Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 24 Қазан 2019

ҚАРМАҚШЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.10.2019 09:35

Кеше аудан орталығындағы «Этно ауыл» саябағында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын дән - 2019» салатантты шарасы өтті.

Ауданымызда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерейлі мерекесіне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Жаханов, аудан әкімі М.Қаладарбеков қатысып, құттықтауларын жеткізді.

Қармақшы ауданы күріш өндіруден әрқашан үздіктер қатарынан көрініп келеді. Облыс көлемінде 2017 жылы шаруашылықтар арасынан  «Ақтөбе и К» ЖШС І орын, 2018 жылы «Жаңажол» ЖШС І орын, 2019 жылы «Тұрмағамбет» ЖШС ІІІ орынға ие болды.

Аудан диқандары ағымдағы жылы барлығы 23690 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, оның ішінде негізгі дақыл күріш 14633 гектар жерге егілді.

Ауданымызда алғаш рет Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сорты 40 гектар жерге тәжірибе ретінде егілді. Нәтижесінде соя дақылынан барлығы 90 тонна өнім жиналып, гектарына 22,5 центнерден орта өнім алынды.

Бүгінгі күні күріш жинау жұмыстары толығымен аяқталып, аудан диқандары 92 мың тонна күріш салысын қамбаға жинады. Егілген күріштің әр гектарынан 62,7 центнерден өнім алынып, жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда күріш өнімін өндіру 114%-ға артық орындалды.

Қармақшы өңірінде күріш дақылын еселеп арттыруда зор үлес қосқан «Жаңажол», «Тұрмағамбет», «Достық жер МК», «Ораз Ахун», «Ақтөбе и К» шаруашылықтарының еңбеккерлерінің қажырлы қызметін атап өтуге болады.

Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға да мемлекет тарапынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіліп, жыл басынан 12 млн теңге қаржы көлемінде субсидия берілді.

Сонымен бірге биыл «Тұрмағамбет» ЖШС-нің «Сүт қабылдау және өңдеу цехы» іске қосылды. Қазіргі таңда жеке шаруашылықтардан және шаруа қожалықтарынан сүт қабылдап, өнім өңдеу жұмыстарымен айналысуда.

Салтанатты шарада еңбек озаттары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласының үздігі, бірнеше рет жоғары наградалардың иегері Қылышбек Әбішевтің есімін еске алып ұлықтау үшін, ауыл шаруашылығы саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген еңбеккерлерге «Қылышбек Әбішев» атындағы төсбелгі табысталды.

Сондай-ақ шарауашылық ұжымдарының басшылары қажырлы еңбек еткен азаматтарды көтермелеу мақсатында «Ораз ахун ЛТД» ЖШС 3 жеңіл автокөлік, «Жаңажол» ЖШС 4 жеңіл автокөлік, «Достық Жер МК» ЖШС 6 жеңіл автокөлік, барлығы 13 жеңіл автокөліктердің кілтін табыстады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданымыздың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті зор екенін көруге болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ИСАТАЙ ӘБІДКӘРІМОВ ПЕН АЛДАБЕРГЕН БИСЕНОВТІҢ КЕУДЕ МҮСІНДЕРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.10.2019 17:35

Тамыры терең, тарихы кенен құтты мекен – Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейлі мерейтойы «Тағзым» аллеясында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің кеуде мүсіндерінің ашылу рәсімінен бастау алды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов бастаған бірқатар ел ағалары, аудан басшылығы, ардагерлер қауымы, республиканың түкпір-түкпірінде қызметте жүрген жерлестеріміз, қадірменді қонақтар және аудан тұрғындары қатысты.

Шара барысында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің өміржолынан, халыққа қалтқысыз қызметтерінен бүгінгіге үлгі боларлықтай естеліктер айтылып, өнерпаздар жырдан шашу шашты. Шара соңында кеуде мүсіндерінің алдына гүл шоқтары қойылды.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ және АУДАННЫҢ "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ" МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.10.2019 17:25

Орталық стадионда «Алтын дән – 2019» мерекесіне арналған театрландырылған қойылым және Жалағаш ауданының 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудан тұрғындарын «Алтын дән» мерекесімен құттықтап, еңбек озаттарын марапаттады.

- Жалағаш – төскейде төрт түлігі өріп, алқапта ақ маржаны жайнаған берекелі мекен. Аудан ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. Еңбектің даңқын асырған егінші қауым бүгінгі заман талабына сай, мықты әрі тиімді шаруаны жүргізіп, жоғарғы белестерді мойындатудың үлгісін көрсетіп келеді. Биыл аудандағы шаруашылық құрылымдары 36675 гектар жерге егін екті. Оның 21800 гектары – Сырдың бағалы дақылы күріш. Бүгінде аудандағы егіс алқаптарындағы күріш толық жиналып бітті, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Шарада еңбек озаттары, сондай-ақ Жалағаш ауданының Құрметті азаматтары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ағымдағы жылы «Озат егін шаруашылығы» номинациясы бойынша Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі», Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Байтабын» ЖШС, Ақсу ауылдық округіндегі «Сәрке батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері марапатталды.

Шарада шаруашылық ұжымдары еңбек озаттарына, атап айтқанда «Нағи» шаруа қожалығы 2 автокөлік, «Қара-Бура» шаруа қожалығы 4 автокөлік, «Байтабын» ЖШС 5 автокөлік табыстады.

Қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлерден, арнайы құрылған шатырлардан мерекеге жиылған қауым дәм татып тарқасты.

Айта кету керек, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыста алдыңғы қатардан көрініп, күріштің әр гектарынан 63 центнерден өнім жинап, облыстық «Алтын дән - 2019» мерекесінде «Үздік аудан» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталған болатын. 21 800 гектарға егілген күріштің әр гектарынан 63,0 центнерден 137 400 тонна күріш жиналды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


МИЛЛИОН, МИЛЛИАРД һәм «МАЗАСЫЗ БҰРЫШ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
24.10.2019 12:10

Өткен жылдың тарихына еніп кеткен жел­тоқсан айында игеріл­меген бюджет қаржысы 107 миллиард теңгені құраған еді. Ол кезде де бас қаржыгер жылдың соңын­а дейін игеруге уәде беріп, сытылып шыққан.  «Мұрты» бұ­зылмаған миллиардтар ту­ралы  әңгіме жыл аяғы тақағанда сөз болып, соңы дауға ұласады. Тура осы жағдай Сенат қабырғасында тағы орын алды. Айта кетейік, жыл басындағы бес айдың өзінде республикалық бюджет­тің  49 миллиард теңгесін жаратып үлгермеген министрліктер «мазасыз бұрышқа» тұрғызылды. Бұл мәселе мәжілісмендердің миын бұған дейін де «ашытқан». Елдің үш жылдық  әлеуетін  асыру­ға бекітілген қаржының «қалтада» жатуы депутаттардың дегбірін тағы да қашырды.

Жыл сайын болатын бұл жағдай дәстүрлі үр­діске айналып бара жатқандай. Дегенмен, бес бірдей министрліктің 93,4 млрд теңгені «түйін­деп»  отыруы  ақылға қона ма?  ҚР Сауда және интеграция, Экология жө­ніндегі ведомство, Ауыл шаруашылығы, Білім және  ғылым, Индустрия және  инфрақұрылымдық даму ми­нистрліктері  Парла­мент­тің төменгі палатасынан  «төмен»  баға алып шықты. Қазақ «тойдан тобықтай» деген тіркесті жиі және жүйесіз айтады. Жүйесіздігін сол бюджеттің бүйірі тесілгенде жиі естиміз. Қазынаға тиесілі «тобықтай сүйек­ті» бүтіндей жұтатындар саны әлі азайған жоқ. Соған қарамастан жылдық бюджеттің мақсатты игерілуі қалыпқа түспей отыр. Десек те 2019 жыл­ғы  жалпы ішкі өнім өсімі 3,8 пайыз, ал инфляция 4-6 пайыз шегінде­ сақталады деп күтілуде. Сенат палатасындағы  қаралған мәселелер күрмеуі қиындап  кетті.

- Жан басына шаққандағы қаржыландыруды 5,6 миллиард теңгеге азайтуды және «Жас маман»­ жобасы аясындағы шығыстарды 8 миллиард теңгеге төмендетуді  ұсынамын. Бұл үшін кім жауап­ береді? 8 мил­лиард теңге босқа кетті. Бұл ақшаға білім беру салас­ында көп нәрсе жа­сауғ­а болатын еді, - деді Сенат басшысы Д.Назарбаева  сөзін  білім ми­нистріне қарата отырып.

Кейінгі жылдарда экономикалық  өсім  үшін қосымша көздер жасау және жыл соңына дейін Үкіметтің кезек күттірмейтін жұмыстарға арналған қордың лайықты деңгейін қамтамасыз ету негізгі міндеттердің қатарында. Оны іске асыру­  шығыстарды  қайта бөлу және 94,9 млрд теңге­ге ұлғайта отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде орындалу нәтижелері бойынша түсім­дерді түзету арқылы қамтамасыз етілетіндігі де Сенат  қабырғасында  сөз болды.

- Бүгінде республикалық бюджеттің барлық кірісінің 29 пайызы әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорацияларында, ұлттық компаниялар, банк құрылымдары есеп-шоттарында айлар бойы жатады. Олар еліміздің экономикасын дамытуға жұмсалуы тиіс, - деді қаржы және бюджет коми­тетінің төрағасы О.Перепечина.

Сондай-ақ, сенаторлар нақты тетіктер мен іске асыру ережелерін қамтитын заңнан кейінгі нормативтік актілерсіз бюджет жобасына жаңа бастамалар енгізуге ты­йым­  салатын өзгеріс­терді Бюджет Кодексіне енгізуді ұсынды. «Қырық мәрте қырқысқан» тал­қылаудан кейін депутаттар үш жылдық бюд­жетке өзгерістерді қабылдады. Алдағы уақытта қазына қаражатының игерілуін қамтамасыз ете алмаған басшыларға айыппұл салу­ды айқындайтын арна­йы норма қабыл­данбақшы.

Н.НҰҒЫМАДИЛЛА

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары