Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Қыркүйек 2019

ҚЫЗЫЛОРДА – «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
26.09.2019 10:25

Цифрландыруға күш салу жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы­ қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Дәл мұндай сандық революция біздің көз алдымызда өтуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында еліміз экономиканы цифрландыру бағытын таңдады. ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018-2022 жылдары бағдарламаны іске асыруға мемлекеттен 141 048 387 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған. Оның ішінде 2018 жылға 21 544 099 мың теңге, 2019 жылға 33 153 045 мың теңге, 2020 жылға  59 865 614 мың теңге, 2021 жылға 26 485 629 мың теңге және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерінен қаражат жұмсалатын болады.

 

ПИЛОТТЫҚ   АЙМАҚТЫҢ АЯҚАЛЫСЫ

Ел  президенті  Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық  диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына арнаған­ алғашқы Жолдауында да цифр­лық экономиканы дамыту туралы мәселеден алшақтаған жоқ. «Біздің міндеті­міз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бо­йынша өңірдегі көшбасшылықты нығай­ту. Үкімет заңнаманы 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет. Қазақстан технологиялық серік­тестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтер­дің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс» деді. Осы ретте Қызылорда облысы да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберіндегі жұмыс­тарды қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, «Ақылды қаланың» кейбір компоненттері, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтан­дырылуы, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды мектепке және мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, дәрігер қабылдауына жазылу, ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз сату секілді қызметтері тұрғындар игілігіне берілді.

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 ақпандағы №827 қаулысымен бекі­тілген) және «Smart city» тұжырымдамасы аясында 2018  жылы  Қызылорда облы­сы  «Ақылды  басқару»  бағыты бойынша  пилоттық ай­мақ  болып  таңдалды.

2018 жылы төмендегі салалар  бойынша 3,5 млрд теңгеге 29 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында білім беру саласына қатысты 7 жоба бар. Олар: «Электронды күн­делік»; «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған онлайн-сабақтар; Робототехника зерт­ханасы; Оқушылар са­ра­йына арналған «3D зертхана»; «IT iMAQORDA» ресурстық-әдістемелік орталығы; қала мен аудандарды 100% ком­пьютерлік техникамен жабдықтау.

 

САНДЫҚ   ЖҮЙЕ  ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН  АРЫЛТАДЫ

Ал денсаулық сақтау саласы GPS – санитарлық авто­көліктің мониторингі, «Патронажды медбике» және «Ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшалары, телемедицина, медициналық ақпараттық жүйелер, электронды жазба және электронды кезек секілді 5 жобаны енгізді. Бұл ретте осы күні тұрғындар қолданып жүрген «Damu Med» мобильді қосымшасын айта кеткен жөн. Бағдарламаның тиімділігі сол, үйде отырып дәрігерге кезекке тұрасыз. Учаскелік дәрігеріңізден бастап, барлық тиіс­ті мамандардың еңбек ету реттілігі мен қабылдау уақы­тын да осы бағдарламадан көре аласыз. Бұл бағдарламаның тиімділігін бүгінде Қызылорда халқы да сезініп келеді. Осы «Damu Med» мобильд­і қосымшасын қолдану арқылы­ дәрігерге тіркелу уақытын анықтап отыра­ды. Бұл жаңалық – сандық тех­нологияға көшкенімізді білдірсе, екіншіден, «қағаз қолданбайтын аурухана» мәртебесіне бір қадам жасағанымыздың белгісі. Сондай-ақ, дәрігерге көрінер алдында томпиған денсаулық кітап­шаңызды «арқалап» қажеті жоқ. Тек жеке куәлігіңізді берсеңіз, жеткілікті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде­ немесе ерікті медициналық сақтан­дыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Елбасы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға»  көшу арқылы  медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиім­ділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеу­дің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек» деген болатын. Сонымен­, «Damu med» мобильді қосым­шасында:

- ұйым туралы ақпарат;

- ұйымның жұмыс кестесі;

- дәрігердің жұмыс кестесі;

- жолдамалар тізбесі;

- рецепттер;

- еңбекке жарамсыздық парағы;

- зертхана нәтижелері;

- дәрігер қабылдауына жазылу;

- мобильді сауалнама;

- смс хабарландыру

- үйге шақыру секілді қызметтер қосылған. Тиімділігі мен ыңғайлылығы сол, электронды денсаулық кітапшасы дәрігердің көз алдында тұрады.

Жалпы, денсаулық саласын цифрландыру – қолжетімділікті арттыру, қағазбастылықтан  арылу.

 

БІР   ЖҮЙЕ,  БІРЫҢҒАЙ   ТІЗІЛІМ

Жаңа технологиялық игілік қауіпсіз­дік саласындағы 3 жобаның сандық режим­ге өтуіне себеп болды. Олар –  Е-қылмыстық іс, Әкімшілік өндіріс­тер­дің бірыңғай тізілімі және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі.

«Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жүйесінің артықшылығы – әкімшілік өндірістің 30 минуттан 5 минутқа дейін қысқартылуы. Енді азаматтар үшін түбіртекті мемлекеттік органға алып бару қажет емес, себебі, мәлімет автоматты түрде дерекқорға енгізіледі. Құқықбұзушы туралы жеке деректерді алу үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет, содан кейін барлық мәліметті жүйе өзі ұсынады. Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  жүзеге  асырылуда.

«112» бірыңғай диспетчерлік қызметі» өрт сөндіру – 101, полиция – 102, жедел жәрдем – 103, газ қызметі – 104 және төтенше жағдайлардағы қызметтердің барлық нөмірлерін бір жүйеге біріктіреді. Қызмет қалай жүзеге асады? Төтенше жағдай орын алған уақытта қоңыраулар бірыңғай диспетчерлік қызметінің кезекшілеріне түседі. Түрлі жағдайларға алдын ала дайындалған мамандар қандай әрекет жасау керек­тігін  егжей-тегжейлі түсіндіреді. Бірың­ғай  орталықта  қоңыраулар  нақты­ өз сала­сына  бағытталады. Хабардың­ әртүр­лілігіне қарамастан қажетті құт­қару қызметтерін атқарады. «112» бірың­ғай кезекші-диспетчерлік қызметін  енгізу­дің тиімді тұстары:

- тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру;

- қоңырауларды қабылдау мен сұрыптауларды 32 пайызға қысқарту;

- төтенше жағдайлардың алдын алуда­  уақытты  үнемдеу;

- қызмет түрін бөлу мен оңтайландыруды ұйымдастыру;

- жалған хабарламалардың санын   45  пайызға  азайту;

- азаматтардың қызмет жүйесіне деген­ сенімділігін арттырып, сапалы қызмет  көрсету;

- көрсетілетін қызмет түрлеріне бақыла­уды  күшейту.

 

ТКШ   ЦИФРЛАНДЫРУДАҒЫ    ҮШ   МАҚСАТ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы «Қауіпсіз үй» және «Коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжаты» атты 2 жоба цифрландырылды. Қазіргі күні «Ипподром» шағын ауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үй пилоттық режимде қосылды. Бұл базалық қондырғы:

- «E-Shanyraq» бірыңғай интеллектуалдық жүйесіне деректер енгізу;

- жалпыүйлік импульстік есептеу;

- ұсынылатын қызметтердің ашықтығы;

- онлайн мониторинг жасау;

- тұтынуды үнемдеу;

- жылу энергиясын 35-40 пайыз үнемдеу;

- көрсеткіштерді автоматты түрде жинау;

- энергия ресурстарының шығынын автоматты түрде онлайн бақылау және есепке алу секілді қызметтерді ұсынады­. Қолайлылығы сол, табиғи монополия субъектілеріне қатысты бастапқы және жедел ақпарат беріледі. Қашықтықтан басқарылатын есептеуіш құралдары орнатыл­ып, бір орталықтан басқару жүйесіне  енгізілді.

Жалпы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландырудағы үш мақсат – ашықтық, тиімділік, үнемділік.

 

САНДЫҚ   ЖҮЙЕ    АГРОСАЛАҒА   ДА   ЖЕТТІ

Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар жоба сандық бағытқа ауысуда. Бұл ретте облыс аумағындағы цифрландырылған жайылымдық жер көлемі 855,7 мың гектарға жетті. «Нақты егіншілікке» арналған «Akmaya smart farm» цифрлық платформасы іске асырылуда. 800 гектар егіс алқабына цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, алқаптың электрондық картасы және топырақтың агрохи­миялық картограммалары әзір­ленді. Автономдық метеостанциялар деректердің толық спектрін жазып, жүйенің орталық серверіне жібереді. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Ж.Махамбетов  ауылында «Қазагромир»   ЖШС-нiң  жоғары  технологиялы­ заманау­и  автоматтандырылған  жылыжай  құрылысы­  аяқталуда.  Оның   көлемі – 2,2 га, жылдық қуаттылығы – 900 тонна, өнімі – қызанақ. Дәл егін­шілік элементтерін енгізу кезінде Ж.Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, Шиелі ауданында «Ақмая» шаруа қожалығында оң нәтижелер алу күтілуде. Бүгінгі таңда жобаларды  тиімді іске асыру мәселелері  әзірленуде.

Одан өзге қалалық басқару саласында 6 жоба бар. Бірыңғай ситуациялық-талдау орталығы, Қызылорда қала­сында IT паркі, Қызылорда қаласында «Мобильдік кітапхана», Қызылорда облысы­ның тарихи-мәдени мұра нысан­дарының 3D форматында интерактивті картасы, Қызылорда облы­сының 150 тарих және мәдениет ес­керткіштеріне QR-кодтар орнату, Қызылорда облысының құрылыс саласын­дағы бақылау, мониторинг және кеңес берудің электрондық платфор­масы. Бизнес саласындағы «геоақпараттық сервис», «КASIPKER-ONLINE» зияткерлік онлайн бизнес-ассистенті, «Жер қызметтерін көрсету бойынша автоматтандырылған сервис» атты 3 жоба цифрландыру бағытында тұр.

 

БОЛАШАҒЫ   БАР   52   ЖОБА

Қызылорда облысы әкімдігі ресми интернет-ресурсы парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, аймақтағы инфра­құрылымды дамыту мақсатында облыстың 77 мемлекеттік органы мем­ле­кеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) механизмі аясында «Талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу» жобасы іске асырылды. Жоба есебінен телекоммуникация қызмет­теріне сұранысты қанағаттандыруға және облыстық және аудандық орталықтардың мемлекеттік органдарының жоғары жылдамдықты және қорғалған интернет қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ауыспалы және іске асырылып жатқан жобалар бойынша 2019 жылға 52 жоба жоспарланып отыр, оның 13-і ІТ-парк­тің  іс-шаралары аясында іске асырылады. Алдын ала қаржы көздерінен бюджетт­ік инвестициялар бойынша – 24 жоба, МЖӘ механизмі – 9 жоба, жеке инвестордың қаражаты есебінен – 5 жоба қаржылық шығынсыз – 1 жоба және көлік саласы бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айт­қанда, қоғамдық  көліктің  тартымдылығын арттыру, төлемді қабылдау процесі­н сәйкестендіру, жолаушылар ағынын диспетчерлендіру және мони­тор­ингілеу мақсатында МЖӘ аясында мемлекеттің қатысуынсыз «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электро­нды билеттеу жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылады деп күтілуде. Жобадан күтілетін нәтиже – көлік ұйымдарының жыл сайынғы табысын арттыру.

Алдағы уақытта әртүрлі салаларда жұмысқа персонал алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жобаны жүзеге асыру жоспарл­анып отыр. Қалалық қызметтердің интерактивтілігін, өнімділігін және сапасын көтеру, шығындарды азайту, ресурстарды тұтыну және әкімдік пен тұрғындар арасында бай­ланысты  жақсарту мақсатында «Smart Кызылор­да» жобасын жүзеге асыру жұмыстары  жүргізілуде.

 

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


СЫР ЕЛІНДЕ АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТІ САҚТАЛҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.09.2019 10:15

Уақыт өткен сайын көнеріп, ескіріп, жарамсыз жағдайға жетіп, аяқасты болып қалатын, соңынд­а қоқыс жәшігінен орын табатын заттар бар. Тиісінше, белгілі бір дәрежедегі уақыт құн­дылығын теңдесіз етіп жіберетін зат та арамыздан табылады. Қызылорда облыстық тарихи-өлке­тану музейіне қарасты С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы – шығармашылық адамдар­ына ғана емес, өнерді түсінетін жұрт­шылық  үшін де өте жайлы жер. Олай деуге себеп көп. Бұған  газеттің  алдағы сандарында мысалды мыңдап  келтіретін  боламыз.

Осыдан екі ай бұрын «Симпозиумда қандай суретт­ер  салынды?» атты мақаламызда оқыр­мандарға газет бетінен «Қылқалам құдіретімен қауышсақ...» деген айдар ашып, галерея қорындағы картиналарға және оның тарихына орын беретіні­мізді хабарлаған едік. Газеттің бүгінгі санын­да осы айдардың алғашқы саны жарыққа шыққалы отыр. Сіздердің назарларыңызға ұсынылғ­ан картина тым ерекше. Біз жоғарыда айтқан­дай, оның құндылығы мен маңыздылығын оқырмандар  сезеді  деген ойдамыз.


Авторы  белгісіз,

«Абай  Құнанбаев»

1962 ж.к., м.б. 60х80

 

 

Сіз галереяның архивінде ұлы Абайдың сурет­і сақталғанын білесіз бе? Иә, кәдімгі Абайдың­! Тегінд­е «ұлысы» бар қазақтар өте көп, ал есімінде­ бары Абай Құнанбайұлы ғана. Сондықтан, «ұлы Абай» дегеннен-ақ түсінікті шығар. Және біз тұлғаны оқырманға таныстырудың қажеті жоқ шығар деп таптық. Ақынды айдардың алғашқы «қонағы» етуіміздің де салмағын өзімізше бағамдап­  отырмыз.

- Заманының көрнекті тұлғасы, философ, ақын Абай Құнанбаев атамыздың портреттік бейнесі кенеп, майлы бояумен орындалған. Бұл – галереяның  қорында сақталған ерекше туындылардың  бірі. Суретші шығарманы сары, қоңыр, күлгін түс­тердің араласуы арқылы сол өткен заманның тыныс­-тіршілігіндегі үздік тұлға екенін берген, - дейді галерея меңгерушісі Перизат Ашанова.

Алайда теңдесіз туындының авторы белгісіз көрінеді. Картинада ақынның жасы ұлғайған шағынд­ағы бейнесі бейнеленген. Сыры мол сурет­ өнерінің Сырдағы туған немесе осында сақталған­ туындыларына әлі де кезек беретін боламыз.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


Үш түрлі ит (Мұндай да болады екен-ау) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.09.2019 10:05

Күшігімнің аты Кредит,

Соңымнан қалмай жүреді ит...

Тыным бермей түн бойы,

Түсіме жиі кіреді ит...

 

Берген кезде егесі,

Деп еді «не вредить»!

Мені мазақ қылғандай,

Қыңсылап кейде күледі ит...

Екенімді көңілшек,

Көзіме қарап біледі ит...

Кей кезде көзі қызарып,

Өзіме қарап үреді ит...

Күшігімнен қорқамын,

Айтыңдаршы, ағайын,

Қанша өмір сүреді ит?!.

 

Алаяқ деген төбетім,

Адамға емес көнетін.

Аралап жүріп әдейі,

Аңқауға болды төнетін.

 

Үндемей үнсіз ұлитын,

Бір қақбас бар ұры итім.

Сол сұғанақ сұмырай,

Қусам да емес құритын.

Қайтпек керек?

 

Қазыбек

 


 

Абай мен Алаш арасындағы әңгіме

 

Абай:

- Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

 

Алаш:

- Табиғатты қайтсін-ай,

Тұрғанда байлар дүрілдеп.

 

Абай:

- Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеде,

Кетігін тап та бар қалан!

 

Алаш:

- Бүгінде, ата, барша адам,

Бүтін емес, «жарты» адам.

Қалану үшін кірпіш боп,

Парадан құрғыр шаршаған...

 

Айқынқазы


 

Жемқор  мен  қарға

Қарғаның бір көзі оқта болса, бір көзі боқта болады. Ал, жемқордың бір ойы тұзақта болса, бір ойы ұзақ­та­  болады...

 

Қашқын

Бой тасалап борышкер,

Бел асып жүр сол «іскер»...

Анасы мен баласын,

Қынжылтады сол істер...

 

Мәні  мен  мәтіні  өзгерген  мәтел

Бұрынғысы:

Батаменен ЕР көгерер,

Жауынменен ЖЕР көгерер.

Бұл анық!

 

Бүгінгісі:

Коррупциямен ЕР көгерер,

Кредитпен ЕЛ көгерер.

Әй, қайдам-ау?!

Қ.Арғын


 

 

Жарыстың  түрлері

немесе  әлімсақтан  қалған  әдет

Табанының бүрі жоқ,

Жарыстардың түрі көп...

Жан салмай алға келемін,

Алғашқының бірі боп...

Сонымен...

Ат жарыс,

Атан жарыс...

Атақ жарыс,

Шатақ жарыс...

Асхана жарыс,

Баспана жарыс...

Бой жарыс,

Той жарыс...

Бөз жарыс,

Сөз жарыс...

Көлік жарыс,

Көрік жарыс...

Жарыстың аты – жарыс,

Болмайды қалыс.

Жол бермей «қожа, төреге»,

Бірінші тұрмын СӨРЕДЕ.

Жібермей алға басқаны,

Жетуім керек МӘРЕГЕ!

Әйтпесе...

 

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ

 


Кім екенімді енді білдім PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.09.2019 10:00

Таңертең қалта телефоным шыр етті. Таныс емес номер екен. Екінші қайтара ызыңдап қоймаған соң көтердім.

- Саламатсыз ба? Мен Нұрлыбек Хайроллаұлымен сөйлесіп тұрмын ба?

- Дәл өзі.

- Сізге банктен қоңырау шалып тұрмыз.

- Ойбай, мен ай сайын несиемді уақытында төлеп тұр­мын ғой.

- Қорықпаңыз, банк әкім­шілігі сізді «өте жақсы клиент» деп тапты. Сіз өте тамаша адамсыз.­

- Шын ба? - дедім.

- Әрине, тек сіз сияқты клиентт­ерге арналған арнайы жеңілдігіміз  бар.

- Қандай?

- Банктен несие алғыңыз келе ме?

- Жеңілдік болса ойла­найын.

- Қанша алғыңыз келеді? - деп, банк қызметкері қояр емес. Үйге жеңіл-желпі жөндеу жүргіземін деп жүр едім.

- Алты жүз алпыс мың теңге­ алсам, айына қанша төлеймін?

- Қазір бір минут  күте тұ­ры­ңыз, - деді. Жеңілдік  болса, ала салайын  деген  дәме  ғой.

- Банк қырық сегіз айға, яғни төрт жылға осы соманы бере алады. Айына отыз мың алты жүз теңге төлейсіз. Ұсыныс қабылдай берейін бе? Бізге төлқұжатыңыз жарайды.

- Қарындасым, тоқтай тұр. 48 айға 30600 теңгені кө­бейт­сем,­ 1 млн 468 мың 800 теңге шығады. Сонда сендерге 808 мың  800  теңге  үстеме төлейді екенмін. Бұл  тірілей  тонау  ғой.

- Иә,  иә  сіз  бухгалтерсіз бе? - деді әлгі қыз.

- Қарындас, кешіріңіз, мен сіздер ойлағандай керемет, жақсы клиент емес, нағыз ауыш «лох» клиент екенмін ғой, - деп, телефонды тастай салдым. Айғайла­п сөгіп тастауға сәл қалдым. Сабырлы мінезім сақтап қалды. Әйтпесе, шалған қоңырау жазылады.

Бірақ, несіне ашуланамын, мен сияқты «лохтар» көп қой...

 

Нұрлыбек   ЖҰБАТҚАН

 


Мақал – сөздің майонезі PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.09.2019 09:55

Байдың шарапаты тиер тар жерде,

МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде.

 

***

Мат болған кәрөлден,

Шах қойған пешкі артық.

***

Қатын түнде жаман емес,

Күндіз жаман.

***

Ашу – тапанша,

Ақыл – доллар.

***

Демеуші болмаған фирмадан,

Қаңырап тұрған ферма артық.

***

Ұл өсірме, қыз өсір,

Қалыңмалы оның көл-көсір.

***

Атасы бардың жорғасы бар,

Әжесі бардың дорбасы бар.

Ағасы бардың «Вольвасы» бар,

Тоқалы бардың сор басы бар.

***

Әйелімнің кеткеніне емес,

Құтылғаныма жылаймын.

***

Біреудің байы біреуге,

Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді.

Біреудің әйелі біреуге,

Мерседестей сылаңдайды.

***

Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді.

***

Бастық күлсе,

Орынбасары езу тартады.

***

Тоқал алсаң,

Бәйбішеңнің көзінен жас шығады.

***

Мастың тіліне полиция түсінеді.

***

Паханын көріп тиіп ал,

Маханын сразу тыйып ал.

***

Өз әйелің ұрыспаққа жақсы.

***

Бастық ашуланса,

Еден жуушының мұрны қанайды.

***

Екі бастықтың құйрығы,

Бір креслоға сыймайды.

***

Қатын байыса,

Байын ұрады.

***

Тіл – өсекші,

Көз – стукач.

***

Бастықтың «жаманы» жоқ,

Дегенмен, жел сөзден аманы­  жоқ.

***

Шенеунік атақ үшін туады,

Билік үшін өледі.

***

Үкіметке халықтан

Cалық қымбат.

***

Депутат дауыс жинарда шынығад­ы,

Мәжіліс отырысында тынығады.­

***

Әкімнің иілгені – тынғаны.

***

Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой,

Министрді «сата бер» деп малға қой,

Ал халықты қару беріп жауға қой!

***

Офисте оймен ою оймаса да,

Мәжілісте сөзбен сызу сызады­.

***

Үш рет депутат болсаң да,

Халықтың қарызынан құты­ла  алмайсың.

 

Ермахан   ШАЙХЫҰЛЫ

 


ҚАСИЕТ ҚОНЫП, ҚҰТ ДАРЫҒАН ҚАЗАЛЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
26.09.2019 09:30

«Халықтан асқан сыншы жоқ».  Ел арасында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевты «көпшіл әрі нақты істің адамы» деп атайтынын құлағымыздың шалғаны бар. Мағыналы бағалау. Аудан әкімі лауазымына тағайындалғанына екі жылға жетер-жетпес уақыт аралығында Мұрат Нәлхожаұлының Қазалы өңіріндегі шаруа жайын, халқының тыныс-тіршілігін жете меңгеріп алғаны жалған емес.  Күз айы – молшылық пен берекенің бастауы, сан салалы жұмыстың қызған шағы екені белгілі. Осынау табиғаттың жайма-шуақ шағында аудандағы атқарылған істер мен алдағы жоспарлар жайлы «Халық» газетінің Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаев жан-жақты тарқатады.

 

«ЖОЛДЫҢ   ЖАЙЫН  ЖҮРГЕН  БІЛЕДІ»

Ашығын айтайық, аудан көлеміндегі жолдар жайы, Әлсейіт көпірі құрылысы, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығын қосу – ел назарында тұрған нысан. Әрине, іс тетігі қазынадан қаралған қаржыға тірелетіні де мәлім. Ауданның қан тамы­ры бюджет екенін ескеріп, алдымен осы тақы­рыпқа тоқталсақ. Аудан бюджет­і жыл санап өсіп келеді­. 2018 жылдың бюджеті 18 млрд теңге болып бекі­тілсе, жыл ішінде 24 млрд теңгеге, 2019 жылы 18 млрд теңгеден 22 млрд теңгеге жетті. Басым бөлігі, нақтысы, 60 пайызы әлеуметтік сала­ға (білім, мәдениет, әлеу­меттік  саланың  жалақысы, оларды  ұстап  тұру, т.б) бағытталған.

- Қазалыдағы  жол  мәселесі – күн тәртібіндегі жайт­тың  бірі. Әсіресе, елді мекендер арасындағы жолдардың сапас­ы көңіл көншітпейді. Соған­ орай, шешім қабылданды. Былтыр құны 4,9 млрд теңгені  құрайтын 5 жоба жасал­ған еді. Биыл 1,6 млрд теңгеге 7 жоба іске қосылған. Оның қаражаты ауыспалы. Жұ­мы­сы өте ауқымды болған­дық­тан, келесі жылы да жалғасады. Басты мақсат – шал­ғай  ауылға дейін адамдардың аман-есен, қауіпсіз жетуін қамтамсаз ету. Америка Құрама Штатын дамытқан көлік қатынасы жолы екені тарихтан мәлім. Бұл – әлем­дік экономикадағы тәжірибе. Әлеуеті дамыған елдердің «байығың келсе, жол сал» деген­ ұстанымы да бекер болмас,­ - дейді аудан әкімі Мұрат  Ергешбаев.

«Көпір салған сауап ар­қалайды» деген бар. Аудан көлемінде Бекарыстан би-Әлсейт көпірі салынып жатқаны  баршаға  аян. Ағымдағы жылы нәтижесін береді деп күтіп отырғандар көп. Толық іске қосылғанда біраз түйт­кілдің шешімі табылатын болад­ы. Ондай жағдайда жол азабынан құтылып, кәсіп­керлік те қарқын алады. Әлсейттег­і көпір құрылысының іске қосылуын тұрғындар тағатсыздана тосуда. Бұған дейінгі қалқымалы көпір күзгі және көктемгі су тасқыны кезінде елеулі қиындық туындатып келді. Осы жерден Бекарыстан би, Майда­көл, Түктібаев ауыл­дарына қоса көршілес Арал ауданының де әлденеше елді мекендерінің тұрғындары қатынайды. Сонан-ақ көпір­дің маңызы зор екенін аңға­руға болады. Сең жүр­генде көпір жұмысы уақытша тоқтайты­ны ешкімге құпия емес. Мұндайда  жолаушылар аудан  орталығына  жету  үшін дария  бойын  жағалап, Басы­қар­амен айналып жүруге мәжбүр болатын. Енді бұл қиындықтан құтылатын күн де  жақын.

Қазалы қаласы мен кент аралығын қосу – маңызды мәселенің бірі. Қырымбек Елеуұлының бастамасымен қаржы қаралып, бастау алған игі істі облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы жалғас­тырып жатыр. Биылғы жыл­дың­ соңы, келесі жылдың басын­да ресми түрде қосы­лады деп күтілуде. Атқа­ры­луға тиісті жұмыс­тардың 90 пайызы  да­йын.  Толық­ іске асқанда қала мен кент ара­лығынан 1500 адамға дейін жер  телімін  беруге  мүмкін­дік туын­дайды. Ал бүгінде  6 мыңнан астам адам жер кезегін­де  тұр. Әр  отбасы жеке тұрғын  үйі  болғанын  қалайтыны  түсінікті  жайт.

«КІШІ   ТҮРКІСТАНДА»  КӘСІПКЕРЛІКТІҢ

КЕЛЕШЕГІ   КЕМЕЛ

Қазалыда сауда-саттықтың ежелден қарқынды дамығаны тарихтан да мәлім. Шөл даланың ыстық-суығына төзімтал түйелерге жүк­телген керуен шартарапқа ағылған дағды қазір де бәсеңдеген жоқ. Тек, замана ағы­мына бейімделіп, теміржол торабына қоса алып автокөліктерге ауысты. Дәл іргеден өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы кәсіпкерлік саласының алға басуына үлкен септігін тигізуде. Дерекке жүгінсек, қазалы­лық кәсіпкерлер бес бірдей теміржол тұйығын пайдаланып, жүзге тарта алып жүк көліктерімен өзге жерден зат әкеліп, өздері өндірген өнімдерін сыртқа тасымалдайды екен. Шал­ғайдағы аудан үшін үлкен жетіс­тік. Көршілес Арал, Қармақшы ауданы, Байқоңыр  қаласының  тұрғындары да Қазалының базарларынан азық-түлік, өзге де қажетті бұйымдарын  алады.

Аудан кәсіпкерлерінің базар, сауда орындарының ауқымын ұлғайтып, жаңадан салып жатқандарынан сұраныстың барын пайымдайсың. Қазалы өңірінде сауда-саттық мұнан екі ғасыр бұрын дамыған. Қалыптасқан дәс­түр жалғасын табуда. Қысы қытымыр, жазы аптап, көк­темі кеш келіп, күзі ерте түсе­тін аймақта кәсібін дөңгеле­тіп  отырған іскер жандар­ға  еріксіз  сүйсінесің. Ауданда­ғы Самұрат Имандосов, Қасқырбай Әлімбаев, Мінажадин Өтеев, Мерей Есхо­жаев басқа да кәсіпкерлер көпке үлгі болуда. Ауыл шаруаш­ы­лығын  өркендету ел  экономикасының  дамуына  қомақты үлесін қосары хақ. «Кіші Түркістанда» кіші кәсіпкер­ліктің  келешегі  кемел.­

Айта кетейік, Самұрат Имандосов басшылық жа­сайт­ын «РЗА» акционерлік қоғамының жетістігі мақтауға лайықты. Қуатты тех­никалық, өндірістік базасы, кәсіби шеберліктері жоғары мамандары, бай материалдық ресурстары бар акционерлік қоғамның өнімдері тұтынушы талғамынан табылып жүр. Көптеген адам жұмыс істейтін іргелі ұжым – бір­неше ауылдың басты инвесторы. Акционерлік қоғамда өндірілген өнімдерді облыс көлемінде, өзге өңірлерге шығару жолға қойылған.

 

АЙШЫҚТЫ  НЫСАНДАР  – АУДАН   АЖАРЫ

Ел арасын жиі аралаймыз. «Қазалының ажары көрікті. Алыс ауылдардың өзінде еңселі нысан, әсем тұрғын үйлер жиі кездеседі» дегенді естіп қаламыз. «Халық айтса, қалт айтпайтын» шығар. Елдің тұрмыс-тіршілігінің деңгейін салынған құрылысынан да байқайсың. Қазалы ауданында бұл бағытта ат­қарылған шаруалар баршылық. Әйтеке би кентінің аумағы ұлғайып, сәулеттене түскен, шет аймақтағы бөлік­тер іргелі көшелерге айнал­ған. Қала мен кент аралығында бой түзеген әлеуметтік нысан­дар, еңселі ғимараттар, тұрғын үйлерді көргенде кеудең­ді қуаныш кернейді. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Баршасы ел-халықтың жұдырықша жұмылған ауызбіршілігінің, мемлекеттен қаралған қаражаттың арқасы­. Кең көшелерді, сәулет­ті нысандар, әсем үйлерді көргенде өзіңді ірі қалада  жүргендей  сезінесің.

Осы ретте бір ғана Жан­қожа батыр ауылындағы спорт кешенін мысалға алайық­шы. Шалғай елді мекен­дегі спорт кешені алыс­т­ан көз тартады. Спорттың бірнеше түрі жұмыс істейтін, сапалы әрі көркем салынған нысан көпшілік жиі бас сұғатын орынға айналды. Жасыл желекпен көмкерілген мұн­дай  көрікті  спорт  кешені көп жерде  кездесе бермейді. Бұл – мемлекет қамқорлы­ғының  көріні­сі.

Алайда біз келтірген дерек­тер Қазалыда бәрі жіп­тіктей дегенді білдірмейді. Шешімін күткен шаруа да кездеседі. Биылғы жылға  11 нысанның құрылысын жүргізуге республикалық, облыс­тық, аудандық бюд­жеттен қаралған 3698,6 млн теңгеге тиісті құрылыс-монтаж  жұмыстары  атқарылуда. Олардың ішінде аудандық әкімшілік ғимараты, кент пен Қазалы қаласынан салына­тын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамта­масыз ету (электрмен қамту, газбен жабдықтау, жолдар салу), құрылысын жалғас­тыру, Қазалы қаласынан салын­атын тұрғын үйлерді газбен,  электрмен жабдықтау, жолдар салу, кенттегі 18 пәтерлік 6 жалдамалы көпқабатты тұрғын үй құрылысы, өзге де нысандар бар. Мұнан бірнеше жыл бұрын озық үлгідегі ауданаралық аурухана ғимараты пайдалануға берілсе, алдағы уақытта ауысымына 250 адамды қабылдауға арналған емхана салынады деп күтілуде. Әйтеке­ би кентінде мекемелер үйі жобасы іске асырылуда. Аталған ғимаратты салудағы мақсат – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін аудан әкімдігі мен дербес бөлімдерді бір жерде шоғыр­ландыру. Мұның өзіндік себебі де бар. Дербес бөлімдердің бірқатары кент әкімдігінде болса, кейбірі ескі аурухана ғимараты бөл­мелерін пайдаланып отыр. Әйтеке би кентінің түбегейлі жоспарлау жобасына сәйкес мекемелер үйі мектеп, аурухана, халыққа  қызмет көр­сету орталығы, сот, мәдениет­ үйі ғимараттарымен бір аумаққа орналастырылған. Бұлай жасау халыққа ыңғай­лы­  болмақшы. Қазіргі таңда аудан әкімдігі орна­ласқан  ғимарат  өткен  ғасырдың  1963 жылы бой көтерген.  Арада  өткен  уақыт ағымы ескі нысанға  өз  ізін салғаны  байқа­лып тұр.

 

АГРОСАЛАДА   ДА  ДАМУ   БАР

Қазалыны жайқалған егісі, қырқаны жапқан төрт түлігінсіз көзге елестете алмайсыз. Сөз жоқ, аудан – ауыл  шаруашылығына бейім­делген аймақ. Аталмыш сала да мемлекеттің қолдауымен жақсы дамып келе жатыр. Ағымдағы жылы 17 508 гектар жерге ауыл шаруашылығы  дақылдары егілді. Оның ішінде басты дақыл күріш 6225 гектарды құрады. Күріштің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 575 гектарға кем егілгенімен, оның есесіне суды аз қажет ететін, әртараптандыру бағытындағы дақылдардың көлемі артып­  отыр. Биылғы жылдың өзінде шаруашылықтар машина-трактор паркін жаңалау мақсатында ауыл шаруашылығы техникасымен толықтырылды. Күріш орағына «Джон-Дир», «Класс», «Магдон»  маркалы шетелдік жоғары өнімді, сапалы, заманауи үлгідегі жатка, комбайн­дары қатысуда. Егін жинауда жүрген  техникаларға қажетті қосалқы  бөлшектер, қою май және жанар-жағармайдың қорлары жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Биылғы 7 айда ауыл шаруашылығы саласын­да өндірілген өнім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,9%-ды құрағанын  атап  кеткен  ләзім.

Әрбір талапты бастарда сәттілік тілеу халқымыздың қанына сіңген дағды. Жуырда ауданда егінге алғашқы орақ түсер сәтте мұндағылар да осындай қадам жасады. Шара­ға аудан басшысы Мұрат Ергеш­баев, «РЗА» АҚ президенті, Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, мекем­е, кәсіпорын мен шаруа­шылық басшылары, еңбек ардаге­рлері қатысып, егіншілердің қуаныштарымен ортақтасты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды». Ең алдымен Жанқо­жа баба кесенесіне барып­, әулие рухына арнап құран оқытты. Мұнан соң Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС-нің егістік алқабындағы күрішке алғашқы орақ түсу рәсімі болды. Бұл жердегі жүздесуде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев егіннің жай-күйіне тоқталып, астықты ысырапсыз жинап алу туралы ойын білдірді. Алғашқы егін орағының лентасы қиылып, еңбек ардагері Сақыбай Нармағамбетов  ағамыз  бата берген соң дала төсінде қызу жұмыс  басталды. Күн райының ашық-жарқын сәтін тиім­ді пайдалануды көздеген диқандар­ қауымы уақытпен санасп­ай қарқынды қимыл­дау­да. Бүгінгі күні шаруашылықтар күріш ору жұмыстарына жаппай кірісіп кетті. 16 қыр­күйек күнгі мәліметке жүгін­сек, 1075 га күріш дестеге са­лы­нып, 465 га бастырылды. Орташ­а өнім гектарына  40,3 центнерден айналуда. Аманшылық болса, күріш  ору, бастыру жұмыстары межеленген уақытта толық  аяқталатын  болады.

«Сананы тұрмыс билейді» дейді дана халқымыз. Базар бағасын тұрақтандыру басты назарға алынған. Аудан көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері бірнеше мәрте жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге облыстық тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдері әкелініп, нарықтан төмен бағада сатылымға шығарылды. Жәрмеңкеде қауын-қарбыз, қой-ешкі, жем-шөп, бақша дақылдары басқа да өнімдерге сұраныстың жоғары болуы мұндағы өнім құнының қолжетімділігін аңғартады. Облыс әкімі бекіткен кестесіне сәйкес, ауыл шаруашы­лығы тауарын өндірушілері Қызыл­орда және Бай­қоңыр қаласында ұйымдас­тырған жәрмең­келерде тұр­ғындарға азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайыз арзан бағада ұсынды.  «Шолпан Бәйменова» жеке кәсіп­керлігі Қазалы қаласындағы «Тала­п және К» ЖШС алдында, кенттегі «Нұршуақ» автостанциясы алаңында картопты машина үстінде төмен бағада сатып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Биылғы 21-22 қыр­күйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өткізілді. Жәр­меңкеге ауданнан 20 тоннадан астам жергілікті тауар өн­діру­шілер мен ауылдық округ­терден ауыл шаруашылығы өнімдерін апару жұмыстары ұйымдастырылды.

- «Баптай білсең, жер жомарт». Егін және мал шаруашылығын дамытуға ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қажет. Нақты кезеңде аудандағы ауыл шаруашылығы жерлері түгел игеріліп отырған жоқ. Ал қалған бөлігін толық игеруге ауданның мүмкіндігі мол, жер көлемі де жеткілікті. Алда пайдаланылмай тұрған жерлерге су апару арқылы қайта айналымға қосу міндеті тұр. Ол үшін бірінші  кезекте  олардың  бойын­дағы каналдарды құжаттан­дыру  керек болатын. Бұл тұрғыда тиісті шаруа қолға алынды. Облыс бойынша «29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобасына енгізілген шаруашылық каналдары мен ішкі шаруашылық каналдарының құжаттарын жасату үшін облыс­тық бюджеттен қаржы бөлініп, құжаттандыру жұ­мыста­ры  толығымен аяқталып, республикалық меншікке өт­кізуге тапсырылды. Карталық су арықтары мен карталық су тастау жүйелеріне де ақша қаралып, жер актісі, техникалық құжаттары әзірленді. Бағала­у және жер актісін тех­никал­ық құжаттары реттелгеннен кейін республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізіледі, - дейді аудан әкімі М.Нәлхожаұлы.

Қазалылық кәсіпкерлердің белсенділігі жоғары екені жоғары­да айтылды. Оған мына жайттар дәлел болады. Облыстық мәслихат депутаты Мінажадин Өтеев басшылық жа­сайтын «Сыр маржаны» ЖШС 2015 жылы «Ірі қара мал етінің экспорты әлеуетін арттыру» жобасы аясында Шеңгелді учаскесінде 500 басқа арнал­ған мал бордақылау кешенін іске қосқан еді. Қазіргі таңда қуаттылығы 3000 басқа ұлғайған алаңда бірқатар адам жұмыс істейді. Ағымдағы  жылы  «Сыр маржа­ны»  ЖШС  Иран  Ислам Республикасына 56 бас ірі қара малын эскпортқа шығарды­. Серіктестіктің бордақылау алаңында өлшенген ірі қара шетелдік «Inchen Broon CooperativeInc» компаниясына жөнелтілді. Бұған дейін аталмыш серіктестік мал бордақылау алаңы арқылы Өзбекстан мемлекетіне 250 бас мүйізді ірі қара жіберген еді.

Ал, Есет Серімов­ басқаратын «Жеңіс» шаруа қожалығы өткен жылы Біріккен Араб Әмірлігіне түйе малын экспортады. Араб елінен­ келген меймандарды қазақтың айыр өркешті түйесін түркімендердің түйесімен будан­дас­тырып алынған «Бір туған нар» аталатын түйе тұқымы­ қатты қызықтырды. Жазы аптап ыстық, сусыз шөл дала қоршаған БАӘ-нің жер­гілікті тұр­ғындары өзге жануар­ларға қараған­да түйе түлігін өсір­генді қолайлы санайд­ы. Ғасыр тоғысында құрылған «Жеңіс» шаруа қо­жалығында түйе мен қазақтың жабы жылқысы ба­ғылып-күтіледі. Аудан орталығындағы базарда шұбат, қымыз сататын дүкендері жұмыс істейді. Алдағы уақытта шаруа қожалығы ауқымын кеңейтуді межелеуде.

Сондай-ақ, биылғы жылы «Наурыз» шаруа қожалығы Чехия Республикасынан 280 бас «Ангус» тұқымды мүйізді ірі қара сатып алса, «РЗА» АҚ ірі қара малын өсіру кешенін және 1200 басқа кеңейту жұмыс­тарының екінші кезеңі бас­талып, Германиядан 300 бас асыл тұқымды Голштинфриз тұқымды сиыр сатып алуға «Аграрл­ық Несие Корпора­циясы» АҚ арқылы қаржы­ландырылып, қыркүйек  айында 167 бас сиыр жеткізілсе, қалғаны­н қазан айында әкелу жоспарлануда.

2019 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына  тартылған инвестиция көлемі 11,3 млн теңгені құраса, шаруашылық құрылымдарына биыл 257,6 млн теңге тиісті мемлекеттік қолдау көрсетілді. Мұның дала перзенттеріне үлкен демеу екені әмбеге аян.

 

ӘЛЕУМЕТТІК   САЛАНЫҢ  ӘЛЕУЕТІ   АРТАДЫ

Дана халқымыздың «болатын  баланың бетін қақпа, белін бу» деген қанатты сөзі бар. Шыңға шығамын, белесті бағындырамын деп тұрған өренді неге қолдамасқа? Талабы таудай ұл-қызымыздың қолтығынан демеп, топ жарған­да арқасынан қақпаса, бұл – ел басқарған азаматтарға сын. Аруақты Жанқожа бабаның ұрпақтары, кешегі өткен Роза мен Мәдинаның ізбасарлары сынақта шашасына шаң жұқ­тырмай, дара шапса, таңдануға да болмас. Бұл ретте ауданның спорт, өнер, білім, денсаулық саласындағы жетістігі, жастардың түрлі сайысқа қатысуына аудан әкімінің қолдау жасап, жеңімпаздарға қошемет көр­сететіні туралы көпшілік арасында  жиі  айтылады.

- Жуырда  Болгарияның  Варна­ қаласында өткен Халық­аралық «Stars of the world» бай­қауында Гран-При иеленіп, үш турынан үш алтын медаль иеленген  №94 мектеп оқушысы Мадияр Серікті қабылдадым. Қаршығадай қара баламыздың орындаушылық шеберлігіне сүйсінген әйгілі әнші Филипп Киркоровтың әкесі Бедрос Киркоров бастаған қазылар алқасы орнынан тұрып, құрмет көрсеткенін білгенде қатты толқыдым. Алыс ауылда ел қатарлы тірлік кешкен қарапайым отбасының перзенті саф өнерімен шетелдегі талғамы жоғары көрерменді, бәсі биік қазылар алқасын мойынд­атса, одан асқан­ қуаныш болар ма? - деп ағынан жарылды аудан бас­шысы.­

Мына жағымды жаңалықты көпшілікке жеткізе кетейік. Кім-кімге де денсаулығынан қымбат ешнәрсе жоқтығы белгілі. «Бірінші байлық – денсаулық» деп текке айтылмаған. Қазалы ауданаралық ауруханасында алғаш рет жаңа технологиялармен жабдықталған «Ангиог­раф» аппаратының көмегімен жүрек қан тамыр­ларына ота жасалды. Бұл күні жергілікті дәрігерлер облыстық медицина орталығының рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмаиловтың жетекшілігімен 4 науқасқа күрделі ота жасады. Операция барысында білікті маман аудандық аурухана дәрігерлері Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы, фельдшер Қас­қырбай Молдабаев, мейіркеш Әлия Сүлейменова, рентген лаборант Ғалымжан Жайыл­қановқа мол тәжірибесімен бөлісті. Қазалы ауданаралық ауруханасында «Medtronik» ЖШС арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен алынған «Ангиограф» медициналық аппараты іске қосылған болатын. Бұл заманауи құрыл­ғы елімізде аудандық деңгейде алғаш рет Қазалыда орнатылып отыр. Осы аппараттың көмегімен енді біздің дәрігерлер Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Ол үшін тиісті құжаттар дайындалып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Дәрі­герлер Нұрлан Алмат, Кене­сары Баспаев, Аян Қазиұлы  А.Н.Сызғанов атындағы ұлт­тық хирургия ғылыми орта­лығынан қайта даярлау курс­тарынан өтіп, білімдерін жетілдірді. Мұнан соң олар облыстық медицина орталығының жұмыс орны есебінен тәжірибе алмас­қан болатын. Адам жанының арашашысы ақ желеңді қауым­ға  көпшіліктің  үмітпен қарауы текке  болмас.

Қазалылық спортшылардың бағындырған белесі де биік. Жыл басынан бері аудан спортшыларының арасынан Азия чемпионы, Әлем чем­пионатының күміс жүлдегері шықты. Қазалылық дарынды спортшы Мұқағали Сансызбаевтың көгалдағы хоккейден Қазақстан Ұлт­тық құрамасы  сапында  орталық Азия  кубогын жеңіп алғаны, Талдықор­ған қаласында өткен байрақты бәсекеде Тәжікстан, Өзбекстан, Оман және Қазақстанның қос құрамасы бақ сы­нағаны оқырман­дарға мәлім шығар. Осы дүбірлі додада Е.Бозғ­ұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Мұқағали Серікұлы негізгі құраманың сапында өнер көр­сеткен  болатын.

Сонымен қатар үш адам Қазақстан Республикасының спорт шебері, 39 адам  спорт ше­берлігіне кандидат нормативін орын­дады. Облыстық, республикалық, халық­аралық жа­рыс­тарға қатысқан аудан  спортшылары 18 алтын, 23 күміс, 38 қола медальға қол жет­кізді.

«Адамның мінез-құлқы туған жерінің табиғатына қарай бейімделеді» деседі. Ендеше, қасиет қо­нып, құт дарыған Қазалы өңірінің алар асуы асқақ екеніне сенім кәміл.

 

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы

 


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ДОСТЫҚ БЕЛГІСІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.09.2019 09:25

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен университеттердің жаһандық саммитінен Иран Ислам Республикасы университтеттері де шет қалмады. Саммит жұмысына Гилян университетінің (Иран) ректоры, доктор Ахмад Рази, Аламе Табатабаи университетінің (Иран) ректоры, доктор Хосейн Салими мырзалар қатысты.

Мәртебелі меймандар саммит жұмысы аясында ирантанушы мамандар дайындап отырған ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде қонақта болды. Факультет деканы Ыхтияр Палтөре, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П.Сүлейменовпен және ирантану бөлімінің оқытушылар құрамымен кездесіп, болашақ әріптестік жобалар туралы сөз қозғады. Атап айтар болсақ, Гилян университеті екі апталық тіл жетілдіру курстарына иран бөлімі студенттерін қабылдауға әзір екендіктерін мәлімдеп, оқытушылар арасындағы алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға ұсыныс жасады.

Айта кетерлігі, саммит барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гилян университеті арасында өзара ынтымақтастық қатынастар туралы меморандумға қол қойылды деп хабарлайды ҚазҰУ ақпарат қызметі.

 

Р.Ережепқызы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Заң факультетінің аға оқытушысы

 

 


ДІН мен ДӘСТҮР БІРЛІГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.09.2019 09:15

Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Расында, кез келген ұлттың өркениеті мен мәдениеті ғасырлар бойы жинақталған, бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық-рухани құндылықтардың негізінде қалыптасады.

Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Осы тұста, тарихымызға көз жүгіртсек, сан ғасырдан бері ата-бабаларымыз ислам мен әдет-ғұрыптарымызды сабақтастырып, күні бүгінге дейін мәдениетіміз бен құндылықтарымызды жалғастырып келеді.

Кеше қоғамдағы осы бір өзекті мәселе аясында Арал ауданы әкімдігінің және аудан прокуротурасының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүрдің бірлігі – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында ғылыми-тәжірибиелік конференциясы өтті.

Аталған конференцияға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тұрар Әбуов, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов, Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Ақтөбе қаласының Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы басшысының орынбасары Бауыржан Жүсіповтер арнайы қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов ашып, жүргізіп отырды. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, білім ошақтарының ұжымы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестік жетекшілері, белсенді жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан конференцияда алғашқы сөз тізгінін алған Т.Әбуов «Рухани жаңғыру – дәстүр мен діннің сабақтастығы» атты тақырыпта кең көлемді баяндама жасады. Өз сөзінде қазақ жұртшылығының бай құндылықтарын айта келе, «Рухани-мәдени құндылықтарын сақтай алмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр. Атам қазақ: «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді. Елу жыл дегеніміз – бір ұрпақтың толық алмасу кезеңі. Жүз жылда заман өзгеріп, жаңа құндылықтар пайда болады. Осындай кезеңде кім өзінің байырғы құндылығын сақтай алады, соның ұрпағы азбайды, өзі тозбайды» деп атап өтті. Сонымен қатар, бұл мәселенің тек қазақ ұлтынан бөлек мемлекетіміздегі өзге этнос өкілдеріне де қатыстылығына тоқталды. Яғни, елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың кемелденуі арқылы мемлекеттік тұтастық сақталатындығын ашып айтты.

Конференция барысы одан әрі Б.Жүсіповтың діни радикализм кезеңіндегі психологиялық зерттеулеріне ұласып, жиын қатысушылары дәстүрлі емес діндердің қауіптілігі мен құнсыздығына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Мұнан кей3н Б.Камалов бүгінде сан ғасыр бойы қалыптасқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды жоққа шығарып жүрген бауырларымыз бар екендігін айта келе, «Шын мәнісінде қазақ қоғамында Ислам діні мен ұлттық әдет-ғұрыптың қайшы келер тұсы жоқтығын, екеуі де бір-бірімен ұштасып, ұлтқа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Сондықтан біз өзіміздің ұлттық болмысымызды, салт-дәстүіріміз мен әдет-ғұрпымызды, тарихымызды терең білсек, өзгелерге алданбаймыз. Бірлігімізді жоғалтпаймыз» деп түйді.

Ал, осы салт, әдет-ғұрып, дәстүр ұғымдарына жекелей тоқталып, ара жігін жіліктеп өткен С.Алдашбаев қазақ халқының күнделікті тұрмыстағы салт-дәстүрлерін мысалға ала отырып, әрбірінің шығу тегін тереңінен талдап өтті. Осы мәселе төңірегінде көбіне дәстүрімізді насихаттаушы асабалар қауымын арнайы курстарда оқыту, мектеп оқушыларын рухани құндылықтарымызбен сусындату бағытында білім алуға бағыттау сынды арнайы ұсыныстар аталды.

Көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды тақырыптар талданып, тағылымды тарихымыз сөз болған конференцияда аудан тұрғындары да тақырып төңірегінде өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салап, дінтанушы өкілдер тарапынан тұшымды жауап алды.

Ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысымен аудан прокуроры А.Тәженов сөз алып, қозғалып отырған тақырыптың өзектілігіне тоқтала келе жас ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолында дәстүрлі дінімізді қоғамдық өмірмен етене байланыстырып, мектеп қабырғасында алып жатқан біліммен ұштастыру жайында бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Сая Серікқызы,

Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛҒАН МУЗЕЙ ТҮНІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 17:05

Өткен аптада «Музейлер шеруі» жобасы аясында қаладағы Ақмешіт музейі алаңында «Музей түні» мәдени шарасы ұйымдастырылды. Күн ұяға қонар шақта­ басталып, түн ортасына дейін жалғасқан мұндай тағылымды шараға қала жастары көптеп жинал­ған. Сонымен бірге, мәде­ниет қызметкерлері, қылқалам шеберлері, көне жәдігерге жанашыр жандар мен жергілікті  тұрғындар  да  келген.

Жобаның мақсаты – барлық санаттағы халықтың уақытын тиімді өткізумен қатар, музейдің ғылыми орталық қана емес, мәдени-көп­шілік орын екені туралы ұғымды күшейту. Мұндай мәдени-рухани демалыс келушілерге қолайлы. Көне туындыларды насихаттау және тарихи жәдігерлердің алуан сырын жас буынға сіңіру арқылы патриот­измді күшейтуде маңызы зор.

– «Музей түні» – әлеуметтік маңызы бар акция. Ол бізді өткенді саралап, бағалап қана қоюға шақырмайды, сонымен бірге ел бірлігін бекемдеп, құндылығын қастерлеуге үндейді. Облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мен музей қызметкерлері бірлесе ұйымдастырған ашық аспан астындағы көрме негізінен тікелей жастарға бағыт­талған. Мұнда олар көне жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, өз қалауларынша ән салып, би билей алады. Мұнда келгендер бір жағынан өз ұлттық құндылықтарын танып білсе, екіншіден, көңіл көтереді. Жастар кешкі серуенге шыққанда олардың бос уақытын осындай маңызды, ой түйетін шараларға көптеп тартуды жетілдіріп келеміз. Алдағы уақытта «Кітапхана түні» атты шарамызды да осындай қызықты форматта ұйымдастырмақпыз, - дейді «Жас Отан» Жастар­ қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес.

Түнгі шараға келушілер облыс тарихынан сыр шертер қыл­қалам шеберлерінің туындыларынан «Ұлы дала төріндегі ұлт ордасы­» атты сурет көрмесі мен «Ғажайып самаурындар әлемі» атты музей қорындағы самаурындар жиынтығын тамашалады. Сонымен бірге, музей ауласында шағын сахна жабдықталып, «Біз музейдегі этноауылдамыз» атты көрініс көрсетілді. «Абай Құнанбаев – ұлы ақын» тақырыбында ақын жырлары жатқа оқылып, «Қазақстан астаналары» деректі фильмін тұрғындар бір деммен көріп шықты. «Музей түнінде» жастар караокемен қосыла­ ән шырқап, қала жастары ұйымдастырған концерттік бағдарлама да көпшілікке ұсынылды. Келген қонақтар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта осындай тағылымды кештердің жиірек өтуіне ұсыныс-тілектерін де білдірді.

 

Ержан   БЕКМЫРЗАҰЛЫ

 


БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚТАРЫМЕН БӨЛІСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 16:45

Кітап – оқырманға рухани күш-жігер, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретін рухани сарқылмас қазына. Даналыққа жақын болған қазақ халқы ертеден кітап оқып, білім нәрімен сусындауды  жаны сүйген. Данышпан Абайдың өзі: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, кітаптың маңыздылығы мен құндылығын дәріптеп кеткен болса, көрнекті жазушы Әбіш Кекіл­баев: «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп, кітаптың құдіретін, оның мәртебесін одан әрі асқақтатып  көрсеткен  екен.

Өңіріміздің де кітапсүйер жандары бір игі істің басын қайырды. 19 қыр­күйекте  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында өмірлік оң сабақтарды қағаз бетінен алып жүрген жандар сүйікті, бағалы да қызықты кітаптарын облыстық кітап­ханаға сыйлап, «құнды қағаздардың» санын­ тағы бір елі көбейтті. Асыл ойлар қазынасы – кітапқа, кітапханаға деген құрметін сезініп, сый жасаған тұлғалар ішінде ғалымдар, жазушылар мен кітапхана оқырмандары болды.

Акция жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құнды­лықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбие­ленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту мақсатында  өткен  болатын.

- Бір ай көлемінде өткен акция барысы­нда кітапханамызға мың екі жүзге жуық кітап сыйға тартылды. Сыйға тартушылардың ішінде елге есімі елеулі жандармен қатар тұрақты оқыр­ман­дарымыз, студенттер мен оқушылар да табылды. Акцияны өткізу нәтиже­сінде кітапхана қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша басылған кітаптармен қатар, сыйға берілген кітаптармен толықты. Сыйға тартқан қала тұрғын­дары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен оқытушылар, оқушыларға рухани мұраны байытуға өз үлесін қосқандары үшін алғыс білдіремін, - деді облыстық әмбебап ғылыми кітап­ханасының директор­ы Нұржамал Ахметқалиқызы.

Рухани азық алғанды жақсы көріп ғана қоймай, оны өзгелерге насихаттап жүруді қош көретін жандар өз сүйікті кітаптарын көптеп сыйға тартты. Өз оқырманын табар деген үмітпен табысталған кітаптардың ішінде құнды жинақтар да болды. Атап өтетін тартудың бірі – Қызылорда облысының Құрметті қайрат­кері Сексенәлі Рахановтың көпшілік кәдесіне жарасын деген оймен ұсынған Абай Құнанбаевтың 1948 жылы басылып шыққан алғашқы кітап­тарының  бірі.

- Кітап - білімнің бұлағы, қайнар көзі. Адамды танытатын да, биікке жеткіз­етін де, адамның арманына себепші­ болып, оны жүзеге асыратын – кітап. Соңғы кездері интернеттің қолжетімділігіне байланысты кітапқа деген көзқарас баяулап кеткені рас. Алайда қағаз бетінен оқылған кітап адамның санасына, ақыл-ойы мен миына білімді тоқуына ерекше әсер етеді. Сондықтан да, кітапты құрметтеп, сүйіп, аялау – әр адамның міндеті. Елдің құрметті азаматы­, қоғамның бір мүшесі болу үшін білімнің қайнар көзі болған кітапты­ оқу керек, - деп Сексенәлі Рахано­в  кітап  оқуға  шақырды.

Сонымен бірге, ақын Әскербек Рахым­бекұлы «Ғұмырдария», «Жыраулар», «Тұлпарлар тағдыры», «Жүрек жылуы» және «Махаббат дастаны» атты кітаптарын сыйлады. Сыйға тарту­шылар қатарынан профессор Жібек Әбілдаева да табылып, жеке кітапханасынан 50-ге жуық кітапты табыстады.

Аталмыш шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.

Мәңгі өмір сүретін құнды жазбалары­ бар кітаптардың қорын толтыру бары­сында кітап оқуды жақсы көретін жастар­дың бары білініп, олар да сүйікті кітаптарын жаңа оқырмандардың игілігі­не  ұсынды.

Акция соңында да жастар мен жанашырлар кітапханаға әкелген кітаптарын табыстап, бір-бірімен кітап алмасты.

Шара аясында қатысушылар «Сыйға тартылған кітаптар» көрмесімен таны­сып­, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық  колледжі студенттерінің ән-шашуын  тамашалады.

Рухани бай шараны өткізу арқылы кітап құмарлар саны көбейіп, үздік кітаптар саны арта түсті. Алдағы уақытта­ да білімі мен берері мол кітапхананың төрі ізденіс пен рухани баюды көздеген оқырманға толы боларына сеніммен қарап, оқығанды жаны сүйетін жандардың кітапханаға ағыларына үміттене­міз. Құны жоқ асыл байлығымызды бағала­й  білейік!

Аслан  НҰРАЗҒАЛИЕВ

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары