыздар. Ал, біз сіздерді үнемі көргіміз келеді, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Хұсейн  Әмір-Темір.

Жалпы, театр ұжымы өткен маусымда үлкен жетістіктерге қол жет­кізді. Атап айтқанда, 4 жаңа қойылымды сахнаға шығарды және театр репертуарындағы спектакльдерді жоғары­ деңгейде көрерменге ұсынды. Театр жастары еліміздің тұңғыш прези­дентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «2019 жыл – Жастар жылы» аясында Еуропадағы ірі оқу орындарының бірі Ресей­ мемлекеттік театр өнері институты (GITIS) жоғары оқу орнына шығар­машылық білімін жетілдіру мақсатында барып қайтты. Еліміз Тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосыл­ғалы бері Қазақстаннан, соның ішінде Қызылорда театрынан тұңғыш рет көршілес Ресей мемлекеттік театр­ өнері институтына жас мамандардың баруы жалпы қазақ өнері үшін үлкен мәртебе болды. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері күндері аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облы­стық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен театр ұжымы Өзбек ұлттық академиялық драма театрының сахнасында Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» тарихи драмасын ұсынып, қазақ өнерін бауырлас аға­йындарға паш етті. Талдықорған қаласында өткен Орта Азия халықтары театрларының халықаралық фестиваліне Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасымен қатысып, жалпы Орта Азия театрларының тарихында тұңғыш рет үш бірдей номинацияға қол жеткізген бірден-бір театр атанып, фестивальге қатысқан өзбек, қырғыз, тәжік, түрік, башқұрт аға­йындарының алдында қазақ театрының  мәртебесі көтерілді.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 15:50

Бүгін Қызылордада «Достық үйінде» облыстық ассамблеяның ХХІІ сессиясы өтті. Онда Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспары, сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылды.

Сәуір айында Тұңғыш Президент-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Татулық пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIІ сессиясы өткен еді.

«Сессия жұмысы барысында Елбасы «құбылмалы әлемде бір ғана мәңгі әрі кешенді құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім» екенін айтты. Сондай-ақ, Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтау үшін барлық тетіктердің қалыпты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қазіргі таңда Сыр өңірінде Елбасының тапсырмалары жүзеге асып, толымды істер атқарылып жатыр»,-деді аймақ басшысы сесияның ашылу салтанатында.

Естеріңізге салайық, «Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналып әзірленген кешенді жоспары» ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Үкімет мәжілісіне ұсынылып, жан-жақты талқыланып, бекітілді.

Кешенді жоспардың негізгі бағыттары өнеркәсіп, «Байқоңыр» кешенінде арнайы экономикалық аймақ құру, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экология, су шаруашылығының ахуалы, әлеуметтік сала мен Қызылорда қаласының бас жоспарын қамтиды.

«Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн 62 млрд теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Сонымен бірге, алдымызда Мемлекет басшысының айқындап берген ел қажетіне бағытталған, ел мүддесіне қызмет ететін 10 тармақтан тұратын межелі міндет бар»,-деп атап өтті облыс әкімі.

Экономикаға тартылған инвестиция, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі бойынша және ауыл шаруашылығында да өсім қамтамасыз етілді. Облыстың экономикалық дамуындағы өсімге қол жеткізу үшін аймақ экономикасын индустрияландыру арқылы әртараптандыру стратегиясы жүзеге асырылуда.

Осы ретте "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жалпы құны 12,6 млрд. теңге болатын 124 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Сыр өңірінде 2018 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы жарияланды. Осылайша, шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынды.

Тек, соңғы алты жылда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2,5 есеге артып отыр. Осы уақыт аралығында Қызылорда қаласының өзінде жаңа 10 мөлтек аудан, 5 тұрғын үй кешені, 361 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық адам баспаналы болды.

Оның ішінде, «Баламекен» жобасы шеңберінде «Болат Өтемұратов Қоры» есебінен ағымдағы жылы 100 үй пайдалануға берілді. Бұл жұмыстарға қор есебінен 450 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Сырдарияның сол жағалауында сәулеті мен дәулеті келіскен жаңа қала бой түзеп келеді.

Қазақстан халқы ассамблеясы бүгін де Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің ұйытқысына айналды. Ассамблея құрылған күнінен бастап 24 жылдан астам уақыт бойы тарих, мәдениет және тіл ортақтығын дамытуда қызмет етіп келеді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен әртүрлі форматтағы 96 іс-шара өткізілген. Мәселен, ассамблеяның бастамасымен өңірде "Қазақтану" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы ұйымдастырылды. Айта кету керек, бұл жоба Қызылорда облысынан бастау алды.
Сондай-ақ, ассамблеясының қолдауымен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Халықтар достығы" ұлттық мәдени фестивалі өтті.

Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығы өз қызметін бірнеше бағытта жүзеге асыруда. Атап айтқанда, облыстық этномәдени және аудандық этно бірлестіктер, қоғамдық келісім және аналар кеңестері, жастар қанаты және ассамблея жанындағы депутаттық топ, "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы және ғылыми-сараптамалық топ, қайырымдылық, медиация.
Қызылорда облысында XXI сессияда берілген тапсырмаларға сәйкес аудан орталықтарында меценаттарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері меценаттардың қолдауымен 798 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, 24 794 адамға 270 млн.809 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Өңірде облыстық, 2 қалалық, 7 аудандық және 155 кенттік және ауылдық қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Олар ассамблея отырыстарында жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді қарастыра отырып, қоғамдық бақылау қызметтерін орындайды.

«Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі этномәдени бірлестіктерге ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетіп, тұрақты қолдау көрсетуі қажет. Өз тарапынан облыс әкімдігі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, Достық үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар мен жобаларды өткізуге қаржы бөлуге тиісті қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтойға орай аймақтың басты сыйлығы игі істеріміз бен жетістіктеріміз болуы керек»,-деді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.

Сессия барысында облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Теңелұлын 70 жас мерейтойына орай аймақ басшысы құттықтап, «Құрмет грамотасын» табыстады. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің және облыстық ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық ассамблеяның ХХІІ сессиясының қорытындысымен облыс әкімі өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе отырып Қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасын әрі қарай жалғастыруды, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері этнобағыттағы қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық келісім кеңестерін қолдау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыруды тапсырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордалық Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы «Qobyz» сауда белгісімен өнімдер шығармақ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 13:40

Бұл туралы өңірдегі Жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығының төрағасы Ділмұхамед Абызов айтты.

Бұға дейін Кәсіпкерлер палатасының алаңында тігін цехтарының иелері мен қолөнершілер, дизайнерлер жиналып, өңірлік Жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығын құрған болатын. Аталмыш ұйым бірлесе отырып жергілікті мектеп оқушыларына арнап мектеп формасын тікті.

«Бүгінде жергілікті нарықтың 80 пайызын импорт тауарлар қамтып отыр. Киім-кешектердің басым бөлігі Түркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстаннан тасымалданады. Отандық жеңіл өнеркәсіптің қадамына кедергі болып тұрған да осы шетелдік тауарларға тәуелділік. Сондықтан жергілікті жеңіл өнеркәсіптің әлеуетін арттыру керек», - дейді Ділмұхамед Мнуарбекұлы.

«Халық тұтынатын тауарлардан кейінгі екінші орында тұрған сала – жеңіл өнеркәсіп. Бұл сектордың әр мемлекет үшін маңыздылығы зор деп ойлаймын. Рас, бұл саладан көп салық түсе қоймауы мүмкін. Алайда саланың артықшылығы –  көп жұмыс қолын талап етуі. Ал бұл дегеніміз – өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашудың таптырмас жолы. Бұл – жұмыссыздықпен күресетін жақсы құралдардың бірі», - дейді кәсіпкер.

Бұған дейін «Dalatex» компаниясын құрған кәсіпкер Ділмұхамед Абызов ең алдымен ашық бәсекелестікте және нарықта жұмыс істеуді мақсат тұтқанын айтады. Кәсіпкер құрылғанына 3 жыл болған «Dalatex»-ті Қытай, Түркия, Өзбекстан тауарөндірушілерімен «ашық шайқаста» жүрген кәсіпорын деп санайды.

«Себебі  базарда жүрген әр кәсіпкермен байланыс орнатып, шетелдік тауарөндірушілердің тауарының деңгейінен кем болмайтындай өнім ұсыну қажет болды, ұсынып та келеді», - дейді «Dalatex»-тің негізін қалаушы.

Ал «Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп формалары» жобасының өмірге келуіне аталмыш саланың жергілікті тауарөндірушілермен игерілмеуі себеп болған.

«Өңірімізде бастауышта елу-алпыс мың бала оқиды. Бұл оқушыларға оқу формасын алу ең төменгі есеппен есептегеннің өзінде жобамен 500 млн теңгені құрайды. Осыншама қаржы сыртқа, нақтырақ айтқанда Өзбекстан мен Қырғызстанға және өзге де елдерге кетіп жатыр. Біз осы өңірде тұрғандықтан аталмыш қаржының ең болмағанда 30 пайызы өз облысымызда қалса, экономикамызға пайдасы тисе, әлеуметтік жағдайды жақсартуға жұмыс жасаса деген мақсатты алдымызға қойдық», -  дейді облыстағы Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы Ділмұхамед Абызов.

Қызылорда облысы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының халықтық Қауымдастығы биылғы жылы қолға алған «Бастауыш сыныптарға арналған бірыңғай мектеп формасы» әлеуметтік жобасына қаладан әзірге 33 мектеп қатысты. Алғашқы пилоттық жылда мектеп формасы 1-сынып оқушыларына арналып тігілді. Қауымдастықтың аясында жобаға «Dalatex»-тен өзге 20-ға жуық тігін шеберханасы қатысып, 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

«Жобаны бірінші рет жүзеге асырғандықтан жеткізуде, тапсырысты дер кезінде орындауда кемшіліктеріміз де болды. Дегенмен алған міндеттемемізді толықтай орындап шықтық. Жобаның ең үлкен жетістігі – шағын 20-ға жуық тігін шеберханасын тапсырыспен қамтамасыз ете алғанымыз. Келесі бір артықшылығы – жобаның әлеуметтік жоба болғандығында. Яғни тігілетін киімді 10-12 мың теңгеден асырған жоқпыз», - дейді Ділмұхамед Абызов.

Жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығы алғашқы өнімдерін «Qobyz» сауда белгісімен шығара бастады. Қауымдастық бұл жобамен тоқтап қалмай, ары қарай жалғастыруды көздеп отыр. Ол үшін өнімдерді «Qobyz» сауда белгісімен көрші өңірлерге, тіпті өзге елдерге де шығаруды жоспарлауда.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫЛЫҚ «ТАКСИ» ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.09.2019 11:00

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиал директоры Ермек Аймаханов айтты.

Естеріңізде болса, осы жылдың шілде айында Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кәсіпкерлерге салық, кеден заңдылықтарын түсіндіру бойынша кездесуде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов бұдан былай аптаның әр бейсенбісі, сағат 15.00-18.00 аралығында аудандық және қалалық Кірістер басқармасының басшылары мен облыстық Кірістер департаментінің басшысы кәсікерлерді жеке мәселелерімен қабылдайтындығын жеткізген болатын.

Осы тапсырмадан кейін қала, аудандық салық басқармасының басшылары Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал алаңында апта сайын кездесулер өткізуде.

Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында өткен кездесуде бір топ такси қызметін көрсетуші дара кәсіпкерлер аудандық кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаровтан тіркелмей, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын азаматтардың қызметіне тосқауыл қоюын сұрады.

«Бүгінде ауданымызда тіркелмей, «такси» қызметімен айналысатын көлік иелері санының күн санап артуы түйткілді мәселеге айналып отыр. Біз тіркеліп, уақытылы салығымызды төлеп, қызмет етіп отырмыз. Алайда заңсыз жұмыс істейтін, тіркелмеген таксистердің арқасында біз нәпақамыздан айырылып отырмыз», - дейді «такси» қызметін ұсынушы кәсіпкерлердің бірі.

Жеке кәсіпкерлердің өтінішінен кейін аудандық кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров аз уақытта аудан әкімдігімен бірге тиісті шара қабылдауының нәтижесінде халық көп шоғырланған жерлерде такси тұрақтары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

Өз кезегінде кәсіпкерлер мәселелерінің шешілуіне жағдай жасаған Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына да, аудандық кірістер басқармасының басшылығына да алғысын білдірді.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 17:40

Нәметша Сержан Қасқырұлы Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

С.Нәметша 1952 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты мен Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген.

Әр жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінде нұсқаушы, облыс әкімінің көмекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2006-2015 жылдары облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы,  жұмылдыру дайындығы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларын басқарған,  2015 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» акционерлік қоғамында ішкі аудит қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 17:15

Тарбақов Хамит Мұратұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.

Х.Тарбақов 1967 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын облыстық азық-түлік бірлестігінде қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.

1994-1995 жылдары – Қызылорда табиғат қорғау прокурорының көмекшісі, тергеуші, аға көмекшісі.

1995-2002 жылдары – Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры.

2002-2012 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда табиғат қорғау прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы.

2012-2017 жылдары – Қызылорда облысы прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат ретінде қызмет атқарып келді.

 


ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ЖҮРУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 16:50

Қызылорда облысы әкімдігінің аппараттық мәжілісінде жылу маусымына дайындық жұмыстары жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин хабарлама жасады.

Қызылорда облысы бойынша 507 білім беру, 411 мәдениет, 267 денсаулық сақтау нысандарының барлығына (100%) және 640 қазандықтың 630-ына (98%) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік нысандарға жылдық жоспар бойынша 37,3 мың тонна көмір, 22 мың тонна дизель отыны қажет. Қажетті отын көлемін жеткізуші мекемелермен келісімшарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілуде.

«Қызылорда қаласы және аудан әкімдері тұрғындарға қажетті отын қорын қамтамасыз ету мақсатында өңір кәсіпкерлерімен көмір бағасын өсірмеу мақсатында меморандумдар жасалды. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде және облыстық штабтың тұрақты бақылауында»,-деді М.Усаин.

Сонымен қатар, «Еуропалық қайта құру және даму банкі» арқылы Қызылорда қаласының және Шиелі ауданының тозығы жеткен электрмен қамту жүйелерін жаңғыртуда. Осы орайда, жалпы ұзындығы 324 км құрайтын 10/0,4 кВ әуе желісінің 107,5 км және 53 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылардың 27 данасы қайта жаңғыртудан өтті.

Облыс орталығын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін  «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорыны бойынша №6, 9 қазандыққа, 5 дана қуатты трансформаторларға, 17 дана автономды-блокты модульдік қазандықтарға және 9 шақырым кварталішілік жылу желілеріне жоспарланған жұмыстардың 99 % орындалған.

«Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ бойынша осы жылы 1085 км электр желілері, 86 дана әртүрлі кернеулі қосалқы стансаларға күрделі жөндеу, 785 км электр желісіне, 104 дана әртүрлі кернеулі қосалқы стансаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге жұмыстардың 95% аяқталды.

Аймақ басшысы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына қатысты  нақты талап қойып, жеке қадағалауында болатынын ескертті.

«Әсіресе, әлеуметтік нысандарға жылу үздіксіз берілуі тиіс. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге қажетті көмір қоры кешіктірілмей жеткізілуі керек»-деді Қ.Ысқақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ДИҚАНДАР КҮРІШТІ 5 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ОРЫП БОЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.09.2019 16:45

Ағымдағы жылы Қызылорда облысы бойынша 183,1 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде күріш егісінің көлемі 87,9 мың гектарды құрады. Егіс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артып отыр.

Облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде егін жинау жұмысының барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков  баяндады.

Ағымдағы жылы барлық егілген дәнді дақылдар 97,5 мың гектарды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 мың гектарға артты. Әртараптандыру бағыты бойынша күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 2,4 мың га, мал азықтық дақылдар 3,4 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 639 га ұлғайтылды.

«Бүгінгі күнге облыс бойынша күріштен басқа барлық дәнді дақылдар мен мақсары толық жиналды. Күздік және жаздық бидай, арпа дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, дәндік жүгерінің 55,9%, ,картоп дақылының 48%, көкөністің 68%, бақшаның 67% жиналды. Орта өнім картоптың әр гектарынан 119 цн, көкөністен 171,9 цн, бақшадан 212 цн, мақсарыдан 9,1 цн өнім алынуда»,-деді Қ.Мүбараков.

Сонымен қатар, қысқа қажетті мал азығы дайындалды. Облыс бойынша барлығы 577,3 мың тонна дайындалды. Оның ішінде 192,4 мың тонна - жоңышқа шөбі және 384,9 тың тонна - табиғи шөп.

Күріш жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімінде аяқтау үшін қолда бар барлық мүмкіндіктер жұмылдырылған. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 16 мың тонна мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Тамыз айына бөлінген 4,6 мың тонна дизель отынының 3 705 тоннасы облысқа жеткізілді.

«Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуынан егін егу мен күтіп-баптау жұмыстары мерзімінде атқарылды. Егін жинау жұмыстарына қажетті техникалары да жеткілікті. Жалпы, күріш жинау жұмыстарын ауа райы қолайлы болса, 5 қазаннан кешіктірмей аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті Қ.Мүбәраков.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары