Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 29 Қазан 2019

ҚАЗАЛЫДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚАЗА ТАПТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.10.2019 11:50

Жазым деген аяқ астынан. Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысанында қайғылы жағдай болды. Оқиға салдарынан 2 жұмысшы азамат қаза тапты.

Бұл жөнінде ең бірінші болып аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Әйтеке би кентінде жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында оқыс оқиға орын алып, екі азамат қайтыс болды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, - делінген аудан әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Қайғылы оқиға жаңадан салынып жатқан 600 орындық аудандық мәдениет үйінде болған.

– 2019 жылдың қазан айының 29-ы күні сағат 16:30 шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында салынып жатқан құрылыс нысанынан екі жұмысшы абайсызда құлаған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екінші жұмысшы ауруханада қайтыс болған. Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігіне сәйкес (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда, - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, құрылысы жүріп жатқан нысан келер жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Халық-хабар

 


Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.10.2019 11:05

Бүгін Мемлекет басшысы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады.

Қазақстан Президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

– Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

akorda.kz

 


Қазалыда құрылыс басында 2 адам мерт болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.10.2019 10:45

Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысанында оқыс оқиға болып, құрылыс басында 2 ер адам қаза тапты.

«Әйтеке би кентінде жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында оқыс оқиға орын алып, екі азамат қайтыс болды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде», - деп жазды Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында.

Бейресми дерек бойынша қайғылы оқиға кешкі сағат 17.00 шамасында болған.

 


КӘСІПОДАҚ ӨНЕРЛІ МҮШЕЛЕРІН ҚОЛДАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.10.2019 09:25

"10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтары күніне" орай, "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Кәсіподақ өнерлі мүшелерін қолдайды" атты салааралық өнер байқауы өткізілді.

ҚР денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басын біріктіріп, өз алдына жаңа отау көтерген кәсіподақ ұйымы өзінің кәсіби төл мерекесін тұңғыш рет сала қызметкерлерінің өнерпаздары арасында ұйымдастырып отыр.

Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырып отырған алғашқы өнер байқауында қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Есмұрзаева Бағдагүл Сайынқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының персональды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Искакова Ғалия Досмайылқызы, Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қызылорда облыстық орталығының бас маманы Боранбаева Майра Қадырбекқызы және "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы қазылық етті.

Шарада алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының персональды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ғалия Досмайылқызы және "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Ән өнері"," Аспапта ойнау шеберлігі" және "Жеке немесе топтық би" өнерінен құралған өнер байқауында 1-орынды 72 ұпаймен №3 емхана алса, 2-орынды 71 ұпаймен «ΑLEXSEI SULTAN AHMET» ЖШС емханасы, 3-орынды 64 ұпай жинаған №6 емхана иеленді.

Жүлделі орындар бойынша "Үздік ән" номинациясымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы, «Шебер орындаушы» Балтабаева Гауһар марапатталса, «Үздік би» номинациясы бойынша Қызылорда қалалық ауруханасының «Үнді биі» бишілер тобы, Аспапта ойнаудың үздігі болып облыстық психоневрологиялық диспансерінің қызметкері Сейдалиева Қарлығаш танылды.

Марапатты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ермекұлы табыстады.

 


ҚОРЫҚШЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.10.2019 13:50

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьердің соңына түскен қорықшының мерт болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 25 қазан күні түнгі сағат 04.00-тер шамасында болған. Сол сәтте «Охотзоопром» мекеме қызметкерлері Жалағаш ауданы аумағында күдік тудырған «УАЗ» автокөлігін тоқтатпақ болады. Күдіктілерді қолға түсіру барысында «Охотзоопром» мекеме қызметкерлері жол апатына ұшыраған. Соның салдарынан «Охотзоопром» қызметкері оқиға орнында көз жұмған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел-тергеу тобы оқиға орнынан 2 қоян, тіркелмеген қос ауызды мылтық тәркіледі.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 337-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет, заңсыз аңшылық жағдайлары көрсетілген. Бүгінгі таңда күдіктілер анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, «УАЗ» маркалы автокөлік айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары