Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 14 Қазан 2019

КИНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕП ТОПТАРЫНЫҢ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУ СЫНАҒЫ ӨТКІЗІЛУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2019 11:40

Құтқарушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқару жасақтарының кинологиялық есептоп сертификациялық сынақтары бойынша ағымдағы жылғы 14-17 қазан аралығында алғаш рет Қызылорда қаласында өткізілуде. Республика көлемінде ұйымдастырылған шараға еліміздің Алматы, Шымкент қалалары мен 7 облысынан 29 кинологиялық есеп қатысуда.

Шараның ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Е.Бердібаев, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары С.Молдақараев және «Қызылорда еріктілері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы О.Чебакова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сертификаттау комиссиясы өрт сөндіру қызметінің мәжіліс залында сынға түсетін кинологиялық есептің кезектілігін жеребе бойынша анықтады. Комиссия құрамында Республикалық «Жедел құтқару жасағы» ММ Кинологиялық бөлімінің жетекшісі О.Гуржеева, Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық ққұтқару жұмыстары» ММ жедел-құтқару жасағы кинологиялық бөлімінің бас құтқарушысы В.Смолов, Қызылорда облысы ТЖД азаматтық қорғау бөлімінің бастығы, майор Б.Кенжебаев, Астана қаласы ТЖД « Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ жедел-құтқару жасағы кинологиялық бөлімінің бас құтқарушысы В.Кислинский бар.

Сынақтың алғашқы күні лабрадор, неміс, бельгиялық овчаркалар және басқа да қызметтік иттер тіл алу және шапшаңдығын тексеру кезеңі бойынша сынаққа түсті.

Үш күнге жалғасатын шарада қызметтік иттер табиғи ортада және қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділері ортасында іздестіру-құтқару кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Сынақ соңында арнайы сертификаттар табысталады.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


БІР ӨТІНІШПЕН АЛУҒА БОЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САНЫ КӨБЕЙЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2019 11:05

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны азайтылатын болады.

2020 жылы қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін 55 түрлі мемлекеттік қызмет 21 түрлі композиттік қызметке біріктіріледі деп жоспарланып отыр.

«Мұндай қызметтердің ішінде жер актісін алу қызметі үлкен сұранысқа ие деп ойлаймын. Мәселен, қазір бұл қызметті алу үшін 4 түрлі өтініш жазу керек. 2020 жылдан бастап, бұл актілердің барлығы біріктіріліп, «Сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру» сияқты бір қызмет арқылы қолжетімді болады. Бұған дейін біз зейнеткерлікке байланысты төлемдерді тағайындау бойынша барлық қызметті композит қызметіне біріктіргенбіз», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Айта кетейік, зейнеткерлік төлемдерді бір ғана өтінішпен тағайындауға мүмкіндік беретін қызмет бір жыл бұрын іске қосылған, содан бері композитті түрде 99,2 зейнетақы тағайындалған. Бұған дейін зейнет жасына жеткен азамат ХҚО-ға келіп жасына байланысты және базалық зейнетақыны төлеу бойынша 2 өтініш беретін, әрі бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып, кейін  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып, тағы бір өтініш толтыратын. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет барып, бір ғана өтініш жазу жеткілікті.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 


ТАҒАЙЫНДАУЛАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.10.2019 15:00

Облыс әкімінің өкімімен Шаменов Бауыржан Серікұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Б.Шаменов 1981 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Құқық және нарық академиясын бітірген. Еңбек жолын «Рух» заң компаниясының заңгері ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының қазынашылық департаменті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болған.

2013 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

*****

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Е.Сүлейменов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақстандық экономика және құқық институтын бітірген. Еңбек жолын «Қызылордаремводстрой» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған. Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

*****

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Қалжанов Саламат Сағынайұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

С.Қалжанов 1964 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын Арал ауданында Орта кәсіптік техникалық училищесінде мастер болып бастаған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.

2008-2018 жылдары Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімшесін басқарған.

2018 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары