Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 17 Қазан 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛҒА ЖҮГІРІП ШЫҚҚАН БАЛАСЫН ҚҰТҚАРМАҚ БОЛҒАН ӘКЕНІ АВТОБУС ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 11:15

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобус екі адамды қағып кетті. Олардың бірі алған жарақатынан қаза болса, екіншісі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 17 қазан күні сағат 12.30 шамасында Абай даңғылы мен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына жақын жерде болған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жолдың белгіленбеген тұсынан 4 жастағы бала жүгіріп шыққан. Артынан әкесі құтқаруға ұмтылған. Сол мезетте жақындап қалған қоғамдық көлік оларды қағып кеткен.

– Алған жарақаты салдарынан баланың әкесі көз жұмды. Ал бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды, – деп хабарлады департаментің баспасөз қызметі.

 


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 11:05

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Прогресс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен апталық оқу курсы өтті. ХХІ ғасыр –технологияның жылдам шарықтаған кезеңі. Ал дәл қазіргі уақыттың мақсаты – желідегі ақпараттарды сүзгіден өткізіп, шынайы дәуірде әрбір желі қолданушы жас өзінің қандай тұлға болып қалыптасатынына ерекше мәнберіп, қоғаммен араласуына мүмкіндік беріп, жол ашу. Қаламыздың жас тұрғындары өзеріктерімен және қызығушылықтарының арқасында 1-12 қазанаралығында Oblystyq Jastar Resy'rstyq Ortalyg'yнда түрлі желідегі тақырыпта оқыту курсына қатысты. Олар «Facebook негіздері, профайл мен парақша, статус, Facebook Live, сторис, профайл мен парақша айырмашылығы, аудитория дегеніміз не? Аудитория түрін таңдау, геотаргетинг, аймақ бойынша таргетинг, ақпараттық қауіпсіздік», т.б. тақырыптарда оқытылды.

Осы фейсбукті пайдалануды Жасұлан Жақыпов, Асхат Шотаевтар оқытты. Ал инстаграмда жеке бренд болу, фотоның қыр-сырлары, пост қалай салу керек, өз акаунтына жазылушыны қалай жинау керек деген сабақтарды Диас Ділекешов үйретті.

Санжар  Жұмабай

 


Қызылордалық колледждерде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсына бизнес өкілдері белсенді қатысуда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 11:00

Өздеріңізге белгілі, «Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Ол үшін Кәсіпкерлер палатасы тамыз айында арнайы мамандар үшін оқыту курстарын өткізіп, біліктілігін жетілдірді. Бүгінде аймақтың колледждерінде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсында жергілікті табысты кәсіпкерлер белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

Мәселен, Жаңақорған ауданындағы Аграрлы-техникалық колледжіндегі студенттерге өтіп жатқан курсқа аудандағы ет өнімін таратумен танымал «Бақытжан» шаруа қожалығының негізін қалаушы Ғалымжан Мампаев арнайы келіп, кәсіпкерлік саласының қыр-сырымен бөлісті.

Шиелі ауданындағы Индустриалды-аграрлық колледжінің оқушыларына аудандағы 20 шаруашылықтың басын біріктіріп, «Ы.Жақаев-Агро» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құрған Ерлан Құлшықбаев салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, олардың тиімділігі жөнінде айтып берді.

Қызылорда қаласындағы Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің білім алушылары үшін жас кәсіпкер Толғанай Жұмабекқызының өткізген сабағы үлкен қызығушылық тудырды. Толғанай жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын жеке мекемеден бастап, осы жылдан өзінің кәсібін қолға алады. Бүгінде мал бордақылау ісі мен жылыжайды қолға алған ол алдағы уақытта кірпіш зауытын салуды да жоспарлап отыр екен. Колледжде өткен кездесуде студенттер жас кәсіпкердің жобаларына қызығушылық танытып, белсенді пікір алмасты.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы пилоттық негізде Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында енгізілген болатын. Жобаның тиімділігі ескеріле келе «Атамекен» мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы ретінде республиканың барлық мектептері мен оқу орындарында енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


АҢ АУЛАУ ҚАҒИДАСЫН БҰЗЫПТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 10:55

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен уәкілетті органдармен табиғат қорғау заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

Анықталғаны, Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 382-бабы 1-бөлігімен М. есімді азамат жауапкершілікке тартылып, одан 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы алынған.Кейіннен, қаруды заңсыз сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны бойынша процестік шешім қабылдау үшін оған қатысты іс-құжаттардың көшірмесі және алынған аңшы мылтығы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жолданған.

Өз кезегінде, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы А.-мен ісбойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасау құралы ретінде 16 калибрлі басқа аңшы мылтығы танылып, алынған 12 калибрлі аңшы мылтығы құқықбұзушыға заңсыз кері қайтарылған.

Осы факт бойынша Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен ҚР ҚК 416-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы

 


БИЫЛ ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ СЫРБОЙЫЛЫҚ ЖАС ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕЙДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 10:45

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақов ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсіміне қатысты.

Биыл көктемде ҚР Қарулы күштер қатарына 801 адамды жөнелту жоспарланса, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 811 адам жіберілген. Қызылорда облысы бойынша күзгі мерзімде азаматтарды әскери қызметке тапсырыс саны 788-ді құрап отыр. Оның ішінде: ҚР ҰҚК Шекара қызметіне - 180 адам, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне - 3 адам, ҚР Қарулы Күштеріне - 305 адам, ҚР Ұлттық ұланға - 300 адам.

Облыс әкімі әскерге шақыртылған жастарға сәттілік тілеп, отан алдындағы әскери борыштарын  адал атқаруларына тілектес екенін жеткізді.

«Әскери міндетін өтеу - азаматтардың қасиетті борышы. Сол себепті, жастарымызды еліміздің Қарулы Күштерінің қатарына салтанатты түрде шығарып салуды біз ізгі дәстүрге айналдырдық. Тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды әскерінің қатарына аймақтан жылына екі мыңға жуық азамат жөнелтіліп отырады. Қазіргі таңда жүргізілген реформаларға сай әскерге шақырылушыларға қойылар талап та күшті. Қарулы Күштерде қызмет ету құрыштай берік денсаулықты, білімді болуды талап етеді. Отан алдындағы әскери борыштарыңызды атқарып, елге аман-есен оралуларыңызды тілейміз»,- деді аймақ басшысы.

Бүгінгі таңда барлық медициналық комиссиялар тиісті біліктілігі бар маман дәрігерлерден құралған және қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етілген. Аудандар мен қалалардағы әскерге шақыру пункттері, сондай-ақ, облыстық жиын пункті бөлек ғимараттарымен қамтылған. Патриоттық сезімді ояту және әскерге шақырылушылардың белсенділігін арттыру мақсатында ардагерлердің, үкіметік емес ұйымдардың жетекшілері мен белсенді жастардың қатысуымен түсіндіру шаралары ұйымдастырылып тұрады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 10:30

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақов «Ғасыр ана» номинация иегері, 104 жастағы ауыл тұрғыны, батыр ана Балшай Маханбетованы марапаттап, одан кейін облыстық ауыл  әйелдері  форумына қатысты.Форум Сырдария ауданының Н.Ілиясов атындағы ауылда өтуде.

Ғасыр куәгері Балшай Маханбетова 1916 жылдың 1 маусымында Арал қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Н.Ілиясов ауылында тұрады. 4 қыз тәрбиелеп өсірген. Сондай-ақ, 18 немере, 19 шөбере, 3 шөпшегі бар. Балшай Маханбетова еңбек жолын 1962 жылы Карл Маркс ауылындағы №132 Тельман атындағы мектепте еден жуушы, 1966 -1972 жылдары Карл Маркс ауылында жұмысшы болып қызмет атқарған.1972 -1987 жыл аралығында ҚазССР-дің 50 жылдығы ауылында сауда дүкенінде күзетші болған. 1987 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан.

Аймақ басшысы ғасыр жасаған анамен сұқбаттасып, батасын алды. Ары қарай облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Ауыл әйелдерінің форумына қатысты.

Биылғы форумның басты мақсаты — ауыл әйелдерінің қол жеткізген жетістіктерін насихаттау. Рухани жаңғыру міндеттерін, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруға қосқан үлестерін көрсету. Сондай-ақ, бүгінгі шараға «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жасыл экономикаға өту Кеңесінің мүшесі Рахимбекова Салтанат Темірқұлқызы мен аталмыш бірлестіктің атқарушы директоры Сүлейменов Асхат Мұратұлы да қатысты.

«Қазіргі таңда жалпы облыс тұрғындарының 47,8 пайызы әйелдер болса, оның 54,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Қазір әйелдер барлық салаларда жұмыс істейді. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда  педагогтердің 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы осы нәзік жандылар болып табылады. Бюджеттік сала қызметкерлерінің 65 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі - 35,4 пайыз. Бұған дейін облыста түрлі деңгейдегі депутаттардың 9 пайызын әйелдер құраған болса, соңғы кезектен тыс өткізілген сайлауда депутат әйелдердің саны 21 пайызды құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда да ауылдық жерлердегі әйелдер белсенділік танытып келеді. Бүгінгі таңда өңірдегі кәсіпкер әйелдердің 48,3 пайызы ауылдық жерде өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр»,-деді облыс әкімі.

Бүгінгі форум аясында кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар мен өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында өз саласында жетістікке жеткен бір топ нәзік жандылар мен көпбалалы аналар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫР ЕЛІНДЕ БЛОГТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 10:20

Қазан айының 12-ші жұлдызында еліміздің әр қаласынан келген танымал блогерлерге тарихи жерлер таныстырылды. Оған ОskarGasta, Асхат Шотаев және Жасұлан Жақыпов сынды блогерлер қатысты.

Бұл блогтур орталық алаңнан бастау алып, Қорқыт ата ескерткіші, мәңгілік алаудағы жәрмеңке, Қызылорда теміржол вокзалы, Батырхан Шүкенов саябағы, Тәуелсіздік көшесіндегі жағалау, Тасбөгет мөлтек ауданы, сол жағалаудағы жастар орталығы, жаңа «Болашақ» университеті сияқты жерлерді аралады. Блогтур барысында Асхат Шотаевтан жергілікті телеарна тілшісі сұхбатта алды. Осы блогтур барысында ең ұнаған жерлердің бірі Қызылорда су торабы болды деп айта аламын. Ол жердегі көрініс мүлде басқа екен, бірақ бір өкініштісі, ол жерде фото, видео түсіруге болмайтындығы. Ал Асхат пен Oskarға жәрмеңке ұнапты. Блогтур жақсы өтті деп нық сеніммен айта аламын.

Санжар  Жұмабай

 


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ САУАТТЫЛЫҚ КЕРЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 10:00

Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Прогресс" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен форум өтті.

Қазіргі уақытта ақпарат майданы жүріп жатқанда әр адам баласы әлеуметтік желіде сауатты болғаны дұрыс. Себебі, қазіргі әлемде, елімізде ақпараттың жалғандығы халық арасына іріткі салатыны рас. Осындай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін, факт чекингті дұрыс қолдана білуіміз керек. Факт чекинг дегеніміз – ақпаратты тексеру. Мұны форумға келген спикерлер ұғынықты түсіндіре алды. Белсенді қатысушылар өздеріне керекті білім ала білді. Себебі, әрсаланың майталман мамандары 2-3 сағатқа созылған уақытта көптеген құнды ақпараттарымен бөлісті.

Апталық қурстың соңы 12 қазан күні сол жағалауда орналасқан Жастар орталығында болды. Мұның алдында республикалық деңгейдегі танымал спикерлер қаламыздың 201 жылдығына арналған жәрмеңкеге барып, көрікті жерлерде естелік суретке түсті. Соңғы жиында Асхат Шотаев, Oscar Gasta, Жанасыл Болатбек, Ерлан Мусаев, Жасұлан Серікұлы сөз сөйледі. Келген спикерлер қатысушыларға арнап тың ақпараттарын презентация арқылы жеткізді. Интернет форум аясында сұрақ-жауап болды.Қызылордада интернет форум алдағы уақытта да жалғасын табады деген сеніммен қатысушылар тарқасты.Форум соңында спикерлермен естелік суретке түсті.

Санжар  Жұмабай

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.10.2019 09:00

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың 37-сессиясы өтті. Күн тәртібінде он жеті мәселе қаралды. Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау шаралары мен 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын бекіту туралы баяндамалар тыңдалды.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 264,1 млрд теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 80,4 млрд теңге, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 483,4 мың шаршы метр, құрылыс жұмыстарының көлемі – 115,9 млрд теңге, 2,3 есеге артқан. Сондай ақ, 9610 жаңа жұмыс орындары құрылған, оның 8918-і - тұрақты жұмыс орындары.

«Облыс бюджеті әлеуметтік бағыт-бағдарын сақтап келеді, бүгінгі бюджетті нақтылауда әлеуметтік салаға 1,3 млрдтеңге бағытталуда, яғни денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет салалары біздің жұмыстың басты басым бағыттары болып қала береді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен өнеркәсіп өндірісін есептемегенде өңір экономикасын сипаттайтын барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілді. Өздеріңіз білетіндей, өнеркәсіп өндірісінің 70%-ға жуық үлесін алып отырған мұнай өндіру көлемі жыл сайын кемуде. Есепті кезеңде 4,2 млн. тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 584,9 мың тоннаға немесе 12 пайызға азайды. Дегенмен, өнеркәсіп саласындағы жағдайды қалыпқа келтіру және бұл салада да өсімді қамтамасыз ету үшін өңір экономикасын әртараптандыруды қолға алдық. Ағымдағы жылы Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде балық өңдеу зауыты, күйдірілген кірпіш өндірісі және де күрішті өңдеу, құрама жем өндірісі іске қосылатын болады», - деді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.

Сессия барысында облыс әкімі Қ.Ысқақов аймақтағы соңғы уақытта орын алған қоғамдық-саяси маңызды шараларға тоқталды.

Қыркүйек айында  ҚР Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Байқоңыр қаласында жұмыс сапарымен болып, кездесудің нәтижесі – келесі жылы Байқоңыр қаласында тағы 50 пәтерлік 5 үйдің құрылысы жүргізілмек. Ал,  ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқанын толығымен аяқталып,  ел тарихында күріш өндіруден рекордтық көрсеткіш биыл тағы да жаңаланып  87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алынып, қамбаға 530,5 мың тонна Сыр маржаны құйылған.  Сонымен, 2019 жылдың 3 маусымында бас жобалаушы «Жоба» ЖШС-мен «Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету кешені (Шығыс моншасы)» жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары