Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 30 Қазан 2019

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТҰТҚАСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
31.10.2019 11:45

 

 

Қанатбек  АБДУЛЛАЕВ,

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

 

Біздің қоғамда ажырасу деген дерттің дендегені қашан? Ресми деректер де көңіл көншітпейді. Ең өкініштісі, көбіне шаңырақ көтерген 25 пен 35 жас аралығындағы жас отбасылардың іргесі сөгіледі екен.

Шындығында, тағдыр-тәлейіңе не жазса, соны көресің ғой. Ажырасқан адам да қайта отбасын құруға құқылы. Ерге әйел, әйелге ердің табылары анық. Алайда алғашқы некеде туған баланың болашағы қандай болмақ? Ашығын айту керек, ажырасқан адамдар арасында бала дауы болатыны рас. Бұрынғы жарына баласын көрсеткісі келмейтін­ әйелдің де, еркектің де бары ақиқат. Жалпы, бұл – күрделі мәселе және тым нәзік тақырып.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынд­а азаматтық істер бойынша 2019 жылдың 7 айында 13 іс, 435 арыз түскен (2018 жылдың 7 айында 14 іс, 415 арыз). Алғашқы 7 айда ата-аналық құқығынан айыру бойынша 61, баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша 50, баламен кездесу уақытын белгілеу істері бойынша 37 арыз қаралған. Ал медиация тәртібімен  26  іс  қысқартылған.

Өздеріңіз білесіздер, елімізде 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданды. Бұның басты миссиясы – тараптарды татуластыру, ымыраға шақыру. Осы заң жобасының тиімділігі мен бала дауы туралы Қызылорда­ облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы­ Қанатбек Абдуллаевпен сұхбат құрған едік.

– Қанатбек Амангелдіұлы, сот ісі – салмағы ауыр саланың бірі. Талай тағдыр иелерімен кездесіп  жүрсіз. Есіңізде қал­ған сот процесінің бірін ай­тыңызшы.­

– Сот саласында қызмет атқарып жүргеніме 20 жылға жуықтады. Рас, талай адамның тағдырына куә болдық. Талай сот процесін өткіздік. Негізгі әңгімеміздің арқауы медиация туралы ғой. Осыдан екі-үш жыл бұрынғы сот отырыс­ы есімде қалыпты.

Қазалылық отбасының мәселесін қарап жатырмыз. 14 жыл отасқан ерлі-зайып­тылар ажырасқан. Үзіктей  4 баласы бар. Үлкені – 12 жас­та. Балалар күйеуінде қалған. Ал олардың анасы ажырасқан соң өзге адамға тұрмысқа шығып­ кеткен. Одан кейін ол азаматпен де айырылысыпты. Әлгі азамат­ша бізге бұрынғы күйеуіндегі балала­рын қамқорлыққа алғысы келе­тінін айтты. 4-5 рет сот отырысы өтті. Екі жақ бір келісімге келе алмады. Анасы­ «қайткен күнде де балаларды өзіме аламын» деп қояр емес. Содан сотқа­ балалар қатысты. Пікірлеріне құлақ түрдік. «Кімде қалғың келеді? Әкеңнің жанында болғанды қалайсың ба, әлде анаңның ба?» деп сұрадық. Олар әкесінің, ата-әжесінің қасында болғыс­ы  келеді  екен. Ал аналары  бұған қарсы.  Жалпы,  медиацияның  мақсаты – мәселені шешуде екі тараптың да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткіз­у және тараптардың дауласу­шылық деңгейін төмендету. Істі бір­жақты  қарауға  болмайды.

Әлгі отбасындағы бала дауын шешу үшін біршама жұмыс жүргіздік. Бұрын­ғы ерлі-зайыптылармен сөйлестік. Ақыл-кеңесімізді айттық. Бір мәмілеге келуге шақырдық. «Төрт баланың болашағы­ қандай болады?» деп сауал қойдық. Олар ойланды-толғанды. Ақыры нақты бір шешімге тоқтады. Кейіннен ерлі-зайыптылар бір-бірін кешіріп, қайтадан қосылды. Сенесіз бе, 8 жылдан соң қайта толық отбасы атанып­ отыр. Міне, медиацияның да негізгі мақсаты – осы.

– Бала  дауы  кезінде бала көбіне кімнің  тәрбиесінде қалады? Ананың ба, әкенің  бе?

– Бұған кесіп-пішіп жауап беру қиын. Шыны керек, кейбір ата-аналардың балаға деген көзқарасы бөлек. Тіпті, баланы өз мүддесі үшін өзімен бірге алып қалғысы келетіндер бар.

– Қалай сонда?

– Кейбір ата-аналар баланың психологиясына кері әсер ететін әрекеттер жасап кетеді. Ең бірінші, ата-ана өз мүддесінен гөрі баланың жағдайын ойлауы­ керек. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыптылар ұрысып қалса, баланы көрсетпей қояды. Ол аз десеңіз, әйелдер бұрынғы күйеуіне «мен саған енді баланы көрсетпеймін! Араласпайсың!» деп талап қойып, баланың әкеге деген көзқарасын өзгертуге тырысады. Бірақ, біз мынаны ұмытпауымыз қажет. «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 61-бабында «Баланың  ата-анасының  екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiле­рiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары неке­сiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның  жарамсыз  деп  танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар» деп көрсетілген. Яғни, ата-аналар баламен кездесіп тұруға тең құқылы. Кейбір аналар­ әкесімен баланы қоғамдық-көпшілік орында кездесуге рұқсат береді­ де, қондыруға қарсылық білді­реді. Дегенмен, оң-солын білетін бала болса, психологтарды шақырып, сөйлесіп, баланың пікіріне зер саламыз. Сөйтіп, зерттеп-зерделеп, нақты шешім  шығарамыз.

– Жанжал болған отбасындағы бала психологиялық тұрғыдан соққы алатыны  анық  ғой... Кейде балалар ажырас­қан анасына не әкесіне ренжіп, үйден кетіп  қалатын  да  шығар?

– Әрине. Ата-аналар ажырасқаннан кейін баланың психологиялық жағ­дайын ойламайды. Байқап қарасаңыз, толық емес отбасыдан шыққан (ата-анасы­ ажырасқан) баланың қоғаммен араласуы қиын болады. Одан кейін баланы­ң анаға, әкеге деген көзқарасы өзгереді. Соның салдарынан өтпелі кезеңде­ тәртібі нашарлап, түрлі қыл­мысқа баруы ықтимал. Отбасында әкенің, ананың орны ерекше ғой. Әкесі ұлдың, анасы қыздың тәрбиесімен айналы­суы қажет. Жалпы, сот процестерінің ішіндегі күрделісі де – бала дауы. Әсіресе, қос тараптың бір мәмілеге келуі оңай емес. Мұндай сәтте медиа­торларға, одан бөлек билер кеңесінің көмегіне жүгінеміз. Кейде екі жақ та келісіп, бітісіп кететін жайттар да кездеседі. Ажырасқан ата-аналар келісіп, баланың екі жақпен де араласуына келісім берсе, мұның өзі – балаға психологиялық тұрғыдан үлкен көмек.

Ата-ана ажырасқаннан кейін сот шешімімен анасында қалған баланың әкесіне  кетіп  қалғаны  бар. Жасыратыны жоқ, кейде балалар анасының не әкесінің теріс әрекеттерін байқап қалуы мүмкін. Содан бала ренжіп тұрғылықты мекенжайынан кетіп қалып жатады.

– Медиация арқылы бітімге келіп, қайтадан отбасы атанып жатқандар бар ма?

– Бар ғой. Бірақ аздау. Бала дауына байланысты қос тараптың (ажырасқан ерлі-зайыптылар) бітімге келуі оңай емес. Бұл – өте күрделі процесс. Өзім­нің есебімше, татуласып жатқандар некен­-саяқ. Ал біз ажырасқан ата-аналарға «Өздеріңізден бұрын ортадағы баланы­ң болашағын, алдағы өмірін ойлаңыз­дар. Бала мектепте толық отба­сы­ның баласын көріп қызығады. Содан  психологиялық  тұрғыдан  соққы алып, күйзеліске түседі. Соны түсі­ніңіздер!» деп үгіт-насихатымызды айтамыз.­

Еліміздегі  әр  бала  толық  отбасында  өмір  сүрсе, одан артық қандай бақыт­ керек?  Бүлдіршіндердің  қабағына  қаяу түспесе  екен.

– Ашық  әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ПРЕЗИДЕНТТІҢ МАРАПАТЫН ИЕЛЕНУ – МЕН ҮШІН ЗОР ҚҰРМЕТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
31.10.2019 11:30

Амантай  СЕРЖАНОВ,

«ПетроҚазақстан Құмкөл

Ресорсиз» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі бастығы:

 

- Амантай Тоқтарбайұлы, әңгіменің әлқиссасын өзіңіз туралы­ деректерден бастасақ...

- Мен 1968 жылы 21 қаң­тарда Қызылорда қаласында дүниеге келдім. 1975-1985 жылдар аралығында №1 те­мір­жол орта мектеп-интер­натында білім алдым. 1985-86 жылдары «Маслосырбаза» мекемесінде жүк тиеуші, 1986-87 жылдары №12 кәсіп­тік өрт сөндіру бөлімінде (ОППЧ при охране ФНМ) өрт сөндіруші болып жұмыс істедім. 1987-89 жылдар аралығында Кеңес әскерінің қатарында қызмет еттім. Екі жылдай №1 орта кәсіптік-техникалық училищеде оқып, мұнай және газ өндіру операторы мамандығын алдым. 1990  жылдан мұнай сала­сында жұмыс істеп келемін.

1998-2004 жылдары Қызыл­орда  қаласындағы  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сырттай оқып, тау-кен инженері мамандығын игердім. Ата-анам жайлы айтар болсам, әкем Тоқтарбай Сержанов үй құрылыс басқармасында (ДСУ) жүргізуші болды. Ол кісі өмірден өткенде бар бол­ған­ы 3 айлық нәресте екен­мін. Есімімді әкем Алматыдағы онкологиялық ауруханадан айығып шығып, отбасыммен аман-есен қауышам деген ниетпен, сеніммен Амантай деп ырымдап қойған. Анам Ұлмекен Өткелбаева ұзақ жылдар бойы қалалық кооператив сауда (Горкоопторг) мекемесінде сатушы болып жұмыс істеген, қазір зейнеткер. Отбасым бар, жұбайым Рая Сержанова – жоғары білімді маман, бастауыш сыныптың мұғалімі, бес бала тәрбиелеп отырмыз, екі қыз, үш ұлымыз бар.

- Мұнай саласына қалай келдіңіз? Заманн­ың таршылық тұсында бұл салаға жұмысқа тұру оңай болды деу қиын.

- Мұнай саласына келуім кездейсоқ болды. Құмкөл кенішінде мұнай табылып, ұңғымалар бұрғыланып жатқаны, жақын  арада мұнай  өндіру  басталаты­ны­  жайлы сыныптасым Қайрат Рүстем­бековтен естідім, ол маған өзінің мұнай және газ өндіру операторы мамандығында  оқығанын, жақында диплом алатын­ын айтты. Бұрын біздің өңірде мұнай игерілмегендіктен, сала туралы ешбір түсінік болмады. Өзім жұмысқа тұра алмай жүрген кезім, себебі арнайы мамандығым жоқ, әскерден келген соң Өскемен құрылыс жол институтына тапсырып, конкурстан өтпеген болатынмын. Аз-кем ойланып, кейін құжаттарымды тапсырдым, білім алып, мұнай және газ өндіру операторы мамандығының иесі болдым. Яғни, менің мұнайшы болуыма тікелей себепкер сыныптасым Қайрат десем, қате айтқандық емес. Жұмысқа сол кездегі мұнай-газ өндіру кәсіпшілігінің басшысы Жо­лама­н Мәмбетов ағамыз қабылдады.  90-жылдары мұнай өндіру әлі қарқынды дамымаған кез, тіпті қызылордалықтардың көпшілігі Құмкөл кеніші жайлы­ естімеген де болар. Жергілікті мамандар жоқтың қасы, сондықтан, жұмысқа еш кедергісіз орналастым.

- Бүгінде Қазақстан мұнайына  120  жыл  толды. Сіз еңбек етіп келе жат­қал­ы  осы  салада  қандай тың   жаңа­лық­та­р  болады?

- Иә, Қазақстан мұнайын өндіріп, игеруге бір ғасырдан астам уақыт өтіпті. Бұл дегеніңіз – қажырлы еңбекке толы үлкен тарих. 30 жылдан аса тарихы бар Құмкөл мұнай кенішінің өмірінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық елеулі жаңалықт­ары  жетерлік.

«ПетроКазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы – Қазақстан Республикасында газды пайдаға жарату нысан­дарын іске пайдалануды сәтті ендірген алғашқы  кәсіпорындардың  бірі. Бұрын ілеспе газдың ішкі қажеттілігінен артылға­ны факелдерде жағылатын. Ол қоршаған ортаға өзіндік экологиялық әсерін тигізетін. Бұл жоба іске асқаннан кейін ілеспе газдан энергия қуаты өндіріліп және қабат қысымын қайта орнына келтіру жұмыстарына пайда­ланатын  болдық.

- Еңбек жолыңызға қарасақ, сіз баспаған саты аз  секілді. Дегенмен, ізіңізден ерген  мұнайшылардың  қандай қасиеттері басым? Қазір үлкен кісілердің көбісі жастарға көңіл толмаушылық білдіріп жатады­  ғой... Шәкірттеріңіз  бар  ма?

- Негізінен мұнайшыларға үздіксіз жұмыс істеп тұрған өндірістегі­ жағдайларға қарай жылдам шешім қабылдау, тапсырманы дер кезінде орындаудың маңызы зор. Жұмыс барысынд­ағы  технологиялық процестің бұзылмауын қадағалау, қауіпсіз­діктің барлық  деңгейі­н сақтау  сияқты тәжірибемен  жинаған қасиеттері  басым­  болуы керек.

Қазіргі жастардың алға ұмтылыс­тары, ізденуі, білімдерін жетілдіруі де жақсы. Қай кезеңде болмасын, көңіл толмайтын адамдар болады, бес саусақ ешқашан бірдей болған емес. Жастардың адамгершілік қасиеттерден гөрі, мансап қуып, тезірек байып кетуді ойлауы – осы заманның талабы, ол үшін оларды кінәлауға болмайды. «Ұстаздан шәкірт озады» демекші, өз ісінің маманы болған шәкірттер баршылық. Жоғары­ оқу орнынан алған білімдері мен өндірістен алған тәжірибелерінің арқасында әрбір цехта жұмыстарын адал атқаруда. Атап өтер болсам, Баубек­ Жұбан – құжаттар жөніндегі маман, Сейтжан Жұманазаров – ҚАМ кеніштеріндегі мұнай-газ өндіру жөніндегі шебер, Әмірхан Қуандықов – жерасты зерттеу жетекші инженері, Мадияр Сүлеев – қойнауқатты зерттеу жөніндегі маман, т.б.

- Өз ісіңіздің маманысыз. Кен игеру барысында жиі ұшырасатын қиындық қандай?

- Жиі туындайтын қиындықтардың бірі деп технологиялық процесті қалпында ұстап тұратын қондырғылардың істен шығуын айтамын. Кейде осы қондырғылардың кенеттен істен шығуының салдарынан біз ұңғымаларды тоқтат­уға мәжбүр боламыз.

- Өзіңіз айтқандай, мұнай өндірісінде ұңғымалардың тоқтап қалатын сәттерін жиі естиміз. Осындай жағдайда Сіздер қандай шешім қабылдайсыздар? Бұл компанияның экономикалық жағдайына қалай әсер етеді?

- Ұңғымалар тоқтап қалған жағдайда тезірек жұмысқа қосуға әрекет жасаймыз, себебін анықтап, талдау жасалынады. Егер де ұңғымаға жерасты жөндеу жұмыстары қажет болса, ұңғыма жөндеу бригада станогын жібереміз. Ұңғымалардың уақыт өте келе тоқтап қалуы, ол дағдылы жағдай. Біздің міндетіміз – ұңғымалардың тоқтаусыз жұмыс істеу мерзімін ұзартып, көбірек мұнай өндіру. Шығыс болмай, кіріс болмайды­ дегендей, компанияда ұңғыманы жөндеу жұмыстарына арнайы қаржы қарастырылған.

- Бұрынғы және қазіргі технологиялық  өзгерістердің  айырмашылығы  тура­лы­  не  айтасыз?

- Ең басты айырмашылықтардың бірі болып мұнай есептегіш құралдары санал­ады. Бұрын механикалық түрі болса, қазір электронды автоматты есептегіштер қолданылады. Бұл бізге жұмыс уақытын үнемдеуге және мұнайдың сапасын, көлемін дәл есептеуге жол ашты. Бұрын бір жұмыстың жаңа түрін бастауға рұқсат қағаздар автокөлікпен пошта арқылы келетін болса, қазір факс немесе электронды пошта ар­қылы жолдан­ады. Құмкөл кенішін алғашқ­ы жылдары жайластыру кезінде темірден жасалған құбырлар пайдаланылса, қазір ұңғымалардың өнімі сулануына байланыст­ы құбыр ішіне салатын полиэтил­ен гильзалары және стеклопластикалық құбырлар қолданысқа енгізілді.

- Бүгінде жұмыс барысында озық технол­огияның қай түрін қолданасыздар? Жалпы, кеңестік кезең мен техника тілі дамыған замандағы жұмыстың өзгешелігі қандай?

- Техника мен технология даму заманы­ өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттарын көз­дейді деп санаймын. Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық матери­алдардың пайда болуына, квант­тық техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электронды пошта­) және ғарыштық байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды. Біздің кеніште газдан энергия өндіру жобасы жүзеге асты. Жаңа химия­лық қоспалар мұнайдан суды тиімді бөлуге кеңінен қолданылуда. Алысқа бармай-ақ компьютерді алайық. Кеңестік заман кезінде барлық қағаздар қолмен жазылатын еді. Барлық кестелерді қолмен сызатын едік. Қазір барлық есеп-қисап жұмыстарының, сызба жұмыстарының компьютерсіз жасалуын­  елестету  қиын.

- Қазақстан мұнайының 120 жыл­дығына  орай  мемлекеттік  награда алдыңыз­. 30 жылдық  тәжірибесі бар мұнайшы  ретін­де халыққа игі тілегіңізді жолда­саңыз...

- Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Атырау қаласында Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойын атап өту іс-шарасына қатыстым. Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалін алдым. Президе­нттің марапатын иелену – мен үшін зор құрмет. Бұл құрмет біздің алдағ­ы ісімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Барлық мұнайшыларды Қазақстан мұнайына 120 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіз­дердің тәуел­сіздік туын тұғырға­ қондырған еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуына,­ халқымыздың әл-ауқатын жақсарта түсу жолындағы толассыз еңбектеріңізге табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Жері­нің асты байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы, көк туын желбіреткен, Ән­ұранын шарықтатқан еліміздің  барша  азаматтарына береке­-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыст­ар  тілеймін.

- Әңгімеңізге  рақмет.

Сұхбаттасқан Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


ДИСПЛАЗИЯ ДЕРТІ ДЕНДЕП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
31.10.2019 11:20

Безектегеннің көкесі бала ауырғанда болады. Айтуға тілі, сөйлеуге үні жоқ бесіктегі­ баланың ауырған жерін білмей дал болу – әрбір ата-анаға таныс жағдай. Осындайда «бала ауырмаса екен» дейміз. Ал ақиқатында дені сау бала туылуы үшін алдымен анасы­ өз денсаулығына бейжай қарамауы тиіс. Балалардың жамбас буынының дис­плазиясы дегенді естіп жүрген боларсыз. «Аурудың жақсысы жоқ» деген. Өкінішке қарай, соңғы жылдары осы ауру жаңа туған нәрестелер арасында дендеп кеткен.

Бізде дүние есігін ашқан сәбиді бесікке бөлеу дәстүрі қалыптасқан. Мамандар жамбас­ ұршығы тайған балаларды бөлемеу керек дегенді айтады. Батыс мәдениетінде мұндай жоқ, туған баланың қол-аяғын босатып,­ өзінің еркіне жібереді. Олардың қимыл-әрекеттерін шектемейді, оларды отырғызып денесін бос ұстайды, аяғы бүгілу және жазу жағдайында болады, сонда ғана баланың аурушаңдығы төмен бола­ды.­ Сарапшы­лар статистикасына сүйенсек, өткен ғасырларда аурудың бұл түрі мыңның ішінде 3-4 ғана балада кездессе, бүгінде ол көр­сеткіш әлдеқайда жоғарылаған. Мәселен, Қы­зылорда облысында жыл басынан бері 166 бала жамбас буынының диспла­зиясы ауруымен тіркелген. Ал оның 115-і туабітті пайда болған.

- Туабітті дисплазия дертіне келер болсақ, ұршығы шығып кеткен және екінші диплазия деген­ бар. Дисплазия дегеніміз – ұршықтың басы кальций жетіспеушілігіне байланысты бос болып, дамы­май тұрады. Негізінде мұны емдеудің сан түрі бар. Мәселен, баланың аяғына шина кигіземіз немесе массаж қабылдайды. Жалпы, неғұрлым ерте анықтасақ, соғұрлым тез сауығуға мүмкіндік мол. Бала перзентханада дүниеге келген сәтте онда дисплазия бар не жоқтығын неанатолог дәрігер анықтайды. Десе де, ата-аналар бала бір айға толған кезде хирургқа  міндетті түрде аяғын тексертіп алуы керек, - дейді Қызыло­рда қалалық­ №3 емхананың педиатр­ дәрігері Ұлпан  Ибраева.

Жамбас буынының туабітті пайда болуы тірек-қимыл аппараттарының туа болатын ақауларының ішінде ең жиі ұшырасады. Және ол – жамбас ойығының, сан сүйегінің басыны­ң (ұршығының), бұлшық еттер мен байлама­лардың жетілмеу салдарынан туындайтын ақау. Оның кездесу жиілігі жаңа туған­ әрбір 1000 нәрес­тенің 3-тен 8-інде бола­ды.  Ал  жамбас буыны­ның дисплазия­сы­ (кемтарлығы) одан да жиі кездеседі. 1000 нәрестеге – 16 бала. Дәрігерлер «қыз балаларда  ұлдарға қарағанда жамбас буынының туабітті пайда болуы 5 есе жиі кез­десе­ді» дейді. Бұл аурудың себептері әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Көптеген зерттеушілер жамбас сан буынының туабітті шығуының себептеріне жатырдың жарақаттануын, ұрық маңы суының аз болуын, ұрықтың­ ана  құрсағында дұрыс жатпауы мен аз қозғалуын, тұқым­қуалау­шылықты, жүкті әйелдің эндокр­индік бездері қызметтері­нің бұзылуын, жүкті әйелге витаминдердің, гормондардың жетіс­пеушілігін, жүрек-қан ауруын, бүйрек ауруын, жүк­тіліктің токсикозбен өтуін, белок тұз алмасуының жүкті әйелдерде бұзылатындығынан және қоршаған ортаның зиянды әсерлерін жатқызады.

Біз осы орайда баласы туабітті жамбас буыны­ның дисплазиясы ауруымен ауырған ата-ана, қала тұрғыны Назым Дәулетбаеваны  әңгімеге  тартқан едік.

- Менің анам балалар дәрігері болатын. Қызым 3 айға толған кезде анам баламды ойнат­ып отырып, аяқтарында ақау бар екен­дігін байқап қалды. Сөйтті де маман­дарға көрсетіп, оны тез арада емдетуім қажет екендігін ескертті. Өзім тұратын елді мекен­н­ен аудандық ауруханаға жолдама алдым­. Аудан дәрігерлері қызымның денсаулығы жақсы екендігін айтты. Алайда өзім баламн­ың денсаулығына алаңдап, хирургтен жолдама алып, Қызылорда облыстық диаг­ностикалық орталыққа келдім. Ол жақтан облыстық медицина орталығын­а жіберді. Осылайша қызым 9 айлығына дейін  аяғын түзейтін құрылғыны байлап жүрді. Дәрігерлер маған  «бала жатқан кезде аяқтарын қоспай, ашып жату керек» деп кеңес берген болатын. Соны орындадым. Алайда көп мазасы­зданды. Массажды өзім жасап жүрдім. Араға 4 ай салып, рентгенге түсіргенде нәти­жесі­ жақсы болып шықты. Жамбас буынының шығып туғанын ерте байқадық, әйтпесе кейін қиын болар­ ма еді, кім білсін?! Қазір қызым 5-сыныпта оқиды, жағдайы  жақсы, - дейді ол.

Оның айтуынша, баланың денсаулы­ғына күтіммен қарап, үнемі үздіксіз дәрігерге қаратып тұрудың зияны жоқ. «Өйткені кейбір сүйек ауруларын емдеуді кешеуіл­детудің арты қиындыққа әкеліп соғады» дейді. Расында. Балада бұл аурудың белгілері бар екендігін қалай анықтауға болады? Қараңыз,  егер:

- дені сау сәбидің екі тізесі бірдей тегіс жазықты­ққа дейін жетуі керек. Бұтының ашылмауы­ айқын болса, онда жамбас буыны­ шығып кеткен деген сөз;

- нәрестенің сан және бөкседегі тері қыртыст­ары  бір  деңгейде  орналаспаса;

- нәресте аяқтары қысқарып тұрса;

- жамбас буыны шыққан жағында саны, балтыры сыртқа қарай қисайып тұрса, демек­, баланы тез арада дәрігер-ортопедке көрсету  қажет.

ТҮЙІН. Бұрынғыны қозғамасақ, тағы болмайды. Қазақ ұлы халық екенін сөз арасына қосудың реті келіп тұр. Бесіктен тұрған соң бұрын әжелер баланы сылап-сипап, аяқ-қолын тартып отыратын болған. Бүгін сол жас аналардың санасынан сөніп бара жатыр ма дейсің?! Ілуде біреу болмаса баланың қол-аяғын тартқылап отыр­ғандар қатары сирек. Бұрынғылар  біліп  істеген  дүниені,­ қазіргілер  құлағына  іліп істесе жақсырақ  болар­ еді.

Әйгерім   НАЖМАДИН

 


ҚОС ТОЙЫ ҚАБАТ КЕЛГЕН ЖАЛАҒАШ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
31.10.2019 11:00

Облыстағы барлық аудандар «Алтын дән – 2019» мерекесін тойлап жатыр. Бұл дүрмектен жалағаштықтар да қалыс қалмады. Мұндағы жұртшылық ауданның 80 жылдығы мен «Алтын дән – 2019» мерекесін қатар атап өтті. Молшылық мезгілі саналатын күз айының берері көп. Диқандар жаз бойы белін жазбай еңбек еткенінің жемісін көреді. Ерте көктемнен басталған күйбің тірлік қара күзге дейін жалғасады. Егінге ерекше күтім керек. Сондықтан, әр дәнде мың­даға­н адамның маңдай тері бар екенін ұмытпаған жөн. Егін-терін жиналған соң, дәстүрден жаңылмаған  жалағаштықтар  еңбеккерлерін елеп, диқан­дарын дәріптеді.

Жалпы, Жалағаш ауданы 1939 жылдың 17 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлы­ғымен құрылды. Құрамына Қармақшы және Тереңөзек аудандарының 9 ауылдық кеңес­і енгізіліп, аудан орталығы Жалағаш поселкесі болды. Ауданға 1 МТС пен  34 колхоз біріктірілді. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып­ С.Кистанов, Жалағаш ауданы бойынша ұйым­дастыру комитетінің төр­ағасы болып Ж.Төлепбер­генов, мүшелігіне А.Бөле­кеев, Н.Мырзалиев және Ш.Саяхов  тағайындалады.

Соғыстан кейінгі жылдарда жемісті еңбек ету аудан ауыл шаруашылығы үшін қиын  еді. Колхоз-совхоздардың материалдық-техникалық базасы әбден ескірген­діктен еңбек өнімділігі де өте төмен болды. Бұл жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты. Ауылшаруашылық  машиналардың  көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, жаңадан алынатын машиналар саны тағы аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдері­нің,  экономикалық заңдарды  есепке  алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті төмен болып, қоғамдық  мал  шаруашылы­ғы нашар дамыды. Дегенмен де, осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар  мемлекет  алдында  өз міндеттемелерін  орындап, елді  асырап  отырды.

1950 жылы ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген Кеңес үкіметінің басшылығы ауыл шаруашылығындағы келеңсіздікті жою туралы қаулы қабыл­дады. Осы қаулыға сәйкес совхоз­дар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашы­лығын жаңа техникамен қамтама­сыз ету үшін мем­лекет арнайы  қаражат  бөлді. Көп кешікпей жұмыс өз нәтижесін бере бастады. Ауданда көптеген күріш­шілер, жылқышылар мен шопан­дар өзінің ерен еңбегі үшін КСРО-ның орден-медаль­дарымен марапат­талып, 6 адам Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атаққа  ие  болады.

Аудан еңбеккерлерінің келешек ұрпақ үшін тынымсыз  еңбегінің  арқасында  XXI ғасырдың қақпасынан өткен Жалағаш ауданы жаңа жетістіктер мен әлеуметтік жаңару жолында алға қарай қадам жасап келеді. Тәуел­сіздік жылдарында қаншама өндіріс орындары жанданып, мектептер мен балабақшалар, мәдениет орындары салынды. Аудан орталығы мен елді мекендер абаттандырылып, көріктене түсті.

Тамыры терең, тарихы кенен­ құтты мекен Жалағаш ауданының 80 жылдық мерей­тойы «Тағзым» аллеясында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің кеуде мүсіндерінің ашылу рәсімінен  басталды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нау­рызбай Байқадамов және бірқатар ел ағалары, аудан басшылығы, ардагерлер қауымы, республиканың түкпір-түкпірінде қызметте жүрген жалағаштықтар, қо­нақтар және аудан тұр­ғындары  қатысты.

- «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  аясында осы кезге дейінгі ескерілмей жүрген дүниелер қолға алынуда. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы. Бүгін  облысымыздың жетекші  ауданында ауқымды шара өтуде. Исатай, Алдабе­рген ағаларымызға арнайы­ бюст қойылып жатыр. Бұл – халықтың құрметі. Жастар үшін мұның маңызы жоғары. Екі тұлғаны да бөліп қарауға болмайды. Екеуі де – табан ет, маңдай терінің арқас­ында осындай дәрежеге жеткен тұлғалар. Қос ағамның да рухына тағзым ете отырып, жастарымыз осы кісілердің өмір жолынан үлгі алса деймін, - деді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың про­фессоры Қазбай Құдайбер­генов.

Шара  барысында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің өміржолынан, халыққа қалтқысыз қыз­меттерінен бүгінгіге үлгі болар­лықтай естеліктер айтылы­п, өнерпаздар жырдан шашу шашты. Шара соңын­да кеуде мүсіндерінің алдына гүл шоқтары қо­йылды.

Одан соң орталық ста­дионда «Алтын дән – 2019» мерекесіне арналған театрландырылған қойылым және Жалағаш ауданының 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтар аудан тұр­ғындарын «Алтын дән» мерекесімен құттықтап, еңбек озаттарын марапаттады.

- Жалағаш – төс­кейде төрт түлігі өріп, алқапта ақ маржаны жайнаған берекелі мекен. Аудан ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. Еңбектің даңқын асырған­ егінші жұрт бүгінгі заман талабына сай, мықты әрі тиімді шаруаны жүргізіп, жоғарғы белестерді мойын­датудың үлгісін көрсетіп келеді­. Биыл аудандағы шаруа­шылық құрылымдары 36675 гектар жерге егін екті. Оның 21800 гектары – Сырдың бағалы дақылы күріш. Бүгінде аудандағы егіс алқаптарындағы күріш толық жиналы­п бітті, - деді аудан басшысы.

Шарада еңбек озаттары, сондай-ақ «Жалағаш ауда­нының құрметті азаматтары» марапатталып, бағалы сый­лық­тарға ие болды.

- Мен Жалағаш ауданында 11 жыл қызмет атқарып, еңбек еткен адаммын. Ағаларымызды сыйлап, құрметтеп жатқанына біз ризамыз, қуаныштымыз. Жалағаштың 80 жылдығы құтты болсын! Той тойға ұлассын, - деді Жалаға­ш ауданының құр­метті азаматы Төлеш Әлиев.

Шарада шаруашылық ұжымдары еңбек озаттарына, атап айтқанда «Нағи» шаруа қожалығы 2 автокөлік, «Қара-Бура» шаруа қожалығы  4 авток­өлік, «Байтабын» ЖШС 5 автокөлік табыстады. «Озат егін шаруа­шылығы» номинациясы бойынша Мақпалкөл ауылдық­ округіндегі «Ер-Әлі», Бұқарбай батыр ауылдық­  округіндегі «Байтабын» ЖШС, Ақсу ауылдық­  округіндегі «Сәрке батыр» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі  марапатталды.

- Биыл 1280 гектарға күріш орналастырып, әр гектарын­ан 75 центнерден өнім алдық. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Шаруашылықты басқарғаныма 20 жылдай уақыт болды. Алғашқыда өнімді 25 центнерден алатын едік, қазір заманауи техниканы енгізіп, жоғары жетістікке жетіп жүрміз, - деді «Ер-Әлі» шаруа қожалығының директоры Әліби Бекжанов.

Айта кету керек, жыл қорытындысымен ауыл шаруашыл­ығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыс­та алдыңғы қатардан көрініп, күріштің әр гектары­нан 63 центнерден өнім жинап, облыстық «Алтын дән – 2019» мерекесінде «Үздік аудан» номинаци­ясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатт­алған еді. 21800 гектарға егілген күріштің әр гектарынан 63 центнерден 137 400 тонна күріш жиналды.­

Ауданның  80  жылдығына  орай ұйымдастырыл­ған  шаралардың  легі  Қ.Қазантаев  атындағы  мәдениет­ үйінде жалғасты. «Жалағаш ауданының көшелері мен құрметті азаматтары», «Тарихы терең, еңбегі  ерен – Жалағаш» атты кітаптар мен «Жалағаш жауһарлары»  атты  музыкалық мұрасы СD жинағының  тұсаукесер  рәсімі  өтті.

- Жалағаш ауданының 80 жылдығына байланысты кітапты шығарған кезде соңғы 10 жылдықты қамтыдық­. Қазіргі уақытта Жалағашта туған азаматта­р еліміздің түкпір-түкпірінде, шетелде жұмыс істеп жатыр. Бұл кітапқа сондай әртүрлі салада­ жемісті етіп жүрген жерлестерімізді қосуға тырыстық, - деді кітап авторы, жазушы-журналист Тұрақ  Адисұлы.

Жалағаш жұртының республикалық ақындар айтысыны­ң басталуын көп күткені рас. Аудандық мәдениет үйінде ине шаншар орын болмады. Айтысты­ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.

Қазылар алқасының құрамында ақын, сазгер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Елена Әбдіхалықова, ақын, журналист «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушыла­р одағының мүшесі Бауыржан Қалиолла, ақын, «Шалқар» радиосының директоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ақын, облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ғазиза Әбілдалар болды.

Бес  жұп  қатысқан  айтыс  қорытындысында үшінші орынды атыраулық Шалқарбай Ізбасаров, екінші   орынды  жалағаш­тық  Айдос Рахметов  иеленді. Бірінші орын оралдық Талғат Мықидың қанжыға­сында  кетсе, бас жүлдені тағы бір жалағаштық ақын Мұхтар  Ниязов­  еншіледі.

Жалағаштағы той орталық алаңда эстрада әнші­лерінің қатысуымен өткен концертпен аяқ­талды. Жалағаш ауданының 80 жылдығы жоғары деңгейде тойланды деуге негіз бар. Әлеуметтік желіде «Жалағаш­ жерлестерімен мақтанады» деп еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет ететін жерлестерін түгендесе, «Жалағаш жайлы жазбалар» деген тақырыпта аудан туралы танымал тұлғалардың пікірін, тілегін оқыдық,  естідік. Сондай-ақ, көптеген  азаматтар  туған­ жеріне деген ыстық-ықыласын видеосәлемдеме арқылы­  білдіріп  жатыр.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


МУЗЕЙ – МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ МЕКЕНІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
31.10.2019 10:50

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелерінің атқарған жұмыстары туралы газеттің әр санында кеңінен жазып жүрміз. Әуелгіде «Көз мүгедектеріне көмектесетін кітапхана» деген тақырыпта зағип және нашар көретін азаматтарға арналға­н кітапхананың жұмысына тоқталдық. Одан соң халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жайында «Өлкеге өң берген өнер ордасы» деп жазсақ, Ә.Тәжібаев атындағы   әмбебап   ғылыми   кітапханасы  туралы  «Облыстық  кітапхана – ірі ақпараттық мәдени орталық» деп мақала дайындадық. Алдағы уақытта филармонияның атқарған жұмыстарына шолу жасау ойда бар. Газеттің бүгінгі санында облыстық тарихи-өлкетану музейі жайындағы мақалаға төр бермекпіз. Себебі музей Сыр бойының өткені мен бүгінінен сыр шертетін үлкен мәдениет орталығы саналады.

Музей Қазақ ССР Жоғарғы Советі президиумының ұйым­дастыру комитетінің 1939 жылдың 7 ақпанындағы қаулысының шешімі­мен құрылған. Алғашқы жылдары өз жұмысын өлке тарихы мен табиғатын зерттеуден бастаған музей тұрағы 1890-1896 жылы салынғ­ан Перовск Қазан – Богородтық шіркеуі орналасқан ғимаратта болды. Сол кездегі музейдің ең құнды экспонаттары дулыға, сауыт,­ 1853 жылы Ақмешіт бекіні­сін алуда пайдаланылған зеңбірек ұңғылары, Ұлы Жібек жолының сауда нүктелерінде айналымда болға­н ақша коллекциясы еді. 1980 жылы облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша музейге 1953 жылы салынған екі қабатты үй беріліп, 1985 жылдың 7 мамырында өз жұмысын бастады. Музей­ге 1989 жылы қосымша құрылыс жүргізілді. Музей ғимараты – 1953 жылы салынған, қаламыздағы сәнді архитектуралық ескерткіштердің бірі. 2001-2005 жылдары музейде реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, экспозиция толығымен жаңартылған. Реэскпозициялық жұмыстар нәтижесінде музейдің 11 экспозициялық залы заманауи үлгіде ақпараттандырылып, жасақталды. Музей қорындағы экспонаттар өлкеміздің құрылуы­, тарихы, өнеркәсібі мен мәдениеті жайлы мәліметтер береді. Музей қорында қазіргі таңда 58883 экспонат сақтаулы. Сыр елінің тарих­ы мен табиғатын баяндайтын 11 залда 4502 экспонат бар.

Осындай Сыр бойының өткені мен бүгіні жайлы сыр шертетін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде техникалық жетіс­тіктерді музей ісінде тиімді пайдалану, музей ісіне жаңалықтар енгізу­, әрбір экспонаттың қырын ашу, музейге жаңа экспозициялар арқылы жаңа тыныс беру, тәр­биелік мақсаттарға сай музейлік педаго­гиканы дамыту арқылы жастар­ды музейге тарту, музейлік бизнес, маркетинг және менеджмент мәселелері мен музей ісін бүгінгі  күн талабына  сай ұйым­дастыру жұмыстары алға қойыл­ған. Модернизациялау бағыттары арқылы­ істелген жұмыстар оң нәтижесін беріп жатыр дей аламыз. Қазақстандағы компьютерлік ақпарат­ желілеріне қосылып, облыстық­ тарихи-өлкетану музейі компьютерлік «Музеолог» жаңа бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр­. Қазіргі уақытта музей қызметі мен құнды коллекцияларға арнал­ған WEB сайт жаңа дерек­термен толықтырылып отырады.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 сәуір мен 14 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі ұйымдас­тырылған. Екі айдан аса жұмыс істеген көрмені облыстың зиялы қауым өкілдері, «Нұр Отан» партиясы­, облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, облыс арда­герлері, өңіріміздің барлық мекеме­ басшылары және қызметкерлері, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ, белсенді жастар, журналистер мен блогерлер, шетел азаматта­ры, қаламыздың мәртебелі қонақтары мен тұрғындары, жалпы­ саны 160 мыңнан аса адам тамашалаған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қызметкерлері, Қызылорда облысының музейлік қоғамдастығы үшін «Музей саласындағы ақпараттандыру» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Және наурыз айынан бастап­ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын әрі қарай жалғас­тыру мақсатында «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында Қызылорда облысының қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге «SACRAL ТУР» атты тарихи-танымдық экскурс­иялар ұйымдастырылып келеді. Мәдени-рухани құндылықтарымызды қастерлеу мақсатында «Жас өлкетанушы» музейлік жобасы­ жүзеге асырылуда.

- Музей осы күнге дейін адамды мәдени ортаға баулудың құралына айналып, компьютерлік техноло­гияларға, яғни виртуалды әлемге қарсы тұратын кеңістік ретінде танылып келді. Қазіргі таңда музей жаңа қарқынды даму жолына түсті. Музей ісі жаңа компьютерлік техноло­гиялармен бірге дамуда. Мультимедиялық  презентациялар, сенсорлы моноблоктар, «Музеолог» бағдарламасы, т.б. осыған дәлел. Мысалы, әр зал LED телевизорлармен жабдықталған. Экспозицияны ашатын видеоматериалдар қосымша құрал ретінде халыққа ұсынылып отыр. Фойелерде орналастырылған сенсорлы моноблоктар музей әлеміне виртуалды енуге, музей қорындағы зергерлік және этнографиялық бұйымдар коллекциясын және т.б. тамашалауға мүмкіндік береді, - дейді музей директоры Бақыткүл Бекмамбет.

Музейде Елбасының «Ұлы Даланы­ң жеті қыры» бағдарламасының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауында көрсетілген мектеп туризм­ін дамыту жұмыстары бойынш­а және «Жастар жылына» орай «Village life» офистік жобасы жүзеге асырылған. Жобаның мақсаты­ – мектеп оқушыларының өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, жас жеткіншектердің санасына сіңіру. Жоба барысында 800 мектеп оқушысы атқа міну, киіз үйдің тарихы, қазақтың мал шаруашылығы (бие сауу, түйе сауу), кілем мен ши тоқу әдістерін меңгеріп, ортағас­ырлық қалашықтар мен қасиеті нысандардың тарихымен танысты.

«Жастар жылы» аясында талант­ты жастарға қолдау көрсету, бейнелеу өнері саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер мен талантты жас қылқалам шеберлерінің басы­н қосып, көркемсурет саласы бойынша пікірлесу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Аға ұрпақ өнері – жастарға аманат» атты халықа­ралық суретшілер симпо­зиумы ұйымдастырылды. Осы симпозиум аясында облыс орталығындағы Көркемсурет галереясына жерлесіміз, елімізге белгілі қазақ өнерінің майталманы, кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілді.

Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдері­мен қатар, республикаға таны­мал (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және т.б.) қылқалам шеберлері мен жергілікті белгілі суретшілер және жастар қатысып, бейнелеу өнерінің түрлі жанры бойынша салынған жаңа туындыларымен бөлісіп, өз шеберліктері мен қабілеттерін шыңдады. Симпозиумға барлығы 20  суретші  қатысты.

Қыркүйек айында ғана «Музей­ле­р  парады»  жалпыреспубликалық акциясы аясында Ақмешіт филиалында «Музей түні» мерекелік шарасы­ өтті. Музейге келушілерге мәдени-тарихи құндылықтар дәріптеліп, қала халқы мен қонақтары рухани сусындап, ата-бабадан мирас болған мұраны тамашалап, өткен шаққа ойша барып қайтты. Мұнда бабадан қалған аманат насихатталды.­

Музей – мәдени мұраның мекен­і. Ол – конференция, презентация, брифингтер өткізуге мүмкін­шілігі бар, жоғары деңгейде жабдықталған мәдени орын. Сондай-ақ, музей экспозициясы мен көрмелері бойынша жалпы және тақырыптық экскурсиялар жүр­гізумен айналысады. Халықтың әртүрлі тобын­а облыстың тарихы жайлы кеңес береді. Мекемелерде, оқу орындарында өлке тарихы жайлы­  жылжымалы көрмелер мен лек­циялар  ұйымдастыруға қау­қарлы. Тарихи оқиғаларға қатысушы­лармен, ғылым және мәдениет өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, көркемдік және сәндік қолданб­алы өнер туын­дыларын  бағалау­ға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, музейдің атқарар­  жұмысы­  ауқымды. Музей тұтастай тасқа қашалған тарихты қойнына сыйдырып, сыр шертіп отыр.

 

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 


ДӘННІҢ ҚАМБАСЫ, ӘННІҢ АРНАСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
31.10.2019 10:40

Қармақшы ауданында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңірді мамандандыру аграрлық-индустриялық болып табылады. Дамыған ауыл шаруашылығымен және табиғи қазбалардың бай кендерімен өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту қарастырылуда. Атап айтқанда­, азық-түлік тағамдары, құрылыс материал­дары және мұнай-газ өңдеу өндірістерін алға жылжыту – басты мақсат. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту, жерлерді суландыруда су ресурстарын үнемдеуге көшу және мал басын арттыру жолымен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту қарастырылуда. Экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретін және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін салаларды дамыту – ауданның даму жоспарындағы жұмыстар. Демек, дәннің қамбасы, әннің арнасына айналған жүз жыраудың отаны­, Қорқыт баба мәңгілік тыныстаған мекенде  толымды­  табыстар  бар.

АСЫРАУШЫ   САЛАНЫҢ  АДЫМЫ

Аудан бюджеті кірістерінің өсу динамикасы жыл сайынғы салықтарды, бюджетке төленетін салықтық емес түсімдерді есептеу кезінде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің өсуі мен бюджет саласы қызметкерлерінің айлық жалақысының  өсуіне тікелей байланысты. Аудан бюджетінің жыл басынан бергі түсімдер болжамы 11 млрд 682 млн 910,8 мың теңгені құраған. Жоспарлан­ған бюджет шығындарының 8111,6 мың теңгесі игерілмеді. Өңір­дің қалыптасқан аграр­лық мамандануы осы саланы ішкі және сыртқы тауар өткізу нарығының өсуі есебінен дамытуға мүмкіндік бере­ді. Ұтымды географиялық орналасу мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі құрылысының аяқталуы жолбойылық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту бағы­тындағы транзиттік потенциалды дамытуға жол ашты. Тарихи-мәдени құн­дылықтар мен тынығу орындарының болуы туризмді дамытуға мүмкіндік беред­і.

Ал асыраушы сала саналатын ауыл шаруашылығы бағытында ағымдағы жылы  барлығы 23 690 гектарға егіс орналастырылған. Оның ішінде дәнді дақылдар бойынша күріш көлемі 14633 гектар, жаздық бидай 595 гектар, арпа 125 гектар, майлы дақылдар бойынша мақсары 347 гектар, соя 40 гектар, малазықтық дақылдар 6758 гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1192 гектарды құрайды. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша егін шаруашылығына 376,7 млн теңге субсидия берілген. Күзгі егін жинау­ жұмыстарында 152 трактор, 82 комбайн, 84 жатка, 62 жүк көлігі, 94 трактор тіркемесі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 7 млрд 057,7 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,8  пайызды құрады.

Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан «Сыбаға» бағдар­ламасы аясында қолдау көрсетілуде. 2019 жылға аталған бағда­рлама аясында 325 бас асыл тұқымды немесе таза тұқымды импортталған мүйіз­ді ірі қара аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Соған сәйкес шетелден Дауылкөл ауылдық округінен жеке кәсіпкер Айтуған Жұмағалиев 50 бас, Төретам кентінен «Контакт» ЖШС (Қайрат Жаңғас­қаев) 100 басқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы мүйізді ірі қара сатып алу жұмыстарын жүргізуде. «Олжа» шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 200 бас қазақтың ақ бас сиырын алуға несие рәсімдеуге құжаттарын толық өткізіп, қазіргі таңда шешімін күтуде. Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қой малының аналық басын сатып алу бойынша ау­данға 7 800 бас жоспар бекі­ті­ліп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқыл­ы 1 561 бас қой малының аналығы сатып алынды немесе жоспар 20 пайызға орындалды. Мүйізді ірі қара малдарының тұқымдық түрлендіруге қатысуынан түскен еркек төлдерді Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» мал бордақылау алаңы­на өткізу қараша айына жоспарланып отыр. 2019 жылы ауданға 43 тонна сиыр етін экспор­ттау жоспары  бекітілген. «Тұрмағамбет» ЖШС сүт қабылдау және өңдеу цехын іске қосты (Ресей мемлекетінің Екатеринбург қаласынан құны 16 млн теңге құрайтын құрал-жабдықтар алынды). Қазіргі таңда жеке және шаруа қожалықтарынан сүт қабылдап, өнім өңдеу жұмыстарымен айналы­суда.

 

КӘСІПКЕРЛІК  ҚАНАТЫ КЕҢГЕ  ЖАЙЫЛҒАН

Шағын және орта кәсіпкер­лік аймақ экономикасы өсуі­нің негізгі факторларының бірі және әлеуметтік саланың дамуын­да маңызды рөл атқарады. Өткен жылдың дәл осы кезеңі­нде ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 389 бір­лікті құрап, 2,3 пайызға арт­қан болатын. Статистикалық мәлі­меттерге сенсек, жыл басынан бері ауданда тіркелген кәсіп­керлік субъектілердің саны 3 146 бірлік болса, оның 84,4%-ын жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі айналымы 2 млн теңгеден асқандары да бар. Аудан бойынша кәсіпкерлік негіз­деріне оқытылғандар «Бастау-бизнес», «Бизнес-кеңесші» және «Жас кәсіпкер» жобасымен жұмыс істеуде. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасы» аясында 205,3 млн теңге  көлеміндегі шағын не­сиелерге 65 кәсіпкер кол жет­кізді. Бағдарлама шеңберінде 37 жобаға 12,9 млн теңге грант төленді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында 21 жобаға жалпы құны 265,3 млн теңге қаржы төленіп, бағдарлама шеңберінде 8 жобаға 2 млн теңге­ грант берілді. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша 3 жоба банктерге ұсынылып, оның ішінде 1 жоба 4  млн теңгеге қаржыландырылды (ЖК «Әмит Елубаевтың» құны 4 млн теңге «Жиһаз цехын­ ашу» жобасы. Жосалы кенті). «Микробизнес-Қызыл­орда» өңірлік бағдарламасы бойынша 99,5 млн теңгеге 25 жоба мақұлданды. Бағдар­ламалар аясында 157 жоба 589 млн теңгеге қаржылан­дырылып, іске қосылған жобаларда 190 жаңа жұмыс орны ашылды. Аудан бойынша бөлшек  сауда  тауар айналымы 3 млрд 477,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 па­йызды  құрады.

 

БАҒДАРЛАМА  БАҒЫТЫНДАҒЫ

БАЙЫПТЫ  ІСТЕР

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша 2019 жылы 98667,3 мың теңге бағытталды. Атал­ған қаржыға ауданға қарасты бірқатар елді мекенді жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыс­тарына да үлкен мән берілуде. 2019 жылы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Ақ­жар-Көмекбаев» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 22,8 млн теңге қаржы бөлі­ніп, мердігер мекеме «Қыран» ЖШС 0,5 шақырым автожол бөлігін күрделі жөндеуден өткізді.

Елді  мекендерді  ауызсумен қамтамасыз  етуге  байланысты «Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің тұрғын үйлерін ауызсумен қамту» нысаны­ бойынша облыстық бюджеттен 56,8 млн теңге бө­лініп, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абат­тандыру және көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен және жергілікті өзін-өзі басқару органының арнайы шоты арқылы қаржы бөлінді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарла­масының І бағыты аясында қысқамер­зімді кәсіптік оқуға 80 азаматты оқытуға облыстық бюджеттен 16,8 млн теңге қарал­ған. Ұлттық қордан қосымша 84,4 млн теңге қаралып, қазан айында «Цифрлық сауат­тылыққа оқы­ту» бойынша 20 адамды оқыту жоспарланып, ЖК «Дауле­нбаев» оқу орталы­ғына 13 адамның тиісті құжаттары қабылданды. Бай­қоңыр қаласы бойынш­а қысқа­мерзімді кәсіптік оқуға 160 азаматты оқытуға Ұлттық қордан 39,7 млн теңге қаралып, ЖК «Дәуленбаевтың» оқыту орталығында 5 мамандық (құрылыс-электрослесарі, шаштараз, автокөлік жөндеу слесарі, тігінші, массажист) бойынша 145 адам оқытылуда. Бағдарламаның ІІ бағыты бойын­ша 2019 жылы шағын несие­ алуға жоспар 96 адам болса,   «Бастау Бизнес» жо­басы­ бойынша кәсіпкерлік негізде­рі курсына 70 адамды оқыту жоспарланған. Жыл басын­ан барлығы 50 адам 185,2 млн теңгеге несиеленді­ріліп, 50 жаңадан жұмыс орындары ашылды. Қазіргі таңда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген мемлекеттік гранттарға қол жеткізілді. «Бастау­ Бизнес» жобасы бо­йынша кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтаған 15 азамат қаржы ұйымдарына жолдама алып, 8 азамат 20 млн теңгеге несиелендірілді. ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 2019 жылға республикалық және жергілікті бюджеттерден жоспар бойынша 56 адамға 17,2 млн теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға 25 кәсіпкерлік субъектілеріне 68 адам жолданды. Игерілг­ені – 9 млн теңге.

Жастар тәжірибесіне 2019 жылға республикалық, облыс­тық, аудандық бюд­жеттерден жоспар бойынша 109 адамға 37,8 млн теңге қаржы бөлініп, 24,6 млн теңге игерілді. Бай­қоңыр қаласы бойынша 2019 жылға республикалық және об­лы­стық бюджеттерден жоспар бойынша 101 адамға 38,2 млн теңге қаржы бөлініп, 28,6 млн теңге нысаналы жұмсалған. Қоғамдық жұмысқа 378 адам жолданып, 209 адам аяқтап, 37 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл жұмыстардың барлығы ауданның бекітілген кешенді даму жоспарларының негізінде  атқарылуда.

 

ДАЛА  ТӨСІНДЕГІ  ДУМАНДЫ  КҮН

Өңіріміздің табиғи-климаттық жағдайына байланысты ауыл шаруашылығы өндірісін­де бақша өнімдері мен күріш өсіру тиімді болып саналады. Облыста Қармақшы ірі күріш өнімін өндіруші аудандардың қатарында екені белгілі. Биыл да күзгі жиын-терін науқанын жоғары нәтижемен қарсы алған­ аудан «Алтын дән – 2019» мерекесін көтеріңкі көңіл күймен тойлады. Аудан диқандары ағымдағы егін маусымында барлығы 23690 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақыл­дарын орналастырған. Оның 14633 гектары – күріш.

Аудан орталығындағы «Этно ауыл» саябағында өткен шараға облыс әкімінің орын­басары Б.Жаханов, аудан әкімі М.Қалдарбеков қатысып, құттықтауларын жеткізді.

- Егін даласында қажырлы еңбек еткен­ диқандарымыздың табысты таразы­лайтын, көктемнен бастау алған ауқымды жұмыстың жемісін көретін шағы. Ала жаздай еңбек етіп, бүгінгі таңда қырманды қызыл астыққа тол­тырған дала еңбеккерлерінің сый-құр­мет пен алғысқа бөленетін шағы да осы кез. Ауданымызда алғаш рет Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сорты 40 гектар жерге тәжірибе ретін­де егілді. Нәтижесінде соя дақылынан барлығы 90 тонна  өнім жиналып, гектарына 22,5 центнерден орта өнім алынды. Бүгінгі күні күріш жинау жұмыстары толығымен аяқталып, аудан диқандары 92 мың тонна күріш салысын қамбаға жинады. Егілген күріштің әр гектарынан 62,7 центнерден өнім алынып, жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Былтырғы жылмен салыс­тырғанда күріш өнімін өндіру 114%-ға артық орындалды. Қармақшы өңірінде күріш дақылын еселеп арттыруда зор үлес қосқан «Жаңажол», «Тұрмағамбет», «Достық жер МК», «Ораз Ахун», «Ақ­төбе и К» шаруашылықтарының еңбеккер­лерінің қажырлы қызметін атап өтуге болады. Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға да мемлекет тарапынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіліп, жыл басынан 12 млн теңге қаржы көлемінде субсид­ия берілді. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Тұрмағамбет» ЖШС-нің «Сүт қабылдау және өңдеу цехы» іске қосылды. Қазіргі таңда жеке шаруашылықтардан және шаруа қожалықтарынан сүт қабылдап, өнім өңдеу жұмыс­тарымен айналысуда, - деді дала еңбеккерлерінің мерейлі мерекесінде аудан әкімі  М.Қалдарбеков.

Айта кетейік, Қармақшы ауданы күріш өндіруден әрқашан үздіктер қатарын­ан көрініп келеді. Облыс көлемінде 2017 жылы шаруашылықтар арасына­н «Ақтөбе и К» ЖШС І орын, 2018 жылы «Жаңажол» ЖШС І орын, 2019 жылы «Тұрмағамбет» ЖШС ІІІ орынға ие болды. Салтанатты шарада­ еңбек озаттары І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом­дармен және бағалы сыйлық­тармен марапатталды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласының үздігі, бірнеше рет жоғары наградалардың иегері Қылышбек Әбішевтің есімін еске алып, ұлықтау  үшін  ауыл шаруашылығы саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген еңбеккерлерге «Қылышбек Әбішев» атындағы төсбелгі табысталды. Шаруашылық ұжымдарының басшылары қажырлы еңбек еткен азаматтардың еңбегін бағалап, өз марапаттарын ұсынды.­ Атап айтқанда, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС 3 жеңіл автокөлік, «Жаңажол» ЖШС 4 жеңіл автокөлік, «Достық Жер МК» ЖШС 6 жеңіл авто­көлік, барлығ­ы 13 жеңіл автокөліктің кілтін үздік жұмысшыларға табыстады.

 

МАҚСАТ   АЙҚЫН,  МІНДЕТ   КӨП

Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру бағытында жұмыстар атқары­луда. Жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіптерді ашу, кәсіпкерлікті дамыт­у бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын қолдану есе­бінен шағын және орта бизнес кәсіп­орындары қызметінің тиімділігінің дамуы­ мен жетілуі аудан экономикасы үшін маңызды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы­ аясындағы жұмыстардың да жүйелілігі жоғары. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудандағы агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті зор екенін көруге болады. Алдағы уақытта өзге салалар бойынша да тиімді жұмыс­тар атқарылып, өндіріс ошағын кеңейту­ және жаңғырту, шағын және орта бизнес­ті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, тұрғын үй салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша шаруа­лар жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту­ және тұрақты жұмыс орын­дарын ашу, салық түсімдерін молайту көзделуде. Ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, оның ішінде бюджеттен тыс инвестицияны тарту міндеті тұр.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


ТАЗАЛЫҚ САҚШЫСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
31.10.2019 10:30

Таң қылаң бере қала көшелерінде тірі жан болмайды. Бірақ дәл осы сәтте «тазалықшы» машиналар гүрілі сонадайдан естіліп тұрады. Бірі көшелерге су сеуіп, шаңын басып жатса, бірі түнімен таудай боп үйілген қоқыстарды тазалап әлек. Енді бірі асфальт жиегінде жиналған қалдық топырақтарды тасуда. Бұл – тұрғындардың таза қалада өмір сүруіне жағдай жасайтын «Қызылорда тазалығы» ЖШС мекемесінің жұмысшы-қызметкерлері. Бал арасындай белсене жұмыс істейтін мекеменің еңбегін қалай көсіліп айтсақ та жарасады. Өйткені істелген жұмыс, атқарылған шаруалары шаш етектен.

«ҚЫЗЫЛОРДА   ТАЗАЛЫҒЫ»  НЕМЕН   АЙНАЛЫСАДЫ?

«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда  қаласы  әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы  (№5532 санды) қаулысымен құрылып,  сол жылдың  ақпан айында Қызылорда қаласының Әділет басқармасында тіркелген. Кейін қала әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігін, «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Естеріңізде болса, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқын­а «Қазақстан-2050» страте­гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты» Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп  пен реттілік орнатудан, жайлы­  подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан  басталады» деп атап өтіп, мемлекеттік  органдарға  нақ­тылан­ған міндеттерді жүктеген болатын­. Осыған сәйкес, «Қызыл­орда тазалығы» ЖШС тиісті мін­дет­темелерді  кезең-кезеңімен орындап келеді. Міндеттеме дегеннен шығады, алдымен бұл мекеменің құзы­рына кіретін жұмыстарды айта кетейік­. Олар:

- қоршаған ортаны қорғауға бағыт­талған шараларды және қала территориясындағы санитарлық тазалау­, абаттандыру және көгалдандыру  жұмыстарын  жүргізу;

- қалдықтарды, арнайы тұр­мыстық қалдықтар салынған кон­тейнерлерді арнайы техникамен, арнайы­ белгілен­ген  алаңдарға  шығару;­

- коммуналдық меншік болып табыла­тын айыппұл автотұрақтар қызметін атқаруды ұйымдастыру;

- көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстау қызметін жүргізу;

- инженерлік коммуникацияларына жөндеу жүргізу;

- көппәтерлі  тұрғын  үйлерді,  оның аумақтарын санитарлық күтіп-ұстау,

- көркейту-көгалдандыру қыз­меттерін  жүргізу;

- Қазақастан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бо­йынша көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары (модер­низация).

Осыншама жүктелген ауқымды жұмыстарды жақсы деңгейде атқару мақсатында серіктестік құрылған күннен бастап қала аумағындағы адамдардың өміріне қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, көркейту тәртібін анықтау, санитарлық тазалықты сақтау, көркейту-көгалдан­дыру, жеке секторлар, шағын және орта бизнес нысандарымен келісімшарттар бойынша қызметтер көр­сету бағытында біршама жұмыстарды ұйымдастырып  келеді. Бүгінгі күні серіктестіктің қаржылық капиталы 1 млрд 966 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда серіктестікте штаттық кестеге сәйкес 628 жұмыскер жұмыс істеуде. Бүгінде қалада бас-аяғы 765 көше бар. 2018 жылы қала бюджетінен  тек 240 көшенің санитарлық тазалығын сақтауға қаражат бөлінгенімен, осы қаржымен қойылып отырған талапқа сай, қаланың шет аймақтарын қоса алғанда барлығы 525 көшенің тазалығы қамтамасыз етілуде. Тиесілі бөлінген қаржыдан екі еседен астам көшелердің тазалығын қамтамасыз ету үшін серікте­стік қорынан ай сайын қосымша 22 млн теңге жұмсалады.

 

ТАЗАЛЫҚ  –  МӘДЕНИЕТТІЛІК   ӨЛШЕМІ

Күнделікті қалалық полигонға  300 текше метр  қоқыс, оның ішінде санитарлық тазалықтан – 190 текше метр, коммерциялық тазалықтан – 110 текше метр тасымалданса, бұған қоса әр аптадағы сенбіліктерде 35-40 текше метр қоқыс шығарылады. Қазір серіктестік теңгерімінде 124 арнайы мақсаттағы көлік құралдары бар. Оның 86 данасы қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін арнайы техникалар болса, 38 данасы – қыс мезгіліндегі тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған техника­лар.

Серіктестікке  қарасты  секторларда заңды және жеке тұлғалармен  тұрмыстық қатты қалдықтар шығару қызметіне келісімшарт жасау жұ­мыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенм­ен,   кейбір тұрғындар ескертулерге қарамастан өз үйінің алдына темір контейнер қоймай, өздерінің жеке үйлеріне қоқыс жинайтын жәшіктер алып қоюға және серік­тестікпен тұрмыстық қатты қал­дықтарды шығаруға байланысты келісім­ша­рт жасасудан бас тартуда немесе  келісімшарт жасағанымен өз міндеттерін орындамауда. Осының салдарынан жеке тұрғындар  тұр­мыстық және құрылыс қалдықтарын  орталық көшелердің бойына немесе қиылыстарына шығарып қоюды әдетке айналдырған. Атап айтқанда, Қорқыт ата, М.Исаев, Астана даңғыл­ы, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, Бейбітшілік, Құлтекенов, Асфан­дияров тағы басқа көшелер осы кемшіліктерді жоймай келеді. Негізінен серіктестіктің  секторларына қарасты көшелерімен арнайы автокөлік­тер күнделікті тәулігіне бір рет өтіп, қоқысын жинап, тиісті орындарға шығаруға міндетті. Ал  артынша шығарып қойған қалдықтарды қайталап жинау серіктестіктің бюджеті­не  қосымша шығындар келтіреді.

Жеке үй тұрғындары өздерінен шығатын тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға байланысты ешқандай мекемемен келісімшарт жаса­маса, «ол үйлерден шығатын қоқыстар қайда кетіп жатыр?» деген сауал туындайды. Сөйтсек, кейбір жеке тұрғын үйлер ешқандай келісімшарт жасамай-ақ қоқыстарын «Қызыл­орда тазалығы» ЖШС күші арқылы шығаруғ­а дағдыланып алыпты.  Негі­зінде Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы  23 қарашадағы №314 санды  шешіміне сәйкес жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс  контейнерлерге жинақтауға міндеттелген. Осы талаптардың сақталуын бақылау мақсатында серіктестіктің бастамасымен кесте бекітіліп, осы кестеге сәйкес бөлінген қызметкерлермен  таңғы, кешкі уақыттарда рейдтер ұйымдастырылуда.  Рейдтер барысында анықталған заңбұзу­шылық деректері бойынша «Қы­зылор­да тазалығының» шара көруіне құқығы жоқ болғандықтан бұл мәселелерді полицияға ұсынып келеді­. Айта кетейік, өткен жылы санит­арлық ережелерді бұзған 50-ге жуық тұлғаны әкімшілік жауапқа­ тарту жөнінде  ұсыныс жасалған.­

Сонымен қатар «Қызылорда тазалығ­ы» ЖШС мекемесі сани­тарлық тазалықты сақтау жұмыс­тарын жандандыру мақсатында облыс­тық полиция департаментіне тек темекі қалдықтарын тастағандар ғана  емес, сусын  қалдықтарын және өзге де ірі  көлемді  қоқыстарды  рет­сіз тастағандарға шара қолдануды, сондай­-ақ, рейдтік шаралар кезінд­е  арнайы  мамандарды тұрақ­ты­ түрде  бөлуді  ұсынып  отыр.

 

ҚАЛА   КӨРКІ  –  БАРШАҒА   ОРТАҚ   ІС

Қала көшелеріне ағымдағы жөн­деу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 11160 шаршы метрге асфальт төселіп, қалған 5421 шаршы метр қазан айынд­а атқарылады. Қала бойынша темір қоршаулар сырланып, жуып тазалануда және қалалық жерлердегі брусчаткалар мен бордюрлар  қайта өңделуде. Ш.Есенов, Ғ.Мұратбаев көшелерінің жаяу жүргіншілер жолдар­ына 4000 шаршы метр брусчатка­лар алынып, қайта төсе­лінді.

Мұнымен қоса, балалардың ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстар­ы жүргізілді. Келмембет батыр ескерткіші, Яссауи көшесі, Б.Шөкенов атындағы  пионерлер саябағ­ы, Белкөл кентіндегі бейіт басын­да, Титов қыстағында, «Ақме­шіт», «Мерей» мөлтек ауданын­дарында, М.Шоқай, Алматы көше­сінде орналасқан ұңғымалар жұмыстарының уақытылы жұмыс атқаруы серіктестік тарапынан қадағаланып, жасыл желектер суғарылып отыр. Қаламыздағы Ғ.Мұратбаев, С.Бейбарыс көшелері, Н.Назарбаев даңғылы, «Жайна», «Болашақ» аудандарында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірлерін күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда. Қаламыздың санитарлық жұмысына 596143405 теңге қаражат бөлініп, оның 67 013342 теңгесі мердігерлерге жүктелді.

 

ТІЛШІ  ТҮЙІНІ.

Бұрын «қала тазалықтан ада» дейтін едік, бүгін таза қаланы тұрғындардың өздері ластауға әуес. Тастай кететін қоқыстарын тазалай қоятын адамдардың бар екеніне бейімделіп барады. Көше мәдениетін сақтау әр адамның өзінен басталса, «тазалықшы» мекемелерге де оңай тиер еді. Себебі бәрімізге де заң – ортақ, тәртіп – бірдей, тазалық сақтау – міндет.

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
31.10.2019 10:20

Спорттың адам өміріндегі алатын орны ерекше. Себебі, спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты, өзі шымыр болады. Қазақта «Тәні саудың – жаны сау» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәнім сау болсын десеңіз, спортпен шұғылданыңыз.

Спорт – менің серігім. Менің оған қызығу­шылығым бала кезімнен басталған. Мектепке алғаш барғанда, мектебімізде өнердің әр түріне баулитын орталықтың, онда спорт үйірмесінің бар екеніне қуандым. Бұл Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі еді. Мен, әрине, ата-анамның көмегімен спортты таңдадым. Онда маған еркін күрестен Серік Самұрат ағай дәріс берді, түрлі сайыстарға қатыстық, жеткен жетістіктерім де бар. Ал, қазір футбол ойынына деген қызығушылығым басым. Спорттың бұл түріне деген махаббатым­ды арттырып, бағыт-бағдар берген Нұрхан, Нұрсұлтан ағайларым еді. Ұстаздарымыз үнемі мектепте түрлі спорттық шаралар, эстафеталар ұйымдастырып отырады. Оған балалардың ынтасы да зор.

Саламатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Дені сау ұрпақ – мемлекет байлығы екенін ескерсек, осы мақсатта еліміздің спорт саласында атқарылып жатқан түрлі жобалар бар. Солардың бірі – «Жастар спорт фест» әлеуметтік жобасы. Бұл жобаға қатысу үшін, біз алдымен, мектепішілік турнир­ден жеңімпаз атандық. Одан қалалық, облыстық кезеңдер...

Иә, осы жобаның арқасында біз қаншама ойындар өткіздік, шыңдалдық, жеңімпаз атандық. Облыстық кезеңнен футбол мен жеңіл атлетика бойынша 15 оқушы іріктеліп шығып, еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай өңіріне келдік. Мұнда республикамыздың әр өңірінен өзіміз сияқ­ты балалар жиналған. Мұндағы көңіл күйіміз өте жақсы, біздің дұрыс демалуымыз­ үшін мүмкіндіктер жасалған. Екі күн жол жүріп шаршағанымыз да басылды, жаңа достар­ да таптық. Жалпы, жобаның мақсатының өзі мектеп спортын көтеру, жасөс­пірімдер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру болғандықтан сайыс көрігі мұнда да қызып жатыр.

Еліміздің болашағы – сауатты және дені сау ұрпақ. Сондықтан, біз осындай спорттық жобаны ұйымдастырушыларға, бізді баста­п алып келген Бағлан Тәнмамбетов, Нұрхан Әлтаев ағайлар мен Малика Омарова апайға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Тер төккен жеңіске жетуге,

Талпынған мәреден өтуге.

Спортшы – елімнің мақтаны,

Сенімен мерейім бекуде.

Қажыма, қаймықпа, тартынба,

Қайту жоқ елімнің салтында.

Қазақтың айбынын көтерер,

Күтіп тұр болашақ алдыңда! - деп ақындарымыз жырға қосқандай, осында келген жастардың арасынан да мықты спортшылар шығып, еліміздің абыройын асқақтатып, байрақты бәсекелерде жүлделі орын әкелетініне  сенемін!

Дамир   АНДАҚҰЛОВ,

№264 мектеп-лицейінің

9 «J» сынып оқушысы,

Қызылорда қаласы

 


«ҚАҒАЗСЫЗ АУРУХАНА» ҚОЛҒА АЛЫНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
31.10.2019 10:00

Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімді­лігін қамтамасыз ету мәселесі кезек күттірмейді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында атап өтті. Басы ауырып, балтыры сыздаған­ның бәрі алдымен дәрігердің қызметіне жүгінеді. Мұндайда халық үшін бағаланатыны – алдымен­ абзал жандардың қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі. Бұл орайда Қызылорда облы­сындағы медициналық қызмет сапасы жыл сайын жақсара­ түсуде деп айтуға әбден болады. Жыл аяғы жақындап қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқарма­сы тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде тарқатайық.

Қазір Сыр өңірінде бас-аяғы 790 мың халық тұрады. Оларға 23 стационарлық, 19 амбулаториялық емханалық медициналық ұйымдар қызмет көрсетеді. Оның ішінде бас­тапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін 10 медициналық ұйымдар желісі бар. Оның 1-еуі Байқоңыр қала­сында, 8-і – аудандық орталық ауруханалардың құрамындағы емханалар және 1-еуі Арал қаласында орналас­қан. Осы емхана­лардың құрамында 7 ауылдық емхана, 96 дәрігерлік амбу­латория, 27 фельдшерлік акушерлік бекет­, 100 медициналық  бекет  бар.

Ал енді денсаулық сақтау саласы әзірге қаржылан­дырудан кенде емес. Соңғы алты жылда бюджеті  39,8 пайыз­ға артқан. Оның бар­лы­ғы қайда кетіп жатыр­ десеңіз, айтайық. Қомақты қаржыландырудың негізі­нде өңірдегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базас­ы нығайып,  73,2 пайызды құра­ды. База нығайды деген­ше, медициналық қызмет көрсету­дің сапасы да артты дей беріңіз. Ауылдық жерлерде де жағдай оңтайланып келеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыста 9 дәрігерлік амбула­тория, жергілікті бюджет есе­бінен 4 фельдшерлік акушер­лік бекет, 5 медициналық бекет­ ағымдағы жылы салыну жоспарланды. Оның 4-еуі қолданысқа берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыстық медициналық орталығы мен Қазалы аудан­аралық ауруханасына ангио­графиялық қондырғы орнатылды. Бүгінде Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасы мен Жаңақорған аудандық орталық ауруханасына ком­пью­терлі томог­раф орнату жоспарлануда.­

Біз жоғарыда медициналық қызмет көрсетудің сапасы жөнінде айттық. Түптің түбін­де сапа білікті маманға да тікелей байланысты. Сала мамандарының тапшылығын жою мақсатында соңғы 3 жыл көлемінде 399 жас маманды (дәрі­герді) медициналық ұйымдар­ға тартып, оның 49%-ы бастап­қы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жолданған. Ағымдағы жылы 78 жас маман облыстың медициналық ұйымдарына жұмыс­қа тұрса, алдағы айда қосымша 40 шақты маман жұмысқа орна­ласады деп күтілуде. Нәтиже­сінде, қазіргі таңда меди­ци­налық санитарлық көмек көр­сету ұйымдарының дәрігер­лермен қамтылу көр­сеткіші 82%-ға жеткен. Бұдан бөлек, жыл сайын дипломнан кейінгі резидентурада оқытуға облыс әкімінің гранты бөлініп, қазір 62 резидент даярлануда. Биыл олардың 10-ы резиден­тураны аяқтайды. Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап  70 жалпы тәжірибелік дәрігер даярлау мақсатында облыс әкімнің арнайы гранты бөлін­ді. Бұл шаралар алдағы уақытта аймақтық саланы дәрігерлермен қамтуға мүмкіндік берет­ін  болады.

Қазір бәрі цифрланды. Біздің қоғам толық көшпесе де, сандық технологияны пайдаланудың сан сатыларынан өтіп келеді. Денсаулық сақтау са­ласы да бұл орайда құралақан емес. Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ая­сында денсаулық сақтау саласында  ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медиц­иналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арт­тыру  жұмыстары  жүргізілуде. Бүгінгі күні денсаулық сақтау­ саласын цифрландыру аясында 32 медициналық ұйымға­ медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді. Облыстағы медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен толы­ғымен қамтылып, медициналық қызметкерлердің жұмыс орындарының компьютерлік техникамен жабдық­талуы 100%-ды құрады. Кешенді медициналық ақпараттық жүйені қолдану барысында тұрғындардың 95,5%-ы элек­тронды денсаулық паспор­ты­мен  төлқұжатпен қамтылды.

«Қағазсыз  аурухана»  жобасы­ аясында 2019 жылдың 5 айында­ 94,2% медициналық құжаттама (медицинская форма) электронды форматка көшірілді. Соны­мен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесін енгізу қарсаңында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыстың ден­саулық сақтау саласының желісі мемлекеттік нормативке сәйкестендірілді. Интернет желісімен аудандық деңгейге дейін 100% қамтылса, облыс бойынша 86,5%-ды құрады. Интернетке қосылмаған 44 мекемеге (шалғай және ғимараты жоқ) жыл соңына дейін  қосу  жоспарлануда.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру келесі жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енеді. Бұл туралы ақпараттандыру үшін облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген өңірлік штаб бірыңғай коммуникативті жоспар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 10 млн теңге қаражат бөлінді. Облыс тұрғындарының міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша ақпараттану деңгейі ағымдағы жылдың 6 айы қорытындысымен өткен жылдан 14%-ға көтеріліп, 58,1%-ды құрады.

Облыс тұрғындарын МӘМС жүйесі туралы құлақтандыру мақсатында 108905 дана ақпараттық-танымдық материалдар әзірленіп, медицина  ұйымдары  арқылы халық арасында таратылуда (49800 буклет, 49715 үнпарақша, 9400 флайер) және қосымша тағы 100000 дана ақпараттық-танымдық материалдар шығару жоспарланған. Халық арасында (әсіресе ауыл халқы) МӘМС жүйесіне оң көзқарас тудыру бағытын іске асыру үшін медицина ұйымдарының және «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызыл­орда облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен бірлесіп облыстағы 164 елді мекенде түсіндірме жұмыстары жүргі­зіліп, 100 мыңнан астам адам қамтылды.

Аты жаман болса да айтуға тура келетін өлім-жітім көрсет­кіші 2019 жылдың 8 айында  3,5 пайызды құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде. Биыл 1 ана өлімі тіркелді. Жыл басынан бері 12387 нәресте дүниеге келген. Ағымдағы жылдың 8 айында облыс көлемінде барлығы 1000 тірі туылған сәбиге шаққанда 9,6% (2018 жыл 9,4%) бала шетін­еген. Ал қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 2019 жылдың 8 айында 76,7 па­йызды  құрады. Қатерлі ісік­тер­ден болатын өлім-жітім көр­сеткіші былтырғы жылмен салыс­тырғанда 20,7%-ға тө­мен­деп, 35,2-ні құрады. Қатер­лі ісік­терді ерте сатысында (0-1 сатысы) анықтау көрсет­кіші был­тырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейді көрсетіп, 28,1-ді құрады. Туберкулез ауруларының аурушаңдық көрсеткіші 24,8%-ға  төмен­деген.

Түйін. Аурудың  көрсеткішін  айту  мақтаныш  емес, бірақ саладағы оң өзгерістерді жеткізу – міндет. Ауырғандардың  жай-күйін түзеп, жағ­дайына  алаңдайтын­ ақ  халаттылардың  атқарған  толымды тірлігі, міне, осындай.

Керім  ТАУАР

 


«Қызылорда су жүйесі» 12 860 291 теңге әкімшілік айыппұл арқалады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.10.2019 16:00

Қызылорда қалалық прокуратурасы су қызметтерінің тарифтерін қалыптастырудағы заңдылықтың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, нәтижесінде «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) тарапынан амортизациялық аударымдар қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланбай, соның салдарынан 140 177 169 теңге мөлшерінде кіріс алғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен уақытша өтемдік тариф бекітіліп, нәтижесінде 1 текше метрге суды таратушы желілер арқылы беру қызметінің құны 53,46 теңгеден 46,85 теңгеге төмендетілсе, 1 текше метр сарқынды суды бұру, тазарту қызметінің құны 79,51 теңгеден 68,78 теңгеге төмендетілді.

Жалпы, 73 676 азаматтың құқығы қорғалды. Табиғи монополиялар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, 12 860 291 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

 


Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары