Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Қыркүйек 2019

Банктеналғаннесиелеріңізтуралыегжей-тегжейлібілгіңізкелеменемесе «несиетарихы» бойыншаанықтамақажетпе? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.09.2019 09:15

Оны egov.kz порталы арқылы алу оңай!

Бұл үшін:
✅Порталда авторланыңыз;
✅«Дербес несие есебі» қызметіне тапсырыс беріңіз;
✅Өтінішті толтырыңыз;
✅ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

 

Несие есебі туралы ақпарат сіздің жеке кабинетіңізге 15 минут ішінде келеді. Жылына бір рет «несие есебі» қызметін тегін алуға болады, қайтара сұрату - ақылы.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


Қ.ЫСҚАҚОВ: «БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ ПАРТИЯЛЫҚ ТЫҢДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН КӨТЕРІП, ОЛАРДЫ ШЕШУ ҮШІН НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 12:00

Бүгін   облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Д.Ысқақовтың  төрағалығымен «Индустриялды даму»  бағытындағы партиялық тыңдау өтті. Мәжілісте мемлекеттік «Білім», «Денсаулық» және «Индустрия» бағдарламаларының аймақта жүзеге асырылуы туралы айтылды.

Бірінші кезекте облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова мемлекеттік «Білім» бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысы жайлы баяндады.

«Біз өз түлектеріміздің 97 пайызы жоғарғы оқу орындары мен колледждерге түскенін мақтанышпен айтамыз. Бұл жетістікке жету үшін Қ.Елеуұлы білім саласына қатысты батыл шешімдер қабылдап, саланың дамуына көп қолдау көрсеткенін баршаңыз білесіздер! Жалпы, білім саласына қатысты менің ұстанымым айқын: сапалы білім беру арқылы баланың болашағын қалыптастыру. Шынына келгенде, біз барлығымыз осы балалардың келешегі үшін жұмыс істеп жатырмыз»,-деді аймақ басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов «Денсаулық» бағдарламасының облыста орындалуы туралы айтты.

Мемлекет Басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі экономиканы әртараптандыру, инновацияны дамыту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тікелей шетелдік инвестиция тарту болып табылады.

Осыған байланысты облыс әкімі: «Биылғы жылы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын аяқтап, үшінші бесжылдыққа аяқ басқалы тұрмыз. Осы орайда, Президент Қ.Тоқаев индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеру қажеттігін тапсырды»,-деп еске салды.

Айта кетейік,  индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында өңірімізде  24 жоба іске асырылып, нақты 1442 жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылдың 7 айында іске қосылған 24 жобаның 18 жоспарлы қуаттылықты 90-100% игерді.  Мемлекеттік бағдарлама бекітілген индустрияландырудың 6 басым бағыты бар, олар: металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдарын шығару және тамақ өнеркәсібі.

Бүгін бірінші болып Арал мен Қазалы аудандарының индустриалды даму мәселесі талқыланды. Алдағы уақытта «Индустриалды даму» бағыты бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері  де хабарлама жасайтын болады.

Облыс халқы бірінші бесжылдықта Арал, Қазалы аудандарында іске қосылған тауарлы сүт фермасы, ас тұзы, балық өңдеу сияқты зауыттардың игілігін көруде. Сол кәсіпорындарда жұмыс істеп, отбасын асырап, бірқатары республикалық конкурстарда жүлделі орындарды иеленіп, облыстың имиджін көтеруде.

Десек те, бірқатар мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді.

«Индустрияландыру бағдарламасы аясында Арал мен Қазалы аудандарында атқарылған жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажет. Индустрияландыру бағдарламасы мен индустриялық аймақтар жұмысында бірқатар кемшіліктер орын алып отыр. Сондықтан жұмысты жандандырып, жыл соңына дейін индустриялық аймақтарды толтыру бойынша бекітілген межені игеруге жұмыс істейік. Арал, Қазалы аудандары бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын талап етемін»,-деді облыс әкімі.

Мәжілісте шикізаттық емес секторды дамыту басты назарға алынғаны айтылды. Оған қоса, биылдан бастап республикада өңдеу өнеркәсібінің ішкі салаларын дамытуға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

Сонымен қатар, мәжілісте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы  Ринат Сұлтангереев пен облыстық кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Әділбек Бекішов индустрия бағытындағы жобалардың іске асырылуы туралы баяндады.

Аймақ басшысы: «Біздің бүгінгі мақсатымыз партиялық тыңдауда өзекті мәселелердің барлығын көтеріп, оларды шешу үшін нақты шешімдер қабылдау»,-деп қорытындылады.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:50

Облыс әкімінің өкімімен Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қ.Мүбараков 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, «экономист-менеджер» және «заңгер» біліктіліктері бар.

Еңбек жолын Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы қырманда қарапайым жұмысшы болып бастаған.

1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық комитетінде жауапты қызметтер атқарған.

2001-2009 жылдары – Шиелі ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.

2009-2011 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болған.

2011-2018 жылдары – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.

 


ЖҮЗ ЖЫРАУЫН ЖҮЗІКТЕГЕН ЖЫРАУЛАР ЕЛІНДЕ ЖЫРАУЛАР ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДУДЕН ӨТУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:45

Бүгін Жосалы кенті орталығындағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінде» аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы болып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс нысанының барысымен танысты.

«К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі» КМҚК ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде жалпы 143 925,0 мың теңге оның ішінде: республикалық бюджеттен 43,917 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4,879 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды.

Нәтижесінде "Капстройгрупп-Т" ЖШС –мен  жалпы 41580,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан қараша айында пайдалануға тапсырылатын болады.

Сонымен бірге аудан әкімі  Қалдарбеков Мұса Оспанұлы Жосалы кенті орталығындағы аграрлық – техникалық колледжбен «Шипагер» емханасында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын көрді.

Әлеуметтік нысандарды аралау барысында сала басшыларына аудан басшысы өз  ұсыныс пікірін айтып, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖОСАЛЫ КЕНТІ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:40

Бүгін аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы Жосалы кентінде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Жосалы кентіндегі табиғи газды қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі таңда жоғары қысымдағы газ құбыры үшін траншея қазылып, құбырлары  орнатылуда.

Жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы газ тарату пунктерінің құрылысы үстіміздегі жылы жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, кентте газ құбырын жүргізу жұмыстарына бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:35

Бүгін аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы Жосалы кентінде орналасқан №27 орта мектебі мен  №30 мектебінде  болып, атқарылған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданымызда қарқынды жұмыстар жүруде.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқу корпусының 2 оқу корпусымен  №27 орта мектебінің1-ші негізгі оқу корпусының құрылысы аяқталып пайдаланылуда.

№27 орта мектебінде биылғы жылы жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, сұйытылған газга ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылма - жыл тиісті талап-деңгейге келтірілуде, білім беру саласы бойынша жалпы барлығы 8 нысан, оның ішінде: 1 колледж, 2 мектептің күрделі жөндеуі,  5 мектептің жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды.

Аудан басшысы Мұса Оспанұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:15

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды. Бірнеше ауылдарды аралап, ардагерлермен, кәсіпорын қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауданның әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарын аралап, экономикалық даму барысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы Ақжарма ауылдық округіндегі «Ақжарма и К» қожалығының күріш ақтау зауытының жұмысымен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Аталмыш қожалық 2014 жылы құрылған болатын. Осы жылы күріш ақтау цехы да іске қосылды. Цех тәулігіне 40 тонна күріш ақтайды, мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Қуанышбек Досмайылұлы «Ақжарма и К» қожалығының демеушілігімен салынып жатқан 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бұл бес тұрғын үй 2019 жыл - Жастар жылына орай салынуда. Бір тұрғын үйдің жалпы алаңы 1500 шм, құрылыс алаңы 110 шм құрайды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, кірпіштерін өру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содан соң, облыс әкімі спорт кешені мен орталық алаңға барды. 2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 2018 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген жабық спорттық сауықтыру кешенінде 14 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда футбол, волейбол, қазақша күрес, дзюдо, белбеу күресі үйірмелеріне 312 бала қатысуда.

Әрі қарай, аймақ басшысы Шаған ауылдық округіндегі «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының және «Шаған-жер» ЖШС-нің 3 мың бас малға арналған бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Бүгінгі күнге аталған серіктестіктің мал бордақылау алаңында 405 бас мүйізді ірі қара мал бордақылануда. Ағымдағы жылы бордақыланған 104 бас мүйізді ірі қара малын сойып, 18,4 тонна сиыр етін өндірді. Мал бордақылау алаңы 480 тонна жоңышқа шөбімен қамтамасыз етілген. Жем-шөп дайындау жұмыстары жалғасуда.

Келесі нысан –Тереңөзек кентінде бой көтерген жаңа ықшам аудан. 2018 жылы А.Иманов, Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысынан жаңа ықшам ауданға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жасалған. Қазіргі таңда жер учаскесінде ауыз су, кәріз жүйесі, жылу қазандығымен, газ және асфальт жолдар толығымен қамтылған. №3 және №4 үйдегі жалпы ауданы 2461,44 шаршы метр болатын 42 пәтер пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында Тереңөзек кентін газдандыру жұмыстарының барысымен де танысты. Кентті табиғи газға қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланып, мердігердің техникалырымен материалдары жеткізілген. Ұзындығы 11,5 шақырым болатын жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы №2, №3, №6 газ тарату пунктерінің құрылысы үстіміздегі жылы жүргізілетін болады. 2020 жылы №1, №4, №5 газ тарату пунктерінің құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда жоғары қысымдағы 3 шақырым газ құбыры үшін траншея қазылып, құбырлары орнатылуда. Сонымен қатар, кентте газ құбырын жүргізу жұмыстарына бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстап отыр.

2015 жылы наурызда Ассамблея жылы аясында ауданда «Достық үйі» ашылған болатын. Онда халықпен етене жұмыс істейтін ұйымдар - аудандық ардагерлер, әйелдер, мүгедектер ұйымы, «Қазақ тілі» қоғамы мен өзге де ұйымдар орналасқан. Сондай-ақ, 15 000 жуық кітап қоры бар кітапхана, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» залы, үкіметтік емес ұйымдарды компьютерлермен, ноутбукпен, телефонмен, фото-видео аппаратурамен және т.б. қажетті заттармен қамтамасыз ететін ресурстық орталық бар.

Аймақ басшысы «Достық үйінен» кейін Жастар ресурстық орталығын аралап көрді. Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ 2017 жылы қаңтар айында құрылған. Ғимаратта жастардың демалыс орны, конференция залы, кеңес беру орталығы, өз-өзіне қызмет көрсету мақсатында интернет желісіне қосылған компьютерлер жұмыс істейді.

Жұмыс сапары Н.Ілиясов ауылымен жалғасты. 1966 жылы №1 күріш совхозы болып құрылып, 1992 жылдан бері Нағи Ілиясов ауылы аталған бұл ауылдың жер көлемі 17549 гектар, оның ішінде ауылшаруашылық жер көлемі 13129 гектарды құрайды. Нағи Ілиясов ауылдық округі бойынша 2242 адам тұрады. Ауылда әкімшілік үйі, Түймебай Айтбаев атындағы 640 орындық орта мектеп, 90 орындық балабақша, емхана, 375 орындық мәдениет үйі, кітапхана, 1000 орындық стадион және спорт кешені, сонымен қатар, қазпошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Облыс әкімі бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті.

Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев басқарып отырған «Абзал и К» компаниясы ауылды абаттандырып, халыққа қажетті нысандарды салуға атсалысқан.

Аймақбасшысы Қуанышбек Досмайылұлы Шіркейліауылдық округінде №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейінде болды. 1931 жылы алғашқы бастауыш мектеп болып ашылған білім ордасының орнына 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 600 орындық, екі қабатты типтік жобадағы жаңа мектеп ғимараты салынған. Мектепте информатика, робото техника, мультимедиа, лингафон, тігін және шеберхана кабинеттері, спорт зал, АКТ зал, кітапхана, мектеп асханасы, пән кабинеттері бар. Мектеп жанынан құрылған 60 орындық шағын орталық тұрғындар игілігіне жұмыс істеп тұр.

Содан кейін, «Қалтай Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйі» жұмысымен, «Шіркейлі» ЖК-нің өндіріп жатқан өнімдерімен танысқан облыс әкімі ауыл ардагерлерімен және жастар бригадасымен кездесті.

Қоғалы көл ауылдық округінде ауылдық емхананың және «Шаттық» балабақшасының, аудандық жергілікті маңызы бар автомобиль жолына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысының іссапары Бесарық ауылдық округінде қорытындыланды. Мұнда №147 орта мектеп пен ауылдық мәдениет үйінде болды.

Жергілік тікәсіпкер «Абай-Дәулет» ЖШС басқаратын азаматтар да Бесарықты аймақтағы алдыңғы қатарлы ауылдардың қатарына қосу үшін еңбекетіп, елге игі істер атқарылуда. Аймақ басшысы аудандағы барлық кәсіпкерлерге ел үшін жасап жатқан қызметтеріне ризашылығын жеткізді.

«Облыстың барлық аудандарын аралап шықтым. Тереңөзекке биыл газ келеді. Аудандағы кәсіпкер, меценат азаматтарға алғыс айтамыз. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, туған жерлерін көркейтуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы әлеуметтік дүкеннің жұмысы көңілден шықты. Осы жобаны барлық аудандарда жүргізу қажет», - деді облыс әкімі.

Сырдария ауданының тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жауапты сала басшыларына халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ауданның экономикалық дамуына қатысты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ӨНІМДІ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:05

Кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті қауын-қарбыздың тұқымы, оны өсіру және өңдеу технологиялары талқыланды. «Атамекен» ҰКП мен «Біліктілік орталығы» ЖШС-нің ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған семинарының келесі кезеңі бақша дақылдары бағытында өткізілді.

Семинарға қатысқан аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге «Қайнар» Қазақ жеміс-жидек ғылыми-зерттеу институтының өңірлік филиалының бас агрономы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Жарас Мамырбеков пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің деканы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов дәріс берді. Шарада спикерлер бақша дақылдары, оның ішінде қауын және қарбызға тоқталып, саладағы мәселелерді кәсіпкерлермен бірге жан-жақты қарастырды.

«Қайнар» институтының бас агрономы Жарас Мамырбеков тұқым шаруашылығымен айналысудың маңыздылығы зор екендігін, тұқымның сапасына мән берілмесе, алынған өнімнің тауарлық құнына айтарлықтай әсер ететіндігін айтты. Мысал ретінде қауынның тұқымын алған спикер бізде бақша дақылдарымен айналысатын азаматтардың басым бөлігі қауынды еккенде бірнеше сортты қатар, араластырып егетінін, бұл өз кезегінде тұқымның сапасына кері әсер ететіндігін жеткізді. Ол үшін егілетін сорттардың арасына 500 метрден 1000 метрге дейін бос кеңістік қалдыру немесе тал егу сынды шараларды қабылдап, оқшауландыру қажет екен.

«Соңғы кезде жүргізілген зерттеу жұмыстары гермофродит сорттардың арасына 100 метр де жер қалдыруға болатынын көрсетіп отыр. Ол үшін қауынның бір сортын еккеннен кейін арасына қарбыз немесе асқабақ егіп, содан кейін қауынның өзге сортын егуге болады. Сол кезде тұқым тазалығын 99 пайызға дейін сақтау мүмкіндігі бар. Қазір тұқым шаруашылығымен айналысуды жолға қою басты мәселе болып тұр», - дейді Жарас Мамырбеков.

Жарас Мамырбековтің пікірімен ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов та келісіп отыр. Ол тәжірибе түрінде қауынның «күләбі» сортының тұқымын әзірлегенімен сұраныс болмағанын алға тартуда. Осы жерде Самалбек Қосанов біздің өңірімізде бақша дақылдарымен айналысатын азаматтар оны табыс көзі деп қарамайтындығын, алынған өнімге әлі де болса тұтынушыға ұсынылатын тауар деп қарамайтындығын айтты. Маманның айтуынша, тұқымның сапасына, жалпы тұқымға көрші облыстарда  сұраныс жоғары екендігіне де тоқталып өтті.

Семинар барысында спикерлер қатысушы азаматтарға бақша өнімдерін сапалы тұқыммен қамтып, дұрыс технологиямен өсірген жағдайда айтарлықтай табысқа жетуге болатынын айтып, оның жолдарымен жан-жақты таныстырып өтті.

Ең бастысы, семинарда бақша өнімдерімен айналысатын ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер мен тиісті сала мамандары арасында әріптестік қарым-қатынас орнады. Семинар қорытындысымен қатысушылар алдағы уақытта да осы мамандармен кеңесе отырып жұмыс жасайтын болып тарқасты.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР АЛМА МЕН ЖҮЗІМ ЕККЕНІ ҮШІН СУБСИДИЯ АЛАТЫН БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.09.2019 11:00

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков аймақтағы ауылшаруашылығы тауарын өндіруші кәсіпкерлер үшін «сүйінші» жаңалықты жеткізді.

Осыған дейін, Кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен қолданысқа енгізілген мамандандыру схемасының жергілікті кәсіпкерлердің құқығын шектеп отырғандығы жайлы мәселені түрлі алаңдарда көтеріп келген болатын.

Атап айтқанда, жыл басында Жасұлан Серіков сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарына: «Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасына» сәйкес облыста бірқатар бағыттар бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді  алуға қол жеткізе алмай келген болатын. Мысал ретінде айтайын, «2019 жылдың қаңтар айынан бастап инвестициялық субсидияларды беруде осы мамандандыру схемасын басшылыққа алынсын»,- деп көрсетілген. Бүгінде Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары алма өсірумен айналысуда. Алайда мамандандыру схемасында біздің облыстың аудандарының ешқайсысы да алма бағын өсіру бойынша басым бағыттар қатарында көрсетілмеген. Яғни бұл бағытта іс бастап жүрген азаматтар субсидияға немесе «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржыны алуға қол жеткізе алмайды деген сөз. Мәселен, жанымызда тиіп тұрған Түркістанның кәсіпкерлері алма еккені үшін субсидия алатын болса, жанында тұрған Жаңақорған, Шиелі аудандарының азаматтарына бұл қолжетімсіз. Біз Министрліктен кәсіпкерлерге тең жағдай жасап, бұл тармақты алып тастауын сұрадық», - деп сұхбат берген болатын.

Сонымен қатар, біздің ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріміз картоп пен мақсары еккені үшін, сүт бағытындағы ірі қара мал өсіргені үшін де субсидиядан, сондай-ақ  «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржыдан қағылып келді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының өңір кәсіпкерлерімен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірге тиісті министрлікке берген ұсынысы қабылданып, 2019 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандандыру схемасына өзгерістер енгізді.

Өзгерістерге сай ендігі жерде мақсары еккені үшін Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері, картоп еккені үшін Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданының, алма мен жүзім еккені үшін Шиелі мен Жаңақорған аудандарының, сүт бағытындағы ірі қара мал өсіргені үшін Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарының кәсіпкерлері субсидия, сонымен бірге «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігіне ие болды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


МҰРАТТЫҢ МАРАПАТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.09.2019 17:05

Бүгінгі сөз Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаевтың өнер, шығармашылық жолдағы адамдарға деген ілтипаты жайлы өрбімекші. Бірнеше күннен бері Қазалыда «Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектептің 5-сынып оқушысы Мадияр Серік Болгарияның Варна қаласында өткен Халықаралық «Stars of the world» байқауынан Гран-При иеленіп, байқаудың үш турынан сүрінбей өтіп, қатарынан үш алтын медаль жеңіп алыпты. Қаршадай қара баламыздың орындаушылық шеберлігіне сүйсінген әйгілі әнші Филипп Киркоровтың әкесі Бедрос Киркоров бастаған қазылар алқасы орнынан тұрып, құрмет көрсетіпті» деген жағымды жаңалық желдей есіп жүр. Мұны естігенде өңіміз тұрмақ, түсімізде де көрмеген Варнадағы байқаудың ең биік жеңіс тұғырында құдды өзіміз тұрғандай желпініп, көңіліміз арнасынан асып-төгіліп жтқан киелі Ащыкөлдей шалқығанын несіне жасырайын?!. Талайдың таңдайын қақтырған дарынды өренді ауыл ағалары, ұстаздары мен өнердегі аға-апалары аудан орталығынан күтіп алғанын, аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали мен № 94 мектеп директоры Алик Тілеумбетовтің кездесу жасап, сый-сияпат көрсеткенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Күні кеше Мадияр баламызды Қазалы ауданы әкімі Мұрат Нәлхожаұлы арнайы қабылдап, ілтипат білдірді. «Қаз тойғанына емес, қиғанына семіреді». Қазір дала төсінде еңбек дүбірі қызған шақ. Осындай тіршіліктің қауырт кезеңінде өнер адамдарын аудан әкімінің уақыт тауып, қабылдауына «Алла разы болсыннан» өзге айтарымыз жоқ. Мұндай кездесу облыс орталығында да көрініс тапты.

Сонымен... Аудан әкімі қасиетті Қазалының атын шығарған талантты баланы үлкен жеңісімен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Өз кезегінде Мадиярдың әжесі Дәмегүл Сәрсенбай мен №94 мектептің ән-әуез пәнінің мұғалімі Зағира Исалда жылы шырайлы жүздесу үшін Мұрат Нәлхожаұлына ризашылығын білдірді. Ал, бүгін мұндай қошемет облыс орталығында көрініс табуда. Көпшіліктің арасында кімдер кездеспейді дейсіз?! Бір танысым «Мадиярдың отбасы дәулетті тұратын шығар. Әйтпесе, осындай баға күйіп тұрған уақытта қияндағы Болгарияға барып-қайтуға қаражат табу оңайға түспейді...» деп сөзінің соңын жұтып күмілжіді. Еріксіз жымидым. Қайран, қазағым-ай! Мадиярдың отбасы алыс ауылдағы шаруа қамын күйттеген, қарапайым тірлік кешкен жандар екенін, топтан дара шыққан саңлақ өреннің бағын қайтармауды ойлап ата-әжесі намысқа тырысып қолдағы барын салғаны, осы сапардан қалмауы үшін несие алғандары, тіпті аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған ел ағалары да қолұшын созғаны көз алдымнан сырғып өтіп жатты.

Сондай-ақ, аудан басшысы осы күні танымал ақын, №266 мектеп-лицейдің мұғалімі Сағыныш Өтеулиевамен жүздесіп, шығармашылық туралы ой бөлісті. Кездесуде ақын Сағыныш Мұхитқызы өзінің балалық шағы, өскен ортасы, өмір жолындағы аға-апалары, алғашқы еңбек жолы туралы әңгімеледі. «Жастар жылы» аясында Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің көмегімен 500 дана «Сырұя» атты кітабын шығарған Сағыныш ақын тың туындының тұсаукесер рәсімін Алматы қаласында өткізіпті. Өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартқан ақын қарындасымызға аудан басшысы жүрекжарды лебізін жеткізіп, жыр жинағына құтты болсын айтты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары