Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 11 Қазан 2019

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.10.2019 17:20

Сыр елі азаматтарының өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және дайын пәтерлерді сатып алуға қосымша 3,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 431 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін, 205 пәтер құрылысы жүргізіліп, 226 пәтер сатып алынатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

"Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй алуға барлық санаттар бойынша кезекке тіркелгендер саны 29 538 азаматты құрайды. Оның ішінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» бойынша 12 493, көпбалалы отбасылар санаты бойынша 3 202 азамат тіркелген. Бірінші кезекте Қызылорда қаласында жұмыс істемейтін, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтау үшін құрылған арнайы комиссиямен тұрғын үйді шұғыл қажет ететін 150 отбасын анықтады. Нәтижесінде облыс әкімдігінің бастамасымен «Баламекен» жобасы шеңберінде 100 отбасы «Болат Өтемұратов Қоры» жеке қорының, ал қалған 50 отбасы жергілікті бюджет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады", - деді Арнұр Әлібекұлы.

Сонымен қатар, биыл өңірімізде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында 1997 пәтерді құрайтын 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 901 пәтерлі 23 тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлер, 830 пәтерлі 17 тұрғын үй кредиттік тұрғын үйлер және 266 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев аймақтағы құрылыс нысандарының деңгейі мен сапасына тоқталып өтті. Осы жылы «Doing Business» рейтингі бойынша республика көлемінде Қызылорда облысы 2-орынды иеленді.

"Биыл облыс бойынша 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 6-ауыы 2018 жылдан өтпелі, қалған 15 нысанның құрылысы 2019 жылы басталған. Қазіргі уақытта 2-еуі пайдалануға берілсе,10-ы осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. ", -деді Марсбек Рүстемұлы.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА 137 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.10.2019 16:45

Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17-сі күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктік бақылау басқармасы өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.

Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 137 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, оның 14-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген  жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 12-сі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша  (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы), 6-ауы – тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы),  ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) 26 дерегі бойынша заңбұзушылықтар орын алған. Барлық заңбұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданды.

 

Қызылорда ОПД баспасөз қызметі

 


ЦИФРЛЫ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.10.2019 16:20

Бүгін облыстағы емдеу ұйымдары 36 жаңа санитарлық көліктермен толықты. Олардың 7-еуі – мамандандырылған реанимобиль, 12-сі – шақыртуларды қамтамасыз ететін арнайы «Ларгус» көліктері және 17-сі – тасымалдаушы санавтокөліктер.

Шараға облыс әкімі Қ.Ысқақов келіп, көлік кілтін емдеу мекемелерінің басшыларына салтанатты түрде табыстады.

- Халқымыз қашанда денсаулықтың қадірін білген. Дені сау халқы бар ел ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Осы орайда мемлекетіміз адами капиталды дамытуға аса мән беріп отырғаны белгілі. Алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына жеткізу жоспарланған. Біздің өңіріміз әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жағынан алдыңғы орында. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді. Облыстың жедел жәрдем қызметін бір орталыққа үйлестірдік. Аралдан Жаңақорғанға дейінгі аралықтағы шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастың барлық қажетті ақпараты бір жерге жинақталып, медициналық көмек көрсетуде жылдамдық пен сапаға қол жеткіздік,- деді ол.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстың медицина қызметкерлері Корея, Жапония, Ресей мемлекеттерінің ең үздік клиникаларында тәжірибе алмасып келгендігін тілге тиек етті.

Осы жылдың соңына дейін емдеу ұйымдарына табысталуға жоспарланған 70 санитарлық көліктің қалғаны желтоқсан айында берілмек.

«Мағжан и К» ЖШС-нің Қазақстан бойынша тұңғыш цифрлы күріш өңдеу зауыты ашылды. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Смағұл, Г.Шиповских, оңтүстіккореялық «DAEWON GSI» компаниясының бас директоры Со Бо Сон, Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов, қала әкімі Н.Нәлібаев қатысты. Цифрлы зауыттың салтанатты ашылуында алғашқы болып облыс әкімі Қ.Ысқақов сөз алды.

- Бүгін өңірімізде тағы бір күріш ақтау зауытын ашқалы тұрмыз. Бұл игі істі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мағжан и К» ЖШС жүзеге асырып отыр. Серіктестік 2005 жылдан бастап Сырдария ауданында орналасқан Нағи Ілиясов  ауылында 600 гектар жерге күріш егіп, қазір 5500 гектарға дейін жеткізіп келеді. Нағи Ілиясов ауылының экономикасын дамытуға мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша едәуір үлесін қосып келеді. Сондай-ақ «Мағжан и К» ЖШС егін шаруашылығымен қатар 14 жыл ішінде Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданындағы елді мекендердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына да ұдайы көңіл бөліп, қомақты қаржы салып жүр, - дей келе, ашылған зауыт жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Г.Шиповских Сыр маржанымен аймақ экономикасын арттыруға үлес қосып келе жатқан «Мағжан и К» ЖШС-ның ұжымына алғысын білдірді.

- Бұл зауыт облысымыз ғана емес, еліміз үшін өте үлкен жетістік деп есептеймін. Тағы бір айта кететін жайт, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осында жұмыс атқаратын қызметкерлердің басым көпшілігі 29-30 жас аралығындағы адамдар. Істеріңіз алға баса берсін,- деді ол.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне – 7 тонна. Мұнда жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істейтін болады. Жаңа кәсіпорында Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады. Зауыт жаңа технологияның арқасында бір орталықтан автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Бұл зауыттың әзірге Қазақстанда анологы жоқ. Сондай-ақ, компанияның техникалық паркі 90 пайызға жоғары технологиялық «Claas», «John Deere», «Case» маркалы комбайндарымен жаңартылған. Күріш және жоңышқа тұқымдары германиялық Petkus жоғары технологиялық тұқым тазарту зауытында қайта өңделеді.

 

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары