Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 08 Қазан 2019

ҚАЗАЛЫДАҒЫ БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.10.2019 15:40

«Жеңіс» саябағы – кенттегі жұртшылық жиі бас қосатын жердің бірі. Мұндағы жапырағы желмен тербелген жасыл желектер, бручатка төселген мұнтаздай жолдар, алуан аллеялар, өмір жолы тағылымға толы тұлғалардың мүсіндері, өзге де көзге жағымды көрінетін көріністер кеудеңе шаттық ұялатады. Ауқымды саябақтың бой көтеруіне сол тұста аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Елеу Көшербаевтың мұрындық болғаны қазалылықтарға жақсы мәлім.

Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың 90 жылдығына арналған кадеттер арасында грек-рим күресінен ХІV халықаралық турнирдің ашылу салтанаты «Жеңіс» саябағында өткізілуі тегін емес болатын. Байрақты бәсекеге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан Республикасына қоса Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов, «РЗА» АҚ президенті, Қызылорда облысы және Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов,  йтбай Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

№17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ғимаратында өтіп жатқан айтулы дода бірнеше күнге созылады.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары