Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 01 Қазан 2019

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.10.2019 09:55

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы ауданымыздың ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесіп, оларды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

- Ортамызда жүрген қарияларымызға жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Ауданымызда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асыру көзделген.

Өңірімізде аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында әртүрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени-рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда. Осы ретте, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдарға, жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда, - деді аудан басшысы.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагерлердің бастауыш ұйымдарының жетекшілері мен бөлім басшылары қатысты.

Аудандық ардагерелер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов сөз сөйлеп, мерейлі мерекемен барша жиналған ардагерлерді құттықтады.

Шара соңы ардақты ардагерлерімізге сый-сияпаттар жасалып, аудан өнерпаздарының арнайы дайындалған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

***

Сондай-ақ, аудан әкімі ардагерлер үйінде аға буын өкілдерімен кездесті. Онда ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, алда атқарылатын жобалар туралы бөлісті.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов бастаған ардагерлер мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаулары үшін ризашылықтарын жеткізді.

***

Сол күні аудан әкімі Мұса Оспанұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Бисенбаевтың шаңырағында болып, мерейлі мерекемен құттықтады. Ақсақалға сый-сияпат жасап, ізгі лебізін жеткізді.

«Сіздердің қан майдандағы жанқиярлық ерліктеріңіз бен бейбіт өмірдегі еселі еңбектеріңіз біздің мәңгі есімізде.  Сіздердің өмір жолдарыңыз кейінгі жастарға үлгі болатынына сенімдімін», - деді аудан басшысы.

Өз кезегінде ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.10.2019 09:50

Саналы ғұмырларында тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан ардагерлеріміздің  төл мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, барша Жалағаш ауданының қазыналы қарттарын төл мерекелерімен құттықтады:

- Ауданымызда қазіргі таңда 4000-ға жуық ардагер бар. Олар 79 бастауыш ұйымдарында есепте тұрады. Оны 11 адамнан құралған аудандық ардагерлер кеңесі басқарады. 1500-ге жуық батыр аналарымыз бар. Бұл біздің ауданымыздағы үлкен мәдени-рухани әлеуетіміз, - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Шарада ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосқан бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің Құрмет грамотасы, құттықтауы, Алғыс хаты табысталды.

Келесі құттықтау сөзді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев алып, қазыналы қарияларымызға облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын табыстады.

Жиын соңы қарттар күні мерекесіне орай өткізілген аудандық ардагерлердің ән байқауында өзіндік өнерімен ерекше көзге түсіп, оза шапқан үздіктердің, ардақты ардагер ата-әжелеріміздің концерттік бағдарламасына ұласты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАЛАҒАШТА 4000-дай АРДАГЕР БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.10.2019 09:40

Қарттарын асыл қазына деп ардақ тұтқан егеменді елімізде қарттарымызға қашан да лайықты құрмет көрсетілуде.

1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орайаудан әкімдігі мен «NurOtan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаев ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосқан, қазіргі таңда құрметті демалыста болса да, ауданымыздың мәдени-экономикалық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар ардагерлерді қабылдады.

- Cіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. «Ауылыңда дана қартың болса, жазылып қалған хатпен тең» дегендей, Сіздер тұрғанда кейінгі ұрпақ арқасын тауға тірегендей халде болатынын айтсам артық болмас.

Дана халқымыздың үлкенді қадірлеудің игі дәстүрі өздеріңіз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына тереңсіңген қасиет, - деді аудан басшысы кездесуде.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, М.Шәменов ауылының тұрғыны, ардагер әже Р.Жүсіпова сөз алып, ыстық ықыластарын жеткізді.

Шара соңында аудан басшысы ардагерлерге алғыс, сый-сыяпатта быстап, естелік суретке түсті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ПРОКУРАТУРАДА ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.10.2019 09:30

«Халықаралық қарттар күніне» орай Қызылорда облысы прокуратурасында ардагерлерге құрмет көрсетілді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылдан бастап 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады.

Ұйымға мүше барлық елде бұл күні қарттарға ерекше құрмет көрсетіліп, әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

Осының аясында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары М.Ахметжанов және ҚР прокуратура органдарының Ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлжан Қарақұлова аймақтармен тікелей телебайланысқа шығып, республика көлеміндегі барлық ардагерлерді атаулы күнмен құттықтап, амандық тіледі.

Кездесу барысында Қызылорда облысы прокуратурасының басшылық құрамы да ардагерлермен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын шаруаларды талқылады. Сонымен қатар Қызылорда облысы прокуратурасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлады.

Кездесу соңында ардагерлер өз тарапынан облыстық прокуратура ұжымына алғыс білдіріп, барлық уақытта ақыл-кеңестерін айтып тәжірибелерімен бөлісуге әркез дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп қарттарын қадірлей білген ел.

Бұл тұрғыда прокуратура органдары да ардагерлерін әрқашан назардан тыс қалдырмай, құрмет көрсетіп келеді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


АҒА БУЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛМЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.10.2019 17:20

Қазір Қызылорда облысында 74000-ға жуық зейнет жасындағы қариялар бар. Олардың әлеуметтік мәселелері әрдайым назарда ұсталып келеді. Осы орайда аймақтағы егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған. Соған сәйкес, зейнеткерлер мен ардагерлердің денсаулығын жақсартуға, қоғамдық өмірге тартуға және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Қарттар күні мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысып, ҰОС, тыл және еңбек ардагерлерін мерекесімен құттықтады.

- Біз «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп, үлкенін қадір тұтып, алдынан кесе өтпеген халықтың ұрпағымыз. Ғасырлар қойнауынан жеткен ұлағатты істі бізге жеткізіп, ертеңге ұластыра білген қазыналы қарттарымызды  біз ардақтамасақ, кім ардақтайды?! Бұл – біздің ұлтта қалыптасқан қасаң қағида. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқсанда 1 қазан – Халықаралық қарттар күні деп жариялады.  Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап 69000-нан астам зейнеткердің зейнетақы төлемдері тікелей еңбек өтілімдеріне байланысты тағайындалды,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Аймақ басшысының айтуынша, қазір Қызылордада 150, облыстық қарттар үйінің жанынан 100, қалалық ардагерлер үйінің жанынан 50 және Шиелі ауданында 50 орындық ардагерлерге арналған күндізгі стационарда жағдайларын оңалту бөлімі жұмыс істейді. Бірнеше жылдар бойы қызылордалық қарттар игілігіне жұмыс істеп келе жатқан «Сыр мейірімі» жобасы аясында көмекке мұқтаж 220 жалғызбасты қарияға, мүгедектер мен асыраушысынан айырылған жандарға күнделікті бес мезгіл ыстық тамақ беріліп келеді. Бұдан бөлек, биыл «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» болып белгіленуіне орай облыстан 200-ден астам ардагер Өзбекстан қалаларының тарихи және көрікті жерлерін аралап қайтқан.

Салтанатты шарада Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев та ардагерлердің төл мерекесімен құттықтап, салған сара жолдарының ұрпақ үшін игілікті екендігін айтты.

- Бүгінгі мерекенің орны ерекше. Өйткені ұлтымыз әлімсақтан қартын құрметтеп, төрден орын ұсынған. Осы жерге жиналған әрбір ардагердің Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі зор деп айта аламын. Сіздерді әрдайым үлгі етіп жүреміз,- деді ол.

Содан соң медицина ғылымдарының кандидаты, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ернияз Омаров сөй сөйлеп, шараны ұйымдастырушы тарапқа алғысын білдірді.

- Құрметті ардагерлер! Бүгін ерекше атаулы күн. Сондықтан барша ардагерлер қауымын медицина қызметкерлерінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жылдан-жылға артып келе жатыр. Оның бергі жағында бизнес саласында көптеген жұмыстар істелуде. Дәрігерлер қауымы да елге еңбегін қолдан келгенше сіңіріп жатыр. Сондықтан біз оған өте қуаныштымыз. Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін,- деді.

Облыс ардагерлерінің құрметіне арналған салтанатты шарада қариялар қауымы жайылған дастарқаннан дәм татып, бір-біріне ақ тілектерін ақтарысты. Қауқылдасқан қарттарға облыс өнерпаздары әннен шашу шашып, рухани кеш сыйлады.

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.10.2019 14:00

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев және аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Мадинов Сексеуіл кентіндегі Ұлы Отан соғысының ардагері Жанасов Талжан ақсақалдың отбасына барып, майдангерді мерекемен құттықтады.

Сұрапыл соғыстағы майдангердің көрсеткен ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.

Одан соң Сазды ауылдық округіндегі 109 жастағы  Танымбетова Жонай әжей мен  Аралқұм ауылдық округінің тұрғыны 103 жастағы Еңсепова Тәжігүл әженің шаңырағында болып, ғасыр жасаған кейуаналардың хал-жағдайын сұрап, қарт аналардың иығына ақ жаулық жауып, сый-сияпат пен құттықтауын табыстады.

Сонымен қатар, Жетес би ауылдық округіндегі Су айдау мекемесінде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Тайымов Өтеген ақсақалдың отбасында болған аудан басшысы  зейнет жасындағы қарияны мерекемен құттықтап, ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.

Мереке қарсаңында көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары