Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Сәрсенбі, 02 Қазан 2019

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19 ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
03.10.2019 11:45

Жыл басынан бері Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін  19 адамға қатысты сот үкімі  шыққан.  Олардың 2-еуіне бас бостан­дығынан  айыру  жазасы қабылданса, 12-сіне айыппұл төлеу жазасы белгіленген. Ал қалған 5-еуіне өзге де жаза түрлері берілген. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында болған  17 құқықбұзушылықтың жолы кесілген. Оларға салынған  айыппұлд­ың көлемі  19 млн 420 мың теңгені  құрады. Бұл туралы  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті басшысының  бірінші орынбасары  Б.Ниязов баспасөз  брифингінде мәлімдеді.

Қазір облыста сыбайлас жемқорлық­қа қатысты арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді. Оның мақсаты атынан-ақ айқын: жең ұшынан жалғасқан жем­қорлықтың алдын алу. Күні бүгінге дейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жай-күйіне, атаулы әлеуме­ттік көмек көрсетуге, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатқа және өзге де осы секілді маңызды мәселелерге байланысты мониторинг жүргізіліп, облыс әкім­дігіне ұсыныс жіберілген.

- Магистратуралық,  докторантуралық  білімін  жетілдіргісі  келетіндер әдетте сынама тест тапсырады. Осындайда  сыбайластық  саны  артады. Біз тек білімді  азаматтардың  ғана  оқуға түсуіне  ықпал  жасаймыз, - дейді  арнайы монитори­нгтік топтың жетекшісі Н.Мишуков­а.

Оның  айтуынша, биыл тамыз айында­ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне магистратураға түсуге ниет білдірген 588 үміткердің  437-сінің ұялы телефоны алынып, 38 талапкер тыйым салынған құралдарды (телефо­н, шпаргалка) пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылған.

Алыс-жақын  қалаға  асықсақ, пойыз­ға билетсіз-ақ міне кеткіміз келіп тұратынымыз бар. Осындайда абай болмақ керек­ екен. Мониторингтік топтың «Адал жол» жобасы аясында пойызға билетсіз мінген жолаушыл­арға, оны қабылдаған жолсеріктерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, айып­пұл салынады.

Қазір көлігі бардан қорқатын заман туды. «Көлік техникалық байқаудан өткен» деп жалған құжатпен жалғанды жалпағынан басып жүргендердің жол­дары кесілді. Автокөлікті сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар ЖШС-нен сақтандыру поли­сі­н алуға келген азаматтар қосымша қызмет көрсететін «помогайкалармен» астыр­тын жұмыс істеп, көлікті тексерусіз жалған құжатты алып шыға келеді екен. Есепке келейік. Облыста 142 189 көлік тіркелген болса, оның 20106-сы техникалық байқаудан өтуге міндетті емес. Міндетті техникалық тексерілуге тиісті 122 083 автокөліктің тек ғана 67 670-і тексеруден өткізілген. Қалған 54 413 автокөліктің не себепті техникалық бай­қаудан өтпей жүргендігі немесе олардың жалған құжатпен жүргендігі туралы күмән туғандықтан  полиция департаментіне және көліктік бақылау инспекциясына ұсыныстар жолданған.

Жемқорлықтың жолын кесіп, қоғамды «қоқыстан» тазартуға талаптану тек арнайы мониторингтік топқа жүктелген жұмыс емес. Бұл – бірігетін іс. Ата заңның аясында қызмет қыл­ғанға  қылмыстың да ауылы алыс екенін бәрі  бірдей ұғына алса жақсы.

Әйгерім   НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
03.10.2019 11:35

Әлімсақтан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халықпыз. Жастық жалынын сарқып, туған жеріне тікесінен тік тұрып қызмет еткен қазыналы қариялар қашанда зор құрметке лайық. Осыны ескеріп, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесі ардагерлер ұйымдары төрағаларының облыстық семинар-кеңесін ұйымдастырды. Тақырыпқа орай атап өтейік, облыста бас-аяғы 724 ардагерлердің бастауыш ұйымы бар болса, олардың құрамында зейнеткерлермен қосқанда 74000 ардагер бар.

Семинар-кеңес Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қаланың құрылысымен та­ны­суд­ан басталды. Алыстан айқа­р­а құшағын ашып тұрған «Болашақ» университетінің ауласынан білім ордасының басшылық ұжымы қарсы алып, ардагерлерді жаңа ғимаратпен таныстырды. Облыстағы білік­ті кадр даярлайтын жоғары оқу орындарының бірегейі – «Болаш­ақ». Құрылысы шетел­дік оқу орындарының дизайндық үлгісі негізінде жасалған. «Оқу орны материалдық-техникалық бағамен толықтай қамтамасыз етілген», - дейді білім орда­сының басшылығы. Айтса айтқандай-ақ екен. Ауласы кең. Еңселі ғима­рат­қа  енген  бойда ең­сең көтеріліп, кө­рік­ті көрініске ерік­сіз сүй­сінесің. Осы жылдың қараша айын­да университет құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілмек. Айтпақшы, мұнда тек студенттерге ғана емес, оқу орнының мамандарына  да  қызметтік үй беріле­тін болады. Алып ғимаратты аралап шыққан арда­герлер білім ордасының ұжымына алғысын  білдіріп, жұ­мыстарына сәттілік тіледі.

- Ардагерлер – алтын қазына. Біздің елім­ізде ардагерлерге көп  қамқорлық  жасалып  жатыр. Өйт­кені ол кісілердің өт­кен өмірі – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Облыс ардагерлерінің бастауыш ұйым­да­рының өкілдерімен ауқымды іс-шара өтіп жатыр.  Сол жаға­лауда бой кө­терген «Болашақ» университетінің  ғимаратында тұр­мыз. Жер-жерден кел­ген­ ардагерлер осындай игі істерге куә болып жатыр,- деді Қызылорда об­лыс­ы әкімі аппара­тының Қоғамдық келісім мемлекеттік мекеме­сінің бөлім басшысы  Е.Уәйіс.

«Болашақтан» кейінгі бағыт қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округіне қарай бұрылды. Жан-жақтан жиналған қонақтар Ақсуат ауылдық ардагерлер кеңесіні­ң төрағасы Батырхан Остаевты құрметті демалысқа шығарып салу рәсіміне қатысты. Ол кісі саналы ғұмырын білім мен мәдениет саласын көркейтуге арнаған. Сырдария ауданындағы №143 мектепте қызмет ете жүріп, білім беру саласы­на жаңалықтар енгізді. 1971-2003 жылдары мектеп директо­ры болып қызмет ат­қарғанда 56 «Алтын медаль» иегерінің, түрлі ғылым салалары бойынша  ғылым  докторлары  мен бірнеше ғылым кандидаттарының, өнер адамдарының (ауыл шаруашылығы ғылымдары докторлары Ә.Тоқтамысов, Б.Каратаев, заң ғылымдары кандидаттары Қ.Адыранов, Н.Байқадамов, тарих, география, филология ғылымдары бойынша Қ.Ерім­бе­това, А.Баймолдаева, А.Айт­б­аева, техника ғылымдарының кандидаты Р.Махамбетова, педаго­гика ғылымдары кан­дидат­ы  А.Остаева) шығуы – Батыр­хан Остаевтың жемісті еңбегінің  нәтижесі.

- Көп жылдар бойы туған елдің игілігі үшін жан аямай еңбек етіп келген Батырхан ағамыз өзінің өтініші бойынша құрметті демалысқа шығып отыр. Еңбегімен еленген ардагердің атқарған ауқымды істері кейінгі буынға үлгі болсын деген ниетпен осы шараға мұрындық болып жатқан жайымыз бар, - деді Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев. Содан соң құрметті ардагер Батырхан Остаевқ­а «Қызылорда облы­сының құрметті азаматы» медалі­ және қала әкімі Н.Нәлібаевтың Құрмет грамотасы табысталды.

Қаламыздағы Т.Есетов атындағы №264 мектебінде «Ұлттық тәрбиенің алтын тұғыры,­ салт-сана ұрпаққа мұра» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды. Ардаг­ерлер тобының алдынан мектеп өнерпаздары Құрман­ғазының «Адайымен» қарсы алды. Қонақтар алдымен қайрат­кер Тәкей Есетов ескерткішінің алдына гүл шоқ­тарын қойып, оқушылардың қолөнер туындыларымен танысты­. Осыдан кейін қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова білім саласының ардагер­лерін құттықтап, арнайы сый-сияпат табыстады.

- Құрметті ардагерлер! Алаштың Ақмешіті атанған Қызылорда қаласына қош кел­діңіздер!  «Ардагерін  ардақтаған  ел азбайды» деген. Қарияны құрметтеп, ізгі өмірін кішіге үлгі ете жүру – біздің парызымыз.  Қаламыздың дәулеті мен сәулеті тасып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы күн санап артып келе­ді. Соңғы жыл­дары көптеген тұрғын үйлер бой көтеріп, 7000-нан астам қызылордалық баспаналы болды.  Өздеріңізге белгілі, биыл мамыр айында ҚР Үкі­ме­тінің  отырысында Қызыл­орда қаласының бас жоспары қайта бекітілді.  Осыған сәйкес, қаламызда алдағы уақытта сан сала бойынша  ауқымды жұмыстар атқарылатын болады,- деді М.Қазбекова.

Белкөл  кентіндегі  «Абай»  атындағы сауықтыру және дема­лыс  орнында  ардаг­ер­лерге арналып салтанатты кеш әзір тұр екен. Ардагерлер аттан түсісімен демалыс орнының керемет  көрінісіне куә  болды.

- Құрметті ардагерлер қауымы! Сыр еліне табан тіреп, қаланың керемет орындарын тамаша­ладыңыздар.  Жыл өткен сайын қала ажарланып келеді. Жыл басында қала бюджеті 30 млрд теңгеден бас­талған, қазірге дейін ол 70 млрд-қа артты. Бұл – қаладағы жұмыстардың нәтижелі екен­дігінің дәлелі, - деді қалалық мәслихат  хатшысы Р.Боха­нова. Содан соң қала өнерпаз­дары ән мен биден шашу шашып­, қонақтарға дәм-тұз ұсынылды.

Ал М.Ықсанов атындағы №9 политехникалық кол­леджінде бүгінде 9 мамандық бойынша 500-ге тарта студент білім алады. Колледж дирек­торы Б.Кенбаевтың айтуы бойын­ша колледжде студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Коллед­ждің «Рухани жаңғыру» кабинетінде семинар-кеңестің жұмысы қорытындыланды. Қорытынды отырысты Қызыл­орда облысы ардагерлер кеңесін­ің төрағасы С.Дүйсенбаев жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішов алда тұрған мәселелерді жеткізді.

- Ардагерлер кеңесінің құрыл­ға­нына 31 жыл уақыт болды.­ Құрамда барлығы 29235 ардагер бар. Оның 10-ы – тыл ардагері, 19304-і – мүгедек топтан. Қалалық ардагерлер кеңесі алдағ­ы уақытта ардагерлерге материалдық-моральдық  көмек көлемін ұлғайту, оларға қай кезде де лайықты құрмет пен баға беру, қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктерін  қарас­тыру, мерекелерде сый-сияпат табыстау және өзге әлеумет­тік мәселелерді жолға қою мақсаты­мыз  бар, - деді ол.

Егемен еліміздің алғаш қалыптасу жолында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды тұңғыш ұйымдастырушылардың, мемлекеттігімізді нығайтуға белсенді ұйытқы болған тұлға­лар­дың бірі – Сейілбек Шауха­манов. Биыл қоғам қайраткерінің 80 жылдығы. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ғылыми­-танымдық конференция өтті. Оны Қызылорда облы­сы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев жүр­гізіп отырды. Алғаш сөз алған Н.Мұсабаев С.Шаухамановпен бірге болған көп жылғы қызметін тілге тиек етті.

- Сындарлы сәттерде кадр таңдауда аса ұқыптылық таныта­тын. Алғашқы ауыр кезең­дерде Шаухамановтың шекпенінен шыққан кадрлар осы сыннан мүдірмей өтті. Себебі ол адам таныды, дұрыс іріктей алды және ол таңдаған кадрлар халықты­ң оң батасын алатын. Арал мәселесін шешуде білек сыбана кірісіп, тұжырымды мәселелерді қоюының арқасында теңізді қалпына келтіруге ты­рысты, - деді Н.Мұса­баев.

Профессор Қ.Құдайбергенов, Б.Кәрі­бо­зов, тарих ғылымдарының канди­даты Т.Сәтбай және қалалық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы С.Әбішов Сейілбек Шауха­мановтың  ел дамуындағы қайратке­рлік қызметіне жо­ғары­ баға беріп, келешек ұрпақ  үшін келелі  істердің  басынан  көрінген  тұлға  екендігін айтты. Ғылыми-танымдық кон­фе­ренция барысында пікір айтушылар арасында оқу орын­дарында «Шаухамановтану» сабағы­н енгі­зу қажеттігін де ұсыныс­ еткен­дер болды. Шараға­ қатыс­қан Сейілбек Шауха­мановтың  жұбайы Жұпар апайға құрметпен шапан­ жа­былып, тілектер  айтылды­.

Түйін. Қазыналы елдің қарттары бас қосқан семинар-кеңестің  бас-аяғы осылай өрілді. Кезінде ел мен жерге терін төккен  ерлер  қандай да болсын құрметке лайық. Алыс-жақыннан  жиналған  ардагерлер де ұйымдастырушыларға ақ батасын  беріп, ризашылықпен тарқасты.

 

Әйгерім   НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


РУХАНИЛЫҚ – ҚОҒАМДЫ БІРІКТІРУДІҢ БАСТАУЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
03.10.2019 11:15

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы

«Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылдың желтоқсанында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біздің «Мәңгілік ел» болатындығымызды бекітті.

Елбасы 2015 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне байланысты өткен салтанатты жиында «Мәңгілік ел» идеясына қайта оралды. Жиын қатысушыларына Н.Назарбаев 1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туғандығын мәлімдеді. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік ел болуға бет бұрғандығына назар аударды.

«Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 85-қадамы «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеуге, 89-қадам мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтарын енгізуге арналады. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі қабылданды. Патриоттық актіде Мәңгілік елдің мызғымас Жеті тұғыры аталады: Тәуелсіздік және Астана; Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият; Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы; Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Тәуелсіздік ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларында көптеген түсіндірмелерге ие. Мәселен, халықаралық құқықта тәуелсіздік елдердің өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнамаса да мойындау әрекетіне ұқсас келеді. Саяси тұрғыдағы кейбір түсініктерде Конституциялық құқықтың қағидалары мен институттарын білдіреді. Ішкі саясатта мемлекет үшін халықаралық құқықтың субъектілігін, егемендіктің міндетті бөлігін білдірсе, сыртқы саясатта биліктің бөлінісін айқындайды. Ал, жеке тұлға үшін тәуелсіздік оның құқықтық мәртебесін танытады. Тәуелсіздікті толықтай түсіну баршамыздың рухани өмірімізбен тығыз байланысты деп ойлаймыз.

Елбасы Н.Назарбаев 1994 жылы сол кездегі Жоғары Кеңес мәжілісінде жұрт күтпеген ұсыныс жасады. Бұл батыл қадам жасау үшін жаңа астананың тиімді орналасқан орнын анықтау және 32 өлшемге сай болуы жағынан Ақмола ең қолайлы көрінді. Сол кезеңде Елбасы үлкен тәуекел қимылға барып, бүгінде бұл шешімнің дұрыстығы көрініс тауып отыр. Бүгінгі Нұр-Сұлтан күн сайын даму, өркендеу мен гүлдену жолында. Елордада өз архитектурасымен таңғалдыратын заманауи ғимараттар салынуда. Елбасының пайымдауынша, Тәуелсіздік Астананы тудырды, бірақ Астана біздің Тәуелсіздігімізді дәлелдеді және әрі қарай дамытады.

Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтары әрдайым Тұңғыш Президент Н.Назарбаев саясатының маңызды басымдығы болды. Осы саясаттың нәтижесінде қоғамдағы көпэтникалық, мәдениет пен тілдердің әр алуандылығы еліміздің берік дамуының негізі бола білді. Осы жазда болған Арыс оқиғасы халқымыздың жалпыұлттық бірлігін танытты. Қазақстан халқы оқиғадан кейін шамасына қарай көмегін беріп, салдарын жою мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Зайырлы мемлекет түсінігі елдің дінге деген қатынасын көрсетеді. Зайырлы мемлекетте ресми, мемлекеттік дін болмайды және дін ілімдерінің бірі міндетті саналып, артықшылықтары мойындалмайды. Демек, бірде-бір дін, діни бірлестік, діни ілім және олардың қағидалары мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік билік органдарына ықпал жасауға құқығы жоқ. Мемлекет те оларды насихаттап, қолдай алмайды. Бірақ, қоғамның дүниетанымдық жүйелерінен бас тарта алмаймыз. Өйткені, қоғам дамуының маңызды жағына руханилық жатады. Расында жоғары руханият еліміздің әлеуметтік-саяси, мәдени-ағартушылық міндеттері бойынша жүзеге асырылатын шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады.

Жоғары руханияттың негізі саналатын руханилық адам дүниетанымының негізін қалайтын құндылықтар мен мүдделер жүйесі, дүние, қоғам және өзін-өзі тануына байланысты көзқарастар жиынтығын құрайды. Өз кезегінде руханилық – анықталуы күрделі тұжырымдама. Ол дүние мен адамдағы рух көрінісінің жиынтығы болып табылады. Ғалымдардың басым бөлігі руханилықты адамгершілік құндылықтары мен дәстүрлерінде көрініс табатын, діни ілімдер мен тәжірибеде топтасқан қоғамды біріктірудің бастауы ретінде көрсетеді. Адамның дербес санасында руханилық ар-ұжданмен тығыз байланыста болса, осы руханилық діни насихат, ағартушылық, тәрбие беру жұмыстары арқылы жүзеге асады. Күнделікті өмірде руханилықтың мынадай көріністері бар деп ойлаймыз: отбасы қатынастарында ата-аналар балаларына қоғам құндылықтарына сай тәрбие береді; діни сенімде руханилық айқындалады және дамиды; білімді азамат өзінің талғампаз және дамыған парасатымен руханилықты иеленеді; өнер туындылары руханилықтың дамуына қуат береді; мұқтаж адамдарға риясыз көмек беруді көздейтін қайырымдылық жасау руханилықты арттырады; қоғамдағы адамгершілік, этикалық қағидаларды сыйлау, заңға бағынушылық руханилықтың көрсеткіші саналады.

Рухани қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – тұлға мен қоғамның бірегейлігін қорғаудың тетігі. Қоғамдық өмірдің рухани саласы тәуекелділік, руханилық, діни, дүниетанымдық, білім беру және мәдени құрамдастарынан тұрады. Сондықтан әрбір ел өз азаматтарының діни және мәдени бірегейлігін қамтамасыз ету барысында тұлға, қоғам және мемлекеттің тұрақты дамуы үшін кешенді әрекеттер жасай отырып, рухани қауіпсіздік жағдайын қолдауға тырысады. Бүгінде рухани қауіпсіздіктің маңызды категориялары ғылымда әлі де толықтай зерттелмеген. Қауіпсіздік, рухани қауіпсіздік түсініктері ғалымдар арасында жан-жақты талданбаған. Дегенмен, көптеген зерттеулерде рухани қауіпсіздік қоғамның рухани саласының ахуалы, мәдениетінің дамуы деңгейімен тығыз байланысты екендігі көрініс тауып отыр. Рухани қауіпсіздіктің ерекшеліктерін түсіну үшін әр елдің стратегиялық бағыттарындағы рухани мүдделер мен қажеттіліктер орнын айқындау қажет.

Адамдар инновацияны тасымалдаушы болғандықтан, инновациялық адами капитал мемлекет экономикасының негізі болып табылатын адам мен инновацияның үйлесімділігін құрайды. Негізінен инновация – адамның зияткерлік әрекеті, қиялы мен шығармашылығының нәтижесі. Инновациялар нарыққа ерекшелігі басым жаңа пайдалы өнімдерді шығарып, тұтынушылар мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылады. Мәселен, еліміздегі интернет банкинг жүйесінің қарқынды дамуы, халықтың электронды үкімет сайтын пайдалануға көшуі инновациялық дамудың көрсеткіші деп ойлаймыз.

Өз кезегінде тұрақты экономикалық өсімді осы инновациялардың негізінде дамытып, ұзақ мерзімде қолдауға болады. Дегенмен, тұрақты экономикалық өсім ағымдағы нақты ресурстардың жиынтық сұранымы көлемін қамтамасыз етуі қажет. Бұл үдемелі тапшылық барысындағы өндіріс факторы құнын арттыру қажеттілігін жояды.

2012 жылы Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын жариялағаны белгілі. Бағдарламалық мақаланың негізгі идеяларында адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру, жаңа біліктілікті меңгеру секілді, т.б. міндеттер бар. Жаңғырту үдерістері табыстылығының бес қағидаты ұсынылды: эволюциялық; ортақ жауапкершілік; әріптестік қатысу; ынталандыру; кәсібилік.

Біздің ойымызша, эволюциялық қағидаты ақырындылық және баяулықпен байланысты. Жауапкершілік болса, өз міндеттемеңе алған әрекеттер мен қимылдарға жауап беру құқығы мен борышы. Қоғам мүшелері әр азаматқа және әлеуметтік топқа жүктелетін жауапкершілік түрлерін сезінуі керек. Билік әрбір қоғам мүшесінің жауапкершілікті сезінуді қамтамасыз етіп, ортақ жауапкершілікті айқындайтын және бекітетін әділетті нормаларды тұрақты түрде әзірлеп отырады. Әріптестік қатысу елдің халықаралық деңгейдегі ұстанымын бекітіп, әлемдік қауымдастыққа елдің дамуындағы халықтың рөлін танытады. Ынталандыру адам мінез-құлқы мен әрекетіндегі ішкі ниеттерін қозғайтын процесс және әдіс болып табылады. Негізінен ынталандырушылық әсер қоғам мүшелерінің қызығушылығы, ішкі мүдделер мен мәдени, жеке ерекшеліктерге сәйкес келгенде ғана жүзеге асады. Кәсібилік – түрлі ахуалдарда күрделі әрекеттерді жүйелі, тиімді және сенімді орындаудың көрінісі.

Елімізде өмір сүретін барлық халықтардың ортақ тарихы қоғамның негізгі құндылығы болып табылады. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы ел азаматтары патриоттық сезімі үштұғырлығының негізі деп ойлаймыз. Бұл – Қазақстан халқының бірігуі және ұлттық бірегейлікті бекітудің ең негізгі әлеуетті құрылымы. Мемлекеттік тілді білу – тек заман талабы және қоғам қажеттілігі ғана емес, ол әрбір азаматтың борышы және міндеті. Тілдердің үштұғырлылығы – еліміздегі әрбір азамат табыстылығының іргетасы.

Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап ядролық қаруды таратпау идеясын қолдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік келісімінде жүзеге асып жатқан көптеген іс-шаралардың бастамашысы бола білді. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы барысында қауіпсіз әлем үшін жаһандық жауапкершілік идеясын көтерді. Сонымен қатар, Қазақстанның әділетті және қауіпсіз әлемдік тәртіпке бағытталған «G-Global» халықаралық коммуникациялық алаңы мен «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифестінің бастамашысы ретіндегі рөлі маңызды.

«Мәңгілік ел» идеясы еліміздегі барлық азаматтардың ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан, терең тарихи-философиялық түп-тамырға ие. Идея қазіргі және келешек қазақстандық азаматтардың тарихи миссиясы деп білеміз. Жалпыұлттық идеяның тұжырымдамалары әрбір азаматтың өміріне тәжірибелік және рухани мағына беретіндігіне сенеміз. Сондықтан «Мәңгілік елдің» мызғымас жеті тұғырын нығайту, сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету – баршамыздың міндетіміз.

 


ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА... PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
03.10.2019 11:10

Екі жаһандық соғыста да оңбай жеңіліп, екі мәрте күйреген Германияның бүгінгі хал-ахуалы мен әлем алдындағы ең дамыған озық ел екендігі екінің біріне мәлім. Саяси әлеуеті мен экономикалық жағдайы дүниені он орап алар қазіргі Алманияның әйелден шыққан тұңғыш федералдық канцлері, мемлекет қайраткері Ангела Меркельге мемлекет және қаржы қызметкерлері жалақысының аздығына шағымданып, үкімет басындағыларға ашық хат жолдайды. Айлық табыстарының көлемі қарапайым ғана мұғалімдерден төмен екендігіне қынжыла наразылықтарын білдіріп, жағдай біршама дүрбелеңге жалғасыпты.

Әрине, мәселенің қалай шешім тапқаны бізге қызық. Алайда өркениетті, дамыған неміс халқының ұстаздарға деген­ құрметін бір ғана жағдаймен бағалауға болмас. Ең қызығы, дәл сол мезетте дүние­нің екінші бұрышындағы жапон­ халқы ұстаздармен былай­ша мәміле жасап жатты. Жаһандық көштен бір елі қалыс қалмай, өз дәстүрі мен діліне берік «Күншығыс елінде» ұстаздар адамдар арасында зор мәртебеге ие болумен бірге, қоғамдық және әлеуметтік түрлі жеңілдіктерге де бөленіп жатты. Мысалы, мұғалімдер үшін көшеде жеңілдігі бар дүкендер жұмыс істесе, қоғамдық көлікте, метрода ұстаз­дарға арналған арнайы орын және бар. Жалпы, қоғамның осыншалық құрметіне сәйкес, Жапонияда мектепке мұғалім болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақ десек те бо­лады.­

«Бір  әріп  үйреткен ұстазыңа  өмірлік  қарыздарсың» деген  біздің дана халықтың да ұстаз тұлғасына құрмет, ізеті жұрттан кенде емес еді ғой. Жыр алыбы қарт Жамбыл сөз сүлейі Сүйінбайды, ғылым жолын­а ерте қадам басып, Стамбұлдың бай кітапхана­ларын  аралаған Шәкәрім қажы қазақтың ұлы ақыны, хәкім Абайды шексіз құрметтегенінен-ақ аңғаруымызға болады. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фараби бабамыз бен ұлы даланың кемеңгерлерін тудыр­ған біздің түркі әлемінің білім-ғылым жүйесі әлемнен алабөтен озық, үздік еді. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, болашақтың басшысын да, данасын да, ақылгөй ғалымды, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақ­тасақ, сол ұрпақты тәр­биелейтін  ұстаздарды  да солай  ардақ­тауға  міндеттіміз» деп Бауыр­жан Момышұлы атамыз айтқандай, шын  мәнінде «Ғалым да, шахтер де бас иетін» ұстаздардың шәкірт жүрегін жаула­п алар, адамзат баласы ардақ тұтар не құдіреті бар деп айран-асыр  таңғаламын.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәрбие, үлгі-өнеге беріп, тура жолға салатын дара тұлға – ұстаз. Ұстаздық – мен үшін әлемдегі барлық мамандықтың биігі, шыңы. Мың ғасыр өтсе де, ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген емес, өлмейді де. Өйткені қай дәуір болмасын, қайбір қоғам болмасын сырттай қарағанда қара­пайым ғана көрінгенімен, адамзаттың ең ұлы ісі  болған  білім­нің, өркениеттің мүддесі үшін қызмет етер ұс­таздың ерен еңбегі өлшеусіз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демек­ші, біздің асыл ұстаздарымыз қайсы­бір шәкіртіне бол­масын тек ғана жақсы дүниелерді үйретері даусыз­. Өмірдің соқпақ жолында адаспай, тек тура жолмен талай­ шыңды бағындыруға да тәрбиелейді.

Осы орайда, жадыраған жазда­н кейін, алтын күзбен сағыны­са табысқан алғашқы білім күнімен бірге жететін алтын­дай ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі жақындады. Жыл құсындай сағынтып, жылына­ бір-ақ рет келер мәні мен мағынасы ерек мерекемен барша ұстаздар қауымын және ерекше Арал ауданындағы білім ордаларының бірі №220 орта мектебінің  ұжымын  ыстық  ықыласыммен құттықтағым келеді. Мінеки, тарыдай боп кірген мектебімнен таудай боп шығар сәтке де таяп қалдым. Мектеп қабыр­ғасында  жүрген  шағымда  білім мен өнер бәсекелерінде топ жарып, мерейім үстем түсіп, бір қарыс жеткен әрбір жетістігім – ұстаздан деп білемін. Сіздерге шәкірттік алғысымыз  шексіз!  Ұстаз  үшін шынайы бақыт – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті деп білемін. Аттарыңызды әлемге паш ететін талантты, сенім артар шәкірттеріңіз көп болғай деймін. 2019-2020 оқу жылының түлектері, біз­дер – үкілеп отырған сенімдеріңізді ақтаймыз. Биік белес­терді бағын­дырып, өздеріңіз­дің айтқан ақыл-кеңест­еріңізді болашақ өмірі­мізде  жарататынымызға  сені­мім мол.

Сөз басындағы ойға қайта оралсақ,  Ескендір Зұлқар­найын: «Даңқ пен абыройға кенелу­іме мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» дегендей, ұстаз мәртебесін жете түсініп есейген «шәкірт» Ангела Меркель даурыға наразылық білдірген жұрттың мәселе­сін бір ауыз сөзі­мен шешіп берген екен. Әңгіме ақ­шада емес ғой. Әйтсе де, түсін­генге тәлімі терең болар сөз айтқан тұңғыш әйел-канцле­р сонда жұрт алдына шығып: «Сендердің жалақы­ларыңды сендерді оқыт­қан­дардың  жал­ақы­сы­нан  қалайша  артық қыламын?!» - деген екен.

 

Әсел  АСЫЛБЕК,

№220 мектептің  11-сынып  оқушысы,

Арал қаласы

 


СЫРДАРИЯДАҒЫ СЕРПІНДІ ТІРЛІК PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
03.10.2019 10:55

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы оң бағаға лайық. Құнарлы жері ауыл шаруашылығы саласының өніміне қолайлы болғандықтан, ауданға қарасты елді мекендердің дені күріш егумен айналысады. Сондықтан аудан экономикасының басты сегменті ретінде күріш шаруашылығын алға тартуға негіз бар. Әрине, күрежолдың жанында, теміржолдың бойында, дарияның жағасында қоныстанған ауданда атқарылып жатқан жұмыстар легі аз емес.

Қай саланың жайын айтсақ та, алдымен қаржыға қамшы сілтейтініміз бар. Бұл ретте аудан бюджетінің түсімі 2019 жылға 4 088 424 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1 978 622 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 1 899 291 мың теңге,  210 511 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қаралған.


ТЕРЕҢӨЗЕКТІКТЕР  ОТЫН   ЖАҒЫП, КҮЛ   ШЫҒАРМАЙДЫ

Аудандағы берекелі істің басы-қасында «осы шаруаның нәтижесін көру үшін алды­мен қаржы құю керек» деген инвесторлар табыл­маса, даму  көкжиегі  алыстай­ түседі. Бұл ретте есепті мер­зім ішінде аудан экономикасына 13251,0 млн теңге негіз­гі капиталға инвестиция тартылып, 29,6 пайызға ұлғайды. Дамудың даңғыл жолына түскен Сырдария ауданында орындалуы тиіс жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Қоғамға қажетті барлық сала жанданып, соны серпінге ие болып отыр. Мәселен, газға қосылатын аудан орталық­тарының қатарында Терең­өзек кенті де бар. Кентті табиғ­и газға қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланып, мердігердің техникалары мен материалдары жеткізілген. Ұзындығы 11,5 шақырым болатын жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы №2, №3, №6 газ тарату пункттерінің құрылысы ағымдағы жылдың аяғына дейін жүргізіледі. 2020 жылы №1, №4, №5 газ тарату пункт­терінің құрылысы басталады. Қазіргі таңда жоғары қысымдағы 3 шақырым газ құбыры үшін траншея қазылып, құбырлары орнатылуда. Бұл – алдағы жылу маусымында тереңөзектіктер газ тұтынады деген сөз. Қазір ілеспе газға қосылуға дайындық жұмыстары кент орта­лығында жүргізілуде. Тұр­ғын­дар ауданға газ құбыры жүргізілгелі бері қысқа дайын­дықты бастап кетті. Олар отын-көмірге деп жиған-терген  қаржысына газдың  автоматты  қондырғысын сатып­ алуда. Әзірге кент­те 350-ге тарта тұрғын үй газға қосылады деген жоспар бар. Қалғандары келер жылдың еншісіне қалып отыр.

Бұған дейін айтып жүр­ге­німіздей, қала маңындағы бірнеше ауылдар да «көгілдір отын» тұтынып отыр. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магист­ральды газ құбыры құрылысы аяқталғаннан кейін аудандарға газ жеткізу мүмкіндігі арта түсті. Нәтижесінде 2015 жылы Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары орталықтары мен Байқоңыр қаласын газдандыру жұмысы жүргізілді. Игі іс өзге аудандарда да жалғасып, биыл Сырдария ауданында автоматтандырылған газ тарату стансасының құ­рылысы аяқталып, кентіші­лік газ құбырларын жүргізу жұмысы басталған еді. Жобаның құны – 2 млрд 442 млн теңге, республикалық бюджеттен  525 млн теңге, облыс­тық  бюджеттен 14 млн теңге бөлінген. 2020 жылға қарай республикалық бюджеттен 1 млрд 680 млн теңге, облыстық бюджеттен 188 млн теңге­ бөлінеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Сырдария аудандық бюджет есебінен 30 млн  854 мың теңге қаржы бөлі­ніп, биыл кент орталығындағы 9 әлеуметтік нысанның бу қазандықтары ілеспе газға ауысады. Бүгінде газ желісін тұрғын үйлерге кіргізу жұ­мыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта «ҚызылордаГазМонтаж» бен «ҚазЭнерго­ПроектСтрой» серіктестіктері қызу жұмыс жүргізуде. Тұрғын үйге газ кіргізу бағасы – 115 мың теңге, белгі­лен­ген қаражатты бөліп төлеуге де мүмкіндік бар. Өзге өңір­лермен  салыстырғанда  арзан баға мен төлеу механизмінің жеңілдігі  тұрғындарды  қуантып  отыр.

- «ҚызылордаГазМонтаж», «ҚазЭнергоПроект­Строй» ЖШС уақытпен санаспай  жұмыс  істеуде. Себе­бі, тұрғындар тарапынан өтініш өте көп. Биыл 350 отбасы газға  қосылады  деп жоспарлаудамыз. Бүгінде  25  үйге газ  құбыры  тартылған, - деді Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Бахтияров.

КЕНТТІҢ  ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫП   КЕЛЕДІ

Сексен жылдық тарихы бар Сырдария ауданының әкімі қызметіне жуырда Руслан Рүстемұлы тағайын­далды. Барған басшы да жай отырған жоқ. Ауданға қарасты ауылдар мен кенттің жұмысымен танысып, іркіліп тұрған істердің алға жылжуы үшін шешім қабылдауға белсене кіріскен. Мәселен, енді ғана кенттен бой көтеріп жатқ­ан жаңа ықшам ауданның инфрақұрылымдық жұмысымен  танысты.

- Бүгінде жоспарлы жұ­мыс­тар кезең-кезеңімен іске асуда. Бөлінген қаржылар уақытылы игерілуде. Мердігер мекеме жұмыстарды биыл­ғы жылдың 15 желтоқ­санына дейін аяқтап, жыл соңы­на дейін пайдалануға берем­із деп жоспарладық. Жобаланған инфрақұрылым жобасы аяқталған кезде барлығы 746 жер телімі пайда­лануға  беріледі. Тереңөзек кенті бойынша жер кезегінде тұрған 968 тұрғын бар екенін ескерсек, жер кезегі алға жылжиды. Бұл өз кезе­гінде тұрғындардың жеке баспанасын салуға жол ашады,­ - деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім­нің басшысы Асылбек  Абдуов.

Аудан басшысы жаңа ықшам ауданның инфрақұрылым жұмыстарының сапасы­ мен уақытылы жүр­гізілуі тұрақты қадағалауда болу керектігін жеткізді. Бөлінген қаржы толықтай игерілуі тиіс екеніне назар аударып, сумен жабдықтау және қиыршық тас жолын салу жұмыстарына байла­ныс­ты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минис­т­рлігімен тиісті жұ­мыстарды  жүргізу  қажеттігін  айтты.

Жалпы, «Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған  даму  бағдарламасы»  аясында  кент  және  ауылдық  округтер бойынша құны 3 млрд 282,2 млн теңгені құрайтын 141 жоба бекітілген. Ауданның құрамына 1 кент және  13 ауылдық округ кіре­ді. Әкімшілік орталығы – Терең­өзек кенті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, өнеркәсіп орындарының ашылуымен, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы­мен, денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеу­меттік қорғау салала­рындағы жүйелі жұмыстың оң­тайлы динамикасымен сипат­талады.

 

САЛАЛЫҚ    ЖҰМЫСТАР  ЖҮЙЕЛІ

Жыл басталғалы өнер­кәсіп орындары қолда­ныстағы бағамен 596 млн теңге­нің өнімін өндірді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,8 па­йызға өсті. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 408,9 млн теңген­і құраса, жеңіл өнер­кәсіп көлемі 14,7 млн теңге болып, 2,1 есеге артып отыр. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылдың жартыжылдық есебімен жалпы өнім көлемі 1675,3 млн теңгені құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ауданның осы бағыттағы тауар өндірушілері 33525 гектарға дақылдар орналастырды. Оның ішінде күріш 20880 га, жаздық бидай 1728 га, мақсары 300 га, сүрлем жүгері 10 га, жаңа жоңышқа 3019 га, ескі жоңышқа 6700 га, картоп, көкөніс, бақша 830 гектарды құрады. Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдарында ескі жоңышқа дақылының І орымынан 5840 тонна құнарлы мал азығы шөбі жинал­ып, орта өнімі  13,0 ц/га-дан  келді.

Мал шаруашылығы бағытын­да да атқарылып жат­қан жұмыстар легі көш соңын­да  емес. Мүйізді ірі қара 34603 бас, жылқы 14736 бас, түйе 1286 бас, қой мен ешкі 33152 бас, құс 12485 бас­ты құрады. Сондай-ақ, мал шаруа­шылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезең­де ет өндірісі 1,3%-ға (1388,9 тонна), сүт өндірісі 1,1%-ға (2663,5 тонна), жұмыртқа 2,1%-ға (69,3 мың дана) дейін  ұлғайды. «Сы­баға­»   бағдарламасы бо­йынша «Қалмұрат» шаруа қожалығы «АШҚҚ» Қызыл­орда фи­лиалынан 52 мил­лион теңге несие рәсімдеп, 104 асыл тұқымды қалмақ сиыры­н Ресе­й мемлекетінен сатып алса, 3 шаруашылық құры­лымы («Нұрсерік», «Мақсат», «Райым» ШҚ)          200 миллион теңге несие алып,  400  бас  асыл  тұқымды­  мүйізді  ірі  қара  малын саты­п алу жұмыстарын жүргізуде. Биыл «Сыбаға»  бағдарла­масы шеңбе­рінде 2  шаруа­шылық  құрылым­дары 1532 бас қой сатып алып,  күтіп-бағуда.

 

КӘСІПКЕРЛІК   КӨШІ  ІЛГЕРІЛЕУДЕ

Статистикалық көрсет­кіштерге сәйкес аудан бо­йынша  ағымдағы  жыл басынан  бері 2200 шағын  және  орта кәсіпкерлік субъектілері тір­келген. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1969-ды құрап отыр. Жылдық айналым  қаражаты 2 млн теңгеден астам кәсіп­керлік субъектілерінің саны – 338.

Соңғы жылдары шағын және орта кәсiпкерлiк сала­ларының арқасында экономиканың серпiндi дамып келе жатқа­ны белгiлi. Ең бастысы, шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары­  болған  сайын,  сұраныс та арта түседі. Оның жалпы ішкі өнімде де өзiндiк үлесi бар. Әлеуметтің әлеует­тік  белсенділігін,  азамат­тардың іскер­лігін арттыру арқыл­ы ғана эконо­миканың дамыған өркениетіне  ілесуге  болады.

«Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында 2017 жылы құны 854,5 млн теңген­і құрайтын 37 жоба жү­зеге асырылған. Қазіргі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыт­у» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауыл шаруашылығын қолдау қо­рынан ауылшаруашылық өн­дірістік кооперативтері түрлі бағыт бойынша несие алып, жұмыс  істеуде.

 

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ  ДЕҢГЕЙІ  ТҰРАҚТАНҒАН

Ауданда экономикалық белсенді халық саны 18046-ны құрап отыр. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына хабарласқандар саны 986 адам болса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қам­тылғандар саны – 821, оның 208-і – тұрақты жұмыспен қамтылғандар, ал жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға тұрақтанған.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдар­ға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші  бағыты  аясында  қайта даярлау курстарында 2019 жылы 100 адамды оқытуға облыс­тық бюджеттен 26366,0 мың теңге қаржы жоспарланып,  «Визажист», «Маникюр», «Шаштараз», «Тігінші», «Кондитер» мамандықтары бо­йынша оқу курстарына  59  адам жолданып, 3000,0 мың теңге қаржы игерілді. «Дәнекер­леуші», «Ағаш шебері» және «Пластикалық өнімдер конструкторы» мамандықтарына ниет білдірушілердің құжат­тары қабыл­дануда. Басымдыққа ие болған екінші бағыт аясында ағымдағы жылы 125 адамды шағын несиемен қамтамасыз ету жоспар­ланып, бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  Қызылорда филиалы арқылы барлығы 31 адам несие алған, оның ішінде 8 жас кәсіпкер 28290,0 мың теңге қаржылай қолдауға ие болды. «Жаңа бизнес­ идеяларды іске асыру» тетігі бойынша 50 адамға қолда­у көрсету жоспарланып, республикалық бюджеттен 12625,0 мың теңге қаржы қа­ралған. Бағдарламаның үшін­ші  бағытына сәйкес  әлеумет­тік жұмыс орындарына рес­публикалық бюджеттен 10723,0 мың теңге қаралып,  17 мекемеге 42 адам жолданып, 2975,0 мың теңге қаржы игерілді. Жастар тәжірибесіне 100 адамды қамту көзделіп, республикалық бюджет есебінен 37875,0 мың теңге және жергілікті бюджет есебінен 9848,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджет­тен 61893,0 мың теңге қаралып, 461 адамды уақытша жұмыспен қамту көзделсе, бүгінгі күнге қаржының тиісті мөлшері өз мақсаттарына игерілді. Ал әлеуметтік аз қамтылға­н  отбасылардың  атау­лы әлеуметтік көмек алуға жүгін­гендерге  келісімшарт  жасалы­п, ақшалай   көмек  таға­йын­далды.

Жыл басынан бос жұмыс орындарына 83 жұмыс берушіден 101 сұраныс келіп, 6 рет жәрмеңке ұйымдастырылған, нәтижесінде 99 адам тұрақты жұмысқа  орналасты.

 

СПОРТТАҒЫ   СЕРПІЛІС

Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған №11 балалар-жасөспірімдер мектебінің негізі 1969 жылы қаланып, аудандық білім бөлімі жанынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болып ашылғ­ан. Мектепті алғаш басқарған аудан спортының өркендеуіне өзіндік үлесін қосқа­н волейболшы Кеңес Иноятовтың есімін аудан халқы­ жақсы біледі. Оның спорт саласына сіңірген еңбегі кезінде лайықты бағасын алған.­ Көптеген шәкірт тәр­биелеп, волейбол, шахматтан облыс чемпионы атағын алған байырғы спортшы зейнеткерлікке шыққанша спорттан алыстаған емес. Кейін спорт мектебін Бақытжан Абдулпаттаев, Төлеген Бекенов, Пазылхан Абдулпаттаев, Жұмабек Дәрмен, Марат Ерташов, Шәкір Қиықбайұлы, Серік Камалов, Жарасбек Ермекбаев басқарса, қазіргі уақытта Бағдат­ Есенов басшылық етеді.

2013 жылғы 7 шілдеден бастап­  Қызылорда  облысының дене шынықтыру  және спорт басқармасына қарасты «№11 Сырдария ауданының  балала­р-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекем­есі болып өзгерді. Аталмыш мектепте 13 спорт түрі бойынша оқу-жаттығу жұмысы жүргізіледі. Спорт мектебінде 21 мұғалім-жаттықтырушы дәріс береді. Олар тоғызқұмалақ, волейбол, көгалдағы хоккей, таеквондо, жеңіл атлетика, дзюдо, қазақ күресі, ауыр атлетика, қол добы, самбо, белбеу күрес, еркін күрес, футбол сияқ­ты спорт түрлерінен 800-ге жуық оқушыны жат­тықтырады.

Есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйе­лі түрде шұғылданушылар қа­тары  28,3  пайызға артып, 10992 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі  таңда мемлекеттік-әлеу­меттік тапсырыс шеңбе­рінде  бюджеттен 11,1 млн тең­ге­  бөлініп, 26 спорт нұсқау­шы­сы  13 елді мекенде 3 960 адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді­. Қазіргі таңда ауданда 130 спорт нысандары жұмыс істесе, облыс­тық бюджеттен Ақжарма ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға 3033,0 мың теңге қаржы қаралды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақса­тында атқарылып жатқан әлеу­м­еттік жоба аясында ауданда 1 штаттық негізде 2 жаттық­тырушы 30-дан аса азаматы спорттың пауэрлифтинг, тоғыз­құмалақ, шахмат түр­леріне баулуда. Мүмкіндігі шектеулі  жандарды  бұқаралық спортқа тарту мақсатында спорттық-көпшілік іс-шара өткізіліп,  оған  50-ге тарта адам  қатысты.

 

БІЛІМ  мен  МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА  БӘСЕКЕ  БАР

Айрықша назар аударуды қажет ететін салалардың бірі – білім. Басты құндылықтар қатары­ның толығуына шек­теусіз үлес қосатын білім саласына сырдариялықтардың әзірге айтар шағымы жоқ. Ауданға­  қарасты   барлық  білім мекем­елерінде 2018-2019 оқу жылында 1128 педагог кадр жұмыс  істеді. Олардың 1066-сы – жоғары білімді, 62-сі – арнаулы орта білімді мамандар. Педагог кадрлардың 136-сы – жоғары, 473-і – бірінші, 365-і – екінші санатты (154-і білік­ті­лігі жоқ) мамандар. Жоғары және  бірінші  санатты  мұға­лімдер  54 пайызды құрайды. Біліктілік арттыру курстарының барлық бағыттары бо­йынша  білім  сатысынан  өткен мұғалімдер  саны – 234.

Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің жас мұғалім­де­рінен құрылған «Кемел болашақ» үгіт бригадасы облыстан бас жүлде иеленіп, Ақмола облыс­ындағы «Жұмбақтас» шипажайына тегін жолдама ұтып алды. Аудан бойынша  17 мектептің 16-сы – типтік, 1-еуі – ыңғайластырылған мек­теп­ (№210 мектеп). Бастысы, ауданда апатты жағдайдағы және 3 ауысымда оқытатын мектеп жоқ. Жалпы білім бере­тін пәндер бойынша рес­пуб­ликалық олимпиаданың об­лыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін Сыр­дария  ауданы командасы  ІІІ дәрежелі «Ең үздік олим­пиа­далық команда – 2019» дип­ломымен марапатталды. Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне ауданнан 16 оқушы қатысып, жүлделі  орындар  алды.

Бүгінгі таңда ауданда 1 сана­торлы, 16 мемлекеттік, 5 жеке балабақша, 6 толықкүнді шағын­ орталық жұмыс ат­қаруда. Мектепке дейінгі мекемелерде де балалар тәрбиеле­ну­де. 2019 жылғы ҰБТ-ның қорытындысында аудан бо­йынша орташа балл 88 ұпайды құрады. Сондай-ақ, «Алтын белгіні» – 21, «Үздік аттестатты» 18  оқушы  иеленді.

Мәдениет саласының мәйегі руханияттың үлгісі екені мәлім. Халықтың рухани кемелденуіне септігін тигізетін бұл саланың өзіндік ережелері мен талаптары бар. 40 мыңдай халқы бар ауданда 35 мәдениет­ мекемесі бар. Аудан­дық мәдениет мекемелері  ақылы қызмет те көрсете­ді. 2019 жылдың 6 айында 430 мәдени шара ұйымдас­тырылып, 62052 кө­рермен қамтылды. Аудан жастары мен өнерпаздарын өнерге бау­лып, сахнаға да­йындау мақсатында 90 үйірме жұмыс істейді, қатысушы саны – 1268. Аудандық орталықтан­ды­рылған   кітап­хана­лар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 421488 дана кітап бар. Оның 245483 данасы – қазақ тіліндегі кі­таптар.

Қызылорда облысындағы Сырдария ауданы өзі аттас көне дария бойында орналасқан. Бүгінгі аумағы 43,7 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Аудан – тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Жер атаулары қоғам, адам өмірімен, халықтың тілі және оның тарихымен, ғасырлардан келе жатқан мәдениеті, діні, саяси тірлігімен етене, тығыз байланысты. Бүгінде ауданға қарасты Тереңөзек кенті, Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Ақжарма, Іңкәрдария, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінде де жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Н.ҚАЗИ

 


МҰҒАЛІМНІҢ МЕРЕЙЛІ МЕЗЕТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
03.10.2019 10:40

Осынау қарапайым да жауапкершілігі мол мамандық иелері мұғалі­мдер туралы жиі айтылып та, жазылы­п та жүргені белгілі. Десе де, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап,­ өзгенің баласын бауы­рынан өрбіген перзентінен кем көр­мейтін абзал қауымды қалай мадақ­тасақ та жарасымды.

Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болған­ «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, зейнеткер ұстаз Қалия Дәулетова – өзінің парасат-пайымы, сабырлы мінезі, білік-танымымен шәкірттерінің сый-құрметіне, көпшіліктің ризашылы­ғына бөленген жайсаң жан. Қазақта «жақ­сыл­ар жақсымын деп айта ал­майды» деген даналық сөз бар. Алайда асылды ешқашан тот баспайтыны тағы рас.

Қалия Үкімашқызын танитын­дарға «бұл апай кім, қандай адам?» деген­ сауал қойсаңыз, «үлгілі отбасының тірегі, беделі биік ұлдардың анасы,­ балдан тәтті немерелердің әжесі, өмірден ерте кеткен марқұм Марат есімді есіл ердің «перзенттерімді жеткіз» деген аманатына қиянат жасамаған жар» деген жауап есітуің­із  даусыз.

Теңіз төскейінде атауының өзі құлағыңызды елең еткізетін «Құланды» деген елді мекен бар. Біздің кейіп­керіміз сол Құландыда дүниеге келген. Мәскеу олимпиадасы өткен тұста ЖенПИ есімімен баршаға аян, екінің біріне студент атану бақыты бұйыра бермейтін Алматы қыздар педаго­гикалық институтын география және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген Қалия туған жері айдынды Аралға жол тартты. Алғаш­қы еңбек жолын №83 орта мектепте ұзартылған топтың тәрбиешілігінен бастаған жас маман араға тура он жыл салып Арал теңізі теміржолшылар балабақшасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Қалияның өмір жолындағы тәжірибесі де шыңдала түсті. «Тау баласы биіктікті аңсайды» деседі. Өз мамандығы бо­йынша  география пәні мұғалімі болып жұмыс істеген аралдық Үкімаштың  Қалиясын  ұлағатты  ұстаз  ретінде­  көп­шілікке   танытты.

Қалия Үкімашқызы білім беру жүйесінде әлемдік стандартқа сай бет бұрып, жаңа технологиялық табыс­тары мен заман талабына сай жаңаша атқарып жатқан жұмыстары арқылы, болашақта еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын білікті маман даярлайтын инновациялық оқу процесін жолға қойды. Оқушыларға білім стандар­тына сай білім мен тәрбие беріп, оқыту барысында шәкірттерінің танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырып дамыту бағытында әрбір сабағ­ын оқытудың озық технологияларын пайдаланып өткізуге баса мән беретін. Байырғы ұстаздың «География сабағында дамыта оқытудың тиімділігі» деген өзекті мәселені педаго­гикалық тәжірибесінде терең зерттегенін кезіндегі әріптестері бізге мақтанышпен жеткізді. Тынымсыз ізденіс, бай тәжірибе өз жемісін берген­ін атап кеткен жөн. Қалияның қарапайым ұстаз ретіндегі жеткен жетіст­ігіне аз-кем тоқтала кетсек. «География сабағында дамыта оқы­тудың  тиімділігі» тақырыбындағы оқу- әдіс­темелік құралы жарық көріп, облыс көлемінде таратылуға ұсынылды. Іле-шала педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Судың табиғатта таралуы, су айналымы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арт­тыру институтында «Педагогтердің біліктілігін қашықтықтан жетілдіру мәселелері: ізденіс пен тәжірибе» тақыр­ыбында өткізілген ғылыми-практикалық республикалық кон­ференциясында Online режимінде «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері» атты жасаған баяндамасы жинаққа енгізілді. Сондай-ақ, ғылыми мақалалары  БАҚ  беттерінде жиі жария­ланып тұрды. «Өрлеу» біліктілікті артты­ру ұлттық орталығы» акционерлік қоға­мының филиалы Қызыл­орда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру инсти­тутының қолдауымен «География пәнінен электрондық орта» тақырыб­ындағы элек­тронды жинағы жарық көрді. Білім берудег­і жаңашыл, шығармашыл, нәтижелі еңбегі үшін Қызылорда об­лыст­ық білім басқар­масы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Алтын глобус» номинациясын жеңіп алды.

Елі сыйлағанның есікте отырмасы белгілі  жайт. Қалияның №2 облыстық арнайы  санаториялық мектеп-интерн­ат директоры қызметін ат­қаруы­ мұғалім қызына деген халқының ықыласы, сала  басшыларының сенімі болатын. Ал сенімге қылау түсіру біздің кейіпкеріміздің  табиғатына жат дағды. Осы жылдары оқушыларға білім  стандартына  сай  оқу  мен тәр­бие беруде  сіңірген  еңбектеріне  орай  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. «Мен тұратын үй-2011» интернаттық мекемелер жатақханалары байқауында жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда Қалия Дәулетова – ұзақ жылғы ұстаздық еңбегінің зейнетін көріп отырған абзал  ана.

Мақаламызды Арал аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарованың «Қалия Үкімаш­қызы – аса сыпайы, мәдениетті, сырбаз, үлкен-кішімен  тіл  табыса  білетін нағыз­  ұстаз!»  деген  бағасымен  түйін­дегіміз  келіп отыр.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Арал  ауданы

 


АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
03.10.2019 10:35

Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомли­нский «Мұғалімдік маманды­қ – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытыры­ғы мол рухани жан дүниесіне­ үңіле білу. Педагогикалық шеберл­ік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» - деп, ұстаздық өнерге­ ерекше баға бергені белгілі. Сондай табиғатынан ұстаз болып жаралған адамның бірі менің алғаш­қы ұстазым Айдарбек Табынбаев еді.

Алғашқы ұстазым Айдарбек ағай туралы естелік жазу маған оңайға соқпад­ы. Көз алдыма қазіргі Жан­қожа батыр, сол кездегі Қазақстанның 40 жылдығы атындағы шаруашылық, туған ауылымда орналасқан шағын мектебім, сол мектепке ат­та­ған алғашқы қадамым, балалықтың бал кезеңі, ата-анам, өзім өскен ауылдағы  тәлім-тәрбие  берген ұстаздарым, тай-құлындай тебісіп бірге өскен  құрдастарым, бәрі-бәрі тізбектеліп, күні кешегідей орала берді. Қым-қуыт тірлік пен қызу жұмыста жүріп, кейде  соның барлығын еске алуға  да  уақыт жете бермей­тіні  ойыма­  келді.

Мектеп табалдырығын аттаған сонау 1967 жылы бізге ең алғаш әріп үйреткен, бұл күнде марқұм болған Айдарбек Табынбаевтың жарқын бейнесі әлі көз алдымда.

Ағай сұсты да салмақты адам еді. Өзі Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ұстаз екенін бала болсақ та біліп, сезінетінбіз. Алдында отыр­ған оқушыларының оқыс қылықтарын қиядан байқай қоятын. Кейбір тентектеу балалардың мектепте не дала­да оқыстау ойнап, ожарлау сөйлегендері болса бәрін көріп, бәрін ести­тін. Ойлағаныңның бәрін біліп қояды. Көрерін көріп, есітерін естіп кете берсе бір сірә ғой. Жоқ, олай етпейтін. Айғайлап, ақырып, жекірмейтін, салмақтап сөйлеп-ақ сазайың­ды беретін. Сондықтан оның алдына екінші рет кінәлі болып­ барудан көбіне сотқарлау балала­р  айбынып жүретін.

Біздің Айдарбек ағай педагогикалық шеберлігі мол, өзіндік оқыту әдісі бар, туабітті ұстаз болғандығын айтқым келеді. Ағай математика сабағ­ында ойын элементтерін шебер қолданатын. Сыныптастарымның да есінде шығар, ол уақытта Кеңес үкіметінің қызыл тулары дүкендерде­ кішкене жалауша түрінде сатылатын. Арифметикадан есеп шығарғанда берілген тапсырманы өз бетінше кім алдымен шығарса, сол оқушыға барып­ туыңды тік дейтін. Қуана келіп, қызыл жалаушаны партамыз­ға орналастыратынбыз. Тігілген туды ары қарай желбіретіп, құлатып алмау үшін тапсырманы орындауға құл­шына­ кірісетінбіз.

Одан кейін есімде қалған тағы бір жайт, ағай ойнататын елеуіш ойыны. Бес-алты оқушы тұрады да, көбейту кестесінен ағай сұрақ қояды, сұраққа тез жауап бергендер тез орнына отырад­ы, жауап бермесең сүмірейіп тұра бересің, өз обалың өзіңе. Міне, қазіргі кезеңдегі оқыту барысында сол ойын элементтерін пайдалану конструктивті оқытудың  негізгі шарты болып табылады. Баланы білім алуға ұмтылдыру, мотивация берудің көрінісі. Олай болса, біздің ағай сол уақытта сол оқыту әдіс­терінің негізін қалаған ұстаздардың бірі де бірегейі болғандығы даусыз.

Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатынбыз. Ағай ата-аналар жиналысына келген әкеме мені көрсетіп, «осы қызың түбінде мұғалім болады» дейтін. Ұстаздың көрегендігі шығар, бүгінгі күні ұстаздық жолда жүргеніме де 35 жылдан астам уақыт өтіпті. Қаншама ұстаздан дәріс алдық, алдымыздан қаншама шәкірттер өтті. Мектептен түлеп, университет біті­ріп, аспирантурада оқыдым. Кандидаттық диссертация қорғадым, академиялық профессор атағын алдым. Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетте ширек ғасырдан астам абыройлы еңбек етіп келемін.

Мен үшін алғашқы ұстазым Айдар­бек ағайдың орны ерекше. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Себеб­і, оқушы білімінің бас­тапқы іргетасы қалай қаланса, кейінгі болашақ өміріндегі жолдары жарқын болады. Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін бойым­ызға сіңіру жолында аянбай еңбек еткен, бар білгенін үйретуден жалықпаған қайран ұстазымыз Айдарбе­к Табынбаев ағай қазір арамыз­да жоқ. Ұстаздың біз үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Жарық дүниеге әкелген, өмір нәрін сепкен ата-анамызға  қалай  қарыздар болсақ,­ осынау жарқын  өмірге  жол  сілтеген ұстаздарымызға да солай қарыз­дармыз.

Сондықтан да, осынау асыл жандар­дың еңбегін зая кетірмей, үмітін ақтау – борышымыз.  Ұстаз еңбегі – ұлы  еңбек.

Жуырда Үрмәш Түктібаев ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, 84 жасқа қадам басқан Сейілхан Манау­ есімді көкемізге де біздің Айдарб­ек Табынбаев ағайдың соғыста­н жараланып келген кезінде бастауыш  класта  сабақ  берген ұстазы­ екенін естігенде қайран қалдым.­ Ағайдан абыз ақсақалдардың да дәріс алғанын білгенде ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деген даналық сөзі ойыма оралды.

Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – ұстаздың еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін асыл ұстаз Айдарбек ағай қаншама тер төкті десеңізші! Мар­құмның жаны жаннатта болғай!

 

Клара  ДӘРМАҒАМБЕТ,

Қорқыт  ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің академиялық профессоры, химия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі

 


СҰЛУТӨБЕДЕГІ САЛЫМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
03.10.2019 10:20

Кез келген қазақтың бойынан жылқыға деген жылылықты бай­қаймыз. Қанда бар қасиет болған соң, оны ұлттан бөле-жарып қарау мүмкін емес. Тұңғыш Президен­тіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында «Атқа міну мәдениеті» туралы айты­лады. Иә, атқа міну – өз-өзімізді тану, өзгеге таныту. Елімізде ат спортына көп көңіл бөлініп келеді. Алыстағы ауыл-аймақтағы ағайындар да ат спор­тының дамуы үшін қолдан келгенін аянар емес.

Өткен жексенбіде Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында Тәңір­берген Мырзахметовты еске алуға арна­лған облыстық салым өтті. Ат додасына арысы Жаңақорғаннан, берісі Сырдариядан шабандоздар қатысып, ат спортының көркін қыздырды. Тәңірберген ақсақал – аузы дуалы, сөзі уәлі, ауыл-аймақ­қа  беделді, бес уақыт намазын қаза қылмаған кісі. Мұны көзін көргендер  дәлелдей  түседі.

- Қазақта «ама­нат­қа қиянат жүр­мейді» деген жақсы сөз  бар  ғой.  Әкеміз көзі тірісінде «9 мамырға қарсы бір салым берсек» деп еді, сол уақытта ауырыңқырап қалды да, жоспарлағанымыз кейінге шегерілген болатын. Мінеки, бүгін реті келіп отыр. Шыным­ды айтсам, мұндай  жоғары­ деңгейде  өтеді  деп  ойламадым.  Бұл – шабан­доздардың бірлігінің, ұйымшылдығының  арқасы. Бір жағын­ан,  ұлттық  спортымызға  деген­  жана­шырлығымыз  ғой.  Додаға­  түскенде қаны қызбайтын қазақ жоқ шығар­, - дейді Тәңір­берген ақса­қал­дың  ұлы  Қайрат Мыр­зах­метов.

Жылқы  мен  адамның  түсінісуі ат спортында ерекше маңызға ие. 100-ден аса көкпаршы бақ сынаған додада барлығы 23 салым болды.­ Яғни, 5 мың теңгеден 11 салым,   10 мың теңгеден 5 салым,  15 мың теңгеден 4 салым және қой, өгіз, тай салым. Қой мен тай салымды қызылордалық Бағлан Нартаев салса, өгіз салымды «Бақторымен» Дамир деген шабандоз өз атына жазды. Одан бөлек ақшалай салымдарды Жаңақорған, Шиелі мен Сырдариядан, басқа да ауылдардан  келген  шабандоздар  салып­  жатты.

 


Жамбыл мен Тұрмағамбеттің кездесуі PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
03.10.2019 10:00

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галерея­сының архивінде баға жетпес көптеген байлық­тар бар. Газеттің өткен нөмірінде біз авторы белгісіз Абай портретінің Сыр елінде сақтал­ғаны туралы жазғанбыз. Бүгінгі нөмірде де танымал тұлғалар бейнесінен алыстамаймыз. «Қылқалам құдіретімен қауышсақ...» атты айдарымызды Валерий Кузенковтың «Жамбыл Жабаев пен Тұрмағамбет Ізтілеуов» деген картина­сымен  жалғастырмақпыз.

Валерий Кузенков (1922-1982) Ресей мемлекетінде дүниеге келген. 1950 жылдары­ Қазақстанға жер аударылған. Қызылорда қаласынд­а сурет салумен айналысқан.

Валерий Кузенков,

«Жамбыл Жабаев пен Тұрмағамбет Ізтілеуов»

1961 ж.к., м.б. 100х120

 

Суретші  картинада Жамбыл Жабаев пен Тұрмағамбет Ізтілеуовтің кездесу барысын бейнелеге­н. Шығарма кенеп бетіне майлы бояум­ен  орындалған. Ж.Жабаев (1846-1945) қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең-сөздің дүлдүлі болса, Тұр­мағамбет Ізтілеуов (1882-1939) – халық ақыны, аудармашы. Автордың негізгі ойы – қазақтың  жанашы­р, шыншыл тұлғаларын бейнелеу.

 


ЖАҢА НЫСАН – ЖАҚСЫ НЫШАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.10.2019 16:30

Бірнеше жыл бұрын Қызылорда қаласының даму жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің сол жағалауына (көлемі 1500 гектар) заманауи үлгідегі жаңа қала салу жобасы қолға алынған болатын. Кейбіреулер үшін бастапқыда сол жағалауды игеру, инфрақұрылымын ретке келтіру көрген түс секілді еді. Мұны өңге айналдыру үшін әуелі 2016 жылы екі жағалауды байланыстыратын көпір салынды. Бұл қадам көптеген сенімсіздікті жойғандай. Осылайша, дарияның арғы бетінде құрылыс жұмыстары басталып, қарқынды жүргізіле түсті. Соның нәтижесінде болар, Қызылорда қаласының тарихи музейі мен «Жастар орталығы» ғимараты алғашқы болып пайдалануға берілді. «Болашақ» университетінің құрылысы да аяқталды. Студенттер қараша айында жаңа оқу орнына көшеді. Қызылордалықтар осы ізбен бүгін сол жағалаудағы тағы қос нысанның пайдалануға берілгенін тамашалады. «Қала күні» аясындағы тұрғындар қуанышына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов та ортақтасты. Сондай-ақ, аймақ басшысы күріш ақтау зауытының ашылу салтанатына қатысты.

- Халқымыз қай заманда болмасын, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Бүгін Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тағы бір үлкен нысан, 320 орындық балабақша ел игілігіне берілгелі отыр. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мағынасы терең сөз бабаларымыздың бала тәрбиесіне қаншалықты мән бергенін аңғартса керек. Сондықтан, өскелең ұрпаққа салынған инвестиция – болашағымыздың жарқын болуының кепілі. Бұл мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы бағдарлама үлкен рөл атқаруда. Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақшалардың үлесі 72 пайызды құрайды, - деді аймақ басшысы.

320 балаға арналған «Ханшайым ана» балабақшасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған. Заманауи үлгідегі бөбекжай 16 топқа арналған, әр топта 20 бала тәрбиеленеді.

Мұнан соң облыс әкімі жалпы саны 220 пәтерді құрайтын 4 көпқабатты тұрғын үйдің кілтін табыстау шарасына қатысты.

- Құрылыс саласындағы жұмыстардың ең ауқымдысы Сырдария өзенінің сол жағалауында жүргізілуде. Мұнда республикалық, облыстық бюджеттерден 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты несиелік тұрғын үйдің құрылысы салынуда. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 179 мың 868 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 133,1 пайызға артық, - деді Қуанышбек Досмайылұлы.

Тұрғын үйлер тыл және ауған соғысының ардагерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және 2-топтағы мүгедектерге берілді.

- Жолдасым Мұхтар Қамысбаев – отырып ойнау волейболынан ҚР ұлттық құрамасының мүшесі. Осы күні Ресейде еліміздің намысын қорғап, жарыста жүр. Сондықтан бүгінгі шараға қатыса алмады. Жаңа пәтер алғанымызға қуаныштымыз. Қала тұрғындарының атынан, көршілерімнің атынан ел ағаларына алғыс айтамын, - деді спортшының жары қуанышын жасыра алмай.

Рас, соңғы уақытта Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселене түсуде. Шаһарда көптеген жаңа шағын аудандар бой көтерді, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 22 млрд 376 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан. Облыста жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 40 пайызы қаланың үлесінде болып отыр.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй кезегінде 24642 адам тіркелген, оның ішінде 2637-сі – көпбалалы отбасы. Көпбалалы отбасыларды қолдау және оларды баспанамен қамту бағытында Қызылорда қаласы республика бойынша теңдесі жоқ жаңа жобаны жүзеге асыруда. Яғни, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Сонымен бірге, 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Облыс әкімі аялдаған келесі нысан – «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш ақтау зауыты. Сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін зауыт бүгінде 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

- Серіктестіктің негізгі қызметі – күріш жармасын өңдеу мен оны сатуды ұйымдастыру. Зауыттың жұмысын кеңейту бағытында өз инвестициямызға жаңа технологиямен жабдықталған құрал-жабдықтар орнатып отырмыз. Жаңа зауыттың ерекшелігі – күрішті ақтаумен қатар, мал шаруашылығыда жемдік мақсатында пайдаланылатын күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделгенбіз, - деді «Абай Дәулет» серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев.

«Абай Дәулет» серіктестігі – күрішті сапалы өндеп, өнімін ішкі нарыққа да, алыс-жақын шетелге өткізуде де тәжірибесі мол ірі компания. Олардың өнімдері сапа менеджменті талаптарына толық сәйкес келеді. Оған дәлел бүгінде Сыр салысын Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Украина және Тәжікстан елдеріне экспорттап отыр.

- Мемлекеттік қолдаулардың арқасында соңғы жылдары аймақ диқандары күріштен тұрақты жоғары өнім алып, еліміздің астық қорының ұлғаюына өз үлестерін қосып келеді. Биылғы жылы облыс бойынша 88 мың гектар күріш егіліп, күтімге алынған болатын. Қазіргі таңда барлық аудандарда Сыр маржанын жинау науқаны қызу жүруде, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы облыстың күріш шаруашылығы саласы тағы бір заманауи өндіріс ошағымен толығып отырғандығын, бұл өз кезегінде, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындары мен салық базасының нығаюына өз септігін тигізетіндігін атап өтті.

 

Рыскелді  ЖАХМАН,

Б.Есжанов (сурет)

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары