Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Қыркүйек 2019

Бизнес-омбудсмен Қызылордада кәсіпкерлерді жеке мәселесімен қабылдады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 16:30

Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов алдымен «Кәсіпкерлер үйіндегі» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, одан кейін аймақ кәсіпкерлерін жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауда ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, медицина саласы бойынша жұмыс жасайтын кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыздықтарды, фармацевтиканың проблемасын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне берілетін субсидияның мәселесін көтерді.

Болат Палымбетов өз кезегінде әр мәселені мұқият тыңдап, шешу жолдарын қарастыру үшін бизнес-омбудсмен аппаратымен бірге тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізетіндігін, аталмыш мәселелерге қатысты кәсіпкерлермен байланыста отыратындығын, қажетті шараларды қабылдайтындығын жеткізді.

Айта кету керек, осы жылдың 8 айының өзінде Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 203 өтініш түсті. Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің  30  пайызында  оң шешімге қол жеткізе алды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 195 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды.

Биылғы жылы түскен өтініштердің құрылымына жасалған талдау 15 пайызы сатып алуларға, 14 пайызы сәулет-құрылыс саласына, 12 пайызы салық, 11 пайызы жер қатынастары салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты екенін көрсетіп отыр.

Бір ғана 2018 жылдың өзінде Палатаның бастамасымен азаматтарға кәсібін жүргізуге кедергі жасаған  19 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2019 жылдың 8 айында облыстың 9 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылған. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 5 жыл ішінде Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 29 отырысы өткізілген. Отырыстарда 73 жүйелі мәселе қаралып, оның 58-сы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде  800-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


СЫРДАРИЯ БОЙЫНДАҒЫ ЖЫР-ДАРИЯ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 15:10

Қазір не көп? Ұйымдастырылып жатқан, өтіп жатқан іс-шара көп. Жүрген аяққа жөргем секілді іліге береді, іліге береді. Шынын айту керек, қашан қарасаң да, көбісінің көрермені «залдан қалай шығып кетсем екен?» деп ойланып, ылғи асығып отырады. Бұл – көрерменді тарта алмау, қызықтыра алмаудың айқын көрінісі. Қазір «мәдени іс-шараларды тек мәдениет үйлері мен театр, кітапхана, мектеп, т.б. секілді орындарда ғана ұйымдастыру керек» деген түсінік жоқ. Әлбетте, бар болатын. Жаңаша ойлаудың нәтижесі болар, соңғы кездері мұндай қатып қалған қағиданы бұзып өткен өзгеше форматтағы шараларға қатысып жүрміз. Солардың бірі – Сырдария өзені жағасындағы «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдық» ескерткішінің амфитеатрында өткен жыр марафоны. Ашық аспан астындағы шараны тамашалаған жастардың қарасы қалың.

«Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» атты жыр кеші қала күні аясында тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлау, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Жыр кешіне ұстаз, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, жазушы Бегімбай Ұзақбаев, эколог, ақын Мұхамеджан Нұрханов, журналист, ақын Нұрлан Көбегенұлы, ақын Толыбай Абылаевтар қатысып, Сырдария бойын жыр-дарияға айналдырды.

- Өздеріңізге белгілі, бір ай көлемінде қала күні мерекесін тойлап өтеміз деп жоспарлаған едік. Осы шаралардың жалғасы ретінде бүгін «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдық» ескерткішінің алдында жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кешін, жыр марафонын ұйымдастырып отырмыз. Мұнда әр ақын, әр жазушы, әр перзент туған жеріне деген махаббатын сөзбен, жыр шумақтарымен білдіреді. Біздің шаралар әлі де жалғасын табатын болады, - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов.

Жыр марафонына жас қаламгерлер де қатысып, Сыр ақындары мен өз шығармашылықтарынан туған жер тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.

- Менде жұмыс бабына байланысты көптеген жерлерге баратын мүмкіндік болды. Бірақ, осы Сырдариядан ұзағым келмеді. Мұны дария жағасында өтіп жатқан кеш болған соң айтып жатырмын. Бұған дейін «Дарияның арғы жағы, бергі жағы» деген қалың кітабым жарық көрген еді. Жалпы, туған жерге деген махаббат осыдан басталса керек. Сырдария жағасында тұрып, тек балық аулай бергеннен, арасында ой аулап, өлең жазған да ғажап ғой, - деді ақын Мұхамеджан Нұрханов.

Іс-шара барысында тақырыптық әсем ән де шырқалды. Жиналған жұртшылық патриоттық әндерді зор ықыласпен тыңдады. Сәулеті мен сәні жарасқан қала мерекесіне арналған қызықты шара осылайша түйінделді. Десе де, қос ғасырлық тарихы тасқа қашалған қала тойы әлі де тарқамақ емес.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


АПАТТЫ, ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 11:05

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңесте есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шаралар талқыланды.

Қазіргі күні есірткіге сұраныстың азаймауынан жыл сайын сора өсімдіктерін егудің аумақтары кеңейіп, олардың заңсыз айналымы белең алуда. Оның үстіне Сыр өңірі – есірткі өсімдігін өсіруге климаты қолайлы аймақ.

Қызылорда облысында дайындалған марихуананың сапасы өте жоғары болғандықтан Еуропа елдерінде, халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие.

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында есірткі егілген жерлердің көлемі 54 гектарға жетсе, есірткі өнімдерін сататын орындарды (притон) анықтау көрсеткіші керісінше төмендеген.

Жастар арасында есірткі айналымы, дәрі-дәрмектердің ұрлануы көп жағдайда анықталмайды.

Облыстық полиция департаменті тарапынан дер кезінде жедел іс-шаралар жүргізуге техникалық қызметтің мүмкіндігі талапқа сай емес екендігі айтылды.

Салдарынан құқық қорғау және арнаулы органдармен есірткіні тасымалдау каналдары, ішкі нарықты және республиканың басқа аумақтарын есірткімен қамтамасыз ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтері әшкереленбеуде.

Көтерілген осы мәселелердің негізінде үйлестіру кеңесінде есірткі егу, оны сақтау және өткізумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкере ету жұмыстарын күшейту, облыс аумағы арқылы есірткі тасымалданатын каналдарды анықтап, оны жою шараларын жүзеге асыру тапсырылды.

Отырыста қаралған екінші мәселе жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыс көлемінде 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 84-ке немесе 58%-ға көбейген (146).

Оқиға салдарынан 270 (169) адам түрлі жарақаттар алып (60% өскен), 44 (26) адам қайтыс болған (69% өскен).

Бұл бағытта жұмыс тиімділігін арттырып, жолда қаза болу фактілерін азайту үшін қосымша шаралар қолданып, апатты қауіпті аймақтардың жол картасын жасақтап, жол-көлік оқиғасы көп тіркелетін елді мекендерде жылдамдықты бақылайтын камераларды көбейту қажеттігі, уәкілетті органдарға жүктелді.

Сонымен қатар, халықаралық тасжолының бойына қосымша жол белгілерін қою, малдардың өтуіне тосқауыл болу үшін шарбақтарды орнату және жолға жақын ауылдардың малдарын бақылауда ұстау мақсатында бақташы белгілеу тапсырылды.

Кеңесте көтерілген тақырыптар қазіргі уақытта қоғам тарапынан үлкен алаңдаушылық тудырып отырған маңызды мәселелер.

Осыған орай, кеңес мүшелері мен қатысушылар тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жан-жақты талқыланып, проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы ұсыныстар енгізілді.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қордаланған мәселелер бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


ӘРІПТЕСТЕРІ АЙДАР АБДУАЛИЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2019 09:15

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы жаңа қызметке тағайындалды.

«Бүгін міне, бұған дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы жаңа қызметке тағайындалып отыр. А.Абдуалиев өз ісін жақсы білетін, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі мол маман, қай қызметте болсын жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқарып келе жатқан азамат екенін атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы органдарда жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіремін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін», - деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.

Айта кетейік, Айдар Сейсенбекұлы өңірде 2013 жылдан бастап еңбек етіп келді.

Жалпы, Айдар Сейсенбекұлы өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған салаларда жемісті еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына сүбелі үлес қосты.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Айдар Абдуалиевті облыстың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Айдар Сейсенбекұлы: «Қызылорда облысында қызмет бабымен 7 жылға жуық уақыт ішінде талай тәжірибе жинап, жанашыр достар таптым, Сыр елі маған әрқашан ыстық», - деп барша әріптестеріне алғысын айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТ КІЛТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2019 10:05

Қазалыдағы аудандық мәдениет орталығында өткен облыстық көшпелі семинар осылай аталды. Оған қатысқан Қызылорда қаласы, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласынан келген тіл мамандары алдымен кенттің көрікті жерлерін арлап, Жанқожа батыр кесенесінде болды. Мұнан соң №276 мектепте латын әліпбиі негізінде тренинг жүргізді.

Аудандық мәдениет орталығындағы семинарды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ашып, жүргізіп отырды.

Жаңа әліпбиге байланысты қолға алынған жұмыстар туралы хабарлама жасаған облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістеме бөлімінің басшысы Әсел Бахытова латын әліпбиіне көшу бүгінгі Қазақстанның тіл саясатында жүргізіп отырған үлкен реформа екендігіне, жоба басталғалы бері оқыту курстарында, жиындарда жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығын халық санасына сіңіру назарда тұрғанын, қазалылықтардың тіл мәселесіне алаңдаушылық білдіруі, белсенділігі көңіл қуантатынын айтты. Сондай-ақ, аудандар арасында орыс, ағылшын, қазақ тілдерін тегін үйрету курстарының 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазалы ауданы ең жоғарғы көрсеткішке ие болғанын, Мәдениет және спорт министрлігі жанынан төрт жұмысшы топ құрылғанын, олардың орфографиялық, терминологиялық, әдістемелік және ақпараттық тобына бөлінгенін, жүзден аса әліпби нұсқаларының ішінен талапқа сай түрін таңдау міндеті жүктелгенін, қазіргі таңда бекітілген әліпби қолда барын кең көлемде қамтып өтті.

Орталықтың бөлім басшысы өз сөзінде жұмысшы топ пен үкімет басшысының 2018 жылғы отырысында жаңа қазақ әліпбиінің 107 параграфты қамтитын емле ережесі мақұлданғандығына, басқа да жайттарға тоқталды. Семинар барысында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасиловтың әліпби ауыстырудың әлеуметтік лингвистикалық мәселелері, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Қазалы ауданы бойынша оқытушысы Жұбатқан Таңжановтың жаңа әліпбиі негіздегі қазақ тілі емле ережелерінің ерекшеліктері туралы хабарламасы тыңдалды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Қызылордада ҚАЖД бастығының орынбасары пара алды деп айтыпталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2019 10:00

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары парақорлық қақатысты күдікпен қолға түсті, - деп хабарлады Nur.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділет майорына ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол қарамағындағы қызметкерден қамқорлық танытуға уәде беріп, ақша боп салаған.

Қазіргі күні аталған факт бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

 


Алты жылда қызылордалық кәсіпкерлер 2 млрд 96 млнтеңге қаржысын сақтап қала алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2019 09:55

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде айтты.

«Палата құрылған сәттен, яғни 6 жылда бизнесті қорғау бойынша 1259  өтініш түсті», - деген Ғалымбек Жақсылықов орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 42 пайызында оң шешімге қол жеткізтіндігін жеткізді.

«Сонымен қатар, Палатамен өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 2 млрд 96 млн теңгеден аса қаражаты сақталып қалды. Аталған сома күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б. құралып отыр», - деді Палата директоры.

Айта кету керек, осы жылдың 8 айының өзінде бизнесті қорғау бойынша 203 өтініш түсті. Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 30 пайызында оң шешімге қол жеткізе алды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 195 млн теңгеден аса қаражаты сақталып қалды.

Биылғы жылы түскен өтініштердің құрылымына жасалған талдау 15 пайызы сатып алуларға, 14 пайызы сәулет-құрылыс саласына, 12 пайызы салық, 11 пайызы жер қатынастары салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты екенін көрсетіп отыр.

Бір ғана 2018 жылдың өзіндеПалатаның бастамасымен азаматтарға кәсібін жүргізуге кедергі жасаған 19 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2019 жылдың 8 айында облыстың 9 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылған. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 5 жыл ішінде Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 29 отырысы өткізілген. Отырыстарда 73 жүйелі мәселе қаралып, оның 58-сыоң шешімін тапқан. Нәтижесінде 800-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


АРАЛДЫҚТАР БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2019 09:50

Отан – оттан да ыстық демекші, әскер сапында қызмет етіп, Отан алдындағы борышын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті парыз.

Осы орайда, Арал қаласындағы Рәміздер алаңында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған өрендерді шығарып салу шарасы өткізілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып:

«Сіздер бүгін шекарасы берік, шебі бүтін қасиетті жерімізді қоғайтын Қарулы күштеріміздің қатарына азаматтық борыштарыңызды өтеуге аттанғалы тұрсыздар. Кезінде бірлік пен батырлықты ту еткен аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұлан-ғайыр жерді қорғап, біздерге мирас етіп қалдырды. Мінеки, батыр бабалардың осынау даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін жалғастырудың кезекті толқыны Сіздердің еншілеріңізге тигелі тұр», - дей келе, әскерге аттанушыларға ақ жол тілеп, жұртшылық атынан анттарына адал қызмет етуге зор сенімін білдірді.

Шара барысында оқушылар қаруды шашып-жинаудан шеберліктерін ортаға салса, аудан өнерпаздары патриоттық ән-жырларын тарту етті. Сонымен қатар, жас сарбаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кету керек, жылына орта есеппен көктемгі және күзгі шақырылымда аудан бойынша 200-ге жуық жас буын әскерге аттанады. Осы ретте, биыл көктемгі мерзімді әскерге шақыру кезінде ауданымыз бойынша 94 азамат әскер қатарына алынып, әскерге баратын жастардың дені Қарулы Күштер, шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан сынды әскери құрылымдарда борыштарын өтеуде.

Ал, күзгі мерзімді әскер шебіне 90 аудан азаматын аттандыру жоспарланған болса, соның ішінде дәл қазір 15 болашақ сарбаз Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне аттанды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДАҒЫ АКЦИЯ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2019 09:47

«Таза ауа-жанға дауа». Қазіргі таңда ауаның ластануы, қоршаған ортаға жанашырлық таныту күллі әлемді алаңдатып отырғаны белгілі. Осынау өзекті мәселе теңіз төскейінің перзенттерін де бейжай қалдырған емес. Өткен сенбіде Арал ауданының жұртшылығы дүниежүзілік «World cleanup day – 2019» акциясына үн қосты. Айта кетерлігі, аталған акция әлемнің 380 млн.-нан астам адамын қамтитын 150 елде өткізіліп отыр.

Қазақстанның Дүниежүзілік «World cleanup day – 2019» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық экологиялық акцияға қатысушы ретінде «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.

«Біз таза елді қолдаймыз» ұранымен өткізілген акцияға Арал ауданы бойынша 1300-ге жуық адам қатысты. Мемлекеттік ұжымдар белсене атсалысқан тазалық шарасында 13 техника көмегімен 930 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылды.

Мұндай игілікті істер алдағы уақытты жалғасын табатын болады.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ АЗҒЫНДЫҚТАН ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2019 09:40

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармағында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екендігі белгіленген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес, ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.

Алайда кей жағдайларда балалардың қараусыз қалдырылуынан олардың арам ниетті бөтен адамдардың алдауына түсіп, азғындауға ұшырайтын кездері кездеседі.

Осыған орай, балаларды азғындардың арам ниетінен қорғау үшін оларға келесідей әрекеттерді жасамауды түсіндіру қажет:

1)Көшеде бөгде адаммен әңгімелесуге және оларды үйге кіргізуге болмайтынын;

2)Қараусыз қалған ғимараттарға және үлкен қалаларда лифтілерге бөгде адаммен кірмеуді. Лифтілерге ата-анасымен немесе туыстарымен ғана кіруді;

3)Үлкен адамдарсыз (ата-ана, мұғалімдер, туысқандар) бөгде автокөліктерге отыруға болмайтынын;

4)Бөгде адамдардан сыйлық алмауды және олар үйіне немесе басқа да бір жерге шақырған кезде келіспеуі керектігін;

5)Қеш батқанда көшеде жалғыз қалмау керектігін;

6)Егер үйде үлкендер болмаса бөгде адамдардың қандай сөздер айтқанына қарамастан үйге кіргізбеу керектігін;

7)Мас болып жүрген және қылмыс жасауға әуес адамдардан алыс жүруін, т.б.

Бұл ретте, ең бастысы ата-ана баласына өзінқауіпті жағдайда осылай ұстауы ұят емес, керісінше қажеттілік екендігін айтып түсіндіруі қажет.

Сонда ғана балаларды азғындықтан қорғауға мүмкіндік болады.

Ж.Абдраманова,

Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары