Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 04 Қазан 2019

ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН 431 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.10.2019 16:50

Биылғы жылы облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында 1997 пәтерді құрайтын 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов мәлімдеді.

Сондай-ақ жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын басты міндеттер негізінде атқарылатын жұмыстар баяндалды. Бақыт Дүйсенұлы халықты тұрғын үймен қамтуда әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін қосымша пәтерлердің салынатынын қаперге салды.

- Ағымдағы жылы облысымызда 720,8 мың шаршы метр тұрғын үй көлемін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, республикалық бюджеттен көпбалалы аз қамтылған отбасылары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және дайын пәтерлерді сатып алуға қосымша 3,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен 431 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады,- деді Бақыт Дүйсенұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


«ТІЛ САҚШЫСЫ» ГАЗЕТІ ОҚЫРМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.10.2019 16:03

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына орай республикалық ақпараттық-танымдық «Тіл сақшысы» газеті оқырмандарының конференциясы өтті. Конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов ашты.

Жарыққа шыққанына 7 жыл толып отырған «Тіл сақшысы» газеті алғашқыда 500 данамен тараса, қазіргі уақытта оның оқырманы 10 000-нан асып, жылдан-жылға көбейе түсуде. Газетті Астанадағы зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары, сонымен қатар басқа облыстар да жаздырып алып оқиды. Жеті жылда жеткен жетістіктер жайлы газеттің бас редакторы Сәдуақас Әбдіқадырұлы баяндап, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

- «Тіл сақшысы» газеті – «Қазақ тілі» қоғамының үні, бұрынғы сөзбен айтсақ органы. Демек газет тіл, тәрбие, дәстүр, мәдениет, бір сөзбен айтқанда, руханият мәселелерін көтереді. Бірақ тек осымен шектеліп қалмайды, өресі биік оқырманға айналадағы құбылыстар мен оқиғаларды біліп отыру аз, оған саясат, экономика, әлеумет, басқа да салалардан сараптамалық дүниелер қажет.

Жұмыс барысында тәуелсіздік алған еліміздің өзінде жер, оның байлықтары және тіліміздің төңірегінде де мылтықсыз майдан жүріп жатқаны байқалады. Сол майданның бел ортасында болуға тырыстық. ХХ ғасырға дейінгі ата-бабаларымыз бен кеңестік кезде өмір сүрген әке-шешелерімізден бізге аманат болып қалған ұлан-асыр жеріміз бен оның асты-үстіндегі байлықтарындағы ұлтымыздың үлесі мен күнкөрісі көңілге кірбің туғызып, жанымызға батқаны, сәбилерімізді өз ана тіліміздің уызына қандырмай тұрып балабақшалар мен мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту жайы бізді жайбарақат қалдыра алмайды. Қандай іс болса да нәтижесімен құнды. Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білуі, оларды оқыту, ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру біртіндеп жолға қойылып келеді. Облыстық теледидармен бірлесе жүргізілген «Тіл сақшысы» рейді жұмысының нәтижесінде 300-ден аса түрлі меншіктегі мекеме, халыққа қызмет көрсету орнының аты мен сыртқы жарнама өзгертілді. Мұның бәрі жергілікті басқару органдарымен бірлесе іс-қимыл жасаудың нәтижесінде қол жетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын таба бермек, - деді басылымның бас редакторы.

Конференцияда еңбек ардагерлері Рахым Әбілханұлы, Сәрсенкүл Жұмабаева, Ұлман Кемаладинова, Әжібай Жүсіпов, Жақсылық Майлыбаев, Тобаш Ембергенов және тағы да басқа газет оқырмандары сөз алып, ұсыныстары мен жылы лебіздерін білдірді.

Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының бөлім басшысы Алтынбек Жарылқасынов құттықтау сөз сөйлеп, «Алғыс хатын» табыстады.

Шара соңында газеттің белсенді оқырмандарына газеттің штаттан тыс тілшісі куәлігі табысталды.

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары