Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Жұма, 25 Қазан 2019

«ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ЕҢБЕГІ ЕРЕН - ЖАЛАҒАШ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.10.2019 14:15

"Алтын дән - 2019" және Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Тариxы терең, еңбегі ерен - Жалағаш» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Ақындар айтысын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстың алғы сөзін алған аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы:

- Бүгін, міне, халқымыздың бай мәдени мұрасын сандығында сақтап, ұрпағына ұлықтаған Сыр өңірінің Жалағаш жері айтыс өнерін өмірім деп білген айтулы ақындардың басын қосып отыр. Елімнің жетістігін, дәннен тау тұрғызған еңбеккерлерді, туған жеріміздің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қайраткерлерді жырлаймын деп келген айтыс ақындарынан суырыпсалма өнердің құдіретін, көркем ойдың кереметін күтеміз, – дей келе, жыр жампоздарына сәттілік тіледі.

Айтысқа Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Шымкент қалаларынан және Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарынан 10 айтыскер қатысты.

Айтысқа ақын, сазгер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Елена Әбдіxалықова, ақын, журналист, публицист, "Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Қалиолла, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шалқар» радиосының директоры, республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, облыстық Сыр бойы газетінің аға тілшісі Ғазиза Әбілда төрелік жасады.

Сайыс нәтижесінде Шалқарбай Ізбасаров ІІІ орын, Айдос Раxметов ІІ орын, Талғат Мықи І орын, Мұxтар Ниязов бас жүлдені иеленді.

Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің Дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ және ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.10.2019 13:40

Қазіргі таңда аймақтағы діни ахуалды сақтау және жастарды жат діни ағымдардан қорғау бағытында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің маңызды рөл атқаратындығы белгілі.

Осыған орайда «Руханият және дәстүр» айлығы аясында білім беру ұйымдарындағы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің мемлекеттің зайырлы принциптерін түсіндірудегі рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Аудандағы орта білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары бас қосқан семинарға модераторлық еткен аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов аталмыш шараның мән-мазмұнына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, яғни зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің мемлекеттің зайырлы принциптерін түсіндірудегі рөлі турасында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов баяндама жасады.

Одан әрі облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Арал ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі Жәнібек Өтегенов жасөспірімдерге діни толеранттылық қағидаттарын үйретудегі зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің рөлі мен маңызы туралы хабарлама жасап, маңызды ақпараттармен бөлісті.

Тиісінше семинарға қатысушылар да тақырып аясында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, оны сақтап кейінгі жас ұрпаққа насихаттау баршамыздың ортақ парызымыз екендігі тереңінен қозғалды.

Расында, кез келген кезеңде адамзаттың өмірі имандылыққа, рухани құндылықтарға, ізгілік пен ізеттілікке негізделмесе, сол қоғамда қасіретті жағдайлар орын алып, адам арсыздық пен абыройсыздыққа ұшырайды. Біз мұны тарихтан жақсы білеміз.

Осы мәселелер кеңінен талданған семинар бүгінгі алмағайып заманда, сананы тұрмыс билеген дәуірде адамдар арасында бауырмалдық, мейірім, кішіпейілдік, өзара түсіністік сынды асыл қасиеттердің шынайы көрініс табуы аса қажет деген тоқтаммен түйінделді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары